«автожол» факультеті



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата06.02.2017
өлшемі4,3 Mb.
#3509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 Картинкалар  командасы. 
 
Безендірілген тақырыптар даярлау үшін MS Word мәтіндік редакторының 
арнаулы WordArt программасы қолданылады. Оны қосу үшін: 
1)Сурет  саймандар  тақтасындағы  WordArt  объектiсiн  қосу 
 
батырмасын шертеміз немесе Енгiзу

Сурет

WordArt объектiсi…командасын 
пайдаланамыз  (21-сурет).  Мәтiндi  әр  түрлi  тәсiлмен  бейнелеп  жазу,  оған 
кӛлеңке салу, қисайту, айналдыру, созу, үлкейту, қысқарту  мүмкiндiгiн беретiн 
WordArt  программмасының  кӛмегiмен  мәтiнге  әртүрлi  эффектiлер  беруге 
болады.  
 
 
21-сурет.WordArt объектісін қою командасы. 
 
Microsoft  Equation  3.0  программасының  кӛмегiмен    Word  мәтiндiк 
редакторында жазылған құжатқа математикалық элементтердi енгiзуге болады. 
Ол үшін: 
1)Енгiзу

Объект  (Вставка

Объект)  командасын  орындағанда  ашылған 
терезеде  (22-сурет)  Microsoft  Equation  3.0  қатарын  таңдаймыз  немесе 
стандартты саймандар тақтасындағы 
 батырмасын шертемiз; 

 
51 
 
22-сурет. Microsoft Equation 3.0 командасы. 
 
2)Курсор  тұрған  орынға  формула  енгiзу  мүмкiндiгi  берiледi  және 
формулалар саймандар тақтасы пайда болады (23-сурет); 
 
23-сурет.Формулалар саймандар тақтасы. 
 
3)Қажеттi  элементтi  осы  саймандар  тақтасынан  таңдап  аламыз  да, 
енгiзуге  тиiстi  мәндердi  терiп  жазамыз.  Бұл  программа  енгiзiлген 
формулаларды автоматты түрде форматтайды. 
3. Құжатты баспаға шығару. 
Құжатты  баспаға  жiбермес  бұрын,  алдымен  оның  қағаз  бетiнде  қалай 
орналасатынын  арнаулы  алдын  ала  мәтiн  кӛру  режимi  арқылы  қарап  шығуға 
болады. Бұл бiраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкiндiк бередi. 
Word  редакторында  бiрден  мәтiннiң  бiрнеше  дана  кӛшiрмесiн  немесе 
құжаттың тек кейбiр беттерiн ғана баспаға шығаруға болады. 
Баспаға  шығарылатын  мәтiндi  кӛру  үшiн  келесi  бес  режимнiң  кез 
келгенiн  қолдана  аламыз,  олар:  қалыпты  (обычный),  электрондық  құжат 
(электронный  документ),  беттердi  белгiлеу  (разметка  страницы),  құжат 
құрылымы  (структура  документа)  және  баспаға  шығару  алдында  мәтiндi 
кӛру  (предварительный  просмотр).  Егер  құжат  құрамында  арнайы  элементтер 
(кестелер, кадрлар, графикалық объектiлер т.с.с.) болса, тек  беттердi белгiлеу 
және  баспаға  шығару  алдында  мәтiндi  кӛру  екi  режимi  ғана  баспаға 
шығарылатын құжат жайлы алдын-ала толық кӛрiнiс бере алады. 
Ағымдағы Құжатты баспаға шығару үшiн: 
1.Қажеттi құжатты ашамыз; 

 
52 
2. Файл

Баспаға 
шығару 
командасын 
орындаймыз 
немесе 
Ctrl+Shift+F12  пернелер  комбинациясын  басамыз,  сонда    “Баспаға  шығару” 
сұхбат терезесi ашылады (24-сурет). 
3.Егер  ешқандай  параметрлер  ӛзгертiлмейтiндей  болса,  ОК  батырмасын 
шертемiз. 
Мұндай сәтте құжаттың басынан аяғына дейiнгi барлық беттерi бiр дана 
болып  басылып  шығады,  оның  параметрлерi  алдын  ала  келiсiлген  мәндердi 
қабылдап  тұрады  немесе  баспаға  шығарудың  осының  алдындағы  ―Баспаға 
шығару‖ сұхбат терезесiнде анықталған параметрлер арқылы орындалады. 
 
 
 
24-сурет. Файл

Баспаға шығару командасы. 
 
Ашық тұрған  құжатты баспаға  стандартты саймандар тақтасындағы 
  
батырмасын шерту арқылы да орындауға болады. Құжатты баспаға шығаруды 
болдырмау үшiн Esc пернесiн басамыз. 
Баспаға  шығару  барысында  Windows жүйесiнiң  Есептер тақтасындағы  
принтердiң  шартбелгiсi  кӛрсетiлiп  тұрады.  Баспаға  шығаруды  болдыртпау 
үшiн,  тышқанды  принтер  шартбелгiсiне  жеткiзiп,  оны  екi  рет  шерту  керек. 
Шыққан  сұхбаттық  терезеде  Құжат

Баспаға  шығаруды  болдырмау 
(Документ

Отменить  печать)  командасы  арқылы  баспаға  шығаруды 
болдырмауға  мүмкiндiк  бар.  Баспаға  шығару  терезесiн  жабу  үшiн 
Принтер

Жабу (Принтер

Закрыть) командасын орындаймыз. 
Алдын  ала  келiсiм  бойынша  құжаттың  барлық  беттерi  бiр  дана  болып 
қана  басып  шығарылады.  Бiрақ  оны  бiрнеше  дана  етiп  те    шығару  мүмкiндiгi 
бар, ол үшiн: 
1)Баспаға шығаруға арналған құжатты ашу қажет; 
2)Файл

Баспаға шығару  командасын  орындап  немесе  Ctrl+Shift+F12 
пернелер  комбинациясын  басып  ―Баспаға  шығару‖  (Печать)  сұхбаттық 
терезесiн шығарамыз; 
3)Осы  терезенiң “Кӛшiрмелер” (Копии) бӛлiмiндегi    Кӛшiрмелер саны 
(Число  копии)  ӛрiсiне  құжаттың  қажеттi  кӛшiрмелер  санын  тiкелей  енгiземiз 

 
53 
(немесе  ӛрiстiң  оң  жағында  орналасқан  тiлсызық  батырманы  басып  қажеттi 
санды шығарып орнату керек); 
4)Алдын  ала  келiсiм  бойынша  ―Кӛшiрмелер‖  бӛлiмiнде  Көшiрмелердi 
бөлiп қою (Разобрать по копиям) қасиеті таңдалған, соның нәтижесiнде бiрiншi 
дананың  барлық  беттерi  толық  басылады,  одан  кейiн  екiншi  дананың 
беттерi  басылып  шығады  т.с.с.  Ал  егер  барлық  даналарды  қатар  алу  қажет 
болса,  онда  Кӛшiрмелердi  бӛлiп  қою  (Разобрать  по  копиям)  қанатбелгісін 
алып тастау қажет, сонда ең алдымен  барлық бiрiншi беттер, сосын  барлық 
екiншi  беттер  т.с.с.  болып  басылып  шығады.  Бұл  тәсiл  баспаға  шығару 
уақытын бiршама қысқартуға мүмкiндiк бередi, бiрақ мұнда  құжаттың барлық 
даналарын реттеудi әркiм ӛзi орындауына тура келедi
5)Қажетті қасиеттерін белгілеп болған соң ОК батырмасын шертемiз. 
Құжатты  толығымен  емес,  оның  тек  бiр немесе  бiрнеше  беттерiн  ғана 
баспаға шығару қажеттiлiгi жиi кездеседi. Құжатты баспаға бӛлiп шығарудың 
екi жолы бар, олар: 
1)«Баспаға шығару» (Печать) сұхбат терезесiнде жеке беттер нӛмiрлерiн 
(немесе беттер диапазонын) нақты кӛрсету; 
2)Сұхбаттық  терезені  ашудан  бұрын  қажеттi  беттердi  белгiлеп  алу. 
Сондай-ақ,  құжаттың  курсор  тұрған  ағымдағы  беттi  ғана  басып  шығаруға 
болады. 
Құжаттың  жеке  беттерiн  баспаға  шығару  үшiн  мынадай  әрекеттер 
орындалады: 
1.  Баспаға  шығаруға  арналған  құжатты  ашып,  одан  кейiн  ―Баспаға 
шығару‖ сұхбат терезесiн экранға шығару керек; 
2. ―Беттер‖ (Страницы) бӛлiмiнде Нӛмiрлер қатарын таңдап алу қажет; 
3. Енгiзу ӛрiсiне басып шығарылуға тиiс беттер нӛмiрлерiн  үтiр арқылы 
ажырата  кӛрсетiп  жазып  шығамыз.  Егер  қажеттi  беттер  бiрiнiң  артынан  бiрi 
жалғасып  тұрса,  дефис  арқылы  бастапқы  және  соңғы  беттер  ғана  кӛрсетiледi. 
Ал тiзбек түрiнде бiрнеше диапазон болса, оларды да үтiрмен бӛлемiз, мысалы: 
1-3,9,20-21,44,47-51,57-62.  Егер  құжат  бiрнеше  iрi  бӛлiмдерден  тұрса,  әр 
бӛлiмдегi қатар орналасқан беттердi баспаға шығару үшiн енгiзу ӛрiсiне беттер 
нӛмiрлерiн  және  олардың  бӛлiмдерiн  дефис  арқылы  кӛрсетемiз.  Мұндайда 
беттердi  белгiлеу  үшiн  р  латын  әрпi,  ал  бӛлiмдердi  белгiлеуде  –  s  әрпi 
қолданылады. Мысалы: р28s3-p12s5
4. Егер тек курсор орналасқан ағымдағы бiр беттi баспаға шығару қажет 
болса,  онда  ―Беттер‖  бӛлiмiнен  Ағымдағы  (Текущая)  деген  қатарды  белгiлеп 
алу қажет. 
5. Соңында ОК батырмасын шертемiз. 
6.Құжаттың  ерекшеленген  бӛлiгiн  баспаға  шығару  үшiн,  қажеттi 
фрагменттi  ерекшелеп  алған  соң  ―Баспаға  шығару‖  сұхбат  терезесiн  ашып, 
оның  ―Беттер‖  бӛлiмiнде  Ерекшеленген  фрагмент  (Выделенный  фрагмент) 
қатарын  таңдап,  соңында  ОК  батырмасын  шерту  жеткiлiктi.  Бiрақ  құжат 
колонтитулдары  (тұрақты  тарау  аттары)  басып  шығарылмайды.  Оның  үстiне 
құжаттағы нақты ерекшеленген бӛлімге қоса сол қағаз бетiнiң жоғарғы бӛлiгi де 
басылып шығарылады. 

 
54 
Кӛлемдi  құжаттарды  баспаға  шығаруда  қағаздың  екi  жақ  бетiн  де 
пайдалану  арқылы  қағазды  үнемдеуге  болады.  Кейбiр  принтерлерде  қағаздың 
екi бетiне де мәтiн басып шығару режимi бар, ал егер ондай мүмкiндiк болмай 
қалса,  тӛмендегiдей  етiп  қағаздың  екi  бетiн  де  пайдалануға  болады:  алдымен 
Құжаттын  тек  тақ  беттерiн  парақтын  бiр  жағына,  ал  екiншi  жолы    тек  жұп 
беттердi парақтың келесi бетiне басып шығарамыз. 
Құжаттың тек тақ (жұп) беттерiн баспаға шығару үшiн келесi әрекеттер 
орындалады: 
1. Баспаға шығару (Печать) сұхбат терезесiн ашамыз
2. Баспаға шығарып алу (Вывести на печать) деген ашылатын тiзiмнен 
Тақ беттер (Нечетные страницы) қатарын таңдап алу керек;  
3. Оны  баспаға  шығарып  болған  соң  қағазды  оның  таза  жағына 
басатындай етiп принтерге орналастырамыз; 
4. Одан кейiн жұп беттердi таңдап алып қағазға шығарамыз; 
5. Құжаттың барлық жұп (немесе тақ) беттерiн баспаға шығарудан басқа, 
кӛрсетiлген бӛлімнің (диапазонның) де жұп немесе тақ беттерiн басып шығара 
аламыз.  Мысалға,  Тақ  беттердi  таңдау  барысында  Нөмiрлер  ӛрiсiнде  15-20 
цифрларын енгiзсек, 15-, 17- және 19-беттердi басып шығарамыз; 
6. Соңында ОК батырмасын шерту керек. 
 
Егер кітапша түрде құжатты баспаға шығарғымыз келсе, онда: 
1)Файл

Баспаға шығару (Файл

Печать) командасын шақырамыз; 
2)Баспаға шығару

Қасиеттері (Свойства) батырмасын басамыз. Сонда 
25-суреттегідей сұхбат терезесі шығады. 
 
25-сурет. Баспаға шығару

Қасиеттері (Свойства) сұхбат терезесі. 
 
3)Шыққан  сұхбаттық  терезеде  Парақтағы  бет  саны  (Страниц  на  листе) 
қасиеттері бӛлімінде 2 санын таңдаймыз; 
4)Баспаға  жіберілетін  құжаттың  бет  сандарын  4-ке  қалдықсыз 
бӛлінетіндей етіп толықтырамыз – 4, 8, 12 және т.б.; 
5)Әр бет нӛмірлерін  бір-бірінен нүкте арқылы  ажырата кӛрсетеміз,  яғни 
егер құжат 8 беттен тұратын болса – 8,1,6,3 – бет нӛмірлерін бірінші жібереміз; 

 
55 
6)Принтерден  осы  парақтарды  –  бірінші  тұрған  парақты  соңына
екіншісін оның бетіне қойып аламыз; 
7)Екінші рет баспаға жіберу барысында Беттер бӛлімінде – 2,7, 4, 5 – бет 
нӛмірлерін кӛрсетеміз;  
8)Баспадан  шыққан  парақтарды  бет  нӛмірлеріне  сәйкестендіре  қайта 
қойып  шығамыз,  сонда  –  бірінші  парақта  –  1,2,7,8-ші  беттер,  ал  екінші 
парақта – 3,4,5,6-шы беттер орналасқан. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Құжатқа кестені калай енгіземіз? 
2.
 
Кесте калай салынады? 
3.
 
Алмастыру буфері дегеніміз не? 
4.
 
Диаграмма не үшін қолданылады? 
5.
 
Диаграмманың түрін қалай ӛзгертеді? 
6.
 
Құжатқа формуланы калай енгіземіз? 
 

 
56 
№6 ДӘРІС  
 
Тақырыбы: Windows жүйесіндегі Excel электрондық кестесі. 
 
1. Microsoft Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдары. 
2. MS Excel кестесiнде мәліметтерді енгізу және форматтау. 
3. MS Excel электрондық кестесінің функциялары. 
4. Диаграммаларды ӛңдеу, кӛркемдеу және баспаға шығару жолдары. 
 
1. Microsoft Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдары. 
Microsoft  Excel  –  кесте  iшiнде  есептеу  жұмыстарын  атқара  отырып, 
оларды  кӛрнекi  түрде  бейнелейтiн,  диаграммаларды  тұрғызу,  мәлiметтер 
базасын  құру, сан түрiнде берiлген мәлiметтер арқылы эксперименттер жүргiзу 
және т.б. мүмкiндiктер беретiн программалық кесте. 
MS Excel программасын iске қосу жолдары: 
1)Тапсырмалар  тақтасындағы  Iске  қосу  (Пуск)

Программалар

 
Microsoft Excel командалық қатарын таңдаймыз; 
2)Жұмыс  үстелінде  программа  сілтеуіші  орналасқан  болса,  тышқанның 
сол жақ батырмасын үздіксіз сол объектіде екі рет шертеміз
3)Тапсырмалар тақтасында MS Excel программасының батырмасы болса, 
тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертеміз. 
MS  Excel  программасы  iске  қосылғаннан  кейiн  экранның  кӛрiнiсi  1-
суреттегiдей болады. 
 
1-сурет.Excel программасының терезесi. 
Excel  электрондық  кестесi  iске  қосылғаннан  кейiн  автоматты  түрде  1-
кiтап (Книга 1) деген атпен жаңа қүжат ашылады. Бұл кiтаптың атын файлды 
сақтау кезiнде ӛзгертуге болады. 
Бұдан  басқа  жаңа  кiтап  жасау  үшiн  стандартты  саймандар  тақтасынан 
Құру  (Создать) 
  батырмасын  шертемiз  немесе  Ctrl+N  пернелер 
комбинациясын басамыз. Жаңадан қүрылған кiтаптың аты үнсіздік бойынша  2-
кiтап, 3-кiтап (Книга 2, Книга 3) т.с.с. болады. 
Excel  терезесiнiң  жоғарғы  жағында  терезенi  басқару  батырмалары 
 бар Тақырып қатары орналасқан.   
Excel терезесiнiң екiншi жолы –Мәзірлер қатары.   

 
57 
Үшiншi  және  тӛртiншi  жолдар  Стандартты  және  Форматтау 
саймандар тақтасының аспаптары. 
Стандартты  саймандар  тақтасында  орналасқан  батырмалар  жиi 
орындалатын  командалардың  әрекеттерiн  қайталайды.  Олар  файлды  сақтау, 
оқу,  қағазға  басу,  кӛшiру,  енгiзу,  сандардың  қосындысын  табу,  мәлiметтердi 
реттеу және т.б. әрекеттердi жылдам орындау мүмкiндiгiн бередi. 
Форматтау  саймандар  тақтасындағы  батырмалар  қарiп  (шрифт) 
форматын таңдау мүмкiндiгiн бередi: мәтiндi жартылай қарайтылған, курсивтi, 
асты  сызылған  етiп  жазу,  мәтiндi  туралау,  сандарды  форматтау,  жақтау  мен 
түстердi  қолдана  отырып,  кестенi  безендiру  әрекеттерiн  жылдам  орындау 
iстерiн атқарады. 
Бесiншi жол – Формулалар қатарыМұнда әрбiр ұяшықтың мазмұнын 
кӛрiп, формулаларды ӛңдеуге болады. 
Бесiншi жол мен кестенiң соңына дейiнгi аралықты электрондық кестенiң 
жұмыс  аймағы  алып  тұрады.  Кестенiң  жолдары  (қатарлары)  санмен,  ал 
бағаналары латын әрiптерімен таңбаланады. 
Тӛменгi  қатар  –  Қалып-күй  қатары,  мұнда  үстiмiздегi  уақыттағы 
компьютердiң жұмысы немесе Excel кестесi жӛнiнде ақпарат шығып тұрады. 
Тӛменгi  қатардың  сол  жақ  шетiнде  Excel  кестесi  жұмыс  режимiнiң 
индикаторы тұр -  Excel кестесi мәлiметтердiң енгiзiлуiн күтiп тұрған жағдайда 
дайын  режимiнде  тұрады  да,  индикатор  Дайын  (Готов)  деген  сӛздi  кӛрсетiп 
тұрады. 
Пернелер тақтасының кӛмегiмен мәзір қатарына шығу үшiн ALT немесе 
F10  пернесiн  басу  керек.  Бұл  пернелер  басылғаннан  кейiн    Файл  мәзірі  басқа 
түске ӛзгереді. Курсорды басқару пернелерінің кӛмегімен (

,

) қажеттi мәзір 
командасын  таңдаймыз  да  ENTER  пернесiн  бассақ  iшкi  мәзір  (подменю) 
ашылады.  Iшкi  мәзір    командаларын 

  немесе 

  пернелерiнiң  кӛмегі  арқылы  
таңдауға  болады.  Команданы  орындау  үшiн  ENTER  пернесiн басамыз.  Мәзір 
қатарынан жұмыс аймағына ESC пернесiн басу арқылы оралуға болады. 
Excel  кестесiнiң  мәзір  командаларын  тышқанмен  орындаған  ӛте  жеңiл, 
әрi қолайлы. Қажеттi мәзір командасына тышқан курсорын орналастырамыз да, 
тӛменгi  сатылы  мәзір  командаларында  тышқанды  жылжыта  отырып,  тиiстi 
командада  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  шертемiз.  Тышқанның  сол  жақ 
батырмасын шерту арқылы қанатбелгiлердi кӛрсету немесе алып тастау, сұхбат 
терезелерiн және iшкi беттердi ашу әрекеттерi орындалады.  
Excel  электрондық  кестесi  жазылған  әрбiр  файл  бiрнеше  беттерден 
тұратын кiтап болып саналады. Электрондық кесте iске қосылған мезетте 1-бет 
(лист 1) екпiндi болады. Үнсіздік бойынша ашылған кез-келген кітап 3 беттен 
тұрады. Бір беттен келесi бетке ӛту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында 
тышқанды  шертемiз.  Бір  кітап  255  бет  жұмыс  парағынан  тұруы  мүмкін.  Ал 
қажеттi беттiң жарлығы экранда кӛрiнбей тұрса, жарлықтардың сол жағындағы 
бағыттауышта (
,) тышқанды шерте отырып, жылжытамыз.  
Excel электрондық кестесiнде бағаналар A –Z, одан кейiн ретi бойынша 
AA –AZ, BA –BZ,… латын әрiптерiмен белгiленедi және  олардың саны  –256- 
ға тең. 

 
58 
Excel  электрондық кестесiнде  қатарлар  араб цифрларымен  нӛмірленеді 
және олардың саны – 65536-ға тең.  
Әрбiр  бағана  мен  қатардың  қиылысқан  жерiнде  ұяшық  деп  аталатын 
тiктӛртбұрыш  орналасқан.  Әрбiр  ұяшықтың  бағана  әрпiмен  қатар  нӛмiрiнiң 
қиылысуына сәйкес адресi бар. Мысалы, A1 – бiрiншi ұяшықтың, ал В105 – В 
бағанының 105 қатарындағы ұяшықтың адресi. 
Ұяшықтарға мәлiметтердi (мәтiн, сан және формулалар) енгiзуге болады. 
Электрондық  кестеде  ағымдағы  немесе  екпiндi  ұяшықты  кӛрсететiн  ерекше 
тiктӛртбұрыш кестелiк курсор деп аталады. Кестелiк курсор орналасқан ұяшық  
екпiндi ұяшық (ағымды ұяшық)   деп аталады. 
Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216-ға тең. Әрбiр ұяшыққа 
32 мың символ енгiзу мүмкiндiгi бар. 
Бiр мезгiлде бiр ұяшықпен немесе қатар орналасқан бiрнеше ұяшықтар 
тобымен жұмыс жасауға болады. Белгiленген ұяшықтар тобы ұяшықтар блогы 
немесе  торлар  аралығы  деп  аталады.  Мұндай  блоктардың  адресi  бiрiншi 
ұяшықпен  соңғы  ұяшықтардың  адресiн  қос  нүктемен  бӛлiп  жазу  арқылы 
кӛрсетiледi.  
Мысалы:  A1  ұяшығында  тышқанды  шертiңiз  де,  тышқанның  сол  жақ 
батырмасын  басулы  күйде  ұстап,  курсорды  D9  ұяшығына  дейін  созыңыз. 
Жұмыс аймағында бірінші ұяшықтар блогы пайда болды, яғни А1:D9.  
Бір  жұмыс  аймағында  бiр-бiрiмен  байланыспаған  бірнеше  блоктарды 
белгiлеу  үшiн  алдымен  бiрiншi  блокты  белгiлеймiз,  одан  кейiн  келесi 
ұяшықтар блогын белгiлеу кезiнде [Ctrl] пернесiн басулы күйде ұстап тұрамыз. 
Мысалы:  F8:H16,  E2:G6,  A2:C8  ,  B10:D16  ұяшықтар  блогын  бір  жұмыс 
аймағында белгілеу үлгісі 2-суретте кӛрсетілген. 
 
2-сурет. Бірнеше ұяшықтар блогын белгілеу үлгісі. 
 
Тышқан кӛмегiмен кесте бӛлiктерi былай белгiленедi: 
бағана  –  қажеттi  бағана  тақырыбындағы  таңбаланған  әрiпте  (A,B,C...) 
тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту
қатар – қажеттi қатарға сәйкес келетiн нӛмiрде (1,2,3...) тышқанның сол 
жақ батырмасын бір рет шерту; 
бiрнеше  бағаналар  –  бiрiншi  бағанада  тышқанды  шерткен  соң, 
тышқанның сол жақ батырмасын басқан күйде соңғы бағанаға жеткiземiз

 
59 
жұмыс  парағын  –  бағаналар  таңбаланған  әрiптер  жолы  мен  қатар 
нӛмiрiнiң  қиылысқан  жерiнде  тышқанды  шертемiз  (кестенiң  сол  жақ 
жоғарғы шетi). 
Пернелер  кӛмегiмен  кесте  бӛлiктерiн  белгiлеу  үшiн  [Shift]+  [F8]  
пернелерiн  бір  рет  басамыз  да,  [Shift]  пернесін  басулы  күйде  ұстап  тұрып 
курсорды  басқару  пернелері  арқылы  белгiлеу  режимiне  кӛшемiз.  Белгiлеу 
режимiнен [Esc] пернесiн басу арқылы шығамыз. 
    
2. MS Excel кестесiнде мәліметтерді енгізу және форматтау. 
Кестенің  ұяшықтарына  мәліметтердің  келесі  үш  типінің  біреуін  ғана 
енгізе аламыз: 
*сан; 
*формула; 
*мәтін. 
Егер  енгізілетін  символдың  біріншісі  сан  болса,  онда  оны  сандық  типке 
жатқызамыз.  Кез-келген  формула  «=»  символынан  басталады.  Егер  бірінші 
символымыз  әріп  немесе  апостроф  („‟)  болса,  оның  типі  мәтін  болып 
қабылданады.  MS  Excel  электрондық  кестесінде  қарапайым  мәтін  ұяшықтың 
сол жақ шеті бойынша, ал сан оң жақ шеті бойынша тураланады.  
Ұяшықтарда  мәліметтер  стандартты  форматта  кӛрсетіледі.  Мәліметтің 
форматын  ӛзгерту  үшін  Формат

Ұяшықтар...  командасын  орындаймыз  (3-
сурет). 
 
3-сурет. Формат

Ұяшықтар... командасының сұхбаттық терезесі. 
 
Шыққан сұхбаттық терезе келесі бӛлімдерден тұрады: 
1)Сан – ұяшықтағы мәліметтің берілу форматы таңдалады: 
2)Туралау  –  ұяшықтағы  мәліметтеің  орналасу  тәртібі,  ұяшықтарды 
біріктіру, мәліметтердің ориентациясы және т.б. ӛзгертулер мүмкіндігін береді; 
3)Шрифт  –  мәтіннің  берілу  шрифті,  оның  кӛлемі,  түсі  және  т.б.  ӛзгерту 
мүмкіндігін береді, 
4)Шегініс – ұяшық шектемесінің берілу тәсілдері таңдалады; 
5)Түр  –  ұяшықтың  толтырылу  түсін  таңдау,  боялу  тәсілін  таңдау 
мүмкіндігі; 

 
60 
6)Қорғау  –  ұяшықты  қорғау,  формулаларды  жасыру  мүмкіндіктерін 
береді. 
Excel программасының негiзгi атқаратын қызметiнiң бiрi сандарды ӛңдеу 
және  сандық  мәндердi  кӛрсету  жолдары  болып  табылады.  Excel 
программасында сандарды ӛрнектеу тәсiлдерi әр түрлi топтарға жiктеледi.  
Мысалы: А1 ұяшығына 20000 деген санды енгізейік. Осы санның берілу 
форматын қарастырайық  (4-сурет): 
 
 
4-сурет. Сан форматының берілу тәсілдері. 
 
Егер  берілген  мәлімет  ені  бойынша  ұяшыққа  сыймай  тұрса  ―####‖ 
түрінде бейнеленеді. Бұл кезде ұяшықтың енін үлкейту қажет. 
Сандардың  форматын  Формат

Ұяшықтар  командасын  немесе  осы 
команданы жанама мәзірден орындау арқылы да таңдауға болады. 
Ұяшықтың  енін  және  биіктігін  ӛз  қалауымызша  ӛзгертуге  болады.  Ол 
үшін    Формат

Қатар

Биіктігі...  (Формат

Баған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет