Ұйымдастыру сәті Актуалдау. Оқушыларға жалпы сұрақ қою:
- Оң және теріс сандарға қандай анықтама беруге болады?
- Оң және теріс сандарды координаталық түзуде қалай белгілейміз?
- 0 саны оң сан ба, әлде теріс сандарға тиісті ме?
Тапсырма 1.
Енді балалар тақтаға назар аударайықшы. Тақтадағы берілген суретке қарап, олардың айырмашылығы неде екенін айтыңыздар.
•ұзын – қысқа;
•толық – арық; (қалың – жұқа)
•күшті – әлсіз
Бұл салыстыруға қолданылған сөздерді қазақ тілі пәнінде жалпы қалай атаймыз?
Қандай сөздер антоним деп аталады?
Антонимдер – мағынасы қарама – қарсы сөздер.
Мысалы: бізді қоршаған әлем өте қызықты, бірақ қарама – қайшылыққа толы. Кішкентай кезіңізден сіздер мейірімділік және ... (зұлымдық) жайындағы ертегілерді оқыдыңыздар. Немесе жай ғана күнделікті өмірден мысал келтірсек, құбырдан ағатын су салқын және ыстық түрде болады.
Ал математикада қарама – қарсы сөздер (терминдер) кездеседі ме?
Балалар мысал келтіреді: қосу және азайту, бөлу және көбейту, оң және теріс сандар.
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Негізгі бөлім 8 минут
Жаңа сабақты түсіну Сыныппен жұмыс:
Тапсырма 2.
Арақашықтықты табыңыз:
О нүктесінен К дейін;
О нүктесінен Р дейін;
О нүктесінен М дейін.
Қай нүктелер санақ басынан бірдей қашықтықта орналасқан?
Тапсырманы ауызша талқылау. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау:
- қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеріп, есептер шығаруда сандарды дұрыс ажырата білу;
- таңбалар ережесін дұрыс қолдана білу.