Бізді қоршаған ортадағы әсемділік пен әдеміліктің барлығы симметрия заңдылықтарына бағынады. Симметрия жер бетіндегі бүкіл әлемдік тартылыс күшінің арқасында қолданыс табуда. Бұл күш бүкіл ғаламшарда қолданылатындықтан, барлық обьектілер қатаң симме- триялы болып орналасады.
Адамдар көркемсурет өнерінде, сәулет өнерінде, музыка мен поэзия өнерінде, ғимарат- тарды салуда симметрияның мүмкіндіктерін қолдана алған.
Қазақ халқының ұлттық-тұрмыстық қолданбалы оюларының симметриялығы негізінде де геометриялық есептеулерін құрастыруға болады: «Түйе мойын» (осьтік симметрия), «Сұқ саусақ» (параллель көшіру), «Өмір жолы» (центрлік симметрия).
Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанның сәулет құрлысы өзгерістерге ұшырап, жаңа эле- менттердің елеулі алғышарттары жасалды.Тек Астана қаласында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа қалаларында да көз тартар тұрғын үйлер, офистер, банктер, мәдени ескеркіштер, спорт комплекстері мен басқа да ерекше ғимараттар салынды.
Әсем қалаларымыз Астана, Алматы, Талдықорған ғимараттарының симметриялы көрі- ністері мен болашақта салынатын жобалардағы симметрияның қолданылуын көруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінді аумақтық даму стратегиясы.
«Геометрия» Шарыгин И.Ф. БүкүбаеваК.О. Дрофа-Кітап
«Симметрия» Шубников А.В. Москва, 1940
«Построение геометриина основе понятие симметрии» Вейль Г.Москва 1968
«Этюды осимметрии» Вигнер Е. Москва, 1971
«Геометрия» Александров А.Д. Вернер А.Л. Рыжик В.И. Москва, 1991
«Қазақстан және даму өрісі» Алшанов Р. Егемен Қазақстан-2002ж.
ОҚЫТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
(Тыңдалым - айтылым бағыты аясында)
Рахманбекова Гулжан Токтасыновна 108 мектеп қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алматы қаласы
Оқыту барысында тілдік дамудың төрт дағдысы бар. Олар - оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары.
Оқылым дағдысына - мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға нақты жауап беру жатады;
Айтылым дағдысына - сипаттау, әңгімелеу, мәтінді толықтыру, айтыс, шешендік өнер, еркін сөйлеу дағдылары кіреді;
Жазылым дағдысы - шағын әңгіме, эссе, құттықтау, хат жазу, хабарлама жазу, шығар- ма, өлең, күнделік жазу т.т. жазбаша жұмыстарға негізделген;
Тыңдалым дағдысы - диалог, әңгімелер, хабарландыру, әндер, дәрістер, жарнама, көрі- ніс, өлеңдерді тыңдау, түсіну, терең түсінуге бағытталған;
Оқыту барысында біз осы дағдыларды араластыра қолданып, оқушыны жан-жақты дамы- туға жұмыс жасаймыз. Өз баяндамамда мен айтылым дағдысына терең тоқталып кеткім келеді. Жаңартылған оқу мазмұны бойынша, қазақ тілі сабағында өзім қолданған бірнеше әдіс-тәсілдерді назарларыңызға ұсына кетейін:
Айтылым - тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты жиі қолданбалы дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады. Қарапайым тілмен айтқанда, айтылым дегеніміз – өзге адамдармен қарым-қаты- насқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану. Сөйлесу бары- сында біз кейбір әрекеттерді жиі қолданамыз және олардың тізімі төмендегідей:
Сөздерді дыбыстау: сұрақ қою, жауап беру, пікір білдіру, түсіндіру, түсінбеген нәрсені қайта сұрау, диалог, баяндау, сәлемдесу, қоштасу, айқайлау, сыбырлау, ән айту, өлең оқу, алғыс-реніш білдіру, күлдіру, айналасын сөзге тарту, кешірім сұрау, құттықтау т.т;
Интонацияны қолдану: сөйлеу барысында өз-өзін бақылау, түзету, айтылар сөзді жоспарлау, жест, мимиканы қолдану, сауатты сөйлеу, кідіріс, түрлі эмоция, қажетті стиль, ым-ишараны қолдану, тыңдарманды қызықтыру, күлдіріп-жылату,
Грамматикалық тұлғаларды қолдану: сөз және сөйлем екпінін қолдану, кезек күтіп сөз бастау, сөзді қайта құрау, өзгеше жеткізу ( естірту, жоқтау), айтып берудің түрлі тәсілдерін қарастыру;
Айтылымның түрлі ерекшелігін білу - мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, сабақты қызықты жоспарлай алуға мүмкіндік береді. Айтылым дағдысы бойынша біз оқушыларды мына төрт бағытта дамытамыз:
а) Белгілі бір тақырыпқа байланысты ойын білдіру: Сабақ тақырыбын сурет (картина) түрінде оқушыларға көрсетіп, олардан бүгінгі сабақ не туралы болады? - деп ойлайсыңдар сұрағын қоямын;
ә) Оқушылар өз ой-пікірлерін білдіреді;
б) Оқушылар өз көзқарастарын дәлелдейді; в) Соңғы шешім, қорытынды пікір жасау; г) Зерттеу жасатамын;
ғ) Ақпаратты өңдеу дағдыларын үйретемін;
Өзге адамдармен байланыс жасау, сөйлесу, пікір алмасу - оқушылардың тілдік дамуын ғана емес, рухани өсуін де қалыптастырады. Сабақ барысында оқушылармен белсенді қа- рым-қатынас орната алу - ұстаз үшін үлкен шеберлікті қажет етеді. Бұл орайда төмендегідей дамыту жұмыстары жүргізіледі:
Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)
Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушыларды түрлі тақырыпта сөйлесуге шақырамын:
а) Сұрақ қою, өтіну, жауап беру, таңдану, бұйыруды қолданып бір-бірімен әңгімелесе білуге;
ә) Мәліметтерді нақтылауға, келіспеушілігін білдіруге, толықтыруға, берілген материал аясында өзара пікір алмасуға дағдыландырамын;
б) Оқушылардың еркіндігін сақтай отырып, олардың дамуы мен біліктіліктерін артты- рамын;
в) Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын;
Тыңдалым және айтылым (ауызша сөйлеу тілін және фонематикалық естуді дамыту): - артикуляциялық жаттығулар; - сөзді дыбыстық талдау; - түрлі ақпаратты қабылдау; - сұрақ- тар құрастыру, мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беру; - мәтін бөлімдерінің негізінде ұжымдық және өзіндік әңгіме құрастыру; - диалог құру, сөйлеушінің көзқарасын қабылдау; - бөлімдерінің негізінде ұжымдық және өзіндік әңгіме құрастыру; - өлеңдерді, жаңылтпаштарды айту; - ойында жаттаған өлеңдерді, жаңылтпаштарды қолдану; - өлеңдер жаттау; - мысалдар мен өлеңдерді мәнерлеп оқу; - таныс оқиғаларды, ертегілерді мазмұндау.
Оқылым: - оқу әрекетіне қызығушылығын арттыру; - ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту; - байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; - оқығанда тыныс белгілеріне сәйкес инто- нацияны сақтап оқу; - дауыстап, іштей оқу; - мәтінді бөлімдерге бөлу, әр бөлімді мұғалімнің көмегімен атау; - оқылған мазмұн бойынша сұрақтарды құрастыру; - мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға толық жауап беру; - мәтінді қысқаша мазмұндау. Жоғарыда айтылған әдіс- тәсілдер арқылы - оқушының ойлау қабілетінің жоғары деңгейге өсуіне, тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына, бәсекеге қабілетті, өз дәлелін қорғап, мәселеге сыни тұрғыдан сараптама жасап үйренуге баулимын;
Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдаларына бейімдеу үшін орфоэпикалық ережелерге сай, фонетикалық заңдылықтарды аңғартатын, мәнерлеп оқуға арналған арнайы ұйымдас- тырылған жаттығу жұмыстарын жүргізу пайдалы. Мұндай жұмыс түрлері әр тақырыпты оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстары арықлы іске асуға тиіс. Оқушыға мәнерлеп оқытудың, әдемі сөйлеудің үлгілерін мұғалім өзі көрсетіп отыруы қажет. Оқушының әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу тіліне жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, фа- булалық мәтіндер мен диалогтарды тыңдату, классикалық, қазіргі кездегі музыканы, грам- мофондық немесе магнитофондық жазуларды тыңдату, сөз шеберлері, атақты сахна шебер- лерінің орындауында магнитофон таспаларына жазылған поэтикалық шығармаларды, кино, диафильмдердің мазмұнын дыбыс арқылы жандандырып, магнитофоннан тыңдату сияқты жұмыстар жүргізудің үлкен мәні бар. Демек, «көркем сөздің баурап алатын күші ерлікке, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелейді. Ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көр- кемдігі мен үнділігін, сан қырлы мағынасы мен өткірлігін үйрене білу, көптен көп жаттыға білу қажет».
Мұғалім «Термин сөздер», «Омоним, синоним, антоним, неологизм, архаизм сөздер»,
«Қос сөздер», «Зат есім», «Сын есім», «Сан есім» тақырыптарын оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында қазақ тілінде бұлардың алатын орнын, мәнін, мағынасын, қызметін меңгертіп, түсіндіріп отыруы қажет.
Оқушыға әдемі, жүйелі сөйлеуге дағды беруде синоним сөздерді үйретіп отырудың мәні зор. Мұғалім тақырыпты оқытуға байланысты ана тіліндегі синоним сөздердің мәніне, маңызына, ерекшелігіне, сондай-ақ қазақ тіліндегі синоним сөздердің саны жағынан да, синонимдік қатарларының молдығы, байлығы жағынан да өте бай екенін, кейде бір ұғымды білдіру үшін ондаған синоним сөздерді қолдануға болатынын айтып, оны дұрыс пайдалана білу шебер, әдемі сөйлеуге тәрбиелейтінін түсіндіріп отыруы қажет. Ол үшін мұғалім
синоним сөздердің алуан түплі мағыналарын қалай ажырату жолдарын айтып, оны қалай түсініп қолданатындықтарына зер салып, қадағалауы тиіс.
Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдыларына үйретуде фонетика мен орфоэпияны дұ- рыс оқытудың орны ерекше, өйткені оқушы фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын дұ- рыс меңгеру арқылы әдеби тілдің нормасына жаттығады., сөздердегі дыбыстардың айты- луын, естілуін, жазылуын дұрыс айта білуге дағдыланады. Егер оқушы сөзді немесе дыбысты дұрыс айта алмаса, бір дыбыстың орнына екінші дыбысты ауыстырып айтатын болса, немесе жазса, онда ол әдеби тілдің сөйлеу дағдысын бұзып, ол сөзді қате айтумен бірге, дұрыс сауатты жаза алмайтын болады.
Орфографияны дұрыс меңгерген оқушы еш уақытта да жазба жұмыстарында сөзді қате жазбайды. Ол үшін мұғалім сөздің түбірін қосымшадан айыра білудің жолдарын үйретіп отыруы қажет. Орфография мен орфоэпияны өткенде екі түрлі жазылу қаупі бар сөздерді дұрыс жаздырып, әрі айттырып отырған жөн. Мысалы. Батальон (баталион емес), бәйшешек (байшешек емес), құлын (құлұн емес), бұрын (бұрұн емес), т.б.
Оқушы әдеби сөйлеуге дағдыландыруда фонетика, орфография, орфоэпия, синткасисті оқытуға орай дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерді, қатаң, сонор, ұяң дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін меңгерту, сөйлем орнына қойылатын тыныс белгілерін дауыс ырғағы, айтылуына қарай дұрыс қоя білу, сөзді буынға дұрыс бөлу, тасы- малдау, сөзге дұрыс екпін түсіріп айта білу, сондай-ақ, магнитофон таспасынан тақырып- тарды, мақал-мәтелдерді тыңдату сияқтыжұмыс түрлері жазылған сөздерді жұп-жұбымен жазып, өзара салыстырыңдар, ұқсаас болу үшін қай дыбыстар ортақ екенін айтыңдар, дыбыс пен әріптің қандай айырмасы бар, «кітап, қазір, мейман» сөздерін буын үндестігі тұрғысынан талдаңдар, бұларды қандай буынды сөздер деп атайды деген тәрізді тапрсырмалар беріп отыру пайдалы.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін қол- данып жүрміз. Олар Мерсер айтқан:
1. Пікірталастық әңгіме; 2. Топтық әңгіме; 3. Зерттеушілік әңгіме.
Пікірталастық әңгіме - оқушылардың өз пікірлерін қорғап, дәлелді түрде жауап беруге дағдыландырады;
Топтық әңгіме - оқушы мен мұғалім арасын жақындастырып, шәкірттердің білімге деген ынталарын оятады;
Зерттеушілік әңгіме - оқушыларды ізденіске қызықтырып, білім-ғылымға, жеке ой- қиялын дамыта білуге бағыттайды;
Диалогтік әдісті өз кезегінде 4 түрге бөлінеді:
Сұрақ-жауап;
Тапсырманы орындату;
Жұптық жұмыс;
Диалогтік мәтінді оқу;
Сұрақ-жауап әдісі – оқушылардың қызығушылығын оятып, ынтасын арттыратын бірден-бір әдіс. Әдетте жоғары сынып оқушылары ең көп сұрақ қойып, мұғалімдерді өздері диалогке шақырады. Бастауыш сынып оқушыларының көңілін, ең қарапайым әрі ең қызықты сұрақтармен жаулауға болады.
Рөлдік ойындар - оқушылардың ең сүйікті ойыны. Бұл тәсіл сабақ үдерісін жандан- дырып, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Рөлдік ойындардың басты қызметі
- шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Түрлі ертегі мен мультфильмдегі сүйікті кейіпкерлерін сыныптастарымен бірге сомдау, олардың мінез-құлық, өзіндік ерек- шеліктерін көрсете отырып, дәл кейіпкеріндей дыбыстау - оқушыларға шектен тыс қызықты шабыт сыйлайды.
21 ғасыр балаларының өз әлемі бар. Оларды үнемі мектеп оқулықтары мен сабақ ба- рысындағы дамыту ойындары арқылы, ынталандыра алмайтынымды білдім. Қандай өтімді әдіс-тәсіл болмасын, бір-екі мәрте қолданғаннан кейін оқушылар қабылдамайды. Не істеу
керек? Бұл сұраққа оқушылардың өздері жауап берді. Оларға компьютерлік ойындар қызық екен. Гаджетіме балалар мен жасөспірімдер арасында кең қолданысқа ие болған бірнеше ойынды жазып алдым! Кейіпкерлердің дыбысын өшіріп, тақырыпқа сай жаңа диалогтер жаздым. Лэд экран мен гаджеттерді жалғау арқылы, жаңа диалогтік ойын ұйымдастырдым. Экранға айтылатын мәтіннің сөздері шығып тұрады. Балалар әр кейіпкердің даусын айнытпай салып, ашуланып, күліп, шаттанып, әндетіп, бар эмоцияларын көрсетуі тиіс! Ең мықты актерлік шеберлікке, мадақтау қағаздары табыс етіледі. Сабаққа жаңа идея қосқысы келген оқушылар, өз диалогтік ойындарын бірлесе жасап әкелсе болады! Тек мәтін көркем- әдеби тілдік нормаларға сай, кірме сөздерден таза болуы шарт.
Мәтін бойынша оқушыға берілетін барлық сұрақтар мен тапсырмаларды енгізу мүмкін емес, оқулық көлеміне сыймайды. Сондықтан әдісті түрлендіру, тапсырмаларды беру мұға- лімнің өз шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты. Қазіргі кезде оқыту үдерісінде заманауи технологиялар кеңінен қолданылады. Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін алуан түрлі тапсырмалар беруге болады. Сондықтан да оқулықта оқушылардың өз бетінше жұмыс істеулеріне арналған тапсырмалар беріліп отырады. Мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы – әрбір оқушының жеке қызығушылығын ояту. Мұғалім әрбір оқушыға жеке баға беруі керек. Оқушыны бағалай отырып, мұғалім баланың сабаққа деген талпынысын, қызығу- шылығын арттырады. Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту маз- мұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі – «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбие- леудегі ойынның рөлін жоғары бағалайды. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, таным-түсінігін арттырады, оқу дағдысы қа- лыптасады. А.С. Макаренко: «Ойын балалар өмірінде өте маңызды рөл атқарады», – деп, балалар ойынын жоғары бағалаған. Сабақты ойын түрінде жүргізу оқушылардың білімге ынтаықыласын арттырады. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен 12 әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оның әдіскерлік танымдық, білімдік, тәр- биелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақты ойын түрінде өткізу – сабақтың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Сабақтың ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезінде, қайталау сабақтарында пайдаланған тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызын да арттыра түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады. В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
Біз қаласақ та, қаламасақ та оқушылар Фри-фаер секілді көптеген онлайн ойындар ой- найды. Оларға тапсырма ретінде бір-бірлерімен чатта жазысқанда, сөйлескенде граммати- калық және ауызекі сөйлеуде жіберген қателерді ойын барысында есепке алуды әдетке айналдыруды ұсындым! Басында сөзіме онша мән бермеген оқушылар, күнделікті қарым- қатынас барысында, сабақта, сабақтан тыс айтыла берген ескертпелер нәтижесінде, қазақ тілін дұрыс, таза, мәдениетті сөйлеуге дағдыланып келеді!
Қорыта келгенде оқушылардың айтылым дағдыларын жан-жақты қалыптастырып, мәдениетті, озық ойлы, шешен тілді етіп тәрбиелеу - заман талабы. Ақпараттық техноло- гиялар заманында, әр оқушының қайталанбас тұлға болып қалыптасуы - біздер үшін аса маңызды іс. Осы ісіміз нәтижелі, ұрпағымыз білімді болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |