Ақтөбе облыстық білім басқармасы


Фосфат-ионға сапалық реакция



бет6/12
Дата02.02.2023
өлшемі0,65 Mb.
#64600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
À?ò?áå îáëûñòû? á³ë³ì áàñ?àðìàñû À?ò?áå îáëûñòû? ?ûëûìè -ò?æ³ðèá

Фосфат-ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1-2 мл ортофосфор қышқылының ерітіндісін құйып,осындай мөлшерде күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Шешуі:
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: ортофосфор қышқылы, күміс нитраты ерітінділері, сынауықтар.
Фосфат ионына PO43- күміс Ag+ катионы сапалық реактив болып табылады. Сондықтан, ортофосфор қышқылының ерітіндісіне күміс нитратының ерітіндісін қосқанда сары тұнба түзіледі:
H3PO4+3AgNO3=Ag3PO4 +3HNO3
PO43-+3Ag+=Ag3PO4
5.Карбонат-ионға сапалық реакция.
Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін және осындай көлемде барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, бірнеше тамшы күміс нитратын қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.
Түзілген тұнбаға 0,5мл сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
Шешуі:
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: натрий карбонаты, барий хлориді,күміс нитраты, сұйытылған азот қышқылы ерітінділері, сынауықтар.
Натрий карбонатының ерітіндісіне барий хлоридінің ерітіндісін қосқанда ақ барий карбонатының тұнбасы түзіледі:
24
Na 2CO3+BaCl2=BaCO3 +2NaCl молекулалық теңдеу
2Na++CO32-+Ba2++2Cl-=BaCO3  +2Na++2Cl- толық иондық теңдеу
CO32-+ Ba2+= BaCO3  қысқартылған иондық теңдеу
Ал күміс нитратының ерітіндісін қосқанда ақ күміс карбонатының тұнбасы түзіледі:
Na 2CO3+2AgNO3=Ag2CO3  + 2NaNO3молекулалық теңдеу
2Na++CO32-+2Ag++2NO3- -=Ag2CO3+2Na++2NO3- толық иондық теңдеу
CO32-+2Ag+= Ag2CO3  қысқартылған иондық теңдеу
Ag2CO3= Ag2O +CO2
қара тұнба
Түзілген тұнбаға сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін қосқанда жүретін реакция теңдеулері:
BaCO3  +2HNO3(сұйы)= Ba(NO3)22O+CO2
Ag2CO3  + 2HNO3(сұйы)=2 AgNO3+ Н2O+CO2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет