Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет73/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Əмірбекова А. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. – Алматы: Ел-
таным, 2011. – 204 б.
2. https://m.facebook.com/profi le.php?id=100009416123191&fref=nf&ref
id= 52 & _ ft 
_=mf_story_key.2530390670618112%3Atop_level_post_id.25303-
90 6 70 618112% 3Atl_objid.2530390670618112%3Acontent_owner_id_new.100-
00 9 4 16123191%3Athrowback_story_fbid.2530390670618112%3Astory_loca-
tion .9&__tn__=C-R
Г. Ыбырайқызы,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
PhD докторанты
(Қазақстан)
ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ «ҚҰМ МІНЕЗІНДЕГІ» 
КӨРКЕМДІК ТҰТАСТЫҚ
Оралхан Бөкейдің шығармашылық жолындағы өзіне етене, бейім көркемдік 
тəсілдері, сөз жоқ, оның өзіндік дара стилін қалыптастырды. 
«Құм мінезі» повесіндегі Барханның бейнесі – жазушы Оралхан Бөкейдің 
замандас адам тұлғасын көркем бейнеде көрсетудегі дара табыстарының 
бірі. Белгілі бір өмірлік ситуациялар – қойшылар, шопандар өмірінің əрқилы 
сəттері арқылы жазушы осы бір жас адамның, екі аяғымен өмір атты ортада тік 
тұрған, нық басып жүрген адамның жан əлеміндегі толғаныс, бұлқыныстары 
арқауында буырқанған тіршілік драматизмін ширықтыра суреттеуде өзіндік 
көркемдік шешімдерге барған. 


251
Жазушының өмірбаян деректерінен белгілі болғандай, Бархан – өмірде 
болған адамның бейнесінен шыққан көркем образ. Журналистік сапарларының 
бірінде Мойынқұмда танысқан еңбек адамы. 
«Құм мінезі» повесінің шығармашылық жазылу тарихына қатысты «Жас 
алаш» газетінде Оралханның «Құм мінезіндегі» Бархан кім?» деген Гүлжан 
Айнабекованың мақаласы тың деректер ұсынды. Мақала авторы «Құм 
мінезіндегі» кейіпкерді өмірде кездестірген. 
«Өмір бойы əділетсіздікке ұшырап, əйтсе де тəубасынан танбай, кеңшардың 
мал шаруашылығын ұршықша үйірген Бархан – Егінбай Смағұлов қазір 
Қордай ауданының Степной ауылында тұрады» [1, 7-б.].
Г. Айнабекова Егінбай Смағұловпен əңгімелескен. Бірталай сыр аңлаған. 
«Бұл жетпісінші жылдар еді. Журналистердің ел аралап, ауыл өмірін жаза-
тыны бар еді ғой. Қазан айында бізге жазушы Оралхан Бөкей келді. Толқынды 
шашы келісті келбетіне айбар беріп тұрған ірі жігіт екен. Мінезі салмақты 
болатын. Он шақты күн тіршілігімізбен танысқан Оралхан кетерінде: «Аға 
сіз туралы кітап жазамын. Кейін тауып оқырсыз» деді. Мал соңында жүрген 
адамның қолына кітап түсуші ме еді? Біраз іздестірген болдым. Бірақ таппа-
дым. Міне, біраз жыл өткесін өзің арқылы кітап қолға тиді» [1, 7-б.]. Егінбай 
ақсақал кітаптан өзіне таныс көп жағдайды оқыған. Жазушы қисындаған 
көптеген шарттылықтарға да ризашылықпен қараған. 
Қарапайым жан О. Бөкейдің «Құм мінезі» баянына: «Өйткені ол жазушы 
қолымен өрілген өз тағдырым еді», – деп бағасын берген.
Рухани ұстаз-досы Шерхан Мұртазаның Оралхан туралы айтқан бір үзік 
ойында жазушының шығармашылық бағытында журналистік кəсібінің елеулі 
ықпалы болғандығы нақтылы көрініс табады.
«Лениншіл жасқа» қызметке жаңадан келген Оралханды Мойынқұмға 
іссапарға жібердім. Оралхан сол сапардан біраз жылдан кейін «Құм мінезі» 
деген повесть жазды. Міне, жазу! Жазсаң, осылай жаз. Əйтпесе кінəсі жоқ 
ақ қағазды шимайлап, былғама. Он күндік сапарда бұрын өзі көріп-білмеген 
жердің тамырын басып, сол құмдағы адамдардың мінез-құлқын, психологиялық 
тұрмысын, жүріс-тұрысын, ең бастысы, жанын ұғып-білу – жаратылыстан да-
рын иесіне ғана дарыған. 
Əйтпесе, сол құмда мен де талай рет болдым ғой. Иə, кəдімгі бұйығы бұғып 
жатқан бұйра құм. Сексеуіл, шөбі, қояны, қырғауылы, Шопан үйі, қойы, иті, 
т.б.
Ал Оралханның көзімен қарағанда мен бұл құмды өлкені тұңғыш рет 
көргендеймін. Құмға жан біткен. Құмға мінез біткен. Құм момақан екен. 
Құмда да қуаныш, мұң болады екен. Əдебиет пен əуен егіз. Əуені жоқ, 
жүрегінде жыры, музыкасы жоқ əдебиет көркем əдебиет емес. Əттең мен 
қалай байқамағанмын!» [2, 333-б.]
Осы повесте Оралхан Бөкейдің өмірдің жанға жағымды қоңыр самалындай, 
саулап тұрған сұлу тілі жаңа бір байсал тапқан, шымыр, ширақтықпен баурай-


252
ды. «Құм мінезіндегі» «Алқара көк аспаннан тағы бір самалет ұшты...» деп 
келіп отыратын, ара-тұра жер бетіндегі адамның аспанға қарап қойып жүретін 
күнделікті дағдысынан да гөрі мəндірек бір ойларға меңзейтін тəсілмен бастау 
алған сияқты.
«Күйекті алдымен аяқтаған Барханның жылдағы əдеті – Сейітқұлға қол 
ұшын беру. Міне аттай зулап бес жыл өтті, құдай көршісі – қыстың қытымыр 
суығын, жайлаудың салқын самалын бірдей көріп келеді» деп, көмектесе ал-
май тұрмайтын. Сейітқұл он жас кішілігіне қарамастан, жанкешті пысық, 
қолды-аяққа тұрмайтын жылпостау. Алғашында, Барханға көмекші шопан бо-
лып жүрді де. Қашан қаз тұрып кеткенше қамқор қанатына алған Барханға 
кейін жалдана, қоңдана келе, қорс етіп мінез көрсететінді шығарды. Бірақ 
табиғатынан жуас, кісі бетін қайтарып көрмеген ол кешегі айрандай аптап, 
күбідей пісіп өз үйінде тайраңдап жүрген жігіттің бұл əбестігіне налып, 
пəлендей мəн бермеді» [2, 333-б.].
Повесте қарапайым еңбек адамының мінез байлығы, жан дүние кеңістігі, 
кісілік бітімі өмір ағысындағы күнделікті ситуациялар ауқымында біртіндеп, 
əр қырынан ашылады. 
Қақ-соқпен шаруасы жоқ, пəле қумаған момын адам екені алғашқы ойынан-
ақ байқалып қалғанымен, Бархан оқушымен біртіндеп табысады. Барханның 
мінез-болмысындағы ұлттық мінезге тəн ерекшеліктер иланымды көркемдік 
шешімге тартылған.
Əлгі баяғы көмекші шопаны Сейітқұлға ағаның қамқорлық жасауы – есеп-
қисабы жоқ қазақы болмыстың табиғатынан туындаған құбылыс. Ағайыншыл, 
қарындасшыл, жалпы адам баласын алаламайтын бауырмашыл қазақы мінез.
Құдық қазушылар да Барханның үйінде ертелі-кеш ас ішіп, қона жатып 
еркін жүр. Кісі баласын жатсынбаған қазақы мінездің еркеліктерін жазу-
шы жай ғана айта салғандай болып, шығармаға сыналап кіргізіп отыруды 
ұмытпайды. Дегенмен кең қолтық қазақы пейіл біртіндеп етек-жеңін жия 
бастаған ширақ өмірдің лебімен өзгере де бастағандығын құдық қазушыларға 
жылы қабақ көрсете қоймаған Сейітқұл пиғылы жеткізеді. Сейітқұл – адам 
пенденің білместік осалдығынан, опасыз əрекеттерінен тұтастанған таныс-
бейтаныс тұлға. 
Оралхан Бөкей Барханның бастапқы ойларымен-ақ Сейітқұлдың мінез 
ерекшелігіне ден қойғызған. Сырдаң, сұйық мінез, өзім дегенде өзгенің өзегін 
суырып тастап өте беретін мен жақсы-жаманның парқ ын ойлап, қысылып, 
қымтырылмайтын қараулау жанның сырт əрекет, сырт тұлға, бірер ауыз айтқан 
сөзі характерді иланымды ашады.
Сейітқұл болмысы негізінен ниеті түзу Барханның бұрмасы көп көршісінің 
мінез-құлқына «түсінбей» ойға батқан сəттерінде ашыла түседі. Бархан кейде 
он бес жыл бойы сол қалпында мүлгіп, жатқан айналаны шола қарайды.
«Сыртқа шыққанда ептеп тоңазыған дене жылы төсекті қайта сағынды. 
Күн шыққан жоқ. Ала дөңденіп мінгесіп-ұшқаса келеңсіз далаға қарай жары-


253
са созылған құмтөбелер, сол құмтөбелер, сол құмтөбенің қырқасында ойдым-
ойдым қойнауына жармаса өскен сексеуілдер жалғаса жарысып, көзге суық 
тартады, көңілді жүдеткендей болады. Бархан алды-артына – иə, айналасына, 
қарашаның салқынына бедірейе арқасын беріп, бетпақ жатқан құйқалы құмды 
тұңғыш рет аяғандай, жанарын тайдырмастан көпке дейін қарайды-ай. Ойлап 
тұрса, ол бес жыл мекен жай болған Талдыөзектің бойынан зəредей өзгеріс 
таппаған екен. Сол есіліп-есіліп қалған бұйра құм, сол ербиген сексеуіл, алба-
стыдай алба-жұлба түзген, жер тағандап өсер жыңғыл, сол аспан бірде бұлтты, 
бірде ашық, бірде қар, бірде жаңбыр, сол күн өз орнынан шығады, өз орны-
на асықпай, аяңдап барып батады, сол бір мал – маңыраған қой. Ол да өмір 
бақи да кісіней алмайды. Сол көрші Сейітқұл күні кеше жап-жас елгезек жігіт 
еді, бүгінде құм санайтын қу болды. Енді Бархан сол Сейітқұлдың қыстағына 
қараған. Жым-жырт, тұяқ серіппей қаперсіз ұйықтап жатыр. Қорасына совхоз 
ерте бастан жеткізіп берген шөп қаздай тізіліп, кеше ғана мектеп оқушылары 
қазып берген қой қораның қиынан əлі де бу шығады. Кеше балалар опыр-
топыр іске кіріскенде, бұл да қолына күрегін алып, жападан-жалғыз атшап-
тырым қораға беттеп еді, əйелі Жұмагүл: «Еруліге қарулы болып қайтесің, 
Сейітқұлдың басына пыр етіп қонған баққа таласқандай болмайық, ертең 
де күн бар», – деген соң атына мініп қиқайып өріске кеткен. Өріске беттеген 
Барханның соңынан Сейітқұл айқай салды.
– Отағасы десе, менің де отарыма көз қырыңды сала жүр.
– Жарайды, батыр-еке, – дегеннен басқа жарытып жауап таба алмады.
«Анау балаларға біздің қоралардың да қиын ойғыза сал» дегісі келді-ақ, 
əттең мінезінде жоқ бөтендік танытуға дəт шіркін бара алмаған. Бірақ Бархан 
бұдан соң көпке дейін өз-өзінен күңкілдеп сөйлеп жүрді қой шетінде. 
– Осы совхоз басшылары қызық, Сейітқұлға жіберген оқушыларға маған 
неге көмектес демейді» [2, 336-б.]
Барханның түсінбейтіні көп. Айдалада екі үй отырған бұлардың шаруасын 
совхоз басшылары неге бөле-жара қарайды деп бас қатырады. 
Қулығы жоқ ойлар шындыққа қолайсыздау, берекесіздеу шындыққа қарай 
жетелейді.
Бархан шаруасына айналып, қаумалаған қолайсыздау ойларды ұмытады. 
Əділетсіздік жасап отыр деуді өзіне, азаматтың бойына ар санайды. Ұсақтап, 
быж-тыж болу – ұят. 
Шөп те – Сейітқұлға, егіз қоздайтын саулықтар да – Сейітқұлға, күнде 
жиын, күнде тоймен аудан, облыс, Алматы кете беретін Сейітқұлдың малына 
«ие бол» деп «қызық мінез» басшылар дамыл бермей, шаруаға салады.
Кең мінез даланың, кең мінез, көнбіс Барханның кенеттен оянған алай-түлей 
ашуының толып жатқан алғышарттарын жазушы баппен барлап, асықпай, иін 
қандырып, пісуін жеткізіп келіп ширықтыра түсіп, кейіпкердің шарт кеткен 
шағын айналайын табиғаттың – момақан құмның дауыл тұрғызған сұрапыл 
мінезімен шебер астастырған.


254
Барханның жан дүниесіндегі жарылыс өр рухты адамның аярлық пен 
ақымақтықтың алдына жығылмайтын қайсарлығын, адам болмысындағы 
артық туыстық қанға біткен қайырлы қасиеттерінің баяндылығын көзге шұқып 
көрсеткендей аяусыз, боямасыз ашады. 
Жазушы шөл даланың шалғай шетіндегі шопандар өмірін күнделікті еңбек 
адамының тынымсыз қарекетіндегі қанық табиғи бояумен суреттеп, баян-
дайды. Тоғышарлық тамырланып бара жатқан, адамдық арзандаған, биіктік 
аласарған алабөтен дүниеден ақыр соңында Бархан безініп шығып, қулар мен 
сұмдар өлтіріп бітуге тақау қалған шындыққа шырқырап араша түсті.
Бархан – қазақ прозасына өзінің бөлек бітімімен келген мінезді тұлға, 
көркем бейне.
«Құм мінезінде» негізінен таулы Алтайдың қар жамылған қатал қысын, 
бүлдіргенді жаз ортасын, көк шалғын көктемін, арқыраған тасқын, таза су-
ларын талмай жырлаған, қазақ əдебиетіндегі пейзаждық көркемдеу дəстүрін 
тоғайтып, тыңайтқан əсіре табиғатжанды Оралхан Бөкей қаламгерлік 
шеберліктің қанаттанып кете берер құпияларының айғағындай жаңа бір ты-
ныс, мейлінше төзімді құм туралы төгілте, тауыса жазады. «Бархан қой соңына 
ерген жылдарда қаншама су ақты, қаншама жапырақ сарғайды, қаншама рет 
құстар келіп қайтты; құдай-ау, қанша рет самолет ұшып өтті... Тек баяғыда 
сусылдап, қоныс таппайтын ұшқалақ құмдар ғана іштей тынып, жым-жырт 
жатып алған. Қызылқұмның көшіп-қонбай безбүйректеніп, бүк түсіп жатуы 
бұл өңірді мекен етер елді елеңдетпей қойған жоқ. Қайсыбірі жаман ырымға 
жорыса, енді бірі «берекемізді алар сусылынан гөрі осы момақан мінезі 
дұрыс, құм көшпесе, жер беті құйқаланады. Шымданып, шөп шығады, малға 
өріс болады десті» Қазақпен бірге табиғат жарықтықтың құмы да ірге теуіп, 
отырықтануы, бағамдаған кісіге ғажап бір көрініс сезілетін. Баяғыдай емес, 
ит тұмсығы өтпейтін қалың сексеуілдің бұл күнде мінтеліп, етек-жеңі түріліп 
бара жатқаны Барханның қабырғасына қатты бататын» [2, 339-б.].
Бархан Қызылқұмның баяғы берекелі шағын да көрген. Ендігі табиғаттың 
төсін жұлмалап, құмды даланың сексеуілін отап, отын етіп дымын 
қалдырмағаннан кейінгі сыйқы бөлек. Қаптаған қарақұйрық зым-зия құрыған. 
Бөлімше басқарушысы Əліқұл тектілер қуалап тауысқан.
Бархан – күрделі, кесек мінезді бейне. Басшы екен, басқа екен деп ығына 
жығылып, алдына түсіп жүгіре жөнелмейтін мінездің адамы. Өз ұстанымы 
бар, айтарын астарламай айтып тастайтын қыры осы бір бейнеге деген оқушы 
ілтипатын көтере түседі. Айдалада құйғытып жүрген бөлімше басшысы 
Əліқұлдың зіркілдеп ұрса беретін, əлімжеттік, құл-құтандық өрекпіген, ожар 
мінезін бірер ауыз сөзбен-ақ тойтарып тастайды. 
«Сен оңбайсың, – деп бастады сөзін Əліқұл. – Он жыл болды сөзін осы-
лайша бастаудан танған емес. – Егер сен оңды шопан болсаң, менің төбем 
көрінгеннен қарсы шауып, қарсы алуың керек еді. Егер сен оңсаң... 
– Əлеке-ау, сіздің төбеңізден көз жазып қала берем, ылғи да Сейітқұлдың 
қызыл машинасымен келуші едіңіз...» [2, 342-б.].


255
«– Оңбайсыңдар, қыс болса мынау, тойдан құр қалғандай сықсиып келіп 
қалған. Сен болсаң мынау, не қораңның қиы ойылмаған, не бүтінделмеген, 
жағаң жайлауда, есінеп-құсынап жүргенің. Анау өзің секілді, өзің секілді 
деймін-ау боғыңмен жасты Сейітқұлды қарашы, қандай азамат, жем-шөбі мол, 
қорасы сандай, алты ай қыс болса да қыстырмаймын ... деп отыр. Қырықтан 
асқанша қыртып, айналдырған алты жүз тұяққа ие бола алмай...
– Жеті жүз деңіз.
– Қарашо, жеті жүз-ақ болсын, какой разница... сөзді бөлме, өсетін, қосымша 
ақша алатын шопан сөзді бөлмес болар. Ал сенде жиырма жыл мал бақсаң да 
анау есіктей кеудеңе қадар значек те жоқ. Ана...
– Он бес жыл деңіз...
– Қарашо он бес... сөзді бөлме... ана өзіңдей, өзіңдей деп оттаппын-ау 
қаршадай ғана Сейітқұлда бір емес қос орден бар, осы бес жылдықтың аяғында 
тағы да наградаға ұсынамыз.
– Оныңыз рас.
– Не рас.
– Сейітқұлды наградаға ұсынатыныңыз деймін, аға...» [2, 342 б.].
«Аспаннан тағы бір самолет ұшты» деп қайталап отыратын фактіні Оралхан 
Бөкей белгілі бір мақсатта қолданған. Дүниеде қоңыртөбе ол күйбең тірлігін 
қанағат тұтып жүріп жатқан момын Бархан түс көреді. Өзінде бəлендей мəн 
бермеген арлы-берлі ұшып өтіп жататын самолетке қатысы бар түс. Түсінде 
құмнан құйып жасаған терең зынданда отырады. Төбеден Сейітқұл мен 
Əліқұл тас атқылап, мазақ етеді. Тастар зулап түсіп, ағып келе жатқанымен, 
бұған жетпейді. Бір сəт гүрілдеген самолет дауысы естіледі, Бір адам аппақ 
арқан лақтырып, Бархан басқыш арқанмен жоғары көтеріледі. Самолет ішінде 
əкесі отыр екен. Шаршаған баласын қамаудан алып кетпек. Бархан тұңғыш рет 
көкке, биікке шығады. Қалай ұшу, неге ұшу керектігін үйрендім деп əкесіне 
өз қыстағына апарып тастауын сұрайды... Уілдеген мотор үні. Шошып оянып, 
Сейітқұл үйіне түскен басшылардың шақырып жатқандағы белгісі – мотор 
гүрілдеп тұр екен.
Шақырған басшылардың Сейітқұл үшін, ол орден тағуы үшін қарызға 
қырық қозы сұрағаны Барханды тіксінтеді. Малы құтты төлдеп, еңбегі қайтқан 
Барханды төңіректеп, отағасылай жүргендер мұның малын Сейітқұлдың 
көрсеткіші етіп жазбақ. Оны орденге ұсынбақ. Бір осы ма екен?
«– Оны уақыт көрсетер. – Бағанадан тілі кесілгендей жұмбақ отырған 
Барханның үзілген сымы қайта жалғанғандай болған соң, бəрі-бəрі елең етісті. 
– Алатын қозыларыңды таң ертең санап берем. Тек ақырғы рет болсын. 
– Немене, бұрын да алып па еді, отағасы. 
– Бірінші жылы – бес қозы, екінші жылы – он, үшінші жылы – жиырма, 
төртінші жылы – отыз, енді мінеки өзің келіп, қарағым, қырық қозы сұрадың.
– Мынау сұмдық екен! – деді бас зоотехник ұялы көзі лап етіп. – Масқара 
екен!» [3, 16 б.].


256
Бəріне көнген, бəріне шыдаған Бархан өзі жарасын емдеп жазған қара-
құйрықты Сейітқұл атып тастағанын білгенде бораған құмдай тасыды.
«Бархан мінез көрсетті...»
Қызылқұм да жуықта мінез көрсеткен болатын. 
Жалпы О. Бөкей шығармашылығындағы негізгі тақырыптың бəрі де – 
адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Ол романтик жазушы ретінде 
кейіпкерінің ішкі дүниесін табиғатпен тығыз байланысты беріп, сол табиғат 
əлемі арқылы адам жанының қалтарыс-қатпарын аша біледі. Қаламгердің кон-
цепциясында табиғат – кейіпкер жанына жақын, адам табиғатымен туыс əлем.
Жазушы адамның өмір ортасы табиғаттың сол адам пенделік иттікке бой 
алдырғанда аяусыз қаттылық көрсететінін жатсынып, тəубаға келтіретінін 
табиғатты бейнелеп, суреттеудің қосақабат, қатар түскен желісі етіп алып оты-
рады. 
Табиғат өз мінезімен адамды рухани жаңғыруға бастайды. 
Оралхан Бөкей «Құм мінезі» повесінде табиғаттың ашуы Барханның 
көнбістеу болмысын оятуға түрткі болғанына меңзейді. Оралхан Бөкейдің бұл 
шығармасында Бархан біртіндеп мінез ашады. Жазушы Барханның «жуас түйе 
жүндеуге жақсы» момын емес, əу бастан-ақ əділетсіздікке қарсы көтеріле ала-
тын рухани күш иесі екенін логикалық тұрғыдан иланымды, құмның көшуімен 
психологиялық егіздікте алып суреттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет