Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет52/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162
Қолданылған әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің № 205 Жарлығы. - Астана, 2016 // www.akorda.kz

    2. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация: учеб. Пособие. – М.: Слово/Slovo, 2000. – 624 с.

    3. Громова Н.М. Специфика коммуникативной компетенции специалистов нефилологов – участников делового межнационального общения // Вестник МГЛУ. 2002. Вып.546. – 83 с.

    4. Құнанбаева С.С. Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен практикасы. – Алматы: 2010. – 324 б.

БАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ КӨЗҚАРАСТЫ БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕР




Г.Ә. Машинбаева


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ, Қазақстан

С.Р. Нұртілеуова


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы


Түйіндеме: Мақалада БАҚ тіліндегі қолданылатын қоғамдық саяси көзқарасты білдіретін сөздер топта- рына талдау жасалады, автор қоғамдағы саяси басқару жүйесіндегі өзгерістер мен көзқарастардың тілге әсерін көрсетуге тырысады.
Түйін сөздер: Қоғамдық саяси лексика, бағалауыштық лексика, ақпарат тілі, оң бағалау, теріс бағалау, газет тілі.

Күн сайын мемлекетте болып жатқан саяси реформалар мен дамулар, биліктегі ауысым- дар, сондай-ақ кенеттен болған саяси толқулар мен ірілі-ұсақты қоғамдық өзгерістер мен оқиғалар тілде өз ізін қалдырып, нәтижесінде қоғам мен саясатқа қатысты қолданылатын сөздер пайда болып, қатары толығып, құрамы өзгеріп отырады, керісінше уақыт өткен сайын мемлекеттегі саяси көзқарастың ықпалынан олардың кейбірі жағымды мағынасын жоғалтып, пассивтеніп, ескерусіз қалып отырады. БАҚ мәтіндеріндегі қоғамдық көзқарасты білдіретін сөздерге талдау жасай отырып, мемлекеттің саясатына сипат беріп өтуге де болады. Осы тұрғыдан келгенде теледидардың рөлі басқа ақпарат құралдарына қарағанда пәрмендірек. Ол халыққа аудиалды, визуалды тұрғыда әсер етеді. Теледидардың басқа ақпараттық құралдары- на қарағанда мүмкіндігі мол екендігі жөнінде орыс ғалымы В.В. Егоров: «Теледидар деге- німіз – бұл тек бейне мен дыбыс жеткізудің техникалық тәсілі ғана емес, ол сонымен қатар бағдарлама жасау барысындағы өзіндік талаптары мен оларды адамның түйсінуіне қатысты психологиялық әсер етуінің заңдылықтары бар ақпарат жеткізудің ерекше саласы», – десе [1, 190 б.], А. Юровский: «Басқа ақпарат құралдары, басқа өнер түрлері немесе публицистика- мен салыстырғанда теледидар басым жағдайда адамға қоғамның, халықтың рухани тұр- мысымен тыныс алуына, басқа адамдармен етене араласып, олардың ойы, іс-әрекеті, мақсаты мен арманы туралы білуіне мол мүмкіндік береді. Міне, оның қоғамдық мәні де осында. Кез келген өнер салалары сияқты теледидар саласы да қоғамның қызығушылығынан, оның қоғамдық қызметінен тыс өмір сүре алмайды», - деп жазды [2, 56 б.].


Адам өміріне енген жаңа ұғымдар халық ұғымында толық ізін қалдырып, айқын бей- неленіп бірден сіңісіп кете қоймайды. Осы жағдайларда да ұғымға қойылатын ат кездейсоқ болмайтыны белгілі. Көбінде тіпті бір ұғым бірнеше атпен де аталып жүреді. Терминдік лексиканы қалыптастыруда сол дәуір баспасөзінің орны ерекше. Өйткені қандай да болма- сын жаңалық алдымен баспасөз, радио, теледидар арқылы жарияланады. Мерзімді баспасөз сол қоғамдағы әлеуметтік саяси, ресми қаулы-қарарларды өз беттерімен жариялап тұратын
ақпараттар ағыны. Осы мәселе тұрғысынан Б.Қ. Момынова: «Қазіргі кездегі өркендеп дамы- ған бұқаралық ақпарат құралдары оқылатын (визуалды) мерзімді басылымдар, тыңдалатын (аудиалды - радио), аудио-визуальды - теледидар, деректі кино болып үш түрге бөлінеді. Бұлардың коммуникативті құрылымдарындағы кейбір айырмашылықтар болмаса, атқаратын қызметтері ұқсас», – дейді [3, 15 б.]. Ғалымның осы көзқарасын растайтын мысалдарға тоқталсақ, Кеңес үкіметі тарағаннан кейінгі тарихта тоқырауға толы 90-жылдары қоғам жаппай дінге бетбұрыс жасай бастады. Кеңестік идеологияның орнына халықты тәрбиелеу құралы дін болды. Президент Н. Назарбаев елімізде тұратын ұлтттар мен ұлыстардың дініне еркіндік берді. Осы уақыттарда: Иманжүзді, сәждеге бас ұрған, ислами тұрғыдан, иман-нын сақтаған адам, діни сауатты, дін еркіндігі т.б. сөздер мен сөз тіркестері белсенді қол- данылатын лексикалар тобына жатты. Бұған қоса мемлекет экономикасына қарай бұл кезде нарықтық экономика, бүгінгі нарық заманы, ақшаның құнсыздануы, пәй, купон, акция т.б. сөздер қоғамдағы экономикалық өмірден сурет беріп тұратын сөздер ретінде көп қолда- нылса, қазіргі кезде біздіңше бұл сөздер белсенді қолданылатын сөздер қатарынан емес, кейінгі ығыстырылып қалған сөздер қатарынан орын алып келеді. Әрине бұлар қазір мүлдем қолданылмай қалған жоқ, бірақ олардың қолданысы пассивтенді деп айтуға болады. Оған қазіргі қоғамдағы дін саласында әлемде болып отырған келеңсіздік әсер еткен болуы керек. Оған керісінше діни экстремизм, ислам діні өкілдерінің атын жамылғандар, діни қауымдар т.б. жаһидтер, ваххабисттер, әсіредіншілер, дәстүрлі емес діни және жалған діни ағым- дар радикализм, экстремизм және терроризм, сақалдылар, оранғандар, шолақ шалбар- лылар, вахабтар сынды кері бағалауыштық мәні бар сөздермен тіркесіп айтылып жүр.
Мемлекетімізде алғашқы президент тұсындағы халықтың билікке деген көзқарасына қатысты мәтіндерде ел президентінің имиджіне қатысты көп қолданылған тренд сөздер: нұр, мәңгілік ел, ұлы дала, ұлы дала перзенті, т.б. сөздер болды. Осыған орай Нұротан, Нұрлы жер бағдарламасы, Нұр Астана мешіті деген сөздерден қатары ең жағымды мағынадағы мемлекет саясатына қатысты қолданылса, қазіргі кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген соң біртіндеп ол сөздерге қарағанда жаңа сөзінің саяси мәні басым бола түсті. Айталық, жаңа Қазақстан, жаңа Қазақстан идеясы, жаңа бастама, жаңа Прези- дент, көпбалалы аналардың жаңа мәртебесі, жаңа экономикалық саясат, жаңа бастама, жаңа кезең. мемлекет пен Аманат партиясы т.б. Қазіргі таңда нұр сөзі саяси тұрғыдан келгенде ескі жүйені, ескі басқаруды меңзеп тұрғандай болады.
Қоғамдық саяси көзқарасты көрсететін сөздер қоғам өміріндегі оқиғамен, ондағы басқару жүйесімен, сол жерде болып жатқан өзгерістерден жат емес, керісінше солардың өзінен туындаған сөздер болып табылады. Оған ғылыми әдебиеттерде қоғамдық саяси лексика ұғымына берілген анықтамалар мен қоғамдық саяси лексиканың ерекшеліктеріне байла- нысты айтылған ғылыми пікірлер куә. Қоғам мен саясатқа қатысты сөздердің біртіндеп қоғамдық саяси лексикаға қатысты лексикалық топтарға айналуы да, айналмауы да мүмкін. Олар уақыт пен сол мемлекеттің саяси көзқарасына, оның басқару жүйесіне, саяси тұрақ- тылығына т.б. факторларға тәуелді. Газет лексикасындағы қоғамдық-саяси лексика сөздің құрамындағы сандық, әрі сапалық толығулардың айнасы іспетті. "Қоғамдық саяси өмір саласына байланысты құбылыстар мен ұғымдар атауларын білдіретін мағыналық бірлігімен топтасқан, өз алдына біріккен сөздерді қоғамдық-саяси лексика деп атауға болады",– дейді Р. Барлыбаев.
Газет тілін жан-жақты зерттеген ғалым Б. Момынова тіл білімінде қоғамдық саяси лек- сика туралы ғалым А. Ысқақовтың еңбегінде, А. Қалыбаеваның еңбектерінде қарастырыла- тыннын айта келе, қоғамдық саяси лексиканы толық зерттеген ғалым ретінде Р. Барлыбаев- ты атап көрсетеді, және қоғамдық саяси лексиканың газет беттеріндегі ең көлемді топтарды құрайтындығы жөнінде: ... "газет атаулының басты қасиеті – ақпарат жеткізу мен үгіт насихат жұмыстарының негізінен қоғамдық саяси лексикааға жататын сөздер тобы арқылы іске асатындықтан , ол газеттің төл лексикасы саналады" – дейді Б. Момынова [3, 92 б.].
Бүгінгі күні кезінде Қазақстанның ақпарат құралдары тіліндегі белсенді қолданылатын қоғам мен саясатқа қатысты сөздер тобының өзгеруі қалай деген сауалға жауап іздесек, мұндағы сөздердің белсенділігі бүгінгі мемлекет өмірінің саяси, экономикалық өзгерістері- не, ішкі сыртқы саясатына тәуелді деп айтуға болады. Әрине қоғам бір орнында қатып қалған құбылыс болмағандықтан ондағы ой да, көзқарас та түрлі көзқарастан туындағын саяси ба- ғыт та, саясат та бір орнында тұрақтап қалмақ емес, олардың салмағы да, белсенділігі де, жиілігі де әртүрлі. Сөзіміз дәлелді болу үшін бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарында кездесетін қоғамдық саяси лексикалар тобының түрлеріне саяси өмірімізбен байланыстыра отырып талдау жасап көрейік.
Бұған дейінгі ақпарат құралдарындағы Елбасы, Нұротан, Жас отан, Нұр Отаншылар, "Нұр Отан" партиясының белсенділері, мәңгілік ел идеясы, жарқын болашық, кемелденген саясат, көпұлтты Қазақстан, Назарбаев университеті, Назарбаев мектебі, Елорда, Елбасы мәртебесі, бәсекеге қабілетті ел, қолжетімді баспана, қолжетімді баға, макроэкономика- лық саясат т.б. сөздер болса аталған стратегиялардың әрбір бөлімінде айтылған мәселелер бойынша қолданылатын қоғамдық саяси лексикалар тобын көрсетіп отыруға болады, соңғы жылдардағы ғылым, білім, экономиканы дамытуға қатысты жобарларға қатысты қоғамдық саяси лексика қатарындағы кейбір сөздер ығыстырылды.: жасыл экономика, "Балапан" бағдарламасы, "Қолжетімді баспана" бағдарламасы, "Дипломмен ауылға", "Айналаңды нұр- ландыр", ғылым мен білім саласын әртараптандыру, Орталық Азияны тұрақтандыру, аймақішілік бірігу, жаһандық қауіпсіздік. үштұғырлы тіл саясат, Қазақстан патриотизмі сынды стратегиялардың әр тарауында қолданылатын қоғам мен саясатқа қатысты сөздер жатады. Уақыт өте келе олардың ақпараттық хабарлар мен мерзімді басылымдардағы бел- сенділігі баяулап қалды. Олардың орнын жаңа президенттің саясатына қатысты Жаңа эко- номикалық саясат, әділетті Қазақстан, рухани жаңғыру, «Аманат» партиясы, «Бақытты отбасы», конституциялық жаңалық деген оң бағалауыштық сөздермен берілетіндер және теріс бағалауыштық сипаттағы қанды қаңтар, қаңтар оқиғасы, қаңтар қырғыны, қаңтар кесапаты сынды сөздер басты. Осы тұста бұрынғы желтоқсан оқиғасы, желтоқсаншылар деген сөздер оң бағалауыштық сипатқа ие болды да, қаңтар ай атымен келетін тіркестер теріс сипаттағы сөздерге айналды.
Сонымен қорыта айтқанда, қоғамдық мен саясатқа қатысты ақпарат тіліндегі сөздер, олардың қатары қоғамдағы саяси, экономикалық проблемалардың жаңаруына қатысты толығып, белсенді түрлері пассивтеніп отырады, ол құбылыстың жиі өзгеруі мен көп жылдар бойы тұрақты қолданыста болуы қоғамдағы саяси көзқарастарға байланысты. Олардың белсенділігі саясат сахнасындағы идеологияның, басқарушының келуіне тікелей тәуелді. Олар ақпаратты қабылдаушының саяси мәселелерге деген көзқарастарына ықпалын тигізетін сөздер деп айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет