Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ТҮРКІ ТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА



Pdf көрінісі
бет39/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   343
ТҮРКІ ТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА 

КӨШУ ТƏЖРИБЕЛЕРІ

С.С. Əубəкір 

 С. Торайғыров ат. ПМУ оқытушысы, 

Ж.Б.Жұмабекова

С. Торайғыров ат. ПМУ доценті, ф.ғ.к., 

Аннотация.  Елбасы  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың  2017  жылдың  12  сəуірінде ха-

лыққа жолдаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін 

біртіндеп латын əліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек деген болатын. Осы тұста 

біз өзге түркі елдерінің латын қаріпіне көшу тəжрибесіне үніліп көрдік. Жалпы мақала түркі 

тілдес елдердің латын графикасына көшу тəжрибелері туралы.

Annotation. In the article “The Orientation to the Future: Ruhani Zhanyro”, which was sent by 

President Nursultan Nazarbayev to the people on April 12, 2017: He pointed out that it is necessary 

to gradually begin to work the Kazakh language in the Latin alphabet. Therefore, we have addressed 

the experience of transition to the Latin script of other Turkic countries. Generally, our article is 

about the experience of transition to the Latin script of the Turkic-speaking countries.

Жазу-сызу мəдениеті өркениеттіліктің негізгі өлшемі десек, бүгінгі күнге дейін адамзат 

баласы түрлі əліпби реформаларын бастан кешті. Өйткені, əр халықтың өзінің ұлттық тілі 

болуы керектігі сияқты, төл əліпбиі де болуы маңызды. Соған сəйкес əр х алық төл əліпбиі 

арқылы өз мəдениетін өзгелерден ерекшелей алады. Əлем халықтарының тарихына үңілер 

болсақ, əліпби, жазу-сызу мəдениетін қалыптастырудың белгілі-бір мемлекеттер үшін ғасы-

рлар бойы қиындық тудырғанын байқаймыз. Себебі, жазу-сызу – ол, біріншіден, əр ұлттың 

білім-ғылым деңгейін көрсететін жəне ғылыми құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру-

дың басты жолы болса, екіншіден, əліпби арқылы белгілі бір ұлт немесе ұлыс тілінің лек-

сикалық, фонологиялық, жалпы грамматикалық ерекшелігін байқауға болады. Үшіншіден, 

əліпби арқылы ұлттың жан дүниесін, өткен тарихы мен тілін, мəдениеті мен əдебиетінің ке-



65

шегісі мен бүгінгісін, тіпті болашағын да болжауға болады. Төртіншіден, əліпбидің болуы – 

мемлекет тарихының көрсеткіші, соған қарап, ел мен елді өркениеттілік деңгейі тұрғысынан 

салыстыруға болады. Бесіншіден, ұлттық əліпби – əлемдік ақпарат кеңістігіндегі белгілі-бір 

ұлттың символикалық бейнесін көрсетеді, ұлттық идеологиясының əлеуетін аңғартып қана 

қоймай, саяси-экономикалық деңгейін де анықтауға мүмкіндік береді [1].

Латын  əліпбиін  қабылдау  мəселесінің  тарихына  үңілер  болсақ:  ХІХ  ғасырдың  60–70 

жылдарында Əзербайжан ғалымы, драматург Ахундов-Мырза Фатали латын əліпбиін қолда-

ну туралы идеясын ұсынады. Алайда, оның бұл ұсынысы өз елінде қолдау таппай, ол өз жо-

басын Түркия мен Персияға алып барады. Мұсылман діні кең тараған бұл елдерде қасиетті 

құран əрпінен бас тарту күнə болып саналып, бұл елдердің басшылары тарапынан бұл идеяға 

қатаң тыйым салынды. Бұл мəселе 1905 жылғы революциядан кейін Əзербайжан мен Татар-

станда қайта жаңғырды. Түркі тілдес халықтар арасында латын əрпін алу жөнінде баспасөз 

бетінде зиялы қауымның əр түрлі пікірін туғызды, оның соңы айтысқа ұласты. Тек 1914–1918 

жылдардағы империалистік соғыс пен революциялық қозғалыс бұл идеяның құлаш жаюына 

кедергі болды. Бұл идея содан 1922 жылға дейін қайта көтерілмеді [1].

