186
Осының қайсысынан бастап бәйбішеге байланысарын біле алмай отырғанда,
Жұманның қолына бәйбішенің өзі ілінді, қапысыз ілінді...
Ерінің ашуын алғысы келіп, өзіне ең жақын ұстайтын сауыншы әйел Күңшеге Көпей
бәйбіше:
-
Қол тиірменді әкеліп, құймақ жасай қойшы, - деп еді, Күңше далада ұзағырақ
айналып қалып, қайта кірді де:
-
Апасы-ау, қай түйеге артылып еді? Таба алмадым, - деді.
Онсыз жарылғалы отырған Жұман қол тиірмен сияқты кесек себепті құр өткізе
алмай:
- Біреу жеп қойғаны да! Жұтып жібергені де! Сенің нәрсең табылушы ма еді! Қай
түйеге артқаныңды қайдан білейін деп ең сен көк ми! – деп, Көпей бәйбішені орынсыз
жазғырып, алқымына келіп тірелген ашуға булығып, әрең тоқтады. Аузына қай сөз түссе
де, қайтарғысы келмеп еді, ашу буды да, қор қылды» [3, 19-20].
Ашу қысқан ерінің көңілін табуды ойлаған ақылды бәйбішенің бейнесін қалыпты
тұрмыстық өмірді көрсету арқылы шебер суреттеген. Қазақ халқының ұлттық болмысында
ананы отбасының қамқоршысы, елдің ұйытқысы, береке-бірліктің бастаушысы деп санаған.
«Ашық қара көзді, келте мұрындау, сұңғақ бойлы Айғанша кергіп-керіліп отыра да
алмайтын еді. Әр кезде желе жортып үй жабдығында жүреді. Астыңғы ерні әлі шиедей
қызарып тұратын жас әйел қазірдің өзінде бәйбішедей сыланатын болды. Бұл өңірде ерімен
қатар отырып, тамақты бірге ішетін әйел де – осы ғана. Бар қылығы бойына жарасып
тұрады деген атаққа шығып бара жатқан әйел де – осы» [3, 27]. Қазақ әйелінің бойына
біткен жарасымдылық пен сұлулықтық үйлесіп келіп, қылықты, іскер бәйбішенің образын
тудырады.
Жазушы «ана» концептісіне тірек болатынын «ана» сөзінің ассоциация арқылы
берілуіне жиі барған. Белгілі бір ұғымды білдіруде жазушы бұрынғы тәжірибелер мен
жаңадан қабылданған түсініктер арасындағы байланысты берік ұстанған. Сан ғасырлық
әдебиетімізде әйел ананың жан жүйесі, сырлы әлемі, нәзіктігі мен сұлулығы, даналығы мен
адамгершілігі ерекше тақырып ретінде қалыптасты.
Ал мына мысал қазақ халқының әйел мен бойжеткен қыздың көпшілік жиналған
жердегі әдеп нормасының тілдік дәйегі болып табылады:
– Ие, жай келген жоқсың ғой. Апаңның дені сау ма? Ұялатын боп, бой жетіп
қалыпсың ғой өзің!.. – деген Айғаншаның ақырын сыбыры еміс-еміс қана естіледі де,
Достарыңызбен бөлісу: