Негізгі бөлім
10 минут
|
Жаңа сабақты түсіну.
Сонымен балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? «Бүтін сандар»
Сабақты әрі қарай жалғастырмастан бұрын, тақырыпқа қатысты мақсатымызды анықтап алайық:
-Бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайтынын білу керекпіз;
-Рационал сандар жиынын қандай сандар құрайтынын білу керекпіз және ажырата алуымыз керек;
Сыныппен жұмыс:
Қалай ойлайсыздар жоғарыда келтірген мысал бойынша, қандай сандар бүтін сан бола алады?
Қандай сандар бүтін сан болмайды?
0 саны бүтін сан болады ма?
Оқушылар сұрақтарға өздерінің жауаптарын ұсынады.
Әрі қарай тақтадағы презентацияға назар аударайық:
Бүтін сандар жиыны Z әрпімен белгіленеді.
Натурал сандар, оған қарама – қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар жиынын құрайды.
Видео көрсету: https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580
Жаңа тақырыптың маңызды аспектілерін ойлау және жазып алуды ұсыну.
Жаңа сабақты меңгеру.
Жұптық жұмыс:
Тапсырма 2.
Суретте көп қабатты үйдің (0) – жертөлесі, жоғарыдағы бөлігі мен төменгі жертөледе орналасқан машина қоятын тұрақ көрсетілген. А)Жертөлені (0 – нүктесі көрсетілген) – координата басы ретінде қарастырып, қалған жоғарғы және төменгі қабаттарды оң , теріс сандармен белгілеңіз;
Б)Жазған сандарыңыздан ең үлкен оң бүтін санды табыңыз;
Сандардың арасынан ең кіші оң бүтін санды табыңыз;
Сандардың ішінен ең үлкен теріс бүтін санды табыңыз;
Сандардың ішінен ең кіші теріс бүтін санды табыңыз
В)Егер әр қабаттың ұзындығы 3 метр болса, жертөледе орналасқан ең төменгі қабаттан ең жоғарғы қабатқа дейінгі қашықтықты табыңыз;
Г)Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табыңыз, үйдің жердің төменгі бөлігіндегі қабаттарының биіктігін табыңыз.
|
Дескриптор:
Білім алушы
1)Үйдің жоғарғы және төмендегі қабаттарын сандармен белгілейді;
2) Ең үлкен оң бүтін санды табады;
Ең кіші оң бүтін санды табады;
Ең үлкен теріс бүтін санды табады;
Ең кіші теріс бүтін санды табады.
3) Барлық қабаттың, жалпы қабаттардың ұзындығын табады;
4) Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табады;
Үйдің жер астындағы бөлігінің биіктігін табады.
|
|
Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
ДК экраны
|