Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет121/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

«Ақпарат арнасы  – таңғы жаңалықтар», «Күндізгі жаңалықтар», «Кешкі жаңалықтар», 
«Түнгі  жаңалықтар»,  «Қорытынды  жаңалықтар»,  «Соңғы  жаңалықтар»  деп  аталады. 
Ақпараттық  бағдарламалар  құрылымы  жағынан  шағын  мәтінге  ұқсас.  Ақпараттар  легін 
журналистер дайын мәтін ретінде дайындайды, ал оны экраннан диктор оқиды. 
Журналист  құнды  материалды,  яғни  ақпаратты  құқықтық,  саяси,  эстетикалық,  діни, 
этикалық, көркем қызметтегі бағыттардан алады. Бұл құнды категориялар қоғамда жасалады. 
Журналист  оны  мәніне,  халқына,  сұранысына  қарай  нақты  факті  ретінде  қолданады.  Ол 
ақпарат жасау барысында қалың аудитория мүмкіншілігін ескереді. Бұл – басты шарт. Ол өз 
материалын қарапайым ауызекі сөйлеу тілімен құрастырғанның өзінде «өліп қалды», «соғыс 
басталды»,  «өртеніп  кетті»,  «атып  кетті»,  «түрмеге  түсті»,  «бандит»,  «қарақшы» 
деудің  орнына  бүркемелеп,  басқаша  атайды.  Мысалы:  «өліп  қалды»  –  қаза  тапты,  «соғыс 
басталды»  –  дүмпу  болды,  бас  көтерді,  т.б.  Сөздерді  бұлай  қолдану  қазіргі  қазақ  тілінде 
саяси эвфемизмдер деп аталады.   
Эвфемия  құбылысы  мен  табу  өзара  тығыз  байланысты.  Әдетте  табу  дегеніміз  – 
әлдеқандай  себептермен  (наным-сенім,  саяси,  әкімшілік,  т.б.)  тыйым  салынған  атаулар 
басқаша  сөзбен  аталады,  ауыстырылады.  Адамның  өзге  де  заттар  мен  құбылыстардың 
аттарын  өз  атымен  атамай,  басқаша  ат  беру  ең  алдымен  ерте  замандағы  мифологиялық 
ойлаудың  формасымен  тығыз  байланысты.  Бұл  құбылыс,  ғалымдардың  түсіндіруінше,  ерте 


242 
 
замандағы адамдар заттың, нәрсенің бөлігі, бөлшегі, олардың тұтас өзін ауыстыра алады деп 
түсінген.  
Эвфемизмнің тұрақты белгілері, біріншіден, тыйым салынған сөздерді (мифологиялық, 
діни, саяси, әкімшілік, идеологиялық, т.б.) басқа атаулармен ауыстыру, екіншіден, белгілі бір 
тілдік  ұжымда  айтуға  ұят  саналатын  сөздерді  (кейбір  дене  мүшелері,  жыныстық  қатынасқа 
байланысты  атаулар,  физиологиялық  зат  алмасумен  байлданысты  кейбір  атаулар,  т.б.), 
үшіншіден,  сөйлеуші  ұғымында,  түсінігінде  «дөрекі»,  «әдептілікке»  жатпайды-ау  деген 
сөздерді  басқаша  сөздермен  (қарапайым  лексика)  ауыстыру,  төртіншіден,  тыңдаушыға 
«жайлы»,  «жағымды»  болып  көрінетін  сөздерді  таңдау,  талғау.  Міне,  бұл  аталғандарды 
эвфемизмдердің  тұрақты  белгілері  деп  атауға  болады.  Әрине,  қоғамдық  сананың  өзгерілуі, 
мысалы, мифологиялық ойлау жүйесінің орнына прагматикалық ойлаудың басым сипатқа ие 
болуы, сондай-ақ діни сананың орнына ғылыми сананың орнығуы эвфемизмдердің өзгеруіне, 
ескіруіне,  жаңарып-жаңғырып  отыруына  қатты  әсер  ететін  фактор  екені  сөзсіз.  Сондай-ақ 
эвфемизмдердің мағыналық-семантикалық тұрғыдан бірде көнеріп, бірде жаңарып отыратын 
ерекшелігі  ең  алдымен  қоғамның  әлеуметтік  құрылымындағы  өзгерістермен  де  тығыз 
байланысты.  
Түптеп келгенде, эвфемизмдер – тілдің сөздік құрамын байытады, синонимдік қатарын 
көбейтеді;  
-функционалдық-стильдік айырымдарды тереңдетеді
- тіл мәдениетін, адамның жеке мәдениетін қалыптастыруға әсер етеді; 
- сөз этикеті нормаларын қалыптастыруға ықпал етеді. 
 Міне, бұл айтылғандар эвфемия құбылысын екі өлшемде – жан-жақты және тереңдете 
зерттеудің өзектілігін көрсетеді.  
Әдеттегі  эвфемизмдер  жеке  адамдар  арасындағы  коммуникативтік  қолайсыздықты 
(коммуникативтік    дискамфорт)  болдырмауды  көздейді  де,  жеке  бастық  қатынасқа  тән 
сипатқа  ие  болады.  Ал  телеақпараттық  хабарлардағы  эвфемистік  формалардың  әлеуметтік 
сипаты басым болады. Мысалы, жеке коммуниканттар арасында адресатқа «еңбек ардагері», 
«құрметті  демалыстағы  адам»,  «зейнеткер»,  «қария»  деп  сөйлеу  пенсионер  деуден 
әлдеқайда сыпайы форма болып табылады.  
Ақпараттық  хабар  тілінің  басым  бөлігін  саяси  эвфемизмдер  құрайды.  Мұның  басты 
себебі,  саяси  қоғам,  халық  өмірінде  болып  жатқан  әлеуметтік  мәселелерді  бағалауыштық 
мәнде  жеткізу,  екіншіден,  қоғамда  болып  жатқан  қылмыстық  істер,  кереғар  қылықтарды 
халық  санасына  ишараттап  беру,  үшіншіден,  журналистердің  уақыт  ұту  мақсатында  дайын 
қалыптарды  қолдануы.  Алғашқы  аталған  екеуі  кейде  жаңа  ұғымдар  туындатып,  байыптап, 
дамытуға  әрекет  жасаса,  үшіншісі,  керісінше,  тілдің  дамуына  кедергі  жасайды.  Қоғамдық 
өмірдің  әр  алуан  саласына  тән  терминдер,  номенклатуралық  атаулардың  эвфемизмге 
айналуы тележурналистердің меншігінде.   
Мерзімді  баспасөз,  теледидар,  радио  хабарлары  тілінде  жиі  жұмсалатын,  тұрақты 
қолданылатын сөз орамдарының ерекше түрі бар. Олар – эвфемистік перифраздар. Олардың 
біразы мына тәрізді:  «қанатты метал»  – алюминий, «қара  алтын»  – мұнай, «ақ  алтын» – 
мақта, «ақ ұлпа» – қар, «дала аруы» – жүгері, «теңіз алыптары» – киттер, «қыр баласы» – 
ауыл  баласы,  «солтүстік  еркелері»  –  страустар,  «Алла  үйі»  –  мешіт,  «саналы  сандық»  – 
компьютер,  «темір  тұлпар»  –  машина,  «Алтайдың  ар  жағынан  келген  қандастар»  – 
оралмандар,  «ащы  су»  –  арақ,  «нәзік  жан»  –  әйелдер,  «солтүстіктегі  алып  көршіміз»  – 
Ресей,  «жәудір  көз»  –  жетім,  «алыс-жақын  елдер»  –  таяу  шет  ел,  алыс  шет  ел,  «ауыр 
темір» – лом, «темір тор, тікенек сымның ар жағы» – түрме, т.б. 
Австралияның оңтүстігінде теңіз алыптары (киттер) қырылуда («Хабар»). 
Онсыз  да  ата-баба  тәжірибесінен  білетін  қыр  баласы  осы  кәсіптен  мол  пайда 
табамын деп ойлайды («Елден хабар», М. Баймолда). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет