38. Тұқым қуалаушылық коэффициентінің мөлшері мына шамада өзгереді Сандық генетикада белгінің жалпы фенотиптік дисперсиясындағы генетикалық компоненттің үлесі әдетте сөздің кең мағынасында тұқым қуалаушылық немесе тұқым қуалаушылық коэффициенті деп аталады.
Тұқым қуалаушылық коэффициенті сандық белгінің генетикалық анықталу дәрежесін көрсетеді және бірлік немесе пайыздық үлестермен көрсетіледі. Тұқым қуалаушылық коэффициенті h символымен белгіленеді. Тұқым қуалаушылық коэффициентінің орташа (немесе орташа) мәні 0,20-дан 0,40-қа дейін өзгереді.
Тұқым қуалаушылық — ұрпақтар арасындағы материалдық және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі ағзаларға тән қасиет.
Тұқым қуалаушылыққа байланысты тірі организмдердің морфология, физиология және биохимия құрылымы мен жеке даму ерекшеліктері ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Генотиптік өзгергіштікті, фенотиптіктен ажыратудың бірден-бір жолы математикалық әдіс болып табылады. Ол белгілердің тұқым қуалауын нақты зерттеуге мүмкіндік береді. Тұқымқуалау дегеннің өзі шын мәнінде – генотиптік өзгергіштіктің фенотиптікке қатынасымен сипатталады.
Арнайы математикалық әдіспен ол қатынасты анықтауға, яғни тұқымқуалау коэффициентін (h²) есептеп шығаруға болады. Ол пайызбен (1-ден 100% дейін) немесе бірлік бӛлшегімен (0-ден 1,0-ге дейін) көрсетіледі. h²=100% дегеніміз дарабастардан байқалатын алуан түрліліктің, олардың генотиптерінің әртүрлі болып келуіне (генотиптік өзгергіштік) байланысты екендігін көрсетеді. Ал, h²=0 әртүрлі дарабастардың генотиптері толығымен ұқсас болған кездің өзінде алуан түрлі фенотиптердің болатындығын көрсетеді, яғни бұл жерде модификациялық өзгергіштіктің болатындығы байқалады. Ал, h²-тың мәні аралық сипатта болса, ол популяцияда генотиптік те және фенотиптік те өзгергіштіктің болатындығын аңғартады.
Төменде ауылшаруашылық жануарларының әртүрлі белгілерінің тұқымқуалау коэффициентінің (h²) мәндері берілген.
Ірі қара мал:
Кейбір белгілердің тұқымқуалау коэффициенті өзгергіштігі ауқымының кең болуы популяциялардың сол белгілер бойынша табиғи тұрғыда әртүрлі болып келетіндігіне байланысты.
Әртүрлі популяциялардың (тұқым тобын) тұқым қуалайтын гетерогенділігі мен гетерозиготалығы олардың бұрынғы өсіп-өну тарихының нәтижесі болып табылады, атап айтқанда қолданылған инбридингтің сипатына, популяция құрылымының қалыптасуына, сұрыптау мен басқа популяциямен будандастырудың ерекшеліктеріне байланысты. Популяцияның тұқым қуалайтын гетерогенділігі сұрыптаудың тиімділігінің ең бір басты алғы шарттары болып есептелінеді. Сондықтан организмнің беретін өнімін арттырудың көздеген селекционер популяциядағы нақты бір белгілердің тұқым қуалауын білу керек. Егер популяция генотиптері біркелкі болып келген дарабастардан тұратын болса, онда мұндай популяцияда сұрыптау жүргізудің ешбір болашағы болмайды.
Тұқым қуалау заңдылықтарын білудің алдын-ала жоспарланған селекцияның тиімділігін анықтауда үлкен маңызы бар. Мысалы, күмісті-қара түлкілер ұзақ уақыттан бері қолда өсіріліп келеді, соған қарамастан олардың көбейіп ұрпақ беру мезгілін сұрыптау арқылы жылжытып өзгерту әрекеті еш нәтиже бермейді. Кеңес одағының белгілі генетигі, академик Д.К.Беляев аталмыш белгінің тұқым қуалау коэффициенті өте төмен (1-2%), соған байланысты оған сұрыптау жүргізудің тиімсіз екендігін анықтады.
Сонымен, белгінің тұқым қуалаушылық коэффициенті – белгінің фенотиптік өзгергіштігіндегі генетикалық компоненттің үлесін бағалайтын негізгі генетикалық параметр. Белгінің тұқым қуалау коэффициенттерінің жоғарылауымен жаппай сұрыптау кезінде малдың айтарлықтай жылдам генетикалық жақсаруын күтуге болады.