Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


Оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті



бет72/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162

Оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті


«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:

  1. шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;

  2. білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;

  3. туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәр- биелеу;

  4. оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

  5. оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

  6. оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.



Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды:





Кесте 1.
Оқыту пәнінің (оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнде- рінің) мазмұнын құрайтын негізгі бөлімдер туралы.
Тыңдалымның 4-бөлімшесі «Көркем шығармаларды тыңдау» дағдысы, Тыңдалымның 6- бөлімшесі «Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру» дағдысы НЕГЕ БАҒАЛАУ ДЕҢГЕЙІНЕ ЖАТАТЫНЫНА және Айылым бөлімінің 6-бөлімшесі неге БАҒАЛАУ дең- гейіне жатады? Етістіктеріне және сынып жоғарылаған сайын қалай кеңейетініне мән берейік:
Оқылымға арналған сабақ құрылымы:
Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, сөз- дерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.
Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұ- рақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі тапсырмалар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай құрылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет