“Қатынас” білім беру саласы “Сөйлеуді дамыту”


Дидактикалық ойынның атауы



бет2/8
Дата19.04.2023
өлшемі133,73 Kb.
#84165
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тіл дамыту картотекалар

Дидактикалық ойынның атауы: «Не жоқ?»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ойнаушылар саны: 7-8 бала
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын ойыншық атауларын білдіретін сөздермен толықтыру, логикалық ойлауын дамыту, зейін қоя білу қабілетін жетілдіру.
Құрал-жабдықтары: Ойыншықтар бейнеленген суреттер
Ойынның барысы: Ойыншықтарды қатар-қатар қойып, балалардың назарын ойыншықтарға аударады. Осыдан кейін балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде тәрбиеші ойыншықтардың біреуін алып қояды. Балалар көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ екенін табады.
Әдістемелік төлқұжат №5
Дидактикалық ойынның атауы: «Қысқы табиғат құбылыстарын көрсет»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ойнаушылар саны: 7-8 бала
Мақсаты: Қысқы табиғат құбылыстарын атай білуге үйрету.
Құрал-жабдықтары: Қысқы табиғат құбылыстары бейнеленген суреттер
Ойынның барысы: Қыс мезгілі бейнеленген суретке қысқы табиғат құбылыстарының атауын атай отырып, құбылыстарды тауып сәйкестендіреді.
Дидактикалық ойынның атауы: «Мекенін тап»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ойнаушылар саны: 7-8 бала
Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс атауға үйрету. Олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Құрал-жабдықтары: Жабайы аңдардың суреттері
Ойынның барысы: Аңдардың атын атап, оларды тіршілік ету ортасына сай сәйкестендіреді.
Дидактикалық ойынның атауы: «Болады, болмайды»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ойнаушылар саны: 7-8 бала
Мақсаты: Балаларды үйдегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет