Аширова Анар, Берікқызы Нұрсәуле
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ф. ғ. кандидаты Алматы қ., Қазақстан,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты 1 курс, Алматы қ., Қазақстан,
Аннотация: Жоғары оқу орындарының, ең алдымен университеттердің еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлаудағы қызметі тиімді болуы үшін осы оқу орындарының өздері кадрлар даярлаудағы мәселелерді шешуде инновациялық бағытта болуы қажет. Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру, тәжірибе- леріне талдау жасау және сараптау, академиялық ұтқырлық шеңберінде қазақстандық, ресейлік және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың даму мүмкіндіктері мен проблемаларын талқылау инновация- лылық бастаулардың негізгі факторы болып табылады.
Жоғары білім беруді интеграциялау әлемдік нарықта экономикалық бәсекеге қабілеттілікті нығайтудың құралы болып табылады, кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, педагогикалық құрамның да, білім алушылардың да ұтқырлығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін мемлекетаралық тетік- терді әзірлеуді және құруды талап етеді. Мәселенің мұндай тұжырымы әртүрлі мемлекеттердің әрекеттерін үйлестіруді және оларды әртүрлі мемлекетаралық конвенциялар мен келісімдер жасасу арқылы әртүрлі одақ- тарға біріктіруді талап етеді.
Кілт сөздер: академиялық ұтқырлық, білім беру, бағдарлама, даму, инновация.
Жаңа технологиялардың дамуы және «жаңа ақпарат құралдарының революциясы» (new media revolution) қарым-қатынастың мәтіндік, жазбаша формаларының басымдығы түбегейлі өзгерістерге алып келеді. Осы мәселеге арналған көптеген халықаралық пәнаралық зерттеу- лердің нәтижесінде жаңа мыңжылдықта сауаттылықтың жаңа тұжырымдамасы пайда болды. Ол әртүрлі мәтіндік және сандық ақпаратты өңдеу мен сыни ойлауға және соның арқасында кәсіби қоғамдастық пен жалпы қоғам үшін қызметтік, практикалық мәні бар жаңа білім құруға мүмкіндік беретін аналитикалық біліктер кешенін қамтиды. Бұл тұжырымдаудың маңызды салдары «сандық сауаттылық» (digital literacy) ұғымы және оның «академиялық сауаттылық» (academic literacy) ұғымына иерархиялы бағыныштылығы болды. Жаңа ұрпақта сандық сауаттылықтың дамуы өмір сүру барысында қалыптасатынын анық көрінді, ал академиялық сауаттылықты игеру тек білім беру жүйесінде ғана мүмкін екендігі анықталды. Сондай-ақ, жастардың академиялық сауаттылықты игермей сандық ресурсты біліті қолдануы олардың ХХІ ғасыр қоғамындағы сәтті әлеуметтенуге қабілетсіз болатыны да анық көрінді. Осылайша, академиялық сауаттылық білім беруді дамытудың жаңа бағытын анықтй бастады және дамыған елдердің білім беру жүйесі реформасының негізіне қаланды. Бұл пікір- таластан қазақстандық білім беру де тыс қалған жоқ.
Әлемдік дамудың қазіргі кезеңі және дағдарыс ретінде сипатталатын экономика жағдайы жоғары оқу орындары шығаратын мамандардың сапасына ерекше талап қояды. Қазіргі әлемдегі білім беру жағдайы күрделі және қайшылықты. Бір жағынан, ХХ ғасырда білім беру адам қызметінің маңызды салаларының біріне айналды: осы саладағы үлкен жетістіктер орасан зор әлеуметтік және ғылыми-технологиялық өзгерістердің негізін қалады және оның мәні ХХІ ғасырда арта түседі. Екінші жағынан, білім беру саласының кеңеюі және оның мәртебесінің өзгеруі білім беру дағдарысын көрсететін осы саладағы проблемалардың шие- ленісуімен бірге жүреді. Сонымен, соңғы онжылдықтарда білім беру дағдарысын жеңудің жолдарын іздеу процесінде осы салада түбегейлі өзгерістер орын алып, жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда [1].
Екі онжылдық бойы Қазақстанда ақпараттық технологиялардың рөлі мен білім беру туралы тұрақталған дәстүрлі көзқарастарды қайта ойластыру бойынша жұмыс қарқынды жүргізілді. PISA сияқты көлемді халықаралық зерттеу жобасы білім беру жүйесінің құры- лымын өзгертуге, оны жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынас шегіне қосуға икемдеді. Қазір көптеген зерттеулер, конференциялар мен жобалар білім беру сапасына, қазақстандық білім беру бағдарламаларының халықаралық талаптарға сәйкес келу мәселесі мен жаңа стан- дарттарды еңгізуге арналуда. Дегенмен, Батыста білім беру реформасының негізінде жатқан сауаттылық сұрақтары бойынша пікір-таластар осы уақытқа дейін қазақстандық мамандар- дың назарынан тыс қалып қойған, сонымен қатар академиялық сауаттылық туралы көзқарас мүлдем дамымаған. Дәстүрлі қазақстандық білім беру жүйесі көптеген онжылдықтардан бұгінге дейін ақпаратты түсінуге емес есте сақтауға, оқулық пен оқытушының сөзін қайта- лауға, жауапты өз бетінше іздеуге емес, дайын ақпаратты пайдалануға, эссеге емес ауызша емтиханға негізделген [2, 2017: 80].
Қазіргі замандағы әлемдегі іргелі өзгерістер, жоғары білім беру жүйесіне белсенді ықпал ететін интеграциялық процестерді қалыптастыру болып отыр. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі білім беру стандарттарын үйлестіруде көрініс тапқан қазақстандық жоғары білімнің міндет- терінің бірі оның жаңару міндеті болып табылады, ол білімнің қолжетімділігі, сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Профессор-оқытушылар құрамы, магистранттардың және студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту осы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда тиімді академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін практи- калық қадамдар жасалуда. Шет елдердің тәжірибесін басшылыққа ала отырып, қазақстандық білім беру ерекшеліктерін ескере отырып, көптеген жоғары оқу орындары заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлаудың түпкі мақсаты ретінде халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын әзірлейді.
Жоғары білім беруді интеграциялау әлемдік нарықта экономикалық бәсекеге қабілет- тілікті нығайтудың құралы болып табылады, кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, педагогикалық құрамның да, білім алушылардың да ұтқырлығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін мемлекетаралық тетіктерді әзірлеуді және құруды талап етеді. Мәселенің мұндай тұжырымы әртүрлі мемлекеттердің әрекеттерін үйлестіруді және оларды әртүрлі мемлекетаралық конвенциялар мен келісімдер жасасу арқылы әртүрлі одақтарға біріктіруді талап етеді, олардың бірі Болон конвенциясы болып табылады.
Академиялық ұтқырлық Болон процесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, яғни білім беру және ғылыми бағдарламалар мен процестердің алуан түрлілігіне ие және жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың салғастырымдылығы, өзара танылуы және тиімді өзара іс-қимылы, сондай-ақ білім беру траекторияларын дараландыру есебінен олардың оң- тайлы өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігіне ие бірыңғай еуропалық білім беру және ғылыми кеңістік-бірыңғай "білім Еуропасын" қалыптастыру процесі болып табылады.
Академиялық ұтқырлықты дамыту халықаралық деңгейде білім беру бағдарламаларын синхрондау және қазақстандық білім беру сертификаттарын, академиялық дәрежелері мен дәрежелерін нострификациялаудың (эквиваленттің) нормативтік негізделген процесін енгізу сияқты мәселелерді шешуге болмайды. Қазіргі заманғы әлемдік білім беру кеңістігінде
біліктілікті және білім беру құжаттарын тану академиялық ұтқырлықты дамытудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Бұл фактор студенттердің жетістіктерін бағалаудың тиісті жүйесін құру қажеттілігін, және де қазақстандық жоғарғы оқу орындарындағы факуль- теттердің академиялық атақтары мен дәрежелерінің халықаралық стандартқа сай эквива- ленттігін тану қажеттілігін өзекті мәселелерге айналып отыр [3, 2013:240].
Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы Болон деклара- циясының негізгі қағидаларының бірі және заманауи білім беру мекемесінің маңызды іс- әрекеттерінің бірі болып табылады. Ол жоғары білім сапасын жақсартуға, ғылыми зерттеу- лердің тиімділігін арттыруға, сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға, әлемдік білім беру ресурстарын пайдалануға бағытталған.
Академиялық ұтқырлықтың маңыздылығы Болон құжаттарында көп кездеседі. Болон декларациясы осы саладағы келесі міндеттерді тұжырымдайды: «Кедергілерді еңсеру жо- лында қозғалуды ынталандыру кезінде, қозғалыс еркіндігін тиімді пайдалану арқылы, ерекше назар аудару қажет [4]:
студенттер - оқу орындарына және тиісті қызмет-көрсету салаларына қол жетімділігі;
мұғалімдер, зерттеушілер мен әкімшілік қызметкерлер - Еуропа елдерінде өткізілген мәртебесі мен заңды құқықтарына нұқсан келтірмеу арқылы зерттеу, оқыту және қайта даярлау мақсатында қолдану;
Ұтқырлықтың негізгі мақсаты - студентке таңдаулы білім саласына әмбебап «еуропалық» білім алуға мүмкіндік беру, ол дәстүрлі түрде қалыптасқан жетекші ғылыми мектептердің та- нымдық білім беру орталықтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету, еуропалық мәдениеттің барлық салаларында студенттердің білімін кеңейту және оған еуропалық азаматтың сезімін тәрбиелеу.
Академиялық ұтқырлық дәстүрлі шетелдік тәжірибеден ерекшеленеді. Болон декларация- сының ұстанымдарына сәйкес, әр студент шетелдік университеттерде семестрді толықтай аяқтаған жөн. Қазақстанның көптеген ЖОО-дарында, жоғары сапалы жоғары білім алуға тілек білдірген студенттер саны жылдан жылға артып келеді. Шетелде 20 мыңнан астам қазақстандық білім алады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 3000 жуық ғалымы, әлемнің 27 елінде оқиды. Бұл қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің академиялық және мәдени интернационали- зациясын нығайтуға, білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулердің сапасын артты- руға ықпал етеді. Академиялық ұтқырлық жеке тұлғаның дамуы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін туғызумен қатар, бұл әртүрлілікті сақтауға және басқа да мәдениеттермен жұмыс істеу қабілетімен байланысты. Ол жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырады. ПОҚ пен студенттердің академиялық ұтқырлығы олардың жеке және кәсіби дамуына айтарлықтай әсер етеді [5, 2006].
Дүниежүзілік оқу орындарында академиялық мақсатта жазуға ағылшын тілінде оқыту (Writing for Academic Purposes) мәселесіне зерттеушілердің қызығушылығы шетелдік ғылы- ми басылымдардағы жарияланымдардың арқасында халықаралық танымалдылық алған ғалымдардың қарым-қатынас тілі ағылшын тілі болуына байланысты. Жарияланымдық белсенділік ғалым дәрежесі үшін де, ол қызмет ететін университет рейтингі үшін де маңызды мәнге ие. Бұған қоса, академиялық мақсатта жазудың жақсы қалыптасқан дағдылары, соның ішінде шет тілдерінің бірінде, заманауи университет оқытушысының кәсіби құзыреттілігінің маңызды құраушысы болып есептеледі.
Қазақстан демократиялық реформалардың басталуымен университеттердің планетарлық желісіне кіру, байланыстарды интернационалдандыру, жоғары оқу орындарының оқу бағ- дарламаларын үйлестіру, жоғары білім туралы құжаттарды өзара тану үшін алғышарттар жасау арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне белсенді түрде кіріге бастады.
Қазіргі уақытта академиялық эссе педагогикалық қоғамның зейінін көп аулауда. Жазбаша жүмыстың аталған түрі «обьективті өлшеуге» жататындығынан аралық және қорытынды есеп ретінде қабылданады. Академиялық жазу саласында практикалық жазу тәжірибесі
бар оқытушылар оның көрініп тұрған жетістіктерін еске салады. Ғылыми эссемен жұ- мыс:
білім алушыны «оқылатын пәнге байланысты мәтіндерді жүйелі жазуға» итермелейді;
оны ақыл ой пәніне үйретеді, одан «пәнге жай және ойланып енуді және жазбаша мазмұндауда өзінің ойын реттеуді» талап етеді, материалды бекітуге ықпал етеді;
берілген пән саласында тілді игеруге және «академиялық сауаттылық» дағдыларын өндіруге көмектеседі, «көзқарастың маңыздылығын», ұқсастылығын, байқампаздықты жат- тықтырады; «кәсіби әңгімеге» нақты қатысу дағдыларын, «басқа пікірге төзімділікті», жеке дара жауапкершілікті қалыптастырады;
пәнаралық байланысты, зерттеушілік құзыреттілікті дамытады, жеке дара стиль қалып- тастырады;
студент субъективті білімді объективті білім көздерімен үйлестіруді үйренеді;
оның зияткерлік дамуын бақылауға мүмкіндік береді.
Академиялық эссені қолданудың мақсатқа сәйкестілігі мен тиімділігі еуропалық, амери- кандық және отандық жоғары оқу орындарында білім беру үдерісін ұйымдастырудың кейбір принциптерін қарсы қойғанда анық болады:
Сонымен, эксперимент нәтижелерін зерделей келе мынадай қорытындыға келдік:
Аталған мәселелер бойынша тәжірибе жасаған қорытындылардың көрсеткіші, Қазақ- станда оқитын студенттердің академиялық ұтқырлығын іске асырудың негізгі мақсаты, сту- денттерді жоғары оқу орындарымен бірлесіп жасалған қос дипломды бағдарлама шеңберін- де оқытуға жіберу; университеттер арасындағы келісімшарт жасасу арқылы (екінші диплом алумен қатар), оның ішінде академиялық алмасу бағдарламасы шеңберінде оқыту; тағылым- дамалар (оның ішінде лингвистикалық); білім беру (ғылыми, өндірістік) практикасының өтуі; жазғы мектептерге (семестрлерге) қатысу болып отыр.
Оқу орнының академиялық ұтқырлығын дамыту үшін төмендегі шараларды ұйымдастыру қажет:
студенттер, магистранттар мен оқытушыларға арналған гранттар жүйесін құру және да- мыту;
академиялық ұтқырлықты ұйымдастырушы механизмдерді және ішкі нормативтік-әдіс- темені қамтамасыз етуді жетілдіру;
халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларына қатысуға тілдік дағдыларды қалып- тастыруды қамтамасыз ететін шет тілді студенттердің, оқытушылардың және университет қызметкерлерінің жоғары сапалы дайындықтарын қамтамасыз ету;
академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпараттандыру жүйесін дамыту.
Батыс Еуропа мен АҚШ жоғарғы оқу орындарында оқыту үдерісінің үйымдастыру қазақстандық нұсқадан мүлдем басқаша. Басты көңіл жазбаша жұмыс жасауға бағдарланған студенттік өзіндік жұмысына қойылады. Дегенмен, біздің пікірімізше, басқа елдердегі әріп- тестерімізді елемеуге болмайды. Академиялық эссе жанрына жүгіну оң нәтиже береді, оқу үдерісін байытады, оны қызықты және қолданбалы қылады.
Стратегиялық жоспарда қойылған мақсаттарға қол жеткізу кешенді түрде шешілуі тиіс белгілі бір міндеттерді шешуді талап етеді, оның ішінде қазақстандық жоғары оқу орындары- ның, оның ішінде Инновациялық Еуразия университетінің оқытушылары мен студенттерінің академиялық ұтқырлығын дамыту да солардың қатарында болуға тиіс.
Осыған байланысты, авторлардың пікірінше, Инновациялық Еуразия университетінде академиялық ұтқырлықты дамыту үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
жоғары оқу орындарының студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін шет тіл- дері бойынша сапалы даярлауды қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастық бағдар- ламаларына қатысу үшін тілді меңгерудің барабар деңгейін қалыптастыру;
университеттің материалдық оқу және ғылыми базасын жаңарту, жаңа оқу және ғы- лыми зертханалар құру;
ұтқырлықты бағалаудың ЖОО ішіндегі жүйесін әзірлеу;
академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпараттандыру жүйесін дамыту;
еңбек нарығының қажеттіліктерін, елдің индустриялық-инновациялық даму міндет- терін, жеке адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік практикаларға сәйкес келетін көрсетілетін білім беру қызметтері сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;
жоғары білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету;
университеттегі қызметкерлер мен білім алушылардың халықаралық білім беру және ғылыми жобаларға белсенді қатысуы;
университет туралы мәліметтерді жоғары оқу орындары қызметінің нәтижелері бойынша оларды саралауды жүргізетін тәуелсіз ұлттық және Халықаралық ұйымдарға ұсыну;
университет даярлауды жүзеге асыратын білікті мамандардың тұтынушылары, қалың жұртшылық алдында сенімді арттыру және оң имиджін нығайту мақсатында университеттің халықаралық аккредиттеу ұйымдарында аккредиттеуден өтуі.
Қазақстанда академиялық жазудың басқа түрі академиялық сауаттылық біліктерін ке- шенді дамыту жүйесіндегі арнайы бағдарламаларын жасау мен ендірудің қажеттілігі анық, себебі мұндай типтес бағдарламаларсыз сәйкес нәтиже алу мүмкін емес. Өз кезегінде, бұл жұмыс қажетті әдіснамалық құралдар мен оны сипаттаушы терминологияны ендіруді талап етеді және де бұл жүйені мамандардың деңгейлеп ендіруін қажет етеді. Академиялық ұтқыр- лық маманның жалпы көрінісі мен мәдениетаралық құзыреттілігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Шетелде тұрып, басқа елдің дәстүрлерін, құндылықтарын және басқа университеттің корпоративтік мәдениетін зерттеуде өзіңіздің мәдениетіңізге, әдет-ғұрыптарыңыз бен салт- дәстүрлеріңізге және әртүрлі көзқараспен сіздің университетіңіздің білім сапасына көз жет- кізуге мүмкіндік береді.
Осылайша, академиялық ұтқырлықты заманауи шарттармен дамытудың негізгі құралда- рының бірі біліктілік пен білім беру құжаттарын тану болып табылады. Осыған байланысты әртүрлі ЖОО-дардың дипломдарын салыстыру бойынша ұлттық және халықаралық деңгейде нығайтуға көмектесетін белгілі бір құқықтық база арқылы жұмыстар жүргізу. Шет елдердің тәжірибесін басшылыққа ала отырып, қазақстандық білім беру ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі салаларда жоғары білікті мамандарды даярлаудың түпкі мақсаты ретінде бірлескен білім беру бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу қажеттігі туындауда.
Достарыңызбен бөлісу: |