Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


«Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасының мазмұны мен құрылымы оқу мақсаттары- на негізделіп құрылған



бет74/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   162

«Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасының мазмұны мен құрылымы оқу мақсаттары- на негізделіп құрылған


Пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және ин- терпретация, бағалау және салыстыру, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлім- дерден, бөлімшелерден тұрады:



Кесте 2. Пәндік білімнің мазмұны бөлімдері туралы



  1. бөлім. Түсіну және жауап беру.

  2. бөлім. Анализ және интерпретация.

  3. бөлім. Бағалау және салыстыру.

«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:


  • көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;

  • әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;

  • көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау ;

  • шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

«Анализ және интерпретация» бөлімі


бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

  • әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау;

  • шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;

  • көркем шығарманың тіліне, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау;

  • көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

«Бағалау және салыстыру» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

  • шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;

  • әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

  • шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;

  • әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.

Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрылымдауды зерделеп көрейік! Сабақ дегеніміз не? Тиімді сабақты жоспарлау неден басталады?


  • оқу бағдарламасындағы, бөлімдегі сабақтар топтамасындағы жоспарланатын сабақ- тың орнын белгілейді;

  • оқу мақсаттарына байланыста сабақтың тақырыбын, мақсаттарын анықтайды;

  • тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді зерделейді;

  • өткен және келесі сабақтарға шолу жасап, осы тақырыппен байланысын ескеру ар- қылы бүгінгі сабаққа қатысты ойларды толықтырып жинақтайды.

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

  • Сабақтың басты міндеті-оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды

  • Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастыры- лады

  • Оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды.Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы мен ҰМЖ-дан алынып, тура сол қалпында ҚМЖ- да көрсетіледі. Оқушылардың барлығы да оқу мақсатына жетуі керек.

  • Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен көрсетіледі: 7.1.2.1



Кесте 3. Сабақты жоспарлау процесі туралы үлгі.



  • Оқу бағдарламасында ұсынылған, ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген оқу мақсаттары негізінде жасалады.

  • Көлемді оқу мақсаттарын бірнеше сабақ мақсаттарына жіктеуге болады.

  • Сабақта 1-2 оқу мақсаттан артық алмағаны дұрыс. Себебі барлық мақсатка бірдей қол жеткізу оқушылар үшін қиын болады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет