Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


"Скаффолдинг" әдісін пайдалану



бет62/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   162

"Скаффолдинг" әдісін пайдалану:


  • Бастапқы оқу кезінде қатысатын, көптеген мысалдармен сипатталатын ойлау жүйесі;

  • Тек қажет болған жағдайда, бірінші түсінушілікті тексеру, ал өте қажет болса қосымша мысалдар мен түсіндірмелерді алға тарту;

  • Оқушының мықты жақтарына негізделу және әлсіз жақтарын ескеру
  • Ойлау тапсырмаларының құрылымдық қойылымы мен талқылауды қамта- масыз ету:


    • Көрнекіліктер ұсыну және сурет, графика, иерархия немесе кесте сынды нақты мысал- дарды ұйымдастыру;

    • Қиын мәселелерден шығып, бірнеше мысалдар арқылы ыңғайлы қадамдарға көшу және оқушылардың қосымша мысалдар ұсынуын қолдау;

    • Мәселе мысалдарын және шешімдерін талдау, мәселелер табиғатын толығырақ түсіну және шешімдері қарастырылған мәселелер туралы айту. Мұндай тәжірибе оқушылардың мұғалімнің қосымша көмегіне деген тәуелділігін төмендетеді;
  • Мәселелерді шешудегі тәжірибе үшін мүмкіншіліктерді қамтамасыз ету:


    • Мұғалімнің нұсқаулығымен жасалған тәжірибені өз бетінше жасалған тәжірибеден бұрын қамтамасыз ету, тәжірибедегі оң көрсеткіштерді таңдап тексеру және 30 секунд ішінде кез-келген жеке сұраққа қысқаша жауаптар ұсыну;

    -Сынып жұмысының логикалық жалғасы бола алатын қысқаша үй жұмыстарын жиі дайындау;
    -Мазмұндық аумақтағы байланыс тәжірибесі, шынайы өмір жағдайлары [2, 3 б].
    Жаңа мазмұнды білім беруде оқушыларды бағалау Блум таксономиясына негізделген ой- лау дағдыларының ретіне қарай жүзеге асады. Оқу мақсаттарынан бөлек ойлау дағды- ларының реті бойынша бағалау критериялары Оларға күшті және әлсіз тұстарын және олар- дың дескрипторлары беріледі. Мұнда негізгі мәселе -ойлау дағдыларының ретіне қарай сұрақтарды дұрыс қоя білу. Өйткені тиімді сұрақ қоя білу қабілеті - төмен ойлау ретінен жоғары ойлау ретіне өту баспалдағы іспеттес.
    Cұрақ-жауап әрекеті адамдар арасында қарым-қатынас құралы және байланыс орнатуда шешуші рөл атқарады. Біз сұрақ-жауап арқылы қажетті ақпарат аламыз, кері байланыс жасаймыз, алынған ақпаратты бағалаймыз, бақылап отырамыз, растаймыз не теріске шыға- рамыз және белгілі бір дүниеге қызығушылық танытамыз. Дегенмен бұл оңай қол жеткізетін дүние ме? Қажетті мәліметті оңай ала аламыз ба? Бұл неге тәуелді болуы мүмкін? Әрине, мұның бәрі дұрыс, тиімді сұрақ қоя отырып, жауап алу дағдыларымен тікелей байланысты.
    Сұрақты дұрыс қоя білетін адам қасындағыларды қызықтырып, ақпарат алатын жағдай тудырады, ақпарат берушінің сөйлеуіне ықпал ететін сұрақтар қояды. Сұрақтар арқылы адам белгісіз нәрселерді анықтайды және шешім табуға тырысады, ал, мұғалімдер дұрыс сұрақтар қою арқылы оқушының құзыреттілігін дамытуға үлес қосады. Алисон Кингтің айтуынша,
    «ойлануға қабілетті адам дұрыс сұрақтар қоя алады», сондықтан мұғалімдер оқушылардың сұрақтары арқылы олардың ойлау деңгейін анықтай алады [3, 532 б].
    Білім алу барысында оқушыларды сұрақ арқылы белсенді диалогке түсуге ынталанды- рып, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, іздену арқылы кез келген мәселені шешу жолдарын табуға үйрету қажет. Ендеше тиімді, жақсы сұрақ қоя білу дағдыларын қалып- тастыру бүгінгі мектеп үшін өзекті мәселенің бірі болып табылады.
    Оқу барысында сұрақ-жауап әрекеті арқылы оқушыларды белсенді диалогқа, қарым- қатынас дағдыларын дамытуға және кез-келген мәселенің шешуін іздеуді ынталандыру
    маңызды. Сондықтан да, қазіргі мектептердің ең маңызды мәселесі – оқушылардың дұрыс сұрақ қоя білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
    Оқу үрдісінде оқушылардың сұрақ қою қабілеттерін анықтауға байланысты зерттеу жүр- гізілген. Зерттеу нәтижесі бойынша мұғалімдер тарапынан қойылатын сұрақтардың кейбірі ғана оқушыларды ойлау мен сөйлеуге ынталандыратын «жоғары тәртіпті» сұрақ ретінде ұсы- нылған. «Психологиядағы сыни көзқарас» кітабында Хэлперн Тед Рагқа мыңдаған мұға- лімнің сұрақтарын жіктеуді ұсынды:

      • 57% сұрақтар басқарушылық сұрақтарды қамтыған (мысалы: Who goes to the kindergarden? - Kім балабақшаға барады?);

      • 35% сұрақтар Блум таксономиясының білім мен түсіну деңгейлерін қамтыған (мысалы: What is the capital of Kazakhstan? - Қазақстанның астанасы қай қала?);

      • 8% сұрақтар оқушыларды сөйлеу мен ойлауға ынталандыратын сұрақтар (мысалы: Can an elephant be domestic animal? - Піл үй жануары бола алады ма?)[4, 149 б].

    Сонда сұрақты адамдар не мақсатта қолданады немесе білім беру процесінде оның пайдасы қандай, сұрақты дұрыс қоя білу деген не деген сұрақтар туындайды.
    Сұрақ – бұл жаңа ақпарат алудың, жаңа нәрсені танып білудің құралы деп айта аламыз, себебі сұрақ адамдар арасында диалог құруға жәрдем береді. Сұрақ болмаса әңгіме тек монолог түрінде өрбиді және ұзаққа созылмауы мүмкін не қызықсыз өтеді. Диалогта сұрақ- жауап әрекеті арқылы кез-келген мәселе талқыланып, соңында алынған ақпараттар арқылы мәселенің шешімі шығарылады.
    Оқыту процесінде қолданылатын сұрақтар легін үлкен екі топқа жіктейміз: оқушылардың білім деңгейін анықтауға арналған демонстрациялық сұрақтар және ойлау дағдысын анық- тайтын түсініктемелік сұрақтар.
    Бірінші сұрақтар тобы, яғни демонстрациялық сұрақтар Блум таксономиясы бойынша білім және түсіну деңгейін анықтауға бағытталған. Мұнда алдын ала сыныпта айтылған, мең- герілген тақырыптар бойынша оқушылар өз білімін көрсету мақсатында сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтар тобына жабық сұрақтарды жатқызуға болады. Жабық сұрақтар қысқа жауапты талап ететін кім, не, қашан, неше деген сұрақтарды және ия немесе жоқ деп жауап беретін сұрақтар болып саналады. Ағылшын тілінде Yes\No questions дейміз: «Do you live in Astana? - Сен Астанада тұрасың ба?», «How many hours are there in a day? - Бір тәулікте неше сағат бар?»
    Екінші сұрақтар тобы, түсініктемелік сұрақтар оқушылардың ойлау дағдыларын айқын- дайды. Бұл сұрақтар оқушылардан жауап беру кезінде өздерінің жеке ой-пікірлері мен көзқа- растарын көрсетіп, түсініктемелер беруін талап етеді. Яғни, бұл топқа ашық сұрақтарды жат- қызамыз. Ашық сұрақтар дегеніміз берілетін нақты жауабы жоқ, жауаптар саны шексіз, оқушылардан ойланып, көзқарастарын көрсете отырып жасап беруді талап ететін сұрақтар тобы. Неге? Қалай? Не үшін? Сенің ойыңша...? Сен ..... туралы не ойлайсың?, Сен. орнында
    болсаң не істер едің? Неліктен бұлай болды деп ойлайсың? – сияқты сұрақтар түсініктемелік сұрақтар болып саналады. Ағылшын тілінде Wh немесе How сұрақтары делінеді. Мысалы, « What do you think about the hero’s character? - Сіздің пікіріңізше, ол кейіпкердің мінезі қандай? « Why did he do this? – Ол неге бұл әрекетке барды деп ойлайсыз?».
    Ашық сұрақтардың жабық сұрақтан негізгі айырмашылығы оқушының жауабының түрлі, шексіз болуымен сипатталады. Сонымен бірге, ашық сұраққа жауап бергенде оқушылар жауабы мұғалімге алдын-ала белгісіз болады. Ашық сұрақтар Блум таксономиясының қолда- ну, талдау, синтездеу, бағалау деңгейлеріне сәйкес келеді. Сондықтан бұл сұрақтың түрі оқу- шылардың болжам жасау, дәлелдеу мен талдау, жинақтау сияқты жоғары ойлау дағдыларын дамыту үшін өте тиімді болады [5, 74 б].
    Қорыта келе, болашақта шеберлік пен сенімділікті талап ететін пайдалы ашық сұрақтар, түрткі болу, сынақтан өткізу сұрақтарына және оқушылардың жоғары дәрежедегі сұрақтарды қоюды меңгеруіне жете мән беру керек екені анықталды. Американың атақты ойшылы Генри Фордтың: «Сұрақтары бар адамда ғана білім болады» деп айтқанындай сұрақты көп қоятын
    оқушыларға үнемі қолдау көрсету керек және сұрақтар қоюға ынталандыру керек. Себебі, мұндай оқушылар жаңа ақпарат алғысы келетін, білімін жетілдіргісі келетін оқушылар. Сұрақ қою техникасын жақсы меңгерген оқушы келешекте кез келген жағдайда тиімді сұрақ қоя біледі, ойлау дағдысы қалыптасады яғни, сұрақ қою арқылы кез-келген мәселенің шешуін тез таба алады, адамдармен, қоршаған ортамен тез тіл табыса алатын болады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   162




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет