«автожол» факультеті



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата06.02.2017
өлшемі4,3 Mb.
#3509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Модуль – Visual Basic тілінде жазылған ішкі программалар. Егер Access-
тің  стандартты  құралдары  қажетті  талапты  қанағаттандыра  алмаса,  онда 
бағдарламалаушы  ішкі  программалар  кӛмегімен  жүйенің  мүмкіндігін  кеңейте 
алады. 
MS Access-тің 
объектілері. 
MS Access-тің командалық 
батырмалары. 

 
94 
Беттер  -  әр  түрлі  типтегі  Web-құжатты  құруға  мүмкіндік  береді. 
Келісілген  типтегі    Web-құжатты  құру  үшін  HTML  тілінің  нұсқалары 
(шаблондары) қолданылады. 
ДҚ  терезесінің  оң  жағында  үш  командалық  батырма  (2.3-сурет) 
орналасқан: 
1) Ашу – таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны кӛріп 
шығуға, жаңа жазба қосуға және кесте берілгендерін ӛзгертуге болады; 
2)  Конструктор  –  таңдалған объект  құрылымын  ашып, оны  түзету  және 
оны  ӛзгертуге  мүмкіндік  береді.  Егер  объект  кесте  болса,  онда  оған  жаңа 
ӛрістер  енгізуге  немесе  ондағы  бар  ӛрістердің  қасиеттерін  ӛзгертуге  болады. 
Яғни, бұл режим ДҚ-рын құрастырушылар үшін қажет; 
3) Құру – жаңа объектілерді құру үшін керек. 
MS Access программасында құрылған ДҚ-ның кеңейтілмесі  .mdb болып 
келеді. 
 
3. Кестелер және оларды құру. 
Кесте-  жазбалар  мен  ӛрістерден  тұратын  ДҚ-ның  негізгі  объектісі. 
Кестелерде  берілгендер  сақталады.  ДҚ  жасау  алғашқы  кестені  құрудан 
басталады. Ал кестеде оның ӛрістері және сол ӛрістердің типтері мен қасиеттері 
анықталады. 
Кесте  (Таблица)  объектісін  шерткенде  -    кестені  Конструктор,  Шебер 
немесе Деректерді енгізу тәсілінің бірімен құру ұсынылады (4-сурет). 
 
4-сурет. Кесте объектісін құру тәсілдері. 
 
Кестені  Деректерді  енгізу  (Создание  таблицы  путем  ввода  данных) 
режимінде құрғанда – қажетті ӛріс аттарын ӛзіміз енгіземіз. Ол үшін Поле1 ӛріс 
тақырыбына тышқан нұсқағышын алып барып, сол жақ батырмасын үздіксіз екі 
рет  шертеміз.  Сонда  үнсіздік  бойынша  берілген  ӛріс  аты  ерекшеленеді  (5-
сурет). Delete пернесінің кӛмегімен бастапқы ӛріс атын жойып ӛзімізге қажетті 
ӛріс атауларын пернетақтадан енгіземіз. 

 
95 
 
5-сурет. Деректерді енгізу (Создание таблицы путем ввода данных) 
режимі. 
 
Мұндағы: 
  -  N  –  нӛмірлі  жазбаға  ӛту,  мұндағы  нӛмір  пернетақтадан 
енгізіледі; 
  - ең бірінші жазбаға ӛту;  
 - ең соңғы жазбаға ӛту; 
 - курсор алдындағы жазбаға ӛту;  
 - кейінгі жазбаға ӛту; 
 
 - жаңа жазбаға ӛту. 
Жабу  (Х)  батырмасын  басқаннан  соң  объект  макетінің  құрылымындағы 
ӛзгерісті  сақтау  керек  пе,  жоқ  па  деген  сұхбаттық  батырмасы  шығады  (6-
сурет,а).  «Да»  батырмасын басқаннан соң үнсіздік  бойынша  Таблица  1 деген 
атауды  ұсынады  (қажет  болса  ӛзгертуге  болады)  (6-сурет,ә).  ОК  батырмасын 
басқаннан  соң  кілттік  ӛрісті  анықтайтын  сұхбаттық  терезе  шығады.  Бұл 
сұхбаттық  терезеде  де  «Да»  батырмасын  шертеміз  (6-сурет,  б).  Сонда  кестеде 
кілттік ӛріс пайда болады. Оның атауы Код деп анықталады да, онда жазбалар 
нӛмірлері сақталады. Кестеге жаңа жазбалар енгізгенде кілттік ӛрістің мәндері 
автоматты түрде толтырылады. 
  
а) 
 
 
ә) 

 
96 
   
б) 
6-сурет. Құрылған кестені сақтау жолдары. 
 
Құрылған  кестені  (Таблица  1)  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  екі  рет 
шерту арқылы жүктейміз. 
Кестені Конструктор кӛмегімен құрғанда болашақ кестенің ӛріс аттары 
және олардың типтері, қасиеттері сипатталады (7-сурет).  
 
 
 
7-сурет. Конструктор кӛмегімен құрылған кесте. 
 
Мұндағы: 
1 – кесте аты; 2 - ӛріс аты; 3 - ӛріс типі; 4 - ӛріс сипаттамасы; 5 - ӛрістер 
қасиеті; 
6 - ӛрістер қасиетінің жалпы бӛлімі; 7 – анықтама бӛлімі. 
Құрылған  кестені  (Таблица  2)  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  екі  рет 
шерту арқылы жүктейміз (8-сурет). 
 








 
97 
 
8-сурет. Таблица 2 кестесінің жүктелгеннен кейінгі кӛрінісі. 
 
Конструктор  режимінде  ӛрістің  типін  анықтау  үшін  ӛріс  типі 
бағанындағы  сәйкес  ұяшықты  ,  оның  оң  жақ  шетіндегі 
 
символды  шертіп,  ашылған  тізімнен  қажетті  типті  таңдау  керек.  Таңдалған 
типтің  қасиеттері  ӛрістер  қасиетінің  жалпы  бӛлімінде  анықталады.  Ӛрістің 
берілген  қасиеттеріне  байланысты  ӛріске  қандай  мәліметтер  енгізуге 
болатындығы анықталады. Кез-келген ӛрістің қасиеті  – оның ұзындығы. Осы 
ұзындыққа байланысты ӛріске қанша ақпарат сиятындығы анықталады. 
Кез-келген  ӛріске  тән  ӛзіндік  қасиет  –  оның  қолтаңбасы  (подпись)
Қолтаңба – ӛрістің тек қана қалыптарда (формаларда) бейнеленетін арнайы 
атауы.  Әртүрлі  ӛрістерге  бірдей  қолтаңба  берілуі  де  мүмкін.  Ӛріс  атаулары 
әртүрлі болғандықтан, компьютер жұмысына кедергі жасамайды.  
Ӛрістің  әртүрлі  типтеріне  сәйкес  әр  түрлі  қасиеттер  анықталуы  мүмкін. 
Типтер тізіміндегі әрбір типке қысқаша түсініктеме берейік: 
 
Ӛріс типі 
Сипаттамасы 
Мәтіндік тип (үнсіздік 
бойынша) (текстовый) 
Мәтіндік  ақпараттарды  енгізу  үшін  қажет.  Оның 
негізгі  қасиеті  -  ӛлшемі.  Ол  256  символдан 
аспайды. 
Сандық тип 
(числовой) 
Сандық  мәліметтерді  енгізу  үшін  керек.  Осы 
типтегі  ӛрістің  ӛлшемін  бірнеше  нұсқалардан 
таңдауға болады: 
-  
Күні/уақыты 
(Дата/время) типі 
Күні  мен  уақытын  енгізу  үшін  қажет.  Ӛріс 
форматының мүмкіндіктері: 
 
Ақшалай тип 
Ақшалай  кӛрсетілген  ақпараттарды  енгізу  үшін 

 
98 
(Денежный тип) 
қажет.    Ӛріс  форматындағы  тізімнен  қажетті  ақша 
бірліктерін  таңдауға,  олардың  шаблонын  беруге 
болады.  
Есептегіш типі 
(Счетчик) 
Жазбалар кодын анықтау үшін қажет. Олар кәдімгі 
сандық  тип,  бірақ  оның  мәндері  автоматты  түрде 
ӛсіп отырады. 
MEMO типі 
Ӛлшемі  256  символдан  артық  мәтіндерді  енгізу 
үшін қажет. Мұндай типтегі ӛрісте 65535 символға 
дейінгі  ақпаратты  сақтауға  болады.  Бұл  типтің 
ерекшелігі,  ӛрістегі  ақпараттар  басқа  бір  жерде 
сақталып,  ал  ӛрістің  ӛзінде  сол  ақпараттардың 
қайда  орналасқанын  анықтайтын  кӛрсеткіштер 
сақталады. 
OLE типі 
Басқа  программалардағы  объектілерді  енгізу  үшін 
қажет.  Ол  үшін  OLE  хаттамасын  пайдаланып, 
таңдалған  объектіні  алмасу  буфері  арқылы  ӛріске 
кірістіру  керек.  Мұндай  объектілер  қатарына 
графикалық файлдар жатады. 
Логикалық тип 
(логический) 
Тек  қана  екі  логикалық  мәні  бар  –  ия/  жоқ  немесе 
ақиқат/жалған  немесе  0/1  т.с.с.  Оның  мәндерінің 
жазылу  түрі  ӛріс  форматындағы  берілген  тізімнен 
таңдап  алынады.  Қай  формат  таңдалса  да  кестеде 
логикалық  ӛріс  қанатбелгілерімен  кескінделеді. 
Қанатбелгіні  тышқан  нұсқағышымен  шертіп  «Иә» 
мәнінде 

 белгісін орнату арқылы, ал «Жоқ» мәнін 
бос қалдыру арқылы енгізіледі. 
Гиперсілтеме 
(гиперссылка) 
Әріптер мен сандардан тұратын және гиперсілтеме 
адресін білдіретін қатар. Гиперсілтеме адресі келесі 
бӛлімдерден  тұрады:  ӛрісте  енгізілген  мәтін, 
басқару элементі және URL адреске немесе файлға 
апаратын  жол.  Ӛріске  гиперсілтеме  адресін  қою 
үшін 
Вставка

Гиперссылка 
командасын 
орындаймыз.  
Орналастыру шебері 
(мастер подстановок) 
Кестелер  арасындағы  байланысты  орнататын 
шеберді  іске  қосу  командасы.  Бұл  негізінен  ӛріс 
типі емес, ӛрісті сақтау мүмкіндігі.  
 
Орналастыру  шебері  (мастер  подстановок)  –  бірінші  кестенің  ӛрісін 
екінші  бір  кестедегі  басқа  ӛріспен  алмастырады.  Шебер  жұмысының  бірінші 
қадамында таңдауға тиісті мәндер тізімі бейнеленеді, яғни орналастыру шебері 
мәндерді кестеден немесе сұраныстан алатыны анықталады (9  - а) сурет). Әрі 
қарай  (Далее)  батырмасын  шерткенде  мәндерімен  берілген  кесте  немесе 
сұранысты таңдау сұхбаттық терезесі шығады (9 - ә) сурет) . 
 

 
99 
  
 
 
 
 
а) 
 
 
 
 
 
 
ә) 
Әрі қарай (Далее) батырмасын басқанда Мүмкін ӛрістерден орналастыру 
бағанына қажетті ӛрістерді таңдау ұсынылады (9- б) сурет).  Мұндағы: 
  -  таңдалған  ӛрісті  оң  жаққа  кӛшіреді; 
  -  тізімдегі  барлық  ӛрісті 
оң жаққа кӛшіреді; 
 - таңдалған ӛрісті сол жаққа қайта кӛшіру; 
 - барлық 
ӛрісті сол жаққа қайта кӛшіру. 
 
 
 
 
 
б) 
 
 
 
 
 
 
в) 
Келесі сұхбаттық терезеде (9- в) сурет) орналастыру шеберінің таңдалған 
ӛріс бағандарының шекарасын қалыпқа келтіріп Әрі қарай (Далее) батырмасын 
шертеміз.  Бұл  командадан  кейін  шыққан  сұхбаттық  терезеде  байланыстан 
кейінгі мүмкін болатын ӛрістер бейнеленеді (9.3.6- г) сурет). Соңғы сұхбаттық 
терезеде  (9.3.6-  д)  сурет)  орналастыру  ӛрісіне  қолтаңба  (подпись)  беріледі. 
Қолтаңба үнсіздік бойынша ӛріс атауындай етіп анықталады, бірақ қолданушы 
оны ӛз қалауымен ӛзгертуіне болады. Сонан соң Дайын (Готово) батырмасын 
басамыз. 

 
100 
 
 
 
 
 
 
г) 
 
 
 
 
д) 
9-сурет. Орналастыру шеберінің сұхбаттық терезелері. 
 
Шебер  жұмысы  аяқталған  соң,  оның  жұмысын  кестенің  құрастырушы 
терезесінде  талдауға  және  кестені  ашып  кӛруге  болады.  Сонда  Таблица  1 
кестесінде  Таблица  2  кестесіндегі  ӛріс  мәліметтерімен  толтыруға  мүмкіндік 
жасалған  жаңа  ӛріс  пайда  болады.  Ол  үшін  сол  ұяшықта  тышқан 
нұсқағышымен  бір  рет  шерту  арқылы  Таблица  2  кестесінен  алынған  ӛріс 
мәліметтерінен  қажетті  мәліметті  таңдап,  оны  курсормен  бір  рет  шерту  керек 
(10-сурет). 
 
 
10-сурет. Орналастыру шебері жұмысының нәтижесінде қосылған 
ӛрістер. 
 
Кестені  Кесте  шебері  кӛмегімен  құру  барысында  программа  ӛзінде 
арнайы  дайын  тұрған  кестелерді  пайдаланады.  Кесте  шебері  4  қадамнан 
тұрады,  оның  әр  қадамына  сәйкес  сұхбаттық  терзелер  ашылып,  онда  тиісті 
жұмыстар атқарылады: 
1-қадам:  Ашылған  сұхбаттық  терезеде  кестелер  үлгісі  тізімінен 
таңдалған  ӛрістер  үлгісіндегі  тізімінен  жаңа  кестеге  қажетті  ӛрістерді  таңдап 
Әрі қарай (Далее) батырмасын шертеміз (11-сурет);  
2-қадам:  Ашылған  сұхбаттық  терезеде  кестеге  жаңа  атау  беріп,  оның 
кілттік  ӛрісін  анықтау  режиімдерінің  бірін  таңдап  Әрі  қарай  батырмасын 
шертеміз.  Кілттік  ӛрісті анықтау  режимінің  екі  жағдайы бар: автоматты  түрде 
анықталатын;  құрастырушының  ӛзі  анықтайтын.  Яғни  біріншісінде,  үнсіздік 
бойынша  программаның  ӛзі  анықтайды,  екіншісінде  құрастырушының  ӛзі 
сұхбаттық  терезе  сұрақтарына  жауап  бере  отырып  анықтайды  (11-  ә)  сурет). 
Кілттік  ӛрісті  автоматты  түрде  анықтауға  мүмкіндік  берейік,  ал  ӛрістің  атын 
Байланыстар деп ӛзгертейік; 

 
101 
 
 
 
          а)Кесте шеберінің 1-ші қадамы.   ә) 
Кесте 
шеберінің 
2-ші 
қадамы
 
 
 
б) Кесте шеберінің 3-ші қадамы.  В) Кесте шеберінің 4-ші қадамы. 
11-сурет. Кесте шеберінің кӛмегімен кесте құру. 
 
3-қадам:  Кестені  басқа  кестелермен  байланыстыру  мүмкіндігін  беретін 
сұхбаттық  терезе  ашылады.Программа  барлық  ӛрістерге  кілттік  ӛрістері 
бойынша  талдау  жасайды.  Егер  олардың  ішінде  осы  құрылып  жатқан  кесте 
ӛрістерімен  аттас  ӛрістері  бар  кестелер  кездессе,  онда  оларды  осы  жаңа 
кестемен  байланыстырады.  Ал,  егер  ондай  кестелер  табылмаса,  онда  бұл 
терезеде олардың атаулары алдына байланыспаған сӛзі тіркелген тізім кӛрінеді 
(мысалы:не связана с «Таблица 1» және т.б.). Кестелер арасындағы байланысты 
қолданушының  ӛзі  анықтауына  болады.  Ол  үшін  Байланыстар  (Связи) 
батырмасын  шерту  керек.  Байланыс  жұмысы  аяқталған  соң  Әрі  қарай 
батырмасы басылады; 
4-қадам:  Шебер  жұмысы  аяқталғаннан  кейін  орындалатын  мынадай  үш 
режимнің бірі таңдалады: 
1)  кестелер  құрылымын  ӛзгерту  –  жаңа  кесте  үшін  құрастырушы 
режимі ашылады; 
2)  берілгендерді  кестеге  тікелей  енгізу  –  жаңа  кесте  кесте  түрінде 
ашылады; 
3)  берілгендерді  Шебер  кӛмегімен  құрылған  форма  арқылы  кестеге 
енгізу – жаңа кесте үшін шебер қарапайым қалып (форма) құрастырады. 
Терезеде  осы  режимдердің  қажеттісі  таңдалған  соң  Дайын  (Готово) 
батырмасы басылады (12-сурет). 
 

 
102 
 
 
12-сурет. Шебер кӛмегімен құрылған Байланыстар кестесі.  
 
Кестелерді  сырттан  әкелу  (импорттау)  режимі  –  MS  Access 
программасының әр түрлі форматтағы басқа файл мәліметтерін ДҚ мәліметіне 
айналдыру.  Берілгендерді  импорттау  арнайы  Шебер  арқылы  орындалады  (13-
сурет).  
 
13-сурет. Кестелерді сырттан әкелу (импорттау) режимі. 
 
Бұл  режим  параметрлерді  анықтаудан  бастап  алты  қадамнан  тұратын 
Шебер терезелерінде қажетті таңдауларды орната отырып, ең соңғы терезедегі 
Дайын  (Готово)  батырмасын  басумен  аяқталады.  Сонда  бастапқы  алынған 
файлдағы  мәліметтер  MS  Access  ДҚ-ның  мәліметтеріне  айналады.  Сонымен, 
импорттау процесінде Access кестесінің ӛрістері анықталып, ондағы мәліметтер 
сырттағы басқа файлдан алынады. 
ДҚБЖ-нің  негізгі  артықшылығы  жеке  кестелермен  емес,  ӛзара 
байланысқан  кестелер  тобымен  жұмыс  істеу  кезінде  кӛрінеді.  Access–те 
кестелер  арасындағы  байланыстарды  құру  үшін  Берілгендер  схемасы  (Схема 
данных)  деп  аталатын  арнайы  сұхбаттық  терезе  бар.  Бұл  терезені 
Сервис

Берілгендер  схемасы  (Схема  данных)  командасымен  немесе 
саймандар  тақтасында 
  батырмасын  шерту  арқылы  ашуға  болады  (14-
сурет).  

 
103 
 
14-сурет. Берілгендер схемасы терезесі. 
 
Берілгендер  схемасында  байланыстыруға  қажет  барлық  кестелер 
таңдалып  болған  соң,  осы  кестелер  ӛрістері  арасында  байланыс  құруға  кірісу 
керек.  Ол  үшін  бір  кестедегі  ӛріс  атауын  екінші  кестедегі  оған  сәйкес 
байланысқан  ӛріс  атауына  қарай  тасу  керек.  Ӛрістерді  тасып  болған  соң, 
құрылған 
байланыстар 
қасиеттерін 
анықтауға 
мүмкіндік 
беретін 
Байланыстарды 
ӛзгерту 
сұхбаттық 
терезесі 
ашылады.Орнатылған 
кестеаралық байланыс Берілгендер схемасы терезесінде әр кестенің екі ӛрісінің 
арасындағы  сызық  түрінде  бейнеленеді.  Оның  ішінде  бір  кесте  –  басты,  ал 
қалғаны  бағынышты  болып  табылады.  Басты  кесте  деп  байланысқа  ӛзінің 
түйінді ӛрісімен қатынасқан кестені айтамыз. Түйінді ӛрістің атауы берілгендер 
схемасында  қарайтылған  қаріппен  кӛрсетіледі.  Кестеаралық  байланыстың 
негізгі міндеті: 
1)мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету; 
2)мәліметтер базасына қызмет кӛрсетуді автоматтандыру. 
Кесте аралық байланыстардың тӛрт типі бар: 
1)―кӛбі-біріне‖(

1); 
2)―бірі-кӛбіне‖ (1

); 
3)―бірі-біріне‖ (1

1); 
4)―кӛбі-кӛбіне‖ (

).  
Мұндай  ―кӛбі-біріне‖  типтегі  байланыс  кезінде  басты  кестедегі  бірнеше 
жазбаға  бағынышты  кестедегі  бір  ғана  жазба,  ―бірі-кӛбіне‖  типтегі  байланыс 
кезінде басты кестедегі әрбір жазбаға бағынышты кестедегі бірнеше жазба, ал 
―бірі-біріне‖  типтегі  байланыс  кезінде  басты  кестедегі  әрбір  жазбаға 
бағынышты кестедегі бір ғана жазба сәйкес келеді. 
Берілгендер схемасы терезесінде екі кестені қосушы сызықты ерекшелеп 
алып,  тышқанның  оң  жақ  батырмасын  шертіп,  байланыстың  жанама  мәзірін 
ашып,  мәліметтер  тұтастығын  қамтамасыз  ету  шарттары  кӛрстеліген  басқару 
элементтерін таңдаймыз (15-сурет): 

 
104 
 
15-сурет. Мәліметтер тұтастығын қамтамасыз ету шарттары. 
 
Мұнда: 
*Мәліметтердің  тұтастығын  қамтамасыз  ету  (Обеспечение  целостности 
данных) байланысы кезінде басты кестенің түйінді ӛрісінен мәліметтерді ӛшіру 
мүмкін емес; 
*Байланысқан  ӛрістерді  каскадты  түрде  жаңарту  (Каскадное  обновление 
связанных  полей)  және  Байланысқан  жазбаларды  каскадты  түрде  ӛшіру 
(Каскадное удаление связанных записей) байланыстары кезінде басты кестенің 
түйінді  ӛрісінде  жүргізілген  ӛзгерістер  автоматты  түрде  онымен  байланысқан 
кестелерде де жүргізіледі. 
Алмасу буфері арқылы ДҚ-да кестелердің кӛшірмесін алуға болады. Ол 
үшін ДҚ терезесінде қажетті кесте белгісін жанама мәзірде Кӛшіру командасын 
таңдаймыз.  Сонан  соң  ДҚ  бос  аймағында  тышқанның  жанама  мәзірінде 
Кірістіру  командасын  таңдай  отырып,  Кестені  кірістіру  сұхбаттық  терезесінде 
кестеге  атау  беріп,  «Тек  құрылымы  (только  структура)»,  «Құрылымы  мен 
берілгендері  (структура  и  данные)»,  «Кестеге  берілгендерді  қосу  (добавление 
данных  в  таблицу)»  параметрлерінің  бірін  таңдаған  соң,  ОК  батырмасын 
шертеміз (16-сурет). 
 
16-сурет.Кестенің кӛшірмесін алу терезесі. 
 
Кестенің мәліметтерін сорттау үшін қажетті ӛрісті белгілеп алғаннан соң  
Жазба

Сұрыптау

Ӛсуі 
(Кемуі) 
бойынша 
сорттау 
(Записи

Сортировка

Сортировка 
по 
возрастанию 
(по 
убыванию)) 
командаларынан қажеттісін таңдаймыз. 
Кестеден  шартты  қанағаттандыратын  берілгендерді  таңдап,  жаңа  кесте 
құру сүзгілеу (фильтрлеу) деп аталады. Сүзгілеудің үш түрі бар: 
-таңдама бойынша сүзгілеу; 

 
105 
-әдеттегідей сүзгі; 
-кеңейтілген сүзгі. 
Сүзгіні қолдану алгоритмі мынадай: 
1)  Кестені  ашып,  саймандар  тақтасындағы  Фильтрді  ӛзгерту 
 
батырмасын  басу  керек.  Сонда  Кесте  терезесінде  сүзгілеу  критерийін  енгізуге 
арналған бос жазба ғана кӛрінеді; 
2) Пайда болған бос жазба ӛрісінің біріне шарт енгізу керек
3)  Саймандар  тақтасында  Фильтрді  қолдану 
  батырмасын  басамыз, 
сол кезде кестеде сүзгілеу нәтижесі бойынша алынған жазба кӛрінеді; 
4)  Кестені  қайтадан  ӛз  қалпында  кӛру  үшін  саймандар  тақтасындағы 
Фильтрді жою 
 батырмасын басу керек. 
Сүзгілеу  шарты  күрделі  болған  жағдайда  Кеңейтілген  сүзгі 
(Расширенный фильтр) қолданылады. Бұл терезені Жазба

Сүзгі

Кеңейтілген 
сүзгі  (Записи

Фильтр

  Расширенный  фильтр)  командасы  арқылы  ашуға 
болады (17-сурет). 
 
 
17-сурет. Кеңейтілген сүзгі сұхбаттық терезесі. 
 
Бұл  терезенің  жоғарғы  бӛлімінде  кестенің  ӛріс  атауларының  тізімі 
енгізілген терезе кӛрініп тұр. Тӛменгі бӛлімде ӛріс атауы ендірілетін ұяшықты 
шерту  қажет.  Ашылған  тізімнен  қажетті  ӛріс  атауын  таңдаймыз.  «Іріктеу 
шарттары»  (Условие  отбора)  қатарының  ұяшықтарына  сәйкес  ӛрістерден 
таңдалатын  қажетті  шарт  ӛрнектерін  енгіземіз.  «Сұрыптау»  (Сорттау) 
қатарындағы  ӛріс  ұяшығына  шертіп,  элементтердің  сұрыптау  типін,  ал 
«Немесе»  (или)  қатарында  ұяшықтардың  қосымша  шарттарын  енгіземіз.  Осы 
әрекеттерді  орындаған  соң  Сүзгіні  қолдану  командасын  немесе  стандартты 
саймандар тақтасындағы 
 (Сүзгіні қолдану) батырмасын басамыз (18-сурет). 
.  

 
106 
 
 
18-сурет. Қажетті шарт ӛрнектері енгізілген кеңейтілген сүзгі сұхбаттық 
терезесі. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Деректер қорына түсінік біріңіз. 
2.
 
MS Access деректер қорының кеңейтілімі қандай? 
3.
 
Деректерді байланыстырудың түрлерін атаңыз. 
4.
 
Деректер қорын қанша жолмен құруға болады? 
5.
 
MS Access–тің объектілерін атаңыз. 
6.
 
Кестеаралық байланыстың негізгі міндеттері қандай? 
7.
 
Кесте аралық байланыстардың типтерін атаңыз. 
 

 
107 
№10 ДӘРІС  
 
Тақырыбы: MS Access объектілері: сұраныс, қалып және есеп. 
 
1. Сұраныс объектісі. 
2. Қалып және есеп. 
 
1.Сұраныс объектісі. 
Сұраныстар  арқылы  бір  және  бірнеше  байланысқан  кестелерден 
берілгендерді  анықталған  шарт  бойынша  іріктеп  алуға  болады.  Access-те 
сұраныс  құрудың  бірнеше  тәсілдері  бар.  Олар  сұраныс  объектісінде  Құру 
батырмасын басқанда пайда болатын Жаңа сұраныс терезесінде кӛрсетіледі (1-
сурет). 
 
1-сурет. Жаңа сұраныс терезесі. 
 
Қарапайым сұраныс құру үшін: 
1)Жаңа  сұраныс  терезесінде  оның  Қарапайым  сұраныс  (Простой 
запрос)  түрін  таңдап,  ОК  батырмасын  шерткенде  Қарапайым  сұраныс  құру 
сұхбаттық терезесі іске қосылады (2-сурет); 
 
 
2-сурет. Қарапайым сұраныс құру терезесі. 
 
2)Сұранысқа  қажетті  кесте  аты  белгілі  болған  соң  Мүмкін  ӛрістер 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет