Қатыспаған оқушы саны



бет22/32
Дата27.11.2023
өлшемі10,27 Mb.
#130146
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Сабақ №28

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Бүтін сандар. Рационал сандар.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.1.6 бүтін сандар ұғымын меңгеру;
6.1.1.8 рационал сандар ұғымын меңгеру;



Сабақтың мақсаты:

  1. Бүтін сандар және рационал сандар ұғымын білу.

  2. Бүтін сандар жиыны мен натурал сандар жиынын ажырату;

Бүтін сандар жиыны мен рационал сандар жиынын ажырату;

  1. Математикалық тілде тұжырымдап ережесін қорыту.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
5 минут

Ұйымдастыру сәті
Актуалдау. Өткен тақырыптар бойынша жеңіл сұрақтар қою:

  1. Оң сандар дегеніміз не?

  2. Теріс сандар дегеніміз не?

  3. Координаталық түзу дегеніміз не?

  4. Қандай сандарды қарама – қарсы сандар деп атаймыз?

  5. Натурал сандар дегеніміз қандай сандар?

Тапсырма 1.
Оқушыларға тақтадан бірнеше сандар жазылған тізбекті көрсетіп, оларды қандай да бір заңдылықтар бойынша екі топқа бөлуді ұсынылады:

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады. Мысалы: берілген сандарды оң және теріс сандар деп екіге бөлуге болады.
Басқаша қалай топтастыруға болады?
І) - бүтін сандар
ІІ) - рационал сандар

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.




Негізгі бөлім
10 минут

Жаңа сабақты түсіну.
Сонымен балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? «Бүтін сандар»
Сабақты әрі қарай жалғастырмастан бұрын, тақырыпқа қатысты мақсатымызды анықтап алайық:
-Бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайтынын білу керекпіз;
-Рационал сандар жиынын қандай сандар құрайтынын білу керекпіз және ажырата алуымыз керек;
Сыныппен жұмыс:
Қалай ойлайсыздар жоғарыда келтірген мысал бойынша, қандай сандар бүтін сан бола алады?
Қандай сандар бүтін сан болмайды?
0 саны бүтін сан болады ма?
Оқушылар сұрақтарға өздерінің жауаптарын ұсынады.
Әрі қарай тақтадағы презентацияға назар аударайық:
Бүтін сандар жиыны Z әрпімен белгіленеді.
Натурал сандар, оған қарама – қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар жиынын құрайды.
Видео көрсету: https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580
Жаңа тақырыптың маңызды аспектілерін ойлау және жазып алуды ұсыну.
Жаңа сабақты меңгеру.
Жұптық жұмыс:
Тапсырма 2.
Суретте көп қабатты үйдің (0) – жертөлесі, жоғарыдағы бөлігі мен төменгі жертөледе орналасқан машина қоятын тұрақ көрсетілген. А)Жертөлені (0 – нүктесі көрсетілген) – координата басы ретінде қарастырып, қалған жоғарғы және төменгі қабаттарды оң , теріс сандармен белгілеңіз;
Б)Жазған сандарыңыздан ең үлкен оң бүтін санды табыңыз;
Сандардың арасынан ең кіші оң бүтін санды табыңыз;
Сандардың ішінен ең үлкен теріс бүтін санды табыңыз;
Сандардың ішінен ең кіші теріс бүтін санды табыңыз
В)Егер әр қабаттың ұзындығы 3 метр болса, жертөледе орналасқан ең төменгі қабаттан ең жоғарғы қабатқа дейінгі қашықтықты табыңыз;
Г)Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табыңыз, үйдің жердің төменгі бөлігіндегі қабаттарының биіктігін табыңыз.






Дескриптор:
Білім алушы
1)Үйдің жоғарғы және төмендегі қабаттарын сандармен белгілейді;
2) Ең үлкен оң бүтін санды табады;
Ең кіші оң бүтін санды табады;
Ең үлкен теріс бүтін санды табады;
Ең кіші теріс бүтін санды табады.
3) Барлық қабаттың, жалпы қабаттардың ұзындығын табады;
4) Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табады;
Үйдің жер астындағы бөлігінің биіктігін табады.





Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
ДК экраны





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет