Пайдаланылған әдебиеттер:
Қайдар Ә. Қазақ этнолингвистикасы // Қазақ тілінің өзекті мәселелері: Актуальные вопросы казахского языка. Алматы: Ана тілі, 1998, 3-29бб.
Яковлева Е.С. О Понятии «культурная память» в применении к семантике слова // Вопросы языкознания.
-1998. -№3, -с.43-73
Зуев Ю.А. Сармато-аланы Приаралья // Культура кочевников на рубеже веков (проблемы генезиса и трансформации). – Алматы, 1995
Фазаалах Рашид ад-Дин. Джами ат-тауарих. Критический текст А.А.Ромаскевича, А.А.Хетагурова, А.А.Али-Заде. Т.1. Ч.1. – М., 1965
Махпиров В.У. Имена далеких предков (источники формирования и особенности функционирования древнетюркской ономастики). –Алматы: Институт востоковедения МН АН РК, 1997. -302
Кондыбай Е. Казахская мифология. Краткий словарь. –Алматы: изд. «Нурлы Алем», 2005. 272 с.
Сейтжанұлы З. Қаһарманды суреттеу прициптері // Қазақ фольклорының поэтикасы. –Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001, -124-164 бб.
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. –М., 1993, - 525 с.
Ибраев Ш. Қазақ-оғыз эпостарындағы тегі бір желілер және олардың өзгеруі // Қазақ фольклорының типологиясы. –Алматы, 1981
Жапақов С.И. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері: филол.ғыл.канд.дисс.: 10.02.02. – Алматы, 2003. -107 б.
Пропп В.Я. Русский героический эпос. – М., 1958.
КІТАБИ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАЛАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕР
Қошанова Нағима Дәнебекқызы
ф.ғ.к., доцент, Қaзaқ филологияcы кaфедрacы Филология фaкультеті
Қожa Aхмет Яcaуи aтындaғы Хaлықaрaлық қaзaқ-түрік универcитеті
Мужигова Гульназира Маулетхановна
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының аға оқытушысы
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақша баспа нұсқалардың ішіндегі ең қомақтысы осы нәзира дәстүрінде жазылған, кітаби ақындар жырлаған шығармалар еді. Олар қазіргі қазақ әдебиетінде діни дастандар, қиссалар деген атпен аталып жүр. ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасыр басында шығармашылық еткен кітаби қаламгерлердің әрі шығарма- шылық, әрі ағартушылық мақсат-мұратының басты қазығының бірі діни шығармалар тудыру болғаны анық. Осындай шығармалар жазған шайыр, қиссашыл ақындарымыздың өзіндік стильдік ерекшеліктері болғаны да байқалады. Шығармаларында кірме араб және парсы элементтерінен бөлек көне түркі жазба әдеби дәстүріне тән қолданыстар өз орындарын тауып отырды. Ондай түркілік элементтер тек қана фонетикалық не лексикалық қана бол- мады. Сонымен қатар, грамматикалық мағына үстейтін көмекші етістіктердің қолданы- сындағы ерекшеліктерді де жеке атап өтуге болады.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында жазылған діни шығармалар – Алтын Орда дәуірінде жазылған шығармалар дәстүрінің жалғасы. Сол дәуір ескерткіштерінде қолданылған көмек- ші етістіктер кейінгі ХХ ғасырдың І ширегіндегі діни еңбектерде қолданылды. Мақалада сол еңбектердің бірі Шәді төре Жәңгірұлының «Назым сияр шариф» [Шәді төре Жаһангерұлы., 2003, 384] шығармасындағы түркілік көмекші етістіктерге шолу жасалынды. Олар: әйлә, ирди және дүр көмекші етістіктері. Бұл сөздердің қолданысы кітаби ақындар тілінің бір ерекшелігі десек те болады.
Айла. Көмекші етістік айла «Назым сияр шариф» шығармасында өте көп кездеседі. Лексикалық мағынасы ет, қыл етістігімен сәйкес келеді. Р.Сыздықтың «Ясауи хикметтерінің тілі» атты кітабында түркі сөздерінің қатарында көрсетілген бұл сөздің мағынасы «ет, қыл» деп көрсетілген [Сыздықова Р., 2004., 542]. Осы етістікті Р.Сыздық «оғұздық» етістік деп біледі [Сыздықова Р., 2004., 73]. Бірақ шығармада ет етістігіне қарағанда, айла етістігі көбірек қолданылған және оның көмекшілік қызметі басым:
Салауатиниң суреси диб айта дур баз Аны һәм билдирайын айлаб ағаз Мазһабниң учеуинде фарыз булуб Фатихасиз оқулмайды барче намаз;
Бизларғе ′ибрат ирур нақлият
Узи һәм хамдмин аууал айлади йад Аллаһге хамд уа сана зикр айтиңиз Бул суздин та′лим алиб һәр адам зад; Айтиңиз Пайғамбарғе бр салауат
Он мәрте Аллаһ сизни айлагай йад Һәм йәне он кунәһни ′афу итиб Йазылғай ′амалне он хасаннәт;
Дараста диб маған қилди куб илтифат Айлади ғамли булған куңлумни шад Илкарки ′азизларниң уақи′асин
Назм айт диб уси турли бирди рухсат.
Ағаз айлады, йад айлады, шад айлады деген тіркестерден айла етістігінің көмекшілік қызметін айқын көреміз.
Қазіргі тілдік қолданыстан мүлдем шығып қалған бұл көмекші етістік А.Машановтың
«әл-Фараби және Абай» кітабындағы өзінің бір өлеңінде кездеседі:
«Зират айлаб басында, Елден іздеп келген ем. Тәбәрік етіп бір уыс,
Топырақ алдым мен сенен» [Машанов А. 1994, 40].
Осы өлеңнің төменгі тұсына 23 қыркүйек, 1968 ж делінген. Яғни осыдан жарты ғасыр бұрын ғана қолданыста болған бұл сөз қазір мүлдем айтылмайды. Әрине, бір жағынан, Машановтың бұл сөзді өлеңінде қолдануы оның түркі жазба дәстүрінде жазылған шығармалармен өте жақсы таныс болғандығының белгісі де.
Ирди. Көне түркі тілдерінде қолданылып эр, ер етістігі негізінде қалыптасқан еді, екен, емес (едім, едің, еді, ем, ең) сөздеріне ғана байланысты қолданылады. Ерді көне етістігінің қазіргі ықшамдалған түрі – еді. Ерді есім сөздерге де, етістіктерге тіркестіп қолданылады. Ерді көмекші етістігінің түбірі ер, ал құрамындағы –ді қосымшасының өткен шақтық мағынасы бар екендігін еш жоққа шығаруға болмайды. Бірақ –ды, -ді е, ер толымсыз етістігіне қосылып, өз мағынасын сәл болса да өзгерткен. Нәтижесінде еді, (ерді) шақтық мағынаны емес, ертеректе бар болған амал-әрекетті , қалыпты, нәтижені білдіретін дәредеге жеткен [Оразов М. 1997, 135-142]. Шығармада осы көмекші етістік ерди түрінде кездеседі:
Құранда «Суб-ан ман әл-масани» диб Та′инлаб айтқан суре ушбу ирди;
Бизларғе ′ибрат ирур нақлият
Узи һәм хамдмин аууал айлади йад;
Хадис бин хабар брди Расул йәне Бул фатиха кулли дердка ирур дауа;
Ахирниң пайғамбари Мухаммад диб Инжилниң китабинде айтиб ирди;
Худже Ахмад султанимниң махкуминде Хусейинниң әуләди ирди аууал нику зат;
Худже Ахмад султанимниң махкуминде Хусейинниң әуләди ирди аууал нику зат.
Достарыңызбен бөлісу: |