Қалықпаева Р.С., Сәрсенбаева С.Н. ЖТОО студенттерінің кәсіби бағытталған
оқытудың маманның әс-әрекет моделі негізінде жүзеге асыру 250
Қарсыбекова Ш.П., Мужигова Г.М. Өзге ұлт өкілдеріне
қазақ тілін үйрету ісінде тіл дамыту жұмыстарын жүргізу әдістемесі 255
Қожахметова О.Ж. Кейс-стади әдісін білім беру үрдісінде тиімді қолдану 261
Қыдырбаева Ф.Н. Білім беру саласындағы инновациялық технологиялар - заман талабы 265
Мәдіхан А.М. Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды
логикалық тапсырмалар арқылы қызығушылығын арттыру. 268
Наралиева Р.Т., Сафиуллина Ф.С. Атамекенге білім алуға келген
шетелдік қазақ жастарына қатысты өзекті мәселелер 272
Наурызбаева Г.К., Алджамбекова Г.Т., Нагиева М.Ш. Физика пәнін оқытудың
болашақ мамандардың кәсіби құзіреттерін қалыптастырудағы маңызы 277
Наурызбаева Г.К., Буланова Т.М. Информационно-обучающая среда как основа
для повышения качества самостоятельной работы студентов на аудиторных заниятиях 279
Нокина А.А. Инновационные технологии в сфере образования 283
Нурмуханов Т.К. Listening comprehension is an important aspect of learning English language for L2 learners through the use
of multimedia technology 288
Нуршанова И.С. Формирование смыслового чтения на уроках русского языка
и литературы 293
Омарова Ж.Б. Симметрия заңдылықтарының ғылымында, техникада және
қолданбалы өнерде қолданылуы 298
Рахманбекова Г.Т. Оқыту барысындағы тіл дамыту жұмыстары 302
Салгараева Г.И., Искакова Л.М. Возможности развития социальных навыков
младших школьников в образовательном процессе 306
Сапаева Р.Е. Трехъязычие в Казахстане: миф или реальность 310
Саткенов А.Б., Саткенова Ж.Б., Оспанова С.А. Қазақ тілін оқытуда
инновациялық технологияның тиімді әдіс-тәсілдері 313
Смағулова Қ.Х., Бейсекенова А.С. Интербелсенді әдістерді пайдалана отырып
оқушыларға жай сөйлемді меңгертудің тиімді жолдары 315
Тазабекова А.Н. PISA тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың
математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары 319
Тобықов Маулен Төлебайұлы Ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды тіл білімі саласына пайдаланудың тиімділігі 322
Тойғанбекова М.Ш., Ахметова М.А. Тіл мен мәдениет – әлем бейнесінің айнасы 325
Тойғанбекова М.Ш. Түркі әлемі халықтарының педагогикалық
мұрасы мен тәрбиелік идеяларын салыстыру 329
Токтажанова А.К. ЖОО-ның «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттерінің шығармашылық жұмыстар арқылы
кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру 332
Тундебаева Н.К. Мәтін – сөйлеуге үйренудің негізгі тірегі. 335
Шайзада А. Сын тұрғысынан ойлай – білім берудегі маңызды фактор 338
3.1-секция
Ihsas Rahmuddin, Ibraimova Zhibek T. Bacteria's Classification And Its Norms 342
Mukhlis Hujatullah. The roles of neurotransmitters and nerve impulse
to controlling human body 345
Neyazi Ghulam Rabani, Gulhan Tileuzhanova Happiness Hormones
And Thei Impacts On Mental Health 350
Taibullah Madqeq Hybridization And Overlapping 354
Muhammad Hashami. Structures Of Monosaccharides In Carbohydrates 360
Ahmadullah Shakir. Discrimination Of Temperature And Strain Interference
In Fbg Sensors UsingTapered Optical Fiber Sensor. 367
Abdul Nahid Rahmani The Usage Of Laser In Medicine 373
Shirullah Rahmani. The effects of detoxification on human body 377
Mudasir Zahid SUSTAINABLE MANAGEMENT OF WATER RESOURCE AND INVESTIGATION OF HYDROPOLITICAL EFFECTS
OF KAMAL KHAN DAM 381
Noor ahmad Ahmadi Composition And Function Of Blood Plasma 386
Abdul Bari Hejran Gene Mutation And It’s Causes 390
Bilal.Badloon, Tastemirova G. Еthics of social media use in Afghanistan 394
Ғазезова Назерке Мәлікқызы Қазақ дәстүрлері: жас ерекшеліктеріне байланысты тілдік сипаты398
Кудайбергенова Мадина Асетқызы Коммуникация: копирайтин 402
Мұсабек Дана Жеңісбекқызы Педагогикалық дискурстағы манипуляция 405
Асанова Д.М., Смағұлова Г.Н. Әлеуметтік желідегі жарнама мәтіндерінің
суггестиясы 410
Айтжанова С.С., Ермағамбетова Л.Н. Сұрау есімдігінің салалас құрмалас
сөйлемде жұмсалу қызметі туралы 413
І-СЕКЦИЯ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ КОГНИТИВТІК ПАРАДИГМА
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІСІН СЫН ТҰРҒЫДА ДАМЫТУ
Акимбеков Сеилжан Сайлауович Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебі
Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез келген жағ- дайдағы мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғы- дан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарас- тыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, керісінше оқып, терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастырып, тың идеялар ойлап табу.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлайтын сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой тол- ғаныс кезеңдерінен түзіледі[1]. Инновация – латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс еңгізу деген түсінікті білдіреді.
Қызығушылықты ояту.
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады[2].
«Шахмат әлемі» курсы бойынша 5-сыныпқа «Екі еселенген соққы. Байлап» өткен саба- ғымнан үзінді.
Сабақты бастамас бұрын «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойдым. Мысалы,
Тактика тәсілдерінің бірін ата.
Екі еселенген соққы қалай жасалынады?
Байлап қою тәсілін қалай түсінесіңдер?
Қарсыластың фигурасын қалай байлап қою тәсілі арқылы қолданасың?
Қойылған сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау және шапшаңдылық қабілеті артқан- дығы байқалады. Себебі, оқушылар неғұрлым сұрақтарға көбірек жауап берсе, соғұрлым көбірек ұпай жинайды. Ал, көбірек ұпай жинаған оқушы шахмат тақтасына ертерек отырып
7
өз білімін тақта алдында шыңдайды. Шахмат тақтасында жұппен ойнауға асыққан оқушы- ның кез келген тапсырманы орындауға да қызығушылығы артады. Осыдан кейін оқушыларға
«Екі еселенген соққы. Байлап қою» тәсілдерімен таратпалы мәтін арқылы танысады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды;
мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
бір-біріне құрметпен қарауға;
бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.
Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Осындай сыни ойлайтын әдіс-тәсілдер арқылы жүргізілген тапсырма оқушылардың эмоционалды интеллектісін арттырады[3].
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әре- кет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни бай- ланыстар құруға дағдыландырады. Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді[4].
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдіс- терінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту[5]. 5- сыныппен өткен «Шах беру. Мат» атты тақырыпта сабақ өттім. Ол сабақта оқушыларға сыни ойлау технологиясының тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланып сабағымды өрбіттім. Мысалы,
Шах беру. Мат жасау тәсілдері мен амалдары.
Дәптермен жұмыс жасайды, берілген тапсырмаларды орындайды.
Сұрақ-жауап.
А. Шах қай фигураға беріледі? В. Қос қабат шах дегеніміз не?
С. Шахтан қорғана алмайтын кез болама?
Д. Ойын қандай жағдайда аяқталған болып саналады?
Шах беру. Мат жасау тәсілдері және амалдарымен танысады. Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады;
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сыни сұрақ қояды;
Әр түрлі әдістер арқылы тақырыптың негізгі мазмұнын анықтайды; Өз ойларын жазуды ұсынады;
Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді; Ойларын қорытуға бағыттайды;
Өз тұжырымдамасын жасайды;
Өз ойларын сыни көзқараспен айтады және басқа біреудің ойын эмоционалды жақтан түсінеді;
Таным әрекеті артады.
Жалпы шахмат сабағында оқушылармен оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, үздік шахматшы қалыптастыру мақ- сатында жұмыс жүргіземін. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, жұбы- мен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты арттырады, кез келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.
Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келемін. Бұл технологияда оқушы өз топшылауын, өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін, өз тоқтамын жасайды.
Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдіс- терін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзім жетті[6].
Сын тұрғысынан ойлау – бұл кез келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек[7].
Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін- өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтиже- лілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған[8].
Бүгінгі таңда оқушылардың білімге құштарлығын арттырудың бірден-бір жолы оқу тәрбие жұмысының жаңа формаларын қолдану болып табылады. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлға аралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр.
Педогогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, мақсаты мен маз- мұны, мұғаліммен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруды қажет етеді. Иннова- циялық технологияларды қолдана отырып оқыту – таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру,
дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту әдісін жетілдіру, оқыту әдісінің ең тәуірін анықтау, оқушылардың өз білімдерін өздері арттыруына бағыт беру, сананы өзгерту «Әркім өзі үшін жан салып білім алу керек» деген қағиданы ұғындыру іс-жүзінде пайдалануға мүмкіндік тудыру.
Достарыңызбен бөлісу: |