«автожол» факультеті



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата06.02.2017
өлшемі4,3 Mb.
#3509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

(Доступные поля) қатарынан ӛзімізге қажетті ӛріс аттарын Таңдалған ӛрістер 
(Выбранные  поля)  ӛрісіне  таңдаймызда  (  «>»  -  бағыттауышы  белгіленген 
ӛрісті  ғана  келесі  бетке  кӛшіреді,  ал  «>>»  бағыттауышы  барлық  ӛрістерді 
кӛшіреді) Әрі қарай (Далее) батырмасын шертеміз (3-сурет); 

 
108 
 
 
3-сурет.Қарапайым сұранысқа қажетті кесте атын және  
ӛрістерді таңдау сұхбаттық терезесі (1-қадам). 
 
Егер  сұранысқа  екі  немесе  бірнеше  кесте  мәліметтері  қажет  болса,  онда 
шебердің  келесі  қадамында  толық  немесе  қорытынды  параметрлердің 
(подробный  (вывод  каждого  поля  каждой  записи),  итоговый)  бірі  таңдалады 
(4-сурет). 
 
 
4-сурет.Шебердің 2-ші қадамы. 
 
3-ші  қадамда  сұранысқа  атау  беріледі  және  үнсіздік  бойынша 
«Сұраныстың орындалу нәтижелерін ашу» қасиеті таңдалады (5-сурет). 
 
5-сурет. Қарапайым сұраныс құру сұхбаттық терезесі – 3-ші қадам. 
 

 
109 
Сұраныстағы  Құрастырушы  (Конструктор)  режімі  негізгі  режім  болып 
табылады. Тіпті шебердің кӛмегімен құрылған сұраныстың ӛзіне қандай да бір 
ӛзгертулер,  толықтырулар  қажет  болады.  Қосымша  барлық  қызметтер, 
ӛзгерістер тек қана Құрастырушы режімінде орындалады. 
Құрастырушы  режімінде  сұраныс  құру  мына  екі  тәсілдің  бірі  арқылы 
орындалады: 
1)Деректер 
қоры 
базасында 
Сұраныс

Құру

Жаңа 
сұраныс 
(Запрос

Создать

Новый  запрос)  командасынан  соң    Құрастырушы 
(Конструктор)  қатарын  таңдау.  ОК  батырмасынан  соң  тӛмендегідей  екі 
сұхбаттық терезе шығады (6-сурет): 
  
 
 
 
 
     а)   
 
 
 
 
        ә) 
6-сурет. Құрастырушы кӛмегімен құрылған сұраныс. 
 
2)Сұраныс  объектісі  терезесіндегі  Сұранысты  құрастырушы  режімінде 
құру  (Создание  запроса  в  режиме  конструктора)  қатарында  тышқанның  сол 
жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту арқылы жүктесек те болады. 
9.4.6  (ә)-суретте  қажетті  кестені,  сұранысты  және  кесте  мен  сұранысты 
бірге  таңдап  алуға  мүмкіндік  беретін  бӛлімдердінің  қажеттісін  белгілеп  алған 
соң  Қосу  (Добавить)  батырмасын  басамыз.  Таңдалынған  кестелер  9.4.6  (а)  – 
суреттің  жоғарғы  бӛлігінде  сұраныс  жеберілген  кестенің  құрылымы 
бейнеленеді.  Тӛменгі  бӛлігі  бағандарға  бӛлінген.  Оның  әрбір  бағаны  болашақ 
кестенің бір-бір ӛрісіне сәйкестендірілген. Сұранысқа қажетті ӛрістерді тышқан 
кӛмегімен  таңдап  аламыз.  Сол  кезде  бланкінің  тӛменгі  жағындағы  бағандар 
автоматты  түрде  толтырылады.  Сұраныстың  құрылымын  даярлап  болған  соң, 
оны  жаңа  атпен  қайта  сақтаймыз.  Осылайша  құрылған  сұраныс-  Таңдамаға 
сұраныс (Запрос на выборку) деп аталады. 
Таңдамаға сұраныс нәтижесінде алынған мәліметтерді қандай да бір ӛріс 
бойынша  реттеп  орналастыру  үшін  сұрыптауды  (сортировка)    -  ӛсуі  немесе 
кемуі бойынша қолданамыз.  
Мәліметтерді қандай да бір шарт бойынша сұрыптауға мүмкіндік беретін 
команда      -  Сұрыптау  шарты  (Условие  отбора)  болып  табылады.  Әрбір  ӛріс 
үшін осы жолда жеке дара шарт беруге болады. 
Сұраныс  құру  барысында  жазбаларды  іріктеу  шартын  беретін  ӛрнекті 
анықтауға  арналған  Ӛрнек  құрастырушыны  (Построитель  выражений) 
қолдануға  болады.  Ол  сұраныс  бланкісінде  Іріктеу  шарты  (Условие  отбора) 

 
110 
шарты 
қатарында 
жанама 
мәзірден 
Құру

Өрнек 
құрастырушы 
(Построить

Построитель  выражений)  командасын  таңдау  арқылы  немесе 
Ctrl+F2 пернелер комбинациясын шерту арқылы құрылады (7-сурет). 
 
 
7-сурет. Ӛрнек құрастырушы терезесі. 
 
Ӛрнек құрастыру барысында бірнеше қарапайым ережені естен шығармау 
керек: 
-ӛрнек барлық уақытта логикалық болады; 
-символдық тұрақтылыр тырнақшаға алынып жазылады
-ДҚ-ның объектісі ӛріс атауынан леп белгісімен ажыратылады; 
-математикалық 
емес 
программаулаушыларға 
түсінікті 
бірнеше 
операторларды да қолдануға болады; 
-ӛрнек ӛте дәл анықталып, сұраныс кестесіне енгізілетін жазбалар туралы 
барлық ақпарат толық қамтылуы керек. 
Ӛрнек  құрастырушы  терезесі  ӛздерінде  жылжыту  жолақтары  бар  тӛрт 
аймақтан тұрады: 
1)бірінші аймақта – құрылатын ӛрнек орналасады
2)екінші  аймақта  сұранысқа  арналған  қажетті  объектілер  таңдалады: 
кестелер, сұраныстар, қалыптар, функциялар және т.б.; 
3)үшінші  аймақта  осы  объектілердің  құрамына  кіретін  элементтер  тізімі 
кӛрінеді; 
4)тӛртінші аймақта үшінші аймақтан таңдалынып алынған объектілердің 
ішкі элементтері таңдалады. 
Математикалық операциялардың белгілері кӛрсетілген батырмаларды екі 
рет шерту арқылы сәйкес символдарды ӛрнекке енгізуге болады.  
Ӛрнек құрастырушы терезесінде математикалық амалдардан басқа іріктеу 
шартына қолдануға болатын негізгі логикалық функциялар да бар, яғни: 
AND – және; 
OR – немесе; 
NOT – емес; 
LIKE  –  белгісіз  символдары  бар  қатарды  іздеу  кезінде  масқа  құруға 
пайдаланылатын  функция.  Бұл  кезде  арнайы  символдар  қолданылады:  ?  –  кез 
келген бір символ; * - символдардың кез келген тізімі, # - белгісіз цифр; 
BETWEEN AND – аралықтан таңдау операциясы; 
^ - дәрежеге шығару операциясы

 
111 
- бүтінге дейін дӛңгелектеп бӛлу операциясы; 
&  -  символдық  берілгендерді  қосу  операциясы  (оны  «+»  белгісімен  де 
жазуға болады). 
Мысалы: 
BETWEEN  1945  AND  1950  шарты  >=  1945  AND  <=1950  шартына 
эквивалентті; 
LIKE *5* - құрамында «5» символы бар жазбаларды іздеу шарты. 
Ӛрнек  құрастырушы  терезесін  пайдаланып  сұраныс  құруға  мысал 
қарастырайық.  Айталық,  Сотрудник  атты  ДҚ-да  Разрядтар  және 
Қызметкерлер деген атпен екі кесте бар болсын (8 (а)-сурет). 
 
а) 
 
  
 
 
 
 
 
  ә)     
 
 
 
 б) 
8-сурет. Сотрудник ДҚ және Разряд, Сотрудник кестелері. 
 
Разряд  (8  (ә)-сурет)  кестесінде  разрядтар  мен  оларға  тиісті  жалақылар, 
ал  Сотрудник  (8  (б)-сурет)  кестесінде  қызметкерлер  және  олардың  сәйкес 
разрядтары 
мен 
жүктемелері 
енгізілген. 
Екі 
кестені 
пайдаланып, 
қызметкерлердің  жалақысы  есептелген  қажетті  сұраныс  кестесін  құру 
алгоритмі тӛмендегідей: 
1)  Сотрудник  ДҚ-да  Сервис

Берілгендер  схемасы  командасы 
бойынша  Раязряд  кестесіндегі  код  ӛрісі  мен  Сотрудник  кестесіндегі  Разряд 
ӛрістері арасында «бірі

кӛбіне» байланысын орнатамыз (9-сурет); 

 
112 
 
9-сурет. «Бірі

кӛбіне» байланысының кӛрінісі 
 
2) Сұраныс объектісіндегі Конструктор режімінде жаңа сұраныс құрамыз
3)  Конструктор  режімінің  Сұраныс  терезсінің  тӛменгі  жағындағы 
бағандарда  Сотрудник  кестесінен  сотрудник  пен  ставка,  ал  Раязряд 
кестесінен разряд ӛрістерін таңдаймыз (10-сурет). 
 
10-сурет. Сұранысқа қажетті ӛрістерді таңдау. 
 
4) Тӛртінші бағанда жаңадан Жалақы (Зарплата) ӛрісін ашып, сол бағанда 
жанама  мәзір  кӛмегімен  Өрнек  құрастырушы  (Построить

  Построитель 
выражений)  терезесін  ашамыз  да  қызметкердің  тиісті  жалақысын  есептейтін 
формуланы енгізгеннен соң ОК батырмасын шертеміз (11-сурет); 
 
11-сурет. Ӛрнек құрастырушы терезесінде жазылған формула. 
 
5)Конструктор  режімінде  ашылған  сұраныс  терезесіндегі  соңғы 
ӛзгерістерді сақтай отырып терезені жабамыз. 
Осы алгоритмдерді орындай отырып 12 (а)-суреттегідей сұраныс кестесін 
алуға болады. 12 (ә)-суреттегі Жалақы (Зарплата) ӛрісінде әрбір қызметкердің 
жүктемесі мен разрядына сәйкес тиісті жалақылары есептеліп кӛрсетілген. 

 
113 
 
а) 
 
ә) 
12-сурет. Конструктор және қалыпты режімде ашылған сұраныс кестесі. 
Қорытынды  (итоговый)  параметрін  таңдап,  сол  терезедегі  Қорытынды 
(Итоги) батырмасын шерткенде математикалық қорытынды есептеулер немесе 
статистикалық есептеулерді орындайтын сұхбаттық терезе шығады (13-сурет). 
  
 
13-сурет. Қорытынды (итоговый) параметрін таңдау терезесі. 
 
Қорытынды  ретінде  әр  топтағы  арифметикалық  ортаны,  минимумді, 
максимумды,  жазбалар  санын  есептеуге  болады.  Тізімдегі  кейбір 
функциялардың атқаратын қызметтері: 

 
114 
Функциялар 
Атқаратын қызметтері 
Sum 
ӛрістің барлық мәндерін есептеу; 
Avg 
арифметикалық орта мәнін есептеу
Max 
ӛрістердің берілген мәндерінің максимумын анықтайды; 
Min 
ӛрістердің берілген мәндерінің минимумын анықтайды; 
Count 
ӛрістердегі жазулар санын анықтайды; 
First 
ӛрістің бірінші жазбасының мәні; 
Last 
ӛрістің соңғы жазбасының мәні; 
 
Қорытынды  сұраныс  даярлау  үшін  Сұраныс  Конструкторының  аспаптар 
панелінде  Топтау  операциялары  (Групповые  операции)  батырмасын  басып, 
сұраныс бланкісінің тӛменгі жағына Топтау  операциясын жолын енгізу қажет. 
Қорытынды  жүргізілетін  ӛрістің  ұяшығында  топтау  операциясын  таңдап 
аламыз. 
Айқасқан  сұраныс  (Перекрестный  запрос)  –  берілген  кесте  немесе 
сұраныс  негізінде  қорытынды  мәндерді  есептеуге  арналған  кесте  құру 
операциясы.  Оның  әрбір  қатарына  және  бағанына  атау  беріледі  де  олардың 
қиылысуында  қорытынды  мәндер  жазылады.  Оның  шеберін  іске  қосу  үшін 
Сұраныс жапсырмасындағы Құру батырмасынан Айқасқан сұранысты таңдап, 
ОК  батырмасын  шерту  керек.  Айқасқан  сұраныс  құру  үшін  бастапқы  кестеде 
жаңа кестенің қатарлары мен бағандарының атауларын қалыптастыруға қажетті 
мәліметтер бар деп есептелінеді. Шебердің жұмысы 5 қадамнан тұрады: 
1) 1-қадамда – сұранысқа қажетті кесте таңдалады (14-сурет); 
 
14-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 1-ші қадамы. 
 
2) 2-қадамда – сұранысқа қажетті ӛрістер таңдалады (15-сурет); 
 
15-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 2-ші қадамы. 
 

 
115 
3)  3-ші  қадамда  –  мәндері  бағандарды  түзуге  пайдаланылатын  ӛрісті 
таңдау (16-сурет); 
 
16-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 3-ші қадамы. 
 
4)  4-ші  қадамда  –  қорытынды  жасау  үшін  қажет  функцияны  таңдау, 
мысалы – максимум (17-сурет); 
 
17-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 4-ші қадамы. 
 
5)5-ші  қадам  –  құрылған  сұранысқа  жаңадан  ат  беру  немесе  үнсіздік 
бойынша берілген атауды қалдыру (18-сурет). 
 
18-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 5-ші қадамы. 
 
Айқасқан сұраныстың қорытынды кестесі 19-суретте келтірілген. 
 

 
116 
19-сурет. Айқасқан сұраныс терезесі. 
Егерде бастапқы кестедегі мәліметтерге қандай да бір ӛзгерістер енгізсек, 
айқасқан  сұраныс  терезесінде  сол  ӛзгерістер  автоматты  түрде  орындалады. 
Мысалы, бастапқы кестедегі (Таблица2: таблица) берілгендері ӛз қалауымызша 
ӛзгертейік  (20  (а)-сурет).  Айқасқан  сұраныс  терезесінде  де  сол    ӛзгерістерді 
байқауға болады (20 (ә)-сурет). 
 
а) 
 
ә) 
20-сурет. Ӛзгерістері сақталған айқасқан сұраныс терезесі. 
 
2. Қалып және есеп. 
Access-те  кестелер  мен  сұраныстардағы  берілгендерді  ыңғайлы  түрде 
экранда  бейнелейтін  және  оларды  басқаратын  құрал  ретінде  формалар 
қолданылады.  Формалар  берілгендерді  кесте  түрінде  немесе  оларды  экран 
бетіне қалауынша орналастыруға мүмкіндік беретін, Access объектілерінің бірі. 
Формаларды  құру  тәсілдерінің  жеңілдігі,  әртүрлілігі  және  олардың  сыртқы 
түрлері Access программасының БҚБЖ-нен артық болуына әсер етеді. 
Автоформалар.  
Access-те  форманың,  автоматты  түрде  құруға  болатын,  үш  стандартты 
түрі  бар:  бағандық  автоформа,  таспалық  автоформа;  кестелік  автоформа. 
Бағандық  формада  кестенің барлық ӛрістері баған  түрінде  орналасқан.  Экран 
бетінде оның бір ғана жазбасы кӛрінеді. Таспалық форма кестеге ұқсас, бірақ 
ондағы берілгендер кестедегідей жинақы емес, олардың әрқайсысы бір таспада 
жазылған.  Кестелік  форма  сыртқы  түрі  бойынша  кестеден  айырмашылығы 
жоқ. 
Форма шебері мен конструкторы.  

 
117 
Жаңа  форма  терезесінде  Форма  шеберін  таңдап  және  кесте  атауын 
кӛрсетіп, ОК түймесін шерту арқылы Форма шебері іске қосылады. 
Программа  форма  құру  барысында  кестенің  барлық  ӛрістерін  экран 
бетіне  сыйдыруға  тырысады.  Оның  форма  құрудағы  әсемдік  сапасы  ұнамаған 
жағдайда  оны  конструктор  режимінде  ауыстыруға  болады.  Басқару 
элементтерінің  басқа  элементтерден  айырмашылығы  оларды  міндетті  түрде 
программалау керек.Әйтпесе олардың ешқандай пайдасы жоқ. 
 Access-тегі есеп объектісі. 
Access-тегі есеп объектісі-БҚ-дағы мәліметтерден қолданушыға қажетті 
мәліметтерді  басып  шығаруға  дайындалған  есеп  құжаты.  Форма  мен  есеп 
объектілерінің құрылымдары ұқсас, яғни формада айтылған мәліметтердің кӛбі 
есеп объектісі үшін де орынды. Есеп құру кезінде жұмыстың басым кӛпшілігі 
оның  конструктор  режимінде  орындалады.    Есеп  құрылғаннан  кейін  оны 
баспаға басып шығаруға болады. 
Автоесептер. 
Есепті  автоматты  түрде  құруға  болатын  таспалық  және  бағандық 
автоесептер  деген  екі  тәсіл  бар.  Автоесеп  құру  үшін  Жаңа  есеп  терезесінде 
оның  бір  түрін  белгілеп  және  терезенің  тӛменгі  жағында  қажетті  кесте  не 
сұранысты таңдап, ОК түймесін шерту керек. Таспалық автоесептерде ӛрістер 
кӛлденең, ал бағандық автоесептерде тігінен орналасады. 
БҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Ал кестеде оның ӛрістері 
және сол ӛрістердің типтері мен қасиеттері анықталады. 
Қолдануға  дайын  кесте  жасалған  соң,  қолданушы  оны  толтыруы  тиіс. 
Кестені информациямен толтырмас бұрын оның ӛрістеріне мағынасы бар жаңа 
атаулар берілуі керек. 
Сұраныстар  арқылы  бір  және  бірнеше  байланысқан  кестелерден 
берілгендерді, анықталған шарт бойынша, іріктеп алуға болады. 
Access-те  кестелер  мен  сұраныстардағы  берілгендерді  ыңғайлы  түрде 
экранда  бейнелейтін  және  оларды  басқаратын  құрал  ретінде  формалар 
қолданылады.  Формалар  берілгендерді  кесте  түрінде  немесе  оларды  экран 
бетіне қалауынша орналастыруға мүмкіндік беретін, Access объектілерінің бірі. 
Формаларды  құру  тәсілдерінің  жеңілдігі,  әртүрлілігі  және  олардың  сыртқы 
түрлері Access программасының БҚБЖ-нен артық болуына әсер етеді. 
Есепті  автоматты  түрде  құруға  болатын  таспалық  және  бағандық 
автоесептер  деген  екі  тәсіл  бар.  Автоесеп  құру  үшін  Жаңа  есеп  терезесінде 
оның  бір  түрін  белгілеп  және  терезенің  тӛменгі  жағында  қажетті  кесте  не 
сұранысты таңдап, ОК түймесін шерту керек. Таспалық автоесептерде ӛрістер 
кӛлденең, ал бағандық автоесептерде тігінен орналасады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Сұраныс дегеніміз не? 
2.
 
Қалып, есеп дегеніміз не? 
3.
 
Сұраныстың түрлерін атаңыз? 
4.
 
Айқасқан сұраныстың құру қадамдарын атаңыз. 
 

 
118 
№11 ДӘРІС  
 
Тақырыбы: Ақпараттық сақтандыру және оның құрамдастары. Ақпарат 
қауіпсіздігіне  қауіптер  және  олардың  топталуы.  Ақпараттық  процеске 
рұқсатсыз кірісуден сақтану. Ұйымдастыру шаралары, инженерлі және де басқа 
ақпаратты  сақтау  әдістері.  Жергілікті  компьютерлік  желілерде  ақпаратты 
қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интелект жүйелері. 
 
1. Компьютерлiк вирустар. 
2. AVP программасының мүмкiндiктерi. 
3. WinRar және Backup программалары. 
4. MS Word мәтіндік редакторында құжатты қорғау. 
5. MS Excel электрондық кестесінде мәліметті қорғау жолдары. 
6. Буманы, файлды ӛзгертуден қорғау жолдары. 
 
1. Компьютерлiк вирустар. 
Компьютерлiк  вирустар  дегенiмiз  –  компьютерлiк  жүйедегi  және 
желiдегi әртүрлi объектiлерге залалын тигiзуге бейiм программалар. 
Вирустар  компьютермен  жұмыс  iстеу  кезiнде  кӛптеген  қолайсыз 
жағдайлардың туындауына әсер етедi. Олар: 
- Бiрқатар программалардың жұмыс iстеу жылдамдығы кемидi
-  Файлдардың  дискiде  алатын  орны  (әсiресе  бiрден  орындалатын 
файлдардың) ұлғайып кетедi; 
- Бұрын болмаған файлдар ӛз-ӛзiнен пайда болады; 
- Кәдiмгi жұмыс iстеу режимiмен салыстырғанда жедел жадыдағы жұмыс 
iстеу аймағының кӛлемi азаяды; 
-  Кенеттен  әртүрлi  бейнелiк  және  дыбыстық  эффектiлер  пайда  болады 
және т.б. 
Вирустар  орналасу  орындарына  қарай  желiлiк,  файлдық  және 
жүктелетiн  болып  жiктеледi.  Желiлiк  вирустар  компьютерлiк  желi  арқылы 
тарайды, файлдық вирустар орындалатын файлдарға, ал жүктелетiн вирустар –
дискiнiң  жүктелу  секторына  (Boot-сектор)  немесе  винчестердiң  жүйелiк 
жүктелуiн құрайтын секторына  (Master Boot Record) орналасады. 
Вирустар  бүлдiру  тәсiлдерiне  қарай  резиденттi  және  резиденттi  емес 
болып  екiге  бӛлiнедi.  Вирус  жұққан  программа  iске  қосылғанда,  резиденттi 
вирустың  кӛшiрмесi  компьютердiң  жедел  жадында  жазылып  қалады  да,  олар 
операциялық  жүйеде  жұмыс  жасаған  барлық  программаларға  жұғады. 
Резиденттi  вирустар  компьютер  жедел  жадында  орын  алып  тұрады  да, 
компьютер  iстен  шығарылғанға  немесе  қайта  iске  қосылғанға  дейiн  ӛз 
жұмысын  атқарады.  Резиденттi  емес  вирустар  компьютердiң  жадында 
орналаспайды және олардың жұмыс iстеу уақыты шектеулi болып келедi.  
Вирустардың  деструктивтi  мүмкiндiктерiне  қарай,  яғни  олардың 
атқаратын  iс-әрекеттерiне  байланысты  оларды  мынандай  топтарға  бӛлуге 
болады: 

 
119 
-  қауiпсiз  вирустар  әсерi  дискiдегi  бос  орынның  азаюымен  және 
графикалық,  дыбыстық,  басқа  да  эффектiлердiң  кемуiмен  шектеледi  (оның 
тарау нәтижесiнде тек дискiнiң бос жады кемидi); 
 -  қауiптi  вирустар  компьютердi  жұмысынан  жаңылыстыратын  кӛңiл 
аударарлық зиянды әрекеттер туғызады; 
-  ӛте  қауiптi  вирустар  әсерiнен  кӛптеген  программалар,  мәлiметтер, 
жедел жадының жүйелiк аймақтарына жазылған компьютер жұмысына қажеттi 
ақпараттар жойылып кетедi.   
Вирус  алгоритмдерiнiң  ерекшелiктерiне  қарай  оларды  мынадай  да 
топтарға бӛлуге болады: 
компаньон-вирустар (companion) – файлдарды ӛзгертпейтiн вирустар, 
бiрақ  олар  осы  атқарылатын  .EXE-файлға  ұқсас  кеңейтілмесі  .COM  болып 
келетiн орындалатын файлдар жасап шығарады. МысалыXCOPY.EXE файлы 
үшiн XCOPY.COM атты тағы бiр файл пайда болады. Вирус осы .СОМ-файлға 
жазылады да, .ЕХЕ-файлды ӛзгертпейдi. Бiрақ XCOPY файлын орындау қажет 
болғанда,  алдымен  вирусы  бар  .СОМ-файл  орындалып,  тек  сонан  кейiн  ғана 
.ЕХЕ-файл орындалады. 
-  құрттар  (worm)  –  компьютерлiк  желi  арқылы  таралатын  және 
компаньон-вирустар  сияқты  файлдарды,  дискiдегi  секторларды  ӛзгертпейтiн 
вирустар.  Бұлар  желi  арқылы  компьютердiң  жадына  орнығып  алады  да,  басқа 
компьютерлердiң желiлiк адрестерi бойынша ӛз кӛшiрмелерiн таратады. Кейбiр 
жағдайларда  мұндай  вирустар  дискiлер  жүйесiнде  жұмыс  файлдарын  құрып 
алғанмен олар компьютер жадынан ӛзге ресурстарын пайдаланбайды. 
“паразиттiк“  топқа кiретiн вирустардың әсерi тиген дискiлiк секторлар 
мен  файлдардың  мазмұндары  ӛзгерiп  кетедi.  Құрт  немесе  компаньон-
вирустарға жатпайтын басқа вирустар паразиттiк топқа кiредi; 
-  “студенттiк“  –  вирустарға  болар  болмас  әсер  ететiн,  резиденттi  емес, 
қателер саны ӛте кӛп вирустар тобы кiредi; 
-  “стелс“-  вирустары  (кӛрiнбейтiн  вирустар,  stealth)    дамыған 
программалар  тобына  жатады,  зақымдалған  файлдар  ӛңделуге  тиiс  сәттерде 
олардың  орнына  мәлiметтердiң  ауру  жұқпаған  бӛлiктерiн  орналастырып, 
оларды  да  зақымдай  бастайды.  Оның  үстiне  бұл  вирустың  жұғу  алгоритмi 
күрделi,  әрi  жоғарғы  деңгейде  болғандықтан  антивирустық  программаларға 
оларды тауып зақымсыздандыру оңай емес; 
полиморфик – вирустар (ӛздiгiнен ӛрбитiн немесе елес-вирустар) – ӛте 
қиын  табылатын  вирустар  тобына  жатады.  Кӛп  жағдайларда  бiр  полиморфик-
вирустың екi түрлi бейнесi бiр-бiрiне сәйкес келмейдi. 
-макро-вирустарға – мәлiметтердi (мәтiндiк редактор және электрондық 
кестелер)  ӛңдеу  жүйелерiне  ендiрiлген  макротiлдердiң  мүмкiндiктерiн 
пайдаланатын  вирустар  тобы  жатады.  Қазiргi  кезде  Microsoft  Word 
редакторының құжаттарын бүлдiретiн макровирустар кӛп тараған. 
Кейбiр  вирустардың  таралуы  әсерiнен  программалардың  жойылуы, 
мәлiметтердiң    немесе  жадының  жүйелiк  аймақтарында  жазылған 
ақпараттардың  ӛшiп  қалуы  сияқты  қолайсыз  жағдайлар  кездесiп  отырады. 
Осыларды  болдырмау  үшiн  немесе  бола  қалған  күнде  де  олардан  арылу 

 
120 
мақсатында вирустармен күресуге арналған арнайы антивирус, яғни вирустарға 
қарсы күресетiн программалар қолданылады. 
 
2. AVP программасының мүмкiндiктерi. 
Антивирустық  программалар  –  компьютерді  вирустан  қорғау, 
дискілерде  жазулы  программалар  мен  берілгендерді  вирусқа  тексеру,  оларға 
енген вирустарды жою сияқты әрекеттерді орындауға арналған программалар. 
Қазіргі  кезде  кеңінен  қолданылатын  антивирустық  программалар: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет