Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет114/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   135

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1.Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  1995  жылғы  30  тамыздағы    заңы.  (2011 

жылғы 14 қаңтардағы өзгерістермен толықтурулар). 

2.Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы 

заңы.(2003 жылғы 3 маусымдағы өзгерістер мен толықтурулар). 

3.Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет туралы оқу құралы 

Алматы 2007 жыл. 

 

УДК 340.12(574)        



   

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

                     Марат Әлішер Маратұлы 

Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті 

Аңдатпа:  Бұл  мақалада  баяндалған  ақпарат  құқықтың,  оның  пайда  болуынан,  қазіргі 

кездегі халықаралық құқық, әлемдегі мемлекетаралық қатынастарды реттейтін ең маңызды 

және негізгі құқықтың саласына дейінгі даму аспектілері туралы материалдарды қозғайды. 

Аннотация: Информация изложенная в данной статье затрагивает аспекты развития права, 

от  истории  его  возникновения,  до  развития  такой  отрасли  как  международное  право, 

которое является важнейшим и основным регулятором межгосударственных отношений в 

мире. 


842 

 

Annotation: Information which is set out in this article touches on aspects of law’s development, 

from the history of its occurrence to the development of this law’s department as international law, 

which is the main and the most important regulator of interstate relations in the world.                                                                       

                                         

Халықаралық құқық туралы айтар алдында, жалпы құқықты түсіндіру жөн. Оның  

көптеген мәні бар. Мысалы, құқық -  ресми түрде танылған, жеке және заңды түлғалардың 

заңға  сүйене  отырып  әрекет  жасау  мүмкіндігі  немесе  құқық  нормаларының  жүйеге 

келтірілген жиынтығы. Нақтылап айтқанда, құқық дегеніміз – мемлекет шығараған немесе 

бекіткен,  орындалуы  сол  мемлекеттік  аппаратпен  қамтамасыз  етілетін  жалпыға  бірдей, 

тәртіп ережелер нормалардың жиынтығы. Ал норма – адамдардың арасындағы жүріс-түріс  

ережелерін реттейтін институт, яғни адамдардың жүріс-тұрыс ережесі.  Құқықтың пайда 

болуы  туралы  көптеген  тұжырымдар  мен  теориялар  бар.  Олар  :  теологиялық,  табиғи, 

тарихи,  психологиялық,  реалистік,  материалистік  т.б.  Мен  олардың  ішінен  тарихи, 

реалистік және материалистік теорияларына тоқталып кеткенім жөн деп ойлаймын: Тарихи 

–  құқық  адамдардың  рухани  сана  сезімінің  дамуының  процесінен  өмірге  кеп 

қалыптасты;Реалистік  –  құқық  адамның,  қоғам  өмірінің  эволюциялық,  ішкі  себептері 

арқылы  өзгеріп,  жаңарып  отыруы  арқылы  пайда  болды;  Материалистік  -    құқық  саяси-

экономикалық үстем жүргізетін таптың мүдде мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің 

жиынтығы. 

 Менің ойымша бұл үш теория шындыққа жақын. Ең алғашында, құқықтың орнына 

әдет-ғұрып, мораль нормалары қолданылған. Енді бұл қауым ыдыраған соң, оның орнына 

мемлекет деген институт пайда болды. Оның да пайда болуының көптеген себептері бар. 

Мен оның бір себебіне тоқталайын, артық өнім. Дәлірек айтсақ, қоғамның бай және кедей 

болып екі  тапқа бөлінуі  және олардың  арасындағы күрес. Енді  бұл  жерде материалистік 

теорияны да қолдануға болады. Сол пайда болған үстем тап өзінің меншігін қорғауға тура 

келді.  Сол  кезде  құқықтың  рөлі  жоғары  еді.  Олар  өз  құқықтарын  кедей  қоғамының 

құқытарынан жоғары қойды және өзінің артықшылықтарын төменгі таптарды қанау үшін 

де пайдаланды. Осыдан Маркстің ой-тұжырымдарын жүгінуге болады. Ол құқықты үстем 

таптың  саяси  құралы,  тек  соның  жоғын  жоқтап,  мүддесін  қорғайды  деп  есептеген.  Мен 

Маркс ілімімен келісемін. Алғашында, құқық тек үстем таптың құралы ретінде пайдаланды, 

бірақ  келе-келе  ол  қоғамдағы  барлық  адамдардың  еркін  білдіріп,  олардың  мүдделерін 

қорғайтын құралға айналды.  

  Құқықты түсіну жолдары: 

 Оны түсіну мен мәнін анықтаудың 3 жолы бар: 1) Нормативті тұрғыдан қарау, яғни, 

құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2) Социологиялық түрғыдан, яғни, құқықты 

реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3)   Философиялық тұрғыдан, яғни, 

құқықты бостандық пен әділдік деңгеймен байланыстыру.  

 

Құқық жазылған нормалардан тұрады, нормативтік дегеніміз – 



адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін тәртіпке келтіріп, соның нәтижесінде 

белгілі ережелерге бағындыру.  

 

Құқық әділдік пен бостандық идеяларын білдіреді.  



 

Құқық формальды түрде айқын және анық болуы тиіс. 



 

Құқық өзгермелі болады, ол қоғам өмірімен бірге өзгеріске ұшырайды. 



Яғни  осы  жерден  құқық  және  заң  не  үшін  өзгереді  деген  сұраққа  жауап  беруге 

болады.  Қоғам  өзгергенде,  өзара  ара-қатынастар,  құқықтық  қатынастар  өзгереді 



843 

 

және  соған  орай  жаңа  нормалар  пайда  болады  немесе  күштерін  жояды.  Мысалға 



алғанда, Кеңес Одағы тұсында жеке меншік болған емес, бірақ дербес құқық болды 

және олардың объектілеріне мысалға алғанда үй, көлік, жеке киімдер т.б. тізімі аз 

объектілер  жатты,  бірақ  та  оны,  яғни,  жеке  меншікті  реттеуге  арналған  нормалар  

жоқ еді. Кеңес Одағы құлаған соң, біз капиталистік даму жолына түстік және жеке 

меншікке жол берілді. Жаңа құқықтық қатынастар пайда болды, ал оларды реттеу 

үшін қажетті нормалар шығарылды.  



 Құқық қазіргі кездегі адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін ең қажет 

құрал.  

 Ал енді, халықаралық құқықты және адамды халықаралық қорғауды қарастырайық. 



Халықаралық құқық – шетел элементтері бар қарым қатынастар және осы қатынастарды 

реттейтін  ережелер  мен  нормалардың  жиынтығы.  Осы  халықаралық  құқық  үш  негізгі 

бағыттарға бөлінеді: 

 

Халықаралық жария құқық 



 

Халықаралық жеке құқық 

 

Халықаралық  ұлтүстілік бағыт 



Халықаралық  жария  құқық  –  мемлекеттер  арасындағы  қарым-қатынастарды 

реттейтін  нормалардың  жиынтығы.    Халықаралық  құқық  мемлекетіші  құқықтардан 

еркешелінеді. 

 Халықаралық жария құқығының субъектілері егеменді мемлекеттер, сонымен қатар 

өздерінің егеменді мемлекетін құруы үшін күресіп жатқан ұлттар болып табылады. ХЖҚ 

субъектілерінің қарым-қатынастары теңсіздік және бір мемлекеттің екінші бір мемлекетке 

үстемдік  ету  арқылы  емес,  олардың  егеменді  теңдігі  арқылы  қалыптасады.  Бұл  ХЖҚта 

барлық мемлекетке билік жүргізетін жоғарғы билік органы болмайды, оған жол берілмейді. 

Осыған орай, нормалардың күштері мемлекеттердің өздерінің қалауынша, келісумен және 

өз  еркімен  алған  міндеттерге  сүйенеді.  ХЖҚ  нормалары  мемлекеттер  арасындағы 

келісімдер мен бітімдерге сүйене отырып шығарылады. Бұл келесім шарттар мен бітімдер 

ХЖҚ  қайнар  көздері  болып  табылады,  өйткені  ХҚЖның  негізгі  құқықтық    тірегі  болып 

мемлекеттердің өзара ерікті келісімдер табылады.  

Мемлекеттердің өзара келісімдері арқылы қабылданатын ХЖҚ нормаларынан басқа, 

көпшілікпен  мойындалған  қағидалар  мен  түсініктер  бар:  халықаралық  бейбітшілік  пен 

қауіпсіздікті  міндетті  түрде  сақтау,  агрессиялық  соғысқа  дайындалу  мен  оны  жүргізуді 

халықаралық қылмыс деп санау, әр мемлекеттің егемендігін құрметтеу, сол мемлекеттердің 

ішкі істері мен саясатына қол сұқпау және халықаралық шарттарды таза ниетпен орындау.  



Халықаралық жеке құқық – азаматтық құқықтық қарым-қатынастарды мемлекеттер 

арасындағы күрес пен ынтымақтастығы барысында реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл 

нормалар шетел азаматтардың  азаматтық-құқықтық қатынастарын реттейді. Бұның ішіне 

Коллизиялық  құқық  кіреді(collision  –  қақтығыс). 

Мысалы:  Жалға  беру  бітімі  кезінде 

француз жалға беруші және қазақстандық жалға алушы осы қарым-қатынастарды реттейтін 

және осы бітім ішінен пайда болатын құқықтық нормаларды анықтаған жоқ. Дау туындаған 

жағдайда,  осы  мәселе  бойынша  халықаралық-құқықтық  реттеу  материалдары  болмаған 

кезде, сот немесе басқа құқықтық реттеу туралы орган коллизиялық нормаларға жүгінеді 

және  бұл  нормалар  қай  мемлекеттің  заңдары  қолданатынын  анықтайды.  Ал  бұл 

коллизиялық  нормалармен  анықталған  француз  немесе  орыс  құқығы,  осы  қарым-

қатынастарды қалай реттейтінін анықтайды. Осылайша, коллизиялық нормалар өздігінен 



844 

 

реттеу  әсеріне  ие  болмайды,  олардың  функциясы  коллизиялық  реттеу  механизмін 



қалыптастыруда көрініс табады. 

 

 ХЖкеҚ  мемлекеттер  арасындағы  пайда  болатын  айырықша  экономикалық 



қатынастарын  реттеуге  бағытталған.  Бұндағы  кейбір  нормалар  ХЖҚтың  негіздерінен 

шығады.  Сонымен  ХЖкеҚ  шет  мемлекеттермен  экономикалық  қатынастарын  өркендету 

үшін қолайлы жағдайлырды жасауға бағытталады.  

 Ұлтүстілік халықаралық бағыт – мемлекеттер өз құқықтарын саналы, ерікті түрде 

шектеуге баратын және кейбір өкілеттіктерін ұлтүстілік органдарға табыстау құқықтары. 

Сонымен, осы органмен қабылданатын нормативті құқықты актілер жоғарғы күшке ие және 

ұлттық заңнамалардан да жоғары орында тұрады, мысалға алғанда ЕвроСоюз құқығы.  

 Халықаралық қатынастар тарихындағы адам құқықтары.Әртүрлі тарихи кезеңдерде 

адам  құқықтары  мен  бостандықтарының  ұғымы  мен  көлемі  бірдей  болған  жоқ. 

Айтарлықтай,  көп  ұзамай,  осы  ғасырдың  басына  дейін,  адам  құқықтары  тек  ішкі 

мемлекеттік  құқықпен  ғана  реттелді.  Халықаралық  қатынастардың  мемлекеттік 

қатысушылары  бұл  мәселе  олардың  ішкі  юрисдикциясына  ғана  қатысты  екендігін 

көрсетеді. Жалпы қабылданған қағидат мемлекет пен әр мемлекеттің ішкі ісі ретінде оның 

азаматтарының арасындағы өзара қарым қатынастарды қарастыру болып табылады. 

Белгілі болғандай, мемлекеттердің ішкі юрисдикцияларының шекарасы өзгеріссіз,  

тарихи  қозғалыссыз  болып  табылады.  Мемлекеттер  белгілі  бір  ішкі  мемлекеттік 

қатынастар  мәселесін  халықаралық-құқықтық  реттеуге  жібере  отырып,  мұндай 

шектеулердің  шегін  өздері  анықтайды.  Көне,  дәстүрлі  халықаралық  құқық,  ішкі 

юрисдикцияға  жататын  мемлекет  пен  оның  азаматтары  арасындағы  өзара  қарым-

қатынастарды  зерттей  отырып,  бір  ғана  ерекшелік  жасады.  «Ізгілік»  мақсатында  басқа 

мемлекеттің аумағындағы өз азаматтарының өмірі мен мүлкін, сонымен қатар ұлттық және 

өзге азшылықты қорғау мақсатында біржақты тәртіпте күш қолдану, соғысқа дейін баратын 

әрекеттер  құқыққа  сай  деп  саналады.  «Ізгілік»  интервенцияға  құқық  қай  жерде 

бұзылғанына  қарамастан,  негізгі  құқықтар  мен  бостандықтарға  кепілдік  беруге  әрбір 

мемлекеттің халықаралық міндеттемесі секілді алғышартқа негізделеді. Өмір сүруге, ар-ұят 

пен  дін  бостандығына  құқық  сияқты  құқықтарды  «қорғау»  және  «қамтамасыз  ету» 

сылтауымен басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласу саясатының теориялық негізделуі 

халықаралық  құқық  ғылымының  заңгер  өкілдерінің  еңбектерінде  көрініс  тапты.  Кейбір 

ғалымдар,  «ізгілік»    интервенция  теориясын  жақтаушылар  –  оны  тек  «өркениетсіз» 

мемлекеттерге қолдану ғана құқыққа сай болады деп санады.  

 Ф.Лист  былай  деп  санады:  «Жеке  мемлекеттің  негізделген  пікірі  бойынша, 

адамзаттың жалпы мүдделерін қорғау үшін басып кіруге, ішкі істеріне араласуға құқығы 

бар... Араласушылық құқығы бірлесіп бірнеше мемлекеттермен ұсынылуы мүмкін» 

 Абстарктілік адамның қай мемлекетке тиесілі екендігіне қарамастан, оларға белгілі 

бір құқықтар мен бостандықтар тиесілі болатындығын ескере отырып, халықаралық құқық 



ғылымының негізін салушы заңгер Гуго Гроций 1625 жылы басып шығарылған «Соғыс 

пен  бейбітшілік  құқығы  туралы»  еңбегінде  басқалардың  азаматтарын  қорғау  үшін,  егер 

оларға «заңсыздық» әрекеттерін көрсетіп жатса, онда әділ соғыстарды жүргізген жөн деп, 

ақтап отырған.  

Бірінші  дүниежүзілік  соғысынан  және  Ұллтар  Лигасы  құрылғаннан  кейін 

мемлекеттердің  интервенцияға  құқығы  белгілі  бір  шектеулерге  тап  болды.  Егер  Ұлттық 

Лиганы  құруға  дейінгі  кезеңде  халықаралық  құқық  әртүрлі  себептермен  негізделетін, 


845 

 

мемлекеттің  соғысқа  құқығын  таныған  болса,  Ұлттар  Лигасының  Статуты  Лига 



мүшелерінің соғысқа құқығын шектеп, Статут қаулыларын бұза отырып соғысатын оның 

мүшелеріне санкцияларды көздеді.  

 Адам  құқықтарын  баршаның  құрметтеп,  сақталуы  бүгінгі  таңда  әлемдік 

қауымдастықпен  

шешу қажеттілігі бар, аса маңызды міндеттердің бірі. Бұл ереже тек БҰҰ Жарғысы, 

Адам құқықтары туралы Пактілер мен басқа да келісімдер қабылданғаннан кейін түпкілікті 

өзгерді, өйткені олар адам құқықтары саласында мүше мемлекеттерге заңды міндет жүктеп 

қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттердің өз міндеттемелерін сақтау үшін бақылаудың 

халықаралық тетіктер жүйесін құруды көздейді.  

 Халықаралық  органдардың  көпжылдық  тәжірибесі  көрсеткендей,  олар  адам 

құқықтарын қорғаудың қажетті элементі мен қосымша кепілдігі болып табылады. Олар ішкі 

мемлекеттік  органдарды  алмастырмайды,  тек  оларды  толықтырады.  Адам  құқықтары 

саласындағы  жалпыға  бірдей  танылған  халықаралық  нормалар  бүгінгі  таңда  ұлттық 

заңнама  нормаларының  алдында  басым  болып  табылады.  Сонымен,  Пактінің 

қатысушылары  –  мемлекеттерінде  тұратын  барлық  тұлғалардың  немесе  азаматтық 

құқықтары  бұзылған  жағдайда,  әрине,  құқық  қорғаудың  ішкі  құралдары  таусылған  соң, 

БҰҰ  маңындағы  адам  құқықтары  жөніндегі  Комитетке  тікелей  жүгінуге  құқылы.  Адам 

құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясын, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 

Халықаралық  Пактіні,  Экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  құқықтар  туралы 

Халықаралық  Пактіні  қамтитын  Адам  құқықтары  туралы  Халықарылық  Билль 

адамның құқықсубъектілігіне өзгерістер енгізді, оған сәйкес, адам іщкі  мемлекеттік ғана 

емес, сонымен қатар халықаралық құқықтың субъктісі болатындығын көрсетті.      

Теорияда және тәжірибеде индивидтің халықаралық құқықсубъектілігінің жаңа  

концепцияларының  ұсынушысы  Рене  Касен  болды,  ол  БҰҰ  Адам  құқықтары 

жөніндегі комиссияның вице-төрағасы және 1948 жылы Адам құқықтарының Жалпыға 

бірдей  Декларациясының  құрастырушыларының  бірі.  Ол  өзінің  концепциясын  «Адам 

халықаралық  құқықтың  субъектісі  ретінде  және  дүниежүзілік  бірлестіктегі  адам 

құқықтарын  қорғау»  атты  мақаласында  ұсынды.  Онда  индивидтің  халықаралық 

құқықсубъектілігінің 

адам 

құқықтарын 



халықаралық 

қорғау 


мақсаттарымен 

байланыстылығын көрсетті.  

«  Кез  келген  адамдардың,  ол  қай  жерде  болмасын,  өзінің  құқықсубъектілігін 

мойындаттыруға құқылы» 

Халықаралық адамды қорғау құқық бағыттарының ең жас өкілі болғанымен, оның 

пайдасы мен маңызы өте зор. Ол әр бір, қай мемлекеттің болсын азаматтарының бостандық 

пен  құқықтарына  кең  аяда  кепілдік  береді.  Яғни,  егер  де,  белгілі  бір  себептермен 

мемлекетіші органдар азаматтың құқықтарын кемсітсе, ол халықаралық құқықтарға және 

организацияларға жүгінуге құқылы болады және ол организацияның шешімі, егер мемлекет 

бұл халықаралық бірлестіктің мүшесі болсы, ұлттық заңнамадан жоғары тұрып, азаматтың 

құқықтарын қорғайды. Осы құқықтың саласы нағыз демократияның көрінісі. 

 Менің көріп тұрғаным бойынша, халықаралық құқықтың ең басты мәселесі – әрбір 

тұлғаның құны мемлекетке және ұлтқа қарағанда жоғары тұруы және оның шынайы түрде 

болуы.


Әлем  қауымдастығының,  жеке  мемлекеттің  дамуы  мен  гүлденуі  барысында  

мемлекетаралық қарым-қатынастың қажеттілігі туындайды және ол саудада, инновациялық 

технологияларда  және  энергоресурстарды  өзара  тарату  сфераларында  т.б.  қолданылады, 

олар  халықаралық  мемлекетүстілік  реттеуді  талап  етеді.  Осылайша  халықаралық 



846 

 

құқықтың,  әлемдегі  ең  жаңа  құқық  түрінің  әр  түрлі  салалары  пайда  болады.  Қорыта 



айтқанда,  мемлекеттер  арасындағы  қарым-қатынастар  өмірін  тоқтатқанға  дейін, 

халықаралық құқық өмірін жалғастырып, әр дайым дамуда болады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Googlesearch – википедия: зарождение право, международное право 

2.

 



Ғ.С. Сапарғалиев, А.С. Ибраева «Мемлекет және құқық теориясы» өңделген және 

толықтырылған үшінші басылым, 1Foliant баспасы, Астана – 2014 

3.

 

«Юридический словарь» содержащий 1521 слово и 177 латинских терминов и 



изричений, госюриздат 1953, 314-318 стр М.п.п и М.ч.п. 

4.

 



Кемали М.С. «Адам құқықтары және оларды қорғаудың тетіктері»: Оқұ құралы – 

Алматы: «NURPRESS» баспасы, 2012 – 396 бет

 

 

УДК  344.621 



 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ШЕТ ЕЛ АЗАМАТТАРЫНА 

ТҰРМЫСҚА ШЫҒУЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Омархан Алтынай Азилханқызы  

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері 

университеті 

 

Бүгінде  қазақ  қыздарының  өзге  ұлт  өкілдеріне,  шетелдіктерге  тұрмысқа  шығуы 



көбейіп  барады.  Бұған  етіміз  үйренгендігі  соншалық,  тіпті  қалыпты  жағдайдай 

қабылдайтын  болдық.  Қазақстан  Республикасының  «Шетелдiктердiң  құқықтық  жағдайы 

туралы»  заңының  14-бабы  бойынша  «Қазақстан  Республикасындағы  шетелдiктер 

Қазақстан  Республикасының  азаматтарымен  және  басқа  адамдармен  некеге  тұрып  және 

оны  бұза  алады,  Қазақстан  Республикасының  заңдары  мен  халықаралық    шарттарына 

сәйкес  Қазақстан  Республикасының  азаматтарымен  бiрдей  некелiк  және  отбасылық 

қатынастардағы  құқықтарды  пайдаланады  және  мiндеткерлiкте  болады.»[1]Бірақ,  қазақ 

қыздарының  өзге  ұлт  өкілдерімен  көңіл  жарастыруы  көбейіп  бара  жатқандығы 

алаңдатады.Жалпы,  шетелдіктерге  тұрмысқа  шыққан  қыздарымыздың  көбінің  жанұялық 

өмірі  ұзаққа  бармайтын  көрінеді.  Көптеген  азаматшаларымыз  шетелдік  күйеулерінен 

шетелде  болмасын,  не  Қазақстанда  болмасын  зорлық  көріп,  ал  кейбіреулері  тіпті 

күйеулерінің қолынан қайтыс болып жатады. Осындй проблеманың алдын алу үшін және 

сондай проблемаға тап болған азаматшаларымызға мемлекет көмек беруге тиіс. Қазақстан 

Республикасы Конституциясының 11 бабының 2 тармағына сәйкес Республика өзінің одан 

тыс  жерлерде  жүрген  азаматтарын  қорғауға  және  оларға  қамқорлық  жасауға  кепілдік 

береді.[1] Бізде «жігіттер қыздарға қарағанда аз» дейді, ия, 30 жастан асқандар арасында 

сәл айырмашылық бар, бірақ статистикалық мәліметтерге қарағанда 29 жасқа дейінгі мың 

әйел адамға мың отыз жеті ер адамнан келеді екен. Яғни, бойжеткендерге өз орнымды таба 

алмай қалам деп қауіптенудің қажеті шамалы. Осыған тыйым салу қажет дер едім, бірақ ол 

дәл қазіргі біздің заңымызға қайшы келері сөзсіз. Қазақтың қызы қазаққа тұрмысқа шықса, 

олар санымызды көбейтсе деген ой-тілек ұлтжанды азаматтардың әрқайсысының көкейінде 

жүрері  сөзсіз.  Сондықтан  қазіргі  кезде  қоғамда  орын  алып  жатқан  қыздарымыздың 

жатжұрттық,  тіпті  бізге  тілі  де,  діні  де  бөтен  азаматқа  шығуына  қатты  қынжыламын. 

Осыған тыйым  салу қажет  дер  едім, бірақ ол  дәл қазіргі біздің заңымызға қайшы келері 

сөзсіз. Сонда да осы тұрғыда бұл проблеманы қалай шешуге болатынына, яғни тосқауыл 

қоюға  болатындай  өз  ұсыныстарымды  айтқым  келеді.  Мысалы,  бауырлас  Түрікменстан 



847 

 

мемлекетінің  «Азаматтық»  туралы  5901  заңының  16    бабына  сәйкес  қыздарын  алғысы 



келетін  шетел  азаматтарына  белгілі  бір  мөлшерде,  шамамен  50  мың  доллардай  қаржы 

төлеуі керек.Бізде де қыздарымызды кім көрінгеннің жетегінде жібермеу үшін еліміздегі 

заң  талаптарын  қатайтып,  ақшалай  түрде  салық  салмаса  да,  «кемінде  біздің  елімізде  бес 

жыл  тұруы  керек»  дегендей  қатаң  талаптар  енгізу  керек  секілді.  Себебі  бұл  жерде  

мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі жатыр. Бүгінде қағаз жүзіндегі жалған неке деген шығып 

жатыр.  Яғни  белгілі  бір  мақсатты  көздеп,  соған  жету  үшін  ғана  некелесу.  Міне, 

қыздарымызға үйлнудің астарында біздің елдің азаматтығын алу, Қазақстанда қалу деген 

саясат  жатуы мүмкін.Ал АҚШ-та таяуда біздің елден барған екі  қыз сол  елде қалу үшін 

Америка азаматтарымен жалған некеге отырғаны үшінбес жылға сотталып кетті. Бұл жерде 

некенің  астарында  мемлекеттің қауіпсіздігі  тұр.  Бізге  де  дәл  осындай  қатаң талап  керек. 

 

Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы  Қазақстан  Республикасының 



Парламентінің  жаршысы,    2011  жылғы  26  желтоқсанда  қабылданған  Заңын  қайта  қарап, 

осындай тұстарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек.Ресми деректер бойынша, 

Қазақстанда  соңғы  жылдары  қытай  жұмыскерлерімен  тұрмыс  құрған  қазақ  қыздарының 

саны  артқан.  Сондай-ақ,  қазақ  қыздарының  жүрегін  Түркия  елінің  азаматтары  көбірек 

жаулап алады екен. Қазақ қыздарының «экспортының» артуын  зерттеп жүрген мамандар 

былайша  түсіндіреді:    кәмелеттік  жасқа  толып,  тұрмыс  құруға  дайын  қыздардың  саны 

жігіттерге  қарағанда  бірнеше  есе  көп.  Екіншіден,  Қазақстанға  келіп  еңбек  етіп  жатқан 

шетелдік жұмысшылардың саны жыл өткен сайын арта түсуде. Сонымен қатар, шет елге 

барып  оқыған  қазақ  қыздарының  сол  елде  қалып,  тұрмысқа  шығып  жатқандары  да  жиі 

кездеседі. Тағы бір себеп, бірнеше тілді меңгерген қыздардың сол елде  жұмыс істеп қалып 

қоюына  мүмкіндік  көп.бүгінде  қазақ  қыздары  түркі  тілдес,  мұсылман  жігіттерін  былай 

қойып, діні, ділі, нәсілі де бөлек ер-азаматтардың етегінен ұстауы жиілеп кетті.  Жаттың  

құшағында  кеткен  қаракөз  қыздарымыздың  тағдырларына  үңілсеңіз      сан  қилы.  «Адам 

құқықтарының  жалпыға  бірдей  декларациясының  16  бабына  сәйкес  Кәмелеттік  жасқа 

толған  ерлер  мен  әйелдер  өздерінің  нәсіліне,  ұлтына,  дініне  қарамастан  некеге  тұрып, 

отбасын құруға құқылы. Олар некеге тұрған, некеде болған және ажырасқан кезде бірдей 

кұқықтарды  пайдаланады.»[4]  Сосын  бүгінгі  қазақ  қыздарының  жігіттерге  қарағанда 

белсенділігі артып келеді.  Бейресми дерек бойынша 2013 жылдың өзінде 8 мың қазақ қызы 

шетелдіктерге  күйеуге  шығыпты.  Жақында  Израиль  елі  қытайлықтардың  еврей  қыз-

келіншектеріне  үйленуіне,  сөз  байласуына  тыйым  салды.  Яғни  билік  Израиль 

компаниялары  қытай  жұмысшыларымен  келісімге  келгенде,  қытайлықтардың  жергілікті 

еврей  қыздарымен  үйленуіне  рұқсат  етпейтінін,  өйтпегенде  олардың  елден  қуылатынын 

ресми түрде мәлімдеді. Өз қыздарын өзгеге қимайтын еврейлер ғана емес. Жапондықтар 

өзге ұлт өкілдеріне қыздарын бермейді, ата-баба салтынан, заңнан аттаған, өзге ұлт өкілінің  

етегінен ұстаған қызды елден аластату қағидасы оларда бағзыдан бар. Бірақ  Неке (ерлі-

зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Парламентінің жаршысы,  

2011 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған заңының 2-бабының 4 тармағына сәйкес «Некеге 

отыру  (ерлі-зайыпты болу) кезінде және отбасылық қатынастарда шығу тегi,  әлеуметтiк, 

лауазымдық  және  мүлiктiк  жағдайы,  нәсiлі,  ұлты,  тiлі  немесе  діни  көзқарасы  немесе  кез 

келген  өзге  де  мән-жайлар  бойынша  азаматтардың  құқықтарын  шектеудің  кез  келген 

нысандарына  тыйым  салынады.»[2]  Мәселен,  Тәжікстанда,  Өзбекстанда  қыздары  басқа 

елдердің  азаматтарына  тұрмысқа  шықса,  онда  олардан  қосымша  қомақты    қаржы  талап 

етіледі. Өткен жылы шетелге оқуға кеткен қыздарымыздың бірі шетелдік күйеу баланың 

қолынан  қаза  тауып,  тіпті  артында  қалған  баласын  елге  қайтарудың  өзі  үлкен  қиындық 

тудырды. Мұндай қиын жағдайда қалатын қыздарымыз жетерлік. Ендеше, кез келген сәтте 

өз  елінің  қолдауына  зәру  болып  қалуы  мүмкін  қыздарымызды  азаматтықтан  айыру  тым 

қатал  шешім  емес  пе?Біз  шетелдіктермен  неке  қидырушылардың  жауапкершілігін 

күшейтуіміз  керек.  Әйтпесе  дәл  қазіргі  таңда  мәселе  ушығып  барады.  Кейбір 

мемлекеттерде шетелдікке тұрмысқа шығу үшін азаматтар мемлекттік органннан арнайы 

рұқсат  алуы  керек.  Мысалыға,Венгрии,  Индии,  Ирака,  Италии,  Швеции.  Франция 



848 

 

мемлекетінің  Азаматтық  құқық  туралы  кодексінің  63  бабына  сәйкес  және  Ресей 



Федерациясының «Отабасы» кодексінің 15 бабына сәйкес шетелдікке тұрмысқа шығу үшін 

міндетті  түрде  шетелдіктің  медициналық  тексерістен  өткеніжайлы  анықтама  керек. 

Америкада  көші-қонға  жауапты  орган  аралас  некелерді  зерттеп,  егер  оның  жалған  неке 

екенін  анықтаса,  ажыратып  жібереді  екен.  Ал  Катар  және  Кувейт  мемлекеттерінде 

шетелдіктермен  некеге  тұруға  мүлдем  тыйым  салынған.  Жалпы  құқық  бойынша  кейбір 

мемлекеттерде  екі  жақтың  некеге  тұруы  заңды  болуы  міндетті  емес.  Тек  екі  жақ  өз 

қалаулары бойынша келіссе болғаны. Ондай мемлекеттерге мысалыға, АҚШ мемлекетінің 

кейбір  штаттары  және  Канада  мемлекетінің  кейбір  елдімекендерінде.    Бәлкім,  бізге  де 

осындай бақылаушы органның жұмысы қажет шығар? Біз әрқашан өз азаматтарымыздың 

заңды  құқықтарын  жоғары  қоюға  тиіспіз.  Жалпы  Елбасымыздың  сөзімен  айтар  болсақ, 

«қазақ тек өз Отанында бақытты». Біз Отанымыздың келешегі жарқын болуы үшін  бесік 

тербететін аруларымыздың өз елімізде қалып, болашақтың тұғырын ұстар ұрпақ тәрбиелеп 

өсіруіне  жағдай  жасауымыз  қажет.  Менің  ойымша,  азаматшаларымызды  шетелдікке 

күйеуге  шығару  алдында,  шетел  азаматтарына  талаптар  қою  керек.  Мысалыға, 

шетелдіктерге 2 мың доллар шамасында  ақшалай мемлекетке беру.  Осы арқылы некенің 

жалған еместігіне сену және мемлекетіміздің экономикасын көтеруіне септігін тигізер еді. 

Себеб қазір тек Қазақстан Респбуликасының азаматтығын алу үшін ғана үйленіп жатады 

және  өзара  келісіп  уақытша  ғана  үленіп  жатады.Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы 

туралы Қазақстан Республикасының Парламентінің жаршысы,  2011 жылғы 26 желтоқсанда 

қабылданған Заңын қайта қарап, осындай тұстарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу 

керек.  Сол  кезде  еліміздегі  неке  және  отбасы  мәселелері  толыққанды  жетіліп,  көптеген 

актуальды проблемалар жойылады деп үміттенемін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет