Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет56/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Мен Алматыда Абай көшесінде нөмірі 140 үйде тұрамын. Мен университетте бірінші курста оқимын.

  1. Іс әрекеттің мақсаты мен бағытын үйретуге байланысты Кімге не керек? Не үшін керек? Ол үшін қайда бару керек? құрылымдарымен жұмыс істеу барысында бару, келу,

әкелу, апару 4 қимыл етістіктерінң нақ осы шақтағы формасы беріледі. Бар+а / кел+е / әкел+е/ апара+а жатыр. Мысалы: Маған қазақша үйрену керек. Сондықтан қазір сабаққа бара жатырмын.

  1. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимыл-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын айта алу. Төрт қалып етістігімен берілетін амал-әрекет және нақ осы шақтың көсемшенің – ып/-іп/-п формасымен берілетін күрделі формасы.

Мен сабақта отырмын. Мысық үстелдің астында жатыр. Аялдамада адамдар автобус күтіп тұр. Аулада екі-үш бала ойнап жүр.
Осындағы жүр және жатыр көмекші етістікпен келетін іс-әрекеттің кейбір контексте дәл сол мезеттен гөрі ұзағырақ мерзімді қамтитынын ескере отырып, бұл (-ып/-іп/-п жүр/жатыр) форманы біздің кестемізде көсемшенің –а/-е/-й формасымен берілген ауыспалы осы шақ етістіктердің жанына да орналастырамыз. Мысалы: Мен университетте оқып жүрмін / оқимын. Қазір Алматы қаласында тұрып жатырмын / тұрамын.

  1. Сөйлеу кезінен бұрын болған іс-әрекетті айта алу. Етістікке –ды/-ді/-ты/-ті жұрнағы жалғану арқылы жасалғаншақ формасы. Бұл форма басқа өткен шақ формалары сияқты өткен іс-қимылған үстеме мағына бермейді. Тек сөйлеушінің сөйлеу кезінен бұрынғы амал- әрекет туралы хабарлау түрінде баяндауды білдіреді. Мен 2005 жылы Алматы қаласында тудым. Мен кеше достарыммен театрға бардым. Сабаққа 25 автобуспен келдім.

  2. Мәтінде кездесуіне қарай өткен шақ мағынасындағы есімшенің –ған/-ген формасы беріледі. Алайда оны бұрынғы өткен шақ деп атап бере алмаймыз. Оның себебі –ған/-ген формасы арқылы кеше болған әрекет туралы айтқанда да қолдануымыз мүмкін. Бұл екі форманың ара жігін Ы. Маманов айқындап береген. «–ды/-ді формасы амал әрекетті тек хабарлап баяндап берсе, -ған/-ген формасы сөйлеу кезінен бұрын болған істі жай хабарлау түрінде емес, тыңдаушыға сол өткендегі істің, қимылдың болу, болмау нәтижесін баса түсіндіріп, соған көңіл аудару керек болған жағдайда қоладанады» Сондықтан –ды/-ді формасы мен –ған/-ген формасын тек контекст арқылы түсіндіре аламыз.

  3. Сөйлеу кезінен кейін болған амал-әрекетті, қимыл-қозғалысты білдіретін ауыспалы келер шақ көсемшенің –а/-е/-й формасы ұсынылады. Мен ертең театрға барамын. Мен келесі жылы еліме қайтамын.

Тіл меңгерудің А1-А2 деңгейінде қамтылатын жоғарыда берілген етістіктің шақ формаларымен қоса, етістіктің қалау райы, бұйрық райы, шартты рай және іс-әрекетті істей алу/алмау формалары, есімшенің –ған/-ген/-қан/-кен және –атын/-етін/-йтын/-йтін формала- рының сөйлемдегі заттық, сипаттық мәнде жұмсалу ерекшеліктері үйретіледі. Бұл – тіл үй- ренуде етістік категориялары бойынша берілетін базалық грамматикалық материал.
Жоғары В1, В2 деңгейлерінде көбінесе, күрделі құрмалас сөйлемдердің құрамындағы етістіктің шақ, рай, модальдық категорияларының түрлі мағыналық реңктері базалық дең- гейдің материалына сүйене отырып ұсынылады. Етістіктің белгілі бір шақта жұмсалуындағы тілші ғалымдардың айтып өткен шақ формаларының дағдылық-дүркіндік, болжалдық, мақ- сат-ниеттік, т.б мәтін құрамына қарай талданып ұсынылғаны жөн.
Базалық грамматика болып табылатын шақ формалары жұмсалуында ең қарапайым, яғни мағынасы, сөйлемде беретін мәні нақты, айғақ болып келеді: көрді (өткен шақ), көріп отыр (қазір), көреді (күнде немесе ертең). Бұл шақ формаларынан басқа көрсеткіштер белгілі бір шақтың атымен аталғанымен (бұрынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ, мақсатты келер шақ, болажлды келер шақ, т.с.с.), олардың ерекшелігі амал-әрекеттің орындалатын мерзімінен гөрі, айтылымға қосымша семантика үстеуінде болып отыр. Оны жоғарыда тілші ғалымдар еңбектерінде атап өтеді. Сондай-ақ іс-әрекеттің болжалдық, мақсат-ниеттік, танықтық мәндері тек бір шаққа ғана тәуелді емес екендігі де мәлім. Тек болашақ әрекетті ғана болжамаймыз (болжалды келер шақ), өткен, қазіргі әрекетті де болжай аламыз. Мақсатты келер шақ бар болса (-мақ/-мек), өткендегі мақсатымызды, қазіргі мақсатымызды қалай айтамыз деген мәселе тіл үйрету процесінде туындайтыны айқын. Олай болса, академиялық грамматикада қазақ тіліндегі шақтық мағына беретін формалардың атауы, олардың
мағынасы түсіндірілсе, тілді үйретуде инофонға олардың тілдегі жұмсалымдық қызметінің толық картинасын ұсына алуы қажет.
Сонымен шақ категориясы – өзіне тән мазмұны мен формалары бірте-бірте қалыптасып, бір жүйеге түскен грамматикалық категория. Шақтың мазмұн, тұрпаты шегі адамның сөйлеп я сөйлесіп отырған кезіне байланыстырылады. Соған қарамастан бүтіндей мәтін көлемінде кейде шақтардың ара жігін ажырату тіл үйренушіге қиындықтар әкелетіні сөзсіз. Мысалы есімше, көсемше көрсеткіштеріне және отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктеріне еді, екен, болу көмекші етістіктері тіркессе, жаңа модальдық семантика үстеледі. (ған еді/екен/ болды(болады/болыпты/болмақ...), атын еді/екен/болды ..., са еді/екен/болды/ болады/ болыпты ...мақ еді/екен/болды/болады). Бұл жөнінде Жүнісова А. сөйлемдегі етістіктің қимылды білдіруі жеткіліксіз. Себебі өмірде қимыл әртүрлі жолдармен жүзеге асады. Қи- мылдың жасалуындағы әр алуан ерекшеліктерді білдіретін әдістер мен тәсілдер, сан алуан көрсеткіштер бар екенін айтады. [6, 125].
Тіл үйрету мәтіндері әр деңгейге сай бейімделіп алынады. Сондықтан мұндай күрделі аналитикалық форманттермен келетін құрылымдар да тіл меңгерудің В1 ден жоғары деңгей- лерінде оқытылуы тиіс. Бұл формалардың мән мағынасын контексте талданып меңгерілгені абзал. Біз көрсетіп отырған алгоритм бойынша, етістіктің барлық шақ категориясын, рай категориясын, олардың модальдық реңктерін, есімшенің сөйлемдегі есім қызметіндегі сипатын, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарын да түсіндіріп беруге негіз бола алады.
Әдіскер ғалым Қ. Қадашева көрсеткен тіл үйретудің негізгі үш тәсілі: ұсыну, табу, зерттеу жолдары дәл осы қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясын меңгеруде мұқият қолданы- латын әдіс. Тақырыпты ұсыну қатаң жүйелілікті, реттілікті талап етеді. Одан әрі түрлі жаттығулардың көмегімен үйренушінің зердесіне сіңіру – ол ұстаздың шеберлігі аясындағы мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет