АҚТӨбе облысының Әкімдігі облыстық МӘдениет басқармасы



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата23.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
сапарларының  қорытындысы  ретінде  «Путешествие  по  различным  
провинциям  Российской  империи»  (Ресей  империясының  әртүрлі 
провинцияларына  саяхат)  деп  аталатын  еңбегін  жариялады.    Өзінің 
бірінші  экспедициясына  Москвадан  шығып    Владимир,  Симбирск 
қалалары  арқылы  1769  жылы  Орынборға  жеткен  П.С.Паллас  одан  әрі 
Орал  қаласына  келген.  П.С.Паллас  Орал  қаласы,  оның  тұрғындары, 
тұрмысы  және  кәсібі  туралы  көптеген  деректер  келтіреді. 
П.С.Палластың    Батыс  Қазақстанға  саяхаты  оған  өте  қымбатқа  түсті. 
Сапар  соңында  ол  қатты  ауырып,  соқыр  болып  қала  жаздады. 
П.С.Палластың  еңбегінде  Батыс  Қазақстанның  табиғи  жағдайы  туралы 
мол ғылыми мәліметтер келтірілген және аймақтың табиғи қуаты толық 
ашып көрсетілген. 
П.С.Паллас  Кіші  жүз  қазақтарының  Орынбор  айырбас  ауласынан 
кейін  өте  маңызды  сауда  орталығы  болған  Троиц  қаласындағы  сауда 
орны туралы: «Үй өзенінен көпір салынған оның арғы бетінде айырбас 
ауласы  жатыр.    Онда  Хиуалықтар  тауарларымен  сауда  жасайды,  ол 
ағаштан  салынып,  бөліктерге  бөлінген    төртбұрышты  алаңнан,  сол 
жағында  бұқаралықтарға  арналған,  оң  жағында  ішкі  көпестерге 
арналған  биржа  және  қырғыздардың  (қазақтардың)  саудасы  үшін 
айналдыра  жасалған  ұсақ  дүкендері  бар  үлкен  ауладан  тұрады.  Үйдің 
жанынан  көпестер  мен  саудагерлерге  арнап  тағы  да  бірнеше  кірмелі 
сарайлар мен асханалар салынған», - деп жазды. (7) 
П.С.Палластың  экспедицияында  қызмет  істеген  Николай  Рычков 
(1746-1748) Орск-Ырғыз өзені және Қабырға өзендерінің қосылған тұсы 
Ұлытау  таулары  –  Троиц  қаласы  маршруты  бойынша  ғылыми  саяхат 
жасап,  өз  зерттеу  жұмысының  нәтижесінде  «Капитан  Рычковтың 
Қырғыз-қайсақ  даласына  сапарларының  күнделік  жазбалары»  деп 
аталатын  еңбегін  жазған  болатын.  1772  жылы  жарық  көрген  осы 
ғылыми еңбекте Н.Рычков Солтүстік  Арал маңының табиғатын зерттеу 
қорытындысын толық баяндай отырып, Ырғыз өзені туралы былай деп 
жазады:  «Оның  (Ырғыздың)  ағысы  туралы  ой  толғауға,  ескертпе 
жасауға  лайық,  өйткені оның басым бөлігі көл болып ағады, Камышла 
өзені  сияқты,  жер  астына  жоғалып  кетеді,  көлдер  сияқты  көздері  бар. 
Бұл дала өзендерінің барлығына ортақ ерекшелік». (8) 
И.П.Фальктің  ғылыми  экспедициялық  отрядының  құрамында 
болған  суретші,  натуралист,  этнограф  Иоганн-Готлиб  Георги  (1729-
1802).  Экспедиция    жұмысының  қорытындысы  ретінде  И.-Г.Георги  
әуелі неміс тілінде, 1879 жылы орыс тілінде «Описание всех обитающих 
в  российском  государстве  народов.  Их  житейских  обрядов, 

 
11 
обыкновений,  одежд,  жилищ,  упражнений,  забав,  вероисповеданий  и 
других  достопамятностей.  Творение  за  несколько  лет  пред  сим  на 
немецком  языке  Иоганна  Гоблиба  Георги  в  переводе  на  руский  язык, 
весьма во многом исправленное и вновь сочиненное в четырех частях» 
деген еңбегін жазды. Осы еңбекте Орынбор өлкесі, ескі керуен жолдары 
туралы  көптеген мәлімет жинақталған. 
И.Г.Георги  Батыс  Қазақстандағы  сауда  туралы  былай  деп  жазған 
болатын:  «Кіші  Орданың  бүкіл  сауда-саттығы  осында  –  Орынборда 
жүргізіледі,  өйткені  олар  Оралда  және  Орынбор  шебінің  басқа 
қалаларында  онша  көп  сауда  жасамайды.  Ең  үлкен  сауда-саттық 
Орынборда  жүргізіледі,  онда  Оралдың  қазақтар  жағында,  атақты 
айырбас ауласы бар. Орынбордың бір өзінде ғана қазақтар жылына 150 
мыңға жуық, кейде одан да көп қой сатады». (9) 
Д.Гладышев  пен  М.  Муравиннің  ғылыми  экспедициялары  (1741-
1742)  Солтүстік  Арал  маңын  ХVІІІ  ғасырда  тікелей  зерттеп,  өз 
маршруттарын толық топографиялық тұрғыдан  баяндап, географиялық 
картасын жасады.  
1820  жылы  Ресей  сыртқы  істер  министрлігінің  статс  кеңесшісі, 
дипломат, жазушы А.Ф. Негри Орынбордан Бұқараға экспедиция бастап 
шықты.  «Негри  экспедияциясы»  деп  аталған  осы  жорықтың  негізгі 
мақсаты  Ресей  мен  Бұқара    хандығының  сауда  байланысын  нығайту 
болды.  Экспедияцияның  басты  миссиясы  Бұқара  мен  Хиуаға  баратын 
керуен  жолдарының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  шараларын 
ұйымдастыру  еді,  сонымен  қатар  экспедиция  Орск  қаласы  мен  Троиц 
бекіністерінен  бастап  Сырдария  өзеніне  дейінгі  аралықта  жол  бойына 
бекіністер  салуға    болатын  ыңғайлы  жерлерді  табу  туралы  тапсырма 
алды. Негри экспедициясының құрамындағы натуралист Э.А.Эверсман, 
гвардия  бас  штаб  капитаны  Е.К.  Мейендорф  т.б.  офицерлер  жорық 
жолының  «Жалпы  бас  картасын»  дайындауға  тиіс  болатын. 
Офицерлердің  негізгі  жұмыстарының  бірі  «Бұқараға  бару  мен  кері 
қайтудың  жорық  журналын  жүргізу»  еді.  Экспедиция  маршруты  ескі 
керуен  сауда  жолымен  Орынбордан  Бұқараға  Елек  өзені,  Мұғаджар, 
Үлкен  және  Кіші  Борсық  құм,  Сапаққұм,  Арал  маңы  Қарақұмы, 
Сырдария өзені, Қызылқұм арқылы өтті. Алғашқы сапар аяқталысымен 
экспедиция  мүшелері  «көптеген  өзендер  мен  рельеф  элементтері» 
бойынша дұрыс дәл мәліметтер келтіріп маршрут картасын құрастырды. 
Е.К. Мейендорф экспедиция қорытындысы бойынша «Путешествия 
из  Оренбурга  в  Бухару»  деп  аталатын  еңбегін  жазды.  Осы  кітабында 
Е.К.Мейендорф  керуен  сауда  жолдарының  бойында  жатқан  жерлердің 
сипаттамасын  береді.  «Үлкен  және  Кіші  Борсық  Арал  теңізіне  көрші 
орналасқан.  Кіші  Борсық  құмы  солтүстік  батыс  жағалаумен  шектессе, 
Үлкен  Борсық  құмы  Арал  мен  Каспий  теңіздерінің  ортасында  жатыр. 
Хиуадан 10 күндік жер жүргенде аяқталады» деген деректер береді. (10) 

 
12 
1820  жылы  Орынбор  әскери  губернаторының  ұсынымен  Бұқараға 
аттанған 
орыс 
экспедициясының 
құрамына 
дәрігер 
ретінде 
Э.А.Эверсман  енгізілді.  Сөйтіп  осы  сапар  барысында  Э.А.Эверсман 
Батыс Қазақстанмен тұңғыш рет танысқан болатын. 
Негри  экспедициясының  белсенді  мүшесі  Э.Эверсман  1823  жылы 
«Орынбордан  Бұхараға  саяхат»  деп  аталатын  кітабын  жариялады.  Үш 
бөліктен  тұратын  осы  ғылыми  еңбекте  жергілікті  қазақтар  туралы, 
олардың  сауда,  көші-қон  жолдарының  қалыптасқан  жүйесі,  Арал 
теңізінің,  Мұғаджар  тауларының  табиғи  жағдайлары  туралы  көптеген 
материалдар 
бар. 
Э.Эверсман  1825-1826  жылдары  Ф.Ф.Берг 
экспедициясына  қатынасып,  осы  саяхатының  барысында    Үстіртті, 
Каспий  мен  Арал  теңіздерінің  солтүстік  жағалауын  зерттеп,  бүкіл 
маршруттың әскери-топографиялық негіздемесін жасауға қатысты. 
1840  жылы  жарық  көрген  Э.Эверсманның    «Орынбор  өлкесінің 
жаратылыс  тарихы»  деген  еңбегінде  ғылыми  тұрғыда  алғаш  рет 
«Қырғыз  Оралы»  (Қазақтың    Оралы)  деген  ғылыми  термин  ғылыми  
айналысқа  енгізілді.  Сонымен  қатар  осы  еңбекте  Мұғаджар  таулары, 
Үлкен және Кіші Борсық, Арал маңы Қарақұмы жеке зерттеу объектісі 
ретінде  қарастырылған.  Ескі  керуен  жолдары  өткен  Солтүстік  Арал 
маңының  тарихы,  флорасы  мен  фаунасы  жөнінде  Э.Эверсман 
тыңғылықты деректерді ғылыми айналымға қосты. Бұл еңбектен Батыс 
Қазақстан  керуен  сауда  жолдарының  қалыптасуы  туралы  мол 
материалдар кездестіреміз.  
Эверсман әскери казактардың негізгі күн көрісі балық аулау, балық 
және  балық өнімдерін сату  және  жергілікті қазақтармен айырбас  сауда 
жасау деп атап көрсетеді. (11) 
Батыс Қазақстан тарихын зерттеуге А.И.Левшин көп еңбек сіңірді. 
Өзінің «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких, орд и степей» 
деп  аталатын  еңбегі    (1832)  арқылы  ол  орыс  және  Европа 
оқырмандарының  назарын    қазақ  халқының  тарихы  мен    мәдениетіне 
аударған болатын. А.И.Левшиннің осы ғылыми еңбегінде қазір мүлдем 
жоғалған  деректерді  кеңінен  қолдануы  осы  еңбектің  маңызын 
арттыратын  факторлардың  бірі  болып  табылады.  Үш  томнан  тұратын 
А.И.Левшин  еңбегінде  Қазақстанның  географиялық,  тарихи  және 
этнографиялық  мәселері  туралы  мол  мәлімет  кездеседі.  Әсіресе  біздің 
зерттеу  объектіміз  болып  отырған  Батыс  Қазақстан  туралы  көптеген  
деректерді  ғылыми  айналымға  қосты.  Осы  іргелі  монографияда  автор 
Батыс  Қазақстан  территориясы  арқылы  өтетін  керуен  сауда  жолдарын 
сипаттап, керуен саудасы үшін халыққа ең қолайлы кезеңді ерекше атап 
көрсетеді.  А.И.Левшин    ерте  заманда  қалыптасқан  Сарайшық-Хиуа, 
Ескі  Ноғай  жолы,    (Орынбор-Хиуа),  Бұқар  жолы,  Орск-Бұқар  және 
Троицк  Бұқар  керуен  сауда  жолдарының  Ресей  Орта  Азия  сауда 
қатынастырының  дамуына  тигізген  әсеріне  терең  тоқталады.  Сонымен 

 
13 
бірге  автор  ХІХ  ғасырдың  бас  кезіне  дейін  сақталған  Өзен  линиясы, 
Орал  линиясы,  Астрахань  арқылы  өтетін  жолдарды  да  толық  сипаттап 
жазған болатын. 
А.И.Левшин 
тұңғыш 
рет 
Ресейдің 
Қазақстанмен 
сауда 
қатынастарын  орнатуда  Әбілхайыр  хан  өтінішімен  салынған  Орынбор 
қаласының  айырбас  сауда  орталығы  ретінде  маңызын  ерекше  атап 
көрсеткен болатын. А.И.Левшин Орынбор айырбас сауда орталығының 
товар  айналымы  туралы  өз  еңбегінде  құнды  мәліметтер  келтіреді. 
Сонымен  қатар  қазақтардың  айырбас  сауда  жасау  үшін  Орынборға 
айдап  әкелген  малдарының  саны  туралы  кеден  (таможня)  бекетінен 
алынған  өте  дәл  деректерді  де  А.И.Левшин  еңбегінен  кездестіреміз. 
Автор  Орынбор  айырбас  сауда  орталығының  Батыс  Қазақстанда  сауда 
қатынастарының дамуына тигізген әсерін нақты деректермен дәлелдеп, 
Орынбор  және  Троицк  қалаларының  шекаралық  айырбас  сауданың 
дамуындағы  ролін  ерекше  атап  көрсетеді.  Сондай-ақ  Орынбор 
қаласының тек қана саудагерлер мен мал сататын ірі байлар ғана емес, 
тұрмысқа  қажетті  товарлар  алу  үшін  Батыс  Қазақстан  қазақтарының  
айырбас  сауда  жасайтын  тұрақты  жәрмеңке  орны  болғанын  да  ерекше 
атап көрсетеді. (12) 
1841  жылы  Бұқараға  сапар  шеккен  К.Ф.Бутеневтың  миссиясына 
зерттеуші  Н.Ханыков  қосылды.  Бутенев  экспедициясының  маршруты 
Орынбордан солтүстік Арал маңы арқылы Бұқараға дейін созылды. Осы 
экспедицияның құрамында болған А.Леман өз еңбегінде Орал өзенінен 
Қызылқұм  шөліне  дейінгі  маршруттың  табиғатын,  өсімдік  және 
жануарлар  дүниесін  толық  суреттеп  жазған  болатын.  Натуралист 
А.Леман  Мұғаджар  тауларын,  Ырғыз  өзенін,  Арал    маңы  Қарақұм 
туралы  деректер  мен  К.Ф.Бутеневтің  күнделігінен  үзінділерді  шебер 
келтірген. (13) 
1840 жылы Санкт-Петербургтен   «Орынбордан Хиуаға Самаралық 
көпес  Рукавкиннің 1753 жылғы саяхаты» деген кітап баспадан шықты, 
осы  еңбекте  тұңғыш  рет  Қазақстан  даласы  арқылы  сауданы 
ұйымдастыру  туралы  мәліметтер  келтірген.  ХVІІІ  ғасыр  басындағы 
«Орынбордан  Хиуа  мен  Бұхарияға  дейінгі  түрлі  жолдар»  жайында  сөз 
болады. (14) 
ХХ ғасырдың басында Қазақстан территориясы Ресей мемлекетінің 
шығысқа  қарай  алға  жылжу  саясатының  негізгі  объектісіне    айналды. 
Қазақстан  территориясын  зерттеушілерге  қазақтар  арасынан  жол 
басшылық көрсететін адамдар шыға бастады. 
1833  жылдың  қараша  айынан  1834  жылдың  шілде  айының 
аралығында  П.И.Демизон  экспедициясы  Орынбордан  Бұқараға  келіп 
жетті.  Керуенді  Бұқараға  және  кейін  қарай  П.И.  Демизонмен  бірге 
ойдағыдай бастап жүргені үшін Кіші жүздің шөмекей руының басшысы 

 
14 
Алмат  Тобабергенұлы  1834  жылы  қазан  айында  «Анна  лентасындағы 
күміс медальмен және қылышпен» наградталды.  
1835  жылы  Орынбор  Бұқара  маршруты  бойынша  көршілермен 
арадағы  қарым-қатынастарды  кеңейту  миссиясымен  И.В.  Виткевич 
экспедициясы  сапарға  шықты.  И.В.  Виткевич  жазбаларында  Батыс 
Қазақстан  территориясының  топографиясы,  қазақтардың  көшу 
маршруттары, оңтүстіктегі отырықшы елдермен сауда қарым-қатынасы 
туралы мәліметтер молынан кездеседі. (15) 
В.А.  Перовскийдің  1839  жылдың  қараша  айынан  1840  жылғы 
маусым 
арасындағы 
Хиуа 
экспедициясы 
Батыс 
Қазақстан 
территориясының  зерттелуіне  біршама  үлес  қосқан  болатын. 
Алғашқыда 
дұрыс 
ұйымдастырылмай, 
сәтсіздікке 
ұшыраған 
В.А.Перовский экспедициясының мүшелері 12 зеңбірек, жүк артқан 10 
мың  түйе,  4,5  мың  жаяу  әскер  бір  айда  шаққа  дегенде  Ембі  бекінісіне 
жетті.  Үстірттің  солтүстік  құлама  жарында  орналасқан  Ақбұлақ  және 
Шошқакөлге жету үшін В.А.Перовский экспедициясына тағы да 40 күн 
қажет  болды.  Экспедиция    сәтсіз  аяқталып,  қазақ  даласына  кез-келген 
жорық  тез  шешім  қабылдап,  бейқамдықты  көтермейтінін  аңғартқан 
болатын. 
Перовскийдің  сәтсіз  жорықтарынан  соң  оңтүстік  бағытта 
Қарабұтақ,  Ырғыз,  Қазалы,  Ақмешіт  сияқты  бекініс-форттар  салына 
бастады.  Батыс  Қазақстан  даласындағы  бұл  бекіністер  мен  Орск  және 
Орынбор  қалаларының  арасында  почта  байланысы  қалыптасып,  почта 
станциялары салынды. Далалағы осы бекініс тұрақтар туралы Орскіден 
Самарқанд  қаласына  (1868  жылғы  қазан-сәуір,  1869  ж.)  аттанған 
Түркістан 
ғылыми 
экспедициясының 
мүшесі 
А.П.Федченко 
қазақтардың  көшіп  жүрген  жерлерінің  табиғатын,  климатын  суреттеп, 
бірінші рет Қазақстанның табиғаты құрғақ далалы аймағында көшпенді  
шаруашылықты сақтау қажеттілігін тұжырымдады. (16) 
Ресей  империясы  саяхатшыларының,  әскери  қызметкерлерінің 
және  ғалымдарының  ғылыми  еңбектері,  жол  жазбалары  ғылыми 
көпшіліктің  назарын  аударып,  европалық  мемлекеттердің  ғылыми 
басылымдарында жариялана бастады. Батыс Қазақстан территориясына 
байланысты  ғылыми  деректер  «Бүкіләлемдік  география»  деп  аталатын 
басылымда жарық көрді. Мұнда алғаш рет қазақ даласының Арал теңізі, 
Солтүстік  Арал  маңының,  Ырғыз,  Өлкейек,  Торғай  сияқты  өзендер 
туралы толық мәліметтер берілді. Бұл өзендер бұрындары Арал теңізіне 
емес, Шалқар теңізіне құйылған тәрізді, кейінірек буланудың ұлғаюына 
байланысты  алдыңғысынан үзіліп  қалған. Осы еңбекте Солтүстік  Арал 
маңы  көлдерінің  Аралмен  қосылғаны  туралы  ғылыми  болжам 
ұсынылған болатын. (17) 
Ресей  мемлекетінің  қазақ  жерінде  билігінің  нығаюы,  империялық  
саясат ықпалы аумағының өсе түсуі Қазақстан бағыты бойынша барған 

 
15 
сайын  өте  мол  ақпараттық  ғылыми  айналымға  қосылуына  өз  ықпалын 
тигізді.  Осы  тұрғыдан  алғанда  біздің  тақырыбымызға  дерек  көздері 
ретінде  пайдалануға  жарайтын  М.Леванскийдің  «Очерк  киргизских 
степей»  (Эмбинского  уезда),  Мак-Гаханның    «Военные  действие  на 
Оксусе и падение Хивы» деп аталатын еңбектері  жарық көрді. (18) 
Білікті  ғалымдар  жинастырған  ғылыми  материалдар  негізінде 
жарық  көрген  «Ресей.  Біздің  отанымыздың  толық  географиялық 
баяндалуы»  деген  көп  томдық  басылымнан  Батыс  Қазақстан 
территориясында сауда қатынастарының дамуының алға шарттары мен 
осы  аумақта  сауда  ісінің  дамуы  туралы  деректерді  молынан 
кездестіреміз.  Әсіресе  мұнда  жәрмеңкелер,  тұрақты  сауда  орындары 
орналасқан  елді-мекендер  –  қалалар,  бекіністер,  форттардың  орны 
көрсетіліп,  сауда  керуен  жолдарының  маршруттары  жайында  толық 
мәліметтер келтірілген. (19) 
Осы  коллективтік  еңбекте  Н.Бородин  және  А.Сидельниковтің  
Батыс Қазақстанға  байланысты  «Өнеркәсіп және  тұрғындардың кәсібі» 
(Промыслы и занятия населения) деп аталатын тарауда аймақтағы сауда 
қатынастарының дамуына ерекше назар аударылады. (20) 
Батыс Қазақстанда әскери казактардың қоныс аудару мәселелеріне 
арналған  А.Рябинин, В.Витевский еңбектерінде казактардың жергілікті 
қазақтармен  сауда  қатынастарын  орнату  процесіне  де  белгілі  дәрежеде 
көңіл бөлінген. 
Шығыстанушы-ғалым, 
Императорлық 
Орыс 
географиялық 
қоғамының толық мүшесі, Петербург Ғылым Академиясының құрметті 
мүшесі  В.В.Вельяминов-Зернов  (1830-1904)  өзінің  «Исторические 
известия о киргиз-каисаках и  сношениях России со Средней Азией, со 
времен  Абулхаир-хана»  (1748-1785  г.г.)  деп  аталатын  еңбегінде  осы 
кезеңдегі  тарихтың  көптеген  мәселелерін  қарастырып  Қазақстан  мен 
Ресей арасындағы сауда қатынастарына да аса зор көңіл бөледі, әсіресе 
Кіші  жүз  қазақтарының  Ресей,  Хиуа  хандығы  және  басқа  Орта  Азия 
мемлекеттерімен  сауда  байланыстарын  терең  ашып  көрсетеді,  ХVІІІ-
ғасырдың  40-60  жылдарындағы  сауда  ісінің  дамуына  әсерін  ерекше 
талдайды. (21) 
Батыс  Қазақстанда  сауда  қатынастарының  дамуына  Ішкі  Бөкей 
Ордасындағы  Жәңгір  хан  негізін  салған  жәрмеңкенің  маңызы  өте  зор 
болды. 
Ішкі Бөкей Ордасының құрылуы, халқының саны мен құрамы, осы 
хандықтың  территориясында  сауданың  даму  мәселелеріне  арналған 
бірнеше авторлардың еңбектерінің  біздің зерттеу жұмысымызға тікелей 
байланысын ерекше атап өтуіміз қажет. 
Ішкі  Бөкей  Ордасының  саяси-экономикалық    тарихына  арналған 
ғылыми  еңбектердің  арасында  Н.Ханыковтың  шығармалары  ерекше 
орын алады. Н.Ханыков «Ішкі және кіші Орда қырғыздарының жерлері» 

 
16 
(Земли  киргизов  внутренней  и  Малой  Орды)  деп  аталатын  картаны  өз 
інісімен  бірігіп  жасаған  болатын.  Сонымен  қатар  «Ішкі  және  Кіші 
Орданы жайлаған қырғыз (қазақ) даласының тұрғындары» (О населении 
Киргизских  степей,  занимаемых  внутренней  и  Малой  Ордами)  деген 
мақаласында  Бөкей  және  Жәңгір  хандардың  қызметі,  Орданың  халқы, 
сауда  қатынастарының  дамуы  туралы  нақты  мәліметтер  келтіреді.  Бұл 
еңбекте  қазақтардың  Жайықтың  арғы  бетіне  өткен  кезеңінен,    екі  өзен 
арасына тұрақтану тарихы кеңінен баяндалады. (22) 
Бөкей  Ордасының  тарихының  зерттелуі  А.Евреиновтың  атымен 
тығыз  байланысты.  Ол  1846-1847  жылдары  Ішкі  Бөкей  Ордасында 
тұрған. А.Евреинов өз  еңбегінде Ішкі Бөкей Ордасындағы халық саны, 
сауда  қатынастарының  дамуы  туралы  статистикалық    мәліметтерді  өте 
көп пайдаланған. 
Ішкі  Бөкей  Ордасындағы  сауда  қатынастарының  дамуына  талдау 
жасай отырып, А.Евреинов «Внутрення, или Букеевская киргиз-казачья 
орда» деп аталатын еңбегінде Ішкі Бөкей Ордасындағы жәрмеңкелердің 
1874 жылы 8 қыркүйекте Ішкі істер министрі бекіткен нұсқау негізінде 
құрылған  ерекше  жәрмеңке  комитетінің  басшылығымен  жұмыс 
жасағандығына  назар  аударады.  Автор  саудагерлердің  сауда 
орындарына  төлейтін  салық  мөлшері,  саудагер-көпестерге  берілетін 
рұқсат  қағаз-куәліктердің  бағасы  жәрмеңкеге  әкелінген  және  сатылған 
мал  саны,  мануфактура,  Орта  Азия  товарлары  туралы  мол  мәліметтер 
береді.  Аймақтағы  Казанка,  Таловка,  бірінші  және  екінші  Примор 
округтерінде,  Мұратсай,  Ахун    елді  мекендерінде  сауданың    даму 
дәрежесіне талдау жасалынады. Ішкі Бөкей қазақтарының мал және мал 
өнімдерін  Камышин,  Баландин,  Саратов,  Карпов  сияқты  көршілес 
жерлерге  апарып  сатқандығы  туралы  деректер  келтіріп,  жергілікті 
халықтың  сауда  қызметінің  географиясының  кеңейгенін  ашып 
көрсетеді. Сонымен қатар Ішкі Бөкей Ордасының халқының жәрмеңкеге 
әкелген  мал  және  мал  өнімдерін  арзан  бағаға  сатып  алған  орыс 
саудагерлерінің,  мал  еті,  тері,  май,  жүн  өнімдерін  Царицын,  Саратов, 
Астрахань,  Қазан,  Нижегород  жәрмеңкелеріне  қымбатқа  сатып  пайда 
түсіретінін атап көрсетеді. (23) 
М.Я.Киттары  «Ставка  хана  Внутренней  Киргизской  Орды»  деген 
еңбегінде  Ішкі  Бөкей  Ордасындағы  Жәрмеңкенің  ашылуын  Жәңгір 
ханның атымен тығыз байланыстырып,  қазақ даласында ең бірінші рет 
ашылған осы жәрмеңкенің жұмысын ұйымдастырудағы Жәңгір ханның 
атқарған  ролін  ерекше  бағалаған.  М.Я.Киттары  алғаш  ашық  далада 
жылына  екі  рет  күз  бен  көктемде  өткізілетін  жәрмеңкенің  жұмысын 
жақсарту  үшін  Жәңгір  ханның  ішіне  225  лавка  сиятын  ағаш  қонақ 
ауласын  (Гостиный  Двор)  салғанын  атап  көрсетіп,  оның  1845  жылға 
дейін әкелінген товарларды сақтап сату үшін молынан жарағанын атап 
көрсетеді.  

 
17 
Зерттеуші  жәрмеңкенің  жұмыс  ережесіне  тоқтала  отырып,  
жәрмеңкенің  күнделікті  жұмысын  басқарудағы  базар  сұлтанның 
жұмысын ерекше сипаттайды. М.Я.Киттары еңбегінде назар аударатын 
мәселе  автордың  жәрмеңкеге  келген  халықтың  ұлттық  және  кәсіби 
құрамына  талдау  жасап,  сауда  қатынастарының  дамуына  байланысты 
халықтың  әлеуметтік  топтарының  өзгеру  динамикасын  дұрыс  көрсетуі 
болып  табылады.  Сонымен  қатар  автор  Жәңгір  хан  жәрмеңкесінің 
көршілес  елді  мекендердегі  жәрмеңкелермен  тығыз  байланысты 
болғанына  да назар аударады. (24) 
1862  жылы  А.Медведскийдің  «Ішкі  немесе  Бөкей  Ордасы» 
(Внутренняя  или  Букеевская  Орда)  деген  мақаласы  жарық  көрді.  Дәл 
осы кезде Бөкей Ордасын басқару бойынша уақытша кеңестің бұрынғы 
төрағасы  М.  Иваниннің  «Эпоха»  журналында  «Ішкі  немесе  Бөкей 
Ордасы»    (Внутренняя  или  Букеевская  Орда)  деп  аталатын  еңбегі 
жарияланды.  Бөкей Ордасында хандық билік таратылған соң жазылған 
М.Иваниннің  еңбегінде  Бөкей  Ордасының  Жәңгір  хан    тұсында  саяси, 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайына  толық  талдау  жасалынады. 
Аталған осы 2 автордың еңбектерінде Жәңгір хан басқарған кездегі Ішкі 
Орданың сауда қатынастары туралы көптеген мәліметтер кездеседі. (25) 
Бөкей  Ордасында  1887  және  1888  жылдары  зерттеу  жүргізген 
А.Харузиннің  «Бөкей  Ордасының  қырғыздары»  (Киргизы  Букеевской 
Орды)  деп  аталатын  ғылыми  еңбегі  Бөкей  Ордасы  туралы  жазылған 
іргелі  зерттеу  болып  табылады.  А.Харузин  алғаш  рет  Ресей 
тарихнамасында  Бөкей  Ордасы  туралы  Ресейде  жазылған  еңбектердің 
библиографиялық  көрсеткішін  жасаған  болатын.  ХІХ  ғасырдың  90-шы 
жылдары  А.Алекторовтың  Бөкей Ордасының қазақтары  туралы   толық 
библиографиялық  көрсеткіші  жарық  көрді.  А.Алекторов  бұл 
шығармасында әрбір автордың еңбегіне талдау жасап, авторлар туралы 
мәліметтер берді. (26) 
Бөкей Ордасының тарихына зерттеушілердің аса назар аударуының 
негізгі  себебі  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  Қазақстан 
территориясында бұл әкімшілік территория  Ресей құрамына толығымен 
енген  аймақ  болатын.  Сондықтан  Бөкей  Ордасына  қызығушылық  тек 
қана  ғылыми  сипатта  ғана  болған  жоқ,  сонымен    бірге  отарлаушы 
биліктің  қазақ    даласында  болашақта  жүргізетін  саясатын  анықтау 
сипатында  да  болды.  Бөкей  Ордасы  туралы  осы  еңбек  авторларының 
барлығы дерлік мемлекеттік және әскери жұмыста болған қызметкерлер 
еді. 
Сондықтан 
бұлардың 
еңбектерінде 
Бөкей 
Ордасының 
шаруашылығын  Ресей  мемлекетінің  мүддесіне  қызмет  еткізу  мақсаты 
тұрды  және  осы  тәжірибені  Қазақстанның  басқа  да  әкімшілік 
экономикалық  жағынан  отарлау  ісіне  қолдану  мәселесі  негізделінген 
болатын. 

 
18 
ХІХ ғасырда Ішкі Бөкей Ордасының тарихы мен экономикасының 
даму  мәселелерін  орыс  ғалымдары  жан-жақты  зерттеген  болатын.  Осы 
ғылыми  зерттеу  еңбектердің  ішінде  медицина  докторы  А.Поленовтың 
«Пути  торгово-промышленного  движения  в  Букеевской  Орде  и  в 
пограничных  с  нею  местностях»  деген  еңбегінде  Жәңгір  хан 
ордасындағы  сауда  қатынастарының  дамуының  негізгі  кезеңдері 
толығымен  баяндалады.  Автор  Нарын  құмындағы  Жәңгір  хан  – 
ставкасы  –  Ордасындағы,  Новая  Казанка,  Глинянский,  Бородинское, 
Мухор,  Кармановский,  Таловка  және  Калмыков,  елді  мекендеріндегі 
сауда  ісінің  дамуы  туралы  нақты  мәліметтер  береді.  Сонымен  қатар 
Орда  қазақтарының  өздерінің  мал  және  мал  өнімдерін  Ордадан  тыс 
жерлерде  Басқұншақ,  Чапчага  поселкелері  мен  Астрахандағы  Қалмақ 
базарларында сататындары туралы деректер келтіреді.  
Еңбектің  тағы  бір  құндылығы  А.Поленов  Самар  губерниясындағы 
Савинка, Жаңа Өзен, Александров-Гай, Ровное, Калмыков, Орал, Гурьев 
жәрмеңкелерінің  жұмыс  жасайтын  мерзімдерін  атап  көрсеткен.  Осы 
еңбегінде  А.Поленов  1832  жылы  ашылған  Жәңгір  хан  жәрмеңкесінің 
Батыс  Қазақстанда  сауда  қатынастарының  дамуына  тигізген  ықпалына 
аса  назар  аударады  және  Темір  (Қарақамыс)  жәрмеңкесінің  дамуы 
туралы  құнды  мәліметтер  мен  Батыс  Қазақстан  жәрмеңкелері    мен 
базарларын  байланыстыратын  керуен сауда  жолдарының маршруттары 
туралы маңызды материалдар жариялаған. (27) 
Ішкі  Бөкей  Ордасын  әскери  зерттеушілердің  бірі  полковник 
Бларамберг  «Земли  киргиз-кайсаков  внутренней  и  Зауральской  Орды» 
деп  аталатын  еңбегінде  сауда  қатынастарының  дамуына  өте  жақсы 
талдау  жасаған.  Бларамберг  Ішкі  Бөкей  Ордасында  мал  санының 
азаюына қазақтардың малдарын Ресейге сату деңгейінің артқанынан деп 
түсіндіреді.  Зерттеуші  Бөкей  ханның  деректері  бойынша  1814  жылы 
Ресйеге  Ішкі  Ордадан  348710  бас  мал  сатылғаны  туралы  мәлімет 
келтіреді. 
Бларамберг еңбегінің құндылығы Ішкі Бөкей Ордасы қазақтарының 
мал  және  мал  өнімдерін  өткізіп,  өздеріне  қажетті  товарларды  қайдан 
сатып  алғандығы  туралы  деректер  келтірілген.  Осы  еңбегінде 
Бларамберг  10  ірі  сауда  орталықтарын  орнын  көрсетіп,  жәрмеңкелер 
мен  базарлардың  өткізілетін  мерзімдерін  көрсеткен.  Автор  Ішкі  Орда 
қазақтары  мал  және  мал  өнімдерін  2  млн.  рубльге  өткізіп,  осы  ақшаға 
манифактура  товарларын  сатып  немесе  айырбастап  алады  деген 
тұжырым жасайды.  
Бларамберг  Ішкі  Бөкей  Ордасында  1836-1839  жылдар  арасында 
жәрмеңкеге  7267912  рубльдің  товары  әкелініп,  4065968  рубль  тұратын 
товар  сатылып,  жәрмеңкеге  1143  саудагер  қатынасқаны  туралы  дерек 
келтіріп,  Ішкі  Бөкей  Ордасында  капиталистік  сауда  қатынастарының 
даму дәрежесіне назар аударады. (28) 

 
19 
Ішкі  Бөкей  Ордасында  сауданың  даму  дәрежесі  туралы 
статисткалық  комитет  мүшесі  И.С.Ивановтың  «Краткие  сведения  о 
ярмарке  во  внутренней  киргизской  Орде»  деп  аталатын  зерттеу 
еңбегінен  біздің  зерттеу  жұмысымызға  қажетті  құнды  мәліметтер 
табылады. 
И.С.Иванов  осы  еңбегінде  Ішкі  Бөкей  Ордасындағы  Жәңгір  хан 
жәрмеңкесінің ашылуы, оның даму кезеңдері,  жәрмеңкенің Жәңгір хан 
мұрагерлерінен    1863  жылы  Уақытша  Кеңес  қарамағына  берілгендігі, 
1870 жылы 12 корпус, 316 лавкадан тұратын жаңа жәрмеңке ауласының 
салынғандығы  туралы  мол  тарихи  деректерді  баяндайды.  Зерттеуші 
жәрмеңке  саудасының  қазақтардың  жәрмеңкеге  әкелген  мал  санына 
тікелей  тәуелді  екендігін  нақты  деректерге  сүйене  отырып  дәлелдейді. 
И.С.Иванов  еңбегінің  құндылығы  Ішкі  Бөкей  Ордасындағы  мал  саны, 
жәрмеңкелердің  товар  айналымы  туралы  нақты  статисткалық 
мәліметтерді  ғылыми  айналымға  қосуы  болып  табылады.  Еңбекке 
сенатор  Энгельдің  1828  жылы  Қазақ  және  Қалмақ  дадаларында 
шаңырақ  және  мал  сандары  туралы  жүргізген  санақ  мәліметтері  және 
сауда айналымы туралы көрсеткіштер арқылы Ішкі Бөкей Ордасындағы 
жәрмеңкелердің сауданың дамуындағы  тарихи орны анықталады. Ішкі 
Бөкей  Ордасында  сауда  қатынастарының  дамуына  талдау  жасай 
отырып,    И.С.Иванов  Бөкей  Ордасының  тұйықтықтан  арылып,  Ресей 
және  Орта  Азиямен  тығыз  байланысқан  ірі  сауда  орталығына 
айналғанына басты назар аударады. (29) 
Бөкей  Ордасына  қарағанда  аздау  зерттелінген  Орал  және  Торғай 
облыстары туралы ғылыми еңбектер ХІХ ғасырдың екінші жартысында 
жариялана бастады. Торғай облысының тарихы, халқының құрамы, мал 
шаруашылығының 
мәселелеріне 
арналған 
А.Добросмысловтың 
еңбектерінде Торғай облысы қазақтарының Орынбор, Троицк сияқты ірі 
қалаларда  сатқан  мал  және  мал  өнімдері  туралы  көптеген    нақты 
деректер кездестіреміз. Осы өңірде мал дәрігері болып қызмет атқарған 
А.Добросмыслов  Торғай  облысы  қазақтарының  мал  шаруашылығын 
Ресей өнеркәсібі үшін шикізат көзі  ретінде   қарастырып:  «Ресейде мал 
өсіру  құлдырауда,  сондықтан,  біздің  иелігіміздегі  кең  байтақ  қырғыз 
даласы    сол  күйінде,  тек  мал  шаруашылығына  арналуы  керек»  деп 
жазды. (30) 
Ресейдің  1  Дума  депутаты  Т.Седельников  қоныстандыру  саясатын 
қазақ  жерін  отарлау  деп  бағалады  және  ең  әуелі  қазақтардың  өздерін 
жерге орналастыру қажет деп есептеді. Ол өзінің «Қырғыз даласындағы 
жер  үшін  күрес»  (Борьба  за  землю  в  киргизской  степи)  деп  аталатын 
еңбегінде  қазақтардың  мал  шаруашылығынан  басқа  кәсіпшілікпен 
айналысуы туралы мәліметтермен қатар аймақта сауда қатынастарының 
дамуы туралы деректерді келтіреді. (31) 

 
20 
Орал және Торғай облыстарында сауда қатынастарының дамуы мен 
жәрмеңкелік  сауданың  ұйымдастырылуы  туралы  Ф.Гельмгольцтің 
«Оренбургский  меновой  двор.  Статистической  очерк»  (Орынбор 
айырбас сарайы) деп аталатын еңбегінде біздің тақырыбымызға тікелей 
қатынасты мәселелер талданады. 
Ф.  Гельмгольц  былай  деп  жазған  болатын:  «Әуелі  Орскіде, 
кейіннен  қазіргі  Орынборда  ашылған  бұл  айырбас  сарайының  негізгі 
мақсаты  орыс  және  орта  азиялық  көпестерге  товар  айырбастау 
мүмкіншілігін  туғызу  еді».  Осы  статистикалық  очеркте  Орынбор 
айырбас  сарайында  сатылған  мақта,  мал  және  мал  өнімдері,  товар 
айналымы  туралы  мол  статистикалық  мәліметтер  келтіріледі.  Автор 
Орынбор  кеден  линиясының  (шебінің)  жабылып,  айырбас  сарайында 
жәрмеңкенің ашылуы туралы деректер келтіріп, жәрмеңкенің 1887-1892 
жылдар  аралығындағы  товар  айналымы  туралы  статистикалық 
мәліметтерге  талдау  жасайды.  Еңбектің  құндылығы  Орынборға  әкеліп 
сатылған қазақтардың мал және мал өнімдері туралы нақты деректердің 
келтірілуі болып табылады
Автор  Орынбордағы  айырбас  сауданың  қазақтарды  тонаушылық 
сипатын  да  толық  ашып  көрсеткен,  сөйтіп  арзанға  алынған  қазақ 
малының  Орынбор  темір  жолы  арқылы  Ресейдің  басқа  қалаларына 
тасылғаны  туралы  нақты  мәліметтер  береді.  Сонымен  қатар  Ф. 
Гельмгольц    Қазақстанның  батыс  бөлігі  арқылы  Орта  Азиядан 
Орынборға  және  кері  қарай  товар  тасыған  керуен  саудасының 
маңызына тоқталып, тасымал бағасына талдау жасаған. (32) 
Автор  ХІХ    ғасырдың  соңында  экономиканың  қарқынды  дамуына 
байланысты  Орынбор  айырбас  сауда  сарайының  өз  маңызын 
жоғалтатыны туралы  болжам жасайды. Еңбектің тағы бір бағалылығы   
Орал  облысының  қазақ  даласында  ашылған  Ойыл  жәрмеңкесінің 
құрылысы  туралы  деректердің  келтірілуі  болып  табылады.  Ф. 
Гельмгольц  Ойыл  жәрмеңкесінің  Батыс  Қазақстан  қазақтары  үшін 
Орынбор  жәрмеңкесіне  қарағандығы  артықшылығы  оның  жергілікті 
халық үшін 279 шақырым (верст) жерге  жақын орналасуында деп атап 
көрсетеді.  Сондықтан  1893  жылы  Ойылға  әкелінген  мал  санының 
Орынборға апарылған малдан 3 есе көп болғаны туралы жазады.  
Орал облысының Темір уезі мен қаласында сауда қатынастарының 
дамуына байланысты С.Г. Рыбаковтың мақаласында (этюдтық) қысқаша 
мәліметтер  берілген.  Саяхатшы  С.Г.  Рыбаков  Темір  (Қарақамыс) 
жәрмеңкесін  суреттей  отырып,  оны  Орал  облысының  қазақ 
даласындағы  Ойыл  жәрмеңкесінен  кейінгі  маңызды  сауда  орталығы 
ретінде  бағалайды.  Қарақамыстағы  осы  жәрмеңкеге  Орта  Азиядан 
Ташкент,  Бұқара  және  Хиуа,  Ресейден  Орынбор,  Орск  (Жаманқала), 
Уфа  қалаларынан  саудагерлер  келетіндігін  атап  көрсетеді.  Сол  сияқты 
С.Г.Рыбаков саудагерлердің ұлтық құрамына баса назар аударады. Жыл 

 
21 
сайын  көктем  мен  күзде  өткізілетін  Темір  (Қарақамыс)  жәрмеңкесінде 
негізінен татар және  Орта  Азия саудагерлері,  орыс  көпестерінің сауда 
жасап,  жергілікті  қазақтардың  мал  және  мал  өнімдеріне  өздеріне 
қажетті  товарларды  айырбастайтындығы  туралы  мәліметтер  келтіреді. 
Өкінішке  орай,  Темір  жәрмеңкесі  батыс  Қазақстандағы  ірі  сауда 
орталығы  болғандығына  қарамастан  Темір  саудасының  дамуы  туралы 
зерттеу еңбектер бүгінгі күнге дейін жарық көрген жоқ. (33) 
Батыс Қазақстанда сауданың дамуы туралы жанама деректерді 1867 
жылы  ашылған Орыс географиялық қоғамының Орынбор филиалының 
«Записки  Оренбургского  отдела  ИрГО»  деп  аталатын  жинақтарында 
жарияланған материалдарда кездестіреміз. 
Ресей  империясының  саяси  және  экономикалық  мүдделері  
Қазақстанның  батыс  бөлігін  терең  зерттеуге  мәжбүр  етті.  Патша 
үкіметінің  сыртқы  саясатында  қазақ  даласы  ерекше  стратегиялық 
маңызға  ие  болғандықтан  орыс  мемлекетінің  әртүрлі  дәрежедегі 
чиновниктері  қазақ  даласының  отарлануына  байланысты  зерттеу  
еңбектерін  жазды  және  бұл  шығармалар  Орыс  географиялық 
қоғамының Орынбор бөлімінің жинақтарында жарияланды.  
Орыс  зерттеулердің  ішінде  ерекше  атап  өтуге  тұратын  еңбек 
генерал-лейтенант  Н.А.  Крыжановскийдің  Императорлық  Орыс 
географиялық  қоғамының  Орынбор  бөлімінің  ашылу  салтанатында 
айтқан  кіріспе  сөзі  болады.  Генерал-адьютант  Н.А.  Крыжановский 
Ресей  мемлекетінің  қазақ  даласын  зерттеудегі  отаршылдық  мүддесін, 
Қазақстан  байлығын  Ресей  империясының  қажетіне  жаратуға  қызмет 
етуге  бағындыру  керек  деп  ашып  көрсетті.  Осы  мақсатты  жүзеге 
асыруда  Орынбор  өлкесінің  атқаратын  роліне  басты  назар  аударған 
болатын.  Н.А.Крыжановский  Қазақстан  арқылы  Бұқар,  Ташкент, 
Қоқанд  және  Қашғариямен  сауданы  жандандыру,  қазақ  даласында  мал 
шаруашылығын  дамытып,  мал  және  мал  өнімдерін  жәрмеңкелерге 
шығарып сату мәселесіне тоқталды.  
Батыс  Қазақстан  террияториясын  зерттеуге  арналған  еңбектің  бірі 
Торғай  облыстық  басқармасының  кеңесшісі  И.И.  Крафттің  «Принятие 
киргизами  русского  подданства»  деп  аталады.  И.И.  Крафт  қазақ 
халқының  тарихы,  орыс  мемлекетінің  қабылдаған  заңдарын  зерттеу 
арқылы  орыс  мемлекетінің  қазақ  жерін  отарлау  әдісін  толық  ашып 
көрсетіп,  қазақ  жерін  игеру  мәселесіне  байланысты  Статс  Кеңесші 
Кириловқа берілген нұсқауға талдау жасайды.  
Автор  Орынбор  өлкесінің  басшысы  Татищевке  Кіші  жүз  ханы 
Әбілқайырдың  берген  көптеген  уәдесінің  ішінде,  оның  орыс  сауда 
керуендерін қазақ даласы арқылы жүрген кезде тонаудан қорғау туралы 
міндеттеме алғаны туралы мәлімет келтіреді. 
Осы  еңбегінде  И.И.Крафт  1731  жылы  басталып,  134  жылға 
созылған  отарлау  процесінің  Қазақстанның  Ресейге  қосылуымен 

 
22 
аяқталып,  Кіші  жүз  территориясының  Орал,  Торғай,  Сырдария 
облыстары    мен  Астрахань  губерниясының  (Ішкі  Бөкей  Ордасы) 
құрамына енгендігі туралы мәлімет береді.  
Батыс  Қазақстан  жерінде  сауда  қатынастарының  даму  мәселесіне 
қатынасты  И.И.Крафт  ерте  заманда  осы  өлкеден  өткен  керуен  сауда 
жолдарын  қазақтардың  көші-қон  маршруттарымен  байланыстыра 
суреттейді. (34) 
Ф.Лобысевич  1891  жылы  жарияланған  «Киргизская  степь  
Оренбургского  края»  деп  аталатын  зерттеу  еңбегінде  Торғай 
облысының  қазақтарының  өз  елінде  өз  жерін  қоныс  аударушылардан 
сатып  алып,  мал  жаятын  жайылымсыз  қалған  құқысыз  халін  баяндап, 
орыс  мемлекетінің  отарлық  саясатының  мазмұнын  ашып  көрсетеді. 
Сонымен  қатар  Орынбор  өлкесіне  қарайтын  қазақ  даласының  Орал 
және  Торғай  облыстарының  құрамына  еніп,  1845  жылы  Орынбор 
(Торғай)  және    Орал  (Ырғыз)  бекіністерінің  салынуына  байланысты 
Ресей  империясының  Батыс  Қазақстан  жерінде  өз  үстемдігін  толық 
орнатты деген тұжырым жасайды. (35) 
Сөйтіп  бекініс  қалалардың  салынуымен  қазақ  даласына  сауда 
қатынастарының  дамуын  байланыстырады.  Сауданың  дамуындағы 
Орынбор,  Троицк  қалаларының  маңызын  көрсете  отырып,  автор  1869 
жылы  осы  қалалардың    айырбас  сауда  сарайларында  1150  түйе,  1001 
жылқы, 16031 ірі қара, 273823 қойдың  1560208 рубльге сатылғандығын 
мәлімет келтіреді. 
Осы  еңбегінде  Ф.Лобысевич  былай  деп  жазған  болатын:  «Орыс 
өкіметі  қазақ  халқымен  140  жыл  бойы  араласа  отырып,  осы  халықты 
өркениетке  қосу  туралы  ешқандай  әрекет  жасамады».  Бұл  орыс 
чиновнигінің орыс мемлекетінің отарлық саясаты туралы объекті пікірі 
болатын. 
Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің 
хабаршысында  (исвестия  ИРГО)  жарияланған  Н.Середаның  «Из 
истории  волнений  в  Оренбургском  крае»  деген  еңбегінде  Орал 
облысының  Темір  уезінде  Ойыл  бекінісінің  салынуы  туралы  нақты 
деректер келтірілген. Ойыл бекінісі Батыс  Қазақстандағы 1868 жылғы 
реформаға  қарсы  Торғай,  Орал  облысының  қазақтарының  көтерілісін 
басып жаншу және бақылау орнату үшін қажет болған болатын. 
Н.А.Середа  Кіші  жүздегі  1869-1870  жылдардағы  қазақтардың 
көтерілісі  туралы  өз  еңбегінің  соңғы  тарауында:  «Қазақтардың  бас 
көтеруінің  Орынбор  өлкесі  ғана  емес  жалпы  орыс  саудасына 
экономикалық жағынан сансыз қолайсыздық  туғызды» деген тұжырым 
жасайды. (36) 
Қазақ  халқының  тұңғыш  тарихшы  профессоры  С.Ж.Асфендияров 
«Прошлое  Казахстана  в  источниках  и  материалах»  деп  аталатын  2 
томдық  құжаттар  жинағында  және  «Қазақстандағы  1916  жылғы  ұлт-

 
23 
азаттық  көтеріліс»,  «Қазақстан  тарихы»  (1  том)  деп  аталатын 
монографияларында  Қазақстанда  сауда  қатынастарының  дамуына 
байланысты  соны  тұжырымдар  жасап,  өзінің  пікірін  көптеген  архивтік 
деректер  арқылы  дәлелдейді.  С.Ж.Асфендияров:  «Сауда  капиталы 
Қазақстанға  патша  үкіметіне  бағынудан  бұрын  кіре  бастады.  Бұл  Орта 
Азия  капиталы  еді»  деп  атап  көрсеткен  болатын.  Сол  сияқты 
С.Ж.Асфендияров  Күнбатыс  және  Терістік  Қазақстанда  татар  сауда 
капиталының ролінің зор болғандығын, кейінірек Ресей капиталы өзбек, 
татар капиталдарын бағындырып,  оларды өзінің агенті етіп алды деген 
тұжырым  жасады.  Батыс  Қазақстанда  айырбас,  жәрмеңке  сауда 
орталықтары  Ойыл,  Калмыков  жәрмеңкелерін,  Гурьев,  Сламихин, 
Орынбор қаласындағы меновой (айырбас) базарларын болды деп жазған 
болатын.  ХІХ  ғасырдағы  сауда  қатынастарының  ерекшелігі  ретінде 
С.Ж.Асфендияров    «Қырдағы  сауда  капиталының  агенттері  қазақтың 
шала  феодалдық  байлары  бола  бастады.  Онан  соң  оларға  делдал 
(алыпсатар  С.А.)  сияқты  ұсақ  саудагерлер  келіп  қосылды.  Қазақ 
бұқарасы  сауда  капиталына  кіріптар  болды.  Отарлау  жолымен 
шикізаттарды  елден  сығып  алу  қазақ  еңбекшілерін  қанауға  салды.  Бұл 
талаудың  басшысы  патша  өкіметі  мен  оның  жәрдемінде  тұрған  Ресей 
капитализмі болды»  деген болатын. (37) 
1947  жылы  М.П.Вяткиннің  «Сырым  батыр»  деп  аталатын  ғылыми 
монографиялық  еңбегі  жарық  көрген  болатын.  Кіші  жүздегі  Сырым 
Датов  бастаған  (1783-1797)  көтерілістің  себептерін  толығымен  ашып 
көрсете  отырып  М.П.Вяткин  ХҮІІІ  ғасырдың  соңындағы  қазақ 
қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайына терең талдау жасайды. 
Екі  тараудан  тұратын  осы  еңбектің  бірінші  тарауында  автор  Кіші  жүз 
қазақтарының  шаруашылық  және  әлеуметтік  құрылысы  туралы  құнды 
мәліметтерді баяндайды. 
Кітаптың  «Қазақтардың  ХҮІІІ  ғасырдағы  шаруашылығы»  деп 
аталынатын  тарауында  М.П.Вяткин  Кіші  жүзде  сауда  қатынастарының 
дамуы  туралы  деректер  келтіреді.  Осы  кезеңдегі  қазақ  даласында 
айырбас  саудасының  орталығы  ретінде  Орынбор,  Гурьев  және  Орал 
қалашықтарының  қалыптасқаны  жөнінде    тұжырым  жасайды  және 
сауданың  орыс  отаршылығы  –  колониалдық  сипатын  нақты 
фактілермен дәлелдейді. Сонымен қатар зерттеуші ғалым ХІХ ғасырдың 
бас кезінде көпес-қазақтардың пайда болып, олардың Орынбор, Троицк 
қалаларында өте көп товарларды сатып алып, қазақ ауылдарында сатып 
байығандығы туралы құнды мәліметтер береді. Сөйтіп қазақ даласында 
ХҮІІІ ғасырдың аяғында, ХІХ   ғасырдың бірінші  жартысында  айырбас 
сауданың  орныққаны  туралы  өз  пікірін  нақты  деректермен  негіздейді. 
(38) 
Бөкей  ордасындағы  Исатай  бастаған  көтерілістің  ірі  зерттеушісі 
А.Ф.Рязанов  «Восстание  Исатая    Тайманова»,  «Сорок  лет  борьбы  за 

 
24 
национальную  независимость  народа  (1797-1838    г.г.)»  деп  аталатын 
ғылыми  зерттеу  еңбектерінде    Орынбор  облыстық  архивінің  қорынан 
Ішкі  Бөкей  Ордасында  сауда  қатынастарының  дамуына  қатынасты 
көптеген құнды деректерді ғылыми айналымға қосты.  
Ішкі  Бөкей  Ордасында  айырбас  және  жәрмеңке  саудасының  әсері 
туралы А.Ф.Рязанов: «Бөкей Ордасы жан-жағынан орыстың отырықшы 
жұртымен қоршалып, олар қазақ халқының тұрмысына сөзсіз әсер етті» 
деп атап көрсеткен болатын.  
Жәңгір  ханның  өз  ордасында  жәрмеңке  ашуына  байланысты 
А.Ф.Рязанов  мынадай  тұжырым  жасайды:  «Орыс  жәрмеңкелерінде 
сатылған  мал  Жәңгір    ханға  ешқандай  табыс  келтірмеді.  Сондықтан 
сауда  капиталының  қанауынан  қазақ  халқын  қорғамақ  болған  хан  өз 
ордасынан 
жәрмеңке 
ұйымдастырып, 
Орда 
халқының 
орыс 
жәрмеңкелеріне  мал  сатуына  тиым  салды».  Сонымен  қатар 
А.Ф.Рязанов:  «Ордадағы  ішкі  сауда  негізінен  старшындар  мен 
татарлардың қолында болды да, солар арқылы орыстың сауда капиталы 
Ордаға ене бастады» деп сауда саласындағы өзгерісті дәл атап көрсетті. 
Қазіргі 
кезде 
А.Ф.Рязанов 
ғылыми 
айналысқа 
қосқан 
материалдарды 
Ішкі 
Бөкей 
Ордасында 
сауданың 
дамуының 
динамикасын  көрсететін  анықтамалық  мәліметтер  қатарына  қосуға 
болады. (39) 
Е.Бекмахановтың  «Қазақстан  ХІХ  ғасырдың  20-40  жылдарында» 
деген  атпен  1947  жылы  профессор  М.П.Вяткиннің  жалпы 
редакциялауымен  жарық  көрген  манографиясында  қазақтардың  ХІХ 
ғасырдағы  шаруашылығы,  әлеуметтік  жағдайы,  Қазақстан  мен  Ресей 
арасындағы  байланыс,  Орта  Азия  хандықтарымен  қарым-қатынас 
баяндалады.  Осы  монографияда  Е.Бекмаханов  бекініс  қалалардың 
салыну  тарихына  тоқталып,  олардың  батыс  Қазақстанда  сауда 
қатынастарының  дамуына  тигізген  әсерін  өте  дұрыс    ашып  көрсете 
білді. Сонымен қатар ол қазақ тарихшыларының арасында алғашқы рет 
Ресейдің  қазақ  даласымен саудасындағы  Орынбор қаласының атқарған 
ролін  өте  дәл  айтқан  болатын.  Автор  Қазақстанның  Ресеймен  арадағы 
айырбас сауда жасауы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында кеңінен өріс 
алғанын  толық  дәлелдеді.  Сонымен  бірге  Қазақстанның  Ресейдің  Орта 
Азиямен  сауда  жасауында  атқарған  транзиттік  ролін  архивтік 
деректермен  толық  ашып  көрсете  білді.  Қазақстан  жерінде  сауда 
қатынастарының дамуында керуен сауда жолдарының маңызын ерекше 
атап көрсете отырып, оның ішкі сауданың дамуына тигізген әсеріне баса 
назар  аударды.  Сөйтіп  Е.  Бекмаханов  ішкі  сауданың  алғашқы  кезде 
айырбас  сипатында  болғанын  нақты  деректермен  көрсетті.  Сонымен 
қатар ол қазақ даласында саудагерлердің қалыптаса  бастағанын жазған 
болатын. 

 
25 
Сауда  қатынастарының  дамуына  байланысты  Е.  Бекмаханов  ХІХ 
ғасырдың  орта  тұсында  қазақтардың  арасында  жаңа  әлеуметтік 
мағынаға  ие  болған  сауда  мен  өсімқорлық  ақшаға  байланысты 
қалыптасқан ерекше қоғамдық топ бай-феодалдардың қалыптасқандығы 
туралы  тұжырым  жасайды.  Бұл  қазақ  буржуазиясының  қалыптасуына 
байланысты  айтылған  жаңа  пікір  болатын.  Қазақтар  арасында  бай-
феодалдардың  керуен  саудасымен  айналысқандығы  туралы  соны 
деректерді осы еңбектен кездестіреміз. 
Е.  Бекмаханов  феодалдық  құрылыстың  қойнауында  пайда  болған 
әлеуметтік  топ  –  бай-феодалдарды  қазақтардың  экономикалық 
өміріндегі жаңа құбылыс ретінде есептеді, сол арқылы қазақ қауымында 
сауда  қатынастарының  біртіндеп  дамып,  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысында қарқынды дамығанын сипаттады. (40) 
Батыс Қазақстанда сауда қатынастарының даму мәселесіне тікелей 
қатынасы  болмағанымен,  осы  территорияда  қазақ  руларының 
орналасуы,  көші-қоны  туралы  мәліметтер  В.Востров  пен  М. 
Мұқановтың  «Қазақтардың    ру  тайпалық  құрамы  мен  орналасуы» 
(родоплеменный  состав  и  расселение    казахов),    М.Мұқановтың 
«Этническая  история  казахов»  деп  аталатын  еңбектерінде  кеңінен 
баяндалады.  Бұл  еңбектердің  құндылығы  ХІХ  ғасыр  мен  ХХ  ғасырлар 
тоғысында Орал, Торғай облыстары мен Бөкей Ордасы және Маңғыстау 
уезінің  территорияларында  қазақтардың  орналасуы  туралы  толық 
мәліметтер  келтіріледі.  Сонымен  қатар  Батыс  Қазақстанда  орналасқан 
Кіші жүз руларының негізгі кәсібі, көші-қон маршруттары берілген. Біз 
үшін  әсіресе  басты  назар  аударатын    нәрсе  –  Батыс  Қазақстан 
территориясымен    өтетін  керуен  сауда  жолдары  арқылы  кіші  жүз 
руларының  ХІХ  ғасырда  Ресей  және  Орта  Азия  арасын  жалғастырып, 
сауда  қатынастарының  дамуы  туралы  берілген  деректер  болып 
табылады. (41) 
Қазақ  даласында  жергілікті  қазақ  байларының  әлеуметтік 
жағдайының өзгеріске ұшырауы, қазақ саудагерлерінің  пайда болуына 
арналған  зерттеу  еңбектері  өте  аз.  Бұл  тақырып  ғалымдардың 
зерттеулерінде  тек  жанама  түрде  қарастырылды.  Революцияға  дейін 
(1917  ж.)  қазақ  байларының  арасынан  жаңа  сауда  буржуазиясының 
қалыптаса  бастағаны  туралы    өз  еңбектерінде  П.П.Румянцев  және 
А.Дорофеев  жазып,  қазақ  байларының  бұрынғы  экономикалық  ролінің 
өзгергенін көрсетуге тырысты. 
Қазақ ауылдарында бұрынғыдай тұйық (натуралдық) көшпенді мал 
шаруашылығынан,  жаңа  рынок  жағдайына  бейімделген  байлардың 
әлеуметтік  түрінің  пайда  болғандығын  Ғ.Тоғжанов  «Казахский 
колониальный  аул»  деген  еңбегінде  жазған  болатын.  Зерттеуші  ғалым  
С.Толыбеков  «Кочевное  общество  казахов  в  ХҮІІ  начале  ХХ  века  
(Қазақтардың  ХҮІІ  ғасыр  мен  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  көшпенді 

 
26 
қоғамы)»    деп  аталатын  еңбегінде  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында 
қазақ  байларының  қоғамдағы  ролінің  күшейе  түскендігін,  басқа  да 
себептермен  бірге,  Қазақстанда  товар-ақша  қатынастарының  дамуына 
орай  деп  топшылайды.  Сонымен  қатар  С.Толыбеков  капиталистік 
қатынастардың  орнай  бастауына  байланысты  қазақ  байларын  ХІХ 
ғасырдың орта тұсынан бастап жаңа әлеуметтік категория деп есептейді.  
Кеңестік дәуірде жазылып, орыстардың қазақ өміріне прогрессивтік 
ықпалын,  заман  талабына  сәйкес,  асыра  мақтауға  көбірек  жол 
берілгенімен  тарихшы  Т.Ж.Шойынбаевтың  «Добровольное  вхождение 
казахских земель в состав России» деген еңбегінде қазақ жерінде сауда 
қатынастарының 
дамуы 
туралы 
құнды 
деректер 
кездеседі.  
Т.Ж.Шойынбаев  қазақ  даласында  бұрынғы  малы  көп  байлардың  Ресей 
товарлы  өндірісінің  шикізат  қажеттілігі  үшін  мал  және  мал  өнімдерін 
базарға  апарып  сатып,  жаңа  әлеуметтік  топқа  айнала  бастағанын 
нақтылы деректермен негіздейді.  
Сонымен  қатар  билік  иелерінің  сауда  ісімен  айналысудың 
пайдасын  ерте  түсінгендігін  дәлелдейді.  Ішкі  Бөкей  Ордасының 
билеушісі  Жәңгір  ханның  сауда  ісімен    тұрақты  түрде  айналысқаны 
туралы құнды деректерді баяндайды. (42) 
Қазақ  даласында  мал  мен  мал  өнімдерін  шикізат  ретінде  саудаға 
салу  реформалық  (1868  Ж.)  кезеңде  күшейе  түсіп,  қазақ  байларының 
саудамен айналысып пайда тапқанын  С.Сүндетов ерекше атап көрсетті. 
Қазақ  рулары  белгілі  бір  кеңістікті  мекендеген.  Қоныстану 
ареалына  байланысты  рулардың  негізгі  шаруашылығының  сипаты 
анықталды,  сонымен  қатар  көрші  елдермен  сауда  қатынастарының 
формасы  қалыптасатыны  белгілі.  Осы  тұрғыдан  Н.Е.  Бекмаханованың 
ХҮІІІ  ғасыр  мен  1917  жылдар  арасын  қамтитын  зерттеу  еңбектерінде, 
біздің  ғылыми  жұмысымыздың  мазмұнын  ашатын  көптеген  құнды 
мәліметтер 
кездеседі. 
А.Е.Бекмаханованың 
«Формирование 
многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии» деген 
монографиясында  Батыс  Қазақстан  халқының  ұлттық  құрамы  мен  өсу 
динамикасына  арналған  жеке  тарау  бар.  Автор  сол  кездегі  әкімшілік 
бөлінуге  сәйкес  Орынбор    қазақтары  облысы,  Бөкей  Ордасы,  Орал 
казактарының  әскери  территориясындағы  халық  құрамын  анықтаумен 
қатар,  көп  ұлтты  Батыс  Қазақстан  халқының  шаруашылығы,  сауда 
қатынастарының  дамуы  туралы  нақты  статистикалық  деректер 
келтіреді. 
Н.Е.Бекмаханова  өзінің  ХІХ  ғасырдың  ортасы  мен  1917  жыл 
арасын  қамтитын  екінші  еңбегінде  халық  демографиясына  ықпалын 
тигізген факторларға ерекше көңіл бөледі. Осы мәселелер ішінде Батыс 
Қазақстанда  сауда  қатынастарының  дамуына  да  ерекше  назар 
аударылған. (43) 

 
27 
Тарихшы  Ж.Қасымбаев  «Казахстан-Китай:  караванная  торговля  в 
начале ХІХ – начале ХХ веков  (Қазақстан – Қытай. ХІХ ғасырдың басы 
мен  ХХ  ғасырдың    басындағы  керуен  саудасы)»    деп  аталатын 
монографиялық еңбегінің біздің  тақырыбымызға  жанама  қатынасы бар 
екендігін атап өтуіміз керек. Ж.Қасымбаев осы монографиясында Ресей 
мемлекетінің  сауда  саясатын  терең  ашып  көрсетіп,  керуен  саудасының 
маңызына тоқталып, шекаралық сауданың өсу динамикасы, көлемі мен 
құрылымына  талдау  жасайды.  Осы  тұрғыдан  Қазақстанның  Батыс 
өңірінде  сауда  қатынастарының  дамуына  Орынбор  айырбас  сауда 
орталығының  атқарған  ролін  архивтік  деректер  арқылы  дәлелдейді. 
Сонымен қатар Петропавловск, Семей сауда орталықтарының дамуына 
байланысты  Орынбор  айырбас  сауда  орталығының  ХІХ  ғасырдың 
аяғына  таман  өзінің  маңызын  жоғалта  бастағаны  туралы  мәліметтер 
келтіреді.  Ж.Қасымбаевтың  осы  монографиясы  Қазақстанда  сауда 
қатынастарының даму тарихына арналған іргелі еңбек болып табылады. 
Осы  еңбекте  ХҮІІІ-ХІХ  ғасырда  Қазақстан  жерінде  салынған  бекініс 
қалалардың  кейіннен  ірі  сауда  орталықтарына  айналуының  саяси-
әскери,  шаруашылық  тұрғысынан  алғышарттары  нақты  көрсетілген. 
(44) 
Кіші  жүз  ханы  Әбілқайырдың  саяси  өмірбаянына  арналған 
И.В.Ерофееваның  «Хан  Абулхаир:  полководец,  провитель  и  политик» 
(Әбілқайыр  хан:  қолбасшы,  билеуші  және  саясатшы)  деген 
монографиялық  еңбегінде:  «Ұзақ  тарихи  мерзім  бойында  орыстардың 
Қазақстанның  көшпенді  тұрғындарымен  өзара  байланысында  сауда 
ерекше  орын  алды»  деп  атап  көрсеткен  болатын.  Автор  Ресей 
империясының Кіші жүзді өз қарамағына алуының көп себептерінің бірі 
ретінде  қазақ  сұлтандары  мен  ру  басыларының  орыс  саудагерлерінің  
керуендерін өзіне қараған жерлерде тонаудан қорғап, жолбасшы болуға 
міндеттенуі  деп  жазды.  Осы  еңбектің  ең  құнды  деректерінің  бірі  Кіші 
жүз ханы Әбілқайырдың өтініші бойынша Ор өзенінің бойында бекініс 
салынып,  осы  қаланың  қазақтардың  орыстармен  айырбас  саудасының 
орталығына  айналды  деген  тұжырым  болып  табылады.  Монографияда 
Орынбор  қаласының  негізінің  салынуы,  оның  шекаралық  ең  ірі  сауда 
орталығына  айналуы  туралы  архивтік  мәліметтер  келтірілген. 
Орынборға орыс және шетел саудагерлерін көп келтіру үшін алғашқы 3 
жыл бойы сатылған товардан салық алмау туралы шешім қабылданып, 
ол  мерзім  1736  жылы  тағы  да  6  жылға  ұзартылғаны  туралы  Сенат 
шешімі шығарылған. Сондай-ақ орыстың  кәсіби саудагерлерімен қатар 
башқұрт,  қазақ,  қарақалпақ,  калмақтарға  Орынбор  қаласына 
қоныстанып,  сауда  жасауға  және  түрлі  кәсіппен  айналысуға  рұқсат 
етілді деген мәліметтер архивтік құжаттармен бекітілген. (45) 
Белгілі  тарихшы  Рысбеков  Т.З.  «Этюды  истории  родного  края» 
деген  атаумен  2002  жылы  жарық  көрген  еңбегінде  ХІХ  ғасырда  қазақ 

 
28 
байларының  арасынан  жаңа  әлеуметтік  топ  –  саудагер  сұлтандардың 
пайда  бола  бастағанына  назар  аударады.  Жәңгір  хан  жәрмеңкесінің 
жұмыс  жасауына  байланысты  зерттеуші  Ішкі  Бөкей  Ордасында  әрбір 
рудан бір-бірден хабаршы (вестовой) тағайындалып, олардың санының 
14  болғанын  көрсете  келіп,  олардың  саудагерлермен  халықтың 
арасында  байланыстырушы  роль  атқарғанын    атап  көрсетеді.  Сөйтіп 
Ішкі  Бөкей  Ордасында  халықтың  сауда  қатынастарына  бейімделе 
бастағанын дәлелдейді. 
Т.Рысбеков сонымен бірге ХІХ ғасырдың аяқ кезінде Орал-Саратов 
темір 
жолының 
салынуына 
байланысты 
Орал 
облысының 
территориясында  сауда  қатынастырының  даму  қарқынының  өсе 
түскенін,  Ресей  товарларының  жедел  түрде  Оралға  жеткізіліп,  өндіріс 
товарларының  Ойыл,  Темір  және  Орда  жәрмеңкелеріне  таратылғанын, 
сөйтіп  ХХ  ғасыр  басында  Орал  қаласының  Қазақстанда  ірі  сауда  
орталығына айналғандығы, сөйтіп Орал қаласындағы сауда орындарының 
товар  айналымының  1913  жылы  18,5  млн.  рубль,  1915  жылы  31,7  млн. 
рубльге  жеткені, ал  Оралдағы банк филиалының ақша айналымы 54 млн. 
436 мың рубль болғаны туралы деректер келтіреді. (46) 
В.Галиевтің «Казахстан в системе Российско - Китайских  торгово-
экономических отношении в Синьцзяне  конец ХІХ   -  начало ХХ века» 
(Синьцзяндағы  Ресей  –  Қытай  сауда-экономикалық  қатынастар 
жүйесіндегі  Қазақстан)  деген  еңбегінде  сауда  қатынастарының  заңдық 
негіздері, кедендік қызмет, көпестер мен саудагерлер сияқты мәселелер 
мен ұғымдарға түсінік беріледі. 
Еңбек  сауда  қатынастарының  осы  теориялық  және  практикалық 
мәселелерге  терең  талдауы  жағынан  құнды  болып  есептелінеді.  Автор 
Қазақстандық  көпестердің  Ресей  товарымен  сауда  жүргізетін  делдал 
ретінде  және  жеке  саудагер  ретінде  мал  және  мал  өнімдерін  сатумен 
айналысуын  ерекше  құбылыс  ретінде  қарастырады.  Сөйтіп  қазақстандық 
саудагерлердің Ресей товарлары рыногының жаңа аймақтарды игеру және 
кеңею процесіндегі маңызды ролін көрсете білді. (47) 
Батыс  Қазақстан  халқының  демографиялық  мәселелерін  зерттеген 
тарихшы ғалым М.Сдыков  «История населения Западного Казахстана» 
(Батыс  Қазақстан  тұрғындарының  тарихы)  деген  монографиялық 
еңбегінде  Торғай  облысының  Ырғыз,  Ақтөбе  уездерінде,  Орал  облысы 
мен  Маңғыстау  уезінде  халықтың  орналасуы,  өсу  динамикасын 
қарастыра отырып жеке уездер бойынша ХІХ ғасырда Батыс Қазақстан 
халқының  құрамына  демографиялық  талдау  жасайды.  Қазақстанның 
батыс  бөлігінің  отарлану  нәтижесінде  халықтың  ұлттық  құрамының 
өзгеруін,  оның  әлеуметтік-экономикалық  өмірдегі  көрінісін  архивтік 
деректер,  статисткалық  мәліметтер  негізінде  анықтайды.  М.Сдыков 
еңбегінде  Батыс  Қазақстан  территориясын  құрайтын  уездердің 
халқының  құрамында  сауда  ісімен  айналысқан  адамдардың  сандық 

 
29 
көрсеткіші    мемлекеттік  санақ    материалдары  және  ағымдағы  ресми 
мәліметтерді    талдау  арқылы  дәлдікпен  көрсетіледі.  Уездердегі  саяси-
экономикалық өзгерістерге сай қалалар мен уездердегі ұсақ саудагерлер 
мен  ірі  көпестердің  санының  өсу  динамикасы  мұқият  талданады. 
Еңбектің біз үшін басты құндылықтарының бірі – Батыс Қазақстандағы 
қазақ  және  қоныс  аударушы  басқа  халықтардың  үлес  салмағының 
өзгеру  динамикасы  сауда  кәсібімен  айналысатын  адамдар  санының 
өзгеруімен  қоса  талданып,  аймақтағы  саудагерлердің  санының  басқа 
кәсіп  иелерімен  салыстырылып,  олардың  үлес  салмағының  дәл 
анықталып көрсетілуінде болып табылады. 
Сонымен  қатар  М.Сдыков  еңбегінде  нақты  дерек  көздері  арқылы 
Қазақстанның  батысында  қалыптасқан  керуен  сауда  жолдарының 
маршруттары көрсетіледі. Орал, Торғай облыстарында салынған бекініс 
қалаларының  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  ірі  сауда 
орталықтарына айналғаны туралы мәліметтер келтірілген. (48) 
Ішкі  Бөкей  Ордасында  сауда  ісінің  даму  мәселесін  1917  жылғы 
Қазан  революциясынан  кейін  алғашқылардың  бірі  болып  Сейітқали 
Меңдешев  өзінің  «Бөкей  қазақтарының  1916  жылғы  көтерілісі»  деген 
көлемді  мақаласында  көтерген  болатын.  Осы  мақалада  С.Меңдешев 
Бөкей  хан  және  Жәңгір  хан    тұсында  Ішкі  Бөкей  Ордасында  сауда 
қатынастарының  дамуына  өз  ықпалын  тигізген  жағдайларға  тоқталып, 
Хан ордасы, Жаңа  қала, Талөкпе,  Азғыр сияқты  поселкелердің Ресейге 
жақын  болғандығы  Ішкі  Бөкей  Ордасында  сауда  қатынастарының 
дамуына зор әсерін тигізді деген тұжырым жасайды. Қазақтардың алғаш 
сауда  ісімен  айналысуы  туралы  мәліметтер  бере  отырып,  С.Меңдешев 
қазақтар  әуелі  орыс  пен  татар  саудагерлеріне  тері-терсек,  жүн-жырқа 
жинап  беруші,  солардың  саудасын  елге  таратушы  агент  болып 
істегендіктерін  атап  көрсеткен  болатын.  Қазақтардың  ішінде  жаңа 
әлеуметтік  топтың  пайда  болуына  байланысты  автор:  «Қазақтар  одан 
соң  сауданы  өз  ақшасымен  жасай  бастады.  Бұлардың  ісі  көбіне  араға 
жүру  (делдал)  болды.  Байлар  да  сауда  істеді,  үлкен  алушыларға  көп-
көптен  мал  және  мал  шаруашылығының  өнімдерін  жеткізіп  тұрды»,  - 
деп жазды. (49) 
Қазақ  жерінің  патша  үкіметі  тарапынан  отарлануына  арналған 
Телжан Шонановтың 1923 жылы  жазылып, 1926 жылы Қызылордада 3 
мың  таралыммен  шыққан  «Қазақ  жер  мәселелерінің  тарихы»  деп 
аталатын  құнды еңбегінде (екінші рет 1995 жылы  «Санат» баспасынан 
тарих 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор 
Ә.С.Тәкеновтің 
дайындауымен  басылып  шықты)  қазақ  жерінде  қамалдардың  салынып, 
олардың біртіндеп сауда орталығына айналуы туралы көптеген деректер 
келтірілген. Автор сауда капиталын қорғап, Орта Азияда оның мерейін 
үстем  қылуға  патша  үкіметінің  Жайық,  Ертіс  сияқты  қазақты  қоршап 
жатқан  өзендерді  қуалай  шеп  тартып,  қамал  орнатып,  атты  казакты 

 
30 
отырғызып  қазақтың  жерін  тартып  алғанын  нақты  мәліметтермен 
дәлелдеді.  Сонымен  қатар  автор  «Әбілқайырға  берілген  19  ақпандағы 
грамотада  орыс  үкіметінің    «Орыс  керуенін      қорғайсың»  деген  сөзі  – 
саудашыл  капитал  қазақ  жерін  шыға  көшіп,  кіре  жайласын  деген  сөзі 
еді»  деп тұжырымдайды.  
Қазақ даласының сауда капиталының қолына  ауып келе  жатқанын 
1743  жылы  Орынборда,  1750  жылы  Тройцкіде  сауданы    ұлғайту  үшін 
мұнанайлар  (меновой  двор)  салынып,  беріректе  айрықша  жағдай 
жасалғаннан кейін, 1748-1755 жылдар арасында қазақ даласынан 50 пұт 
алтын,  5  мың  пұт  күмістің  Ресей  жеріне  алынғаны  туралы,  мәліметтер 
арқылы толық ашып көрсетеді. (50) 
Ресей    Мемлекеттік  Думасының  депутаты,  мемлекеттік  қайраткер 
Бақытжан  Қаратаев  «Обзор  материалов  из  истории  колонизации 
казахского  края  в  1869  году  и  в  начале  1870-х  годах»  деп  аталатын 
еңбегінде  Батыс  Қазақстанда  ХІХ  ғасырдың  60-70  жылдарындағы 
оқиғаларға  терең  талдау  жасайды.  Б.Қаратаев  архив  материалдары 
негізінде және «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару 
туралы  Ережеге»  сүйене  отырып,  Батыс  Қазақстандағы  осы  кезеңде 
қалыптасқан  аграрлық,  өндірістік,  сауда  қатынастары  мен  қазақтардың 
саяси құрылысын олық суреттейді. Б.Қаратаев Н.А.Середа және Юр-ко 
сияқты  авторлардың  пікірін  салыстыра  отырып,  патша  үкіметінің 
саясатын әшкерелеп, Уақытша Ереженің отарлық мәнін ашып көрсетеді.  
Б.Қаратаев  осы  еңбегінде  қазақ  даласында  сауданың  даму  деңгейі 
өте  төмен    болды  деген  тұжырым  жасай  отырып,  қазақтардың 
алғашқыда  орыс  жерінде  ашылған  жәрмеңкелерде  өз  малдарын  және 
мал  өнімдерін  орыс,  хиуа,  бұхар  товарларына  алмастырып,  көрші 
елдердің саудагерлерінің қатаң қанауына душар болғанын, қазақтардың 
ақша  жинау,  өсімқорлықпен  айналысу  туралы  түсінігінің  болмағанына 
назар  аударады.  Сөйтіп  автор  орыс  капиталының  отаршылық  сипатын 
дәлелдеген болатын. (51) 
Iшкі  Бөкей  Ордасында    сауда  қатынастарының  дамуы  және 
жергілікті  сауда  буржуазиясының  қалыптасуы  туралы  мәліметтер 
С.Зимановтың  «Россия  и    Букеевское  ханство»  (Ресей  және  Бөкей 
хандығы) деген еңбегінде кеңінен талқыланған. С.Зиманов 1832 жылдан 
бастап  ашылған  Жәңгір  хан  жәрмеңкесінің  товар  айналымдары, 
жәрмеңкеде    сатылған  қазақтардың  мал  және  мал  өнімдері  туралы 
мәліметтер  келтіреді.  Сонымен  қатар  Бөкей  Ордасындағы  қазақтардың 
көршілес  Астрахан,  Саратов  және  Орал  қалаларындағы,  Булхон  және 
Жаңаөзендегі  жәрмеңкелерде  сауда  жасағандарын  нақты  деректермен 
дәлелдейді.    Ішкі  Бөкей  Ордасында  сауданың  дамуына  байланысты 
қазақтардың  шаруашылығы  мен  тұрмысындағы  өзгерістерді    де  атап 
көрсете  білді.  Сөйтіп  Ішкі  Орда  қазақтарының  кірпіштен,  ағаштан 
түрғын  үйлер  салуы,  бөгеттер  салып  егіншілік  мәдениеттінің  дамуы, 

 
31 
Жәңгір хан бастамасымен мал тұқымдарын  асылдандыруға көңіл бөле  
бастағанын  автор  елдің  жаңа  заман  ыңғайына  бейімделе  бастауы  деп 
бағалады  және патша үкіметі мен Жәңгір хан саясаты нәтижесінде Ішкі 
Бөкей  Ордасында  саудамен  айналасатын  жергілікті    халықтың  ерекше 
тобының  қалыптасқанын  архив  деректері  мен  Бөкей  Ордасын 
зерттеушілердің  еңбектерінде  жарияланған  материалдарының  негізінде 
дәлелдеді. 
С.Зиманов:  «Ресейдің  қазақтардың  патриархалдық-феодалдық 
экономикалық өмірінің құрылымына тигізген әсері өте маңызды болды, 
бірақ оны асыра бағаламау керек»  деп жазған болатын. (52) 
Қазақстан  тарихының  шет  елдік  тарихнамасы  туралы  құнды 
еңбектің  авторы  К.Есмағамбетовтың  «Қазақтар  шет  ел  әдебиетінде» 
деген монографиясында ағылшын, неміс, француз тілдерінде шет елдік 
ғалымдар, саяхатшылардың әр жылдарда жарияланған Қазақстан, қазақ 
халқы туралы зерттеулері жинақталған. (53) 
Осы  еңбекте  Қазақстанда  сауда  қатынастарының  дамуы  туралы 
шыншыл  мәліметтер  көптеп  кездеседі.  Батыс  Қазақстанда    сауданың 
дамуына  тікелей  әсерін  тигізген  Орынбор,  Троицк  айырбас 
сарайларында  сатылған  қазақ  малдарының  саны  туралы  мәліметтерді 
осы  кітапқа  енген  Ю.Скайлердің  «Түркістан.  Орыс Түркістаны,  Қоқан, 
Бұхара және Құлжаға саяхат жазбалары. Лондон. 1876» деген кітабынан 
үзіндіде кездестіреміз. 
Профессор  М.Б.Олкотт  «1739  жылы  маусымда  Орынбор 
экспедициясын 
басқарып, 
Татищевтің 
орнына 
келген 
князь 
В.А.Урусовтың  негізгі  міндеті  сауда  жүргізудегі  қолайсыз  жағдайды 
түзету  болды»  деген  тұжырым  жасаған.  Сонымен  қатар  Марта  Олкотт 
«Ресейдің Орта Азиядағы жағдайы басқа да өркениетті мемлекеттердің 
әлеуметтік  ұйымы  жоқ  жартылай  жабайы  көшпелі  халықпен 
байланысқа  түскен  кездегі  позициясына  ұқсайды.  Мұндай  жағдайда 
неғұрлым  өркениетті  мемлекеттер  өзінің  шекаралары  мен  сауда 
қатынастарының  қауіпсіздігі  мақсатында  тұрақсыз  мінезді  жайсыз 
көрсететіні  болып  тұратын  жәйт»  деп  жазған  болатын.  М.Б.Олкоттың 
«Қазақтар»  деп  аталатын  еңбегін  де  осы  кітапқа  енген    өте  құнды 
шығармалар қатарына жатқызуға болады. 
Батыс  Қазақстан  территориясында  бекініс  ретінде  қалыптасып 
сауда  орталығына  айналған  Орал  қаласының  тарихына  арналған 
бірнеше  тарихи  өлкетану  сипатында  жарияланған  еңбектер  бар.  Орал 
қаласының  ежелгі  тарихына  арналған  «Этюды  древней  истории 
степного  Приуралья»  деп  аталатын  кітабында  Ғазиз  Кушаев  Жайық 
қалашығы  1613  жылы  салынған.  Бірақ,  ХҮІІ  ғасырға  дейін  Жайық 
қалашығының  қазіргі  орнында  көне  қала  болғанын,  ол  қаланың  ХІ 
ғасырда  негізі  салынғаны  туралы  болжам  айтады.  А.Белый  «На  краю 
Руси»  деген  мақаласында  Орал    қаласының  негізінің  салынуы  туралы 

 
32 
әртүрлі    үш  мерзімді  атап  көрсетеді.  1584-1586  жылдары  «Көгілдір 
қалашық»  деп  аталатын  елді  мекенді  қашқын  қазақтар  Елек  өзенінің 
Жайыққа құятын сағасына салып, кейінірек ХҮІІ ғасырдың бас кезінде 
(1601) казактар өз қаласын Кирсанов жарының қасына көшіріп, қаланы 
Кирсанов  қалашығы  деп  атаған.  Бірақ,  қолайсыз  жерге  салынғанына 
байланысты 1613 жылы қала жаңа жерге ауыстырылып Шаған өзенінің 
бойына салынған жаңа қала «Жайық қалашығы» деген атауға ие болған 
деген  тұжырым  жасайды.  Сонымен  қатар  автор  Жайық  қалашығының 
сауда 
орталығына 
айналып, 
қаланың 
саудагер-көпестерінің 
қалыптасқандығы  және  ХІХ  ғасырдың  70  жылдары  Жайық  өзені 
арқылы сауда кемелерінің жүре бастағаны туралы мәлімет береді.  (54) 
Орал  қаласында  сауданың  дамуы  туралы  біршама  деректерді 
Э.Герасимованың  еңбегінен  кездестіреміз.  Автор  1897  жылғы  санақ 
мәліметтеріне  сүйене  отырып,  Орал  қаласының  тұрғындарының 
әлеуметтік құрамына талдау жасай отырып, ХІХ ғасырдың аяғында қала 
мен  облыста  саудагерлердің  үлкен  тобының  қалыптасқандығы  туралы 
тұжырымға  келеді.  Сонымен  қатар  Орал  қаласының  үлкен  сауда 
орталығына  айналып, керуен сауда жолдарының бойына  орналасқанын 
нақты деректермен дәлелдейді. Автор ХІХ ғасырдың  аяқ кезінде Орал 
қаласының балық және астық сауда орталығы  болғанын, ХХ ғасырдың 
басында Оралда банк жүйесінің қалыптаса бастағаны туралы мәліметтер 
келтіреді.  Еңбекте  Орал  облысының  Гурьев,  Темір,  Калмыков 
уездерінде  жәрмеңке  және  тұрақты  сауда  түрлерінің  дамуына  талдау 
жасалынады.  Э.И.Герасимова  Батыс  Қазақстанда  Темір,  Ойыл 
жәрмеңкелері  және  Гурьев  жәрмеңкелерінің  ашылып,  жергілікті 
қазақтардың мал және мал өнімдерін өздерінің тұрған жерлеріне жақын 
жәрмеңкеге  әкеліп  өткізулеріне  байланысты  Орал  қаласында  сауда 
айналымының  азая  бастағанын  ерекше  атап  көрсетеді.  Осы  еңбекте 
қазақ  байларының  саудамен  айналысып,  саудагер-көпестерге  айнала 
бастағаны  туралы  тұжырым  жасалынады.  Автор  сонымен  бірге  қазақ 
алыпсатарларының қалыптасу процесіне де басты назар аударады. (55) 
Орал  облысында  сауданың  дамуы  туралы  жанама  мәліметтерді 
халық  шаруашылығын  есепке  алудың  облыстық  басқармасы  ХХ 
ғасырдың жиырмасыншы жылдарында тұрақты түрде 1930 жылға дейін 
шығарған    анықтамалық-статискалық  сипаттағы    «Урало-Каспиский 
край»  деп  аталатын  жинақтан  табуға  болады.  Осы  жинақта  тарихи-
өлкетанушылық 
сипаттағы 
материалдар 
жарияланып 
тұрды. 
Өлкетанушы зерттеушілер  К.В.Данилевский және  Е.В.Рудницкий Орал 
облысының  құрылған  кездегі  шекарасы  туралы  мәліметтерді 
жариялаған. Зерттеушілер Орал өңірінің отарлануы туралы мәліметтерді 
талдай  отырып,  осы  облыстың  қазақ  даласында  ашылған  Темір,  Ойыл 
жәрмеңкелер жөнінде деректер келтіреді. (56) 

 
33 
Орал  облысының  әскери-казактар  территориясындағы  сауда 
қатынастарының  дамуына  қатынасты  біршама  деректерді  баспа 
материалдарынан  табамыз.  1867  жылдан  бастап  Орал  облысында 
«Уральские воисковые ведомости» газеті шыға бастады. Осы газетте әр 
жылдары  зерттеуші-өлкетанушылар  Карелин,  Савичев,  Бородин  және 
Картов  т.б.  қызықты  еңбектері  жарияланды.  Осы  еңбектерде  Орал 
облысына  қоныс  аударған  әскери  казактардың  тарихына  байланысты 
мәселелер  қарастырылған  және  әскери  казак  территориясында  сауда 
қатынастарының  қалыптасуы  баяндалады.  Осы  территорияда  ХІХ 
ғасырда  Орал,  Гурьев,  Калмыков,  Сламихин,  Иртек,  Ташлы  Каменск 
сияқты  елді  мекендерде  ашылған  жәрмеңкелердің  сауда  айналымы, 
оларда сатылған мал және мал өнімдері, өндіріс товарларының мөлшері 
туралы  деректерді  де  осы  авторлардың  еңбектерінен  табамыз.  Сол 
сияқты әскери казак территориясында ХІХ ғасырда сауда орындарында 
сатылған  балық,  балық  өнімдерінің  көлемі  мен  балық  өнімдерінің 
бағасы жөнінде аз да болса деректер беріледі. 
Батыс  Қазақстандағы  халықтың  жалпы  саны,  әлеуметтік  құрамы 
және  саудамен  айналысатын  адамдардың  қалалар  мен  уездер  бойынша 
сандық  көрсеткіштері  1897  жылы  өткізілген  Ресей  империясында 
бірінші  жалпы  халықтық  санақ    мәліметтерінен  көрініс  тапқан.  Ресей 
империясындағы  1897  жылғы  халық  санағының  қорытындысы  Орал 
облысы  бойынша  1904  жылы  бөлек  LХХХІІІ  –  томда  жарияланды,  ал 
Торғай  облысы  бойынша  LXXXII  –  томда  жарық  көрді.  Батыс 
Қазақстанның 
Бөкей 
Ордасы 
бойынша 
деректер 
Астрахань 
губерниясына, Маңғыстау уезі бойынша – Закаспий облысына арналған 
томдарда  жарияланды.  Бұл  санақ  мәліметтерінің  дәлдігін  тарихшы-
демограф В.М.Кабузанов өте жоғары бағалады. 
Ресей 
империясының 
1897 
жылғы 
бірінші 
санағының 
материалдарында  тұрғындардың  кәсібі  туралы  толық  мәліметтер 
келтірілген.  Осы  санақ  мәліметтерінен  ХІХ  ғасырдың  аяғында  Батыс 
Қазақстандағы саудагер-көпестердің саны туралы нақты деректер алуға 
болады. Сонымен қатар осы деректер Батыс Қазақстанда саудагерлердің 
санының  санаққа  дейінгі  және  санақтан  кейінгі  көрсеткіштерін 
салыстырып талдауға мүмкіншілік береді.  
Осы  ғылыми  жұмыстың  дерек  көзі  ретінде  біз  Қазақстан 
Республикасы  Орталық  мемлекеттік  архивінің,  Орынбор  облыстық 
мемлекеттік 
архивінің 
қорларында 
сақталған 
материалдар 
пайдаланылды. 
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік Архивінің:  
4 – Орынбор қазақтарының облыстық басқармасы,  
25 – Торғай облыстық басқармасы, 
40 – Маңғыстау уездік басқармасы, 
78 – Ішкі Орданы басқару жөніндегі Уақытша Кеңес,  

 
34 
370 – Орал облыстық басқармасы, 
759 – Ырғыз уезі басшылығы, 
803 – Гурьев кеден заставасы, 
804- Орал кеден заставасы, 
805 – Калмыков кедендік  бақылау қорлары   
Ресей Федерациясы Орынбор облыстық мемлекеттік архивінің:  
6  –  Орынбор  облыстық  Орынбор  генерал  губернаторлығының 
кеңсесі, 10 – Орынбор губернаторларының кеңсесі,  
12 – Торғай облыстық басқармасы, 
231  –  Орынбор  қырғыздарының  (қазақтарының)  облыстық 
басқармасы қорлары  пайдаланылды. 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  архивінде  және  Орынбор 
облыстық 
мемлекеттік 
архивінде 
Орал 
облысында 
сауда 
қатынастарының  дамуына  байланысты  құжаттар  жоқтың  қасы.  Орал 
облыстық басқармасының құжаттары жинақталған 370 - қорда бірнеше 
парақтан тұратын 8 іс қана сақтаулы. 
Зерттеу 
жұмысына 
байланысты 
осы 
мемлекеттік 
архив 
құжаттарының ғылыми айналымға түспеген деректері сараланып, Батыс 
Қазақстанда  сауда  қатынастарының  даму  кезеңдерін  ашып  көрсетуге 
пайдаланылды. 
Осы ғылыми еңбекті жазу барысында Қазақстан Республикасының 
Ұлтық  кітапханасының  сирек  кездесетін  қорлар  бөлімінен,  Ресей 
Федерациясы 
Орынбор 
облыстық 
Н.К.Крупская 
атындағы 
кітапханасынан алынған «Оренбургский листок»,  «Тургайская газета», 
«Тургайские  областные  ведомости»  және  Ақтөбе  облыстық  архивінен 
алынған  «Актюбинский  городской  вестник»  сияқты  мерзімді  баспасөз 
беттерінде  жарияланған  ақпараттық  мақалалар  мен  қатынастарының 
даму  дәрежесін  анықтау  үшін  және  деректік  негіздерін  толықтыру 
мақсатында қолдандық.  
Торғай және  Орал облыстарындағы сауда қатынастырының дамуы 
туралы 
құнды 
деректер 
«Памятные 
книжки» 
басылымында 
жарияланған.  Торғай  облысы  бойынша  кітапша  1889,  1902-1904,  1909-
1916 жылдары, Орал облысы бойынша 1897-1915 жылдары шығарылды. 
Осы  кітапшаларда  губерниялық  есептерге  берілген  қосымша 
деректерден  үзінділер  келтірілген.  Сонымен  қатар  1881-1886,  1888-
1896,  1899-1915  жылдар  арасында  жарияланған  Торғай  облысының 
шолуы  (Обзор  Тургайской  области)  және  1883-1915  жылдары 
шығарылған  Орал  облысының  шолуы  (обзор  Уральской  области) 
сияқты  жылнамалық  журналдары  жергілікті  анықтамалық  басылымдар 
қатарына  жатқызуға  болады.  Бұл  анықтамалық  басылымдарда  Торғай 
және  Орал  облыстарында  сауда  қатынастарының  дамуы  туралы  нақты 
жүйеленген  мәліметтер  жарияланып  тұрды.    «Памятные  книжки» 
басылымында  көптеген  зерттеушілердің  пікірі  бойынша  «Обзор 

 
35 
Тургайской  области»,  «Обзор  Уральской  области»  деп  аталатын 
анықтамалық  басылымдардың  басты  құндылығы  осы  журналдарда 
жарияланған  материалдар  негізінде  ХІХ  ғасырдың  соңғы  ширегі  мен 
ХХ  ғасырдың  басындағы    осы  облыстардың  тұрақты  сауда  орындары 
мен жәрмеңкелердің сауда айналымының көлемі, саудамен айналысқан 
адамдардың  жалпы  саны,  сатуға  әкелінген  және  сатылған  түрлі  мал 
және  мал  өнімдері,  астық,  мануфактура  бұйымдары,  өндірістік 
товарлардың түрлері туралы нақты деректер табуға болады. 
ХІХ  ғасырда  қазақ  даласында  кеңінен  дамыған  жәрмеңкелер  тек 
сауда орталығы ғана емес өнер ордасының қызметін атқарған болатын. 
Жәрмеңкелер 
қазақтың 
күйшілері, 
ақын-жыраулары, 
әнші-
композиторларының  өнер  көрсететін  өнер  сахнасына  айналды.  Бұл 
туралы  құнды  деректерді  академик  А.Жұбанов,  өнер  зерттеушісі 
Затаевич,  тарихшы  жазушылар  И.Кенжалиев,  Х.Дәрібаев,  Ж.Тілепов 
еңбектерінен  кездестіреміз.  Сол  сияқты  М.Мағауин  құрастырған  «Бес 
ғасыр  жырлайды»  2-томдық  жинақта  жәрмеңкелерде  өнер  көрсеткен 
өнер саңлақтары туралы мәліметтер келтірілген. (57) 
Қазақстанда  сауда  қатынастарының  дамуына  байланысты  мерзімдік 
басылымдарда  жарияланған  Сейітқали  Мадуан  (58),  Қосман  Әбілов  (59), 
Сәбира  Сейпілмәлікова  (60),  Болат  Қабдошев  (61),  Ғани  Қарасаев  (62), 
Т.Нұрпейісов  (63),  Тоқтар  Бейісқұловтың  (64),  А.Абдуалиев  (65),  Қайрат 
Терекбаев  (66),  С.Қонақбаева  (67),  А.Ахмет  (68),  А.Ералина  (69), 
Е.Б.Галиева (70), Р.Ш.Искандаров (71), З,Әбдірасылова (72), К.Меңдігереев 
(73)  т.б.  авторлардың  еңбегінде  Қазақстанда  сауда  қатынастарының 
дамуының әр түрлі мәселелері қарастырылады. Авторлардың мақаларында 
ХІХ  ғасырда  Қазақстан  территориясы    арқылы  өткен  керуен  сауда 
жолдары,  Ресей,  Қазақстан,  Орта  Азия  сауда  қатынастары,  айырбас  және 
тұрақты  сауда  түрлерінің  дамуы,  қазақ  даласында  жәрмеңке  саудасының 
қалыптасуы, балық аулау, тасымалдау кәсібінің  дамуына байланысты мол 
деректер  келтірілген.  Сонымен  қатар  ХІХ  ғасырда    қазақ  даласында 
буржуазияның 
пайда  болып, 
қаржы-банк 
жүйесінің 
қалыптасу 
процестеріне талдау жасалынады. 
Ерекше  атап  өтетін  нәрсе  бұл  мақалалар  Қазақстанның  оңтүстік, 
шығыс, солтүстік аймақтарында сауданың даму мәселелеріне арналған. 
Бұл  зерттеушілердің  еңбектерінде  Батыс  Қазақстандағы  сауда 
қатынастарының  даму  проблемалары  тікелей  зерттелінбейді,  біз  бұл 
мақалалардан тек жанама деректер ғана кездестіреміз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет