Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет106/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   135

Негізгі бөлім. 

Жоғары қауіп көзінен келген зиян орнын өтеудің ерекшеліктері.  

Қызметi  айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты заңды тұлғалар 

мен  азаматтар  (көлiк  ұйымдары,  өнеркәсiп  орындары,  құрылыстар,  көлiк  құралдарының 

иелерi  және  т.б.),  егер  зиян  дүлей  күштердiң  немесе  жәбiрленушiнiң  терiс  пиғылының 

салдарынан  пайда  болғанын  дәлелдемесе,  жоғары  қауiптiлiк  көздерi  келтiрген  зиянды 

өтеуге  мiндеттi.  1.Зиянды  өтеу  мiндетi  меншiк  құқығымен,  шаруашылық  жүргiзу 

құқығымен немесе  жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен 

(мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру 

туралы құзіреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды 

тұлғаға  немесе  азаматқа  жүктеледi.  2.  Жоғары  қауiптiлiк  көздерiнiң  иелерi  қауiптiлiк 

көздерiнiң өзара iс-қимылының (көлiк құралдарының соқтығысуы және т.б.) салдарынан 

үшiншi  тұлғаларға  келтiрiлген  зиян  үшiн  осы  баптың  1-тармағында  көзделген  негiздер 

бойынша  ортақ  жауапты  болады.  Жоғары  қауiптiлiк  көздерiнiң  өзара  iс-қимылы 

салдарынан олардың иелерiне келтiрiлген зиян жалпы негiздерде өтеледi. Бұл орайда:  

1) бiр тараптың кiнәсiнен келтiрiлген зиянды осы тарап толық көлемiнде өтейдi;  

2)  екi  немесе  бiрнеше  тараптың  кiнәсiнен  келтiрiлген  зиян  олардың  әрқайсысының 

кiнәсiнiң дәрежесiне сай өтеледi. Тараптардың әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiн белгiлеу 

мүмкiн  болмаған  кезде  жауаптылық  олардың  арасында  тең  бөлiнедi.  Зиян  келтiруде 

тараптардың  кiнәсi  болмаған  кезде  олардың  бiрде-бiреуiнiң  зиянды  өтеудi  талап  етуге 

құқығы  жоқ.  Тараптардың  әрқайсысы  мұндай  жағдайда  өзi  шеккен  шығындар  тәуекелiн 

көтередi.              3) Жоғары қауiптiлiк көзiнiң иесi, егер қауiптiлiк көзi басқа тұлғалардың 

заңға қарсы iс-әрекеттерi салдарынан иеленушiнiң иелiгiнен шыққанын дәлелдесе, осы көз 

келтiрген зиян үшiн жауап бермейдi. Мұндай жағдайларда жоғары қауiптiлiк көзi келтiрген 

зиян  үшiн  ондай  көздi  заңға  қайшы  иеленушiлер  жауап  бередi.  Жоғары  қауiптiлiк  көзiн 

оның  иелiгiнен  заңға  қайшы  алуда  иеленушiнiң  кiнәсi  болған  жағдайда  жауаптылық 

иеленушiге де, жоғары қауiптiлiк көзiн иеленген тұлғаларға да жүктелуi мүмкiн. /2/ 

 Қызметi  басқа  адамдарға  қауiп-қатермен  байланысты  жеке  және  заңды  тұлғалар, 

егер  зиянның  келтiрілуi  бой  бермейтiн  күштiң  салдарынан  немесе  зардап  шегушiнiң 

қасақаналығынан болғаны дәлелденбесе, қатерлi орын туғызу арқылы келтiрілген зиянды 

өтеуге  мiндеттi.  Қатерлi  орын  туғызу  иесi  келтiрiлген  зиян  үшiн  қазiргi  заң  негiзiнде 

белгiленетiн  мөлшерде  жауап  бередi. Мысалы:  94-бап.  Айналасындағыларға  жоғары 


791 

 

қауіптілік  төндіретін,  жол  жүрісі  саласындағы  қызметтен  келтірілген  зиян  үшін 



жауаптылық/3/. 

1. Жеке және заңды тұлғалардың жол жүрісі саласындағы қызметі айналасындағыларға 

жоғары  қауіптілік  төндіретін  қызметке  (жол  жүрісі  саласында  тәуекелдері  бар  ұйымдар, 

көлік құралдарының иелері және тағы басқалар), ал көлік құралдары мен жолдар жоғары 

қауіптілік 

көзіне 


жатқызылады. 

       2.  Қызметі  жоғары  қауіптілікпен  байланысты  жеке  және  заңды  тұлғалар  жоғары 

қауіптілік көзінен келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде 

белгіленген 

тәртіппен 

өтеуге 


міндетті.  

       Жүзеге  асырылуы  адамның  оны  толық  бақылауға  алуына  келмейтiндiктен  зиян 

келтiретiн  қатерлi  орын  туғызатын  кез  келген  әрекеттер,  сондай-ақ  осындай  сипаттағы 

өндiрiстiк, шаруашылық және басқа да бағыттағы заттар мен өзге объектілердi пайдалану, 

тасымалдау,  сақтау  жөнiндегi  қызмет қатерлi  орын  туғызушы  болып  танылады.  Соттар 

заңды тұлғалар мен азаматтардың үй (оның iшiнде қызмет және күзетшi иттерiнiң) және 

жабайы  жануарларының  зиянды  және  бақылауға  келмейтiн  қимылдарын  кейбiр 

жағдайларда  қатерлi  орын  туғызушыға  жатқызуға  болатындығын  ескеруi  тиiс.   

      Қатерлi орын туғызушылардың қимылынан келтiрiлген зиян үшiн оларды арнайы /4/ 

мақсатпен пайдалану кезiнде және зиянды сипаттарының өзiнен-өзi пайда болуы кезiнде 

де  жауапкершiлiк  туындайды  (мысалы,  автокөлiктiң  өзiнен-өзi  жүрiп  кетуi  салдарынан 

болған 


зиян).   

         Қатерлi  орын  туғызушыны  пайдалануды  меншiк  құқығы,  шаруашылық  жүргiзу 

құқығы, оперативтiк басқару құқығы ретiнде немесе басқа да негiздер бойынша (жалға 

алу  келiсiм  бойынша,  көлiк  құралын  жүргiзу  туралы  сенiм  хат  бойынша,  құзыреттi 

органның  қатерлi  орын  туғызушыны  тапсыру  туралы  өкiмi  бойынша)  иелену  негiзiнде 

жүзеге  асыратын  заңды  тұлғаны  немесе  азаматты  қатерлi  орын  туғызу  иесi  деп  тану 

керек.  

/7/ 


       Қатерлi  орын  туғызушыны  оның  иесiмен  еңбек  шарты  бойынша  басқарып  отырған 

адам (жүргiзушi, машинист, оператор және т.б.) қатерлi орын туғызушының иесi болып 

танылмайды және зардап шеккен адамның алдында жауапты болмайды. Егер автокөлiк 

кәсiпорындары және басқа да кәсiпорындар автомашиналарын өзiнiң жұмысшыларына, 

яғни  кәсiпорынмен  еңбек  қатынастарында  болып,  кәсiпорын  мүддесiнде  еңбек  еткен 

адамдарға  жалға  беру  шарты  бойынша  тапсырса  және  көлiк  құралы  нақты  айтқанда 

кәсiпорынның иелiгiнен шықпаса, онда келтiрiлген зиян үшiн қатерлi орын туғызу иесi 

ретiнде 


кәсiпорын 

жауапты 


болады.   

         Қатерлі  орын  туғызушылардың  өзара  әрекеттестiгi  нәтижесiнде  олардың  иелерiнiң 

денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, соттар келтiрiлген зиян үшін жауапкершілiктiң 

жалпы 


негiздер 

бойынша 


туындайтынын 

ескеруi 


керек. 

Бұл 


орайда:   

      - бiр иегердiң кiнәсi бойынша екiншi иегерге келтiрiлген зиянды кiнәлi жақ өтейтiнiн;   

      



иегердiң 



өз 

кiнәсiнен 

өзiне 

келтiрiлген 



зиянның 

өтелмейтiнiн;   

       -  екi  иегер  кiнәлi  болған  жағдайда  зиянды  өтеу  мөлшерi  әрқайсысының  кiнәсiнiң 

дәрежесiне 

сәйкес 

анықталатынын;   



       -  қатерлi  орын  туғызушы  иелерiнiң  бiр-бiрiне  зиян  келтiргендiгiнiң  кiнәсi  болмаған 

жағдайда  (оның  мөлшерiне  қарамастан)  олардың  ешқайсысы  өтеу  құқына  ие 

болмайтынын  ескеру  керек.  Жоғары  қауіп  көздерінің  бір-бірімен  соқтығысуының 

салдарынан үшінші адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда жоғары 

қауіп 

көздерінің 



иелері 

бірлесе 


жауапкершілік 

көтереді. 

        Егер  иегер  өзiнiң  кiнәсiнен  емес,  басқа  адамдардың  заңсыз  әрекеттерi  салдарынан 

қатерлi  орын  туғызушының  оның  иеленуiнен  шығып  кеткенiн  дәлелдесе,  онда  ол  зиян 

үшiн жауапкершiлiкке тартылмайды. Мұндай реттерде қатерлi орын туғызушының нақты 

иегерi  болған  адамдардың  жауапкершілігi  жалпы  негiздер  бойынша  белгіленедi.   

      Егер зиян басқа адамдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан иегердiң иелiгiнен шығып 

кеткен  жағдайда  ғана  емес,  иегердiң  де  кiнәсынан  болған  жағдайда  (мысалы,  иегердiң 



792 

 

қатерлi  орын  туғызушының  тиiстi  түрде  сақталуын  қамтамасыз  етпеуi),  жауапкершілiк 



қатерлi  орын  туғызушыны  тiкелей  пайдаланып  отырған  адамға  да,  оның  иесiне  де 

жүктеледi. 

Мұндайда 

жауапкершілiк 

үлес 

бойынша 


жүктеледi/5/.   

 

Қорытынды. 

Қылмыстық құқыққа қарағнада азаматтық құқықта құқық дәлелдегенше кінәлі деп 

танылады. Міндеттеменің орындалуы үшін тарап барлық тиісті шаралырды қолданса, онда 

тарап кінәсіз деп танылады. Егер азаматтық айналымға қатысушылардың біреуі құқыққа 

қарсы  әрекетімен  азаматтық  айналымды  бұзатын  болса,  әрекет  салдарынан  зиянның 

болғанын  зиян  келген  тарап  қана  біледі.  Сондықтан  осы  тарапқа  зиянның  болуы  және 

құқыққа  қарсы  әрекетімен  құқық  бұзушының  арасындағы  себепті  байланысты  дәлелдеу 

фактілері жүктеледі. Алайда талапкер құқық бұзушының міндеттемені орындауды қандай 

шаралар қолданғанын және оның санасында қандай психикалық процестер қалыптасқаны, 

құқық бұзушының байқаушылық дәрежесі қандай боландығын біле алмайды сол уақытта 

құқық  бұзушыға  осының  барлығы  белгілі  болады.  Талапкерге  қарағнада  өзінің 

дәлелдемелерін  келтіре  отырып,  құқық  бұзушы  кінәсіздігін  дәлелдей  алады.  Сондықтан 

азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің кінәсіздігін дәлелдегенше кінәлі болып есептеледі. 

Сонымен қатар азаматтық заң бекіткендей құқық бұзушының кінәлік презімпйиясы туралы 

сотқа талапкерде өзінің дәлелдемелерін келтіре алады. Азаматтық айналымдағы қатардағы 

субьектілермен бірге өзінің кәсіпкерлік қызметін тәуекелге бел буып жүргізетін тауар-ақша 

қатынасындағы  кәсіпкерлер  де  қатыса  алады.  Осыған  байланысты  кәсіпкерлік  қызметті 

жүзеге  асырудағы  азаматтық  құқықтық  жауапкершілік  тәекел  кезінде  құрылады. 

Азаматтық  кодекстің  359-5  1  бабының  2  бөлігі  және  360  бабында  былай  делінген: 

“кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асырған  кезде  міндеттемені  орындамаған  немесе  тиісті 

дәрежеде  орындамаған  адам,  егер  бой  бермейтін  күштің,  яғни  осы  жағдайлар  кезіндегі 

төтенше  және  тойтаруға  болмайтын  мән  жайдың  (дүлей  құбылыстар,  соғыс  қимылдары 

және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағанын дәлелдей алмаса, 

мүліктік жауаптылықта болады.” Ондай мән жайларға атап айтқанда, міндеттемені орындау 

үшін  қажетті  тауарлардың  жұмыстардың  немесе  қызмет  көрсетудің  рынокта  болмауы 

жатпайды. Егер міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлде бір жұмысты орындау 

көзделсе, жұмыстың нәтижесін пайдаланудың мүмкін еместігі немесе оны пайдаланудың 

тиімсіз болу тәуекелі кәсіпкерге жүктеледі. Кәсіпкерге міндеттемені орындамағаны немесе 

тиісті дәрежеде өзінің кәсіпкерлік қызметін орындамағаны үшін көтеріңкі жауапкершілікте 

болады. Ол тіпті міндеттемені кәсіпкерлік қызметін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде 

кездейсоқ орындалмағаны үшін жауапкершілікте болады. Алайда, кәсіпкерлік қызметпен 

байланысты емес міндеттеме кәсіпкер қатысы оның жауапкершілігі тәуекел ету барысында 

емес,  кінәсіне  қарай  болады.  Кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асырудағы  кәсіпкердің 

жауапкершілігі шексіз емес. Егер міндеттемені орындауда бой бермейтін күштің әсерінен 

кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  мүмкін  болмағандығын  дәлелдей  алса,  кәсіпкер 

жауапкершіліктен  босатылады.  Бұл  ережеде  диспозитивті  сипатта  екендігін  естен 

шығармау  керек.  /6/  Осы  сұрақтың  басқа  шешімі  заңда  немесе  шартта  көзделуі  мүмкін. 

Азаматтық  заңдылық  негіздеріне  сәйкес  келтірілген  зиян  үшін  жауапкершілік  егер  оның 

кінәсінен болмағандығын дәлелдей алса, залады өтеуден босатылады. Тасымалдау шартын 

бекіту кезінде тараптар егер кінәсі бомаған жағдайда жауапкершіліктен босатуды белгілеуі 

мүмкін. Көтеріңкі қауіппен байланысқан (транспорт  ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар, 

құрылыстар,  автотранспорт  құралдарының  иелері  және  т.б.)  азаматтар  және  заңды 

тұлғалар,  егер  бой  бермейтін  күштің  немесе  талапкердің  қасақана  әрекетінен  зиянның 

келгендігін  дәлелдей  алмаса,  көтеріңкі  қауіптің  қайнар  көзімен  келген  зиян  үшін  жауап 

береді. Көтеріңкі қауіптің қайнар көзі ретінде көрсетілген обьектімен толық адам басқара 

алмайтын, өзінің зиянды қасиеттерімен ерекшеленетін материалдық обьектілер танылады. 

Мысалы,  автомобильді  қас  қағым  сәтте  тоқтату  мүмкін  емес,  өйткені  қоршаған  ортаға 

көтеріңкі  қауіп  туғызады.  Көтеріңкі  қауіптің  қайнар  көздерінің  иелері  көтеріңкі 


793 

 

жауапкершілікті  қолдану  (кінәсіне  қарамастан)  оларды  көтеріңкі  қауіп  қайнар  көздеріне 



әрдайым  мұқият  бақылап  отыруға  ықпал  етеді.  Сақтау  қызметімен  байланысты  ұйым 

мүліктің  зақымдану  немесе  кемшілігі  бой  бермейтін  күштің  әсерінен  болса, 

жауапкершіліктен  босатылады.  Алайда  азаматтық  заңдылықпен  бекітілгендей  кінәсіне 

тәуелсіз  жауапкершілікті  белгілеу  шексіз  емес.  Кейбір  жағдайларда  егер  талапкердің 

қасақана  әрекетінің  салдарынан  болғандығын  дәлелдей  алса,  жауапкершілікке 

тартылмайды. Көп ретте бой бермейтін әрекеті орын алса, жауапкершілік қолданылмайды. 

Ережеден  тыс  СССР-дің  әуе  кодексінің  101  бабына  сәйкес  самолетті  қондыру,  ұшыру 

кезінде жолаушыға келтірілген зиян үшін бой бермейтін күшке қарамастан әуе транспорт 

кәсіпорны  жауапкершілікке  тартылады.  Осыған  байланысты  оқиға  және  бой  бермейтін 

күшті ажыратып алуымыз керек. Оқиға бұл  алдын ала  ешкім көруі мүмкін емес жағдай. 

Егер оқиға орын алса, онда кінәнің де болуы мүмкін емес. Алдын ала көріп білуге мүмкін 

болмағандықтан, оқиға субьективті қарсы тұра алмаушылығымен сипатталады. Сонымен 

қатар тарап бола алатын оқиға туралы білсе, онда оның алдын алуға мүмкіндік болар еді. 

Мысалы,  сауды  ұйымы  халықтың  әкелінген  тауарға  сұранысының  төмендейтінін  білген 

болса,  онда  өзінің  сауда  айналымын  тоқтатпас  ішін  басқа  тауар  әкелетін  еді.  Егер  оқиға 

субьективті  алдын-ала  алмаушылық  тән  болса,  бой  бермейтін  күшке  обьективтік  алдын 

алмаушылық тән. Оны көріп білу ғана емес, сонымен бірге оның алдын алуға мүмкіндік 

болса, да оған тараптың іс-әрекеті жеткліксіз. Мысалы, кеме жүк таымалдау міндеттемесіне 

сәйкес жүк иесі тиісті күнде жеткізе алатындығы білсе де, сол күні теңізде дауыл болуына 

байланысты  жеткізе  алмауы.  Бой  бермейтін  күші  ретінде  табиғат  құьылыстарын 

жатқызамыз  (жер  сілкінісі  су  тасқыны,  дауыл  т.б.)  сонымен  қатар  қоғамдық  құбылыста 

(әскери әрекет, көтеріліс, міндеттемеде көзделген іс-әрекетке тиым салушы құзіретті билік 

органдарының  бұйрығы  және  т.б.)  Алайда  міндеттемені  орындауда  бой  бермейтін  күш 

ретінде  саналмайды.  Жыл  мезгілдерінің  ауысуына  жоя  алмаушылық  тән,  алайда  ол 

төтеншелік  белгісі  жоқ  әдеттегі  құбылыс.  Сондықтан  берілген  берілген  жағдай  бой 

бермейтін  күшінде  саналмайды.  Бой  бермейтін  күш  ретінде  кісі  өлімін  қарастыруға 

болмайды, өйткені оның төтенше қасиеті жоқ. Бой бермейтін күшке берілген мысалдағыдай 

төтеншелік  және  жоя  алмаушылық  қасиеті  тән.  Ал  басқа  жағдайларда  міндеттемені 

орындау кезінде тарапқа бой бермейтін күш әсер етуі мүмкін, ал кейбірінде міндеттемені 

орындауға  кедергі  болатын  әдеттегі  құбылыс  ретінде  қарастырылады.  Дауыл  туралы 

хабарлаған кезде кеме теңізге шығып кеткен болса және жақын жердегі портқа келе алмаса, 

онда  дауыл  бой  бермейтін  күш  ретінде  қарастырмайды.  Ғылыми  техникалық  прогрестің 

дамуымен  байланысты  бой  бермейтін  күш  түсінігі  пікірлер  көбеюде.  Бұрынғы  бой 

бермейтін күш ғылым және техника жетістіктеріне байланысты төтеншелік белгісі болып 

немесе жоя алмаушылық белгісінің бірі ретінде саналып, бой бермеітін күш маңызын5 4 

жоғалтып  отыр.  Қазір  техника  жетістіктеріне  байланысты  азаматтық  қатынасқа 

қатысушылар оны бой бермейтін күшке жатқызбайды /7/. 

 

 



Пайдаланған әдебиеттер: 

1.

 



Ответственность  за  нарушение  гражданско-правового  обязательства.  Алматы, 

«Әділет-Пресс», 1997 г 

2.

 

ҚР Азаматтық кодексі, 931-бап 



3.

 

Жол жүрісі туралы ҚР Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі #194-V  



4.

 

Төлеуғалиев Ғ. І том. ҚР азаматтық құқығы. Алматы 2001 ж 



5.

 

Соттардың  денсаулыққа  келтірілген  зиянды  өтеу  жөніндегі  Республика  заңдарын 



қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 

нормативтік қаулысы 1999 жылғы 9 шілде N 9 

6.

 

«Кәсіпкерлік қызмет туралы» ҚР Президентінің Жарлығы. 1996 ж. тамыз. 



7.

 

Ответственность  за  нарушение  гражданско-правового  обязательства.  Алматы, 



«Әділет-Пресс», 1997 г. 

 


794 

 

УДК 342 



 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

Айтжан Марлен 

Сулейман Демирель Униыерситеті  

 

Мемлекеттік  қызмет  –  әр  елдің  барлық  даму  сатысындағы  басты  атрибут,  ал 



мемлекеттік  қызметшілер  –  өзгерістерді  негізгі  орындаушылар.  Қазіргі  заманғы  тиімді 

мемлекеттік  қызмет  және  басқару  құрылымын  жасаудағы  Мемлекет  басшысының 

Қазақстанның  2030  жылға  дейінгі  даму  стратегиясында  “Кәсіби  үкіметке”  басым  бағыт 

беруі тегіннен-тегін емес./1/ 

Осыған  орай,  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіруде 

мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруде басым бағыттардың бірін анықтап, оны жоғары 

халықаралық стандарттарға дейін жеткізу міндетін қойып, отандық мемлекеттік қызметте 

тез арада өзгерістер енгізуді қажет етуде. 

Әкімшілік  құқықтың    құрамдас  бір  бөлігі  мемлекеттік  қызмет  болып 

табылады.Мемлекеттік қызмет  – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік және 

мемлекеттік  қызметшілердің  мемлекеттік  органдардағы  биліктің  міндеттері  мен 

функцияларын  іске  асыруға  бағытталған  лауазымдық  өкілеттілігін  атқару  жөніндегі 

қызметі болып табылады. 

Мемлекеттік  қызметшілердің  құқықтық  жағдайларын  Қазақстан  Республикасының 

1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді./2/  

Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  қызметтің  ұйымдастырылуы  мен 

атқарылуы  келесі  принциптертермен  негіз  алады:  заңдылық,  қазақстандық  патриотизм, 

мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының 

және  заңды  мүдделерінің  мемлекет  мүдделері  алдындағы  басымдылығын;  Республика 

азаматтарының  мемлекеттік  қызметке  қол  жеткізуге  және  өз  қабілеттері  мен  кәсіби 

даярлағына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және заңның 3-

ші бабында айтылған тағы басқа принциптері. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының 

құрамына мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау 

негізінде  кіруі,  ал  мемлекеттік  әкімшілік  қызметке  орналасуы  конкурстық  негізде 

жүргізіледі.  Мемлекеттік  қызметке  кіретін  адамдарға  мынадай  талаптар  қойылады:  олар 

Қазақстан Республикасының азаматтары болуы, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, 

кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.  

Ерікті  еңбек  ету  құқығы  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  24-бабына 

сәйкес: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына құқығы 

бар»./3/ Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады 

және  одан  өз  еркімен  шығып  кете  алады  дегенді  білдіреді.  Жұмыспен  айналысқысы 

келетінін,қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген 

бабында:  «Еріксіз  еңбекке  соттың  үкімі  бойынша,  не  төтенше  жағдайдайында  ғана  жол 

беріледі»делінген.  Бұл  егер  адам  қылмыс  жасаса  еріксіз  еңбек  ету  қолданылуы  мүмкін 

дегенді  білдіреді.  Сондай  ақ  жағдай  қоғам  мен  адам  қауіпсіздігіне  қауіп  төндірсе  олар 

құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін. Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны 

білдіреді.  Азамат  қайда  жұмыс  істегісі  келсе,  сонда  істей  алады.  Ол  мемлекеттік  ұйым 

немесе жеке меншік болуы мүмкін. Сондай ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және 

де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен т.б. 

айналысуы. 

Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтық субьектілері ретінде демократия мен 

құқық негізінде экономика, әлеуметтік – мәдениет және әкімшілік – саяси  аяларын басқару, 

қазақстан  мемлекеттілігінің  нығайту  және  қоғамды  реформалау  сияқты  міндеттерді 

шешуде  аса  маңызды  рөл  атқарады.  Елімізде  қоғам  мен  мемлекет  өмірінің  барлық 



795 

 

аяларында  жүргізіліп  жатқан  қайта  құруға  байланысты  түбегейлі  өзгерістер  мемлекеттік 



қызметшілерге  қойылатын  жаңа  талаптар  туғызды.  Нарықтық  қатынастарға  көшу 

жағдайында  мемлекеттік  қызметшілерге  қойылатын  жаңа  талаптар  туғызды.  Нарықтық 

қатынастарға  көшу  жағдайында  мемлекеттік  аппараттың  –  қызметі  нарықтық 

реформаларды  жүзеге  асырудың  міндеттеріне  толығынан  сай  келмейтін  болғандықтан 

мемлекеттік  қызметті  реформалаудың  мақсаты  қазіргі  және  келешектегі  саяси  және 

экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілеті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат 

құру.  Бұл  міндетті  шешім  мемлекеттік  қызметшілердің  тиісті  әкімшілік  –  құқықтық 

мәртебесін белгілеудіде қамтиды.  

Нарықтық  қатынастарға  көшу  жағдайында  мемлекеттік  аппараттың  қызметі 

нарықтық  реформаларды  жүзеге  асырудың  міндеттеріне  толығынан  сай  келмейтін 

болғандықтан  мемлекеттік  қызметті  реформалаудың  қажеттігі  пайда  болды. 

Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда 

жұмыс істей алатын қабілетті жаңа үлгідегі мемлекеттік апппарат, жоғары кәсіби білікті, 

құзіретті,  тиімді  және  тәртіпті  аппарат  құру.  Бұл  міндетті    шешу  мемлекеттік 

қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды. 

Соңғы кезге дейін заңнамаларда  «мемлекеттік қызмет» ұғымының түсінігі болмады. 

Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың (органдардың, кәсіпорындардың

мекемелердің  және  т.б)  қызметшілерінің  қызметтік  лауазымдарына  сәйкес  мемлекеттің 

міндеттері  мен  функцияларын  жүзеге  асыруға  бағытталған  және  мемлекет  ақы  төлейтін 

еңбек қызметін орындауы жатқызылды.Сонымен кез келген мемлекеттік ұйымдағы барлық 

қызметшілер мемлекеттік қызметшілер болып саналды. 

Мұндай  жағдай  1995  жылға  дейін  сақталып  келді.  ҚР-ның  1995  жылғы 

Конститутциясы  мемлекеттік  қызметке  кірудің  және  мемлекеттік  қызметші  лауазымына 

үміткерге  қойылатын  негізгі  қағиданы  белгіледі.  1995  жылы  желтоқсанда  ҚР-сы 

Президентінің  «  Мемлекеттік  қызмет  туралы»  заң  күші  бар  жарлығы  шықты  –  бұл, 

шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші –нормативтік –құқықтық акт 

еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999жылы 23 - шілдеде қабылданған. 

Конкурсты 2000 жылдың 1-ші қаңтар айынан бастап вакансиялары бар мамлекеттік 

органдарының өзі өткізетін болды.  Агенттік болса конкурстың бір этапын ғана өткізеді - 

кандидаттарды тестілеу. Бастапқы этапта тесттердің бастапқы мәндері дайындығы нашар 

кадрларды қабылдамауға мүмкіндік береді. Тестілеуден өткенді таңдаудан органдардың өзі 

жасайды.  Осылайша  әкімшілік  мемлекеттік  қызметке  таңдау  процедурасы  максималды 

ашық болады.     

Сол  уақытта  біздің  реалилерді  еспке  ала  отырып  конкурсың  ашық  және  жабық 

формаларын өткізе бастады, бұл жағдай біздің модельге иілгіш қасиетін берді. Одан басқа 

біздің  заң  берушінің  ерекшелігі  бір  категориялы  қызмет  ауқымында  бір  мемлекеттік 

органның ішінде қызметке конкурс негізінде тұру. 

Мемлекеттік қызметте әкімшілік қызметкерлердің тұрақты әрекет етуі үшін, орынсыз 

жұмыстан  шығарып  жіберуге  жол  бермеу  үшін  Заң  оларға  кепілдік  береді.Дегенмен 

мақсатқа сай қызмет ету керек./3/  

Бұл  заңда  келесідегі  жазылған,  саяси  қызметкерлердің  ауысуы  әкімшілік  қызмет 

етушілердің  жұмыстарынан  шығарылуыңа  себеп  болмайды.  Заңның  басқа  нормасымен 

мемлекеттік  органның  реорганизация  немесе  ликвидациядан  өтуі  жағдайында 

қызметкерлерге басқа жұмысқа тұрғызатынына кепілдік береді. 

Әкімшілік мемлекет қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы: 

•      Саяси      қызметкерлердің      ауысуы      әкімшілік      қызметкерлердің  жұмыстан 

шығарылып тасталуына себеп болмайды 

•   Әкімшілік мемлекеттік қызметке белгілі бір мерзімге келу 

•      Мемлекеттік  органның  реоргазизациясының  жағдайында  жаңа  жұмыс  орына 

тұрғызып беруі жайлы кепілдік беру 



796 

 

•      Тәртіпке  салу  немесе  жұмыстан  жығарып  жіберу  шараларын  қолдануғы  нақты 



себептердің болуы. 

Мемлекеттік қызмет заңының коррупцияға қарсы сипатының бар екендігін байқамай 

өтпеуге  болмайды.  Бұл  занда  бірінші  рет  мемлекет  қызметкерлерінің  ант  етуі,  мемлекет 

қызметкерлерінің арасындағы жеке қақтығыстары жайлы хабардар етілуі қарастырылған. 

Мемлекеттік  қызметке  келе  отырып  азамат  мемлекеттік  қызметте  болатын  шектеулерге 

келісетіні туралы қолхат жазып беруі керек./4, с 152/    

Мемлекеттік қызметкер жоғарыдан келген бұйрықтың засыздығы туралы күмәндаса, 

онда бұл  жағдай туралы өзбасшысыны немесе бұйрық  берген басшысыңа қолхат  жазып, 

жазып бергені туралы міндеттемені талап етуі керек. Осы жылдың басынан әр мемлекеттік 

органда  дисциплиналық  комиссия  жұмыс  істеу  керек.  Бұл  комиссия  мемлекеттік 

қызметкерлердің  дисциплиналық  қателіктерді  жасау  жағдайларын  жан-жақты  талдап 

қорытынды баға беруі керек. Конкурс  мемлекеттік қызметке тұру немесе қызметте жылжу 

кезіндегі коррупцияға шара болып табылады./5/ 

Мемлекеттік  қызметі  жетілдіру  мақсатында  қызметке  қабылдау  мен  қызметтеті 

жылжуларда конкурстық  таңдауды енгізілуде. Территориялық органдар  мен агенттіктер 

вакантты  қызметке кандидаттарды тесттеуді өткізеді. Қәзіргі кезде кандидаттарды таңдау 

мақсатында Қазақстан Республикасының зандарын білімін айқындау үшін арнайы тесттер 

жасалынды.  Тестті  өткізу  барысында  конкурсанттар  «коррупцияға  қарсы  күрес», 

«мемлекетік қызмет  жайлы» заңдылылығы жайлы, азаматтық  кодекстен сұрақтар келеді, 

одан басқа басқармалық орындарға үміттеніп отырған конкурсанттар үшін вербальді емес 

логикалық  тесттер  дайындалқан.  Әр  қызмет  категориясы  үшін  алдын  аларлық  мәндер 

қойылған,  бұл  жағдай  ең  лайықты  кандидаттарды  тандауына  әкеледі.  Осылайша 

кандидаттарды  міндетті  түрде  тесттеу  мемлекеттік    қызметке  дайындығы  төмен 

адамдардың келуіне тағы бір кедергі /6,с 105/. 

Жоғарыда  айтылып  кеткеннің  барлығын  есепке  ала  отырып  мемлекеттік 

қызметкерлерді дайындау концепциясы жасалынып отыр. Дүниежүзілік банк және басқа да 

халықаралық  ұйымдар  Қазақстанның  мемлекеттік  қызметтерді  ұтымды  реформалауын 

мойындап отырып мемлекетгік қызметкерлерді дайындайтын Ұлттық орталықтың ашуына 

қатысуға  шақырады.  Дүниежүзілік  банк  бұл  орталыққа  оқытушылар  ретінде  экономика 

және қаржы облысындаға халқаралық эксперттерді шақыруды көздеп отыр. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет