“Қатынас” білім беру саласы “Сөйлеуді дамыту” бөлімі дидактикалық ойындар картотекасы Дидактикалық ойынның атауы: «Көкөністер мен жемістер»
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту
Ойнаушылар саны: 7-8 бала
Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету,
ойлау қабілеттерін және сөздік қорын дамыту.
Құрал-жабдықтары: Көкөністер мен жемістер
Ойынның барысы: Көкөністер мен жемістерді атап, екі себетке бөліп орналастыру.
Дидактикалық ойынның атауы: «Отбасы мүшелерін орналастыр»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ойнаушылар саны: 7-8 бала
Мақсаты: Отбасы мүшелерін атауға, оларды құрметтеуге үйрету. Есте сақтау, зейін қою қабілеттерін жетілдіру.
Құрал-жабдықтары: Отбасы мүшелерінің суреттері, ұяшықтар.
Ойынның барысы: Балалар отбасы мүшелерінің аттарын, олардың жанұядағы орны мен атқаратын қызметін атаулары керек.
Дидактикалық ойынның атауы: «Құстарды ажырат»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Дала құстары мен үй құстарын ажырата білуге үйрету, балалардың сөздік қорын құс атауларын білдіретін сөздермен толықтыру.
Құрал-жабдықтары: Құстардың суретері
Ойынның барысы: Дала құстары мен үй құстары бейнеленген суретті екі топқа бөліп орналастырады, олардың қайсысы дала құсы, қайсысы үй құсы екенін айтады.
Дидактикалық ойынның атауы: «Төлін тап»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Балалардың байқампаздық, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшандыққа баулу.
Құрал-жабдықтары: үй жануарлары мен олардың төлдерінің суреттері
Ойынның барысы: Балалар үй жануарлары бейнеленген суреттердің бірін таңдап, оның атын атап, төлін тауып сәйкестендіреді. Жануарлар мен төлдердің қорегі мен мекені туралы білгендерін айтады.