Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


)Жануарлардың организмінде болатын сапалық және сандық өзгерістердің үздіксіз процесі



бет20/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
Байланысты:
СРСП селекция разведение ТППЖ 20-12 (копия)

15)Жануарлардың организмінде болатын сапалық және сандық өзгерістердің үздіксіз процесі.

Жеке организм тұрғысынан алғанда даму дегеніміз оның күрделенуі, белгілі бір арнайы қызмет атқаратын тканьдарды, органдардың пайда болуы және олардың арасында жаңа қатынастың қалыптасуы, яғни организмдегі сапалық өзгерістер жиынтығы.


Сұрыптау және жұп таңдау процестерінің творчествалық сипаты мынада: адам жануарларды күтіп-бағу мен өсіруге байланысты әр түрлі әдіс-тәсілдер арқыла әсер ете отырып, жұптастыру мен шағылыстырудың белгілі бір жүйелерін қолдау арқылы оларда белгілі бір сапалық өзгерістер болып келеді. Маманның қарағы көзі қоршаған ортаның факторларының және ата-енелерінің тұқым қуалаушылық қасиеттерінің әсерінен туатын мұндай өзгерістерді байқап, олардың ең құндыларын сипаттайды. Аталықтарды табында қажетті белгілерді сақтап, нығайтып және күшейте түсетіндей есеппен жұптастырады. Мәселен, бірнеше ұрпақ алмасуда жүйелі түрде сұрыптау және жұп таңдау жұмыстарын іскер пайдалана білуде алғашында кейбір жануарларда ғана әзер байқалған қажетті ауытқушылықтар бүкіл табынға тән жақсы байқалатын белгілерге айналады.
Сонымен мал тұқымын адам өзінің белгілі бір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін көп жылғы еңбегі арқылы шығарылады. Мал тұқымының басты қасиеттері: шыққан тегінің бірлігі, белгілі бір табиғи және технологиялық жағдайда өніп-өсуге бейімділігі, тұқымын өздеріне тән, шаруашылыққа айқын белгілі болған тиімді қасиеттерінің беріктігі мен белгілерінің өзгергіштігі және қажетті мөлшерде сандық құрамының болуы. Мал тұқымының бұл қасиеттері бір-бірімен өте тығыз байланысты, бір-біріне себепші, бірін-бірі толықтырып отырады, жалпы мал тұқымының қалыптасып, талапқа сай дамып отыруының басты шарттары.
Анықталған тұқымға қажетті малдың саны оның құрылымына, бейімділіне, өсімталдығына байланысты.Д.А.Ксиловскийдің есептеуінше тұқымның сандық құрамында кем дегенде 4500 аналық,150 аталық бас болуы қажет. Қазіргі уақытта тұқымының сандық құрамы әр түлік бойынша,жаңа мал тұқымын бекіткен нұсқауда көрсетілген.Тұқым мал шаруашылықты негізгі өндіріс құралды.Мол өнімін молайту қажетті талабына сай интенсивті мал шаруашылығын ұйыдастырудың алғы шарттарының бірі-жоғары өнімді мал тұқымын өсіру. Сондықтан шаруашылықта селекция жұмысын ұйымдастыру қажетті және тиімді мал тұқымын талдап алудан басталады, мұның өзі мал шаруашылығын рентабельді жүргізудің алғы шарты болып саналады.

Асан Жақсылық 16-20


Жібермеді

Әскербек Нурфатима 21-26




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет