Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет86/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдіс- темелік нұсқаулық /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ / О.И. Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеде- нованың редакциясымен/ – Астана, 2016. –46 б.

  2. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің апталық жұмысына шолу. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту ми- нистрлігі. https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/489236?lang=kk

  1. Измагамбетова Р.К. Бастауыш сынып оқушысының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру // «Заманауи мектепке дейінгі білім беру: трансформация, даму векторлары» Халықаралық онлайн- конференцияның материалдары 24 қараша 2021.

  2. Harlen, W. (2010). What is quality teacher assessment? In J. Gardner, W. Harlen, L. Hayward, G. Stobart, & M. Montgomery (Eds.), Developing teacher assessment (pp. 29 – 52). Maidenhead: Open University Press.

  3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру. https://adilet.zan.kz › kaz

  4. Мейрсеитова С. Технология разработки и оценивания программ дополнительного профессионального педагогического образования: дис. канд. пед. наук: 13.00.08. – Р-на-Д., 2006. – 145 с.

ПРОФЕССИОГРАММАНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ




Бақтыбаева Мақпал Серіковна


Алматы облысы, Қарасай ауданы,
«Еңбекші ауылындағы орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагок - шебер


Жас ұрпақтың интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы басты тұлға – педагок. Қызметі өте күрделі және сан салалы бұл істің қоғам алдындағы жауапкер- шілігі де өте жоғары. Еліміздің бәсекеге қабілетті болашағын тәрбиелеуші негізгі тұлға да осы педагоктар. Олар жас ұрпақтың жеке басының дамуы мен қалыптасуына, оны оқыту мен тәрбиелеуге жауапты қоғамның басты өкілі болып табылады. Тәуелсіздігіміздің соңғы жыл- дарында осы мамандықтың мәртебесі өсіп, абыройы асқақтағаны рас. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», - деген дана халқымыз, бала тәрбиесіне, оның болашағына аса үлкен жауап- кершілікпен қараған. Жас ұрпаққа сапалы білім беруде әлемдік үрдісте озық тәжірибелер екшеліп, түрлі инновациялық тәсілдер, зерттеу еңбектер жарыққа шығап жатыр. Ақпараттар ағымының өркендеген уақытында қайсысы тиімді, қайсысы ұлттық санамызға жақын, болашағымызға пайдалы деп, сараптап, педагоктар ауқымды іс атқарып жатыр. Бұл кәсіпті кез келген адам таңдай алмайтын және оны арнайы қабілетке ие тұлғалар атқару тиіс деп, өкімет те педагогикалық мамандықтарды игеретін жастарға арнайы педагогикалық тестен өткізу механизімін енгізді. Бұл осы кәсіптің маңыздылы,ын көрсететін маңызды факторлар- дың білі. Себебі, әр мемлекетте ең алдымен құндылықтар қатарында адам факторы, оның ішінде сапалы адам факторы маңызды. Сапалы адам- білімді, дені сау, алдына айқын мақ- саттар қоя білген тұлға. Мұндай тұлғаларды тәрбиелеп шығару тек білікті ұстаздардың ең- бегінде жатқаны белгілі. Ендеше, біз негізге алып отырған ұстаздың профессиограммасы дегеніміз не дегенге жауап іздеп көрейік. Ол жан-жақты қасиеттерді бойға жинай білген ма- мандық иелері. Мәселен, ұстаз мамандығын таңдаған адамның бойында болуға тән қасиет- тердің санын педагок-психологтар зерттегенде елуге жуық екенін анықтаған екен. Олар: білімділік, мейірімділік, әдептілік, адамгершілік, іскерлік, жауапкершілік, сенімділік, ұқып- тылық, сезімталдық, мұқияттылық, белсенділік, ұйымдастырушылық, сыншылдық, ұстамды- лық, төзімділік, жомарттық, байқампаздық, шыншылдық, ұлтжандылық, адалдық, және т.б. В.А.Крутецкий педагогикалық қабілеттердің жүйесін құрастырғанда адам бойында ерекше қабілеттердің сипатына тоқталған: дидактикалық қабілеттер, берілетін материалдарды кәсіби шеберлікті пайдалана отырып, нақты әрі түсінікті етіп, күнделікті өмірмен байланыстыру отырып жеткізу арқылы олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және білімдерін дамыту; академиялық қабілет-белгілі бір ғылым саласын жан-жақты қарастырып, оның басқа ғылым салаларымен байланысын тереңдете отырып жеткізу арқылы оқушылардың қызығу- шылығын арттыру; Перциптивті қабілет-психологиялық біліктілік пен білімділік арқылы оқушының жан-дүниесін тани білу, түсіне білу қабілеті; Сөйлеу қабілеті- өз ойын анық әрі, түсінікті тілмен нақты жеткізу қабілеті. Сабақты өткізу барысында мұғалім анық, нақты тілмен байланыс орнату керек; Ұйымдастыру қабілеті- алдына қойған мақстына жету үшін, топ мүшелерін дұрыс ұйымдастырылған жұмыс кестесін пайдалана отырып мақсатты жұ- мылдыру. Дұрыс нәтиже алу үшін жұмыс уақытын нақты жоспарлап, тиімді жұмыс кестесін құрып алу қажет; Коммуникативті қабілет - қоршаған ортамен жан-жақты дұрыс қарым қа- тынас орната білуі. Шәкірт көңіліне жол тауып, тіл табыса білу қабілеті;болжай білу қабілеті
- мақсат қоя жүргізіп отырған жұмыстың натижесін шамалап, болжау қабілеті. Сондай-ақ шәкірттерінің келешекте қандай натижелерге жететінін алдын-ала бағдар жасай алу қабілеті; Зейінін бөле білу қабілеті - бір уақытта өз зейінін әртүрлі нәрселерге бөле білу қабілеті. Мұғалім алдында отырған әрбір баланың іс-әрекетін бірдей назарында ұстануы қерек; Бе- делге ие болу қабілеті - өзінің білімділігімен, жан-жақтылығымен, тапқырлығымен, төзім-
ділігімен шәкіртінің алдына беделге ие бола білу. Шәкірттеріне мүмкіндіктер туғызу, сенім арту. Міне, осы қасиеттердің үйлесуі профессиографиялық әдістемені танытады. Бүгінгі инновациялық тәсілдерді игере отырып, жан-жақты білім беретін педагоктардың әрқай- сының бойынан осы ізгі қасиеттер табылғанда, толыққанды нәтижеге жете аламыз. Себебі, ұлттың жарқын болашағы білім беріп қана қою емес, білімді ұрпақты ұлтжанды рухта тәрбиелелеуді де басты мақсатымыз етіп отырмыз. Бұл әр елдің қоғам алдындағы маңызды қағидасы. Педагоктердің біліктілігін шыңдайтын басты әрекеті.
Ұстаз тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп күрделенуін педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеген көрнекті ғалым В.А.Сластениннің пікірі бойынша:
«Мұғалім профессиограммасы мамандықтың куәлігі ретінде оның квалификациялық сипат- тамаларын, қоғамдық саяси, әлуметтік және педагогокалық-психалогиялық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогиқалық әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтулары қажет», - дейді. Педагогика ғылымының бұл саласында профессиограмма - белгілі бір кәсіпке жан-жақты сипаттама бере келе, оның адамға қоятын талаптарын, ол қызметті атқару үшін қажетті жеке тұлғалық, моральдік қасиеттер сапасын, ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін сол арқылы білімі, білік және дағды әрекеттерін іске қосатын жүйе болып саналады. Профессиограм- маның құрылымдық мазмұнына тоқталатын болсақ: бірінші, кәсіптің әлеуметтік-экономи- калық сипаттамасын: саласы, маманға сұраным, кәсіп ауқымы, ұйым, мекеме түрі, еңбектің ұйымдасытрылу формасын қамтиды. Екінші, кәсіптің өндірістік сипаттамасына: еңбек мақ- саты, пәні, құрал-жабдықтары, еңбек мазмұны, еңбек шарты, еңбекті ұйымдастыру, қажетті кәсіби білім, білік, дағды енеді. Үшінші, кәсіптің санитарлық-гигиеналық сипаттамасы: ең- бектің күнделік деңгейі, жасы мен жынысына байланысты шектеулер, жұмыс және демалыс режимі, ауысымдылығы, талдау жүктемесі, жағымсыз факторлар, медициналық қарсы көр- сетілімдерді құрайды.
Ұстаздардың қоғам алдындағы зор жауапкершілігі тұрғысынан алғанда, кәсіпке байла- нысты маманның жеке психологиялық ерекшеліктеріне сай қойылатын талаптар болады: нейродинамика, тәуліктік биоритмика, психоиоторика, сезгіштік аумағы, есте сақтау қабі- леті, зейіні, ойлауы, парасаттылығы, еркіндігі, мінез-құлқы, тұлғаның кәсіби сапалық қабі- леттері жатады. Білім беруде оқу орнының сипаты, оқыту мерзімі, жалпы білім беретін пәндерді меңгеруі, кәсіби шеберлігін шыңдау мәселелері кіреді. Сонда бүгінгі таңда адамзат өмірінде білім игеру мәселесінің маңыздылығы артып ортыр деген сөз. Өйткені, өркениеттер елінде адами құндылықтар білімі мен кәсіби біліктілігімен есептеледі. Кешегі ғұламала- рымыз да есте жоқ ескі заманда осы қағиданы дәлелдеумен, көптеген ғылыми тұжырымдар айтқын. Әл-Фараби: «Жанның ақыл-парасатты теориясы теориялық бөлігінің де, ақыл-пара- сатты ойлау бөлігінің де өздеріне сәйкес ізгілігі болады. Ол теориялық ақыл-парасат,білім және даналық. Ойлау бөлігінің ізгілігі практикалық ақыл-парасат, естілік, зеректік, көз- қарастың артықшылығы және пікірдің дұрыстығы», - деген болатын. Бұл сөз осы біз нысана қылып отырған ұстаздық профессиограммасын тантатын пікір. Ғалым В.А.Сластенин осы тұрғыда бұл мәселені былайша тұжырымдайды:
Бірінші, мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Идеялық, кәсіптік педагогикалық, таным- дық бағыты. Екінші, психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар: білімі, білігі, дағдысы. Үшіншіден, арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы. Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны. Сонымен, кез-келген қоғамда мұғалімдер- ге аса жауапты істер жүктелінген. Олар өздерінің бүкіл күш қайраттары мен ерік-жігерлерін өз мақсаттарына сарп еткен. Ұстаз бойында жоғарыда келтірілген қабілеттердің болуы, оның абыройы да, беделді нағыз педагок болуының кепілі болмақ. Профессиограмма түрлерін зерттеудің тереңдігі мен дәлдігі әлеуметтік сұранысқа байланысты. Яғни, бүгінгі күнгі ұстаз- дардың қоғамдағы қызметі маңыздылығын арттырған кезде,осы зерттеу принциптерін атап көрсету қажеттілік тудырып отыр деп санаймыз. Профессиография кәсіптік қызметтің әлеу- меттік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, психофизиологиялық, тарихи, техни-
калық құқықтық сияқты жақтарын қамтиды, олардың тиімділігін әс жүзінде арттыратын міндеттерді ұйымдастырады. Яғни, білім берудегі кәсіптің жан-жақты зерттейтін әдістемесін, тәжірибелік мағлұматтарды жинақтайтын, соларға сараптама жасайтын, тәжірибелік бақы- лауды сапалық тұрғыдан бағалайтын, статистикалық мәліметтерді іріктейтін, сондай ақ, пси- хологиялық түсіндірменің құрылымдық-жүйелілік және функционалдық құрылымдық талдау тәсілдерінің жиынтығы болып табылады.
Қорыта айтқанда, профессиография тәсілі педагогикалық кәсіптіктің өзегі деуге болады. Білім беруге, ұлт болашағын ұстар жастарды жан жақты білім мен тәрбие беруде жоғарыда атап өткен қасиеттер мен критерилер әр ұстаздың бойынан табылуы тиіс басты факторлар. Сабақ өткізу барысында жаңа ақпаратты өз пәні бойынша түсіндіру, бекіту, оқыту, дамыту. Қоғамдағы әр түрлі және пайдалы шараларға баулу, бағыттау, жетекші болу, мәселелерді шешу. Бұл барлық білім беру ошақтарына тән қызмет түрі, қоғам болып атқаратын білік- тілікті танытатын ауқымды міндеттер. Әр түрлі бағытта пайда болып жатқан инновациялық әдіс-тәсілдерді дер кезінде меңгеріп, қозғаушы күш ретінде нәтижеге жеткізу. Қазіргі таң- дағы ақпараттық білім мен оқытудың алуан түрлі әдістемелері дамыған жаһандану дәуірінің білім жүйесі оқытушылардың жан-жақтыллығы мен біліктілігін арттыруда жаңашыл көзқарастар мен озық технологияларды талап етеді, сондықтан жаңа буынды болашаққа бастаудың зор мүмкіндіктерін пайдалана білуіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет