21. Постэмбрионалды кезеңде малдың азыққа жарымау салдарынан жетілмей қалу түрі Постэмбрионализм - постэмбрионалды кезеңде малдың азыққа жарымау салдарынан жетілмей қалу түрі.Мал шаруашылығын тиімді жүргізудің басты шарты – мал азығы қорын дұрыс ұйымдастыру және әрбір малдың барынша өнімді болуына, азықты неғұрлым аз жұмсап, жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік беретін азықтан- дыру болып табылады.
Малды азықтандыру режимін жақсартқанда басқа рационға көшіргенде немесе малды басқа учаскеге ауыстырғанда, қорада баққан малды жайылымға шығарғанда көшіру мезгілін ұлғайтып, жаңа азықтың аз мөлшерде біртіндеп берілгені жөн. Әдетте, мұндай үйрену қалыптасу процесі тек ас қорыту қызметін ғана емес, сонымен қатар малдың бүкіл организміне ықпалын тигізеді. Ол үшін кем дегенде 7-15 күн керек.
Әсіресе төлі бар және буаз малды азықтандырған кезде азықты ауыстыру режимін қатаң ұстаған дұрыс. Сондықтан бірден ауыстырылған азық буаз малдың іш тастауына себепкер болса, бауырында төлі бар малдың сүтінің құрамы едәуір өзгерсе, сүттің мөлшері де өзгереді. Ал енесін еметін жас төлдің ауруға шалдығуы және шығынға ұшырауы мүмкін.
Малға берер алдында және азықтандыру барысында шаруашылықта дайындалған азықтардың сапасын анықтап, бақылап отыру қажет. Өйткені ерте дайындалып, біраз уақыт сақталған азықтардың сапасы кеміп кетсе, малға пайдасы шамалы. Бірақ дербес шаруашылық иелері жаңа сатып алынған азықтың қоректілігін, жұғымдылығын анықтауда күрделі аппараттар қолдана алмайды. Сондықтан көбінесе көз мөлшерімен шамалап, иісіне, түсне қарап анықтайды.Ауылшаруашылық малын нормалап азықтандырудың басты мақсаты, мал азықтарын тиімді пайдалану арқылы мүмкіндігінше тұқымдық ерекшелігін толық пайдалана отырып, көбею қасиетін қолдана білу.
Азықтандыру нормасы ( азық нормасы) дегеніміз – жоғары өнім алуды, малдың ауырмауын, оларды шаруашылықта пайдалану мерзімін ұзарту, табын толықтыру қабілетінің қалыпты жетілуін қамтамасыз ететін азық рационындағы қоректік заттардың мөлшері. Жеткіліксіз және шамадан тыс азықтандыру мал ағзасына кері әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге шаруашылықтың экономикалық көрсеткіштеріне нұқсан келтіреді. Малды жеткіліксіз азықтандыру малдың өсуін тежеп, өнімі мен көбею қасиетін төмендетеді және бір өлшем өнімде жұмсалатын азық пен еңбек шығынының жоғарылауына әкеліп соғады. Сонымен бірге жеткіліксіз азықтандырған мал аурушаң келеді, ал мөлшерден көп азықтандыру малдың семіруіне әкеліп соғады, соның салдарынан өнімі төмендеп, көбею қасиеті нашарлайды. Сондықтан нормалы азықтандыру тиімді мал шаруашылығының негізі болып табылады.