Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет10/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

4. Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. 
Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық 
сөздер, оларды алып тастаса да, мағына-мазмұнды өзгеріске 
ұшыратпайтын, тым болмаса, нұқсан келтірмейтін сөздер түсіріліп 
тасталуы мүмкін.
Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты 
болатыны байқалады. Мысалы, орыс тілінде «каждая минута 
времени», «в апреле месяце», «промышленная индустрия» сияқты 
тіркестер қолданылады, бұларды ыңғайына қарай, контексті есепке 
ала отырып, «әрбір минут», «сәуірде», «өнеркәсіп» деп аударуға да 
болады, өйткені минут сөзінің өзі уақытты білдіреді, ал «апрель» 
ай аты екені мәлім, «промышленность» пен «индустрия» сәйкес 
ұғымдарды береді.
Келесі бір кездесетін құбылыс – орыс тілінің сөйлеміндегі 
кейбір сөзді қазақ тілінде көрсету міндетті болмай қалады. 
Мысалы: Солдаты остановились у дома, хозяйн встретил их. – 
Солдаттар үй жанына келіп тоқтады, үй иесі қарсы алды.


19
Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол
салалас құрмалас сөйлемді құрастырушы сыңарлардың жалғау-
лықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгерте бермейді. Ал 
орыс тілі синтаксисі үшін бұл – ұстанымдық қағидат. Сондықтан 
орыс тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп 
тастауға болады. Мысалы: Пошла ба и она влес, но детей не с кем 
оставить. – Ол да орманға барар еді, балаларды қалдырып кетер 
ешкім жоқ. Байқап отырғанымыздай, орыс тілінде қарсылықты 
мағына жалғаулық арқылы айқындалып тұр, ал қазақ тілінде 
жалғаулықсыз-ақ бұл мағына айқын көрініп тұр.
Қалай десек те, аударманың нәтижелі болуы аудармашының 
тілдік білімі, аялық білімі, контексті түйсінуі, филологиялық білім 
мен шығармашылық талантына байланысты болатыны даусыз.
1.1.3 Аударма жасаудың техникасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет