Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет120/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

адресантал хабарды қабылдаушы – адресат болады. Адресант өз сөзiнiң тигiзер ықпалын 
болжай  отырып,  өзiнiң  түпкi  мақсатына  жету  үшiн  тыңдарман/оқырманның  қабылдауына 
тиiмдi  баяндау  стратегиясын  ойластырады  және  адресаттың  бiлiм  дүниелерiмен  санасады. 
Адресаттың  iс-әрекетi  белсiндiлiк  таныту,  ден  қою,  назар  аудару,  қабылдау  фреймдерiн 
қалыптастыру  болып  табылады.  Адресат  “түсiну  стратегиясын”  басшылыққа  алады.  Түсiну 
стратегиясы,  бiрiнен  кейiн  бiрi  ретiмен  айтылған  таңбалар  тiзбектерiнiң  қандай  мағынада 
екенiн  түсiнуден  басталып,  сөйлеушiнiң  ненi  айтпақ  болғанын  ұғынумен,  ой  елегiнен 
өткiзумен аяқталады. Сөздi мұқият ұйып тыңдаушының “образын” жасау – сөздiң ойдағыдай 
өрбуiне  ықпал  ететiн  негiзгi  шарттардың  бiрi.  Аталған  мәселелердің  барлығы  хабар  тілінің 
лингвопрагматикалық  аспектілерін  айқындауда  үлкен  рөл  атқарады.  Тіл  жалаң 
коммуникативтік қызмет атқарып қана қоймайды, белгілі бір жұртқа ойды жеткізудің әртүрлі 
жолын  айқындайды.  Ал  теледидар  тілі  қоғам  өміріне,  қоғам  мүшелерінің  күнделікті 
тіршілігіне тікелей араласып,  қоғамдық пікір тудыруды мақсат етеді демекпіз. Яғни диктор 
белгілі бір жаңалықты жеткізе отырып, оған өз бағасын береді. Осы екі мақсатқа сай хабарда 
қолданылатын  сөздің  ерекшелігі  де  айқындала  түседі.  Телехабар  тілінің  прагматикалық 
аспектілерін  зерттеп,  бұл  стильдің  идеологиялық  мақсатта  үгіт-насихат  жүргізу, 
психологиялық  әсер  ету  мүмкіндіктерін  ғылымның  психолингвистика,  әлеуметтік 


241 
 
лингвистика  салаларымен  ұштастыра  зерттеу,  сөйте  отырып,  тілдің  қоғамдық  қызметіне 
ықпал  ететін  саяси,  әлеуметтік,  идеологиялық  факторлар  мәселесін  жан-жақты  анықтауды 
осы бітіру жұмысының басты мақсаты етіп алдық.  
Ақпараттық бағдарламалардың қоғамдық мәні өте зор. Ол халыққа қызмет етеді, яғни 
халық  қажеттілігін  өтейді.  Елімізде,  таяу  шет  ел,  шет  елдерде  болып  жатқан  саяси, 
әлеуметтік,  мәдени  жаңалықтар  легін  күнделікті  жеткізіп  отыру  –  теледидар,  басылым, 
радионың    тікелей  қызметі.  Мұның  ішінде,  әсіресе,  телеарнада  берілетін  ақпараттық 
бағдарламалардың  орны  ерекше.  Ол  халыққа  аудиалды,  визуалды  тұрғыда  әсер  етеді. 
Ақпарат  жеткізудің  негізгі  құралы  теледидардың  маңыздылығы  жөнінде  ғалымдардың 
өзіндік көзқарастары бар. Мысалы, орыс ғалымы В.В. Егоров: «Теледидар дегеніміз – бұл тек 
бейне  мен  дыбыс  жеткізудің  техникалық  тәсілі  ғана  емес,  ол  сонымен  қатар  бағдарлама 
жасау  барысындағы  өзіндік  талаптары  мен  оларды  адамның  түйсінуіне  қатысты 
психологиялық әсер етуінің заңдылықтары бар ақпарат жеткізудің ерекше саласы», – десе [2, 
196], А. Юровский: «Басқа ақпарат құралдары, басқа өнер түрлері немесе публицистикамен 
салыстырғанда теледидар басым жағдайда адамға қоғамның, халықтың рухани тұрмысымен 
тыныс  алуына,  басқа  адамдармен  етене  араласып,  олардың  ойы,  іс-әрекеті,  мақсаты  мен 
арманы  туралы  білуіне  мол  мүмкіндік  береді.  Міне,  оның  қоғамдық  мәні  де  осында.  Кез 
келген  өнер  салалары  сияқты  теледидар  саласы  да  қоғамның  қызығушылығынан,  оның 
қоғамдық қызметінен тыс өмір сүре алмайды», - деп жазды [3, 118].  
Қоғамдық өзгерістерге байланысты тілімізде туған жаңа сөздер, жаңа ұғымдарды қазір 
толық түсініп болу мүмкін емес. Адам өміріне енген жаңа ұғымдар халық ұғымында толық 
ізін қалдырып, айқын бейнеленіп бірден сіңісіп кете қоймайды. Осы жағдайларда да ұғымға 
қойылатын  ат  кездейсоқ  болмайтыны  белгілі.  Көбінде  тіпті  бір  ұғым  бірнеше  атпен  де 
аталып  жүреді.  Терминдік  лексиканы  қалыптастыруда  сол  дәуір  баспасөзінің  орны  ерекше. 
Өйткені  қандай  да  болмасын  жаңалық  алдымен  баспасөз,  радио,  теледидар  арқылы  
жарияланады.  Мерзімді  баспасөз  сол  қоғамдағы  әлеуметтік  саяси,  ресми  қаулы-қарарларды 
өз беттерімен жариялап тұратын ақпараттар ағыны. Осы мәселе тұрғысынан Б.Қ. Момынова: 
«Қазіргі  кездегі  өркендеп  дамыған  бұқаралық  ақпарат  құралдары  оқылатын  (визуалды) 
мерзімді  басылымдар,  тыңдалатын  (аудиалды-радио),  аудио-визуальды-теледидар,  деректі 
кино  болып  үш  түрге  бөлінеді.  Бұлардың  коммуникативті  құрылымдарындағы  кейбір 
айырмашылықтар болмаса, атқаратын қызметтері ұқсас», – дейді [4, 15]. 
Теледидардың  халыққа  саяси,  мәдени  және  эстетикалық  әсер  етуі  оның  бұқаралық-
саяси  қызметіне  тікелей  қатысты.  Теледидарда  берілетін  ақпараттар  ағымының  өзіндік 
уақыты  және  сол  уақытқа  қатысты  атауы  болады.  Мәселен,  тәулік  мезгілдеріне  қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет