§ 2. Жәрмеңке - өнер ордасы
Ресей империясының құрамына енгеннен бастап қазақ даласында
сауда-саттық қатынастардың жаңа түрі – жәрмеңкелер кеңінен тарала
236
бастады. Тек қана Қазақстанның батыс бөлегінде - Кіші жүзде - Ішкі
Бөкей Ордасында (Жәңгір хан жәрменкесі), Оралда, Гурьевте, Ырғыз
(Жармола), Темір (Қарақамыс), Көкжар (Ойыл) Ақтөбе жәрмеңкелері
пайда болды. Бұл жәрмеңкелер Қазақстандағы ірі сауда орындары ғана
емес қазақ өнерінің дамуына өзіндік үлес қосқан өнер ордалары да
болды.
Жәрмеңкелер сол тұста өмір сүрген ақын, жыраулардың
шығармашылығының дамуына үлкен әсер етті, сонымен бірге
қарапайым халықтың рухани қажеттілігін орындауда да ерекше орын
алды.
Жәрмеңкелерді өз творчествосының (шығармашылығының)
өзегіне айналдырған ақын кердері Әбубәкір. Ол Орынбор, Троицк
қалаларында мектеп, медреселерде оқып, Тұзтөбе, Орал, Ақтөбе, Орск
(Жаманқала), Орынбор маңындағы елді мекендерінде бала оқытады,
біраз уақыт ел әкімдерінің қасында жүріп, тілмаш-хатшылық
қызметтер атқарады. Сол жылдары Кердері Әбубәкір Орынбор, Орск
(Жаманқала), Орал, Ақтөбе, Темір (Қарақамыс), Көкжар (Ойыл)
жәрмеңкелеріндегі бай саудагерлермен таныс болып, жәрмеңкелердің
халық аңсап күткен қонағы болды.
Кердері Әбубәкір өз өлеңдеріне жәрмеңкелерді арқау етіп,
жәрмеңке өмірін дәл суреттейді. Ол өзінің әлім Қожахметпен жазбаша
түрдегі жұмбақ айтысында Орынбордағы айырбас (Меновой) сауда
алаңын былай деп суреттейді:
«Еділдің бойы жағалай,
Русиенің салған қаласы.
Сол дарияның ішінде
Бірі абзал дегенің
Орынбор екен шамасы
Күңірентіп мал сатып,
Ақшалай кісі жиналса
Қызық болар арасы
Дүйім қазақ келмесе,
Бір адамың жетпейді
Қыздыруға сомасы.
…Сары сабазда сарай дегенің
Русиенің салған Меневой
Заманнан бері келеді,
Кірпіш тасы құламай.
Толған қыз іші дегенің,
Салып қойған дүкені.
Қызыл-жасыл қазына,
Мұны білдім шамалай
Осы күні қыз болса да,
237
Күз күні қатын дегенің –
Қыстың күні болғанда
Тауар кетті әр жаққа,
Дүкен қалар бер жақта
Үйіліп қалған моладай». (1)
ХІХ ғасырдың орта тұсында патшалық Ресей мемлекеті қазақ
даласын біржола игерді. Патша үкіметінің саяси отарлығына үстеме
ретінде қазақ даласында капиталистік сауда қатынастары бой көрсете
бастады. Қазақ қоғамында адам арасындағы қатынастар жаңаша өрістей
бастады. Қайшылығы мол, күрделі кезең замана талабын жіті байқайтын
дарынды ақын-композиторлардың шығармаларында кеңінен көрініс
таба бастады. Қазақ ән-жыр өнерінің осы жаңа бағытының көрнекті
өкілдерінің бірі - Біржан сал Қожағұлұлы.
Мезгіл тұрғысынан қазақ даласында сауда қатынастары тереңдей
түскен заманда өмір сүрген Біржан салдың өнернамасында ХІХ
ғасырдың қазақ қауымында толықтай орын тепкен осы әлеуметтік
құбылыс та көрініс тапты.
Орынбордың
мұнанайы
(Меновой
двор)
қазақ
әнші-
композиторларының ән-жырының арқауына айналды.
Кіші жүз және Орта жүзге ортақ болған айырбас сауда орталығын
қазақтың ардақты ақын-композиторы Біржан сал Қожағұлұлы былайша
әнге қосқан болатын: (2)
«Жігітке жарамайды ызақорлық,
Дауысқа келмесе де, еттім зорлық.
Бозбала баса білсең, осы әнге бас,
Аңызым жаңа шыққан орынборлық.
Қолыма алып бердің қу қарағай,
Не болды даусым саған сырғанамай.
Күлмеймін, ойнамаймын десем-дағы,
Барады өтіп дәурен бір қарамай,
Домбыра алдым қолға сегіз перне,
Қызығы бұл шіркіннің тартқан жерде.
Қолға алып әрлі-берлі тартқанымда
Жаны жоқ кеудесінде адам дерге».
Орынбор жәрмеңкесінің сәнін келтіріп, салтанатын арттырған
өнерпаздардың ішінде Тәңірберлі Молдабайдың орны өте ерекше.
Жәрменкеге жиналған дүйім көпшілік «орынбор жәрмеңкесінің қос
босағасы» деп атаған Молдабай мен Әкімгерей шындығында шоқтығы
биік әншілер болған.
Тәңірберлі Молдабай (шын аты - Жылқышы)- ата-бабасы Оралдың
Теке қолтығы деген жерінен Ақтөбе өңіріне (Мартөк ауданына) көшіп
келген – Тама руының мақтанышына айналған әнші. Оның Орынбор,
Ақтөбе жәрмеңкелерінде өзі туралы айтқан:
238
«Тәңірберлі Молдабай,
Малға жарлы, тілге бай.
Айтар сөзге келгенде,
Орынбордың жолында
Сорғалаған жорғадай,» -
деп келетін ұзақ өлеңі Қазақстанның Батыс өңіріне кең тараған, елдің
сүйіп тыңдайтын шығармасына айналды. Белгілі музыкант Жаппас
Қаламбаев - Молдабайдың рулас тумасы. Кезінде Молдабай мен
Әкімгерейдің әндерін Әли Құрманов жазып алып елге таратқан.
Тәңірберлі Молдабайдың:
«Айт-шу, айт-шу қара нар,
Орынборға тура бар,» - деп
басталатын әні - елдің саудаға бет бұрған кезіндегі өмір шындығын дәл
суреттеген реалистік шығарма. (3)
Ішкі Бөкей ордасында Жәңгір хан 1832 жылы негізін салған Хан
ордасындағы жәрмеңке қазақ күй өнерінің тамаша саңлақтары Ұзақ,
Құрманғазы, Дәулеткерейлердің
халықты өз шығармаларымен
сусындатқан киелі өнер ордасы болып табылады. Тарихи деректерге
қарағанда Жәңгір хан Ұзақ, Құрманғазы және Дәулеткерей күйлерін
тыңдап тамашалаған.
Өнертанушы В.Аравин Құрманғазымен Дәулеткерей 1868 жылы
ішкі Ордадағы жәрмеңкеде кездескен деген болжам жасайды. Тарихи
жазушы Н.Кенжалиев бұл кездесу сәл ертерек Жасқұстағы көктемгі
жәрмеңкеде болды деп есептейді. (4). Қалай болғанда да қазақтың
тамаша күйшілері Құрманғазы мен Дәулеткерей Ішкі Бөкей
ордасындағы
жәрмеңкеде
кездесіп,
халықты
өз
күйлерімен
сусындатқаны тарихи шындық.
Хан ордасындағы жәрмеңкенің көркі болғандардың бірі - суырып
салма, айтыскер ақын Бекберген. Ол ақындығымен қоса жаны
әсемдікке құмар, сәндікті сүйетін, жаны жомарт, мәрт жігіт болған.
Заманның сал серілерінің салтымен Бекберген ақын да жүйрік ат, қыран
құс, алғыр тазы ұстаған. Жәңгір ханның Ордасында жылына екі мезгіл
– көктем мен күзде - өткізілетін жәрмеңкеге өз сән-салтанатымен
келген Бекберген ақын өзін жәрмеңкеге келген қалың халыққа:
«Менің атым Бекберген,
Алқалы топты көп көрген.
Жақсы менен жаманды
Басынан талай өткерген» -
деп таныстырған. Бекберген Хан Ордасындағы жәрмеңкеде біреудің
ешкімге сатпаймын деп тұрған жүйрік атын 25 байталға айырбастап
алып, енді бір жәрмеңкеде біреудің ешкімге қимайтын тазысын 5
байталға сатып алған. Осы оқиғалар туралы Бекберген ақынның:
«25 байталға ат алған,
239
5 байталға ит алған.
Өлеңді судай ағызып,
Бекберген сері атанған» -
деген әзіл – қалжың өлеңі қалың көпшіліктің әлі күнге дейін есінде.(5)
1833 жылдың мамыр және қыркүйек айларында «Бүлдіргенді»
деген жерде (1866 жылға дейін) өтетін «Хан жәрмеңкесіне бүкіл
Бөкейліктен, одан тыс жерлерден Ұзақ Мырзабаев секілді күйшілер,
Махамбет Өтемісұлы секілді ақын, жыраулар, мергендер, балуандар
жиналған.
Бөкей Ордасының 1 және 2-ші теңіз округтерінің әкімі Мақаш
Шолтырұлы Бекмұқанбетов аса көрнекті домбырашы Соқыр
Есжанға көп қамқорлық жасаған. Оның өнеріне тәнті болған Мақаш
әкім сол кезде округ өңіріндегі ең ірі жәрмеңке – Кордуан базарына
барып, өзге де өнер шеберлерімен сайысқа түсуге ұсыныс жасайды.
Жәрмеңкеге барғысы келмей тартыншақтанған Есжанды жәрмеңкеге
өзі ертіп барып, сайысқа түсіріп, осы жарыста Соқыр Есжан басқа
күйшілерден асып түседі. Мақаш осыдан соң Соқыр Есжанды Бөкей
Ордасында белгі Боғда тауында өтетін үлкен жәрмеңкеге
қатынастырып, оның күй әлеміндегі есімін бүкіл Бөкей Ордасына
тарауына себепші болады. (6)
Ноғайлы жұртының ұлы философы атанған абыз Асан қайғының:
«Ойыл деген ойыңды
Отын тапсаң тойынды.
Ойыл көздің жасы еді
Ойылда кеңес қылмадың
Ойылдан елді көшірдің», - (7)
деп келетін атақты толғауына өзек болған Ойыл жеріндегі Көкжар
жәрмеңкесі шартараптан ақын-жыраулар жиналған қызық думанға
толы өнер Ордасына айналды. Көкжар жәрмеңкесі адай Қалнияз,
Қашаған, Нұрым, Ақтан, назар-шүрен Нұрпейіс, таз Қоспақ, беріш
Мұрат Мөңкеұлы сияқты ақиық ақындар ажарлы айтыстарымен,
жыр-толғауларымен елдің көңілін көтеріп, халықтың рухани өмірін
ажарландырған киелі өнер ошағы болды. Берігірек заманда жыр
алыптарының асқақ өнерін Көкжар жәрмеңкесінде Мұхит Мералыұлы,
оның шәкірті Шынтас Қаратаев, атақты «Сары иректің» авторы Қызыл
Тұрдалыұлы жалғастырды. Осы жәрмеңкеде ысық Сәулебай мен
Әміреш күйден халық көңіліне күмбез соқты.
Академик Ахмет Жұбанов «Замана бұлбұлдары» деген еңбегінде
Мұхит әншінің Көкжар жәрмеңкесінде өнер көрсеткенін былай деп
суреттейді:
«Мұхит Көкжардың жәрмеңкесін аралап жүргенде бір қария татар
шалының «Мұхаммедияны» әндетіп отырғанын көреді. Қасында біраз
тұрып, әлден уақытта жүгіне отыра қалып, әлгінің өзінен асыра, сол
240
әуенмен айнытпай салып «Мұхаммедияны» судыратып қоя береді.
Татар шалы Мұхиттың зеректігіне таң қалып, ауызын ашып қалады.
Сол сәтте Мұхит бөркін алып, «Мына шалдың әніне де жұрт ақша
беріп жатыр, менің айтқанымды сіз қалай бағалайсыз» - деп, қасында
тұрған Соналы болысы Ақшолаққа ұсынады. Мақтануды сүйетін
болыс, айналасына қарап, қалтасынан шиланын алып, 10 сом алтынды
бөрікке лақтырып жібереді. Мұхит тағы бірнеше рет, өзінің базарды
басына көтеретін ащы дауысымен «Мұхаммедияны» қақсатып
жібергенде, діншілер бөрікті әп-сәтте ақшаға толтырады. Мұхит бөрік
ішіндегі табысты мүсәпір шалдың алдына аудара салып жүріп кетеді».
(8)
Мұхит Көкжар жәрмеңкесінен өзге Батыс Қазақстандағы басқа да
жәрмеңкелердің құрметті қонағы, қалың көпшіліктің аңсап күтетін
әншісі болған. Мұхиттың Ырғыз (Жармола) жәрмеңкесі арқылы ел
арасына кеңінен таралған әні «Зәуреш». Бұл ән Ырғыз елінің белгілі
азаматы, патша үкіметінің статский советнигі (кеңесшісі), 4-ші
дәрежелі әулие Владимир орденінің иесі, Орынбордың Неплюев кадет
корпусының түлегі Әлмүхамед Күнтөреұлы Сейдалиннің әйелінің
қайғылы қазасына арналған. «Зәуреш» әнін Мұхит Ә.Сейдалин мен
Зәурештің әкесінің өтінішімен шығарған. Мұхиттың «Зәуреш» әні
ғасырлар сынынан өтіп, өнер зерттеушілер тарапынан өте жоғары баға
алған, қазақ әншілерінің бірнеше ұрпағы орындап, сахнадан түспей
келе жатқан шырайлы шығарма болып табылады.
Ырғыз (Жармола) жәрмеңкесінде үш жүзге есімі мәшҺүр болған,
Махамбеттен кейінгі толғау алыбы – Базар жырау (9) өзінің жыр
маржандарын төгілте жырлаған. Базар жыраудың «Жиырма бес»,
«Ойналық та күлелік», «Кер миығым, кербезім», «Бір шығайын
құмардан», «Тіршіліктің түрлері», «Жамиғы қазақ бір туған» т.б. жыр-
толғауларын Ырғыз жәрмеңкесіне жиналған жақсы мен жайсаң, жас
ұрпақ сүйсіне тыңдаған.
Торғай облысының құрамындағы Ырғыз уезінің №2 крестьян
участогына қарайтын Шалқар өңірінің Ұлы Борсық құмын қыстайтын
тұрғындары Орынборға мал айдап апарып, қала сыртындағы айырбас
ауласында («Меновой двор») мал және мал өнімдерін өздеріне қажетті
тұрмыстық заттарға айырбастап, үй-шаруашылығына қажетті дүние-
мүліктер алып қайтатын болған. Осы жағдай кейінгі ақын-жыраулардың
шығармасына өзек болды.). О.Мақатовтың «Әлиманың әні» поэмасында
жергілікті Шалқар халқының Орынбормен байланысы былайша
суреттеледі:
«Әбді мен Жапақ – байдың балалары,
Жасы үлкен Әлиманың ағалары.
Базарлап Орынборға кеткен екен,
Басында өткен айдың шамалары.
241
Үш жүз қой, кеткен екен көп жылқы айдап,
Жол басшы, қосшыларын әбден сайлап.
Базарда мал өтімі нашар болып,
Кідіріп қалған екен бұлар айлап.
Көп елге базар болған Орынборда,
Кеткен еді әдет болып жылдан-жылға.
Басында маусым айы той өтетін
Ат шапқан үлкен бәйге, қосқан жорға».(10)
Ежелден қазақ үйлену, қыз ұзату тойларын жаз шыға, жер аяғы
кеңіген кезде өткізген. Сонымен бірге реті келсе тойдың уақытын
жәрмеңкеге тұстас етуге тырысқан. Өйткені жәрмеңкеге жиналған
өнерлі қауым тойдың да құрметті қонағы болған.
Ырғыз өңіріндегі жәрмеңке мен іргелес Шалқарға жиналған
ақындар мен күйшілер палуандар туралы поэма авторы былай дейді:
«Бұл тойға талай елдің нары келді,
Қалмастан әнші, палуан – бәрі келді.
Сарышолақ, Арыстан жырау, Пұсырман мен
Батақтан батыр туған Сары келді.
Қазанғап күй нөсерін төгілдірді,
Тебірентіп, тыңдаушысын егілдірді.
Таңжарбай домбырамен ән салғанда,
Елітіп, көпшілікті еміндірді.
Арыстан орнау айтып, той бастады,
Халықтан неге аясын ақын жырды.
Біраз ел Сарышолақты таңдаса да
Болмастан ағайынға жолын берді.
… Таразы топқа түсіп ән бастады,
Ақын қыз еді Тілеу – Қабақтағы.» (11)
Көкжардың жәрмеңкесіне барлық сән-салтанатымен қатынасып,
елдің жанын сырлы әндерімен сусындатқан өнерпаз Қызыл
Тұрдалыұлы. Оның «Сары ирек», «Қоғажай», «Жаңғақ» әндері Көкжар
жәрмеңкесіне жиналған қауымның жаны сүйіп тыңдайтын әндері
болған. Қызылдың жәрмеңкеге келген дүйім халық сүйсіне айтатын әні
«Қамшыгер»:
«Айдынына Ойылдың қаз қонады,
Қалжың айтсам жеңешем мәз болады.
Ойнайық та күлейік жәрмеңкеде
Жәрмеңкесі Ойылдың аз болады.
Қалқам-ай, жанарыңның жалтаңы-ай!
Қалқам-ай, жамалыңның көркемі-ай!»
242
Қызылдың әншілік атағы Ойыл мен Орынбордың арасына кеңінен
танымал болған. Қызылдың өзі де аттың аяғы жеткен жерге серілігімен
атын шығарып, өнер ордасы – жәрмеңкелерде өнер көрігін қыздырған.
Орынбордағы «меновой двор» - Мұнанайдың базары мен Көкжардың
жәрмеңкесінің арасын жалғаған «Орынбордың қара жолының» арасын
Қызыл талай рет әндетіп өткен:
«Екі торы ат шарбақта жем жейтұғын,
Біреуінен біреуі кем жейтұғын.
Орынбордан ауылға шыққан түні
Серпінді әнге сәт туды сермейтұғын.
Жатыр екен Ұлы Ойыл тасиын деп,
Кемерінен қызыл су асайын деп.
Орынбордан ауылға шыққан түні
Әннен шашу ойладым шашайын деп.
Қоңыр салқын, қоғажай,
Алдымнан жел соғады-ай!»
Өкінішке орай: «Жаумайды қап-қара бұлт желдеткесін,
Бабатай құлазиды ел кеткесін.
Қызылдың «Сары ирегін» кімдер айтар
Аттанып дүниеден мен кеткесін» - деп, әндетіп
өмірден өткен Қызылдың ғұмыры өте қысқа болды.
Өмірі мен шығармашылығы академик Ахмет Жұбановтың «Сары»
атты музыкалық пьесасына арқау болған, әндері қазақтың тұңғыш
«Аманкелді» кинофильміне пайдаланған әрі ақын, әрі батыр Сары
Батақұлы Ырғыз (Жармола) жәрмеңкесінің сәнін келтірген ұлы
шығармашылық тұлға. оның «Қыз Қосан», «Дариға», «Әридау»,
«Дүния», «Туған ел» т.б. ерлік пен өрліктің символына айналған,
махаббат пен мұңға толы әндері жәрмеңке қонақтарының, саудагер,
көпестердің, жалпы көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндеріне айналды.
Сарының замандасы, тілектес досы атақты «Ақжелең» күйлерінің
авторы, Батыс Қазақстан күйшілер мектебінің негізін салушылардың
бірі Қазанғап Тілепбергенұлы (1854-1921) Ырғыз (Жармола)
жәрмеңкесінде көпшілік күйсүйер қауымның жанын рахатқа бөлеген
дәулескер күйші. Қазанғап Ырғыз (Жармола) түрмесінде жатқан
Батақтың Сарысымен қоштасуға Жем бойын аралап жүрген жерінен
ат басын бұрып асыға жетіп, ардақты ақынмен қоштасуға Жармолаға
жиналған 3 мыңнан астам адаммен бірге қамығады. Күйші Қазанғапты
көргенде Батақтың Сарысы:
«Баласы мен Батақтың атым – Сары,
Қайтейін, өлмей тірі жүрмін әлі.
Мен жаттым абақтыда 1 жыл шіріп,
Ас түгіл бір кесе шай түске кіріп» - деп мұңын шағады. (12)
243
Сарымен кездесу Қазанғап күйшінің әнші-ақындарға деген
ықыласын арттыра түседі. Осыдан соң күйші Қазанғап Орынбор
айырбас
базарында
Молдабай
Тәңірбергенұлы
және
Мұхит
Мерәліұлымен танысады.
Қазанғаптың «Домалатпай - өмір жайлау», «Ысырма», «Балжан
қыз», «Торы жорғаның бөгелек қақпайы», «Шымырауыл құс», «Бұраң
бел Ақжелең», «Көкіл» жәрмеңкеге жиналған өнер сүйер қауымның
тыңдайтын сүйікті күйлері болып табылған.
Қазақ жерінде қашаннан елдің басшы азаматтары өнердің, өнер
адамдарының жанашыры болған. Ел арасындағы өнерпаз адамдардың
қамқоры болған азамат Әзберген Мұңайтбасов. Ол 1847-1858 жылдары
Кіші жүздегі Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліске белсене қатынасқан.
Шекті руының биі Әзберген Мұңайтбасовтың Қоңыратта күйшілердің
сайысын өткізгені туралы қазақ музыка өнерінің тарихын зерттеушілер
Н.Аравин, А.Сейдімбеков, А.Райымбергенов жазған болатын. Осы өнер
сайысына көптеген дәулескер күйшілер қатынасып, бас жүлдені
Қазанғап
жеңіп
алады.
Қоңыраттағы
күй
жарысы
туралы
А.Сейдімбеков: «Өткен ғасырдың (Х1Х ғ.) соңын ала қазақ пен
қарақалпақ жұртының жапсарындағы Қоңырат деген жерде Әзберген
ханның ұйымдастыруымен әйгілі күй айтысы болды. Қазақ пен
қарақалпақ жұртына даңқы жайылған дәулескер күйшілерге арнайы
хабар беріледі. Ханның қалауымен өткелі отырған осынау күй
айтысына өзіне сенген 9 күйші тіленіп келеді. Тоғыздың бірі –
Қазанғап. Бұл кез Қазанғаптың әбден толысып, ел мен жерге көз
қанықтырып, әсіресе халық арасындағы күйшіліктің ғажайып дәстүріне
еркін сусындаған шағы. Содан да болар, осынау күй айтысы Қазанғап
бойындағы бұла дарынның ең бір самғау биікке көтерілген шабытты
шағын танытады» - деп жазды.
Қоңыртатта Әзберген Мұңайтбасұлы ұйымдастырған күйшілердің
өнер сайысы туралы: «Орынбай, Дүкенбай, Қаратөс – Аймағанбет,
Қаналы төре сияқты сол кездегі белгілі күй тарландары қатысқан
бұл тартыс Х1Х ғасырдың аяғындағы үлкен домбыра сайысының
бірі болды. Тартыстың шарты бойынша әрбір күйші «Ақжелең» деп
аталатын топтама күйлердің алпыс екісін түгел ойнауы тиіс еді.
Қазанғап «Алпыс екі Ақжелеңді» орындауымен қатар осы циклдің
«Күй шақырғыш» атты бірінші күйінің аяқ жағына жаңа
тақырыптық бөлім қосып, күй желісін байытып, өзіндік
орындаушылық өнерімен мәнерлеп тартады. Бұл күй Қазанғаптың
орындауында ерекше реңге ие болып, ажарлана, айшықтана түседі.
Сөйтіп, өнер саңлақтарының арасында, Қазанғаптың мерейі үстем
болып, бас жүлдені иемденеді. Оның күйшілік даңқы бүкіл қазақ
даласына жайылды» – деп атап көрсетті.
244
Өзіне қамқорлық көрсеткен Әзберген Мұңайтбасұлына арнап
күйші Қазанғап «Кел-сана батыр, кел сана» деген күй шығарды. Күй
болмысын терең түсінетін Әзбергенге өнерпаз күйші Қазанғаптың өз
өнер туындысы арқылы қойған ескерткіші қазіргі дейін қазақ
халқының рухани байлығына айналды.
Ойыл, Темір жәрмеңкелеріне жиналған көпшілік қауымды қазақ
халқының ауыз әдебиетінің үздік үлгілерімен таныстырған ақындардың
бірі – Нұрпейіс Байғанин. Ақиық Нұрпейіс ақынның ел аралап жыр
толғағаны туралы оның құрбысы, сырлас досы Қ.Елешов: «Елдің ойын
– тойы, шілдеханасы еш уақытта Нұрпейіссіз болған емес. Үлкен ас –
тойларда, ақындардың айтысы бар жерлерде Нұрекеңді арнайы
шақырып алушы еді, ол топты сүйетін еді. Түйдектелген сөз бұлағы,
ақындықтың ажары – жүйрік ат сияқты тобырлы жерде шығатын еді», -
деп еске алған. (13)
Нұрпейіс Байғанин домбырасымен Темір, Көкжар, Ырғыз, Орал
жәрмеңкелерін аралап «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер
Тарғын», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» т.б. жырларын талмастан
жырлап елдің сүйіспеншілігіне бөленген. Нұрпейіс ақын ел-жұртқа
ертеден мәлім ескі тақырыптағы аңыз желілерін тыңнан түлете,
жаңарта айтқан жырлары: «Құбығұл», «Төрехан», «Ақкенже»,
«Нарқыз» жәрмеңкеге жиналған жыр сүйер қауымның тапжылмай
отырып таңға дейін тыңдайтын жырлары болатын. Нұрпейіс ақын қазан
революциясына дейін жәрмеңкелер мен ас-тойларда жыр толғап өзінің
шығармашылық қуатын шыңдады. Ел де оның ақиық ақындығы мен
жыршылығына аса зор баға берді.
Нұрпейіс Байғаниннің нағашысы белгілі айтыс ақыны Бітеген
Көкжар, Темір жәрмеңкелерін аралап алқалы топ алдында жыр
маржанын түйдектеткен. Бітегеннің айтысу мәнері ерекше, арқасы
қозғанда бір орында отыра алмай:
«Мен айтулы Бітеген
Шын мінезім келгенде
Жауар қардай түтеген», - деп арынды жырды
түйдектеді екен.
1878-жылы ашылған Темір жәрмеңкесінде айырбас сауда-саттық
жүмыстарымен қатар ат шабыс, палуандар күресі, өнер сайыстары
үнемі ұйымдастырылып өткізіліп тұрған. Қарақамыс (Темір)
жәрмеңкесінде бірде күйшілердің сайысын өткізу кезделген. Осы
сайыста күйшілер ел бұрын естімеген күйлерді ат үстінде өз
жанынан табанда шығаруға тиісті болады. Сол сайысқа атақты
Мөңке күйші қатынасады.
Мөңкенің аты жуас, көзге қораштау екен. Бір байдың мырзасы
өзінің жорғасын ұсынғанмен, «күйге үйренбеген тосын ат үркіп, күй
тартқызбайды,» - деп Мөңке өз атының үстінде отырып «Қоңыр»
245
деген күйді төгілтіп орындайды. Күйді көпшіліктің сұрауымен және
сырт көз сынаушылардың тілегімен Мөңке қайта орындап береді де,
өзінің тиесілі бәйгесін алады. (14)
Үйшік (Гурьев), Көкжар, Орал (Теке) жәрмеңкелерінде шаршы
топтың алдында жырдың күмбезін соққан айтулы ақынның бірі –
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906). Мұрат Текеде (Орал) өзінен жасы үлкен
Жаскелеңмен айтысып жеңіске жетеді. Мұрат Көкжар жәрмеңкесінде
«Мұраттың жалпыға айтқаны», «Мұраттың топқа түскендегі толғауы»
сияқты көпшілікке танымал болып, елге тараған өзінің жыр-
толғауларын айтып «тапқыр, шешен» атанып, «жырдың асқан
шебері» деген атақ даңқа бөленген. Мұрат Үйшік (Гурьев)
жәрмеңкесін аралап келе жатып, Ораз ақынмен кездесіп айтысқа түседі.
Осы айтыста Ораз бұрынғы дәстүрмен елдің өткен күнін көбірек тілге
тиек етеді. Мұрат өз кезегінде айтыстың негізгі өзегіне бүгінгі күннің
тынысын арқау етіп, жыр нөсерін түйдектеді. Айтысты тыңдаған ел
жақсылары: «Ораз осы күні жаңылып жүр, Мұрат сөзі өте дұрыс
болды» - деп Оразды одан әрі сөзден тиып, жеңісті Мұратқа береді.
Батыс Қазақстанның базарлы қалаларын аралаған Мұрат ақын:
«Қырқадан қырға қараса,
Қырық шалғысын күніне
Он екі сілкіп тараса;
Қу төңкерсе аспаннан
Үш түлеген баппенен.
Дауылпаз соқса астынан
Желбегей күрең атпенен,
Бауыры шұбар, сырты көк,
Қаршыға құсқа жарасар!
Алас болып адасқан,
Мұнар болып тұлдасқан,
Мұсылман болып дінді ашқан;
Мұның бәрі, жігіттер,
Бір кісіден табылмас –
Астана жұрттан жарасар! » -
деп, жәрмеңкеге жиналған әлеуметті жырмен сусындатып, тамаша
жырларымен талайды таңдантқан болатын. (15)
Батыс Қазақстан жәрмеңкелері қазақтың Ұлттық ойындары мен қол
өнерін насихаттауға қолайлы жағдайлар туғызды. Жәрмеңкеге
жергілікті халықты көп жинау үшін арнайы ат жарыс бәйгесі өткізіліп
отырды. Ақтөбе жәрмеңкесіне ат жарысты көру үшін Торғай
облысының губернаторы өзінің қызметкерлерін ертіп келген. (16)
Жәрмеңкелерде ақын, жырау, сал-серілердің дәстүрлі өнерлері орыстың
цирк өнерімен толыға түсті. Халықтың жәрмеңкелерде сүйсініп
тамашалайтын балуандар күресі, кірдің тасын көтеру, арба сүйреп,
246
темір иіп, төске тас қойып ұрып сындыру т.б. жәрмеңкелердің міндетті
атрибутына айналды.
Ойыл жәрмеңкесінің көпшілік қуана қарсы алатын құрметті қонағы өз
талантымен талайды таңдандырған Бала Ораз болған. Ол туралы
Қазақстандағы белгілі күйші Қаршыға Ахмедияров былай әңгімелейді:
«Айдай, Таңдай деген апалы-сіңлілі қыздар болған. Соның Айдайына әйгілі
Бала Ораз ғашық болыпты. Өнер әлемінде Бала Ораз Махамбет ақынның
ізбасары. «Салайын сал Ораздың Айдайына» - демеуші ме еді Мұхит?!
Мұхит Ойыл жеріндегі Көкжар жәрмеңкесінде Бала Ораздың әндерін
талай тыңдап, оны пір тұтқан». (17)
Қазақтың атақты тарышысы Шығанақ Берсеұлы 1881-жылы Ойыл
өңірінде дүниеге келген. Ойыл жәрмеңкесі Шығанақ өмірінде де ерекше
орын алады. Болашақ ұлы тарышы Шығанақ заман талабына сай жас жігіт
кезінде қазақтың «өнерді үйрен де жирен» деген мақал сөзіне орай етікші,
балықшы және даяшы болып түрлі кәсіппен айналысты. Осы кәсіптердің
арқасында Ойыл жәрмеңкесінің қалың ортасында болды. Елді таныды,
елге өзін танытты. Үйренген кәсіптерінен өз несібесін тапты. Сөйтіп Ойыл
жәрмеңкесі Шығанақтай ұлы тарышының азамат болып қалыптасуына,
өмірдің заңын танып-білуіне мол әсерін тигізді.
Ойыл жәрмеңкесінде жиналған көпшілік қауымның есінде қалған
қызықты жағдайлар өте көп болған. Солардың бірі жәрмеңкедегі салмақ
жарыстыру бәсекесі.
Бірде жәрмеңке ұйымдастырушылары денесі зор, салмағы ауыр
орыстың шаруа әйелін (қазақтар «маржа» деп атаған) тауып әкеліп
салмақ жарыстыруға безбеннің бір басына отырғызады. (Ол заманда
«безбен» деп әткеншек сияқты ағаш күйентені атағаны белгілі).
Жәрмеңке қызған кезде халық көп жиналғанмен безбеннің екінші
басына отырып орыстың «маржасын» салмақтан жеңетін адам табыла
қоймайды. Небір денелі, салмақты деген жігіттердің өзі орыс маржаны
орнынан қозғап көтере алмайды. Намысқа тырысқан қазақтар ақыры
Ойылдық өз жерлестері Демесінді тауып әкеледі. Демесін безбеннің
бір басына отырған кезде орыс маржа дік етіп көтеріліп, халық
Демесінге риза болып, жәрмеңке ұйымдастырушылардың қызыққа
тіккен бәйгесіне ие болады.
Демесіннің ұрпақтары Ақтөбе өңірінде ел сыйлаған азаматтар.
Соның бірі Демесіннің шөбересі - Абат Шамұлы Пәнгерей. Ол қазір -
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры,
филология ғылымдарының кандидаты, елге танымал әдебиетші ғалым,
бірнеше кітаптардың авторы.
ХІХ ғасырда пайда болып, қалыптасқан жәрмеңкелер Батыс
Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық өміріне үлкен үлес қоса
отырып, халықтық мәдениеттің орталықтары ретінде ел тарихынан
үлкен орын алды.
247
ҚОРЫТЫНДЫ
Кіші жүздің Ресейге қосылуы Батыс Қазақстанда объективті түрде
сауда қатынастарының дамуына өз әсерін тигізді. Сонымен қатар Батыс
Қазақстанның Ресейдің Орта Азиямен сауда қатынастарын орнатуында
транзиттік маңызы өте зор болды.
Батыс Қазақстан саудагерлері мен орыс, татар және Орта Азия
саудагерлері Ресей товарларының таралу аймағын игеру және кеңейту
процесінде маңызды роль атқарды.
Батыс Қазақстан ХҮІІІ ғасырдан бастап Ресейдің құрамдас бөлігі
болды. Сондықтан Батыс Қазақстанда сауда қатынастарының
қалыптасуы орыс сауда саясатының ағымында дамыды.
Ресей империясының тікелей ықпалымен Батыс Қазақстанда сауда
қатынастарының дамуының саяси астары да болды.
1868 жылғы реформа Ресей өнеркәсібі үшін бай шикізат көзі және
оның өнімдерін өткізу рыногына айналған кең байтақ Қазақстан жерін
игеру арқылы Ресей капитализмінің кеңінен жайыла дамуына өз әсерін
тигізді.
Сонымен қатар бұл реформа патша үкіметі мен орыс
буржуазиясының мүддесі үшін жүргізілген отарлау реформасы болды
және колониалдық отарлаудың күшеюіне әкеліп соқты.
Телжан Шонанов: Ресей отарлауының саяси-экономикалық сипаты
туралы «Саудашыл капиталдық тек аты сауда делінгені болмаса, ісі –
тонау, талау, қарақшылық» деп жазған болатын.
Саудагер В.Кузнецов: «Ресейдің орта бөлігіндегі базарларға
жоғарғы сапалы товарлар салу міндеті қойылса, далалық жәрмеңкелерге
сапасы төмен товарлар апарып сатылады» деп жазды.
В.Тетеревников: «Қазақ даласын шығарылатын товарлардың
негізін төменгі сортты китайка, бөз, ірі өрнектері бар сиса сияқты
Мәскеудің мануфактуралық товарлары құрады» деп атап көрсетті.
Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастар негізінен жәрмеңке
саудасы арқылы ендірілді. Қазақ даласындағы жәрмеңкелер мыңдаған
жылдарға созылған көшпенділер өмірін капиталистік саудаға
негізделген жаңа тұрмысқа жалғастырған көпір болды.
ХІХ ғасырдың аяғында бүкіл Қазақстан бойынша ресми түрде
жұмыс жасаған 106 жәрмеңке жұмыс жасады, олардың товар айналымы
82,5 млн. рубль болды.
Батыс Қазақстанда ХІХ ғасырдың аяғында жәрмеңкелер мен
базарлар саны 112-ге жеткен, ал олардың сауда ақша айналымы жыл
сайын арта түскен. 1892 жылы жәрмеңкелердің сауда айналымы 8 млн.
рубльге жетсе, 1896 жылы 10,5 млн рубль, 1898 жылы 15,5 млн рубль,
1900 жылы 18,5 млн рубль, 1905 жылы 4 млн рубль болды.
248
ХХ ғасырдың басына қарай Батыс Қазақстан жәрмеңкелердің товар
(зат) айналымы 1,7 млн рубльден 4,5 млн рубльге өсті. 1890 жылғы есеп
бойынша жәрмеңкелік сауда қоймаларының саны 247 болды, қойма
ретінде пайдаланылған киіз үйлер саны 10 мыңға жетті.
Батыс Қазақстан жәрмеңкелерінде шет елдік саудагерлер сатып
алған мал және мал өнімдері мына бағыттарға жөнелтілген.
1.
Орынбор – Орск – Челябинск - Екатеринбург
2.
Орал-Саратов – Самара – Рязань
3.
Ырғыз – Торғай, Орталық және Солтүстік Қазақстан
4.
Арал – Қазалы, Перовск, Түркістан, Арыс – Ташкент.
5.
Үстірт – Маңғыстау – Түркменстан, Қарақалпақстан
6.
Ойыл – Тайсойған – Мақат – Гурьев, Астрахань – Сотлүстік
Кавказ, Азербайжан, Иран.
1872-1914 жылдары жәрмеңкелердегі жалпы товар айналымында
мал және мал өнімдерінің үлес салмағы Ресей мануфактура
бұйымдарының көптеп әкелуіне байланысты 89 %-дан 76 %-ға
төмендеген.
ХІХ ғасырдың аяғында Орал облысында ақша айналымы 10,5 млн
рубль құрайтын 50 жәрмеңке жұмыс істесе, осыдан 10 жылдан соң
облыста товар айналымы 18,5 млн рубль құрайтын 60 жәрмеңке қызмет
атқарды. Құрамында Ақтөбе, Ырғыз уездері болған Торғай облысында
1896 жылы жәрмеңкелердің ақша айналымы 2,5 млн болса, 1909 жылы
бұл көрсеткіш 2,5 есе өсті. Батыс Қазақстанда сауда қатынастарының
дамуына үлкен үлес қосқан ірі сауда орталығы Орынбор қаласында
товар айналымы 5 млн рубль құраған 446 сауда орны ашылған болатын.
1869 жылы Орынбор және Тройцк айырбас аулаларында 1150 түйе,
1001 жылқы, 16031 сиыр, 273823 қой сатылып, осы сатылған малдардың
жалпы бағасы 1560208 рубль болды.
ХІХ ғасырдың 70-90 жылдары аралығында Батыс Қазақстанда
көктем сайын 22 жәрмеңке болса, 80- жылдарда Орал, Торғай
облыстарында 45 жәрмеңке жұмыс жасаған.
1892 жылы тек Орал облысының территориясында ғана 14
жәрмеңке өткізіліп, осы жәрмеңкелерде 2.511.967 рубль тұратын мал
және мал өнімдері және басқа да мануфактуралық бұйымдар сатылған.
Батыс Қазақстан ірі сауда орталығына айналды. Осы территориядан
шикізат ретінде сыртқа орта есеппен құны 891,5 мың рубль товар
шығарылды, 1850 жылы қазына есебіне 198 мың рубль күміс ақша түсті.
1900 жылы Батыс Қазақстаннан теміржол арқылы Ресейге 30,4 мың
пұт май және 1044 мың пұт ет сатылды.
1877-1907 жылдар арасында Батыс Қазақстандағы 15 ірі
жәрмеңкелерде сатылған метал бұйымдарының 97% Ресей өнеркәсібінің
бұйымдары болды.
249
ХІХ ғасырдың 80 жылдарының аяғында саудагерлер мен
алыпсатарлар Батыс Қазақстан қазақтарынан жалпы құны 2,425 млн
рубльге мал сатып алған. Оның ішінде 1,13 млн рубльге 450 мың қой,
1,3 млн рубльге 110 мың ірі қара болды. Осы саудадан орыс, татар
саудагерлер 2 млн рубльден астам таза пайда тапқан.
Батыс Қазақстан сауда қатынастарының қалыптасып дамуы Кіші
жүздің ханы Әбілқайыр есімімен байланысты. Оның сауда
жұмыстарына байланысты саясатын баласы Нұралы хан жалғастырды.
Ішкі Бөкей Ордасының басқарушысы Жәңгір хан Кіші жүзде
капиталистік негіздегі сауда қатынастарының дамуына үлкен үлес
қосты.
Батыс Қазақстанда жергілікті қазақтармен, қоныс аударып келген
татар
және
орыс
саудагерлер
арасынан
жергілікті
сауда
буржуазиясының өкілдері өсіп жетілді.
Қазақ қауымының өкілдеріне 1865 жылы көпестер гильдиясына
мүше болып кіруге рұқсат етілді.
Батыс Қазақстан қазақтары арасынан шыққан саудагерлер негізінен
Орынбор, Ақтөбе, Орал, Ырғыз т.б. қалалардағы көпестердің қазақ
ауылдарындағы ақша-товар айырбасы жөніндегі сенімді өкілдері болды.
Батыс Қазақстан жәрмеңкелеріне архив деректеріне қарағанда
шамамен 400-ден астам қазақ саудагерлері қатынасқан. Солардың
ішінде Орынбор губерниясында жұмыс істеген жәрмеңкелерге тұрақты
қатынасқан.
ХІХ ғасырдың 90-шы жылдары Ырғызда – 70, Торғайда – 32,
Қостанайда – 37 адам делдалдықпен айналысқан, олардың арасында 58
қазақ болған.
Батыс Қазақстан территориясында саудамен айналысқан ірі
көпестердің сауда операциялары бар қала немесе елді мекенмен
шектелмеген. Олар алғашқыда өз саудасын шағын елді мекендерде
Ресейдің өнеркәсіп товарларын қазақтарға мал және мал өнімдеріне
айырбастап капитал жинаған. Кейіннен олар Орал, Ақтөбе т.б.
қалаларда астық өнімдері мен өнеркәсіп товарларын сататын 62 дүкен
ашқан.
Қазақ даласындағы сауда мәселесіне байланысты орыс-татар
бәсекесі туралы С.Г.Рыбаков: «Сан жағынан татарлардың үлес салмағы
жоғары және олар жалпы қырғыз даласындағыдай, мұнда да сауданы өз
қолдарына ұстап отыр; құжынаған татарлар біреулеп-екеулеп арба
дүкендеріне тауарларын артып, бүкіл өлкеге бытырап тарайды; міне осы
жүріс-тұрыстары кезінде олар орыс ісінің дұшпаны және екіжүзді, арам,
мұсылманшылықты насихаттаушы болып табылады. Орыс саудагерлері
неге даладан бойларын аулақ ұстайды және татар ықпалы мен
саудасына неге қарсы тұрмайды екен деп, еріксіз таң қаласың. Ал
250
қырғыз даласына келсек, ол – сауда іскерлігі мен табыстылығы үшін кең
өріс» деп жазған болатын.
Сауда ерте заманнан бастап Қазақстан, Ресей және Орта Азия
халықтарын бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып, елдер
арасындағы қарама-қайшылықтарды жұмсартып, саяси-экономикалық
қатынастарды бекіту арқылы болашақтағы қатынастардың алғы
шарттарын жасап отырды. Батыс Қазақстанда сауда қатынастарының
даму проблемаларын қарастыра отырып, айырбас, жәрмеңке және
тұрақты сауданың дамуы қазақ халқының мүддесіне үнемі сәйкес келе
берген жоқ деп айтуға болады.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде Батыс Қазақстанда сауда
қатынастарының өрістеуі, айырбас және жәрмеңке саудасының дамуы
саяси қайшылықтардың орын лауына қарамастан, белгілі бір дәрежеде
Батыс Қазақстан халқының әлеуметік-экономикалық қажеттілігін өтеу
ісінде маңызды роль атқарған құбылыс болды деп айтуымызға болады.
251
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
1.
Ковалевский А. Книга Ахмеда ибн-Фадлана о его путешествиях на
Волгу в 921- 922 г.г. – Харковь, 1956.
2.
«Путешествие в Восточные страны Плано Карпини и Вильгельм
Рубрука». Москва, 1959.
3.
Книга Большому Чертежу (подготовка к печати и редакция
К.Н.Сербиной) Москва. Ленинград, 1950; Макшеев А.И.
Географические сведения Книги Большого Чертежа о киргизских
степях и туркестанском крае.//Записки ИРГО по отделению
этнография. С-пб., 1880. 1-41 бет; Уральские воисковые ведомости.
№39, 1874.
4.
Есмаганбетов. Қазақтар шет ел әдебиетінде. Алматы, 1994. 8 бет.
5.
Казахско-русские отгошения в ХҮІ-ХҮІІІ века. Алма-Ата, 1961, 62
бет; Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик.
Алматы, 1998 336 бет.
6.
Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. Уфа. 1999. 78 бет,
193-194 беттер; Рычков П.И. История Оренбургская. 1730-1750 г.г.
Оренбург, 1796.
7.
Паллас П.С. Путешествия по разным провинциям Российской
империи. Спб., 1794. 65-112 беттер.
8.
Рычков Н. Дневные записки путешествия капитана Рычкова в Киргиз-
Кайсацкой степи. Оренбург. 1762.
9.
Георги И.Г. Описание всех в Российском государстве обитающих
народов. Спб. 1779; Чабров Г.Н. Восточные окрины России в русском
изобразительном искусстве ХҮІІІ века. Ташкент, 1957. 240 бет.
10.
Мейендорф Е.К. Путешествия из Оренбурга в Бухару. (предисловие
Н.А.Халфина) Москва, 1975. 180 бет.
11.
Эверсман Э.А. Естественная история Оренбургского края.//П.Рычков,
Э.Эверсман, С.Неструев. Оренбургская область в трудах. М., 1959.
12.
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких, орд и
степей. (под ред. Академика М.К.Козыбаева. Алматы, 1996.)
13.
Ханыков Н.Очерк состяния Внутренней киргизской орды в 1841 году.
Спб. 1842; Соловьев М.М. Ученая экспедиция в Бухару в 1841-1842 г.г.
при участии натуралиста Лемана. Москва-Ленинград, 1936.
14.
Руссов.С.В. Путешествие из Оренбурга в Хиву самарского купца
Рукавина в 1753 году, с приобщением разных известии о Хиве с
отдаленных времен до ныне. С-пб. 1840.
15.
Записки о Бухарском ханстве (отчеты П.И.Демизона и И.В.Виткевича).
Москва. 1983.
16.
Халфин Н.А., Рассадина Е.Ф. Н.В.Ханыков – востоковед и дипломат.
Москва, 1977.
17.
Всемирная география. Азия (Сочинение профессора В.Сиверса, под
ред. Профессора А.Н.Краснова) С-пб., 1896.
18.
Леванский М. Очерк киргизских степей (Эмбинского уезда); Мак-
Гахан. Военные действия на Оксусе и падение Хивы. Москва, 1875.
252
19.
Россия. Полное географическое описание нашего отчества. Настольная
и дорожная книга. (под. Ред. В.П.Семенова) Киргизский край. С-пб.,
1903, т.18; Россия. Полное географическое описание нашего отечества.
Под редакцией Семенова-Тяньшанского В.П. Спб., 1913. т.19.
20.
Бородин Н., Сидельников А. Промыслы и занятия населения. Россия.
Полное географическое описание нашего отечества. Т.18; Бородин Н.
Уральские казачье войско. Уральск, 1891; Рябинин А. Уральские
казачье воиско. Спб., 1866; Витебский В. Неплюев и Оренбургская
губерния. – Спб.
21.
Вильяминов-Зернов В.В. Исторические известия о киргиз-кайсаках и
сношениях России со Средней Азией со времен кончины Абулхаир-
хана (1748-1785) –Оренбург, 1855.
22.
Ханыков Н.В. Очерк состояния Внутренней киргизской орды в 1841
году. С-пб., 1842.
23.
Евреинов А. Внутренняя или Букеевская киргиз-казачья орда.
24.
Киттары М.Я. Ставка хана Внутренней Киргизской Орды.
25.
Медведский А. Внутренняя Букеевская Орда. Спб., 1862; Иванин М.И.
Внутренняя или Букеевская. Спб., 1863//Эпоха. – Спб., 1864.
26.
Харузин А. Киргизы Букеевской Орды. Вып.1. –Москва, 1870.
27.
Поленов А. Пути торгово-промышленного движения в Букеевской
Орде и в пограничных с нею местностях.
28.
Бларамберг. Земли киргиз-кайсаков внутренней и Зауральской Орды.
(Зауральских киргизов Оренбургского ведомоства). Спб., 1952. с. 35-
40.
29.
Иванов И.С. Краткие сведения о ярмарке во внутренней киргизской
орде.
30.
Добромыслов А.И. Заметки о народонаселения Тургайской области.
//Оренбургский край. № 17-18. – 1893; Добромыслов А.И. Тургайская
область. Исторический очерк. Том 1,2. –Тверь, 1902; Добромыслов
А.И.Торговля в тургайской области. Оренбург. 1889; Добросмыслов
А.И. Скотоводство в тургайской области. Оренбург, 1895. 12 бет.
31.
Седельников Т. Борьба за землю в киргизской степи. –Алма-Ата, 1991.
32.
Гельмгольц Ф. Оренбургский меневой двор. Статистический очерк.//
Известия Оренбургского отдела ИРГО. – Выпуск 3. – Оренбург, 1894.
34-71 б.
33.
Рыбаков С.Г. Темирская ярмарка // Живая старина. № 11. 1897.
34.
Крафт И.И. Сборник узаконени о киргизах степных областей. –
Оренбург, 1898; Крафт И.И. Принятие киргизами русского подданства
// Известия Оренбургского отдела ИРГО, - Выпуск 12. – оренбург,
1897.
35.
Лобысевич Ф. Киргизская степь Оренбургского края. Москва, 1891;
Лобысевич Ф. Тургайская область и ее устройство // Военный сборник.
– т.28. – 1871.
36.
Середа Н. Из истории волнении в Оренбургском крае.// Русская мысль.
Книги 7-10.-78-116 бет.
37.
Асфендияров С.Ж. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. (Ү
в. До н.э. – ХҮІІІ в н.э.) Алмата-Ата. 1977; Асфендияров С.Ж.
253
Национально-освободительное Восстание 1916 года в Казахстане;
Асфендияров С.Ж. История Казахстана. Алма-Ата, 1993.
38.
Вяткин М.П. Батыр Срым. – Алматы. 1998.
39.
Рязанов А.Ф. Восстание Исатая Тайманова-Алма-ата, 1991; Рязанов
А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость народа (1797-
1838 г.г.) Кызыл Орда. 1926.
40.
Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы.
1991; Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. –Москва,
1957. 279 бет.
41.
Муканов М.С. Этническая территория казахов в ХҮІІІ-начале ХХ
веков – Алма-Ата, 1991; Востров В., Муканов М.С. Родоплеменной
состав и расселение казахов (конец ХІХ – начало ХХ в.в.) Алма-Ата,
1968.
42.
Тогжанов Г. Казахский колониальный аул. Ч.1. Москва, 1934. 69 бет.;
Толыбеков С. Кочевое общество казахов в ХҮІІ начале ХХ века.-
Алматы, 1971. 509-510 бет.; Шойынбаев Т.Ж. Добровольное
вхождение казахских земель в состав России. Алма-Ата, 1982:
Сундетов С.К. К вопросу об оседании казахов в начале ХХ века //
Известия Ан.Каз.ССР. – 1961. – выпуск 3. – 68-77 бет.
43.
Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населениея
Казахстана и Северной Киргизии (посл. Четверть ХҮІІІ-60-е годы ХІХ
в.в.) Москва, 1980.
44.
Касымбаев Ж.К. Казахстан-Китай: караванная торговля в конце ХІХ-
начале ХХ веков. Алматы. 11496. 44 бет.
45.
46.
Рысбеков Т.З. Этюды истории родного края. Орал 2002.
47.
Галиев В. Казахстан в системе Российско-Китайских торгово-
экономических отношении в Синьцзяне. Конец ХІХ-начало ХХ века.
48.
Сдыков М.Н. История населения Западного Казахстана. Алматы, 2004.
49.
Меңдешев С. Бөкей қазақтарының 1916 жылғы көтерілісі. // Екпінді
құрылыс. 15 маусым. 1936 ж.
50.
Шонанов Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. Алматы, 1995.
51.
Қаратаев Б,Б, Обзор материалов из истории колонизации казахского
края в 1869 году и в начале 1870-х годах.
52.
Зиманов С. Россия и Букеевское ханство. Алма-Ата, 1882.
53.
Есмаганбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. Алматы, 1994.
54.
Г.А.Кушаев. Этюды древней истории степного Приуралья-Уральск,
1993; Н.Г.Честноков. Уральску – 350 лет. – Алма-Ата, 1963;
Н.Г.Честноков. Отблеск на куполах столетии. – Уральск, 2004; Фонин
Н.И. Уральск православный. Ульяновск, 2002.
55.
Герасимова Э.И. Уральск: исторический очерк, Алма-ата. 1969.
56.
Данилевский К.В., Рудницкий Е.В. Урало-Каспийский край –
Краеведческий сборник. – Уральск, 1927.
57.
А.Жубанов. Ғасырлар пернесі «Жазушы» баспасы. Алматы -1975;
А.Жұбанов. Ән-күй сапары. – Алматы: «Ғылым». 1976; А.Жұбанов.
Құрманғазы Сағырбаев. Алматы. 1978; А.Жұбанов. Замана
бұлбұлдары, 1975; Ж.Тілепов. Елім деп еңіреген ерлер жыры. Алматы.,
254
1995; Бес ғасыр жырлайды. 2 том. Алматы 1989; И.Кенжалиев.,
Х.Дәрібаев. Қос ішек. Алматы, 1990.
58.
С.Мадуан. Хиуа хандығымен сауда қатынастарының дамуы.// Қазақ
тарихы. № 4.2006. 32-35 б.; С.Мадуан. Қазақтардың Орта Азиямен
байланыстары.// Қазақ тарихы. № 6. 2006. 26-29 б.
59.
Қ.Әбілов. Қазақстанда қаржы-банк жүйесі қалай қалыптасты. // Қазақ
тарихы. № 4. 2005. 74-80 б.
60.
С.Сейпілмәлікова.// Қазақ тарихы. № 4. 2007. 51-57 б.;
С.Сейфулмаликова. Маңғыстаудағы адай көтерілісі.// Қазақ тарихы. №
1. 2006. 60-62 б.
61.
Б.Қабдошев. 1924-1928 жылдарда Қазақстанда сауда қатынастарының
дамуы және Нығмет Нұрмақов.// Ұлт тағлымы. № 3. 2003. 99-103 б.
62.
Ғ.Қарасаев. Қазақстар мен Ресей арасындағы айырбас сауда
сабақтастығы.// Ақиқат. № 2. 2004. 13-20 б., Ақиқат № 3. 2004. 16-23 б.
63.
Т.Нұрпейісов. Капиталистік қатынастардың енуіне байланысты қазақ
байларының әлеуметтік бейнесінің өзгеруі (ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басы.)
// Отан тарихы № 2. 2005. 42-49 б.
64.
Т.Бейісқұлов. Қазақстан қалай отарланды? //Ақиқат. № 11. 2003. 60-66
б.
65.
А.Абдуалиев «О торговой политике России и младшего жуза» //
Поиск. № 2. 2002. 62-69 б.; А.Абдуалиев. Младший жуз и Хивинское
ханство в геополитике Российской империи в первой половине ХІХ в.
//Алаш. №2. 2005. 74-82 б.; А.Абдуалиев. Захват Россией Хивинского
ханства в 1873 году: к истории проблемы.//Алаш №3. 2005. 109-116 б.
66.
Қ.Терекбаев «Қоянды жәрмеңкесі»// Қазақ тарихы. №3. 1995. 27-31 б.
67.
С.С.Қонақбаева. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Бұқар
хандығының Англиямен қарым-қатынасы.// Отан №4. 2005. 165-172 б.
68.
А.Ахмет. Орынбор қалай салынды?// Қазақ тарихы. №
69.
А.Ералина. История создания укрепления Оренбургское.//Поиск. №2.
2002. 90-95 б.
70.
Е.Б.Галиева.
Социально-экономическое
положение
крестьян
Оренбургской губернии в конце ХІХ –начале ХХ века.// Ақтөбе
мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы. №2. 2006. 165-
170 б.
71.
Р.Ш.Искандаров. Роль Сеитовой слободы в установлении торговых и
дипломатических отношений между Россией и государствами Средней
Азии в период 1745-1845 г.г.
72.
З.Әбдірасылова. «Тасымалдау кәсібі қалай қалыптасты?»// Қазақ
тарихы. №3. 2006. 57-59 б.
73.
К.Меңдігереев. Батыстағы балық шаруашылығы хақында // қазақ
тарихы. № 3. 2006. 57-59 беттер.
Бірінші тарау
Батыс Қазақстанда сауда қатынастарының қалыптасуы
Достарыңызбен бөлісу: |