1928 жылдың 28 маусымында Түркияның министрлер кеңесі «Алфавит жөніндегі комис-

сия» құрып, латын қаріпіне негізделген жаңа түрік əліпбиін қабылдайды. Бұл «Əріп револю-

циясын» қазіргі Түркия Республикасының негізін қалаушы М.К. Ататүріктің жүзеге асырған 

маңызды реформаларының бірі болды деуге болады. Оның басты себебі Түркия Республика-

сының Еуропа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынасты орнатуды көздеуінен шығады [2].

Түркияда латын əліпбиіне өту кезеңі 1 жылға ғана созылды. 1928 жылдың 1 қарашасын-

да М.К. Ататүрік «Жаңа түрік əріптерінің қабылдануы мен қолдануы туралы» Заң шығарды. 

Бұл заң бойынша 1929 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің барлығы латын əліпбиіне 

өтеді.

Түрік  ғалымдары  қазіргі  түрік  тілінің  латын  əліпбиіне  не гізделген  жазуының  ар-



тықшылығын былай көрсетеді:

1) əрбір əріп бөлек-бөлек таңбаланады, ал араб жазуында бірге жазылады;

2) əлемнің көп бөлігіндегі дəстүрге сəйкес латын жазуы солдан оңға қарай жазылады, ал 

араб жазуында оңнан солға жазылатын;

3) латын графикасы түрік тілінің дыбыстық қорындағы негізгі дыбыстарды белгілейді, 

ал араб графикалы жазу түрік тілінде жоқ, бірақ араб-парсы сөздеріндегі бөтен дыбыстарды 

да таңбалайтын;

4) латын графикасына көшкен кезде түркі тілдес басқа халықтар да латын əліпбиін қа-

былдаған болатын, сондықтан түркі əлеміне ортақ жазу ортақ ақпарат алмасуға қолайлы бол-

ды;


5) экономикасының батыстық даму бағытына латын графикалы жазу тиімді болды;

6) латын графикалы жазу-сызу сауат ашушылар үшін əріп саны аз болуына байланысты 

ыңғайлы келді.

Латын  графикасындағы  əліпби  азын-аулақ  өзгерістермен  қалпына  келтірілген  (1991) 

кезеңнен бастап латын қарпіне өтуге дайындық жүргізілді. Əзірбайжан ғалымдарының ай-

туынша, 1991 жылы Əзірбайжанда түрік тілінің нұсқасындағы əліпби қабылданды. Алғашқы 

заң қабылданғаннан кейін ел ішінде осы мəселеге қатысты əртүрлі көзқарастар болды. Осы-

ны ұзаққа созып, аяғын ушықтырып жібермес үшін Үкімет қатаң қадағалау саясатын ұстан-

ды,  артық-ауыс  пікір  білдіруге  теріс  қарады,  тіпті  агрессиялық  қатаңдықпен  барлық  қар-

сылықтарды тыйып отыруды ұстанды [3].

Өзбекстан үшін латын графикалы жазуға көшудің ең басты себебі саяси жəне экономи-

калық түркіжайттардан келіп туындады. 1993 жылы 2 қыркүйекте Өзбекстан Респубикасы 

«Латын графикасы негізіндегі өзбек əліпбиін енгізу туралы» заң қабылдады. Бұл заңға сəй-

кес 26 əріп, үш əріптік тіркестен тұратын графемалар жүйесі қабылданды. 1994 жылдың 16 




66

маусымында осы заңды жүзеге асырушы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Осы бағдарлама 

бойынша орта жəне жоғары білім беретін мекемелерде өзбек тілі мен əдебиетінің оқулықта-

рын, өзбек тілінің сөздіктерін жасау жоспарланды.

«Қазақ əліпбиін латынға көшіру жөніндегі мəселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны 

кейінге қалдырған едік. Əйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие 

жəне көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық 

емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мəселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. 

Əлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшілік-

терін зерделеп алуымыз керек». Н.Ə.Назарбаев

Араға 70 жылдан астам уақыт салып, түркітілдес елдер алдында латын графикасына қай-

та оралу мəселесі күн тəртібіне шықты. Нəтижесінде, тəуелсіздік алған кейбір түркітілдес 

елдер өздерінің мемлекеттік идеологиясы негізінде латын графикасына көшті. 1991 жылдан 

бастап  күні  бүгінге  дейін  Əзербайжан,  Өзбекстан,  Түркіменстан  латын  графикасын  көшіп 

болды. Қырғызстан мен Татарстан дайындық үстінде болса, Қазақстанда да бұл мəселе мем-

лекеттік деңгейде қолға алынуда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет