Бөлімі: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»
Тақырыбы: Мен және менің қуыршағым
Мақсаты: Балаларға ойыншықпен қалай ойнауды айтып түсіндіру. Ойыншықтардың түрлерімен таныстыру. Ойыншықтар әр топқа бөлінетінін айту.
Қажетті құрал – жабдықтар: Әртүрлі ойыншықтардың суреті. Жумсақ ойыншық, құрастырмалы ойыншық. Т.б
Сұрақ-жауап.Сүйікті ойыншықтарың бар ма?
-Қандай ойыншықтарың бар?
-Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
-Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар.Жауап береді.
Балалар, мына үстел үстінде жатқан заттар не?
Балалар. Олар -ойыншықтар.
Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды? Балалар ше?
Балалар: Қыздар қуыршақпен,Ұлдар машинамен.
Балалар қуыршақ қандай болады?
Қуыршақтың әдемі шашы,әдемі көйлегі бар.
-Кім қуыршақтың қалай ұйықтайтынын көрсетеді?
Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
.Матадан жасалған. Пластмассадан жасалған. Резинадан жасалған.
.Ағаштан жасалған. Сипаттама беру.
-Дыбыс шығаратын ойыншықтармен,басқаларымен де таныстыру.
Дидактикалық ойын; «Жалғасын тап».
Ойын шарты;Бастаушы сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды.
-Менің ойыншығым..................................(әдемі)
-Мен қуыршақпен........................................(ойнаймын)
-Допты жоғары..........................................(лақтырдым)
Сергіту жаттығуы.
Ұзын құлақ сұр қоян, естіп қалып сыбдырды.
Ойлы, қырлы жерлермен, ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына, қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап, көжегі екен өзінің.
Ғажайып сәт.
Қуыршақты қарсы алу.
Залға қуыршақ келеді.Қуыршақ балалардың балабақшасымен танысқысы келетінін,өнерлерін көргелі келгенін айтады.
Әуенді-ырғақты қимыл.
-Балалар қуыршаққа өз өнерімізді көрсетеміз бе?
Балалар, «қуыршақ» биін билейді.
Қуыршақ ,билеріне риза болып ,алғысын айтады.
Балалар қуыршақпен қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |