Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет6/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
annotation214581

References

  1. Inojazychnoe obrazovanie na sovremennom jetape: opyt i perspektivy: materialy nauchno-prakticheskoj konferencii (Armavir, 17.12.2012g.)/ nauch. red. I.A. Andreeva. – Armavir: IP Gusarova A.E., 2013. -168s.

  2. Pavlovskaja I.Ju. Metodika prepodavanija inostrannyh jazykov. Obzor sovremennyh metodik prepodavanija 2- e izd., Izd-vo S.-Peterburg Un-ta 2003.

ТІЛ – ҚОҒАМДЫҚ ҚҰБЫЛЫСТЫҢ БІР ФОРМАСЫ




Егенберді Меруерт


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
ЖОО дейінгі дайындық кафедасының ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы

Мұхан Гаухар Жамалбекқызы


Еңбекші ауылындағы орта мектеп, КММ ағылшын тілі пінінің мұғалімі, педагог-модератор

Тіл – біздің өміріміздің сәулесі, қоғамдық құбылыстардың айнасы болып табылады. Қоға- мымызда болып жатқан қандайда – бір өзгерістер мен жаңалықтардың бірегейі ең алдымен, тілден бастау алады, содан кейін халықтың асыл мұрасына айналады.


Қай тіл болмасын, мейлі қазақ, мейлі ағылшын тілі болсын, тіл - ұлт ерекшелігінің бірі, сол ұлттың мәдениетінің бір бөлшегі болып келеді. Ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де сөйлеу тілі мен жазбаша тіл өзара өте тығыз байланыста. Ағылышын тілінде – сөйлеу тілі білім алушының есту, көруі арқылы қабылдауына негізделген. Ал, ағылшын тілінде жазбаша тілінде басты орында тұрған жазбаша диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар болып есептеледі. Ағылшын тілін жетілдіру- оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін, ғылыми, сонымен қатар әдістемелік деңгейін көтеру, үздіксіз жетілдіріп отыру болады.
Тіл үйренудегі басты талап – үйренуші сол тілде өз ойын еркін айта білу.
Тіл- ең алдымен қоғам мүшелерінің өзара пікір алмасуына, сөйлесуіне, қарым-қатынас жасауына қажетті құрал. Тіл қоғамдағы маңызды қатынас саналғандықтан, ең алдымен тіл- ойлаумен және санамен қоғамдық өмірдегі нақтылы бір қызметтер атқару арқылы тиянақты мәнге ие болады. Сонымен қатар, тіл – қоғамның әрбір мүшесіне тікелей байланысты обьек- тивті шындық болып табылады. Әрбір адам тілді қарым- қатынас жасау жәнеде бір – біріне әсер ету құралы деп қабылдайды. Тіл – өміріміздің сәулесі, қоғамда болып жатқан құбылыс- тардың айнасы іспеттес.
Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, ЖОО дейінгі дайындық кафедрасын- да шетел қазақтары мен отандық білім алушыларға, оңтайлы әдістер арқылы ағылшын тілін уйретудің кәсіби – мамандандырылған жолдарын қолданудамыз.
Рухани интеграция дәуірленген заманда, ағылшын тілі- ғаламдық улкен феноменге айналды десекте болады. Оқыту саласында ауқымды өзгерістер орын алып жатқанда, оқытудың әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңдағы ағылшын тілің оқытудың тарихи ауқымды тәсілдері мен оның негізгі теңденцияларын жетілдіріп, дамыту жүйесін сөзге салу керек.
Қазіргі таңда ағылшын тілінің заманауи оқытудың методикалары өзара ғылым болып іргетасын қалыптастырып келе жатқанындығына ешкімнің таласы болмас. Еліміздің даму бағыты айқындалған қазіргі уақытта білім берудің маңыздылығы мен мәнділігіне шынайы көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуге нақты міндеттер қойылуы тиіс.
Бүгінде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, ағылшын тілін оқытудың жаңа түрлері, әдістері, заманауи жолдары, жаңа бағыттағы технологиялары пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына, өзгеруіне алып келуде.
Қазіргі заман талабына сай әp оқытушының міндeті – тиімді тeхнoлoгиялapды тәжіpибeдe қoлдaнып, жаңа сөздерді, тақырыптарды үйретудің оңтайлы жолдарын, қолдану, oң мeн coлын тaну, зepттeу, тaлдaу, нәтижe шығapу болып табылады.
Ағылшын тілі пәні бойынша ең бастысы - білім алушыларға өзіндік тілдік сөз қорын молайту, сөйлеу дағдыларын тиімді жүйелі қалыптастыруда. Ал, бұл өзекті мәселе әрине оқытушының Ағылшын тілі пәні бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін жан- жақты шығармашыл болып, заманауи барлық технологияладың ұтымды және тиімді жақ- тарын пайдаланса - білім алушылардың жаң – жақты, заман талабына сай жемісті оқытудың көзі болмақ. Сонымен қатар, ағылшын тіліне деген білім алушылардың талпынысын
арттырып, шығармалыққа баулап, ағылшын тілі пәні бойынша сөйлеу дағдысын қалыптас- тыру арқылы сан алуан шығармашылығын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдануды жөн деп есептейміз.
Ағылшын тілін оқытып – үйретудегі мақсат - білім алушыларға өз елінде немесе шет елде басқада пәндерден, тіл арқылы күнделікті өзін қоршаған ортада, үйреніп жатқан, не өз ана тілінен білім алып, білік – дағдыларына қоса, басқа да елдердің тынысы мен тіршілігінен хабардар болып, әдет – ғұрыпын үйреніп, мағлұматтар алып, жеке тұлғанын өзіндік жеті- луіне көмектесу. Ағылшын тілін үйрету арқылы әр білім алушы өзіндік білім деңгейі мен сөйлеу қабілетін арттырып, өзінінің ана тілімен қоса ағылшын тілінде сөйлейтін халықтар арасындағы ұқсастықтар мен өзгешелікті ажыратуға дағдыландыру.
Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, ЖОО дейінгі дайындық кафедра- сында қазақ диаспора топтарына ағылшын мәдениеті мен тарихын оқытып – үйретуде, қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі мақал – мәтелдердің балама аудармаларының уйлестігін оқытуда айтулы нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен, ағылшын тілін оқып, білім алып жатқан әрбір үйренуші тұлғаның тілге деген қызушылығы мен құштарлығы, белсендік әрекеті, өз бетінше үйренуге деген талпынысы табылып жатса, ағылшын тілін үйрену үрдісін жеңілдеткен болар еді.
Қазіргі заманға сай, ағылшын тілін оқытудың әдістерін салыстырып, сипаттау өте маңызды рөл атқарады. Себебі, тіл үйретудегі пайда болған немесе пайда болатын әрбір жаңа әдістердің артықшылығы мен кемшілігі болуы заңды. Сондықтан да, ағылшын тілін оқыту әдістеріне сипаттама беру – өзекті мәселелердің бірі. Grammar – translational method (грамматикалық – аударма әдісі) тоқталсақ, бұл әдістің негізі XVII ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың ортасында рәсімделді. Аталған әдіске сай, ағылшын тілін меңгеру үшін барлық грамматика мен қолданысқа қажетті барлық сөздерді меңгеру қажет болды. Сол әдістерді жетілдіру процесстері бір грамматикалық құрылымнан келесі грамматикалық құрылымға бағытталған әдіс болып табылды. Оқытушы осыған сай ағылшын тіліндегі кезекті грам- матикалық құрылымды үйретудің әдістерін қолданды. Бұл әдіс – тәсіл тілдегі грамматикалық формулалардың қолданысы мен логикалық ойлау деңгейі тым жоғары жетілген білім алушыларға өте ыңғайлы болды. Қәзіргі дамыған заманда, әр оқытушы тіл үйрету барысында білім алушыларға қабылдау қабілеттеріне қарай әртүрлі ауқымды әдіс – тәсілерді қолдануда. Мысалы, сөздік қорын дамыту жүмыстары келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылуда. Олар: сұрақ – жауап, өзара сөйлесу, екеуара әңгімелесу, әңгіме, мәтіндердің түсінігін айту, көр- некілік құралдарды қолдануғ аудармалармен жұмыс жасау, кітап оқу, мәтінмен жұмыс жасау. Заман өзгерген сайын ағылшын тілін үйретудін де әдіс – тәсілдері де көбейіп, жаға- рып, толығып жатыр.
Оқыту процесі, әсіресе, ағылшын тілін үйрету күрделі жұмыс. Тіл үйрету ақпаратты жүйелеу мен қабылдаудан, таным мен түйсіктен, бақылау мен анықтаудан, өңдеу мен салыстырудан, есте сақтау мен ізденуден тұрады. Оқыту процессі жыл сайын заман талабына сай толығып, өзгеріп, жаңарып отырғандықтан, қазіргі тіл үйренушілергеде қойылатын талап пен жауапкершіліктер де арта түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет