“Қатынас” білім беру саласы “Сөйлеуді дамыту”


Дидактикалық ойынның атауы



бет6/8
Дата19.04.2023
өлшемі133,73 Kb.
#84165
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тіл дамыту картотекалар

Дидактикалық ойынның атауы: «Жоғалған әріп»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін байқау мақсатында қай әріптің жоғалғандығын аңғарту. Зеректікке, қырағылыққа тәрбиелеу.
Ойнаушылар саны: Барлық бала
Құрал-жабдықтары:Әріп бейнеленген карточка
Ойынның барысы:
Үстелдің үстіне бірнеше әріптер тасталады, Әріптерді жеке атап отырып қайталау. Балаларға көздерін жұмғызып, бір әріпін көрсетпей алып алу. Балалар сол жоғалған әріпті табуы керек.
-Қане, балалар, өткен әріптерді қайталап жіберейікші. Қай әріп жоқ екенін балалар айтады.
Дидактикалық ойынның атауы: «Тез ойла»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Мақсаты: Балалардың есте сақтау,зеректік қабілеттерін дамыту. Тілдік қорларын молайту. Ребус шешуге үйрету.
Ойнаушылар саны: Барлық бала
Құрал-жабдықтары: Әр түрлі сөздер жасырылған ребустар.
Ойынның барысы:
Тәрбиеші суретті көрсетіп тұрып, Бұл суретте жасырылған сөз бар. Сол сөзді тез ойлап табуды тапсырады.
Тәрбиеші «Қасық» бейнеленген суретті көрсетеді де, жоғарғы жағында сөздің бірінші әрпіне үтір қойылған, бірінші әріпті алып тастасақ, қандай сөз шығады. Кім тез және дұрыс айтса сол бала жеңіске жетеді. Ойын 2-3 рет қайталанады.


Дидактикалық ойынның атауы: «Сөз ойла , көп ойла»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін байқау мақсатында қай әріптің жоғалғандығын аңғарту. Зеректікке, қырағылыққа тәрбиелеу.
Ойнаушылар саны: Барлық бала
Құрал-жабдықтары:Әріп бейнеленген карточка
Ойынның барысы: Балалар екі топқа бөлініп отырады. Ойын бастаушы қолына «А» әрпін көрсетеді. Қай команда сөз көп ойлап тапса, сол команда жеңіске жетеді.
Дидактикалық ойынның атауы: «Дыбыс тастамақ»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет