Мысалы: тәрбиеші: «үлкен» десе, бала «кіші» деп, «биік» десе «аласа» деп жауап береді.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері Дидактикалық ойынның атауы: «Сөз ойла, тез ойла»
Мақсаты:берілген дыбысқа сөз ойлап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.
Ойыншылар саны: барлық топ.
Құрал-жабдықтар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер салынған сандық, текшелер (дыбыстардың дауысты, дауыссыз екендігін білдіретін ерекше белгісі бар).
Ойын барысы:тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген бір әріпті көрсетеді. Балалар сол әріптен басталатын сөздерді айтады.
Сандыққа бірнеше текше салып қояды. Бала өз қолымен біреуін алып сол дыбыстан басталатын заттарды айтады.
Мысалы:А – болса:
Балалар: Ай, алма,алмұрт, асқабақ, т.б.
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Дидактикалық ойынның атауы: «Кім зейінді?»
Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Балалардың, байқағыштық қасиеттерін дамыту.
Ойыншылар саны: барлық топ.
Көрнекілігі: әр түрлі суреттер, текшелер
Ойын барысы: тәрбиеші балаларға әр-түрлі суреттер, ойыншықтар көрсетеді. Егер сол суреттің басындағы дыбыс дауысты болса, балалар қызыл текшені, дауыссыз болса, көктекшені көтереді.
Тәрбиеші балалардың іс-әрекетін мұқият бақылап, қателеспеген, ойынға белсене қатысқан балаларға жалауша, жұлдызша, не асықтар үлестіріп отырады.
Сабақтың соңында берілген заттар саналып, жеңімпаз белгіленеді.