Дидактикалық ойын: «Қысқы ойындарды ата» Білім саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебеиет
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, қыстағы мерекелер, қысқы ойындар туралы түсінік беру.
Ойыншының саны:8 бала
Құрал-жабдықтар: Қыс және қысқы ойындардың суреттері,қыстырғыштар.
Ойынның барысы: Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсете отырып, сұрақ қояды.Балалар суреттерді тауып,қыстырғышпен қыстырып ,сұрақтарға жауап береді,әңгіме құрастырады.
“Қатынас” білім беру саласы “Сауат ашу” бөлімі дидактикалық ойындар картотекасы
Дидактикалық ойынның атауы: «Менің үйім қайда?»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату, есте сақтау қабілетін дамыту..
Ойнаушылар саны:Барлық бала.
Құрал-жабдықтары:Қызыл, көк шатырлы үйлер, дауысты, дауыссыз дыбыстар жазылған карточкалар, сазды әуен.
Ойынның барысы: Балалар алаңда еркін түрде аралас тұрады. Олардың қолдарына дауысты және дауыссыз дыбыстар белгіленген карточкалар таратылады. Залдың бір бұрышында фланелеграфта шатыры көк түсті үй, екінші бұрышында қызыл шатырлы үй. «Күн»деген тәрбиеші бұйрығы берілгенде балалар жүргізушінің көрсеткен қимылын жасайды, ал «Жаңбыр»деген бұйрықта қолдарындағы әріптің түсіндегідей шатырлы үйге қарай жүгіреді. (Үйдің орнына көк және қызыл түсті қолшатыр алуға болады.)
Дидактикалық ойынның атауы: «Сөз құрастыр»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойнаушылар саны: Ойыншылар саны сөздегі әріптердің санына байланысты
Құрал-жабдықтары:Әріп бейнеленген карточка, тақта, сазды әуен
Ойынның барысы:Балалар екі командаға бөлінеді, әрбір баланың қолында әріп бейнеленген карточка.(жаз-3, аспан-5,көктем-6, жел-3т.б.) Дабыл берілісімен команда ойыншылары қарама-қарсы алаңдағы тақта жиынтығына кез келген жеріне әріпті орналастырып командаға қайтып келіп эстафетаны тапсырады. Ең соңғы ойыншы командаға қайтып келіп , өзінің командаларын қолдарынан ұстаған бетте полотко каборға барып әріптерді ақылдасып тізіп, қайта бастапқы сызыққа келеді. тапсырманы қай команда дұрыс,әрі тез орындаса сол команда жеңімпаз атанады.