АҚТӨбе облысының Әкімдігі облыстық МӘдениет басқармасы



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата23.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4708
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
 
 
 
 

 
207 
§ 3.2.  Темір жәрмеңкесінің дамуы 
1868-жылы  қабылданған  «Орал,  Торғай,  Ақмола  және  Семей 
облыстарын  басқару  туралы  уақытша  Ереже»  нәтижесінде  1868-жылы 
тұңғыш  рет  Орал  облысы  құрылды.  Орал  облысының  қарамағында: 
Орал, Гурьев, Калмыков, Эмба (Жем) уездері болды. 
1881-жылы  Орал  облысының  Эмба  (Жем),  Калмыков  уездерінің 
орнына Темір және Ілбішін уездері құрылды.   
Темір  уезі  Орал  облысының  оңтүстік-шығыс  бөлігінде  орналасып, 
оның құрамында 17 болыс: Қазыбек, Қарағанды, Қиыл-Ойыл, Қайыңды, 
Ойыл,  Құмды-Ойыл,  Қалмақ  қырған,  Ембі  (Жем)  –Темір,  Ембі  (Жем), 
Темір-Орқаш,  Жетікөл,  Жиделі-Сағыз,  Оймауыт-Желтау,  Доңызтау-
Аққолқын, Қошқарата, Сам-Матай, Ұлысам болды. (1) 
1870-жылы Темір уезінде   47,9 мың адам болса, 1897-жылы  халық 
саны  95,0  мыңға  жетті.1897-жылы  уезде  51  дворян,  10  діни 
қызметкерлер,  14  көпес,  239  мещан,  608  шаруа,  72    әскери  казактар, 
94071 жергілікті халық   қазақтар, 6 басқа ұлт өкілдері, барлығы  95071 
адам  өмір сүрді. Осы жылғы санақ деректері бойынша Темір қаласында  
40 дворян,  10 діни қызметкерлер, 14 көпес, 177 мещан,  162 шаруа, 53 
казак,160  жергілікті  халық  (  қазақтар),  барлығы  616  адам    болды.  Бұл 
кезеңде Темір уезіндегі қазақ халқының үлес салмағы  90,5 процент еді. 
М.Мұқанов деректері бойынша осы кезде Темір уезінің территориясын 
Кіші  жүз  қазақтарының:  Әлімұлы  (қаракесек,  кете,  шекті  рулары), 
Байұлы  ((масқар,  таз,  шеркеш,  алаша,  ысық,  рулары),  Жетіру  (кердері 
руы)  тайпалары  мекендеді.Ойыл  өзенінің  бас  жағын  шекті,кете,  және 
кердері  рулары  иеленді.  Шектілер  мұнымен  қатар  Ембі,Темір 
өзендерінің  бойларын,  Мұғаджар  таулары  мен  басқа  да  жерлерді 
жайлады.  Қаракесек  руы  шектілердің  оңтүстігін  ала  Ащыкөл,  Жиделі 
өзендерінің  бойын  қоныс  етті.  Сағыздың  бас  жағына  кете  руы 
орналасты. Алаша, шеркеш рулары Ойыл өзенінің оң жағалауында, дала 
көлдерінің  айналасында  көшіп  қонып  жүрді.  (2)    Темір  уезінде  1903-
жылы қоныстанушылар үшін жер дайындау жұмыстары аяқталды. 1906-
1910-жылдар 
арасында 
Темір 
уезінің 
территориясында 
70 
қоныстандыру  участкелері  құрылды. 1906-жылы  3  участке, 1907-жылы 
13  участке,  1908-жылы  10  участке,  1909-жылы  11  участке,  1909-жылы 
33 участке құрылды. Темір уезінің жаңа қоныстандыру ауданында таза 
13 орыс болысы құрылды. 
Крестьяндардың Орал облысына жаппай қоныс аударуы 1884-1891 
жылдар  арасында  жүргізілді.  Осы  мерзім  ішінде  Ресейдің  орталық 
губернияларынан  2299  отбасы  көшіп  келді.  Бұдан  703  отбасы  Темір 
уезіне, 237 отбасы Ойыл бекінісіне қоныстандырылды.  (3)  

 
208 
1906-1910  жылдар  арасында  Орал  облысына    47018  адам  көшіп 
келсе, солардың ішінде Темір уезіне 8336  адам қоныс аударды. Сөйтіп 
қазақ өз жерінен айрылды. Орал-Торғай қоныстандыру басқармасының 
бастығы  Глинка  өзінің  Ресей  мемлекеттік  Думасында  сөйлеген  сөзінде 
осы  басқыншылықты  заңды  құбылыс  ретінде  былайша  түсіндіріп: 
«біріншіден,  қырғыздардың    жерге  ешқандай  жеке  меншік  құқы  жоқ. 
Бұл  жер  мемлекеттікі  болып  есептелініп,  олардың  уақытша  қоғамдық 
пайдалануына  ғана  берілген.  Мысалы,  25  шаруаны  орналастыру  үшін 
бір ғана қырғыз қыстауының орны жеткілікті. Сондықтан, қырғыз жері 
біздің тарапымыздан тоналуда деген әңгімемен келісе алмаймын» деп өз 
ісін өзі заңды етіп көрсеткен болатын. 
Уезд  орталығы  Темір  қаласы  жыл  өткен  сайын  өсіп,  қалада  жаңа 
әлеуметтік орындар пайда  бола  бастады. 1870-жылы  орыс православие 
шіркеуі  салынып,  1905-жылы    мұсылман  мешіті  бой  көтерді.  Қалада  1 
кластық  орыс-қазақ  училище,  кітапхана,  почта  жұмыс  жасай  бастады. 
1907-жылы  Темір  тәжірибе  станциясы  ашылып,қалада  тұрақты  және 
жәрмеңке  саудасы  дамыды.  1908-жылғы    мәліметтер  бойынша  Темір 
уезінің  13392 шаруашылығының 10434 шаруашылығы (77,91 проценті) 
егіншілікпен  айналысты,  олардың  39336  десятина  жері  болды,  бұл  сол 
кезде  уезд  көлемінде  егіншіліктің  кең  көлемде  қанат  жайғанын 
көрсетеді. (4) 
Қазақтардың  шұрайлы  жайылым  мен  егіске  жарамды  жерлерінен 
қалай айрылғанын Қ.Жұбанов  «Қазақ» газетінде  «Темір уезінен» деген 
тақырыппен  берілген  мақаласында  тайға  таңба  басқандай  деректермен 
айқын  көрсетіп  бере  білген.  Қ.Жұбанов  Орал  облысының  Темір 
уезіндегі орыс отаршылығын туралы былай деп баяндайды: «1909-1910 
жылдарда  біздің  Темір  уезінің  Темір,  Орқаш  болысының  8  ауылына  2 
участка мұжық орнады, жер кескенде екі ауылнайдың ортасында болған 
Қаракөл  деген  үлкен  көл  қазақ  жерінде  қалады.  Мұжықтар  қаласын 
көлдің жағасына салып, келген жылы-ақ шөмелелеп қойған қазақтардың 
шөбін  тасып  ала  бастайды.  Бермеймін  дейтін  қазақта  әл  жоқ.  Ақыр 
аяғында  қызығып,  «қазан  түбінде  шеміршек  қалды»,  -  деп  қазаққа 
қимай,  арыз  беріп  өзіне  қаратады.  Қаракөлдің  бір  десятинасына  басқа 
жерден  төрт  десятина  жер  бермек  болып,  маңайынан  бір  қатар  жер 
қосып,  877  десятина  жерді  кестіріп  алады.  1912-жылы  күзді  күні 
произвовитель  работы  келіп,  жерді  белгілеп,  бір  жетіден  соң  землемер 
877  десятина  жерді  қазаққа  өлшеп  береді.  Қаракөлдей  төрт  есе    жер 
беремін  дегені  қайда  десе,  білмеймін  дейді.  Сорлы  қазақ  «көкіректе 
сайрап  тұр,  тілді  құдай  байлап  тұр»  дегендей,  тіліне  түсініп,  ойына 
келгенін айта да салмай,  көзі жасаурап қала берді». (5) 
1907-жылы  Мемлекеттік  Думаның  депутаты  Т.Седельниковтың 
«Борьба  за  землю  в  Киргизской  степи»  атты  кітабы  Петербургте 
басылып  шықты.  Осы  кітапта  Темір  уезінің  қазақтарының  өз  жерінен 

 
209 
айрылып,  өз  елінде  кіріптарлыққа  ұшырағанын  өте  дәл  баяндайды: 
«1869-жылы  әскери  бекініс  ретінде  салынған  Ақтөбе    бекінісі,  1887-
жылы қала статусын алды. Қала аумағын кеңейту үшін 64 үй (шаңырақ) 
ақсүйек-сұлтандарының жері тартып алынып, оның орнына Ойсылқара 
болысына приговор жасаттырып, Шиелі деген жер беріледі. 1893-жылы 
көп  дау-дамайдан  соң  осы  жерге  қоныстанған    №  6-сұлтандар  ауылы 
өздеріне  тиесілі  жердің  бір  бөлігін,  яғни  500  десятина  жерді 
молокондарға жалға береді. Жерді жалға алған молокондар Ырғыз және 
Темір  уездерінің    қазақтарының  Шиелінің  батыс  жағындағы 
жайлауларына баратын жолдарын жауып тастаған. Сөйтіп Темір уезінің 
Жем-Темір  болысы  қазақтарының  жағдайы  өте  нашарлап,  қиындыққа 
ұшыраған.  Олар  бұрын  малдарын  жайлап  жүрген  Мұғаджар  тауының 
кең аңғарлары мен сай-салалары орманы саяжай есебінде қазынананың 
қарамағына өтіп кетті».  (6) 
Осылайша  Темір  уезінде  де  Т.  Седельников  атап  көрсеткендей: 
«даланы  орыс  үкіметінің  отарлауы  ХҮІІІ  –  ғасырдың  ортасында 
басталып,  үздіксіз  түрде,  ХІХ-ғасырдың  соңғы  ширегіне  дейін 
жалғасты, сөйтіп, бірте-бірте қырғыздардың ондаған миллион десятина 
ең шұрайлы жерлері тартып алынды». 
Орыс  үкіметінің  осындай  озбырлығын  өз  кезінде  В.И.Ленин  де 
мойындап: 
«Қоныс 
аудару 
мәселесі» 
деген 
мақаласында: 
«Қоныстандыру  қоры    жергілікті  халықтардың  жер  жөніндегі 
праволарын  өрескел  бұзу  жолымен  жасалды,  ол  Россиядан  қоныс 
аудару  «шет  аймақтарды  орыстандыру»  жөніндегі  бәз-баяғы 
ұлтшылдық принципті дәріптеу үшін жасалды» деп дәл атап көрсеткен 
болатын. 
Орал  облысының  генерал-губернаторының  1873  жылы  12 
желтоқсанда қабылдаған шешімі бойынша Темір қаласында Қарақамыс 
жәрмеңкесі  әр  жылы  15  мамыр  мен  15  маусым  аралығында  өткізіліп, 
оған  Торғай,  Ырғыз,  Маңғыстау  уездерінен,  Қазалы,  Хиуа  және 
Бұқарадан  саудагерлер  саудагерлер  және  мал  баққан  көшпенді  қазақ 
жұртшылығы  қатынасты.  Қазақтар  Қарақамыс  жәрмеңкесіне  мал 
өткізіп, өздеріне қажетті тұрмыстық заттарын сатып, айырбастап алған.   
(7) 
Қарақамыс жәрмеңке аталғанға дейін осы жерде жергілікті қазақтар 
өздеріне  қажетті  тұрмыстық  бұйымдар  сатып  алатын  шағын  базар 
жұмыс  жасады.  Қарақамыс  жәрмеңкесін  ашылған  кезде  қала 
сыртындағы  базар  алаңында  киіз  үйлер  тігіліп,  осы  үйлер  дүкен  және 
товар сақтайтын қойма үшін пайдаланылды. 
1879  жылы  Темір  уезінің  орталығы  Қарақамысқа  көшірілді.  Осы 
кезден бастап Темір уезінде сауда қатынастары ерекше қарқынмен дами 
бастады. 

 
210 
1879-1895  жылдар  арасында  темір  (Қарақамыс)  жәрмеңкесінің 
товар айналымы 10 есе өскен. (8)   
1895  жылы Қарақамыс жәрмеңкесіне 284 саудагерлер қатынасқан. 
Осы саудагерлердің ұлттық  құрамы мынадай: 52 – орыс, 157 – татар, 51 
– қазақ,  24 – хиуалықтар т.б. (9) 
Орыстар  жәрмеңкеге  Орск,  Орынбор  және  Орал  қалаларынан, 
татарлар – Қазан, Орынбор,  Орск қалаларынан келген. 
Темір  жәрмеңкесінде  қалыптасқан  ереже  бойынша  әрбір  саудагер 
сатуға  әкелген  мал  үшін  салық  төлемдерін    төлеуге  тиіс  болды.  Темір 
жәрмеңке  комитеті  сатылатын  малға  мынадай  салық  мөлшерін  бекітті: 
әр қойдан – 1 тиын, сиырдан – 2 тиын, жылқыдан – 5 тиын, түйеден – 10 
тиын. 
Сонымен бірге жәрмеңкедегі сауда алаңынан берілген сауда орыны 
үшін саудагерлер 1 шаршы метр жерге 50 тиын төледі. 
Салық төлеген әрбір саудагер – көпес арнаулы есеп журналына қол 
қойып,  оған  салық  төлегендігі  туралы  арнаулы  квитанция  (түбіртек) 
берілді. 
Жәрмеңкеге айдан әкелінген мал басы қатаң түрде саналып, сатқан 
малының  санын  жасырған  саудагерге  айыппұл  (штраф)  салынды.  Бұл 
айыппұлдың мөлшері тиісті салықтан 2 есе көп болды.  
Темір  жәрмеңкесінде  саудагерлерден  жиналған  ақша  жәрмеңке 
алаңында    құрылыстар  салу,  дүкендер  мен  жәрмеңке  ауласын  жөндеу 
жұмыстарына  жұмсалды.  Артық  қалған  ақша  қала  қазынасына 
тапсырылып, ол қаражат қаланы көркейту ісіне жаратылды. 
ХІХ-  ғасырдың  орта  тұсында  Қазақстанда  Ресей  империясының 
үлгісі  және  заман  талабына  сәйкес  сауда  қатынастары  қалыптаса 
бастады.  Орал  облысының  қарамағындағы  Темір  уезінде  де  таза 
айырбас  сауданың  орнына  базар,  жәрмеңке  және  тұрақты    сауда 
орындары 
қалыптасып, 
елдің 
материалдық 
және 
әлеуметтік 
сұраныстарына сай жұмыс жасай бастады. 
Темір  уезіндегі  Қарақамыс  жәрмеңкесі  жергілікті  қазақтардың 
қажеттілігін қанағаттандыру бағытында қарқынды жұмыс атқарды. 1878 
жылы  Қарақамыс  жәрмеңкесінде  негізінен  мал  және  мал  өнімдері 
сатылды.  Темір  және  көршілес  уездердің  қазақтары  осы  жылғы 
жәрмеңкеде  2927  пұт  жүн  және  2368  пұт  жабағы  жүнді  21739  рубльге 
өткізді.  Сонымен  бірге  жалпы  бағасы  5928  рубль  тұратын  1482  қой 
сатылды.  Келесі  1879  жылы  осы  жәрмеңкеде  32710  рубльге  4173  пұт 
жабағы жүн, 75 сиыр, 4758 қой сатылды. (10) 
Темір  жәрмеңкесінің  өткізілу  уақыты  қазақтардың  көші-қон 
мерзімімен тығыз байланысты болды. Жәрмеңкеде негізгі мал өнімдерін 
өткізушілер  Хиуа  территориясына  дейін  көшетін  адай  және  табындар 
болғандықтан  Темір  жәрмеңкесінің  комитеті  Орал  облыстық 
әкімшілігінен  жәрмеңкенің  өткізілу  мерзімін  адай,  табын  руларының 

 
211 
қыстауға  қайтатын  күз  айларына  бейімдеп,  1  қыркүйек  пен  1  қазан 
аралығына  белгілеп  күзгі  жәрмеңке  ашуды  өтініп,  екінші  жәрмеңкенің 
жергілікті  қазақтар  мен  Ресей  Орта  Азия  саудагерлеріне  көп  пайда 
келтіретініне  баса  назар  аударған.  Осы  өтініш  қанағаттандырылып 
Темір жәрмеңкесінің сауда айналымы жылдан-жылға дами түсті. 
1890 жылы Темірдегі көктемгі жәрмеңкенің товар айналымы 1 млн. 
рубльге жетті, күзгі жәрмеңкенің товар айналымы 150000 рубль болды. 
(11) 
1897-жылғы  Ресей  империясының  санақ  мәліметтері  бойынша  
Темір уезінде 3 адам  жалпы  сауда істерімен,  1адам ауыл шаруашылық 
өнімдерін,  4  адам  киім-кешек,  тері-былғары  сатумен  тұрақты  
айналысқан.  Темір қаласында 23 адам ауыл шаруашылық өнімдерін, 3 
адам  мата  сатумен  шұғылданған.  (12)  1900-жылдан  бастап  маңызды 
сауда  орнына  айналған  Темір  жәрмеңкесі    уезд  қазақтарының  өз 
малдары мен мал өнімдерін айырбастау арқылы өздеріне қажетті өндіріс 
товарларын алатын бірден-бір сауда орталығына айналды. 
Санкт-Петербург 
қаласынан 
шығатын 
«Живая 
старина» 
журналында  (1897ж.№11  )  С.Г.  Рыбаков  Темір  жәрмеңкесі  туралы 
мынадай  деректер  келтіреді:  «Темір  жәрмеңкесіне  сауда  ісімен 
айналысқан  157  татар,  52  орыс,  51  қазақ    және  24  өзбек  қатынасты. 
Саудагерлер  үшін  жәрмеңкеде  325  ағаш  (киіз)  үй  тігіліп,  олар  дүкен 
ретінде пайдаланылды. Жәрмеңке әдетте көктемде және күзде өткізіліп, 
оған  Ташкент,  Бұқара,  Хиуа,  Орынбор,  Уфа,  Орск  (Жаманқала) 
қалаларынан  саудагерлер  келіп  сауда  жасаған».  С.Рыбаков  «Темір 
жәрмеңкесі»  атты  мақаласында:  «Сан  жағынан  татарлардың  үлес 
салмағы  жоғары,  және  олар,  жалпы  қырғыз  даласындағыдай,  мұнда  да 
сауданы  өз  қолдарына  ұстап  отыр;  құжынаған  татарлар  біреулеп-
екеулеп  арба-дүкендеріне  тауарларын  артып,  бүкіл  өлкеге  бытырап, 
тарайды; міне, осы жүріс-тұрыстары кезінде олар орыс ісінің дұшпаны 
және  екіжүзді,  арам  мұсылмандықты  насихаттаушы  болып  табылады. 
Орыс  саудагерлері  неге  даладан  бойларын  аулақ  ұстайды  және  татар 
ықпалы  мен  саудасына  неге  қарсы  тұрмайды  екен  деп,  еріксізден  таң 
қаласың.  Ал  қырғыз  даласына  келсек,  ол  –  сауда  іскерлігі  мен 
табыстылығы үшін кең өріс» деп жазған болатын. (13) 
Темір  жәрмеңкесінің  алғашқы  қалыптасып,  дамуына  байланысты 
В.П.  Семеновтың  редакциялауымен    1903-жылы  Саркт-Петербург 
қаласыында  жарық  көрген  «Россия.  Полное  географическое  описание 
нашего Отечество» деген кітапта: «Темір өзі аттас Темір станциясынан 
оңтүстік-батысқа  қарай    35  шақырым  жоғары  орналасқан  уездік  қала. 
Темір  қаласы  Темір  өзенінің  бойына  орналасқан.  Қала  1897-жылы 
салынған  казак  әскери  бекінісінің  негізінде  бой  көтерді.  Осы  әскери 
Эмба  (Жем)  постысының  айналасына  қоныс  аударған  орыс,  украин 
шаруалары  орналасты.  Керуен  жолдарының  қиылысқан  жерінде    және 

 
212 
адамдар  тығыз  тұратын  қазақ  болыстарына  жақын    орналасуы  Темір 
қаласының  даладағы  ерекше  сауда  мекеніне  айналуына  көп  септігін 
тигізді.  Қазір  750  адам  тұрғыны  бар  Темір  қаласында  жыл  сайын  15-
мамыр  мен  15-маусым  арасында  көктемгі    жәрмеңке  өткізіледі.  Темір 
жәрмеңкесінің    1900-жылғы  сауда  айналымы  537  мың  сом  болды.  Бұл 
атақты  Көкжар  (Ойыл)  жәрмеңкесінен    кейінгі  екінші  орын  алатын 
сауда орталығы. Жәрмеңкеде негізінен мануфактуралық және  темірден 
жасалған бұйымдар жергілікті қазақтардың малдарына, жүн және теріге 
(қой, түйе, жылқы.) алмастырылады» деп жазылған болатын. (14) 
«Обзор  Уральской  области»  журналының  деректеріне  қарағанда 
1900-жылы  20-мамыр  мен  20-маусым  аралығында  өткен  Темір 
жәрмеңкесінде  547110  рубльдің  мал  және  мал  өнімдері,  5010  рубльдің  
астық  өнімдері,  213747  рубльдің  мануфактуралық  бұйымдары,  5858 
рубльдің ағаш және темір заттары, 49465  рубльдің әр түрлі  товарлары 
сатылған.  Осы  жылы  жәрмеңкеде  сатылған  товарлардың  жалпы 
мөлшері  821210  рубльге  жетті.  (15)    Бұл  көрсеткіш  1899-жылмен 
салыстырғанда 214781 рубльге артық болды. Темір жәрмеңкесінде 1899-
жылы  көктемде  474604  рубльдің  мал  және  мал  өнімдері,  119355 
рубльдің  мануфактурасы,  12470  рубльдің  әр  түрлі  заттары  сатылған 
болатын. (16) 
Сауда  қатынастарының  дамуына  байланысты  Темір  қаласының 
түрғындарының  саны  жыл  сайын  арта  түсті.  1900-жылы  Темір 
қаласының  халқының  саны  1  мыңнан  асты.  Ал  1911-жылы  Темір 
қаласының тұрғындарының саны 2 есеге көбейіп,  2220 адамға жетті. 
Ресейдегі бірінші халық санақ деректері бойынша Темір қаласында 
1897-жылы 616 адам өмір сүріп, олардың ішінде 14 көпес болды. (17) 
Темір  жәрмеңкесіндегі  негізінен  сатылатын  товар  жергілікті 
қазақтардың  малдары  мен  мал  өнімдері  болды.  Қазақтар  орыс 
товарларына  (мата,  ыдыс-аяқ,  қант,шәй  т.б.)  мал  шаруашылығның 
өнімдерін (түйе, қой жүндері мен терілерін, ешкі түбітін, елтірі т.б.) аң 
терілерін,  жүннен  тоқылған  кілем,  ішік-тон  т.б.  айырбастады.  1902-
жылы Темір жәрмеңкесінде орта  есеппен  жылқының бағасы 32 сом 41 
тиын, ірі мүйізді қара  27  рубль 77 тиын,  қой 5 рубль 5 тиын, түйе 52 
рубль 88 тиын тұрды. Осы жылы көктемгі жәрмеңкеде 585146 рубльдің 
мал  шаруашылығының  өнімдері,  күзде  57414  рубльдің  мал  және  мал 
өнімдері    сатылды.  1902-  жылы  өткізілген  қос  жәрмеңкеде    632560 
рубльдің мал шаруашылығының өнімдері өткізілді. Осы жылы көктемде  
10080  рубльдің астық өнімдері сатылды. Сондай-ақ  көктемгі және күзгі 
жәрмеңкелерде    271937  рубльдің  мануфактуралық  товарлары  ақшаға 
сатылды немесе малға алмастырылды. 1902-жылы көктемгі жәрмеңкеде 
834696 рубльдің әр түрлі  товары, күзгі жәрмеңкеде  132464 рубльдің әр 
түрлі  товары,  яғни  қос  жәрмеңкеде  барлығы  967160  рубльдің  әр  түрлі  
товарлары  сатылды.  Бұл  сол  кезеңдегі  өте  жоғары  көрсеткіш  болып 

 
213 
табылады.  Салыстырмалы  түрде  қарастырғанда  көршілес  Гурьевте 
өткен  көктемгі  жәрмеңкеде  бар  болғаны  61700  рубльдің  товарлары 
сатылған  болатын.  Осы  жылы  Торғай  обылысының  Ақтөбе 
жәрмеңкесінде  товар  айналымы  300  мың  рубльді,    Ырғыз 
жәрмеңкесінде 422518 рубльді  құрады. (18) 
1908 жылы Темір жәрмеңкесінің товар айналымы 2.218.393 рубльге 
жетті. 
1909  жылы  20  мамыр-20  маусым  аралығында  өткен  Темір 
(Қарақамыс)  жәрмеңкесіне  824.400  рубль  тұратын  товар  әкелініп, 
бағасы 556.636 рубль  тұратын әртүрлі  товар   сатылған. Осы  жылы  20 
қыркүйек  пен  10  қазан  аралығындағы  күзгі  жәрмеңкеде  225.400  рубль 
товар  әкелінген,  бұрыннан  сақталған  товармен  қоса  есептегенде  осы 
жәрмеңкеде 295.290 рубль тұратын товар сатылған. (19) 
Батыс  Қазақстандағы  Ақтөбе,  Ырғыз,  Ойыл  жәрмеңкелеріндегідей 
Темір  жәрмеңкесінде  де  негізінен  мал  және  мал  өнімдері  негізгі  товар 
айналымын құрады. Жәрмеңкеге Темір уезінен басқа  көршілес Ақтөбе, 
Ырғыз уездерінен жергілікті қазақтар  өте көп мөлшерде мал және мал 
өнімдерін  өткізді.  Сонымен  қатар  негізгі  көші-қон  маршрутының 
бойында  жатқандықтан  Темір  жәрмеңкесіне  көктем  мен  күзде 
Маңғыстаудан Орынборға  дейін көшіп-қонып жүрген адай және  табын 
рулары жылына 2 рет жәрмеңкеге қатынасып, мал сатып, жәрмеңкеден 
қажетті  тұрмысқа  қажетті  мануфактуралық  бұйымдар  мен  астық 
өнімдерін сатып алды.  
1902-1910-жылдар  арасында  Темір  жәрмеңкесінде  сатылған  мал 
және мал өнімдері  туралы   статистикалық мәлімет: (20) 
 
Жәрмеңке өткізілген 
(товар түрі ) мал және 
мал өнімдері (рубль) 
Жылы 
мерзімі 
1902 
20.05-20.06 
585146 
 
1.09-10.10 
57414 
1903 
20.05-20.06 
10476 
 
1-30.09 
68522 
1904 
20.05-20.06 
892579 
 
1-30.09 
66481 
1905 
20.05-20.06 
1001223 
 
20.09-10.10 
84617 
1906 
20.05-20.06 
719974 
 
20.09-10.10 
92383 
1907 
20.05-20.06 
1206660 
 
20.09-10.10 
162739 

 
214 
1908 
20.05-20.06 
1506150 
 
20.09-10.10 
118668 
1909 
20.05-20.06 
914216 
 
20.09-10.10 
125860 
1910 
20.05-20.06 
934964 
 
 
128191 
        
Темір  уезінің  территориясын  мекендеген  Кіші  жүз  қазақтары 
(әлімұлы,  байұлы,  жеті  ру)  үшін  негізгі  қажетті  товарлар  мануфактура 
бұйымдары,  астық  өнімдері  мен  ағаштан,  темірден  жасалған  заттар 
болды.  Осы  товарларды  қазақтар  орыс,  татар  және  Орта  Азия 
саудагерлерінен  өздері  жәрмеңкеге  өткізген  мал  және  мал  өнімдерінен 
түскен ақшаға астық, мануфактура бұйымдары мен күнделікті тұрмысқа 
қажетті темір және ағаштан жасалған заттарды сатып алған. 
1902-1910  жылдар  арасында  Темір  жәрмеңкесінде  сатылған  астық, 
мануфактура  бұйымдары,  ағаш,  темір  т.б.  товарлар  туралы  мәліметтер 
(рубль есебімен): (21) 
 
Жәрмеңке 
өткізілген 
Сатылған товарлардың түрі мен мөлшері 
Жыл 
мерзімі 
Астық 
Мануфактура 
Ағаш, темір 
Басқа әр   
түрлі 
товарлар 
(рубль) 
1902 
20.05-
20.06 
10080 
228437 
11033 
--- 
 
1.09-10.10 
--- 
43500 
--- 
31550 
1903 
20.05-
20.06 
6400 
346660 
9020 
--- 
 
1-30.09 
1650 
76035 
1900-- 
--- 
1904 
20.05-
20.06 
6500 
382570 
8500 
30600 
 
1-30.09 
1500 
62415 
1300 
4130 
1905 
20.05-
20.06 
16000 
622090 
10000 
31950 
 
20.09-
10.10 
15500 
87000 
2400 
5350 
1906 
20.05-
20.06 
21840 
509750 
10000 
56000 
 
20.09-
10.10 
2000 
51200 
3000 
10850 
1907 
20.05-
20.06 
25050 
518800 
15000 
68800 
 
20.09-
10.10 
7500 
67350 
2850 
8200 

 
215 
1908 
20.05-
20.06 
 
 
 
 
 
20.09-
10.10 
8000 
66600 
3900 
18350 
1909 
20.05-
20.06 
25010 
510010 
36200 
71200 
 
20.09-
10.10 
81000 
73500 
4000 
10930 
1910 
20.05-
20.06 
49900 
866110 
9800 
--- 
 
 
71500 
121046 
28000 
--- 
 
ХХ-ғасырдың  басында  Темір  жәрмеңкесі  Ойыл  жәрмеңкесінен  
кейінгі жалпы товар айналымы бойынша екінші орында болып, Ақтөбе, 
Ырғыз жәрмеңкелеріне қарағанда ерекше қарқынмен дамыды. 
Оның  басты  себептерінің  бірі  Темір  жәрмеңкесінің  керуен  сауда 
жаолдарының қиылысында орналасқаны болып табылады. 
ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  Темір  жәрмеңкесі  Батыс  Қазақстандағы 
ең  ірі  сауда  орталығына  айналып,  өзінің  товар  айналымы  деңгейі 
бойынша жетекші орынға шықты. Оны мына мәліметтен көруге болады. 
1902-1910  жылдар  арасында  Темір  жәрмеңкесінде  сатылған 
товарлардың жалпы бағасы туралы мәлімет: (22) 
 
Жәрмеңке өткізілген 
Сатылған товарлар мөлшері (рубль) 
жылы 
мерзімі 
барлығы 
1902 
20.05-20.06 
834696 
 
1.09-10.10 
132464 
1903 
20.05-20.06 
372556 
 
1-30.09 
148107 
1904 
20.05-20.06 
1320749 
 
1-30.09 
135826 
1905 
20.05-20.06 
1521263 
 
20.09-10.10 
194867 
1906 
20.05-20.06 
1317564 
 
20.09-10.10 
159433 
1907 
20.05-20.06 
1834310 
 
20.09-10.10 
248689 
1908 
20.05-20.06 
1506150 
 
20.09-10.10 
215518 

 
216 
1909 
20.05-20.06 
1556636 
 
20.09-10.10 
295290 
1910 
20.05-20.06 
1860774 
 
 
248737 
 
1902-1904-жылдар  арасындағы  Темір,  Ақтөбе  және  Ырғыз 
жәрмеңкелерінде  сатылған  товар  мөлшері  туралы  мәліметке  назар 
аударайық: (23) 
        
жылдар 
Темір 
жәрмеңкесі 
(рубль) 
Ақтөбе 
жәрмеңкесі 
(рубль) 
Ырғыз 
жәрмеңкесі 
(рубль) 
1902 
967160 
300000 
422548 
1903 
520663 
224731 
120026 
1904 
1456575 
307840 
409958 
         
 Жәрмеңкенің  саудагерлер  мен  сатып  алушылар  үшін  екі  жақты 
пайдасы  болды.  Дегенмен  саудагерлердің  өз  заттарын  жергілікті 
қазақтарға  шектен  тыс  қымбатқа  сатуы  қазақтардың  наразылығын 
туғызған  жағдайлар  да  болып  тұрған.  Осы  туралы  Ресей  ішкі  істер 
министрінің  орынбасары  Орал  облысының  губернаторына  былай  деп 
жазған  болатын:  «1901  жылғы  маусымда  Орал    облысындағы    Темір 
жәрмеңкесі кезінде қазақтардың әскери казактармен қақтығысы болып, 
қазақтар  сауда  қатарларын  қиратты  және  әскери  казактар  мен 
саудагерлерді  ұрып-соқты.  Сол  жылы  қазан  айында  жәрмеңкеде  бүлік 
шығарған жергілікті қазақтарды жазалау үшін Темір уезіне әскери казак 
отряды жіберілді. Бірақ жергілікті қазақтардың топтасып, әлдебір құпия 
өкім  (бұйрық)  бойынша  әскери  казак  отрядының  жүретін  жолынан 
олардың  өздерін  азық-түлік,  аттарын  жем-шөптен  айыру  мақсатымен 
көшіп  кетуі,  жазалаушы  отрядтың  өзіне  жүктелген  тапсырманы 
орындауына мүмкіндік бермеді». (24)                        
1912-жылы  көктемгі  Темірдегі    жәрмеңкеде  480800  рубльдің  мал 
және  мал  өнімдері,  14300  рубльдің    астық  өнімдері,  279140  рубльдің 
мануфактура  бұйымдары,  5890  рубльдің  ағаш  және  темірден  жасалған 
заттары, 1050 рубльге  әр түрлі басқа заттар, барлығы 781180  рубльдің  
товарлары  сатылды.  Осы  жылы  күзгі  жәрмеңкеде  193015  рубльге  мал 
шаруашылығының  өнімдері,  14600  рубльге  астық,  168930  рубльге  
мануфактуралық бұйымдар, 4800 рубльге ағаш, темір және 1700 рубльге  
әр  түрлі  заттар  сатылған.  1912-жылғы  күзгі  жәрмеңкеде  383045 
рубльдің  товарлары  ақшаға  сатылып,  мал  және  мал  өнімдеріне 
айырбасталды. (25) 

 
217 
1914-1915-жылдары  да  Темір  жәрмеңкесінде  саудагерлер  мен 
жергілікті  қазақтар  арасындағы  сауда-саттық  қатынастары  арта  түсті. 
Бұл кезде орыс және татар саудагерлері қазақ даласынан арзан шикі зат 
көздерін олжалаудың тиімді жолдарын меңгеріп болған еді.  Оны  мына 
мәліметтен көруге болады: (26) 
 
Жәрмеңке өткізілген 
Сатылған товарлар (рубль) 
Жыл 
мерзім 
мал және 
мал 
өнімдері 
астық 
Ману 
фактура 
ағаш, 
темір 
барлығы 
1915 
көктем 
1481860 
24909 
329290 
16900 
1852950 
1914 
көктем 
1086079 
46880 
243651 
8000 
1384610 
 
күз
 
166461 
12700 
97525 
5150 
281836 
 
Темір уезінің қазақтары   жәрмеңкелерге  өз  меншігіндегі мал және 
мал  өнімдерін  өткізумен  қатар,  өздері  де  белгілі  бір  дәрежеде  тиімді 
кәсіппен  айналысып,одан  түскен  өнімдерін  жәрмеңкеге  шығарып 
сатумен  шұғылданған.  Зерттеуші  Т.  Седельниковтың  мәліметіне 
қарағанда: «Темір уезінің бір қазағы өзінің үйінің жанынан жылына 400 
пұт алма беретін бау-бақша өсіріп, оның өнімдерін Темір жәрмеңкесіне 
шығарып сатып, пайдасын көрген». (27) 
Темір  жәрмеңкесіне  қатынасқан  саудагерлер  мен  жалпы  қауым 
елдің  әлеуметтік  жағдайына  қарасты  мәселелерге  де  әрдайым  назар 
аударып  қажетті  кезде  белгілі  бір  проблемаларды  нақты  шешуге  өз 
үлестерін қосып отырған. 
Бірінші  дүние  жүзі  соғысы  кезінде  майдандағы  әскерлердің 
отбасының  жәрдем  көрсету  мақсатында  Ресейдің  бірінші  Мемлекеттік 
Думасының депутаты Алпысбай Қалменовтың  ұйымдастыруымен 1915 
жылы  Темірде  өткізілген  жазғы  жәрмеңке  кезінде  1097  рубль  12  тиын 
жиналып, тиісті орындарға тапсырылған. (28) 
Темір  жәрмеңкесі  бүтін  бір  аймақтың  өнер  ордасы  болды.  Осы 
жәрмеңкеде    кердері  Әубәкір,  кете  Шернияз,  шүрен  Нұрпейіс, 
Тәңірберген  Молдабай  сияқты  жыр  дүлдүлдері  жыр  толғап,  Қазанғап, 
Төреш, Мөңке сияқты дәулескер күйшілер жәрмеңкеге жиналған халық 
алдында  өздерінің    тамаша  күйлерімен  елдің  көңілін  көтеріп, 
жұртшылықтың  рухани  сұранысын  толығымен  өтеген.  Алпысбай 
Қалменов  жыл  сайын  өткізілетін  осы  жәрмеңкеге  ат  жалын  тартып 
мінген  кезінен  бастап  қатынасып,  елдің    өміріндегі  өзекті  мәселелерді  
шешу істеріне ерте араласты. 
 
 
 
 
 

 
218 
ТӨРТІНШІ ТАРАУ 
САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ ДАМУЫНЫҢ БАТЫС 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАСЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет