АҚТӨбе облысының Әкімдігі облыстық МӘдениет басқармасы


§ 2. Гурьев және Ілбішін уездерінде сауда қатынастарының дамуы



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата23.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4708
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
§ 2. Гурьев және Ілбішін уездерінде сауда қатынастарының дамуы 
 
Қазақстанның жері мен табиғи байлығына көз тіккен орыстар Ресей 
үкіметінің түпкі  мақсатына сәйкес Атырау өңіріне  өз беттерімен келіп 
қоныстануды  ХҮІІ-ғасырдан  бастап  жүзеге  асыра  бастады.  1640-жылы 
ағайынды Гурьевтер жасырын келіп Жайық жағасынан шағын қалашық 
орнатқан.  1643-жылы түрікмендермен біріккен қалмақ басшысы Батма 
осы  қалашықты  талқандап  59  адам,   20  жылқыны    айдап  кетеді.  Кейін 
осы  жерде  қайта  салынған  қалашықты  қазақтар  «Үйшік»  деп  атап 
кеткен. Осы қалашық 1734-жылдан бастап Гурьев деп аталған. (1) 
Гурьев қалашығы Жайық өзені ағысы бағытының оң жағалауында, 
өзеннің  Каспий  теңізіне  құйылысынан  10  шақырым  жерде  орналасқан.    
Гурьев  қалашығынан  Орынборға  дейін  744  шақырым,  Астрахань 
қаласына 400 шақырым болды. (2) 
Батыс  Қазақстанда  бой  көтерген  Гурьев  қаласы  Ресей 
империясының  Атырау  өңірінің  табиғи  байлығы  мен  жергілікті 
қазақтардың  иелігіндегі  мал  мен  мал  өнімдерін  өз  мақсаттарына 
пайдалануына және осы өңірге жапсарлас жатқан шет – елдермен сауда 
қатынастарын орнатуға үлкен қызмет ете бастады.             
Ресей  үкіметі  1810-жылы  Атырау  аймағының  негізгі  бекініс 
орталығы  болған  Гурьев  қамалын  әскери  тұрғыда  қорғау  қажетсіз  деп 
тауып, осы жердегі  бекініс жойылып, оны күзетумен айналысқан әскер 
күші таратылған болатын. Осыдан кейін Гурьев қаласы  қазақ жеріндегі  
жәй  қалалардың  бірі  болып  қалды.  ХІХ-ғасырдың  орта  тұсында 
Қазақсанның батыс бөлігінде сауда қатынастары өркендеп, Ресейді Орта 
Азия елдерімен байланыстыратын сауда  жолдары  дами бастаған кезде, 
орыс  үкіметі  Атырау  өңірін  қайтадан  саяси-экономикалық  маңызды 
аймақ ретінде қарастыра бастады. Өзіне тікелей бағынышты рулар мен 
отбасының  мүдделерін  ойлай  отырып  Кіші  жүздің  ханы  Нұралы 
Әбілқайырұлы  Гурьевте  қазақтардың  да  еркін  сауда  жасауына  рұхсат 
беруін  сұрап  Ресей  үкіметіне  елшіліктер  жіберіп,  соның  нәтижесінде 
1854-жылы  Гурьев  қаласында  25-қазаннан  10-қараша  арасында 
жәрмеңке  өткізуге  рұхсат  берілді.  Сөйтіп  Атырау  өңірінің  қазақтары 
өздерінің  меншігіндегі  малдары  мен  оның  өнімдерін  сатуға  және 
айырбастауға мүмкіндік алды. 1865-жылы Гурьев уезі құрылды.  
Орынбор 
генерал 
губернаторы 
генерал-адьютант 
Н. 
Крыжановскийдің 1870 жылғы 31 мамырдағы деректеріне сәйкес Гурьев 
уезінің қарамағында 7 болыс, 70 ауыл, 13464 шаңырақ болған: (3) 
 

 
180 
Рет саны 
Болыстар 
Ауыл саны 
Шаңырақ саны 

Ескөл 
10 
1763 

Гурьев 
11 
2185 

Бұлан 
13 
2720 

Ембі 
11 
2213 

Ембі, Атырау 

1737 

Ақжол 

1529 

Бестөбе 

1313 
 
Барлығы 
70 
13464 
 
Гурьев    уезі  Орал  облысының  қиыр  оңтүстігінде  орналасып, 
батыста  Бөкей ордасымен, солтүстікте  –  Ілбішін, шығыста  –  облыстың 
Темір  уездерімен,  оңтүстікте  -    Каспий  сырты  облысының  Маңғыстау  
уезімен  шектесті.  Оның  құрамына  86  758  тұрғыны  бар  17  болыс  енді, 
халқының  70  921  адамы  қазақтар  болды.  ХХ  ғасырдың  басына  қарай 
уезд  халқы  ұлғайып,  118  400  адамға  жетті.  Бұл  өлке  туралы  орыс 
зерттеушілері былай деп жазады: 
«Гурьев  уезі  –  отырықшы  ғана  емес,  көшпенді  халықтың  өзінің 
өмір  сүруіне  қажетті  жағдайлардың  мүлде  болмауы  себепті  өлкенің 
халқы өте аз уездерінің бірі; мұнда, әсіресе, ауыз судың тапшылығы мен 
өсімдіктің  жұтандығы  айрықша  байқалады».  Өңделетін  егістік  жер 
көлемі 0,01%-ақ болды. 
Уезді Кіші жүздің: байұлы (адай, беріш, есентемір, ысық, таз, тана, 
қызылғұрт,  шеркеш  рулары),  әлімұлы  (кете,  қаракесек,  шекті  рулары), 
жетіру (тама руы)  тайпалары мекендеді. 
Байұлы  тайпасы  Ембінің  бойын,  Каспий  теңізінің  жағалауы  мен 
Жайық  өзенінің  бас  жағын  жайлап,  Орал  казак  әскерінің  жерлеріне 
дейін  жетті.  Әлімұлы  тайпасы  негізінен  Жайықтан  шығысқа  қарай, 
уездің  солтүстігіне  орналасты. Шектілер сонымен қатар уездің шығыс 
бөлігінде  байұлы  тайпасының  руларымен  бірге  көшіп  жүрді.  Жетіру 
тайпасының тама руына келетін болсақ, олар Каспий жағалауын байұлы 
тайпасымен бірге жайлады. (4) 
1867-1868  жылдардағы  реформалардан  кейін  1869-жылы  Орал 
обылысы құрылып, Гурьев уезі осы әкімшілік аймақтың құрамына енген 
болатын.Уезд  орталығына  айналған  Гурьев  қаласының  ірі  сауда 
орталығы ретінде маңызы арта түсті. 
Гурьев  уезінде  жергілікті  қазақтар  үшін  Гурьевте  1854  жылдан 
жұмыс жасай бастаған жәрмеңкенің маңызы зор болды. 
Гурьев  жәрмеңкесінің  жылдан-жылға  товар  айналымы  өсіп, 
жергілікті  қазақтар  үшін  тиімділігі  арта  түсті.  1882-жылы  Гурьев 
жәрмеңкесіне  430  мың  рубльдің  товары  әкелінген.  Тек  қана  астық 
өнімдерінің ғана сауда айналымы 400 мың рубльден  асқан. 1885-жылы 

 
181 
Атырау өңірінің қазақтары Гурьев жәрмеңкесіне  1039 түйе, 876 жылқы, 
87  сиыр  әкеліп  сатқан.  Гурьев  қаласында  тұрақты  сауда  орындары 
қалыптасып,  сауда-саттық  қатынастарының  сипаты  өзгере  бастады. 
1886-жылы  Гурьев  қаласында  50  дүкен  жұмыс  жасап,  осы  сауда 
орындары  арқылы  қала  тұрғындарына  281314  рубльдің  заттары 
сатылған.  Осы  жылы  қаладағы  сауда  орындарының  жалпы  сауда 
айналымы  804994  рубль  құраса,  келесі  1887-жылы  жалпы  сауда 
айналымының көлемі 1149850  рубльге жетті. (5) 
Гурьев    жәрмеңкесінің    негізгі  товар  айналымы    мал  және  мал 
өнімдерін сатудан құралды. 1899-жылы Гурьев жәрмеңкесінде барлығы 
133  500  рубльдің  товары  сатылса,  соның    86665  рублі  мал  және  мал 
өнімдерін  сатудан  түсті.  (6)  Сол  сияқты  1900-жылы  жәрмеңкеде 
сатылған 90 885  рубль товардың 77 355 рублін қазақтардың жәрмеңкеге 
әкелген  мал  және  мал  өнімдері  құрады.  Ал  1901-жылғы  жәрмеңкенің 
товар айналымы 69 535 рубль болды. 
Осы  жәрмеңкеде    2200  рубльге  мануфактура  бұйымдары,  1300 
рубльге  астық  өнімдері,  ағаш  және  басқа  ұсақ-түйек  заттар  сатылды. 
Сауда    айналымының  қалған  60  035  рублі  жәрмеңкеде  өткізілген  мал 
және мал өнімдерінен жиналды. (7) 
Гурьев уезіндегі мал басының құрамындағы  қой мен ешкінің үлес 
салмағы 80,2 %, ірі қара – 6,1 % болды.  
Гурьев уезінде Орал облысындағы малдың 28,6 % шоғырланды. (8) 
Гурьев уезінде 1900 жылы сауда айналымы 3,2 млн рубль құраған, 
осы кезде уезде  33 күзгі және қысқы жәрмеңкелер жұмыс жасаған. (9) 
1899-1909  жылдар  арасында  Гурьев  жәрмеңкесінде  сатылған  мал 
және  мал өнімдері туралы деректер: (10) 
 
Жәрмеңке өткізілген 
Мал және мал өнімдері 
(рубль есебімен) 
жыл 
мерзім 
1899 
17.10-2.11 
86665 
1900 
17.10-2.11 
77355 
1901 
17.10-2.11 
66035 
1902 
 
43300 
1903 
 
48780 
1904 
 
45747 
1905 
20.10-10.11 
84740 
1906 
20.10-10.11 
75195 
1907 
20.10-10.11 
119741 
1908 
20.10-10.11 
174205 
1909 
20.10-10.11 
33600 
 

 
182 
Ішкі Бөкей Ордасының Қамыс, Самар және бірінші Примор (теңіз) 
бөлігінен  және  басқа  елді  мекендерінен  Гурьевтегі  1889  жылы  25 
қазанда  басталатын  жәрмеңкеге  жергілікті  қазақтар  сатуға  мал  айдап 
апарып  сатқан.  Осы  жылы  арбаға  жегуге  жарайтын  ат  Гурьев 
жәрмеңкесінде 30 рубльге сатылған.  
Сауда  айналымының  өсе  түсуіне  Жайық  өзені  арқылы  су 
қатынасының  дамуы  өзінің  ерекше  әсерін  тигізді.  1869-жылдан  бастап 
Астрахан—Гурьев арасында  жүк таситын кемелер жүріп, тек бір жылдың 
өзінде  95  рейс  жасаған.  Сөйтіп  тек  осы  жылдың  өзінде  ғана    Гурьевтен 
Астраханға  166850  пұт  балық,  тері  т.б.  товарлар  апарылып,  Астраханнан 
Гурьевке  105755  пұт  товар  әкелінген.  1887-жылы  Астраханнан  Гурьевке 
117 сауда кемесі келіп, 500 тонна астық жеткізген. Ал Астраханға  балық, 
уылдырықтан  басқа  80  тонна  әр  түрлі  заттар  апарылған.  1889-жылдан 
бастап  Астрахан  –  Гурьев  арасына  жетісіне  екі  рет  жүретін  параходтың 
қатынай  бастауы    сауда  қатынастарының  арта  түсуіне  өзінің  ықпалын 
тигізді.  Жергілікті    қазақтар  үшін    Гурьев  жәрмеңкесінің  тұрақты  жұмыс 
жасап тұруы оларды өз малдары мен оның өнімдерін Орал және Орынбор 
жәрмеңкелеріне  айдау  қиыншылықтарынан  құтқарды.  Қазақтар  тығыз 
орналасқан  жерге  жақын  орналасқан  Гурьев  жәрмеңкесі  орыс  көпестері 
үшін де өте тиімді болды. Мәселен, Орал жәрмеңкесінде тері  2 рубль 28 
тиын болса, Гурьев жәрмеңкесінде бұл товар 1 рубль 57 тиын ғана тұрды. 
Гурьев  жәрмеңкесінде  жергілікті  қазақтар  мал  және  мал  өнімдеріне  
мануфактура бұйымдарын, астық  өнімдерін, темір және ағаштан жасалған 
заттар  мен  басқа  да  тұрмысқа  қажетті  нәрселерді  сатып    алды    немесе  
айырбас  жасады. (11) 
1899-1909  жылдар  аралығында  Гурьев  жәрмеңкесінде  сатылған 
товарлар туралы  мәліметтер (рубль есебімен): (12)                                                                                                                                                     
 
Жәрмеңке өткізілген 
Астық 
Мануфактура 
Ағаш, 
темір 
Басқа заттар 
жыл 
мерзім 
1899 
17.10-2.11 
600 
22000 
1700 
22550 
1900 
17.10-2.11 
300 
10000 
200 
300 
1901 
17.10-2.11 
100 
2200 
200 
1000 
1902 
 
1900 
14000 
500 
2000 
1903 
 

900 
50 
100 
1904 
 

1200 
100 
1185 
1905 
20.10-10.11 
40 
2175 
1700 
1475 
1906 
20.10-10.11 
30 
420 
150 
1705 
1907 
20.10-10.11 
5000 
4500 
4200 
11400 

 
183 
1908 
20.10-10.11 
4500 
8700 
1500 
3600 
1909 
20.10-10.11 
900 
2300 
500 
2560 
Орал  облысының  құрамдас  бөлігі  ретінде  Гурьев  қаласы  мен 
Гурьев  уезінде  тұрақты  сауда  қатынастары  дами  түсті.  Сауда 
қатынастары  жергілікті  тұрғындардың  қажеттілігіне  бейімделіп, 
тұрмыстың түрлі салаларын қамтыды. 
1897  жылы  Ресей  мемлекеттік  санағының  деректеріне  сәйкес 
Гурьев уезінде саудагерлер саны 252-ге жетті. 
1897  жылғы  санақ  бойынша  Гурьев  қаласы  мен  уезіндегі  
саудагерлердің саны туралы мәлімет: (13) 
  
 
Гурьев қаласы 
Гурьев уезі 
Жалпы сауда 
13 
102 
мал 
40 

Астық өнімдері 
18 

Басқа ауыл шаруашылық өнімдері 
200 
36 
Құрылыс материалдары 
15 

Тұрмыс заттары 


Металл бұйымдар 


Мата, киім 
54 
41 
Мал, аң терілері 
17 
12 
Қымбат әшекей бұйымдар 


Басқа заттар 


Тасымал, тарату ісі 


Қонақ үй, трактир 
23 

Ішімдік сату 
19 

Тазалық, гигиеналық заттар сату 
28 

Басқа сауда қызмет 
53 
19 
Жезөкшелік 


Ұсақсауда түрлері 


Делдалдық қызмет 


барлығы 
551 
252 
 
ХХ  ғасырдың  басында  Гурьев  уезінде  жәрмеңке  саудасы  ерекше 
қарқынмен дами түсті. 
1899-1909  жылдар  аралығында  Гурьев  жәрмеңкесінде  сатылған 
товарлардың жалпы бағасы  туралы мәліметтер (рубль есебімен): (14)                                                                                                                                                 
 
 

 
184 
Жәрмеңке өткізілген 
барлығы 
жыл 
мерзім 
1899 
17.х-2хі 
133505 
1900 
17х-2хі 
900855 
1901 
17х-2хі 
69535 
1902 
 
61700 
1903 
 
49830 
1904 
 
48232 
1905 
20х-10хі 
90130 
1906 
20х-10хі 
77500 
1907 
20-10хі 
144841 
1908 
20х-10хі 
192505 
1909 
20-10хі 
39860 
 
1881  жылы  Батыс  Қазақстанда  Орынбор  генерал  губернаторлығы 
жойылды.  Осы  кезде  облыстардың  шекаралары  нақтыланып,  уездер 
қайта құрылды. Орал облысының құрамындағы Эмба (Жем), Калмыков 
уездері  қайта  құрылып,  олардың  негізінде  Темір  және  Ілбішін 
(Лбищенский), уездері ашылды. (15) 
Ілбішін уезі облыстың батыс бөлігіне орналасып, солтүстікте Орал 
облысымен, оңтүстікте  Гурьев уезімен, шығыста Темірмен шектесті, ал 
батыста Жайықтың сол жағалауына жетіп тірелетін 15 болыстан тұрды. 
Уездегі 169673 адамның 144257-сі  қазақтар болды. 
Оның  жерінің  басым  көпшілігін  байұлы  тайпасының  рулары 
мекендеді.  Алаша  руы  Өлеңті  өзенінің  орта  ағысын,  Қалдығайты, 
Жақсыбай  өзендерінің  төменгі  ағысын,  Итмұрынкөл,  Тұздыкөл, 
Сулыкөл,  Жамбай  көлдерінің  жағалауларын,  Жайық  бойындағы  10 
шақырымдық 
белдік 
шекарасының 
Котельный, 
Кругловск 
бекіністерінің  қарсы  бетіндегі  жерлерді,  толып  жатқан  шатқалдарды 
қоныс  етті.  Байбақты  руы  Калмыковскден    Орловскге  дейінгі 
бекіністердің қарсы беттерін (Жайық бойымен), Қамыстыкөл, Ащыкөл, 
Тұздыкөл көлдерінің қамыстарын, Қалдығайты өзенінің орта ағысының  
бойымен  және  басқа  да    жерлерді  қыстап  жайлады.  Ысық  руы 
Қалдығайты  өзенінің  бойын,  Бүйрек,  Тайсойған,  Көкөзек,  Жаманағаш 
құмдарын  және  басқа  жерлерді  қыстады.  Тана  руының  аздаған 
қауымдары  Өлеңті  өзенінің  бас  жағын,  Көкөзек  құмдарының  батыс 
бөлігін және басқа жерлерді, масқар руы  Шідерті өенінің бастауларын, 
Үлкенащы  және  Жаманащы  өзендерінің  төменгі  ағысын,  Соркөлдің 
айналасын,есентемір  руы    Бұлдыртының  оң  жағалауын,  оның  орта 

 
185 
ағысын  қыстады.  Беріш  руы  масқар  руымен  бірге  көшіп  жүрді.  Уезд 
шаруашылықтарының басым көпшілігі жетіру тайпасының табын руына 
жатты, Бұлтырты өзенінің орта ағысы мен бас жағын және Кожехаровск 
бекінісінің  қарсы  бетін,  Жайықтың  сол  жағалаудағы  бөлігін 
жайлады.Олардан  солтүстікке  қарай,  Шалқар  көліне  құятын 
Қарағайғаты  және  Сарыөзек  өзендерінің  алқаптарында  жетіру  тайпасы 
кердері  руының  қыстаулары  шашырап  жатты.  Жақсыбай  өзенінің  бас 
жағында  әлімұлы  тайпасы  кете  руының  бірнеше  қауымдары  қыстады. 
Уездің  қиыр  оңтүстігінде,  Шөптікөл,  Ақтөбе,  Жалтырсор  көлдерінің 
төңірегінде,  Ойыл  өзенінің  сағасы  мен  Бүйеліқияқ  өзенінің  бойында 
байұлы тайпасы адай руының қыстақтары орналасты. (16) 
1904  жылы  Ілбішін  уезінің  құрамына  бұрынғы  Калмыков  және 
Орал  уезінің  бір  бөлігі  енгізілді.  Уезд  құрамына:  Калмыков  уезінен 
Шалқар,  Қаратау,  Қарайыл,Матеш,  Өлеңті,  Қызылжар,  Соналы, 
Жақсыбай  Индер,  Қарауыл,  Нышкөл,  Бұлтырты  болыстары,  Темір 
уезінен  Сабынды  болысы  енгізілді.    Уезд  орталығы  Калмыковтан 
Ілбішінге көшірілді.   (17) 
Бұрын Камыков кейін Ілбішін деп аталған уезде қазақтармен қатар  
қоныс  аударған    әскери  казактар  да  түрды.Олар  Каменская, 
Кожехаровская,  Чижинская,  Скворкинская,  Бударинская,  Чаганская, 
Горячкино,  Сахарновская,  Калмыковская,  Кармановская,  Глиненская, 
Сламихинская  станицаларын  мекендеді.  Осы  әскери  казактар 
коныстанған  станицаларда  базарлар  мен  жәрмеңкелер  жүмыс  жасап, 
уезде сауда қатынастары дамыды. 
Уезд  территориясындағы  Сламихинская  поселкасында  14-21 
қыркүйек  арасында,  Калмыков  қаласында  1-15  мамыр  арасында 
жәрмеңкелер,  Каменск  поселкасында  базарлар  1  мамырдан  1  қазан 
арсында,  жәрмеңкелер  1-8  арасында,  Ілбішін  қаласында  жәрмеңке  29 
тамыздан  5  қыркүйек  арасында,  базарлар  апта  сайын  жұма  және  сенбі 
күндері тұрақты түрде өткізілді. (18) 
ХІХ  ғасырдың  соңғы  ширегінде  Калмыков  (Ілбішін)  уезінде 
халықтың  саны  169653  адамға  жетті,  Калмыков  қаласында  1924  адам 
тұрды.  Статистикалық  деректердің  мәліметі  бойынша  уезде  16  көпес 
тұрақты саудамен айналысты. (19) 
Калмыков  (Ілбішін)  уезінің  территориясында  тұрақты  жұмыс 
жасаған  Калмыков,  Ілбішін,  Сламихин,  Каменск  елді-мекендеріндегі 
жәрмеңкелердің  1899-1910  жылдар  арасындағы  товар  айналымының 
деңгейі туралы деректер: (рубль есебімен) (20) 
 
Жылдар 
Калмыков 
 жәрмеңкесі 
Ілбішін  
жәрмеңкесі 
Сламихин  
жәрмеңкесі 
Каменск  
жәрмеңкесі 
1899 
881890 

227114 
27770 
1900 
1099893 
48017 
248974 
109574 

 
186 
1901 
1037614 
83726 
216089 
57980 
1902 

77338 
1089112 
162380 
1903 
798479 

336338 
61117 
1904 
346530 
129915 
243100 
134141 
1905 
1136482 
136569 
190853 
116134 
1906 
674145 
152497 
215400 
59346 
1907 
1047997 
260583 
274600 
85000 
1908 
1391567 
220630 
178800 
212749 
1909 
282860 
243172 
131500 
274400 
1910 
1128745 
335320 
271534 

 
Орал  облысының  әскери  территориясында  орналасқан  Калмыков 
жәрмеңкесі  көктемде  20  сәуір  мен  1  мамыр  арасында  өткізілді.  1885 
жылы Калмыков жәмеңкесінің товар айналымы 547333 рубль болса, 12 
жылдан  соң,  1897  жылы  оның  товар  айналымының  деңгейі  410580 
рубльге өсіп, 957913 рубльге жетті.  (21) 
Калмыков  (Ілбішін  1904)  уезінде  тұрақты  жұмыс  жасаған 
Калмыков,  Ілбішін,  Сламихин  және  Каменск  жәрменкесінде  негізінен 
товар  айналымының  басым  бөлігі  мал  және  мал  өнімдері  және  астық 
сатудан түсті.  Калмыков (Ілбішін)  уезінде тұрақты  жұмыс істеген 4 ірі 
жәрмеңкеде  1899-1910  жылдарда  сатылған  мал  және  мал  өнімдері 
туралы мәлімет:  (рубль есебімен) (22) 
 
Жылдар 
Калмыков 
Ілбішін 
Сламихин 
Каменск 
мал және 
мал 
өнімдері 
астық 
мал 
және 
мал 
өнімдері 
астық 
мал 
және 
мал 
өнімдері 
астық 
мал және 
мал 
өнімдері 
астық 
1899 
706250 
4100 


170154 
860 
72770 

1900 
876370 
8460 
47268 

183234 
840 
109547 

1901 
698514 
7730 
82560 

156309 
1830 
57980 

1902 


73988 
700 
904292 
7700 
102380 

1903 
798479 



252598 
790 
61117 

1904 
151960 
9140 
125515 
1080 
170900 
1800 
134141 

1905 
993262 
8000 
130992 
1662 
106553 
7000 
116134 

1906 
547615 
5000 
148050 
947 
162600 
4100 
59346 


 
187 
1907 
846778 
11543 
254860 
780 
144600 
4800 
85000 

1908 
1177407 
70000 
215160 
925 
153800 
7100 
212749 

1909 
37300 
46000 
241250 
92 

8500 
274400 

1910 
856242 
45378 
333750 
170 
166087 
13700 


 
Калмыков  уезіндегі  4  ірі  жәрменкенің  ішінде  астық  өнімдері 
Каменск  жәрменкесінде  ең  көп  мөлшерде  сатылды.  Ал  Ілбішін  және 
Сламихин  жәрменкелерінде  сатылған  астық  өнімдерінің  көлемі  онша 
көп болмады. Каменск жәрменкесінде астық өнімдері мүлде сатылмады. 
Калмыков  жәрмеңкесінде  1908  жылы  астық  өнімдері  70  мың  рубльге 
сатылды,  ал  Ілбішін  жәрмеңкесінде    астық  өнімдері  ең  көп  сатылған 
1905 жылы табыс мөлшері 1662 рубль болды. 
Сламихин  жәрменкесінде  сатылған  астық  өнімдерінің  ең  көп 
мөлшері 1910 жылы тек қана 13700 рубльге жетті. 
Калмыков  жәрменкесінде  астық  өнімдері  1909  жылы  46  мың 
рубльге,  1910  жылы  45378  рубль  болды.  Сөйтіп  Калмыков 
жәрменкесінде  1908-1910  жылдар  арасында    астық  өнімдерін  сату  тез 
қарқынмен  дамып, соңғы үш жылда 161378 рубль құрады. 
1899-1910  жылдар  арасында    Калмыков,  Ілбішін  және  Сламихин 
жәрменкелерінде сатылған мануфактуралық бұйымдар туралы мәлімет: 
(23) 
 
Жылдар 
Сатылған мануфактуралық товарлар (рубль) 
Калмыков 
Ілбішін 
Сламихин 
Каменск 
1899 
125200 

40400 

1900 
152100 
600 
57000 

1901 
148200 
1000 
51500 

1902 

2050 
159620 

1903 


77700 

1904 
84240 
2695 
60000 

1905 
108300 
3450 
69700 

1906 
79100 
2600 
106600 

1907 
116114 
4030 
117500 

1908 
59000 
4280 
115000 

1909 
110750 
1500 
120000 

1910 
227125 
1400 
89700 

 

 
188 
           Калмыков 
уезіндегі 
жәрменкелердің 
мануфактуралық 
бұйымдарды  сату Калмыков жәрмекесінде өте  жақсы жолға  қойылды. 
Сонымен қатар Сламихин жәрменкесінде  де мануфактуралық товардың 
сатылу деңгейі жоғары болды. Ілбішін жәрменкесінде мануфактуралық 
заттарды сату деңгейі 600-4280 рубль арасында ғана болып, жәрменкеде 
негізінен мал және мал өнімдері кең көлемде сатылды. 
 
§ 3. Темір уезінде сауданың   дамуы 
§ 3.1. 
Ойыл жәрмеңкесінің дамуы 
 
ХІХ-ғасырдың  ортасы  мен  ХХ-ғасыр  басында  Батыс  Қазақстанда 
Орал  облысының    территориясында  сауда  қатынастары  ерекше 
қарқынмен  дамыды.  Орал,  Гурьев  қалаларында    жәрмеңке  саудасымен 
қатар тұрақты сауда (дүкен, асқана, түрлі ішімдік орындары)  өркендеді. 
Әсіресе  Темір  (Қарақамыс),  Ойыл  (Көкжар)  жәрмеңкелері  қазіргі 
Ақтөбе  облысының  территориясында  сауда  қатынастарының  дамуына, 
жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына зор әсерін тигізді.  
Х1Х  ғасырдың  екінші  жартысынан    бастап  жұмыс  жасаған  Ойыл 
(Көкжар)  жәрмеңкесі  Батыс  Қазақстан  территориясында  сауда 
қатынастарының дамуына ерекше үлес қосқан сауда орталығы болды. 
Патша үкіметі Түркістан мен Қазақстанды  әкімшілік басқару ісіне 
реформа жасаудың жобасын  түпкілікті дайындау үшін 1867 жылы март 
(наурыз)  айында Ресей соғыс министрі Д.А.Милютин бастаған Ерекше 
комитет  құрған  болатын.  Осы  комитеттің  жұмысы  нәтижесінде  1868 
жылдың  21  октябрінде  (қазан)  Орынбор  және  Батыс  Сибирь  – 
губернаторларының  Дала облыстарын басқару туралы  уақытша ереже 
бекітілді. Бұл  Ереже  1869 жылдың 1-қаңтарында өз күшіне енді. (1) 
1867-1868  жылдардың  реформалары  Ресей    капитализмінің    қазақ 
жерін  игеруінің  негізінде  жайыла  дамуына  жағдай  жасады.  Бұл 
реформалар  Қазақстанның  Ресей  экономикалық  даму  өрісіне  енуін 
жеделдетіп,  патша  үкіметінің  қазақ  жерін  тартып  алуға  негіз  болды. 
Сондықтан «уақытша ереже»  халық  наразылығын туғызды. 
Патша  үкіметін  Кіші  жүз  жеріндегі  Орынбор  мен  Эмба    (Жем) 
постыларының  (бақылау  бекеттерінің)    арасындағы  459  шақырым 
қашықтықта орыс бекіністерінің болмауы  қатты алаңдатты. Сондықтан, 
патша үкіметі осы  олқылықтың орнын толтыру мақсатында 1869-жылы 
Қарғалы  және  Елек  өзендерінің  құйылысқан  жерінде  Ақтөбе  бекінісін, 
сонымен  қатар  Кіші  жүз  қазақтарының    реформаға  қарсы  көтерілісінің  
негізгі  орталығына    айналған.  Ойыл  өзенінің    жағасындағы  Қазыбек   
шатқалында Ойыл бекінісін  салуды жедел қолға алды. (2) 
Осы  жылы  құрамында  107  адамы  бар  Орынбор  әскери 
қазақтарының 3 отряды  және  2 жүздік Орал әскери  казактары   мен екі 

 
189 
зеңбірегі бар 13 адамдық артиллеристері бар  Штемпель бастаған Ойыл 
отряды қырға аттандырылды. (3) 
Штемпель  отрядын  20  мыңнан  астам  көтерілісшілер    Жамансай 
деген  жерде  7  күн  қоршауға  алды.  Осы  бетпе-бет    кездесудің  
нәтижесінде  Штемпель  отрядынан  3  адам  өліп,  5  адам  жараланды. 
Сонымен қатар  Штемпель отряды 700 көлікке  тиелген Ойыл бекінісін 
салуға  арналған  құрылыс  материалдарынан  және  азық-түліктен  
айрылған  болатын. 
Өздерін  қоршаған  көтерілісшілерден  қорқып  және  күннің  аптап 
ыстығынан 
қалжыраған 
әскермен 
бекініске 
жеткізуге 
тиісті 
материалдарды  Ойылға  жеткізу  мүмкін  еместігін  түсінген  Орал 
облысының әскери губернаторы Н.А.Веревкин құрылыс материалдарын  
өртеуге бұйрық берді. (4) 
Осы  дағдарыстан  шығу  үшін  әскери  губернатор  Н.А.Веревкин  21 
маусымда  негізгі  әскери  күшті  көтеріліс  ошағына  айналған  Ойыл 
маңына  шоғырландыру  қажет  деп  есептеп,  өзі  қолбасшылық  еткен 
Орынбор  батальоны  мен  Орал  жергілікті  командасы,  1  атқыштар 
ротасы,  аттылы  артиллерия  1  взвод,  650  адамнан    тұратын  3  рота,  2 
зеңбірек,  барлығы  –  1700  адамдық  әскер  Орал  облысының    Калмыков 
бекінісіне  аттандырылды. 
Орал  әскери  губернаторы  Н.А.  Веревкин  подполковник  Рукинге  
Калмыковқа  қарай  жүріп  Қиыл    өзенінен  Ойыл    өзеніне  жақындап 
Қазыбекке    жетуді    тапсырды,  граф  Комаровскийге  Ембі    бекінісінен 
шығып Шилі, Ащы Ойыл  өзендері  бойымен жүруді  бұйырды. 
Сөйтіп бұл әскери отрядтар бір мезгілде  жан-жақтан  Ойыл өзінің 
орта ағысына жақындады. 
1869-жылы 4-шілдеде  біріккен әскери отрядтар  Барқынға, Ойылға 
жетті. Орал  облысының әскери губернаторы Веревкин  бекініс ретінде 
таңдаған бұл жер  Ойыл бекінісі деп аталып, оның негізгі 1869-жылы 6-
шілдеде  қаланды.  Ойыл  бекінісінің  құрылысын  барон  фон  Штемпель 
басқарды. (5) 
Осы жылы (1869)  қазан айының аяғында бекіністегі казармаларға 
әскери гарнизон орналастырылды, ал 1870 жылы көктемде Ойыл әскери 
бекінісі  толығымен  салынып    болды.  Осы  әскери  бекіністің  солтүстік-
шығысында    Оралдың  Наказной  атаманы  Н.Н.Шиповтың    құрметіне 
аталған  Шиповский  поселкесі  салынды  да,  онда    берік  тұрақтамаған 
қоныс  аударушылар    малоростар  тұрған.  Осы  поселкенің  солтүстік 
батысында  Ойыл  жәрмеңкесінің  тастан  салынған  ғимараттары 
(корпустары)  орналасты. 
Крестьяндардың Орал облысына  жаппай қоныс аударуы 1884-1891 
жылдар  арасында  жүргізілді.  Осы  мерзім  ішінде  Ресейдің  орталық 
губернияларынан  2299  отбасы  көшіп  келді.  Бұдан  703  отбасы  Темір 
уезіне, 237 отбасы Ойыл  бекінісіне қоныстандырылды. (6) 

 
190 
Сөйтіп  ақын Мұрат Мөңкеұлы: 
«Еділді тартып алғаны – 
Етекке қолды салғаны. 
Жайықты тартып алғаны – 
Жағаға қолды салғаны 
Ойылды тартып алғаны 
Ойындағысының болғаны» - деп айтқандай Ойыл 
өңірі Ресейдің отар аймағына  айналды. (7)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 
ХІХ-ғасырдың орта кезеңіне дейін Қазақстанның батыс бөлігіндегі 
ішкі  сауда  негізінен  Орта  Азия  саудагерлерінің  қолында  болды  да, 
кейінірек  батыс өңірде  жәрмеңкелердің ашыла  бастауына байланысты 
орыс  көпестерінің    үлесі  арта  түсті.  Ресей  өндірісінің  мал  өнімдеріне 
деген  қажеттілігі  қазақ  даласында  өткізілген  жәрмеңкелерде  сатып 
алынған  мал  және  мал  өнімдері  арқылы  өтелді.  Маусымдық 
жәрмеңкелерде мал және мал өнімдерін тұтастай сатып алушылар орыс 
көпестері болды. 
Ресей  мемлекетінің  Министрлер  Комитетінің  1842-жылы  10 
ақпанда бекітілген Ережесі бойынша маусымдық жәрмеңкелерге ерекше 
көңіл  бөлініп,  жәрмеңкелердің  уақытында  өткізілуі  губернаторлар  мен  
жергілікті өкімет орындарының аса маңызды міндетіне айналды. 
Азаматтық  Губернаторлар  қала  бастығы  (городничий),  уездік  сот, 
қала  старостасы  және  ауызша  (келісім)  сотынан  тұратын  ерекше 
Комитет құрып, осы Комитетке мынадай міндеттер тапсырды: 
1.
 
Өз  қызметін  жәрмеңке    ашылардан  бұрын  бастап,  жәрмеңке 
жұмысы туралы бастыққа толық  есеп  бергенше жалғастыру;  сауда 
ғимараттары  мен  орындарын  бұрынғы  ретпен  саудагерлердің 
таңдауы  мен  ықыласын  ескере  отырып  тарату,    қала  қажеттілігі 
үшін саудагерлерден  жарна жинау, саудагерлер өздері жалға алған 
ғимараттар  мен  орындары  үшін  және  төлеген  жарналары  туралы 
арнайы  кітапқа қол қойдыру. 
2.
 
Жәрмеңкенің кірісі мен шығысы туралы нақтылы есеп жүргізу. 
3.
 
Сауда  ғимараттары  мен  орындарынан  түскен  ақшаны  қала  
табысына  аудару,    сауда  ғимараттарының  материалдарын 
(заттарын)  қала меншігімен бірге сақтау. 
4.
 
Жәрмеңке аяқталысымен есеп кітаптарын басқа  құжаттармен бірге 
тексеруге (ревизия) тапсыру, азаматтық Губернатор  өз қызметі мен 
жәрмеңкенің  жұмысы  және  сауда  орындарын  жалдаудан  түскен 
ақша мөлшері жөнінде толық есеп тапсыру. 
Орталық және  жергілікті өкіметтің арнаулы жарлықтары, өкімдері  
бойынша жәрмеңкеге қатынасулар үшін нақты тәртіп бекітілді. (8) 
Орал  облысының Темір уезіне қарасты Ойыл бекінісінің жанынан 
ашылған  Көкжар  (Ойыл)  жәрмеңкесінің  күнделікті  жұмысын  реттеп 
отыру  үшін  арнайы  нұсқау  жасалып,  ол  Қазыбек  жазығында  ,  Ойыл 

 
191 
өзенінің 
бойында 
өткізілетін 
Никольская 
және 
Покровская 
жәрмеңкелерінің  жәрмеңкелік комитеттері басшылыққа  алатын  Нұсқау 
деп аталды. Бұл Нұсқауда былай деп атап көрсетілді: 
1.
 
Орыстардың  қазақтармен  сауда  жасауы  үшін  облыстың  батыс 
бөлігінде    Қазыбек  жазығында,Ойыл  өзенінің  жағасында  екі 
жәрмеңке:  Никольская  және  Покровская  жәрмеңкелері 
тағайындалады:    біріншісі  15  мамыр-15  маусым,  екіншісі  15 
қыркүйек -15 қазан аралығында өткізіледі. 
2.
 
Жәрмеңкедегі  қоғамдық  тәртіпті  бақылау  ісі  жәрмеңке 
комитетіне  жүктеледі.  Комитет  Орынбор  өлкесінің  бас 
начальнигі  тағайындаған  төраға(  басқарма),  мемлекеттік 
чиновник және  5 адамнан тұрады: олар Орынбор қазақтарының  
облыстық  басқармасы  (правлениесі)  тағайындаған  базарбасы, 
қазақтардың  өздері  сайлаған  Орданың  2  құрметті  ақсақалы, 
жәрмеңкеге  келгендер  арасынан  сайланған  2  орыс  саудагері. 
Комитет  жанында  ветаринарлық  дәрігер  жұмыс  жасап,  ол 
жәрмеңкеге  айдап  әкелінген  малдарды  тексереді.  Сонымен 
бірге  комитеттің  қарамағында  бірнеше  хабар  таратушы 
шабарман қазақтар болады. 
3.
 
Жәрмеңке  басталардан  бірнеше  күн  бұрын  жәрмеңке 
комитетінің мүшелері осыған дейін анықталған тәртіп бойынша 
тағайындалып, 
олар 
өз 
жұмысында 
осы 
Нұсқауды   
басшылыққа алулары тиіс. 
4.
 
Сонымен  қатар  жәрмеңке  комитетінің  міндетіне  мыналар 
жүктеледі:  а).жәрмеңкеге  келген  саудагерлерді  тонау  мен 
ұрылардан  қорғау.  б).  жәрмеңкеге  келушілерді  тиісті 
құжаттарсыз  келуден  алдын-ала  ескрту.  в).  әр  түрлі  
бақытсыздықтарды 
болдырмау 
мақсатында 
алдын-ала 
полициялық  шараларды  жүргізу.  г).  Сауда  уставының  ХІ 
томының  2857  статьясының  (бабының)  негізінде  қазақтар  мен 
орыс  саудагерлерінің  және  орыс  саудагерлерінің  арасындағы 
өзара  таластарының  нәтижесінде  пайда  болған  барлық 
қылмысты  істер  туғызатын  жағдайларды  ауызша  сауда 
сотының    талдауы  арқылы    реттеп,  зәбір  көріп,  зардап 
шеккендердің талабын қанағаттандырып, кінәлілерге айып тағу. 
Ескерту:  Генерал-губернатор  жәрмеңкеге  жіберген  мемлекеттік 
чиновник  Сауда  уставының  ХІ  томының  2858  статьясына  (бабына) 
сәйкес  жәрмеңкеде  саудагерлер  арасында  болған  талас-тартыстарға 
араласпай, таласушы топтарды тез арада ауызша сауда сотына жіберуге 
тиісті.  Ауызша  сауда  сотының  құрамына  мемлекеттік  чиновник  
кірмейді.  Никольская  және  Покровская  жәрмеңкелерінің  ауызша  сауда 
сотының мүшелігіне  жәрмеңке  комитетінің мүшелері,  яғни:  базарбасы, 
сайланған орыс көпестері мен қазақ ақсақалдары кіреді.  

 
192 
5.
 
Жәрмеңкеде    қазақтардың  арасындағы  өзара  талас  істер,  егер 
бұл  істерде  қылмыстық  белгілер  байқалмаса,  базарбасы  мен 
комитет  мүшесі  болып  сайланған    Орданың  құрметті 
ақсақалдарының  қарауына  беріліп,  бұл  іс  қазақтардың 
халықтық дәстүрінің негізінде шешілуі тиіс.  
6.
 
Комитет  барлық  сауда  істеріне  қатынасты  ауызша    талас-
тартыстарды жоғарыда атап көрсеткендей шешуге құқылы және 
өз шешімдерін тез арада жүзеге асыра алады. 
7.
 
Егер таласушы жақтардың екеуі де немесе біреуі талас мазмұны 
мен комитет шешімінің жазбаша түрде рәсімделуін талап етсе, 
онда жәрмеңке комитеті таластың мән-мазмұнын  және комитет 
шешімін  Орынбор  қазақтарын  басқару  жөніндегі  облыстық 
басқарма  (правление)  берген  тіркеу  дәптеріне  енгізіп,  осы 
жазбалардың астына таласушы жақтардың қолдарын қойғызуы 
қажет. 
8.
 
Жәрмеңке  комитетіне  ұсақ  тәртіпсіздік,  ұрлық  және  алдап-
арбау,  айтыс-тартыс  пен  төбелес  болған  жағдайда  Заңдар 
жинағының 
1-бөлімінің, 
2-томының, 
681-статьясында 
(бабында)  көрсетілген  шаралар  мен  жазалау  құқы  беріледі. 
Сонымен  қатар  осы  томның  681-статьясында  (бабында) 
көрсетілген, 
нақтырақ 
айтқанда 
1- 
параграфтың 
2,7,8,10,11,12,14,15,17- 
пункттері, 
2-параграфтың 
3,4,5-
пункттері,  3-параграфтың  1,2,4,8,9  -  пункттеріне  сәйкес  
шаралар қолдану мен   жазалау мүмкіндігі   жәрмеңкеде болған  
нақты жағдайларға  байланысты полиция құзырына беріледі. 
9.
 
Жоғарыда  көрсетілген  параграфтардағы  шаралар тек  қана  ұсақ 
тәртіпсіздіктер  мен  қылмыстартарға  ғана  тиісті  болып 
саналады.  Комитет  ұрлыққа  байланысты  істер,  алдап-арбау 
және  әр  түрлі  зорлық-зәбір  көрсетулердің  жалпы  суммасы  10 
күміс  рубль  мөлшерінен  асқан  жағдайда  өз  бетінше  шешім 
қабылдай  алмайды.Ескерту:  Қазақтар  арасындағы  маңызы 
шамалы    әр  түрлі  ұсақ  қылмыстарға  байланысты  арыз-
шағымдар мен талап-тілектер, егер олардың жалпы мөлшері 30 
күміс  рубльден  аспаған  жағдайларда,  олардың  талаптары 
қазақтардың  халықтық заңдары негізінде шешілуге тиіс.  
10.
 
Комиттеттің  өкілеті  тек  қана  жәрмеңке  өткізілетін  орынмен 
ғана шектеледі. 
11.
 
Барлық  басқа  ірі  қылмыстар  мен  тәртіпсіздік  болған 
жағдайларда  комитет  тәртіпсіздіктерге  қарсы  шаралар  ала 
отырып, кінәлілерді ұстап, болған оқиғаның мән-жайын  толық 
баяндап, істі тиісті орындарға тапсыруы қажет.  
12.
 
Жәрмеңкеге  келген  саудагерлерден  қолдан  жасалған  монета 
және  кредиттік  (несиелік)  билеттердің  табылған  жағдайында 

 
193 
комитет  оларды  тез  арада  тартып  алып,  олардың  иелеріне 
қосымша тінту жүргізіп,кінәлілерді тиісті орындарға тапсыруы 
керек.  Егер  жасанды  монеталар  мен  кредиттік  (несиелік) 
билеттер  жергілікті  қазаақтардың  қолынан  табылса,  оларды 
қазақтардың  қайдан,  кімнен    алғанын    толық  анықтап, 
қазақтарға    оларды  берген  кінәлі  адамдарды  тауып,  тінту 
жұмыстарын  жүргізіп,  қылмыстыларды  тиісті  орындарға 
тапсыру керек. 
13.
 
  Жәрмеңкеге 
келген 
саудагерлердің 
паспорттары 
(төлқұжаттары)  болулары  шарт,  саудагерлер  жәрмеңкеге 
келісімен 
паспорттарын 
(төлқұжаттарын) 
комиттетке 
тапсырып,  арнаулы  тіркеу  кітабына  саудагерлердің  келген 
уақыты  мен  басқа  мәліметтері  жазылып,  паспорттары 
(төлқұжаттары)  саудагерлердің  кететін  уақытына  дейін 
сақталады. 
14.
 
Комитет  саудагерлер  өз  паспорттарын  (төлқұжаттарын)  
тапсырған соң оларға ақысыз киіз (ағаш) үйден орын береді. 
15.
 
Қазақтардан басқа саудагерлер мен басқа да жәрмеңкеге  сауда 
істерімен  келген  адамдардың  арасында    мерзімі  өткен  рұхсат 
қағаздармен жүргендері болса немесе ешқандай құжаттары жоқ  
болса,  ондай  адамдарды  тез  арада  ұстап,  тексеріп,  тиісті 
орындарға тапсыруы керек. 
16.
 
Паспортын  (төлқұжатын)  керсеткен  әрбір  саудагерді  комитет 
оның қандай мақсатпен келгендігін анықтау үшін арнайы сұрау 
жүргізуі керек. Егер товар сату үшін келсе, онда қандай сумма 
мөлшерінде,қай  жылы  шығарылған  товар  әкелгендігі  туралы 
мәліметтер,  сонымен  бірге  кетер  кезінде  қанша  товар 
сатқандығы  туралы  есеп  талап  етуі  қажет.  Комитет  осы 
мәліметтердің  барлыған  облыстық  правление    (басқарма  ) 
берген  тіркеу кітабына толық түрде жазып алуы тиіс.  Барлық 
мәліметтер  осы  тіркеу  кітабынан  алынып,жәрмеңке  аяқталған 
соң  генерал-губернаторға  есеп  тапсырылуы  керек.  Бұл  есепте 
мынадай  мәліметтер  көрсетілуі  қажет:  а).жәрмеңкеге  қанша 
саудагер  келді.  б).әкелінген  товардың  жалпы  мөлшері  ,  нақты 
түрлері,  бағасы,  жалпы  суммасы  көрсетіліп,  осы  товарлардың 
қаншасы  сатылғаны  туралы  есеп.  Сонымен  қатар  Орда 
қазақтарының  айдап  әкелген    мал  саны  мен  мал  өнімдерінің 
мөлшері туралы мәліметтер. 
Осы  мәліметтерді  жинау  ісін  комитет  үнемі  еске  сақтауы  тиіс. 
Саудагерлер  өз  паспорттарын  (төлқұжаттарын)  тапсырған  соң,    мына 
жағдайлар  қатты  ескертілуі  қажет:  а).жәрмеңкеде  тәртіп  сақтап, 
ұстамдылық  көрсету..  б).ешкімге  зәбір  көрсетіп,  қысым  жасамау. 
в).Ресейдің  ішкі  жағына  жіберу  үшін  қазақтардан  сатып  алынған 

 
194 
малдарды  белгіленген  арнаулы  жерлерде  ғана  ұстау,  малдарды 
топырлатпау, оларды мал айдауға бөлінген жолдармен айдау. г) комитет 
жанындағы  ветеринар  (мал)  дәрігерінен  сатып  алған  малдарға,тері  мен 
жүнге қажетті куәліктерді алу .         
17.
 
Мал  табындарын  айдау  үшін    ветеринар  қол  қойып  берілген 
куәлік комитетке тапсырылып,  куәлікке комитет төрағасы қол 
қоюы  шарт.    Жәрмеңкеге  айдап  әкелінген  малдарды  комитет 
ветеринар  арқылы  куәландырады.  Табыншыларға  куәліктер 
беру  туралы  ветеринарға  арнаулы  тапсырма  және  қажетті 
мәліметтер мен берілген куәліктерді  тіркеу үшін  арнаулы кітап  
беріледі,  осы  кітапқа  ветеринар  нақты  кімге,қанша  малға 
немесе  мал  өнімдеріне,сонымен  қатар  олардың  қайда 
апарылатыны  туралы  мәліметтер  көрсетілген  куәліктер 
берілгенін жазып отыруы керек. 
18.
 
 Дәрігердің  араласуы  қажетті  оқиғалар  болған  кезде,  немесе 
дәрігерлік  көмек  көрсету  қажет  болған  жағдайда  комитет 
Облыстық  правлениеден  (басқармадан)  немесе  Орал  казак 
әскерінен әрқашан жәрмеңкеге  дәрігердің бөлінуін талап етуге  
міндетті.  
19.
 
Комитет  өз  жұмысын  бастаған  бойда,  яғни  15  мамыр  мен  15 
қыркүйекте  жәрмеңкеге  барып,  ниет  білдірген  саудагерлер 
және қазақтарға   ерекше орындар  тарату мен  оларды ерекше 
номерлермен қамтамасыз ету  ісін жүзеге асыруы қажет. 
Ескерту: Комитет өзінің алдын-ала жүзеге асыратан  шаралары үшін өз 
жұмысын жәрмеңке ашылардан бұрын да бастай алады. 
20.
 
Жәрмеңкені  қорғауға    жасақталған  күзетшілерге  жұмсалатын 
қаражат  табу  үшін  және  жәрмеңке  комитетін  құруға,  сонымен 
қатар  жәрмеңке  ауласын  салуға  қажетті  қаражат  табуға 
жоғарғыдан    1886  жылы  26-тамызда  Министрлік    бекіткен 
Комитет    Ережесіне  сәйкес  әрбір  сатылған  қойдан  1  тиын,  ірі 
мүйізді  қарадан  3  тиын,  жылқыдан  5  тиын,  түйеден  10  тиын 
алынады.  Ескерту:  Бұл  алымдар  түрлі  жәрмеңке  өткізілетін 
сауда  орындарын(ғимараттарын)  жалдаудан  түскен    қоғамдық 
қаржылар  жәрмеңке  ауласын  түгелімен  салып  болғанша  және 
жәрмеңке шығындарын толық өтеуге жеткенше жиналады. 
21.
 
 Көрсетілген 
алымдар 
сатып 
алушылардан 
жиналады. 
Жәрмеңкеден  мал  сатып  алған  адам  алым-салықтарды  төлеу 
үшін    өзінің  сатып  алған  малы  туралы    мәліметті  жәрмеңке 
комитетіне  хабарлайды.  Ескерту:  Комитет  алым-салық 
төлемдері  үшін  ақша  орнына  екі  саудагердің  кепілдігімен  
алым-салықты  линияға  келісімен    міндетті  түрде  төлейтіні 
туралы  қолхат  алуға  құқылы.  Бұл  қолхаттар  жәй  қағазға 
жазылғанымен толық міндеткерлік күшке ие болып табылады. 

 
195 
22.
 
Хабарландырулар  беру  үшін  комитет  арнаулы  кітаптан 
жеткілікті  түрде  бланкалар  кесіп  дайындайды.  Ескерту: 
Бүлінген  бланкаларды  жойып  жіберуге  болмайды,    олардың 
нумерациясы (реттік сандары) сақталуы керек, барлық бүлінген 
бланкалар  басқа  құжаттармен  бірге    ревизия  (тексеру)  жасау 
үшін тапсырылуы қажет 
23.
 
Кітаптан  кесілген  бланкалар  комитет  төрағасының  қолында 
болады.  Төраға  осы  бланкаларды  мал  сатып  алатыны  туралы 
хабарландыру   жасағандарға бергізеді. 
24.
 
Хабарландыруға сатын алушы міндетті түрде өз қолымен сатып 
алған  малының  жалпы  санын  көрсетеді  және  қолын  қояды. 
Ескерту: егер сатып алушы сауатсыз болса, ол үшін басқа адам 
хабарландыруды толтыруға жәрдем беруге болады. 
25.
 
Осы 24-параграфқа сәйкес толтырылған хабарландыру комитет 
төрағасына  қайтарылады.  Ол  хабарландыруға  төлеуге  тиісті 
алым-салықтың  мөлшерін  цифрмен  және  жазбаша  түрде 
көрсетіп,  сатып  алушы  хабарландыруда  көрсеткен  сандардың 
шындығын  анықтау  үшін,  комитет  мүшелерінің  біріне 
тапсырады.  
26.
 
Комитет  мүшесі  25-параграф  бойынша  сатып  алушының 
хабарландыруын  алған  соң  онымен  бірге  сатып  алынған 
малдың  тұрған  жеріне  барып,тексеру  жасап,  көрсетілген 
сандардың  дұрыстығына  көз  жеткізіп,хабарландыруды  өз 
қолымен куәләндырады. 
27.
 
Сатып  алынған  малдарының  санын  жасырған  сатып  алушы 
штраф  (айып  пұл)  төлеуге  міндетті,оның  мөлшері  жасырылып 
қалған  мал  санына  төлеуге  тиесілі  алым-салықтың  мөлшерінің 
2 есесіне тең келеді. 
28.
 
Комитет 
айырбасталған 
малдардың 
далада 
жәрмеңке 
аяқталғанша  қалмауын  қадағалайды.  Ескерту:  Мал  айдайтын 
жол кейіннен анықталады. 
29.
 
Хабарландырулар  тексеріліп  болған  соң,  оған  сәйкес  ақша 
алынуы  үшін  төлем  алушыларға  тапсырылады,  ол  ақшаның 
алынғандығы  туралы  белгі  ретінде  өз  қолын  қойып,  сатып 
алушыға квитанция (түбіртек) береді. 
30.
 
29-параграф  бойынша  ақша  жинайтын  төлем  алушыларды  
жәрмеңке өтетін барлық уақытқа комитет мүшелері сайлайды.   
31.
 
Төлем  алушыларға  есеп  жүргізу,  есеп  ведомосттерін  жасау 
және тіркеу кітаптарын жүргізу міндеттеледі. 
32.
 
Алым-салықтан  түскен  ақшалар  комитет  төрағасы  мен  төлем 
алушының мөрлері басылған арнаулы жәшікте сақталады.  

 
196 
33.
 
Осы  32-параграф  бойынша  тағайындалған  жәшік      міндеттері 
бірдей  болып  табылатын  комитет  мүшелерінің  көзінше 
ашылып, мөр басылып қайта жабылады. 
34.
 
Жәшік  комитет  жұмыс  жасаған  кезде    комитет  төрағасында 
сақталады, ол жәшіктегі ақшаның бір бөлігін төлем алушыларға  
алым-салық  төлегендерге  тиесілі  артық  төлеген  ақшаларын 
қайтару үшін  береді. 
 
Есеп беру  бойынша 
35.
 
Күн сайын комитет мәжілісінің аяғында, 33  параграфқа сәйкес, 
ақша  суммасы  тексеріліп,    жәшіктегі  ақша  саны,  жұмсалған 
және қалған ақша саны    туралы күндік ведомость жасалынады. 
36.
 
Жәрмеңке  өткізу  мерзімі  аяқталған  соң    екі  данадан  жалпы  
кіріс  және  шығыс  ведомосттары  жасалынып,    оған  комитеттің 
барлық мүшелері қол қояды 
37.
 
Нұсқаудың  36-параграфына  сәйкес  жасалған  ведомосттің  бір 
данасы    депозитке  айналдырылған  ақшамен  бірге    барлық 
кітаптар  және  құжаттармен  қоса  тексеру  және  сақтау  үшін 
Орынбор 
қазақтарының 
облыстық 
правлениесіне 
(басқармасына)  жіберіледі.  Ал  екінші  данасы  Орынбор 
Генерал-губернаторының 
канцелериясына 
(кеңсесіне) 
жіберіледі.  Ескерту:  Жәрмеңке  өткізу  кезінде  жиналып 
облыстық  правлениеге  (басқармаға)  тапсырылған  ақша 
проценттік 
өсім 
алу 
үшін 
Мемлекеттік 
қағаздарға 
айналдырылады. 
38.
 
Жинақ  есебіне  келесі  шығындар  жатады:  1.Әскери  казак 
командасын 
ұстау 
шығындары. 
2.Азаматтық 
Заңдар 
жинағының  3-томының    1097  -  статьясының  (бабының) 
негізінде  комитет  мүшелерінің  күндік  қажеттіліктеріне 
жұмсалатын  шығындар.  3.Әскери  казактардың  аттарына  жем-
шөп  алуға  жұмсалатын  шығындар.  4.Тұтқындарға  жұмсалатын 
шығындар.  (азаматтық  Заңдар  жинағының  14  томы.) 
5.Канцеляриялық  материалдар  дайындағаны  үшін  облыстық 
правлениеге (басқармаға) төлейтін шығындар. 6.Төраға ретінде 
Генерал-губернатор 
жіберген 
мемлекеттік 
чиновникке 
бөлінетін  ақшалар.  7.Комитет  мүшелері  үшін  тігілген  киіз 
(ағаш)  үйлер  үшін  төленетін  шығындар.  8.  Алдын-ала 
болжанбаған әртүрлі басқа да шығындар. 
39.
 
Комитет  жұмыстарына  қажетті  қаражаттың  барлығы  комитет 
шешімімен жұмсалады.    
40.
 
Ақша  оны жұмсауға рұхсат берілген адамға ақшаны алғандығы 
туралы қол қойдыру арқылы беріледі. 

 
197 
41.
 
Комитетке  тиесілі    канцеляриялық  материалдарды  жәрмеңке 
өткізілерден бұрын облыстық правление (басқарма)  жібереді. 
42.
 
Облыстық  правление  (басқарма)  берген    тіркеу  кітаптарының 
беттері  саналып,жіппен  байланып,  комитет  мүшелерінің 
қолдары қойылуы қажет. 
43.
 
Сыртан  келген  саудагерлерді  қорғау  және  жәрмеңке  кезінде 
қоғамдық  тәртіпті  сақтау  үшін  Орал  әскери  казактарынан    бір 
офицер  және  екі  урядник  басқарған  құрамында  50  адам  бар 
команда жіберіледі. 
44.
 
Команданың  негізгі  міндеті  қазақтардың  малдарын  ұрлауды 
болдырмау шараларын жүзеге асыру, саудагерлердің товарлары 
мен  сатып  алған  малдарын  сақтау,  сонымен  қатар  егер  ұрлық 
жасалған  жағдайда  немесе  күдікті  адамдардың  жәрмеңкеге 
келген жағдайында, күдіктілерді ұстап,  оларды  тез арада тиісті 
орындарға тапсыру үшін комитетке жеткізу болып табылады. 
45.
 
Комитет 
жәрмеңкені 
қорғауға 
тағайындалған 
әскери 
команданың әрбір мүшесіне тәулігіне 15 тиыннан  ақша төлеуге 
тиісті. Олардың аттарына арнап 1 атқа тәулігіне 20 фунт шөп, 2 
уыс (гарница) сұлы бөлуі керек.  
46.
 
Комитеттің  жұмыс  орны  үшін,  әскери  казактар  командасына, 
жәрмеңке  төрағасына  және  басқа  да  қызметкерлерге  қажетті 
мөлшерде  киіз  (ағаш)  үйлер  жалдап  алынып,ол  жұмыс  және 
жатын  орындары  мынадай  түрде  жабдықталуы  қажет:  Төраға 
үшін  екі  киіз  (ағаш)  үй,  біреуі  комитет  үшін  қажетті 
жиһаздарымен жабдықталған, екіншісі  қажетті   жиһаздар және 
әр түрлі құжат қағаздар сақтауға арналған арнаулы шкафы  бар 
канцелярия  үшін.  Әскери  казак  командасы  және  шабармандар 
үшін  екі  киіз  (ағаш)  үй,  тұтқындар  үшін  бір  киіз  (ағаш)  үй, 
ветеринар үшін жиһазбен жабдықталған бір киіз (ағаш) үй. 
Осы  Нұсқауға  Генерал-губернатордың  міндетін  орындаушы 
генерал-майор 
Бобрыкин 
және 
канцелярия 
меңгерушісі  
Рогалилевицкий  қол  қойып,  олардың  қолдарын  кеңесші  Глубоковский 
куәландырған. (9) 
Батыс  Қазақстан  өңіріндегі  ең  ірі  сауда  орталығының  бірі  –  Ойыл 
бекінісіндегі  Көкжар  жәрмеңкесі.  Көкжар  жәрмеңкесі  туралы  негізгі 
ережелерді  1866-жылы  7-қыркүйекте  Ресей  ішкі  істер  Министрі 
бекіткен. Көкжар жәрмеңкесі ресми түрде 1867-жылы Орал облысының 
Қазбек  болысында  көктемде  ашылды.  Бұл  туралы  Қазақ  даласындағы 
басқару ережелерінің жобасын дайындау комиссиясы өзінің түсіндірме 
жазбасында  былай  деп  атап  көрсетті:  «Бастықтардың  рұхсатымен 
бірінші рет 1867-жылғы көктемде Орынбор даласындағы Ойыл өзенінде 
ашылған  жәрмеңке  мейлінше  қанағаттанарлық  нәтижелер  берді.  Оған 
шамамен  250  мың  сом  тұратын  тауарлар    әкелінді,  олардың  100  мың 

 
198 
сомнан  астам  тұратыны  сатылды  және  айырбасталды,  жәрмеңкеде  20 
мыңға дейін әр түрлі мал сатып алынды…» (10) 
1867-жылы 
Қазбекте  ашылған  Ойыл  жәрмеңкесі  туралы 
«Уральские воисковые ведомости» (№31  1867 ж.) газеті: «Жәрмеңкенің  
ашылуының  қазақтар  үшін  пайдасы  өте  зор.  Жәрмеңке  қазақтарды 
Орынбор,  Самара,  Орал  көпестерінің  қазақ  далаларына  өз  товарларын 
айырбастап, сатуға  жіберген ұсақ  приказчиктерінің (көбінесе  татарлар) 
қанауынан құтқарады,» - деп атап көрсетті. (11) 
Орал  облысының  әскери  губернаторы  генерал-майор  Веревкин 
Орынбор  әскери  округінің  әскери    командашысына  1869-жылы  14 
шілдеде  жазған  №91  хатында:  «Бұрын  Қазыбекте  болған  жәрмеңке 
биылғы    күзден  бастап  осында  Барқынға  көшіріледі  деп    ойлаймын. 
Себебі  мұнда    қолайлы  болмақ.  Болашағы  да  зор.  Жоғары  мәртебелім, 
енді бұл туралы жергілікті істермен таныс Орынбор көпестерінің пікірін 
біліп, қажетті өкім шығарсаңыз екен. Егер өкімет тарапынан орыстарды 
қоныстандырудың  барлық мүмкіншілігі жасалса, меніңше, жәрмеңкені  
көшірумен  қатар,  осында    қоныс  аударатын    мещандарға    Кавказдағы, 
Кавказдың  арғы  жағындағы  қалаларға  қоныс  аударғандар  сияқты 
артықшылықтар    берілсе,  ұзақ  жылдарға    әскерге  алудан  уақытша 
босатса, онда өте жеңіл болар еді» - деп атап көрсеткен болатын. 
Генерал-губернатор 
Крыжановский 
өзінің 
Орал 
әскери 
губернаторына  жазған  қатынас  қағазында:  Сауда-тұрғысынан  да,  Орал 
мен  Орынборға    жақын  орналасқан  жөнінен  де  әлдеқайда  тиімді  деп 
есептеп  отырған  жергілікті  көпестердің    қалауына  сай    болғандықтан, 
Ойыл жәрмеңкесін сол мекенге көшіруге рұхсатын берді. 
Жәрмеңкенің  алғашқы  өткізілген  орыны  сауда  ісінің    жоғарғы 
талаптарына  онша  сай  емес  болғандығына  байланысты  Ойыл 
жәрмеңкесінің  орны  ауыстырылды.  Осы  мәселеге  байланысты  Орал 
облыстық басқармасының әскери губернаторы, генерал-майор Веревкин 
Орынбор  генерал  губернаторына  1869-жылы  29-қарашада:  «үстіміздегі  
жылдың  15-қыркүйегінен  15-қазанына  дейін  жаңа  орында,  Барқын 
жерінде  болған  күзгі  Ойыл  жәрмеңкесінің    сауда  барысы      туралы 
мәліметтер  бере  алады»  …  деп  баяндап,  жәрмеңке  орналасқан  жердің 
ауысқаны туралы нақты дерек береді. 
Сөйтіп,  1867-жылы  Қазбекте  ашылған  Ойыл  жәрмеңкесі  1869  жылы 
«орыс  көпестерінің  қауіпсіздігін,  емін-еркін  қозғалысын  және  товарларының 
тезерек, әрі толығымен сатылуын»   қамтамасыз етуге қолайлы орын ретінде 
Ойыл бекінісінің жанына Барқын шатқалына көшірілді. (12) 
Ойыл  жәрмеңкесі  қарама-қарсы  орналасқан  ұзындығы  400-500 
метрге  созыла  салынған сауда  ғимараттарында өткізілетін болған.  Осы 
қатарда  екі  үлкен  сауда  корпустары,  30-дан  астам  дүкеншелер 
(ларектер)    орналасқан.  Күйдірілген  сапалы  кірпіштен  салынған 
жәрмеңке ғимараты қазіргі күнге дейін  құламай сақталған. 

 
199 
Ойылдағы    жәрмеңкеге  солтүстіктен  Орынбор,  Сарытау,  Самара 
қалаларынын  орыс,  татар  саудагерлері  мен  көпестері  келіп  сауда 
жасаған.  Оңтүстіктен    Өзбекстан,  Түркменстан    жерлерінен  керуен 
ағылып келген. 
Ойыл    бекінісінің    жанынан      жаңадан    ашылған    Ойыл  
жәрмеңкесінің    жағдайы    мен  болашағы    туралы    генерал-адъютант 
Н.Крыжановский былай деп жазған болатын (13): 
«Ойыл  бекінісіне  (20 мамыр  1870 жылы)  келісімен  мен осында  
15  мамырда  ашылған жәрмеңкеге  бардым. Жәрмеңкенің  1868-жылдан  
жұмыс  істей  бастағаны  және  былтырғы    бас  көтеруге    байланысты 
жәрмеңкеге    ешкімнің    келмей    қалғанына    қарамастан,  биылғы 
жәрмеңкеге    адамның    көп  жиналғанын    байқадым.  Алғашқы  6  күннің  
өзінде    жәрмеңкеге  8  мыңнан  астам  еркектер    мен  әйелдер  жиналған. 
Олар жәрмеңкеге өте көп мөлшерде  қой, жылқы, мүйізді  ірі қара айдап 
келген,    сонымен  қатар  тері,  жүн    және  басқа    қазақтар    жасаған  
бұйымдар    әкелген.  Менің  таң  қалғаным:    жәрмеңкеде  қазақтардың 
тұрмыстық  қажеттіліктерін  өтеу үшін  ашылған  орыс  саудагерлерінің 
44  лавкаларын  көрдім.  Жәрмеңкедеге    сауданың    жағдайымен    толық 
танысу  үшін мен ағаш (киіз)  үйлерде  орналасқан  барлық  лавкаларды  
аралап    шықтым    және  барлық    сырттан    келген  саудагерлерден  сауда  
барысы  туралы  сұрастырдым.  Олардың бәрі бір ауыздан жәрмеңкеге 
риза  екендігін айтып, сауданың қызу  жүріп  жатырғанын, қазақтардың 
ақшаға  көп товар сатып алатынын, сонымен  қатар олар мал, жүн  және 
басқа өнімдерге товар айырбастайтынын ерекше атап көрсетті. 
Жәрмеңке басталарда  орыс саудагерлері 12 мың рубльдің товарын 
әкелгенін  хабарлаған,  бірақ  бұл  шындығында  өте  төмендетіліп  
айтылған    сан,  сонымен  қатар  жәрмеңкеге  әлі  де  көп  товар  әкелінетін  
көрінеді.    Жәрмеңкеге  Ойыл  өзенінің    аңғарындағы    үлкен  алқап 
бөлінген,    ол  бекіністен  1,5  (верст)    шақырым    жерде    орналасқан.  
Жәрмеңкеге  қанша  мал    айдап  әкелінсе  де,    өзен    бойындағы 
жайылымдық    жер    малды    жайып    бағуға    толық  жеткілікті.    Ойыл  
бекінісіне    жақын    жерде  Орал  облысының    барлық    уездердің  
қазақтарының    көп  мөлшерде    көшіп    жүруі,    жәрмеңкенің    болашақ  
уақытта  қанатын  кең  жайып, қазақтардың  өздеріне  қажетті  заттарын  
өте  көп  мөлшерде, (арзан)  тиімді  бағаға сатып  алуларына  мүмкіндік  
беретініне  сөзсіз  сенуге  болады.» 
Ойыл    жәрмеңкесі    ашылғаннан      бастап    орыс    көпестеріне    өте  
тиімді    сауда    орталығына    айналды.  1869-1874    жылдары    орыс 
көпестері  Ойыл  жәрмеңкесінде  746  889  рубльдің    әр  түрлі    заттарын  
сатқан.  Орыс  көпестерінің    товар    айналымы    жыл    санап  өте    жақсы  
қарқынмен    өсті.  Егер  1869  жылы    жәрмеңкеде    6095  рубльдің 
бұйымдары    өткізілсе,  келесі    1870  жылғы  екі  жәрмеңкеде  сауда 
айналымы  52  527  рубльге  жетті.  1871  жылы  товар  айналымы  2,5  есе 

 
200 
өссе, 1872 жылы  көпестер  сатқан  заттардың  жалпы  мөлшері  4 есеге  
көтеріліп,    208  520  рубль  құрады.  Ойыл  жәрмеңкесінде    орыс  
көпестерінің  сауда  жасау  қарқынының ерекше  дамығанын  мынадан  
көруге    болады.    1869-жылы    күзде  орыс    саудагерлері  бар  болғаны  6 
095  рубльдің    заттарын    қазақтарға    өткізсе,  1873  жылы    көктемгі  
жәрмеңкеде орыс саудагерлерінің  сатқан бұйымдарының  мөлшері  147 
730 рубльге  дейін  көтерілді. (14) 
1869-1874  жылдар    арасында    Ойыл    жәрмеңкесінде    қазақтарға  
көпестер  сатқан  бұйымдар  туралы  мәліметтер:  (рубль есебімен) (15): 
 
Жылдар 
Көктемгі 
Күзгі 
Барлығы 
1869 

6 095 
6 095 
1870 
24 810 
27 717 
52 527 
1871 
97 038 
31 534 
128 572 
1872 
142 330 
66 190 
208 520 
1873 
147 730 
55 435 
203 165 
1874 
87 190 
60 820 
148 010 
барлығы 
 
 
146 889 
 
Осы жылдары Ойыл жәрмеңкесінде  сатылған,  айырбасталған  мал 
саны  алғашқыда  аз  болып,  бірте-бірте  көбейе  бастады.  Жергілікті  
қазақтар    1869-1874    жылдар  арасында    негізінен  жәрмеңкеге    қажетті  
заттарына айырбастауға қойды қолайлы көрді. Себебі сиыр,  жылқының 
алғашқы  кезде    заттық    эквиваленті    (баламасы)    қазақтарға    беймәлім 
болды.  Сондықтан  Ойыл  жәрмеңкесінің  алғашқы  6  жылында 
қазақтардан 122 472 қой, 5 755  сиыр, 1 158 жылқы  сатып  алынған. 
1869-1874  жылдарда  Ойыл  жәрмеңкесінде    қазақтардан  орыс  
көпестерінің  сатып алған мал және мал өнімдері (16) 
 
ж
ыл
дар
 
қо
й 
сиы
р 
ж
ыл
қы
 
ір
і 
м
ал
дың 
те
рі
сі
 
дан
а 
ұс
ақ
 м
ал
 
те
рі
сі
 
дан
а 
ж
үн 
(п
ұт
 
ес
еб
ім
ен)
 
киі
з 

рш
ын 
ес
еб
ім
ен)
 
1869 күз 
984 
41 

173 
230 


1870 көктем 
6476 
340 
55 
937 
1761 
6474 
390 
1870 күз 
4307 
274 
54 
331 
4180 
175 
4430 
1871 көктем 
17424 
742 
233 
3523 
1624 
2983 
142 
1871 күз 
2231 
380 
151 
511 
4100 
36 
463 
1872 көктем 
16572 
755 
124 
766 
1245 
602 

1872 күз 
6308 
219 
23 
423 
1468 
15 

1873 көктем 
24503 
597 
20 
1526 
892 
7430 
100 
1873 күз 
5866 
514 
11 
45 
245 

55 
1874 көктем 
27259 
1585 
309 
8809 
2000 

40 
1874 күз 
10542 
308 
175 
405 
1350 


барлығы 
122472 
5755 
1158 
17449 
19085 
17715 
5620 
 

 
201 
Жәрмеңке  1869 жылы  Барқын шатқалына  көшірілген алғашқы бес 
жылда    746  889  рубль  тұратын  мануфактура  және  бакалея  бұйымдары 
сатылды. жәрмеңкеге  мал айдап әкелген қазақтардан 122 472 қой, 5 755 
ірі  қара,  1  158  жылқы  сатып  алынды.  Сонымен  қатар  Ресейдің  ішкі 
өнеркәсіп  орындарына аса қажетті шикі зат ретінде 17449 дана ірі қара 
терісі,  19  085  дана  ұсақ  мал  терісі,  17  715  пұт  жүн,  5  620  аршын  киіз 
сатып алынды. 
Ойыл жәрмеңкесінде 1875-1879 жылдар арсында сатылған товарлар 
мөлшері мен ақшалай құны арта түсті. 1875 жылы Ойыл  жәрмеңкесінің 
капиталы 2 535 рубль 65 тиын болса, 1879 жылы күзгі жәрмеңкеде 7880 
рубль 78 тиынға жетті. (17) 
Негізінен  мал  шаруашылығымен    айналысқан  қазақтар  Ойыл 
жәрмеңкесінде  өздеріне  қажетті  тұрмыстық  заттарды  мал  және  мал 
өнімдерін  сату  және  айырбастау  арқылы  ғана  алуға  мүмкіндігі  болды. 
Сондықтан  Ойыл  жәрмеңкесіндегі  товар  айналымының  негізгі  бөлігін 
мал және мал  өнімдері құрады. Ойыл жәрмеңкесінде 1869-1877 жылдар 
арасында сатуға әкелінген қой саны мынадай болды. (18) 
 
жылдар 
1869 
1870 
1871 
1872 
1873 
1874 
1875 
1876 
1877 
 
қой саны 
984 
10784 
19655 
22880 
30802 
51802 
50822 
56815 
58412 
 
  1899-жылы Ойыл жәрмеңкесі 20 мамыр-20 маусым және 15-
қыркүйек аралығында    2  рет     өткізілген.  Осы  жылы  өткізілген  
көктемгі  жәрмеңкеге 1 899 147 сомның товарлары, күзгі жәрмеңкеге  
720 291 сомның товарлары әкелінген. 1899-жылы өткізілген қос 
жәрмеңкеде 1 317 416  сомның товары сатылды. 
1899-  жылы  көктем  және  күзгі  жәрмеңкелерде  сатылған  негізгі 
товарлардың түрі мен бағасы туралы мәлімет (рубль есебімен): (19) 
 
жәрмеңкеде    
сатылған 
товарлар (сом) 
жәрмеңке өткізілген мерзім 
Барлығы 
20 мамыр – 20 маусым 
15 қыркүйек - қазан 
мал және мал 
өнімдері 
1 197 692 
320 814 
1 518 496 
астық 
40 110 
24 190 
64 300 
мануфактура 
434 935 
205 830 
640 765 
ағаш, темір 
7 760 
4 575 
12 335 
басқа әр түрлі 
заттар 
60 710 
20 800 
81 510 
барлығы 
1 741 207 
576 209 
2 317 416 

 
202 
Ойыл  жәрмеңкесі  Гурьев,  Орал,  Ақтөбе  уездері  және  Орынбор, 
Самара,  Троицк    қалаларымен,  көшпенді  қазақ  ауылдарымен  тығыз 
сауда-саттық қатынастар орнатты. Патша үкіметінің чиновнигі, генерал-
адъютант  Н.Крыжановский:  «Үш  уездің  қазақтары  Ойыл  өзені  мен   
оның  салаларын    бойлап  көшіп    жүреді.  Олардың  сауда  қатынастары 
Оралмен тығыз байланысты, сонда өз малдарын сатып, өздеріне  қажет 
товарларын сатып алады», - деп жазған болатын. 
Медицина  докторы  А.Поленов  «Бөкей  Ордасындағы  және  онымен 
шекаралас жерлердегі сауда-өнеркәсіп жолдары» деген еңбегінде Ойыл 
бекінісінің  географиялық орналасу жағдайына баса назар аударған: 
«Оралдан 218 шақырым шығысқа қарай Ойыл бекінісі орналасқан. 
Ойылдан әрі шығыста  шамамен 200 шақырымдай жерде Темір бекінісі 
бар.  Екі  елді  мекен  де  Оралдың  арғы  бетіндегі  отырықшылықтың 
орталығы  болып    табылады  және  Арал  жағалауынан,  Хиуа,  Бұқара, 
Персиядан  Орынборға,  Елек  пен  Оралға  баратын  сауда  және  көш 
жолдарының    бойына  орналасқандықтан      тораптық    маңызы  бар, 
сонымен қатар жыл сайын жәрмеңкелер өткізіледі»  деп атап көрсеткен 
болатын. 
А.Поленов  өз  еңбегінде  Ойыл  жәрмеңкесінің  артықшылықтарына 
ерекше тоқталады.  «Ойыл  жәрмеңкесінде (күзде-14 қыркүйекте, жазда 
–  1  шілдеде)  халық  өте  көп  жиналады  және  қызу  сауда  жүргізіледі. 
Әсіресе  мал  саудасы  жақсы  жолға  қойылған,  сатып  алынған  малдың 
біразы  Калмыковқа,  енді  бір  бөлігі  солтүстік-бастысқа  Оралға  және 
солтүстікке  –  Орынборға  Ойылдан  осы  елді  мекендерге  апаратын 
жолдар арқылы айдалады. 
Жәрмеңкеде  сонымен  қатар  өте  көп  Азиаттық    товарлар  керуен 
жолдары    арқылы  Хиуадан,  Бұқарадан  және  басқа  да  Орта  Азиялық 
иеліктерден  әкелінеді.  Осы  товарлар  Ойылға  жеткен  соң  ұсақ 
партияларға бөлінеді: товардың бір бөлігі батысқа Калмыковқа, енді бір 
бөлігі  солтүстік  батысқа  –  Оралға  жіберіледі.    Алғашқы  бағытқа 
жүргіншілері көп Ойыл-Калмыков сауда қатынас  жолы  апарса,  екінші 
бағытқа   Ойыл – Орал почта  трактасымен баруға  болады, одан әрі жол 
Елекке жеткізеді.  
Ойыл жәрмеңкесі Оралдың оңтүстіктегі әскери  территориясы және 
шығыстағы   Бөкей Ордасымен Новобогат поселкасы  және   Сарайшық 
фортына соғып Гурьевке баратын жол арқылы қатынас жасайды. Ойыл    
жәрмеңкесі  арқылы  сондай-ақ Қоңырат-Орынбор  керуен  сауда жолы 
өтеді. Қоңырат-Амудария  бойындағы алғашқы Хиуа қаласы. 
Ойыл маңындағы  жақын елді мекендерде тұрақты базарлар жұмыс 
жасаған.  Байбарақ  шатқалында    Қаймақтыда,  Жымпитыдағы  базарлар 
Ойыл    жәрмеңкесімен    тығыз  байланыста  болған.  Осы  жерлерден  
(линияға) «шепке»  Калмыковқа сауда қатынас жолдары қалыптасқан.» 
(20) 

 
203 
Азиаттық    товарлар  Ойыл  жәрмеңкесінен  Калмыков-Казанка 
арқылы  Хан  ставкасына  жеткізіліп,  Жәңгір  хан  жәрмеңкесімен  бүкіл 
ордаға тараған. 
Ескі  керуен,  ат-арба,  түйе-арба  жолдары  Ойыл  жәрмеңкесін 
Орынбор  айырбас  сарайымен  жалғастырды.  Ойыл-Орынбор  керуен 
жолы: Ойыл бекінісінен басталып, одан әрі қарай Жүндісай, Саралжын, 
Ақкемер, Төбеқұдық, Қарағанды,  Суықбұлақ, Ешкіқырған,  Жиренқопа, 
Томарөткел,  Тұзтөбе,  Доңыз  арқылы    Орынбор  айырбас  сарайына 
жеткен.  Саудагерлер  үшін  Ойыл  жәрмеңкесі  орталық  болып  табылған. 
Ойылдан  Жайықтың  арғы  бетіндегі  далалық  алқапқа  керуен  жолдары 
тарайды, оның шексіз сауда маңызы болды. (21) 
Ойылдың  көктемгі,  күзгі  жәрмеңкелеріне  Гурьев  көпестері  де 
қатынасты.  Х1Х  ғасырда  Гурьев  (Үйшік)  және  Ойыл  (Көкжар) 
жәрмеңкелерінің арасын  жалғаған керуен сауда  жолы  қалыптасты. Бұл 
сауда  жолымен  саудагерлер  Ойыл  (Көкжардан)  шығып  Қамыскөл, 
Шағанкөл  арқылы  Жақияның  үстімен  Құрманғазы,  Мұсабекпен, 
Тайсойған құмымен, Сағыз, Ойтаң, Шортанбай   Алабас, Бозой, Мақат, 
Доссор арқылы Гурьев (Үйшік) жәрмеңкесіне өз товарларын жеткізген. 
(22) 
Ойыл  (Көкжар)    жәрмеңкесі  сонымен  қатар  Ырғыз,  Маңғыстау 
өңірлерімен және Орта Азия көпестерімен сауда-саттық байланыстарын 
орнатқан.  Бұл  жәрмеңкеге  Хиуа,  Бұқара,  Қарақалпақстаннан 
саудагерлер  көп  жиналған.  Ауғанстан,  Персия  жерлерінен  келген  түйе   
керуендері бұл өңірге таңсық әртүрлі товарлар әкелген. 
Көкжар жәрмеңкесінде  қазақтар орыс, татар, Орта Азия  көпестері 
әкелген товарларға: мата, ыдыс-аяқ, қант-шай, кептірілген жеміс-жидек 
т.б.  мал  және  мал  шаруашылығының  өнімдерін  (түйе,  қой  жүндерін, 
ешкі түбітін, мал және аң терілерін, елтірі, ішік-тон т.б.) айырбастаған. 
Жәрмеңкеде    саудагерлер  мен    жергілікті  қазақтар  арасындағы  сауда 
негізінен  айырбас жасау сипатында болды. 
«Обзор  Уральской  области»  жылнамалық  журналының  деректері 
бойынша 1900-жылғы көктемгі Ойыл жәрмеңкесінде 1 588 561 рубльдің 
товары  сатылып,  күзде  636  936  рубльдің  товары  сатылған.  Сөйтіп  екі 
жәрмеңкеде  сатылған  товарлардың  жалпы  бағасы  2  225  497  рубльге 
жетті.  Осы  жылы  екі  маусымда  өткен  Ойыл  жәрмеңкесінде  1  428  549  
сомның мал және мал өнімдері, 16 630 рубльдің әр түрлі астық өнімдері, 
521  740  рубльдің  мануфактуралық    товарлары,  19  540  рубльдің  ағаш 
және  темір    бұйымдары,  147  040  рубльдің  әр  түрлі  заттары  сатылды. 
1900-жылы  көршілес  Темір  жәрмеңкесінде  20  мамыр  мен  20  маусым 
аралығында  821  210    рубльдің    товарлары    сатылған.  Осы  жолы  Орал  
облысының Ойыл және  Темір  жәрмеңкелерінде  сатылған  товарлар 3 
046  707  рубльге  жетті.    1900-жылы    Орал  әскери  территориясында 

 
204 
орналасқан 7 жәрмеңкеде  (Камен, Иртек, Калмыков, Сламихин, Гурьев, 
Ташлин, Ілбішін) сатылған товарлардың бағасы 1 801 821 рубль құрады. 
Ерекше  атап  көрсететін  нәрсе,  1900-жылы  Ойылда  өткізілген 
жәрмеңкелерге  2  455  532  рубльдің  товарлары  әкелініп,  2  225  497 
рубльдің  товарлары  көктемгі  және  күзгі  жәрмеңкелерде  сатылған, 
сөйтіп әкелінген товарлар түгелге жуық өткізілген. (23) 
Ресей  империясының  Қазақстан  территориясында  Ойыл  (Көкжар) 
жәрмеңкесінің алатын орны туралы 1903-жылы жарық көрген «Россия. 
Толық  географиялық  сипаттама»  деп  аталатын  географиялық 
энциклопедияда:  «Орал  облысында  айтарлықтай  үлкен  жәрмеңке  – 
Ойыл  жәрмеңкесі,  мұнда  товар айналымы  3,5 миллион  рубль  құрайды. 
Осы  облыстағы  Калмыков    жәрмеңкесі  –  2,3  миллион  рубль,  Гурьев 
жәрмеңкесі  –  160  мың  рубльге  дейін  құрайды.  Семей  облысында 
Қарқаралы  үезіндегі  Қоянды  (Ботовский)  жәрмеңкесі  бірінші  орын 
алады,  мұнда  товар  айналымы  1644  мың  рубльге  жетеді.  Торғай 
облысындағы  негізгі жәрмеңке  Ақтөбеде  –  326 мың  рубль, Қостанайда 
өткізілген  2  жәрмеңкенің  товар  айналымы  614  мың  сом,  Торғай 
жәрмеңкесі – 186 мың рубль, Ырғыздың екі жәрмеңкесі – 297 мың рубль 
құраған» - деп жазылған болатын. (24) 
1902-жылғы Ойыл жәрмеңкесінде сатылған товарлар  негізінен мал 
және  мал  өнімдері  болды.  Осы  жылы  Ойыл  және  Темір 
жәрмеңкелерінде  сатылған мал және мал өнімдерінің  жалпы бағасы 2 
967  641  рубльге  жетті.  Ойылда  өткен  көктемгі  жәрмеңкеде  1  429  367 
рубль  50  тиынның,  күзгі  жәрмеңкеде  384  533  рубльдің  мал  және  мал 
өнімдері сатылды. Ойыл жәрмеңкесінде 1902 жылы жылқы 32 рубль 41 
тиын, мүйізді ірі қара  27  рубль  77 тиын,  қой 5  рубль  05 тиын,  түйе  52 
рубль  88  тиынға  сатылды.  Темір  жәрмеңкесінде  әрбір  басы  осындай 
орта  бағамен  мал  сатылып,  барлығы  642  560    рубльдің  мал  және  мал 
өнімдері сатылған. 
Ойыл    жәрмеңкесінің  1901-1910  жылдар    арасындағы  даму 
динамикасын мына кестеден анық  көреміз: (25) 
 
Жәрмеңке 
өткізілген 
Сатылған негізгі товарлар (рубль) 
жыл- 
дар 
мерзім 
мал, 
 мал 
өнімдері 
астық 
Мануфак 
тура 
ағаш,  
темір 
басқа  
заттар 
барлығы 
1901 
20.05-
20.06 
1100085 
34130 
360000 
16000 
194750 
1704965 
15.09-
15.09 
352349 
14160 
134690 
6300 
41430 
548829 
1902 
20.05-
20.06 
1429367 
42000 
353750 
17200 

1842317 
15.09-
15.09 
384533 
24900 
151110 
2500 
25605 
588698 

 
205 
1903 
20.05-
20.06 
1654865 
64300 
410115 
12875 

2142155 
15.09-
15.09 
459282 
10850 
186330 
3230 

659692 
1904 
20.05-
20.06 
1633560 
64770 
382915 
12800 
65200 
2159235 
15.09-
15.09 
423218 
4600 
184700 
3400 
25350 
641268 
1905 
20.05-
20.06 
1610663 
64680 
557958 
14260 
72200 
2319761 
15.09-
15.09 
448142 
4500 
163360 
4350 
20200 
640552 
1906 
20.05-
20.06 
1209823 
7000 
71850 
4100 
44650 
1337423 
15.09-
15.09 
4292285 
6500 
76100 
3900 
16990 
532775 
1907 
20.05-
20.06 
1860590 
98004 
445800 
11280 
144330 
2560004 
15.09-
15.09 
111622 
7410 
75800 
5740 
50010 
250582 
1908 
20.05-
20.06 
1220363 
33580 
470850 
14750 
14225 
1883768 
15.09-
15.09 
541274 
11225 
107024 
22909 
117013 
799445 
1909 
20.05-
20.06 
666337 
10100 
161350 
8440 
31800 
878027 
15.09-
15.09 
398447 
1500 
57950 
7310 
3500 
468707 
1910 
20.05-
20.06 
800212 
36200 
227670 
17800 

1081882 
15.09-
15.09 
312717 
6000 
257400 
5250 

581367 
 
Ойыл  жәрмеңкелеріндегі  негізгі    сатылатын    товар  мал  және  мал 
өнімдері  болды.    Соғыстың    басталуына  байланысты  1914,  1915 
жылдары  Ойыл  жәрмеңкесіне    әкелінген  астық  өнімдері    күрт 
төмендеді.  Егер  1912-жылы    көктем  мен  күздегі  жәрмеңкені    қосып 
есептегенде  68  мың  рубльдің  астық  өнімдері  сатылған  болса,  1914-
жылы астық сату 43,3 мың рубльге төмендеді, ал 1915-жылы  сатылған 
астық мөлшері 37,2  мың рубльге  дейін азайып  кетті. 
Осы    жылдары  Ойыл  жәрмеңкесінде  сатылған  мал  және  мал 
өнімдерінің  жалпы  мөлшері  тұрақты  түрде  өсіп    отырды.  1912-жылы 
көктемде 1 147 507 рубльдің мал шаруашылығының өнімдері сатылып, 
1914-жылы көктемде 1 246 763 рубльдің мал мен мал өнімдері өткізілді, 
ал келесі 1915-жылы бұл көрсеткіш көктемде 1 760 678 рубльге жетті. 
 
 
 

 
206 
Ойыл жәрмеңкесінде 1912, 1914, 1915-жылдары сатылған товарлар 
туралы мәлімет: (26) 
 
Жәрмеңке 
өткізілген 
Сатылған заттар (рубль) 
жыл 
мерзім 
мал, 
мал 
өнімдері 
астық 
мануфактура 
ағаш, 
темір 
әр 
түрлі 
басқа 
заттар 
барлығы 
1912 
көктем 
1147507 
64000 
244550 
5900 
350 
1462307 
 
күз 
1272443 
4000 
510700 
7200 
3000 
1833343 
1914 
көктем 
1246763 
30300 
363460 
10175 

1650698 
 
күз 
233126 
13000 
253875 
8320 

508321 
1915 
көктем 
1760678 
21280 
462560 
13675 

2558193 
 
күз 
285949 
16000 
87590 
950 

390489 
   
Мал  мен  оның  өнімдерін    күзгі  жәрмеңкелерде    сату  қарқыны 
азайды.  1912-жылы  күзгі  жәрмеңкеде  1272443  рубльдің  мал 
шаруашылығының  товары  сатылған  болса,  1914-жылы  233126  мың 
сомның, келесі 1915-жылы 285949 мың рубльдің мал және мал өнімдері 
айырбасталып, сатылды. 
1915-жылы  Ойыл  (Көкжар)  жәрмеңкесінде  «Әскерлерге,  һәм  
олардың  үйде  қалған  бала-шағаларына  жәрдемші  уақытша  мұсылман 
орталық  комитетінің    ұсынысы  бойынша  Халел  Досмұхамедовтың 
тікелей  ұйымдастыруымен  бірінші  дүние  жүзілік  соғысқа  жәрдемге  
6126 рубль 50 тиын жиналып, тиісті орындарға жеткізілді.   
Орал  облысының  әскери  губернаторы  Хабалов  өзінің  1915-жылғы 
12-тамыздағы  №  28  –  жарлығымен:  «Жазғы  жәрмеңкеде  қазақтардан 
соғыс керегіне көмек көрсету істерінде өте ыждағат танытып,  «мұндай 
ізгі  істе  басшылық  қылушы  қазақтың    оқыған  көзі  ашық  адамдары 
доктор 
Х.Досмұхамедовке, 
А.Жолдасбаевқа, 
Д.Мырзағалиевқа, 
Д.Меңдібаевқа,  Ш.Есеновке  және  Д.Мергеновке    шын  көңілмен    тәңір 
жарылқасын айтады». (27) 
Ресей  статистикалық  комитетінің  1911-жылғы  деректері  бойынша  
Көкжар жәрмеңкесінің товар айналымы 2 млн. 140 мың рубльге  жетіп, 
Көкжар  жәрмеңкесі  Ресей  империясының  сол  кездегі  ең  ірі    13 
жәрмеңкесінің ішінде товар айналымының көлемі  бойынша 9-шы орын 
алған. (28) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет