Пайдаланылған әдебиеттер:
https://egemen.kz/article/320947-ozge-tildi-synyptarda-qazaq-tili-qalay-oqytylady
Әбілқаев Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 1995.
Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы, 19
Қордабаев Т.Р. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Қарағанды университеті, 1992.
ОТАНДЫҚ ТАРИХТЫ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ
Амирканов М.Б.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Болысбеков Н.Н.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Бейінді мектеп директорының орынбасары,
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Отандық тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштар- дың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қай- шылықтарын жою барысында іске асады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешінді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Қазіргі оқытушы қоғамдағы тез өзгеріп тұратын педагогикалық ғылыми өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби түрде тыңдаушы- лармен тез ортақ тіл таба алатын, педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын болу керек. Бүгінгі таңдағы оқытушылардан талап етіліп отырған үрдіс - озық тех- нологиялар негізінде инновациялық іс-әрекет атқару.
Қазіргі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологиялары көптеп қолданылуда. Жас ұрпаққа келешек ел тізгіні мен халық үмітінің мемлекет дамуының тізгінін ұстап көш- басшыларға білім беру барысында ұдайы бір ғана технологиямен дәріс жүргізу, сол арқылы оларды білім нәрімен сусындату мүмкін емес. Өйткені бұл жаңа заманның жаңашыл ұрпақ- тарын тәрбиелеу мен оларға білім берудегі қоғамның ең басты міндеті болып саналады. Сондай-ақ, бұл мәселе оқытушының әрқашан да үздіксіз еңбек етуі мен ізденуін талап етеді.
Қазіргі кезде білім беру саласында ұжымдық оқыту, дамыта оқыту, саралап оқыту, же- келей оқыту, топтық, қатысымдық, интерактивті әдіс, жеделдете, жобалап, сатылай кешенді таңдау, технологияның түрлері кеңінен таралуда.
Қазіргі уақыт интернет желісінің жетілген заманы. Қоғамды ақпараттандырудың басым бағытталған салаларының бірі – білім беру саласы. Ақпараттық коммуникациялық техно- логиялар ортасын пайдалануға негізделген білім беруді ақпараттандыру оқыту үдерісінің
қарқынын арттыруға, дамыта оқыту идеясын іске асыруға, оқыту үдерісін ұйымдастыру әдістері мен формаларын жетілдіруге бағытталған.
Жаңа ақпараттық технологияны оқу үдерісінде жан-жақты пайдалану бірінші кезекте оқытушыларға өз біліктілігін көтеруде және даярлауда ақпараттық әлемде оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез-келген уақытта таба білуіне мүмкіндік береді, өздігінен білім алуға мүмкіндік алады.
Отандық тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбы- лыстарын таңдауға, теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Әдістер әртүрлі болуы мүмкін. Олардың мәні қалай оқыту керек деген сұраққа жауап беріп, оқытушы мен тыңдаушының бойында екі жақтық әрекетін айқындайды. Жақсы жолға қойылған оқытудың әдістемесі тыңдаушылардың бойында тарихи білім мен танымдық дағ- дыларды қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді.
Әдіс-тәсілдер мен оқытудың түрлері, сабақ типтері, сабақ үстінде оқытушы әрекеті мен білім алушының оқу құралдары тығыз байланысты.
Білім алушылардың танымдық мүмкіндіктері оның тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. Тарихи танымға ұмтылуға күш жұмсау тұлғаның ойлауын, қиялын, ерік-жігерін және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды.
Оқыту нәтижелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол бі- лім алушының қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоция- лық және ерік-жігерінің деңгейін танытады. Білімін дәлелдеу және негіздеу, ең бастысы бөліп алу, себеп-салдарлы байланыстарды анықтап, қажетті білімді қолдана алудан көрі- неді.
Білім беру жүйесін компьютерлендіру – оқытудың, тәрбиелеудің психологиялық-педа- гогикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған әдістемесін білім беру саласында ақпарат- тық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз ету, ғылыми-педаго- гикалық ақпараттық-автоматтандырылған қорлары мәліметтерін пайдалану негізінде білім беру жүйесін басқару, білім алушының білім деңгейін бақылауға арналған компьютерлік болжау, тестілеудің әдістемесін құру және пайдалану үдерісі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы сабақ ол – оқытушының сұрағына тез арада білім алушы- ның жауап беруімен, интернет желісі арқылы барлық қажетті ақпараттармен таныстырумен ерекшеленеді.
Тарих пәнінің оқытушылары проектормен тарихи мағлұматтарды беру арқылы компью- терлік технологияларды пайдаланады. Бағдарлама бойынша өтілетін тақырыптарды білім алушылар тек ауызша ғана емес, сонымен қатар, интерактивті тақта арқылы көрсетілген аудио-бейне материалдар, карталар, кестелер арқылы танысуы білім алушыға анағұрлым түсінікті және тиімді келеді. Ал бұл атауларды тақтаға үнемі жазып отыру оқытушы мен білім алушының айтарлықтай уақытын алады. Сол себепті осы мәселеде де компьютерлік технологияларды үздіксіз пайдалану көп көмегін тигізеді. Бұл оқыту әдісінде оқытушының сабақ уақытын тиімді пайдалануына да ыңғайлы.
Проектормен ҰБТ материалдарын тест жұмыстары арқылы қайталау, нұсқаларға бөлу, жаңа сұрақтарын жаттау, қатемен жұмыс жасау да қолға алынған әдіс болып табылады.
Білім беруді ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар орталарының мүмкіндіктерін іске асыру негізінде дамитын оқытушы мен білім алушы әрекетінің бірігу тенденцияларын қуаттайды.
Оқытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше. Иллюстрация, схема, картиналарды көрсету.
Материалды қолданумен толықтырылғаны жөн.
Тарих пәні оқытушысы тыңдаушыларға тарихи білім беруде ұйымдастыратын педа- гогикалық шаралары мен қолданатын әдістемелік тәсілдерінде терминдермен жұмыс жа- сауға баса мән беруі тиіс. Әр сабақ үстінде термин сөздерді жиі сұрауға алып еске түсі- реді.
Ойын арқылы оқытуды көптеген зерттеушілер болашақтың дидактикалық жүйесі деп атайды. Ойын сабақтары арқылы тыңдаушы білгенін дамытып, ой өрісін жетілдіреді. Бұл алдыңғы технологияларды пайдалану оқушының терең білім алуына үлкен септігін тигізеді.
Тарих пәнінен білім алушының алған білімін, қалыптасқан біліктерін одан әрі дамыта түсу, талап-тілектерін қанағаттандыру, таным белсенділігін арттыру үшін тарихты оқытудың басқа да түрлері де жүргізіледі. Олар: кеңес сабақ, экскурсия, лекция, семинар, конференция, тағы басқа түрлері. Белгілі бір тарихи кезеңдерге байланысты рөльдік ойындар орындау- шылық қабілетке жетелейді, сонымен бірге, білімін ұштастырады.
Оқытушылар терең ғылыми, жүйелі, эмоциялы, бейнелі етіп сабақ өткізеді. Оқу үдерісін- де білім алушылардың өзара қатынас белсенділігін арттыру үшін интерактивті әдісті жиі қолданады. Мұндай сабақ барысында олармен арада өзара әрекеттесу жоғары деңгейде өтеді. Көп жағдайда ол пікірталас түрінде өтеді. Бұл жерде міндетті түрде белгіленген мәселені шешу емес, соны шешу үрдісін өткізудің өзі маңызды болып табылады. Әдіс-тәсілдерді түр- лендіріп отыру арқылы оқу сапасы нәтижелі болмақ. Оқу материалдарын пайдалана білу-
лерін айқындай келе, барлық өтілген тақырыптарды жүйелеп, біріктіре білудің орны бөлек.
Дәріс басындағы сұрақ білім алушыларға жаңа материалды игертуге дайындап, алдынғы сабақ тақырыбындағы тестік сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Білімді тестік сұрақтар бойынша тексерудің артықшылығы: аз уақытта көп білім алушының білімі тексеріледі, бүкіл курс бойынша олардың білім деңгейін шамалауға болады, барлығы бағаланады, тестік сұрақтарға жауап беруге жаттығады. Сондай-ақ, білім алушылар өзіндік жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырып, терең білім алуға мүмкіндік туады. Білім алушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруде өздерінің білімдерін пысықтап отырады.
Осылайша, оқу үдерісіндегі озық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін оқыту, тәр- биелеу-бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып, ұдайы үздіксіз даму барысында ғана қалыптасады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы білім алушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарай- тын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.
Оқу үдерісінде білім алушылардың іс-әрекеттерін тиімді қалыптастыру мүмкіндігімен қамтамасыз ете алатын оқыту жаңа оқу технологиясын таңдай білу – олар үшін аса маңызды. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа оқыту техногияларды ендірудің алғашқы шарты: білім алушы- лардың инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қа- лыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту оқытушылардың басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару білім алушының қажымас ізденім- паздығы мен шығармашылығының жемісінен келмек. Сондықтан да әрбір жеткіншектің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбие- леуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық жаңа оқу технологиясыны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.
Инновациялық әдістер тарих пәнінің мазмұнын тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Ең бастысы, білім алушыны келешек өмірге дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін өмірде қолдауға жағдай жасайды. Осылайша, ақпараттық технологияны оқу үдерісінде пайдаланып, тарих пәнінің оқытушылары барлық әдіс-тәсілдер мен озық технологияларды пайдалану арқылы білім алушыларға тиімді етіп білім береді деуімізге негіз бар.
Достарыңызбен бөлісу: |