АҚТӨбе облысының Әкімдігі облыстық МӘдениет басқармасы


§ 1. Батыс Қазақстанда  сауда буржуазиясының қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата23.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4708
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
§ 1. Батыс Қазақстанда  сауда буржуазиясының қалыптасуы 
 
Қазақ  даласына  капиталистік  қатынастың  ене    бастауымен  бірге 
мал өнімдері, белгілі бір дәрежеде жер де, товарға айнала бастады. Егер 
ХІХ-ғасырдың  бірінші  жартысында  мал өнімдері көбінесе  қазақтардың 
жеке отбасылық қажеттілігін өтеуге  ғана  пайдаланылса, ХІХ-ғасырдың 
екінші  жартысынан  бастап  капиталистік  қатынастардың,  товарлы-ақша 
қатынастарының  дамуына  байланысты  қазақтардың  арасында  мал 
өндірісімен    және  мал  сатумен  айналысып,  өз  шаруашылығын  капитал 
жинақтау үшін жүргізетін белгілі бір топ пайда болып қалыптасты. 
Товар  өндірісінің  дамуы,  сауданың  кең  өріс  алуы,  жергілікті 
рыноктың  Ресейлік  рынок  жүйесіне  қосылуы,  өндірістік  мекемелердің 
өсуі  қазақ  жерінде  сауда    буржуазиясының    қалыптасуына  өз  әсерін 
тигізді. 
1897-жылғы  санақ  бойынша  Қазақстанда  20  мыңнан  астам  
ақсүйектер  тұқымы  және    жеке    өз  басы  дворяндық  атақ  алғандар  мен 
чиновниктер  болған  (1).  Тарихшы  С.Асфендияров  ірі  байлардың  саны 
халықтың  8-10  процентін  құрайды  (2)  деп  есептесе,  С.Сүндетов  Дала 
өлкесінде  байлар  халықтың    бестен  бір  бөлігіне    жуық  болды  деген 
тұжырым  жасайды  (3).  Тарихшы-профессор    Е.Бекмаханов  қазақ 
қауымының арасында жаңа әлеуметтік топтың – сауда буржуазиясының 
пайда  болуы  туралы  мынадай  пікір  айтқан  болатын:  «XIX    ғасырдың 
орта  тұсына  қарай      қазақтардың    экономикалық  өмірінде  жаңа 
әлеуметтік  топ  –  байлар    көрнекті  орын  ала  бастады.  Қарастырылып 
отырған  кезеңде «бай» деген сөз басқа бір  әлеуметтік мән-мағынаға ие 
бола болған. Байлар сауда  мен өсімқорлық ақшаға байланысты ерекше  
қоғамдық  топ  болып  қалыптасты.  Сұлтандар  ортасынан  да,  ру 
шонжарларының  арасынан  да,  сондай-ақ  көбінесе    «қара  сүйек»  
шонжарлар арасынан да бай – феодалдар өсіп шықты. Бай-феодалдар өз 
шаруашылығын  жүргізу  үшін    жалдамалы  қызметшілер    жалдауды 
әдетке  айналдыра    бастады.  Егер  ру  шонжарларында    «туысқандық 
көмек»  көрсету    деген  желеумен    қоңсылар  мен  руластары  бақташы 
болып жұмыс  жасаса, ал бай өз  қызметкерлерін шарттық (ауызша  сөз 
жүзіндегі    келісім)  негізінде  белгілі  бір  ақы  беріп    жұмысқа  жалдады» 
(4).  
М.П.  Вяткин  қазақ  байларының  қалыптасуын  сауданың  негізінде 
товар  –ақша  қатынасының  дамуына  байланысты  тек    ХІХ-ғасырдың 
ортасында  пайда  болған  жаңа  әлеуметтік  құрылым  деп  есептеді.  С.Е. 
Толыбеков,  В.Ф.  Шахматовтар  да  осы  пікірлерді  қолдаған  теориялық 

 
219 
тұжырым  жасайды.  А.  Дорофеев:  «Мал  рыноктық  бағаға  ие  болып, 
айырбастала бастады. Ал бұрын малы көптігімен асыл текті рудың байы 
атанған  қазақ  байлары  орыс  кулактарына  ұқсай  бастады»  деп,  атап 
көрсеткен  болатын.  Қазақ  байларының  жаңа  тобының  сауда  ісіндегі 
ерекшеліктері туралы П.П. Румянцев: «Мал сату бай шаруашылықтарға 
ондаған  мың  сом  қаржы  әкелетін  негізгі  табыс  көзі  болып  табылады. 
Мұндай  табыс  қайтадан  айналымға  түскен  кезде  ол  жүздеген  мың 
сандарға  жетеді»  деген  пікірде  болды.  Т.Е.  Толыбековтің  де  сауда 
буржуазиясының  қалыптасуы  туралы  негізгі  пікірі  байлардың 
қоғамдағы  ролінің  арта  түсуі  мен  өзгеруі  Қазақстанда  товар  –  ақша 
қатынастарының  дамуына  байланысты    деген  тұжырымды  қолдау  
бағытында болды. 
ХІХ-ғасырдың  орта  тұсында  ұлттық  сауда  буржуазия  өкілдерінің 
қалыптасуы жеделдей түсті. Қазақстанда орыс, татар, және басқа да ұлт 
өкілдерімен  қатар  қазақтардың  өз  арасында  көпестер  пайда  бола 
бастады.  Олардың  көпшілігі    шаруашылықтарын  өз  ауылдарында  
бұрынғыша жүргізе отырып,  иелігіндегі малды сатып пайда табу үшін  
рыноктармен тығыз  байланыс  орнатты, ірі орыс  фирмаларымен және  
банктермен  коммерциялық  операциялар  жасап  отырды.  Рынок 
талаптарына  сай  бейімделе  отырып,  қазақ  байлары  ірі  жәрмеңкелер 
арқылы  орыс  өнеркәсібіне  шикі  зат  дайындаушыларға  айналды. 
Қазақстанның  4  обылысы  –Торғай,  Орал,  Ақмола  және  Семей  - 
бойынша  1900-жылы  сауда  айналымы  100  миллион  рубльге  жетті  (5). 
Батыс Қазақстан аймағының Ресей капиталистік экономикасымен тығыз   
байланысқа  түсуі    натуралдық  шаруашылықтың      товарлы  –  ақшалық  
капиталистік  қатынастарға  бірте-бірте  өтуіне  негіз  болды.    Аймақта   
дәстүрлі  ірі  мал  иелері  байлар  мен  қатар  жаңа  кәсіпкерлер  –    сауда 
буржуазия өкілдері пайда бола бастады. 
1896-1903-жылдар 
арасында 
жүргізілген 
Щербина 
экспедициясының 
материалдары 
бойынша 
Торғай 
облысында  
жалдамалы  жұмысшылар-батрактар  ұстайтын  байлардың  саны  22.3 
процент  болды,  соның  ішінде  Ақтөбе  уезінде  жұмысшы-батрак 
жалдайтын  ірі  байлар    42.3  процент  құрады.  Батрактар  мен  басқа  да 
жалдамалы  жұмысшыларды  жалдау    1910-жылы    бұрынғыдан  да  өсе 
түсті.  Осы  жылы  Ақтөбе  уезінде  батрактар  жалдайтын  бай 
шаруашылықтар - 92.2 процентке жетті (6)   
Белгілі  қазақ  тарихшы  –ғалымы  А.Н.  Нүсіпбеков:  «революцияға 
дейін  иелігінде жылқыға есептегенде  15 малы  бар шаруаны кедейлер 
қатарына жатқызған »,-деп  атап көрсеткен болатын (7). 
1912-жылғы  Торғай  –Орал    қоныстану    ауданы  партиясының 
деректері  бойынша    Ақтөбе  уезінде    иелігінде    200-ден  астам    жылқы 
бар  640  отбасы  болған.  Бұндай  отбасылар    барлық  жеке 
шаруашылықтың  3,58 процентін  құрайды, ал олардың қарамағындағы 

 
220 
мал саны  жалпы малдың 25,1 процентіне тең келеді. Осы уезде 100-ден 
200-ге  дейін  жылқысы  бар  отбасылар  саны  –1401,яғни-8,23  процент,ал 
олардың иелігінде 100339 жылқы болған немесе 21,53 процент. Жалпы 
осы  көрсетілген    байлар  тобында  Ақтөбе  уезі  бойынша  2101  отбасы 
болып,  ал  олардың  қарамағындағы  жылқы  саны  -216995  басқа  жетеді 
(8). 
Қазақ қоғамында капиталистік қатынастардың енуі шаруашылықты 
жүргізудің капиталистік укладының пайда болуына өзінің әсерін тигізді. 
Осы  өзгерістер  мал  шаруашылығының  құрылымын  өзгертіп,  қой  өсіру 
саласының жедел түрде дамуын қамтамасыз етті. 
Зерттеуші  ғалым  А.И.Левшин  осы  өзгерістер  туралы:  «Қазақ 
ордасының  байлығының  ең  бірінші  және  жалғыз  көзі  мал 
шаруашылығы болып табылады. Қой отарлары мұнда өзінің көптігімен 
таңдандырады.  Дүние  жүзінде  қойының  көптігінен  бұл  елмен 
теңдесетін ешбір ел жоқ. Қазақ байларының иелігінде 20 мыңдаған қой 
бар» деп атап көрсетті. (9) 
Қазақ 
даласында 
мал 
шаруашылығының 
дамуы 
туралы 
А.Е.Алекторов: «Қырғыз-қайсақтардың (қазақтардың Б.Қ.) байлығының 
жалғыз  көзі  және  сүйікті  кәсібі  -  мал  шаруашылығы.  Мал 
шаруашылығымен  қазақ  бала  кезінен  қартайған  шағына  дейін 
айналысады. Қазақтардың малының ішіндегі ең көбі қой»,  - деп жазды. 
(10) 
1893  жылғы  деректерге  сәйкес  Торғай  облысының  Елек  (Ақтөбе) 
және Ырғыз уездерінде мынадай мал болды: (11) 
 
уездер 
Жылқы 
Ірі 
қара 
түйе 
қой 
ешкі 
Шошқа 
Елек 
77369 
98379 
13033 
284760 
17246 
96 
Ырғыз 
57431 
28552 
66118 
340901 
150503 

 
Маңғыстау  уезіндегі  қазақтардың негізгі  шаруашылығы  –  көшпелі 
мал  шаруашылығы.  Маңғыстау  уезіндегі  адайлардың  93,4  %  мал 
шрауашылығымен,  0,02%  егіншілікпен,  6,4  %  басқа  да  кәсіппен 
айналысқан. Олар: балық аулау, кірешілік, сауда және қолөнері болды. 
Маңғыстау уезіндегі адайлардың мал саны: (12) 
 
№ 
жылдары 
Түтін 
саны 
жылқы 
түйе 
қой 
Ірі қара 

1912 
14961 
33758 
31430 
462848 
361 
 
Батыс Қазақстанда мал басының өсуіне орыс мал өнеркәсіпшілері – 
орыс  кулактары  және  қазақ  байлары  мүдделі  болды.  Олар  Орта  Азия 

 
221 
мен  Орталық  Ресей  базарлары  үшін  ірі  қара  мен  қой  семіртіп  сатумен 
айналысты. 
Қазақ  қоғамында  өте  көп  малы  бар  сауда-саттықпен  айналысатын 
жаңа  байлар  қалыптаса  бастады.  Жиреншиннің  есебі  бойынша  Ақтөбе 
уезіндегі  шаруашылықтардың  64%  жылқы  болмады.  Қазақтардың 
негізгі бөлігінің кедейленуіне байланысты көп мал иесі байлардың үлес 
салмағы арта түсті. (13) 
Қазақстанның  батыс  өңірінде  жаңа  әлеуметтік  топ  ретінде  сауда 
буржуазиясының  ірі  өкілдері  –көпестер  пайда  болып,  қоғам  өмірінде  
ерекше орын ала бастады. Көпестердің гильдиялық ұйымы сауда уставы 
арқылы  анықталды.  Көпестер  сословиесіне  кіру  үшін  белгілі  бір 
мөлшерде  мүшелік  жарна  төлеу  керек  болды.  Саудагерлерге  өз 
меншігіндегі  капитал  мөлшерін  көрсету  арқылы    көпестік 
гильдиялардың    біріне    жазылу    мүмкіндігі  берілді.  Мүшелік  жарна 
көлемі  мынадай  болды :    
               1-гильдия көпесі үшін-10 мыңнан 50 мың сомға дейін 
               2-гильдия көпесі үшін  -5 мыңнан 10 сың сомға дейін  
               3-гильдия көпесі үшін  1 мыңнан  5 мың  сомға дейін    
Бірінші  және  екінші  гильдиялық  көпестердің  әлеуметтік-
экономикалық  статусы  жоғары  болып  саналды.  1863-жылы  8-қаңтарда 
қабылданған    «Сауда  жасап  басқа  да  кәсіпкерлікпен  айналысу  құқығы 
үшін  салықтар  (пошлина)  төлеу  туралы  Ереже  заң  жүзінде  барлық 
сословие  өкілдеріне  кәсіпкерлікпен,  өндірістік  және  коммерциялық 
қызметпен айналысуға бірдей тең мүмкіндік берді.1865-жылы 9-ақпанда 
қабылданған  заң  бойынша  1863-жылғы  Ережеге  біршама  өзгерістер 
енгізілді.  Осы  заң  бойынша  көпестік  гильдия  саны  екіге  дейін 
қысқарып,  енді  1-гильдия  көпестеріне  бұрынғы  бірінші  және  екінші 
гильдия  көпестері  жатқызылды  да,  2-гильдия  көпестеріне  бұрынғы  3-
гильдия көпестері  жатқызылды. Көпестік гильдия үшін төлем мөлшері 
бұрынғымен салыстырғанда 2 есеге азайып, 1-гильдия көпесінің куәлігі 
орыс  және  шет  ел  товарларын    көп  мөлшерде    тұтас  (опт)  сатуға 
мүмкіндік  берді,  ал  2-гильдия  көпесінің  куәлігі  қала  немесе  уезд 
аумағында  ұсақ  саудамен  айналысуға  ғана  рұхсат  етті.  Аз  мөлшерде 
товарлар  сату  үшін  саудагерлерге  үшінші  және  төртінші  разрядты 
куәліктер  сатып  алу  жеткілікті  болды.  1863  және  1865-жылдары 
қабылданған    заңдық  сауда  Ережелер  саудагерлердің  құқығын 
анықтайтын негізгі заң актілері болды. 
Батыс  Қазақстанның  қалаларындағы  тұрақты  сауда  орындары  мен 
жәрмеңкелерінде  саудагерлер  ресми  түрде  құжаттар  алу  арқылы  ғана 
сауда  –  саттық  ісімен  айналысу  құқығына  ие  болды.  Бұл  іс  жергілікті 
басқару орындары арқылы қатаң бақылауға алынып, реттелініп отырды.  
Ақтөбе  уезі  бойынша  1894  –жылы  101  адам  1  жылға,  14  адам  
жарты  жылға  саудамен  айналысуға  мүмкіндік  беретін  құжаттар  алған, 

 
222 
1895-жылы  осындай  құжаттарды    1  жылға  232  адам,  6  айға  21  адам 
иеленген.  1896-жылы  346  адам  1  жылға,  32  адам  жарты  жылға  сауда 
куәліктерін алған. (14)  
ХІХ-ғасырдың  90-жылдары  Павлодар,  Атбасар,  Көкшетау, 
Қостанай 
және 
Ақтөбе 
уездерінде 
зерттелінген 
қазақ 
шаруашылықтарының ішінде 640 алыпсатарлар есепке алынып, осыдан 
10  жыл  өткен  соң  Қостанай  және  Ақтөбе  уездерінде  ғана  849 
алыпсатарлар тізімге алынып, олардың табыс мөлшері 223 мың рубльге 
жеткен. 
1894-жылы  Ырғыз  уезінде   сауда  ісімен айналысқандардың  жалпы 
саны 268 адамға жетті .Келесі  1895-жылы уезде  269 адам 1 жылға, 28 
адам  6  айға  сауда  жасауға  рұхсат  қағаздарын  алды.  Осы  жылы 
саудагерлерлікпен    айналысқан  297  адамның    ішіінде  37  саудагер  2-
гильдия  5-класс  куәліктерін,  50  саудагер  2-гильдия  билеттерін  алды. 
Сонымен  бірге    24  адам  3-разрядтық  өндірісші  билеттеріне  ие  болды 
(15).  
А.И.Добросмысловтың  деректері    бойынша  ,  90-шы  жылдары  сол 
кезде  шағын  ғана  қала  болған  Ырғызда  70  адам,  оның  ішінде  32  қазақ 
делдалдықпен шұғылданған (16). 
1894-жылы  Торғай облысының Ақтөбе және Ырғыз  уездері  
бойынша  саудамен  айналысу  үшін  жергілікті басқару  орындарынан  
әр түрлі рұхсат  қағаздарын  алған  саудагерлер  туралы мәлімет: (17) 
 
 
Ақтөбе 
Ырғыз 
 
1 жылдық 
жарты-
жылдық 
1 жылдық 
жарты-
жылдық 
2-гильдия куәлігі Ү класс 
12 

33 

ұсақ сауда Ү класс 


23 

тасымал  сауда 
59 

44 

 




приказчик                    1 класс 


24 

                                      2 класс 
22 



Билет 1 гильдия Ү класс 




           2 гильдия Ү класс 


50 

Ұсақ сауда   Ү класс 


25 

кәсіпшілік куәлігі 
 
 
 
 
1 разряд Ү класс 




П разряд Ү класс 




Ш разряд Ү класс 




Темекі бұйымдары 


17 

Ішімдік сату үшін патент 
111 
12 
235 
33 
                  

 
223 
1894-жылы Ақтөбе және Ырғыз уездерінде 246 саудагер 1 жылдық, 
45  саудагер  жарты  жылдық  сауда  құжаттарын  алып  сауда  ісімен 
шұғылданды. 
Х1Х  ғасырдың  соңына  таман  Торғай  облысының  Ақтөбе    және 
Ырғыз  уездерінде  тұрақты  түрде  саудамен  айналысқан  және  жәрмеңке 
тұсында сауда-саттық   істерін  жүргізген  саудагерлер саны арта түсті. 
1894-жылы    Ақтөбе    уезі    бойынша    111  адам   сауда    жасау    және  
кәсіпшілік  пен  айналысу      үшін  әртүрлі    рұхсат    құжаттарын    сатып 
алды,  осы  жылы    жарты  жылдық    мерзімге  осындай    құжаттарды  тек 
қана  12  саудагер  иемденді. Осы  жылы  Ырғыз  уезінде  235 адам  бар  
жылдық,    33  адам    жарты    жылдық    сауда    және    кәсіпшілікпен  
шұғылдануға  рұхсат  беретін  құжаттар  алды. 
1895  және  1896  жылы  сауда  және  кәсіпкерлікпен    айналысатын  
саудагерлердің саны  арта  түсті. 
1895  жылы    Торғай  облысы    бойынша    1626    саудагер      19840  
рубльге  бір жылдық,  146 саудагер  602 рубльге  саудамен  айналысуға  
мүмкіндік  беретін  әртүрлі  құжаттар  сатып  алса, 1896 жылы  облыс  
бойынша  мұндай    құжаттарды    1  жылға    1727  адам    21451  рубль  50 
тиынға,  жарты жылғы 259 адам 1499 рубль 50 тиынға сатып алды. 
1895 жылы Ырғыз уезінде 269 саудагер 4425 рубльге  1 жылдық, 28 
саудагер 150 рубльге жарты жылдық  сауда  құжаттарын  сатып  алып, 
сауда  істерімен  шұғылданды.  1896-жылы  Ырғыз  уезінде 260 саудагер 
4006  рубльге  1  жылдық,  135  саудагер  жарты  жылдық    билеттер    мен  
куәліктер  иеленді. (18) 
Салыстырмала    түрде  қарастырсақ    1895    жылы    Ақтөбе    уезінде  
барлығы  253  адам,    оның    ішінде    232  саудагер      бір    жылдық,    21  
саудагер жарты  жылдық сауда құжаттарын сатып алған болатын. 1896-
жылы  Ақтөбе  уезінде  саудамен  айналысу  үшін  378  адам  тіркеліп,  
олардың  ішінде   346  саудагер  бір жылға  3598 рубльге, 32 саудагер 
171 рубльге сауда  жасау  үшін  әр  түрлі куәліктер мен билеттер  сатып 
алды. 
Осы  жылы (1896)  Ақтөбе  жәрмеңкесіне  2 гильдиялық  48 көпес, 
ұсақ    сауда    жасау    үшін  67  саудагер  жәрмеңкелік  билеттер    алып, 
жәрмеңке  жұмысына    қатынасты.  1896  жылы  Ақтөбе    жәрмеңкесіне  
қатынасқан  саудагерлер  1895-жылғымен  салыстырғанда  едәуір    көп 
болды. 1895-жылғы Ақтөбе  жәрмеңкесіне 2-гильдиялық  дәрежедегі  21 
көпес, ұсақ сауда  жасау  үшін  32  саудагер жәрмеңке  билеттерін  алған 
болатын. 
Қазақ    даласына    шығып  сауда    жасайтын  приказчиктер  саны  да 
жыл    санап  өсе  түсті.    Егер    1895  жылы    1-кластық  приказчиктердің  
куәлігін    1  адам,  2  кластық    куәлікті  12  адам  алса,  1896  жылы  куәлік 
алған 44 приказчиктердің арасында бірінші кластық дәрежедегі 5 адам 2 
кластық дәрежедегі 39 адам болды. 

 
224 
Ақтөбе  және Ырғыз уездері  бойынша   1895, 1896 жылдары сауда  
істерімен  айналысу    үшін    әр  түрлі  құжаттар    алған    саудагерлер   
туралы  мәлімет: (19) 
 
 
 
Құжаттардың 
атауы 
Ақтөбе уезі 
 
Ырғыз уезі 
1896 
1895 
1896 
1895 
Бір 
жылға 
Жарты 
жылға 
Бір 
жылға 
Жарты 
жылға 
Бір 
жылға 
Жарты 
жылға 
Бір 
жылға 
Жарты 
жылға 
Сауда жасауға 
құқық беретін 
куәлік 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақысыз 
 
 
 
 
 
 
 
 
П гильдия Ү 
класс 
23 

19 
 
31 
12 
37 
 
Ұсақ сауда 
14 



23 
28 
19 
10 
Развозный 
29 

57 

22 
17 
48 

Разносный 








Приказчик 1 
класс 
10 
11 


27 
14 
28 

2 класс 
22 

24 

42 
23 


Билеттер  1 
гильдия 
Ү класс 








2-гильдия 
27 



53 
15 
50 

Ұсақ саудаға 


40 

17 
20 
28 

Темекі сатуға 
патент 
32 



31 

18 

кәсіпшілік 
куәліктер 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 разряд 5 класс 
 
 
 
 
 
 
 
 
П разряд 








Ш разряд 
10 





24 

жәрмеңкелік  
билеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
П-гильдия 
48 

21 

 
 
 
 
Ұсақ саудаға 
67 

32 

 
 
 
 
Приказчик 
куәліктері 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 класс 




 
 
 
 
П класс 
39 

12 

 
 
 
 
Ішімдік сату 
патенті 








Темекі сату 








 
346 
32 
232 
21 
260 
135 
269 
28 
 

 
225 
Ырғыз  қаласында  көпес  Кашафутдин  Шагидуллиннің  сауда 
орындарымен қатар мал өнімдерін  сақтайтын  және  тері кептіретін әр 
түрлі  қоймалары  болды.  Осы  қоймаларда  сақталған  мал  терілері 
көктемде Орынбор, Орск, Троицк қалаларына жөнелтілді.(20) Сонымен 
қатар К.Шагидуллин 1897-жылы Ырғыз қаласында тері заводын салып, 
онда 6 адам жұмыс жасады.(21). 
1914-жылы  Елек  қаласының  мещандары  Мухамедгазиз  Исмагилов 
және  Абдул  Исмаилов  Ырғыз  қаласында  «Мухамедгазиз    Исмагилов 
және  К сауда үйі»  деп аталатын  сауда фирмасын ашып, мануфактура, 
галантерея,  бакалея  товарларын  және  мал  мен  мал  өнімдерін  сатумен 
айналысты. (22). 
Ырғыз қаласында сауда қатынастарының  өркендеуіне  байланысты 
сауда ісінің  даму мәселелерін сауда депутациясы өз бақылауына алды. 
Бұл  сауда  депутациясының  негізгі  міндеті  сауда  істерінің  дұрыс 
жүргізілуін қадағалау болды.(23).    
ХІХ ғасырдың соңында тек Ақтөбе және Қостанай уездерінде ғана 
мал  және  мал    өнімдерін  сатумен  айналысатын  849  алыпсатар  болды, 
олардың кірісі 223 мың рубльді құрады. (24) 
1897-жылғы  Ресей  империясының    бірінші  жалпы  халық 
сапағының деректері бойынша Торғай  облысының  уездері мен уездік 
қалаларының халық саны  және саудамен айналысатын көпестер туралы 
мәлімет: (25) 
 
 
Уездер мен уездік қалалар 
Халық саны 
Көпестер 

Қостанай уезі 
152 556 
35 
 
Қостанай қаласы 
14 275 
25 

Ақтөбе уезі 
115 215 

 
Ақтөбе қаласы 
2 817 


Ырғыз уезі 
98 697 

 
Ырғыз қаласы 
1 542 


Торғай уезі 
86 948 
23 
 
Торғай қаласы 
896 
23 
 
        Барлығы: облыс бойынша 
453 416 
65 
 
        қалалар  бойынша 
19 530 
54 
 
1917-жылдың  басында  ағымдағы  деректер  бойынша  Торғай 
облысында халықтың саны 854 616 адамға жеткен. Сөйтіп 1897 жылмен 
салыстырғанда, 20 жылдан кейін  халық  саны 2 есеге жуық өскен. 
1917 жылы Торғай облысында тұратын 175 көпес тіркелген. Санақ 
өткізілген  1897  жылға  қарағанда  тұрақты  түрде  сауда  ісімен  
айналысатын көпестер саны 2,8 есе артқан. (26) 
Қазақ  даласындағы  сауда  мәселесіне  байланысты  орыс-татар 
бәсекесі туралы  С.Г.Рыбаков: «Сан жағынан татарлардың үлес салмағы 

 
226 
жоғары,  мұнда  да  сауданы  өз  қолдарына  ұстап  отыр;  құжынаған 
татарлар  біреулеп-екеулеп  арба  дүкендеріне  тауарларын  артып,  бүкіл 
өлкеге бытырап тарайды; міне осы жүріс-тұрыстары  кезінде олар орыс 
ісінің дұшпаны және екіжүзді, арам, мұсылманшылықты насихаттаушы 
болып  табылады.  Орыс  саудагерлері  неге  даладан  бойларын  аулақ 
ұстайды  және  татар  ықпалы  мен  саудасына  неге  қарсы  тұрмайды  екен 
деп,  еріксіз  таң  қаласың.  Ал  қырғыз  даласына  келсек,  ол  –  сауда 
іскерлігі мен табыстылығы үшін кең өріс» деп жазған болатын. 
Батыс  Қазақстанда  жергілікті  қазақтармен,  қоныс  аударып  келген 
татар 
және 
орыс 
саудагерлер 
арасынан 
жергілікті 
сауда 
буржуазиясының  өкілдері  өсіп  жетілді.  Ақтөбе  уезінің  Бөрте 
болысының 
биі 
Меңдіғұл 
Ешмұхамедов 
Орынбор 
айырбас 
жәрмеңкесінің  базарбасы,  жәрмеңке  комитетінің  мүшесі  қызметін 
атқарды. (27) 
1870  жылы  Ойыл  (Көкжар)  жәрмеңкесі  комитетінің  төрағалық 
қызметіне  Меңдібай  Күмісбайұлы  сайланған.  Ол  осы  қызметті  40 
жылдай абыроймен атқарған. (28) 
Батыс  Қазақстан  жәрмеңкелеріне  архив  деректеріне  қарағанда 
шамамен  400-ден  астам  қазақ  саудагерлері  қатынасқан.  Солардың 
ішінде 
И.Досов, 
М.Баймағамбетов, 
Әлімжанов, 
Жандәулетов, 
Пұсырманов  т.б.  48-ге  жуық  атақты  байлар  Орынбор  губерниясында 
жұмыс істеген жәрмеңкелерге тұрақты қатынасқан. (29) 
ХІХ  ғасырдың  90-шы  жылдары  Ырғызда  –  70,  Торғайда  –  32, 
Қостанайда  -  37 адам делдалдықпен айналысқан, олардың арасында  58 
қазақ болған. 
Қазақ  қауымының  өкілдеріне  көпестер  гильдиясына  мүше  болып 
кіруге рұқсат етілді.  (30) 
Батыс Қазақстан қазақтары арасынан шыққан саудагерлер негізінен 
Орынбор,  Ақтөбе,  Орал,  Ырғыз  т.б.  қалалардағы  көпестердің  қазақ 
ауылдарындағы  ақша-товар  айырбас  жөніндегі  сенімді  өкілдері  болды.  
(31) 
Батыс  Қазақстан  территориясында  саудамен  айналысқан  ірі 
көпестердің  сауда  операциялары  бар  қала  немесе  елді  мекенмен 
шектелмеген.  Олар  алғашқыда  өз  саудасын  шағын  елді  мекендерде 
Ресейдің  өнеркәсіп  товарларын  қазақтарға  мал  және  мал  өнімдеріне 
айырбастап  капитал  жинаған.  Кейіннен  олар  Орал,  Ақтөбе  т.б. 
қалаларда  астық  өнімдерін,  өнеркәсіп  товарларын  сататын  62  дүкен 
ашқан.  Оы  саудагерлер  арасында  ағайынды  Дегтяровтар,  ағайынды 
Путиловтар, 
С.Оглотков, 
татар 
саудагерлері 
Р.Хайруллин, 
А.Суханбердин, С.Ибатуллин т.б. Батыс Қазақстанға белгілі көпестерге 
айналды. 
Жәңгір хан сауда ісін отбасының табыс көзінің біріне айналдырды. 
Ордаға  келген  саудагерлер  ханның  комиссионерлері  ретінде  оған  

 
227 
қажетті    товарларды    әкеліп,    осы    қызметі    үшін  жалақы    алып,  орда 
территориясында  сауда    істерімен  еркін    жүріп  түру    құқығына    ие 
болған    бірнеше  адам  болды.  Жәңгір    ханның  приказчигі  Түрұғустан 
Байзақов  көшіп  жүрген қазақ ауылдарына товар апарып сататын және 
алмастыратын арнаулы сенімді  адамдар ұстады. (32) 
Бөкей  Ордасында  Жәңгір  ханның  өзі  де  сауда  ісімен  айналысқан. 
Ол  сол  заманда  атақты  болған  Астрахан  көпесі    Измайловпен  сауда 
қатынасын  орнатқан.  1822-жылы  Измайлов  белгілі  бір  себептермен 
шығынға  ұшырағанда  Жәңгір  хан  оған  көмектесіп,  зат-мүліктерін 
конфискацияға  түсуден  құтқарып,  басшылар  алдында  кепіл  болып 
үлкен жәрдем көрсеткен (33).  
Бөкей Ордасындағы ірі жер иесі Қарауылқожа Бабажанов та сауда-
саттық  істерімен  айналысқан.  Астрахан  помещицасы,  полковник 
Багратионның  әйелінің  сотқа  берген  арызына  қарағанда  Қ.  Бабажанов 
осы  әйелмен  және  басқа  орыс  капиталистерімен  бір  сауда 
кампаниясында болған. Осы кампания таратылған кезде  Қ. Бабажанов 
одан алған товарлары үшін 16 мың рубльді қайтарудан бас тартқан (34). 
1824  жылы    1-тамызда  Жәңгір    хан  өзінің    сауда  серігі    Дубов  
посадының  көпесі Степан  Бондаревке мынадай куәлік  қағаз берген: 
 «С.Бондарев  және оның өкілетті  приказчиктеріне  орда  жеріндегі 
қазақтармен  Ресейден    әкілінген    товарларды  ақшаға    сатуға    және 
алмастыруға  рұхсат  беремін 
С.Бондаревтен  және оның приказчиктерінен  алған  товарлар үшін  
қазақтар  адал  ақы    төлеулері    тиіс.    Алған  товарлары  үшін    келісілген  
уақытта  ақы    төлемегендерден    Бондарев    2  есе      артық  төлем  өндіріп 
алуға құқылы». (35) 
Сұлтан    правитель    Шығай  Орда    жеріне    келген    саудагер    татар 
Қажаев  пен Астрахань көпесі Михайловқа  осындай еркін  сауда жасап, 
қарызға берген товарлары  үшін еселеп  төлем ақылар жинау  құқығын  
берген. (36) 
Қарауылқожа  Бабажанов  Орда  территориясында  сауда  ісімен  
жақсы  деңгейде  айналасып,  1822  жылы  алған  товарлары  үшін  сұлтан  
Қуаныш  Жаналиев,  сұлтан  Палуан  Жаналиев  және  старшын  Исатай 
Таймановты  өзіне  қарыздар етті. (37) 
Дәстүрлі  мал  шаруашылығымен  қоса  сауда  істерінен  көп  пайда 
түсетінін  түсінген билік  иелері де орыс саудагерлерімен бірігіп базарға  
мал  шығару  және  елді  мекендерге  халықтың  тұрмысқа  қажетті  
товарларын сату ісімен айналаса  бастады. 
1827  жылы  мануфектура  Департаментінің  журналындағы  жазба  
мәліметтеріне сәйкес Бөкей Ордасынан Ресейге 400 мыңға  жуық  қой, 3 
мың жылқы айдалып, 2925 мың рубльдің мал өнімдері  жіберілген. (38) 
1829 жылы  Ішкі Бөкей Ордасының ханы Жәңгір Бөкейұлы  патша  
үкіметінің  әскери  экспедициясының  қажеттілігі  үшін  Орынбор  

 
228 
губернаторына      «Ресей    мүддесіне  жаратуға»    өзінің    қарамағындағы 
қазақтардан  жалпы  бағасы  56  053  рубль  тұратын  500  түйе    тапсырған. 
(39) 
Ішкі Бөкей Ордасындағы 1846- жылығы көктемгі жәрмеңкеге 1183 
саудагер  келді.    Олардың  арасында  екінші  және  үшінші  гильдиядағы 
көпестер  87  көпес  болды.  Келесі  1847-жылы  саудагерлер  саны  1500-ге 
жетті.  Ресей  сауда  және  мемлекет  мүлкі  министрлігінің  кеңесшісінің 
ақпаратында  Бөкей  Ордасы  халқының  сауда  ісіне  көптеп  араласа 
бастауы  туралы:  «Бөкей  хандығының    жәрмеңкелелерінде  үлкен  торг 
жүрді.  Ол  жәрмеңкелерде  орданың  халқының  тең  жартысынан  артығы 
болады.  Сонымен  қатар  орыс  және  татар  көпестерінің  саны  өсуімен 
бірге қазақ көпестерінің де саны өсуде»-, деп жазылған болатын (40).    
1846  жылғы  көктемгі  жәрмеңкеге  719  мемлекеттік  және 
помещиктік    крестьян  (шаруалар)    қатынасып  сауда  операцияларын 
жасады. (41) 
1846  жылы  Ішкі  Бөкей  Ордасында    көктемде    өткен  Жәңгір  хан  
жәрмеңкесіне    2700  қазақ,  1183  сырттан  келген  адамдар  қатынасқан. 
(42) 
Сырттан  келген  саудагерлердің  дәрежелері  мен  ұлттық  құрамы 
мынадай болды:  
 
саудагерлер 
саны 
2 гильдия көпестері 

 
3 гильдия көпестері 
 
83 
мещандар 
162 
крестьян шаруалар 
729 
татарлар 
31 
армяндар 
50 
қалмақтар 
65 
түркмендер 
19 
хиуалықтар 

казактар 
33 
барлығы 
1183 
  
Теңіз  (Примор)  округінде    жергілікті    қазақтар    тұрақты    сауда  
ісімен айналыса бастап, 1 округте 7 адам, 2 округте 15 адам саудагерлер  
ретінде    тіркелген.  Сөйтіп  1  және  2  округте  22  адам    тұрақты    сауда  
ісімен  айналысқан. (43) 
Нарын  құмын  мекендеген ауылдарда 222 адам  қолөнер кәсібімен 
айналысып,  олар  өз  өнімдерін    ақшаға  сатқан  немесе  өзіне  керекті  
заттар  мен  малға  айырбастаған. (44) 

 
229 
1847 жылы ордаға сырттан 1500 саудагер келіп, олардың жәрмеңке 
алаңында 300 лавкасы (дүкен)  болды. (45) 
Х1Х-ғасырдың  40-жылдары  Хан  Ордасы  (ставка)    нағыз  
саудагерлердің  мекеніне айналды. 
1846 жылы  Ордада  салынған 89 үйдің  отыз бірі  саудагердің үйі  
болды.  Осы  үйлердің  жанында  46 лавка, 19 қойма  болды.  Ордалық 1 
саудагердің сауда  айналымы  30 мың  рубльге  жетті, екі  саудагердің  
сауда  айналымының  деңгейі 2500-3000  рубль, 3 саудагердің   -  1500-
1800  рубль  құрады.  Сондай-ақ  16  саудагердің  сауда  капиталының 
мөлшері    100-500    рубль  аралығында  болса,  қалғандарының  сауда  
айналымы 25-75 рубль күміс ақша  мөлшерінде  болды. (46) 
Орда    жерінде    алыпсатарлықпен    айналысқан      саудагерлер  тез 
байып,  товар  айналымын  бірнеше  ұлғайтуға  қол  жеткізді.  Үшінші  
гильдиялық    көпес  Д.В.Медведев    Хан    Ордасында    жәрмеңке  
ашылғаннан  бастап  саудамен  айналысып, қолындағы  күміс 20  рублін 
20  жыл  ішінде    25  мың  рубльге  жеткізді.  Астрахандық    көпес 
Д.Измаилов жеке сауда жүргізуді  1817 жылы  бастап, 1 жылдың  ішінде  
иелігіндегі 64 000 рубль сауда  айналымын 1 195 000  рубль деңгейіне  
дейін көтерді. Осы ақшаның  250 000 рублі оның  жеке өзінің  капиталы  
болды. (47) 
Орда территориясында ірі саудагерлер өз пайдасы үшін  қазақтарды 
сауда ісіне  көптеп  тарта  бастады. 
Титулдық  кеңесші Уланцев ноғай руының өкілі Юлдабайды  өзінің  
қазақ  даласындағы  сауда  серігі  етіп  алды.  Үшінші  гильдия  көпесі 
Д.Разоренов  4  қазаққа  товар  беріп  сатқызған.  Астрахан  көпесі  
Құрманалиев  20-дан  астам  қазақтарды  өзінің  сауда  серігі  ретінде  
ұстаған. Олардың арасында ауыл старшиналары да болды. Старшиналар 
(аулынайлар) Дүйсембай, Мекен деген қазақтар осы Астрахан  көпесінің  
товарларын  сатуға  көмектесті. 
Көпес 
Давид 
Исмаилов 
сұлтан 
Шығай 
Нұралыханов  
қарамағындағы  бірнеше  қазақтарды сауда  ісіне  тартып,  оларға  товар  
таратқан. Көпес Әлиасқар  Раджабов  16  қазаққа  сату  үшін   әртүрлі   
товарлар  берген. (49) 
1845-жылы  патша  үкіметі  Бөкей  Ордасында  хандықты  жойып, 
«Ішкі    (Бөкей)    Ордалықты  басқаратын  уақытша  Кеңес»  құрды.  Бұл 
уақытша  Кеңес  Астрахан  генерал-  губернаторына  есеп  беруге  міндетті 
болды.  Осы  Астрахан  губерниясына  қарайтын  1-  және  2-округтерінде 
балық аулап, оның өнімдерін сатумен айналысатын  қазақ кәсіпкерлері 
де  қалыптасы.  Каспийдің  солтүстік  жағалауына  бірнеше  балық 
батағаларын (кәсіпшілік орындарын) ұйымдастырған орыс көпестерімен 
қатар  қазақ  көпестері  де  кәсіпшілікпен  айналысып    балық  өнімдерін 
сату ісінде едәуір табыстарға қол жеткізді.       

 
230 
2-Примор  округінде  қазақ    Өтеғали  Танашевтің    «Дружинский», 
«Қара  көл»,  «Потанайский»,  «Михайловский»,  «Мало  Дружинский», 
атты 5 батағасы (балық кәсіпорындары ) болды. Оның туған інісі  Қарес 
Танашев «Бережник» деген батағаны иемденді. Салық Ибрагимов  деген  
қазақ  көпесі    «Баровский»    батағасының  қожасы  болды.  Алғашқыда 
шаруасын үсақ кәсіптен бастаған қазақ кәсіпкер-саудагерлері біртіндеп 
байып,  балық  қабылдайтын  батағалар  ұйымдастырып,  балық  аулайтын 
үлкен  кеме-қайық  жасақтады,  сөйтіп  үлкен  капитал  иелеріне  айналды 
(50).           
Қазақтардың  ірі  байлары  сауда  және  рынок  талаптарына  сай 
бейімделіп,  шаруашылықтың  товарлы  өндіріс  саласын  дамытуды 
көздеді.  Олар  мал  басын  көбейту  арқылы  жәрмеңкелерге  қатынасып, 
иелігіндегі малдың  бір бөлігін  капитал  жинақтау үшін  рынокқа  өткізіп 
отырды.  Осы  ретпен  қалыптасқан  қазақ  байлары  жергілікті  ұлттық 
буржуазияның  ұйтқысына  айнала  бастады.    Қазақ  қоғамындағы  осы 
жаңа  әлеуметтік  топ    буржуазияланған    ақсүйектерден  ғана  емес, 
қатардағы  саудагерлер  және  алыпсатарлармен  өз  қатарын  көбейтті. 
Қазақтың  ірі  байлары  рулық,  тайпалық  қатынастардың  сақталу 
жағдайында  тек қана шаруашылық , жергілікті әкімшілік – ауылдарды 
ғана  емес  болыстықтарды,  көп  жағдайда  уездерді  де  қамтыды.Қазақ 
көпестерінің  көпшілігі  өте  ірі  байлар  болды,олар  сауда  ісін  мал 
өсірумен  және  егіншілікпен  өте  шебер  ұштастыра  білді.  Орал 
обылысының Шідерті болысының сұлтаны Қаратаевтың 3500 десятина, 
болыс управителі Жұбанғалиевтің 1417 десятина жері болған. Сондай - 
ақ  Орал  уезінде  сауда  саласында  өздерінің  ықпалын  Бөкеевтердің 
жүргізгені баршаға мәлім болды.   
Бөкей ханның немересі  Шәңгерей Бөкеев жыл сайын  700 десятина 
жерге  егін  егіп,  аса  үлкен  жеміс  бағын  өсірген.  Сонымен  қатар  оның 
иелігінде    250  жылқы,  300  сиыр  (оның  ішінде  200  басы  өгіз)  болды. 
Шаруашылық  жұмыстарын  жүргізу  үшін    Ш.  Бөкеев  20-30  тұрақты 
батырақ - жұмысшы ұстаған. Ш. Бөкеев кәсіпкерлігінің арқасында оның  
«қоңсыларымен»  қоса  есептегенде  500-ге  жуық  адам  жұмыспен 
қамтамасыз етілді (51).     
Қазақстанда  сауданың    өркендеуі  қазақтардың  шаруашылығының 
заттық    өндірістік  негізін  өзгертпесе  де,    дегенмен    товар  –  ақша  
қатынастарының қалыптасуына тиімді түрде жәрдемдесті. Қазақтардың 
арасында сауда серіктестіктерін ұйымдастырған саудагерлер пайда бола 
бастады. Олар кейде ақшаларын өсімқорлық проценттер алатын болып 
қарызға беріп отырды.   
Кіші  жүздің  шығыс  бөлігін  басқарушы    сұлтан  Ахмет  Жантурин  
П.Небольсиннің  айтуына  қарағанда  :  «қырғыздардан  құралған  едәуір 
үлкен    сауда  компаниясының  жарнашысы  болды  және  өз  қарамағында 
25  приказчик  ұстады».  Осы  сауда  компаниясының  мүшесі  болған  

 
231 
Күлімбаев деген қазақ өз қарамағында 10 приказчик ұстады. Бұл байлар 
тек  қана  саудамен  ғана  айналысып  қоймай,  өсімқорлықпен  де 
айналысып    үстеме  пайда  табу  үшін  басқаларға  процентпен  несиеге  
ақша  беріп  отырды.  Сұлтан  Ахмет  Жантуринді  наградаға  ұсынуға 
байланысты  оған  толтырылған  мінездемеде  Орынбор  Шекара 
Комиссиясының  төрағасы  Ладыжинский  Азия  Департаментінің 
директоры  Синявинге  былай  деп  жазған:  «Орданың  батыс  бөлігінде 
Ахмет  Жантуриннің  үлгісімен  көпес,  арбакеш  немесе  тұз  тасушы 
болмаған бірде-бір қазақ жоқ. Ахмет Жантурин  сауда-саттықпен өзі де 
шұғылданып жүріп, жоғарыда аталған  кәсіптердің қандайымен болса да 
айналысқысы келген әрбір қазаққа ақша беруге әзір тұрады» (52). Кіші 
жүз  қазақтарының  арасынан  шыққан    сауда  буржуазиясының  ірі 
өкілдерінің  бірі  -  Дербісәлі  Беркінбаев.    Ол  Кіші  жүз    жағалбайлы 
руының  атақты  байы.  О.Вагановтың  мәліметі  бойынша  Д. 
Беркінбаевтың  иелігіндегі жалпы жер көлемі  20 мың десятина болған. 
Ол  өз  меншігіндегі  қой,  жылқыларын  тұрақты  түрде  көршілес  ірі 
жәрмеңкелерге айдатып мол табыс тауып  пайдасын көрген (53).   
Шекті    руының  Назар  бөлімінің  биі  болған  Бисембі  Баджиковтің 
(Бәжіков)  иелігінде  3  мың  жылқы  болған.  Ол  Темір,  Ақтөбе,  Ойыл  (  
Көкжар) жәрмеңкедеріне апарып көп мал сатып пайда тапқан. 
Жаңа  тұрпаттағы  қазақ  сауда  буржазиясының  көрнекті  өкілінің 
бірі-  Бижан  (Бимұхаммет)  Жанкелді  үлы  Кіші  жүз  Шекті  руының  
шүрен  деген  бөлімінің  беделді  биі,  әрі  өте  бай  болған.  Орынбор 
губернаторы А.Катениннің рұхсатымен Қонжар елді мекенінде орысша 
мектеп  салдырған.  Құрылысқа  қажетті  күйдірген  қызыл  кірпішті 
Орынбордан түйемен тасыған. Б. Жанкелдіұлы  Перовскийдің  Ақмешіт 
жорығына 500 түйе беруге мәжбүр болған. Орынбор қаласында  Бижан 
Жанкелді ұлы 2 қабат үйі салдырып, ол үй Николаевская  және  Водяная 
көшелерінің  бұрышында  орналасқан.  Бижан  негізінде  Орынбор  
қаласында  тұрып    Бұхарамен  екі  араға  түйе  керуенін  жүргізу  ісімен 
айналысып, орыс, татар көпестерінің жүгін тасыған (54).   
Заман  ыңғайына  сай  сауда  ісімен  айналысып    патша  үкіметінің 
жергілікті  өкілдерінің  көзіне  іліккен  адамның  бірі  Шүйтас  Қотанов. 
Торғай облысының сарай кеңесшісі  Оводов әскери губернаторға жазған 
рапортында 1878-жылы өз шаруашылығын жақсы жүргізгені үшін  Елек 
уезі, Бөрте болысының қазағы Шүйтас  Қотановты күміс алқаға ұсынып 
: «Оның  ағаштан тамаша етіп салынған  үйі бар. Астық сақтайтын ағаш 
қамбасы  бар.  Бір  сөзбен  айтқанда,  Ресейдегі  ауқатты  шаруа  (кулак) 
қалай тұрса, ол да солай тұрады. Осы құрылыстың бәрінде тазалық пен 
тәртіп  көзге  ұрады.  Ш.Қотанов  үлкен    сенім  мен  құрметке  ие.  Қысқа 
мерзім  аралығында  қаладан  оның  тұрғылықты  жеріне    дейін    ыңғайлы 
жол  салынды,  оны  бүгінде  «Шүйтас  жолы»  деп  атайды.  Бұл    қазақтар 

 
232 
арасында марапаттауға  лайық тамаша құбылыс»  - деп   атап көрсетеді.  
(55).    
Қазақтың бай феодалдары керуен  саудасымен де айналысты. Кейде 
осы байлардың өздері де керуен басы болып, қазақ ауылдарында  сауда-
саттық  істерімен  шұғылданды.  Олар  көбінесе  өз  түйелерін  қарапайым 
қазақтарға  жалдап  беріп,  бұл  үшін    олардан  келісім  бойынша  белгілі 
мөлшерде  ақы  алды.  П.  Небольсиннің  деректеріне  қарағанда  керуен 
саудасымен  Әлім  руының    Шүрен,  Қабақ,  Төртқара,  кейде  Тілеу  және  
Шекті  тармақтарының  бір  бөлігі  айналысқан.  Бай  –  феодалдар  керуен 
саудасына  өз  меншігіндегі  түйелерін  бергені  үшін  ақыны  ақшалай 
немесе  өзіне  қажетті  товармен  де  алып  отырған.  Ірі  қалалардан  қазақ 
ауылдарына саудагерлердің 50-60  «көші» шығып отырған (56). 
1884-жылдың  1  қаңтарынан    бастап    Хан  Ордасы    сауда    жасау  
және    кәсіпшілікпен    айналысу    құқығын    алу    үшін    5-кластық  елді  
мекен  категориясына  жатқызылды.  
Қазақ    даласында    сауда    қатынастарының    дамуының    алғашқы  
тұсында    татар    саудагерлердің    атқарған    рөлі    маңызды    болды.  Бұл  
туралы  сенатор  Пален: «Қырғыз (қазақ)  бұқарасына  сарттар  (өзбек)  
мен  татарлардың    ықпалы    өте  зор,    олар    жергілікті    жерлерде  
мұсылман  қызметшілерінің  (молдалардың)  қатарын толтырып,  сауда  
мен  білім    беру    ісін    өз  қолдарына    алуды»    деп    атап    көрсеткен  
болатын. 
Қазақ  даласындағы  орыс  көпестерінің басты  бәсекелестері  Орта  
Азия  және  татар  саудагерлері  болды. Сонымен қатар  Ресей  өндірісі  
үшін  қазақ  даласынан  ішкі  заттар  дайындау  ісінде орыс  көпестері  
мен  өзбек,    татар    саудагерлері    аралық    байланысшылардың    рөлін  
атқарды. 
Ішкі  Бөкей Ордасынан  татар  саудагерлер  қазақы  қойдың құйрық  
майын  өте көп сатып алып,  шыжғырған  майдан шырағдан (май шам), 
сабын  жасайды, сатып  алған  жылқыларды  Саратов  губерниясының  
орыс    поселкаларына    апарып    қымбатына    сатады,    өйткені  орыс  
шаруалары    егін    щаруашылығына    завод    аттарынан    гөрі    қазақ  
жылқыларын артық  санайтын  болған. 
Ресей    мемлекеттік    банктің    Орал    бөлімшесінде    ірі    көлемде  
малмен    сауда    жасаушы    Овчинниковке    350  мың  рубль  мөлшерінде  
несие берілді. 
Ресейдегі  бірінші  жалпы  санақ  бойынша  1897-жылы  Орал 
облысында  ресми  түрде  тіркелген    304  көпес  болды.  Сауда  саттық 
істерімен  айналысатын  осы  көпестердің  ішінде  251  көпес  қалаларда 
түрды (57). 
Орал облысында  саудамен айналысатын көпестер туралы мәлімет: 
(58) 
 

 
233 
  Уездер мен қалалар 
халық саны 
көпестер 
1. Орал уезі 
293169 
209 
  Орал қаласы 
36466 
170 
  Елек қаласы 
7154 
14 
2. Гурьев уезі 
86758 
65 
   Гурьев қаласы 
9322 
53 
3. Калмыков уезі 
169673 
16 
    Калмыков қаласы 
1924 
--- 
4. Темір уезі 
95071 
14 
   Темір қаласы 
616 
14 
   Орал облысы бойынша 
6455121 
304 
   Қалалар бойынша 
55482 
251 
Орал  облысында  көпестер  әлеуметтік  топ  ретінде  жаңадан 
қалыптасып,  олар  негізінен  облыстың  орталығы  Орал  қаласында  және 
уездік Елек, Гурьев, Темір қалаларында саудамен айналысты. Бұл кезде 
Орал  қаласында  көпестердің  55,9  проценті  орналасты.  Орал 
облысындағы 304 көпестің 70 проценті Орал уезінде орналасты.  Облыс 
бойынша ұсақ саудамен айналысатын адамдар саны арта түсті.  
Орал қаласында сауда-саттық ісімен айналысатын  адамдар туралы 
мәлімет: (59) 
     
Орал облысы 
Жалпы сауда 
919 
 мал 
179 
 Астық өнімдері 
144 
  Басқа ауыл шаруашылық өнімдері 
1633 
Құрылыс материалдары 
62 
Тұрмыс заттары 
25 
Металл бұйымдар 
68 
Мата, киім 
639 
Мал, аң терілері 
245 
Қымбат әшекей бұйымдар 
13 
Басқа заттар 
52 
Тасымал, тарату ісі 
81 
Қонақ үй, трактир 
527 
Ішімдік сату 
184 
Тазалық, гигиеналық заттар сату 
264 
Басқа сауда қызмет 
 
Жезөкшелік  
 
Ұсақсауда түрлері 
 
Делдалдық қызмет 
50 
   барлығы 
 

 
234 
       1897  жылғы  санақ  мәліметтері  бойынша  Гурьев  уезіндегі  сауда 
ісінің әртүрлі саласымен айналысатын саудагерлер туралы мәлімет: (60) 
 
Сауда түрлері 
Гурьев  қаласы 
Гурьев  уезі 
Жалпы сауда 
13 
102 
мал 
40 

Астық өнімдері 
18 

Басқа ауыл шаруашылық өнімдері 
200 
36 
Құрылыс материалдары 
15 

Үй-тұрмыс заттары 

 
Металл бұйымдары 


Мата, киім 
54 
41 
Мал тері, аң терісі 
17 
12 
Қымбат әшекей заттар 


Басқа әртүрлі заттар 


Тасымал сауда 


Қонақ үй, трактор иелері 
23 

Ішімдік сату 
19 

Жуынатын орындар 
28 

Басқа әртүрлі қызмет 
53 
19 
Жезөкшелік 


Ұсақ сауда түрлері 

21 
Саудагер-делдал 


барлығы 
551 
252 
 
Гурьев  уезі  мен  Гурьев  қаласының  территориясында  барлығы  803 
адам  саудамен  шұғылданып,  оның  ішінде  551  адам  Гурьев  қаласында 
тұрды, 252 саудагер уездік қалалар мен ауылдарда тұрып сауда жасады. 
1897-жылғы  Ресей  империясының    санағы  бойынша  Маңғыстау 
уезінде  8  дворян  тұқымы,  1654  селолық    байлар  есепке  алынған.  Осы 
санақ бойынша Маңғыстаудағы қазақтар саны 3745 адам.   
Маңғыстау  өңірінде  1900-жылы  арнайы  есепке  алынып  тіркелген  
92  саудагер,    олардың  иелігінде  64  сауда-саттық  орындары,    35  сауда 
қоймалары  болған.  Есепке  алынған    92  саудагерлердің    отызы  өте  ірі 
саудагерлер қатарына жатқызылды. Олардың ішінде 8 орыс,  10 армян, 
7 түрікмен, 5 саудагер басқа ұлттардың өкілдері болды (61).  
С.Г.  Рыбаков    Темір  уезі  бойынша  саудагерліктің  дамуына 
байланысты  мынадай  деректер  келтіреді:  «  Темір  жәрмеңкесіне  сауда 
ісімен  айналысқан  157  татар,  52  орыс,  51  қазақ    және  24  өзбек 
қатынасты.  Саудагерлер  үшін  325  ағаш  (киіз)  үй  тігіліп,  олар  дүкен 
ретінде пайдаланылды».  (62). 
1903  жылы  Торғай  ауыл  шаруашылық  қоғамы  құрылды.  Осы 
қоғамның  құрылуына  Торғай  облыстық  ветеринарлық  (мал)  дәрігері 
И.Ф.Колесников  басшылық  жасады.  Қоғамның  басты  мақсаты  –  мал 
шаруашылығының  дамуын  дұрыс  жолға  қою,  ірі  қара  малдарды 
асылдандыру  болды.  Торғай  ауылшаруашылық  қоғамы  Мынва 
ауылшаруашылық  қоғамымен  байланыс  жасап,  осы  қоғам  арқылы  етті 

 
235 
бағыттағы  ірі  қара  үшін  асыл  тұқымды  бұқаларды  Торғай  облысына 
алдырып,  оларды  жергілікті  климатқа  бейімдеу  мақсатын  қойған 
болатын. 
Торғай  ауыл  шаруашылық  қоғамының  құрылтайшыларының 
қатарында Ақтөбе уезінің малы көп байлары 
30.
 
Беркімбаев Дербісәлі 
31.
 
Қосуақов Ақметкерей 
32.
 
Түлкібаев Әбіл 
33.
 
Ибрагимов Мәмбетжан 
34.
 
Кейкин Сабыр 
35.
 
Қойайдаров Мырзағұл 
36.
 
Наурызбаев Баймұхамед  т.б. болды. Ақтөбе уезінің ірі байлары    
Орынбор,  Орск,  Ойыл,  Ырғыз,  Ақтөбе  жәрмеңкелеріне  мал  сату 
арқылы капитал жинаған, қазақ қоғамының буржуазия өкілдері еді. (63) 
1904-жылы Орал  уезінің Қарашығанақ  болысында орташа табысы 
56 рубль 10 тиын болған 80 етікші, жалақысы 65 рубль 79 тиын құраған 
40 ағаш үй шеберлері, орташа таза табысы 93 рубль 60 тиын тұратын 60 
саудагер,  табысы  106  рубль  54  тиынға  жеткен  13  ұста,    жалақысы  өте 
төмен дәрежедегі 16 қасапшы (37 рубль 22 тиын ), 13 жәмшік (62 рубль 
10 тиын),  392 қара жұмысшылар  (52 рубль 45 тиын) тіркелген. 
Қол  өнер кәсібімен айналысатын осы қазақтар өздері жасаған ірілі-
ұсақты  бұйымдарды  Орал,  Хан  Ордасы  (Бөкей),  т.б.  жәрмеңкелерге 
апарып  сатып  пайдасын  көрген,  тапқан  ақшаларына  отбасына  қажетті 
заттар сатып алған.  
Орал  уезінің    Сұлукөл  деп  аталатын  көлінен    қазақтар  өздері  ау 
тоқып,  балық  аулап,  балық  өнімдерін  тұздап,  қақтап  базар, 
жәрмеңкелерге  сатып  табыс  тапқан.  Темір  уезінің  бір  қазағы  үй 
жанынан жылына 400 пұт алма беретін  бау-бақша өсіріп, ол өнімдерін 
Темір  жәрмеңкесіне шығарып сатып пайдасын көрген (64).   
Батыс Қазақстанның Ресей, Орта Азия мен сауда байланыстарының 
дамуы    және  ішкі  рыноктың  өсуі  осы  өңірде  қазақ  сауда 
буржуазиясының қалыптасуына әсерін тигізді. 
Батыс  Қазақстанда    жаңадан  қалыптасқан  сауда  буржуазиясының 
қатарында  ірі  және  ұсақ  саудагерлер,  айырбас  сауда  өкілдері 
(делдалдар)  басым  болды.  Сонымен  бірге  ірі  мал  иелері  –  байлардың 
арасынан    өмір  ағымына  байланысты  мал  шаруашылығын  саудамен 
ұштастырып  капитал  жинастырған  қазақ  ұлттық    буржуазиясының  да 
өте баяу болса қалыптаса бастағаны  тарихи шындық болып табылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет