Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет55/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162
Литература:

  1. Артемов В.А. Психология обучения иностранным языкам. – М.,1979.

  2. Балыхина Т.М. О системности русской лексики и о системе в обучении лексике. – М., 2002.

  3. Барсук Р.Ю. Основы обучения иностранному языку в условиях двуязычия. – М., 1970.

  4. Беляев Б.В. Психологические основы усвоения лексики иностранного языка. – М., 1984.

  5. Вагнер В.Н. Принципы отбора и системного обучения лексике русского языка с учетом языка студентов. Русский язык для студентов-иностранцев. – М.,1979. Вып. 18.

  6. Колесникова А.Ф. Проблемы обучения русской лексике. – М.,1977.

  7. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. – М., 1977.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ МАҚСАТЫНДА ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫН ҰСЫНУ




Мұсаева Г. Ә.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті, Алматы қ, Қазақстан

«Тілді үйрету үшін үйретудің негізгі үш тәсілі: ұсыну, табу, зерттеу жолдары оқыту қолданысында болғаны тиімді» деп көрсетеді отандық әдістемеші Қ.Қадашева. Автордың айтуы бойынша, ұсыну жолымен үйрету тәсілі бойынша берілетін тіл материалы жүйелі, ретті берілуі керек. Мұнда ұстаным, ұғым ерекшеленеді. Білім деңгейінде сұрап, қайта


түсіндіру қажет болады. Табу жолымен үйрету тәсілі негізінен үйренушінің өз қабілетіне байланысты. Мұнда оқытушы үйренушінің білім деңгейін дамытып отырады. Ал зерттеу жолымен үйрету тәсілі проблемалық шешу деңгейіне бағытталған әдіс. Мұнда үйренуші өз әрекетімен зерттеуді, толықтыруды және қарастыруды өз міндетіне алады [1. 55-56 б.].
Тілді шет тілі ретінде оқытқанда әдіс-тәсілдердің барлық түрі қолданылады. Әсіресе, түркі тілдерін үйрету барысында, тілдегі жұрнақ, жалғаулардың мағыналық, қолданыстық ерекшеліктерін түсінуде жоғарыда айтылған үш тәсіл ретімен қоданылса, тілді үйретудің тиімділігі артатыны хақ.
Тіл – қарым-қатынас құралы десек, тілді меңгерту үйренушінің коммуникативтік құзы- реттілігін қалыптастыру болмақ. Кез келген тілді шет тілі ретінде меңгертудің мақсаты да – осы.
Қазақ тілінің жалғамалы құрылымы тілді үйретуде жүйелілікті ұстануды талап етеді. Тіл меңгертудің бастапқы деңгейінде коммуникативтік әдісті басшылыққа ала отырып, тілдік материалды жүйелі түрде ұсынуға мүмкіндік болғанымен, жоғары деңгейлерде берілетін материалдың түрлі мағыналық реңктерді білдіретін грамматикалық, структуралық ерекшеліктері үйренушіге тілдік материалды ұсынуда тілдің құрылымдық-мағыналық жағына баса назар аударуды талап етеді. Қазақ тілінің шақ категориясының тілдегі көрінісі де осындай күрделі тілдік материалдардың біріне жатады. Ол қиындықтар А. Ысқақов, біріншіден, шақ мазмұнының бір-бірімен ұштасып жатқандығы, шақ формаларының жігінің ашылмағаны, екіншіден, қазақ тіліндегі рай категориясы мен шақ категориясының бір- бірінен мазмұн мен форма шегінің ажырамағандығынан деп түсіндіреді [2. 322 б.].
Амал-әрекет, қимыл-қозғалыс әрқашан мезгіл ұғымдарымен байланысты орныдалады. Қазақ тілі грамматикасында (2002 ж) етістіктің шақ категориясына мынадай түсінік береді.
«Қимыл – іс әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жаслатын етістіктің грамматикалық категориясы шақ категориясы деп аталады. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болады:

  1. үнемі қайталанып, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет.

  2. сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс әрекет.

  3. Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл, іс-әрекеттер»

Осыған байланысты шақ категориясы морфологиялық белгісіне ((есімше, көсемше) және жіктік жалғау), шақтық мағынасына қарай өткен шақ, осы шақ, келер шақ атап көрсетіледі (3. 515 б).
Қазақ тіл білімінде етістіктің шақ категориясы туралы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, А. Ысқақов, Н. Оралбай және т.б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен сөз болады. Етістіктің үш шағын іштей саралауда түрлі ұйғарымдар жасайды. Қ. Жұбанов бір мезгілдің өзінде болатын іс-әрекеттің түрлі өңін көрсететінін ескеріп, өткен шақтың өзін іштей 9 түрге айғақ өңді (жазды), аулақ өңді (жазыпты), мойындау өңді (жазған), күмән өңді (жазған шығар), айғақ баяғылық (жазып еді), әдетше баяғылық (барушы едім), опық баяғылық (баратын едім), арман баяғылық (бармас па едім) деп бөледі. Келер шақты кесімді келер шақ (барамын), болжалды (барармын), мақсатты (жазбақпын), тілекті (жазар едім, тек 1 жақ-жазайын), сенімсіз төл шақ (жазса игі еді (өткен шақ, келер шақта бірдей)) деп 5 түрге жіктейді. Осы шақты дағдылы осы шақ және дәл осы шақ деп екіге бөледі де, дағдылы осы шаққа (жазады, оқиды) формасын, дәл осы шақты 4 түрге ажыратады. Олар: жалпы осы шақ (жазып жатырмын), кәдімгі осы шақ (жазып жүрмін), қазіргі осы шақ (жазып отырмын), әзіргі осы шақ (жазып тұрмын) [4. 388-389 б.].
Ы. Маманов шақ формаларының мағыналық ерекшелігіне баса назар аударған ғалым. Өткен шақ формаларының арасындағы айырмашылық әртүрлі мезгілдік мағына білдіруінде емес, әрқайсысына тән өзіндік семантикасында екенін дәлелдейді. Өткен шақтағы жедел өткен шақ формасы өткен қимылды жай хабарлау түрінде баяндауын білдіреді (Мен
кітапханаға кеттім.). Бұрынғы өткен шақ болған істі жай хабарлау түрінде емес, тыңдаушыға сол өткендегі істің , қимылдың болу, болмау нәтижесін баса түсіндіріп, соған көңіл аудару керек болған жағдайда қолданады (Мен ол жігітті жақсы танимын, институтта бірге оқығанбыз). Егер өткен шақ формасын сөйлеуші өткен істі , қимылды өз көзімен көрмей, екінші бір адамның айтуымен немесе басқа бір жағдай арқылы білдірсе, оны ежелгі өткен шақ формасында баяндайды, алайда ғалым бұл шартты атау екенін айтады. (Қайырбек кеше Москвадан қайтыпты). Дағдылы өткен шақ сөйлеу кезінен кем дегенде жарты не бір жыл бұрын болып өткен істі, қимылды білдіреді және істің, қимылдың ертеректе бірнеше рет қайталанып, әдетке, дағдыға айналғандығын көрсетеді. Оның синтетикалық және аналитикалық тәсілдері бар (Шешелер, малшылар болып – баршасы телміре тыңдайтын. Әбдірахман әкесі үшін қатты қиналып, оңашада ұзақ ойланып жүруші еді). Қатысты өткен шақ формалары сөйлеу кезінен бұрын болып өткен іс, қимылмен ұштасып, соған байланысты өткенін немесе белгілі бір мезгіл ішінде өткенін көрсетеді (Мен кеше киноға барып едім). Еді көмекші етістігі өткен шақ көсемше (-п, -ып, -іп), және өткен шақ есімше (-ған/-ген/-қан/-кен) және қалып етістіктремен тіркесіп қатысты өткен шақ формаларын жасайды. Ал келер шақ жөнінде ғалым «сөйлеу кезінен кейін болатын істі, қимылды білдіретін етістік формасы» деген анықтама береді де, оның үш түрін көрсетеді: а) ауыспалы келер шақ (жаз+а+мын), ә) болжалды келер шақ (жаз+ар+мын), б) ниет келер шақ (жаз+бақ+пын). Көсемшенің –а/-е-й формасымен жасалған етістіктің шақ көрсеткішін Маманов ауыспалы осы шақ емес, ауыспалы келер шақ формасы деп атайды. Себебі дәл осы сәтте не істеп жатырсың деген сұраққа жауап бере алмайды, сондықтан оның негізгі мазмұны келер шаққа тән екендігін айтады. Контексте ғана, яғни көлемдік үстеулермен (қазір, осы кезде, бүгін, осы айда, биыл, т.б.) тіркескенде осы шақтық мағынаны көрсетеді.
Ал осы шақтың арнайы грамматикалық шақ көрсеткіші жоқ. Қазақ тілінде осы шақ қалып етістіктерне және созылыңқы сыпатқа жіктік жалғауы тікелей жалғану арқылы жасалады. (Мен отырмын. Мен жазып жатырмын). Отыр, тұр көмекші етістіктері қимылдың дәл сөйлеу кезінде болып жатқанын білдіреді. (Сағат жүріп тұр. Иман кітап оқып отыр), Жүр көмекші етістігі арқылы жасалған созылыңқы сыпаттың осы шақтық мағынасы кеңірек уақытты қамтиды. Мұның шеңбері ай. Жылмен шектеледі. Мен биыл кружокқа қатысып жүрмін. Жатыр көмекші етістігі салт етістікпен тіркескенде, нақ сөйлеу кезінде болып жатқан қимылды білдіреді. Алайда объектінің түріне қарай мезгілдік шеңбер әртүрлі болады. (Дүйсен үйде кітап оқып жатыр. Дүйсен институтта оқып жатыр.) Жатыр көмекші етістігі отыр, тұр, жүр көмекші етістіктеріне қарағанда көп қолданылады да, кейде олардың орнына жұмсала береді [5. 123-143 б.].
А. Ысқақов етістіктің шақ категориясы туралы тың пікір білдіреді. «Шақ формаларын сыртқы тұлға-түрлеріне қарай да, ішкі мазмұн өзгешелігіне қарай да жіктеуге болады. Бірақ қашан да болсын мазмұн түрге жетекші болатынын ескергенде, шақтарды да мағыналарына қарай жіктеу әрі олардың мазмұнын тану үшін, әрі баяндау жүйесі ықшам болу үшін қолайлы да, ұтымды да болады. Сондықтан семантикалық сипаттарын ескере отырып, өткен шақты анық (айғақты) өткен шақ, танық (айғақсыз) өткен шақ және неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деген үш салаға бөлуге болады» [6. 327 б.]. Анық (айғақты) өткен шақ сөйлеушінің болған, я болмаған іс-әрекетті өзі басы-қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушы әбден қанық боларлықтай, сенерліктей етіп хабарлайтын формаларды айтамыз. Танық (айғақсыз) өткен шақ деп сөйлеуші болған, болмаған амал-әрекетті өзі басы- қасында болмай, көрмей тек басқа айғаққа (біреудің айтуына) сүйеніп немесе кейін өзі көріп, оқып, естіп, білген мәліметіне сүйеніп айтқанындай етіп көрсететін формаларды айтады. Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ сөйлеушінің бұрын істелмекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсактты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Келер шақ мағыналар мен тұлғалық түрлеріне қарай, жалпы (анық) келер шақ, болжалды келер шақ, мақсатты (арнаулы) келер шақ деп үшке бөледі.
Осындай күрделі де қызықты етістіктің шақ категориясына шолу жасай келе, бұл мәселені біз тіл үйрету тұрғысынан қалай топтастырған жөн деген сұраққа жауап іздедік.
Қазақ тіліндегі шақ категориясының жүйесі өзге тілдер секілді негізгі үш топқа бөлініп қарастырылады, алайда жоғарыда аталған еңбектерде созылыңқы, шұбалыңқы процесті білдіретін, яғни нақ бір шаққа онша тәуелді емес формалар туралы айтылады. Бұл ауыспалы осы шақ көсемшенің -а/-е-й жұрнағы арқылы жасалған шақ формасы мен көсемшенің -ып/- іп/-п формалы етістігіне жатыр, жүр қалып етістіктерінің тіркесуі арқылы жаслаған етістіктің шақ формасын, шын мәнінде, қазақ тілін өзге тілді азаматтарға үйреткенде, оны осы шақ категориясына жатқызу нақтылықты талап етеді. Мына мысалдарды салыстырып көрелік:

  1. Мен қазір университетте оқимын / оқып жүрмін / оқып жатырмын. Күн күркірейді, найзағай жарқылдайды.

  1. Балалар футбол ойнап жүр. Бала ұйықтап жатыр. Мен кітап оқып отырмын.

Мұнда бірінші топтағы сөйлемдер мен екінші топтағы сөйлемдердің мағынасының айырмашылығы айтарлықтай көрініп тұрады. Бірінші жағдайда амал-әрекеттің ұзақ уақыт аралығын немесе үнемі болатын процесті көрсетсе, екінші жағдайда дәл осы шақтағы әрекетті білдіріп отыр. Бұл формалардың мағыналық реңін ғалымдардың дәл сипаттап бергені жоғарыда айтылды. Ендеше, тіл үйретудің алғашқы (А1) деңгейінен бастап тілдегі шақтардың осы ерекшелігін жеке атап көрсеткен жөн. Әрине, терминмен беруге де болады, бірақ тіл үйренушіллердің бәрі бірдей филолог маман бола бермейтіндіктен, форманың тілдегі жұмсалымдық атауын берген жөн деп санаймыз. Сонымен тіл үйреткенде етістіктің шақтарын шартты түрде үшеу емес, төрт шаққа топтастырамыз: өткен уақыттағы әрекет, дәл қазіргі әрекет, болашақ әрекет және үнемі (күнде) болатын әрекет. Бұл кестеде былай көрінеді.

Біздің тіл үйрету тәжірибемізде алғаш тұру, оқу, жұмыс істеу, демалу сияқты етістік- термен мағынасы тынбай жүріп жататын немесе дағдылы қалыпта болып тұратын амал- әрекеттерді білдіретін көсемшенің -а/-е/-й жұрнағы жалғанатын ауыспалы шақ формасын ұсынамыз. Бұл формамен тіл үйренуші қайда оқитынын, қайда тұратынын, егер жұмыс істесе, қайда жұмыс істейтінін немесе әдетте отбасымен, достарымен қайда демалатынын айтып үйренеді. Сөйлем құруға әдетте, күнде, үнемі, әрқашан, қазір сияқты көлемдік мағынаны беретін мезгіл үстеулер қоса беріледі. Сондай-ақ осы форма арқылы етістіктердің болымды, болымсыз мағынасын, сұраулық шылауды етістіктермен қолдана білуді, етістік- тердің жіктелу ерекшеліктеріне жаттығып, жалпы етістіктерді қолдана білуге машықтанады.


Келесі қадамдарда осы кестені оқу мақсатына сай өтетін тілдік материалдарға сай то- лықтыра береміз. Етістіктің шақ формаларын ұсынудың алгоритмі біздің тәжірибемізде тө- мендегідей болмақ.

  1. Дағдылы амал-әрекеттті қолдануды үйрену. Көсемшенің -а/-е/-й жұрнағымен жасал- ған етістіктің ауыспалы осы шағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет