Әдебиеттер
Колмогоров А.Н. Математика – ғылым және кәсіп. — М.: Наука, 2008 ж. - 280 с.
Фарков А.В. Математикадан сыныптан тыс жұмыс. - М., 2007, 243 б.
Крутецкий В.А. Психология Математика
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Абдраманова Г.Б.
И.Трубицын атындағы№17 мектеп Мерке ауданы,Жамбыл облысы
Әлемдік білім кеңістігіне енуде өмірге бейім, өзгеріске икемді, өзіндік ой-пікірін әрқа- шанда жеткізе алар, сыни тұрғыдан ойлайтын тұлға қалыптастыру заман талабы болып отырғаны анық. Осындай білім алушыны даярлауда олардың функционалдық сауатты- лығын арттыру ең маңызды мәселе болып орын алады. Қазақ тілі сабақтарында оқу сауат- тылығын дамыту жұмыстары әр сабақ сайын қарастырылуы зор нәтиже береді. Білім алу- шылар күнделікті шығармашылықпен айналысып, өзіндік пайымдауға дағдыланады. Қазақ тілі сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыс- тарының мақсаты: оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.
Міндеттері:
мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту, шығармашылық тұр- ғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;
тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;
ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлау. Қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып жүйелі түрде қолдану - заман талабы. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттеріне зерттеушілік, ізденушілік әрекеттерін де меңгерту керек. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен таңдайды. Әр ұстаз өзінің білім алушыларының талантты да талапты, дарынды да даралы болғанын армандайды. Осыған жетуге тырысып, оны шешу жолдарын іздейді. Мен де өз білім алу- шыларыма нәтижеге жету жолдарын көрсетуге тырысамын. Білім алушылардың шығарма- шылық және танымдық ерекшеліктерін анықтау мақсатында оның ерекше қабілеттерін айқындау жолдарын анықтауды қарастырдым. Білім алушылардың қабілеттері арнайы тапсырмалар нәтижесі бойынша және сыныптағы білім алушылардың қабілеттеріне байла-
нысты анықтап:
шығармашылық қабілеті;
танымдық, зерттеушілік қабілеті;
табиғи дарыны;
-мәнерлеп оқу қабілеті;
-ақындық шеберлік қасиеттері бойынша жеке тұлғаны дамыту жұмыстарына көңіл бөл- дім.
Бұдан соң білім алушылардың бойындағы ерекшеліктерді дамыту барысында әрқайсысы- ның өз қабілетіне сай тапсырмалармен жұмыстар жүргіздім. Жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар:
жалпы қабылданған бағдарламамен шектелмеу,
білім алушы қызығушылығының спецификасын ескеру,
білім алушылардың оқыған тақырыбына тереңірек үңілуіне тосқауыл қоймау,
оңайдан қиынға көшу әдісін пайдаланып,білмегенін меңгерту,
жіберген кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік беру,
өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Осы талаптарды орындаған жағдайда, білімді, талапты, ойын жүзеге асыра алатын, шығармашылық қабілеті дамыған білім алушы қалыптасады.
Өз тәжірибемде білім алушының коммуникативті құзіреттілігін арттыру арқылы функ- ционалдық сауаттылығын дамытуда баланың шығармашылығын дамытуға кеңірек тоқ- талғым келеді. Әйгілі психолог Дейл Карнеги бүгінгі таңда білімнің 15% пайызын, ком- муникацияның 85 % пайызын қолданған адам үлкен жетістікке жетеді деген ұғымды ұсы- нады. Білім алушыға тапсырма берерде тілдік білімді танымдық тақырыптармен сабақтас- тырып беру, білім алушының сөздік қорын қалыптастыруға қажетті практикалық сипаттағы жұмыстарды орындатуда білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау қабілеттеріне сай келуі қарастырылуы тиісті.
Сабақта әрбір өтілген мәтінді өмірмен байланыстырып отыру арқылы бүкіл табиғаттың, қоршаған ортаның сырын, өз туған өлкеңмен байланыстырып өту баланың қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді. Білім алушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын,білім алушы мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және білім алушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.
Қазақ тілі сабақтарында әр білім алушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүйелі жүргізу – жеке тұлғаның функционалдық сауатты- лығын арттырудың негізгі шарты болып табылады. Тіл сабақтарында мәтіндер бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін беру мұғалімнен зор дайын- дықты қажет етеді. Сұрақтар жүйесі білім алушылардың белсенді ойлауын, білім мен білік дағдысын қолдана білуді қамтамасыз ететіндей етіп құрылуы керек. Мысалы: «Мәтіннің басты ойы неде? Мәтінде не жазылғаны туралы айтуға болады?(оның мазмұны туралы). Шығарма қалай жазылғаны туралы айтуға болады? (оның стилі туралы).» сұрақтары бері- леді. Сұрақтарға жауап беру арқылы білім алушылар рефлексия жасай отырып, мәтін маз- мұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданып, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуына бағыттайды. Келесі сұрақтар «Не мақсатпен көрсетілген? Қа- лай қолданасың?» - деп берілсе, білім алушылар мәтін мен сұрақты қолдана отырып, логи- калық байланыс жасауға дағдыланады. Немесе, «Шығарманың қай бөліктері бір-біріне қарама қайшы? Неліктен?» сұрақтары арқылы байқағыштыққа, мәтіннің әр сөзін дұрыс қолдана білуге, тұжырымдауға үйренеді. Сондай-ақ, оқу материалдарының форматы аспек- тісін түсінуге бағытталған шығармашылық тапсырмалар ұйымдастыру сауаттылықты арт- тыруға бағытталады. Қазақ тілі сабақтарында Тыңдалым мен Оқылым бөлімдерінде «Екі жақты түсініктеме күнделігі», «Стиктердегі сұрақтар», «Тұжырым кестесі», «Пікірлер парағы», «Үндестік парағы», «Эйлер шеңберін құрау», «Балық қаңқасы», «FILA кестесін толтыру», «ПОПС формуласы» тәрізді тапсырмалар білім алушыларды өзіндік жеке қасиет- терінің дамуын қамтамасыз етеді.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу дең- гейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын
қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыс- тыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көздел- генде ғана білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады.Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдай- лармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек.
Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана ала- тындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ білім алушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады. Олар- дың шығармашылық , ізденушілік қабілеттерін дамытады.
«Шығармашылық» деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолын- дағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық – адамның танымдық қызметі мен өзіндік әрекетінің жоғары формасы.
Сабақта видео көрсетіп,аудио-мәтін тыңдатып білім алушыларға өздерінің ойларын ор- таға салдыртуға болады. Интерпретация ретінде мәтінмен, оның сюжеттік-композициялық құрылымын талдау арқылы, яғни «оқиға картасы» әдісін қолданып, оқиғаға жаңаша көзқарас тудыруға болады. Автор көзқарасын өз көзқарасымен салыстыру арқылы рефлексия жаса- тып, кері байланысты ұйымдастыру маңызды. Қазақ тілі сабақтарында білім алушылардың шығармашылығын дамытуда бар шеберлігімді пайдаланып, комуникативті құзіреттілік арқылы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін ашуға тырысып келемін. Осыдан білім алушылардың қазақ тілінде сөйлеу білік-дағдыларының жетілуін, сапа көрсеткіштері мен шығармашылыққа құлшыныстарының артқанын байқадым. Қазақстанның болашағы ал- дымызда отырған мектеп оқушылары. Сондықтан осы білім алушыларға жан-жақты білім беру, өз пікірін айтып, дәлелдей алатын, білімді, білікті тұлға тәрбиелеу ұстаздарға жүктеліп отыр. Сондықтан ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса» деген қанатты сөзінің мазмұны бүгінде артып отыр.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы таным көкжиегі кең, сөйлеу мәдениеті жоғары, өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білетін, көпші- лікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделген тұлға тәрбиелейміз. Осы мақ- саттағы жұмыстар білім алушылардың ойын, тіл шеберлігін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыратын, тіл шеберлігінің ұшталуын, тіл ұстартуды көздейді. Себебі, астарлы ойды түсіну қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген, сөз сазына зер салатын, өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін, жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленіп шығуына жол ашу әр мұғалімнің міндеті деп түсінемін.
Достарыңызбен бөлісу: |