Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет82/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   204
Ойбай-ай!  –  деді.  –  Албасты  басқыр,  неғып  тұрсың  жүгірмей!…  (Ғ.  Мүсірепов 
“Ұлпан”). 


188 
 
Ашпа аузыңды, жықтыр үйіңді! Көш жайлауға! Ызаланып келген Ұлпан әр  сөзімен 
тоқпақтай соққылап жаншып тастады (Ғ. Мүсірепов  “Ұлпан”). 
Торсанның  бейітіне  ешкім  келіп  құран  оқымайды  екен.  Бұл  енді  қорлаудың  үлкені. 
Бейітінде  тым  болмаса  бір  шыбық  шанышқан  белгі  де  жоқ,  бет  тақтайлары  көрініп 
опырылып жатыр. Балалары әкесін көмген күні, ұмытып та болған. Осының бәрін ел Сибан 
Ұлпанның қарғысынан деп есептейді (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). 
Бұл келтірілген мысалдар арқылы әйелердің ашуланғанда ішкі сезімдерін күшпен емес, 
сөзбен жеткізіп отыратындығын аңғаруға болады. Өйткені әйелдер өзге адамға күш көрсете 
алмайды.  Ашу  үстінде  айтылған  күш  көрсетуге  қатысты  сөздерді  күндесін  қорқыту, 
сескендіру  үшін  айтады.  Сөздің  артында  ешқандай  жаман  пиғыл  болмайды.  Бұндай 
жағдайлар көбінесе ұрысу кезінде жиі байқалады. Бірақ,  олардың ашуы тез қайтады. Әйел 
заты  сезімтал  болып  келеді.  Олар  қайғы-мұңдарын  ішінде  сақтап  жүргеннен  гөрі,  бар 
құпиясын басқа біреулерге ақтарып, мұңын басып, шерін тарқатқанды жақсы көреді.  
Әйел адамдар қарым-қатынасындағы тағы бір ерекшелігі – қаратпа сөздерді қолдануы. 
Әйелдердің қолданатын қаратпа сөздері ерлерге қарағанда өзгеше болады. Қазақ этикетіндегі 
қаратпа сөздер қатары мен түрлері мол екені белгілі. Әйел адам өмірінің көп бөлігін отбасы 
қамқорлығына, бала тәрбиесіне арнайды, себебі олар табиғи тумысынан тәрбие беру үрдісіне 
бейім  болады.  Балаға  деген  махаббатын,  мейірімін  көрсету  үшін  жақсы  көру  мәніндегі 
еркелету лексикасын көп қолданады.  
Қазақ  халқы  үшін  мал  шаруашылығы  ата-бабаларымыздың  ең  негізі  кәсібі  болғаны 
мәлім.  Әсіресе,  төрт-түлікті  бағалап,  ерекше  құрмет  тұтып,  оларға  қамқорлық  көрсеткен. 
Сәбилерін жақсы көргенде, еркелеткенде малдың төлдеріне теңейді.  
Төлдерге  теңеудің  ішінде  көп  кездесетіні  –  жылқының  құлынына  теңеу.  Әсіресе, 
жаңадан  тәй-тәй  басқан,  сәбидің  жүрісі  құлынның  ойнақшыған  шабысына,  сүйкімділігіне 
ұқсап, ана көзіне сәби сол тайдың құлынындай болып елестейді. “Құлыным”, “ақ тайлағым” 
лексикасы  тек  еркелеткенде  ғана  емес,  қарапайым  қарым-қатынаста  қаратпа  сөз  түрінде  де 
айтыла береді. Мысалы: 
–  Күнім,  құлыным!  Өкпем,  жүрегім!…  Шәйзанның  аң-таң  қалғаны  сонша,    әуелі 
шешесін тани алмай қалды. [3, 542]. 
Төрт  түліктің  ішіндегі  киелісі  түйенің  ботасына  теңеу  де  жиі  кездеседі.  Бота  өзінің 
бұйра  шүйдесімен,  маң-маң  басқан  жүрісімен,  мөлдіреген  үлкен  көздерімен  сүйкімді 
көрінеді. Әйелдер көбінесе ботаға қыз баланы жиі теңейді. Ботакөз, Ақбота есімдерін қыз 
балаға қою содан қалған. Мысалы: 
–Апа  мен  тонып  қалдым,  –  деді.  Бұл  оның  күндегі  әдеті.  Қорқамын  дейді,  тоңдым 
дейді, әйтеуір бір сылтау тауып шешесінің қасына біраз еркелеп жатып кетеді.  
–Келе ғой,  ботам  – дейді  Ұлпан. Біжікен келген бойы бет аузын  шешесінің кеудесіне 
көміп жіберіп, аймалай берді (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). 
Сондай-ақ  қойдың  төлі  қозыға  теңеу  де  көп  кездесетін  еркелету  лексикасының  түрі. 
Әйелдер  “қозым”,  “қоңыр  қозым”  немесе  “қошақаным”  деп  баласын  еркелете  береді. 
Әсіресе шашы бұйра баласын “қозым” деп жиі айтады.  
Ертеде  қазақ  халқы  көкке  табынған,  тәңірге  жалбарынған.  Аспандағы  жарық  беретін 
күн, ай, жұлдыз аспан планеталары символ болған.  
Аналарының  “күнім”,  “жарығым”,  “сәулем”  деп  еркелетуі  сәбиін  тазалықтың, 
өмірдің нұры деп есептеуінен. Мысалы:  
Қолымен жерге сүйеніп отырып: 
– Мынаны қарашы, сәулем қалай әдемі ұйықтайды, – деді.  (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). 
Еркелетуде  бұлардан  басқа  әсем,  қымбат  асыл  тастардың,  оның ішінде  алтынға  теңеу 
де жиі кездеседі.  
Көзінің қарашығына қатысты “қарашығым” еркелету лексикасы бар.  
“Айналайын”  еркелету  сөзі  ескі  діни  ырымдармен  байланысты  айтылады.  Бұл  сөз 
Индо-герман тұқымдас халықтардың ертедегі жырларында сиқырлау, дуалау деген мағынада 
қолданылған. Айналайын сөзі жақсы көру, еркелету мәнінде қалып қойған. Мысалы: 


189 
 
Айтолқынның  бәлденіп  –  баптанып  болуына  қарамай  Шынар  Ұлпан  тобына  барып 
қосылып қалды. Құшақтаса кетердей өлгенше қарап келіп еді, Ұлпан да сондай күйде екен. 
– Сенбісің-ей, айналайын?–деді (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет