Ақтөбе облыстық білім басқармасы


-есеп. Лакмуспен аммоний нитраты, натрий карбонаты және калий хлориді ерітінділерін сынаңдар және байқалған өзгерісті түсіндіріңдер



бет9/12
Дата02.02.2023
өлшемі0,65 Mb.
#64600
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
À?ò?áå îáëûñòû? á³ë³ì áàñ?àðìàñû À?ò?áå îáëûñòû? ?ûëûìè -ò?æ³ðèá

3-есеп. Лакмуспен аммоний нитраты, натрий карбонаты және калий хлориді ерітінділерін сынаңдар және байқалған өзгерісті түсіндіріңдер.
Шешуі:
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: аммоний нитраты, натрий карбонаты және калий хлориді ерітінділері, лакмус қағазы не ерітіндісі сынауықтар.
Заттар ерігенде су молекулаларымен алмасу реакциясына түсіп, гидролизге ұшырайды.
Аммоний нитраты сулы ерітіндісіне лакмус қағазы қызыл түске боялады. Бұдан гидролиз нәтижесінде түзілген орта қышқылдық болатынына көз жеткізуге болады. Гидролиз процесінің молекулалық және иондық теңдеулері:
NH4NO3+HOH NH4OH+HNO3(орта қышқылдық)
NH4++HOH NH4OH+H+
Ал, натрий карбонатының гидролизі екі сатыда жүреді.
І саты:
Na2CO3+HOH NaOH+CO2 +H2O
CO32-+HOH HCO3-+OH-
ІІ саты:
NaHCO3+HOH NaOH+CO2 + H2O
HCO3-+ HOH H2O+CO + OH- орта негіздік
Негіздік ортада лакмус қағазы көк түске боялады( 1-кесте (8-бетте)).
Ал, калий хлориді KCl гидролизге ұшырамайды, себебі ол күшті негіз бен күшті қышқылдың тұзы. Орта бейтарап болғандықтан лакмус қағазы күлгін түске боялады.
28
4-есеп. Сынауықтарда хлорсутек (тұз), азот және күкірт қышқылы ерітінділері бар. Қай сынауықта қышқыл бар екенін анықтаңдар.
Шешуі:
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар : хлорсутек (тұз), азот және күкірт қышқылы ерітінділері, күміс нитраты,барий хлориді ерітінділері, сынауықтар.
Есепті шешу үшін алдымен теориялық кесте құрамыз.
1-қадам. Теориялық кесте.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет