78 сұрақ: Шошқаны шаруашылықта пайдаланумерзімі: Шошқа шаруашылығы мал шаруашылығы саласының ішіндегі ең тез жетілгіш және үдемелігі жоғары салалардың бірі. Оның маңызы әлем бойынша шошқа етін өндірудің салмақтық үлесінің үнемі артып отыруына байланысты. Шошқа етiн өндiрудiң жалпы үлесі жаңа мыңжылдықтың басында 40% жетті. Шошқа шаруашылығы Азия елдерінде де өте қарқынды түрде дамуда. Бұл континенттегі шошқалардың басы соңғы 10 жылда (1990-2000ж) 20,3%, ал шошқа етін өндірудің көлемі 58,5% артты.
Шошқалардың биологиялық-шаруашылықтық ерекшеліктері
Шошқалар – азық түрін талғамайтын, климаттық жағдайы әр түрлі аудандарда бордақылауға жарайтын жануарлар. Олар концентратты, концентратты-картопты, концентратты-тамыртүйнекті және басқа да мәзірлермен, сонымен қатар тағам өндірісінің қалдықтарымен азықтандырылады. Шошқалар азықтың қоректік заттарын май мен ет түзуге өте жақсы пайдаланады. Үдемелі түрде өсірілетін шошқалар тірілей салмағының 1 кг өсіміне 3,5-4,5 азық өлшемін, ал бордақыдағы ересек шошқа – 6-8 азық өлшемін жұмсайды.
Шошқалардың сойыс шығымы өте жоғары – 75-85%. Тірілей салмағы 100 кг құрайтын шошқа ұшасы орташа 55% еттен, 35% майдан және 10% сүйектен тұрады. Шошқа ұшасындағы ет пен майдың арақатынасы оның жасына, тірілей салмағына, тұқымына және азықтандыру деңгейіне байланысты қалыптасады. Шошқалар өте тез жетілетін жануарлар. Қалыпты дамыған жас төл 9-10 айлық жасында табынды ұдайы өндіру мақсатында пайдаланыла бастайды. Мегежіндер 13-14 айлық жастарында алғашқы рет торайлай бастайды.
Шошқа өте сезімтал жануардың бірі. АҚШ-та жүргізілген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, оларды теуіп, ұрып-соғып өсіргенде тірілей салмақтары төмендейтіні, ал керісінше, жылы сөздер айтып, алақанмен сипалап өсiрсе жағымды әсер етіп, көңіл-күйлерімен қатар өнімділіктері де артатыны анықталған.
Шошқаның ішкі мүшелерін медицинада қолдану, әсіресе бірқатар жылдар бойы оның жүрек клапандарын адамның жүрегіне операция жасау кезiнде қолдану ісі жақсы жолға қойылған. Жаңа туған торайлардың кіндік қанаттары қантамырларына операция жасағанда қолданылатын ең жақсы материал болып табылады. Ең жақсы асқазан сөлі де шошқадан алынады.