29
өрісінің кеңеюіне байланысты дүниежүзілік ақпараттар алмасуды
барынша сапалы деңгейге көтеру мүддесінде еуропалық
тілдерден, шығыс тілдерінен қазақ тіліне тікелей тәржімалау
процесі қанат жая бастады. Ақпараттық-анықтамалық
база құру
үшін публицистикалық, қоғамдық-саяси мазмұндағы материалдар,
нормативтік құжаттар аударма арқылы жасалуда. Қазақстан
Республикасының алыс және жақын шетелдермен қазіргі
әлеуметтік-мәдени байланыстарының жаңаша, қарқынды арнада
дамып отырғандығына қарай маман-аудармашылар
даярлау ісіне
де баса көңіл бөлінуде. Ал болашақ мамандар, сондай-ақ тәржіма
ісінде өз шығармашылығын байқап көріп, дамытып жүргендер үшін
М.Әуезов айтқандай, «аударманың бірбеткей көлеңке жақтарын…
байқастыру» жеткіліксіз; аудармашының кәсіби біліктілігінің
жоғары деңгейде қалыптасуында түпнұсқа тіл мен аударылатын
тілдің типологиялық-құрылымдық ерекшеліктерін,
мазмұны мен
құрылымы дайын түпнұсқа мәтінді тәржімалау процесінде қазақ
тілінің лексикалық-грамматикалық әлеуетінің қандайлық дәрежеде
қозғалысқа түсетіндігін жетік меңгеру қажеттігі туады. Сонымен
қатар аудармашы аударудың негізгі ұғымдары мен түсініктерін,
аударудың жолдары мен тәсілдерін білуде де біліктілік танытуы
жөн.
Әлемдік лингвистикадағы лингвистикалық аударматану ғылы-
мының басты мәселелерінің бірі – осы салаға қатысты терминдер
мен терминдік сөз тіркестері. Орыс тіл білімінде аудармаға
қатысты екі мыңнан астам аталымдар бар екендігі көрсетіледі
[10], ал қазақ тіл білімінде олардың көпшілігі құрылымдық
тұрғысы жағынан орыс тілінен сөзбе-сөз аудару арқылы орныққан.
Дегенмен,
шынтуайтқа келгенде, білім беру ісінде, кейбір
мәселелерді принципті түрде талқылауда аударма ісінің кейбір
терминдері ұғымдық мәні, мазмұндық
межесі жағынан нақты
емес. Біздің мақсатымыз – аударматану ғылымының бірқатар өзек
аталымдарына – терминдеріне орыс тілінен қазақ тіліне аударылған
мәтіндердің заңдылықтарына сүйене отырып, мүмкіндігінше
анығырақ түсініктеме жасау.
Жазбаша аударма – кәсіби (және әуесқойлық) аударманың
кең тараған түрі; қағазға түсірілген жазбаша мәтінді екінші тілге
жазбаша түрде аудару және бұдан алынған нәтиже. Түпнұсқа
30
мәтін алдын ала танысу, көру, ойлау, пайымдау, талдау, зерттеу,
сөздіктерді, басқа да лингвистикалық және лингвоелтанымдық,
когнитивтік мағлұматтарды беретін
анықтамалықтарға иек арту
арқылы екінші тілге жазбаша түрде түсіріледі. Бұл процестің өтуі
барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде
жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Жазбаша аударма мәтін
тәржімашы шығармашылығының нәтижесі болып саналады.
Жазбаша мәтінді ауызша аударып беруді жазбаша-ауызша аударма
деп атауға болады. Қазақ мәдениетінде
классикалық көркем
әдебиеттің нұсқалары, ғылыми әдебиет және ресми, нормативтік
құжат үлгілері жазбаша түрде аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: