Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет122/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

Солтүстік еркелерін (страустар) Африкадан солтүстік аймаққа әкелу екінің бірінің 
қолынан келмейді («Қазақстан», СҚО, А. Қабекеева). 


243 
 
Төрт  дөңгелекті  көлік  шығарудан  жапондықтар  алты  құрлықтың  алдында  келеді 
(«НТК»). 
Ақпараттық  хабар  тілінің  басым  бөлігін  саяси  эвфемизмдер  құрайды.  Мұның  басты 
себебі,  саяси  қоғам,  халық  өмірінде  болып  жатқан  әлеуметтік  мәселелерді  бағалауыштық 
мәнде  жеткізу,  екіншіден,  қоғамда  болып  жатқан  қылмыстық  істер,  кереғар  қылықтарды 
халық  санасына  ишараттап  беру,  үшіншіден,  журналистердің  уақыт  ұту  мақсатында  дайын 
қалыптарды  қолдануы.  Алғашқы  аталған  екеуі  кейде  жаңа  ұғымдар  туындатып,  байыптап, 
дамытуға  әрекет  жасаса,  үшіншісі,  керісінше,  тілдің  дамуына  кедергі  жасайды.  Қоғамдық 
өмірдің  әр  алуан  саласына  тән  терминдер,  номенклатуралық  атаулардың  эвфемизмге 
айналуы тележурналистердің меншігінде  [5, 280-305]. 
Тіл  мен  қоғамның  өзара  тығыз  байланысы  –  екі  жақты  байланыс.  Біріншіден,  тілсіз 
ешбір  қоғам  өмір  сүре  алмайды.  Тіл  жоқ  жерде  адамдардың  қоғамда  бірлесіп  еңбек  етуі, 
қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, 
адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір құралы  – тіл қажет. Тіл – адам 
баласы  қоғамының  өмір  сүруінің  және  дамуының  қажетті  шарты.  Екіншіден, тіл қоғам  бар 
жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің басты шарты. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  тілін  тіл  ғылымында  әдеби  тілдің  функционалдық 
стильдерінің ішіндегі публицистикалық стильге жатқызамыз. Қалың көпшілік публицистика 
деп  мерзімді  басылымдарды  ғана  қарастырады.  Ал  дұрысында  публицистикалық  стильге 
газет,  журнал,  радио,  теледидар,  деректі  фильмдер  тілі  жатады.  Публицистикалық  стиль 
деген ұғым негізінен қарым-қатынастың ерекше типі болып табылатын БАҚ-тың тілі  деген 
түсінікпен төркіндес болып келеді. 
Қазіргі  таңда  бұқаралық  ақпарат  құралдары  саяси,  қоғамдық  пікірді  туғызуда  ақпарат 
тарату  тәуелдігі,  бұқаралық  сипаты  мен  пәрменділігі  арта  түсіп,  «төртінші  билік  әлеміне» 
айналды. Ақпарат құралдарының жетілуіне сай ақпарат өрісі кеңейе түсті. Мұның өзі әдеби 
тілдің  жалпы  лексикалық  жүйесіндегі  көптеген  лексика-морфологиялық  бірліктердің  газет, 
микрафон  материалдары  тілінде  сақталуына,  «мамандандырылуына»,  стандарттар  мен 
үйреншікті сөз орамдарының көбеюіне түрткі болады.  
Ақпарат  жеткізуші  БАҚ  құралдарының  қызметтері  ортақ  болғанымен,  олардың 
ақпаратты  жеткізуде  бір-бірінен  айырмашылығы  бар.  Электронды  ақпарат  құралдары 
(теледидар,  радио)  ақпаратты  аса  бір  ұшқырлықпен  жедел  түрде,  яғни  оқиғаны  болған 
жерінен сол сәтінде жеткізуімен ерекшеленеді [6, 14].   
Бүгінгі таңда БАҚ тілін зерттеудің қоғамдағы орны айрықша. Әсіресе, аудио-визуалды 
ақпараттық құрылым болып табылатын теледидардың қоғамдық санаға және тілдің лексика-
фразеологиялық,  функционалдық-стильдік  жүйесіне  тигізетін  әсері  ерекше.  Осыған 
байланысты  теледидар  тіліндегі  тілдік  құбылыстарды  жете  зерттемей,  оның  оқырманға 
әсерін,  ықпалын  білу,  қоғамдық  пікірді  қалыптастырудағы,  қоғамдық  сананы  көтерудегі 
орнын  айқындау  мүмкін  емес.  Осы  мәселені  басшылыққа  ала  отырып,  зерттеу 
жұмысымызды теледидар хабарларының тілдік ерекшеліктерін анықтауға арнадық. 
Шет ел, орыс тіл білімі және отандық тіл білімінде де БАҚ құралдарының ішіндегі ең 
көп  әрі  жан-жақты  зерттелген  саласы  –  газет  тілі.  Теледидар  мен  радио  осы  саладан  кеш 
дамуына қарай, зерттелу жағынан да кенже  дамып келе жатқан сала екендігін айтамыз. Ал 
орыс  тіл  біліміндегі  С.В.  Светананың  «Телевизионная  речь»  атты  еңбегі  –  теледидардың 
сөйлеу тілін зерттеген алғашқы да маңызды еңбек болып табылады. Бұл еңбекте теледидар 
тілінің  ерекшелігі  жан-жақты  ашылып  зерттелмегенімен,  теледидардың  тілі  «сөйлесім» 
ретінде қарастырылған.  
Қазақ тіл білімінде теледидар тілі арнайы зерттелмегенімен, оның стилін, тіл тазалығын 
Р.  Сыздықова,  М.  Серғалиев,  Н.  Уәлиев,  Б.  Омарұлы,  Б.  Тілеухан    мақалаларына  арнайы 
тақырып етті.  
Теледидар – ақпарат таратудың ұшқыр (мобильді) органының бірі. Осыған орай қазақ 
тіл  білімінде  арнайы зерттеу  жүргізілмей,  назардан  тыс  қалып келе  жатқан  теледидар тілін 


244 
 
бөлшектелген түрде емес, тұтас жүйе және құрылым ретінде қарастыру тың зерттеуді талап 
ететіндігіне көз жеткіздік. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Сыздықова Р., Ниеталиева Қ. Радио мен теледидар тілі // Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі / Жауапты 
ред. Р. Сыздықова. – Алматы: ҚазССР-нің Ғылым баспасы, 1987. – 198-121 бб. 
2 Егоров В.В. Телевидение и зритель. – М.: Мысль, 1977. – С. 196. 
3 Юровский Л.Я. Телевидение – поиски и решения. – М.: Искусство, 1983. – С. 118. 
4 Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы): Филол. ғыл.  докт. дис. – Алматы, 1999. – 15 б. 
5 Ахметов Ә. Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер. – Алматы: Мектеп, 1995. – 280-305 бб. 
6 Омашев Н. Қазақ теледидары және оның ұлттық табиғаты // Қазақстан мектебі. – 1994. – № 3. – 14 б. 
 
ӘӨЖ 004.81: 159.9 
ТАЛАСПАЕВА ЖАНАР СЕРКЕШОВНА 
АБДРЕШОВА ПЕРИЗАТ РАХАТОВНА 
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
Петропавл, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет