«автожол» факультеті


Aidstest, DrWeb, NDD, Antiviral Toolkit Pro (AVP), Kaspersky Antivirus



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата06.02.2017
өлшемі4,3 Mb.
#3509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Aidstest, DrWeb, NDD, Antiviral Toolkit Pro (AVP), Kaspersky Antivirus және 
т.б. 
Жұмыс барысында антивирустық программалар: 
-  жедел жадты (DOS, XMS, EMS); 
-  архивтелген (сығылған) барлық файлдарды; 
-  жүйелiк секторларды (Master Boot Record), жүктелушi секторды (Boot-
сектор) және дискiнi бӛлу кестелерiн (Partition Table) тексередi; 
- иiлгiш, жергiлiктi, желiлiк және CD-ROM дискiлерiн; 
- обьектiлердiң ӛзгергенiн немесе ӛзгермегенiн және т.б. тексередi. 
Антивирустық программалар келесі топтарға бӛлінеді: 
Детектор-программалар  –  тек  бұрыннан  белгілі  вирус  түрлерінен  ғана 
қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді. 
 Доктор-программалар  –  вирус  жұққан  программалар  мен  дискілерді 
«вирус» әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп оларды бастапқы 
қалпына келтіреді 
 Доктор-ревизорлар  –  доктор  программа  мен  ревизорлар  арасынан 
шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы ӛзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды 
автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайға түзейді. 
 Фильтр-программалар  –  компьютердің  оперативтік  жадында  тұрақты 
орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, 
бұл туралы жұмыс істеп отырған қолданушыға дер кезінде хабарлап отырады.  
Вакцина-программалар – компьютердегі программалар жұмысына әсер 
етпей,  оларды  вирус  «жұққан»  сияқты  етіп  модификациялайды  да,  вирус 
әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес. 
AVP 
программасын 
iске 
қосу 
үшiн 
бас 
менюдегi 
Программалар

Antiviral  Toolkit  Pro

Antiviral  Toolkit  Pro  командаларын 
орындаймыз.  Егер  бұл  командалар  жоқ  болса,  AVP  антивирус  программасын 
дискеттен  орнату  керек.  Бұл  программа  iске  қосылған  мезетте  жедел  жады 
резиденттi  вирустардан  және  антивирус  программасының  ӛзiн  вирусқа 
тексередi (AVP32.EXE файлы). 
AVP  программасы  iске  қосылғаннан  кейiн  вирусты  тексеру  объектiсiн 
және  тексеру  параметрлерiн  тағайындау  мүмкiндiгiн  беретiн  терезе  ашылады. 
Бұл  терезе  Файл,  Вирустарды  iздеу  және  “?”  белгiсi  бар  –  үш  мәзір 
командаларынан  Аймақ,  Объектiлер,  Iс-әрекет,  Баптау,  Статистика  деген 
бес iшкi беттен тұрады. 
Вирусқа  тексеру  үшiн  “Аймақ  (Область)“  астарлы бетiнде  тексерiлетiн 
объектiнi  немесе  бумаларды  кӛрсеткеннен  кейiн  Iске  қосу  батырмасын 

 
121 
басамыз. Дискiнi  немесе бумаларды  таңдау  үшiн  қажеттi объектiде  тышқанды 
екi рет шертемiз немесе ―бос орын― пернесiн басамыз. Дискiнi жылдам таңдау 
үшiн  қажеттi  дискiнiң  жалаушасын  кӛтеру  керек.  Егер  тексерiлетiн    тiзiмге 
жаңа  буманы  қосу  қажет  болса,  Буманы  қосу  батырмасында  тышқанды 
шертемiз де, ашылған терезеде қажеттi буманы кӛрсетемiз. Егер тексеру жүрiп 
жатқан  кезде  оны  тоқтату  керек  болса  Тоқтату  (Стоп)  батырмасын  шертемiз 
немесе  Вирустарды  iздеу  мәзірiнiң  Тексерудi  тоқтату  командасын 
орындаймыз. Тексеру аяқталған соң, жұмыс нәтижесiн кӛрсететiн Статистика 
астарлы бетi ашылады. 
Программадан  шығу  үшiн,  Файл

Шығу  командасын  орындаймыз 
немесе  орыс  әрiптерiнiң  регистрi  қосылып  түрған  кезде    +  <Ф>  +  <Ы> 
пернелер комбинациясын басуға да болады.  Терезенi жабу батырмасын шерту 
немесе    +    пернелерiн  басу  арқылы  да  программаның  жұмысын 
аяқтауға болады. 
Егер  компьютерде  ӛте  құнды  ақпараттар  сақталған  болса,  олардың 
резервтi кӛшiрмесiн басқа дискеттерге немесе магниттi таспаларға жазып алған 
дұрыс,  себебi  ешқандай  антивирустық  программа  ақпараттардың  резервтi 
кӛшiрмесi сияқты сенiмдi бола алмайды. 
Аймақ  астарлы  бетi  тексеруге  қажеттi  дискiлердi:  Жергiлiктi  дискiлер 
(Локальные  диски)  –  компьютердегi  қатты  дискiлердi,  Желiлiк  дискiлер 
(Сетевые  диски)  –  желiдегi  дискiлердi,  Иiлгiш  дискiлер  (Флоппи- 
дисководы) – дискеттi таңдау мүмкiндiгiн бередi . 
Қажеттi объектiнi ерекшелеп белгiлеген соң, тышқанның оң батырмасын 
шерту  арқылы  онымен  жұмыс  жасау  мүмкiндiгiн  беретiн  жанама  меню 
ашылады. 
Аймақ астарлы бетiндегi Объект

Нәтиже терезесiнде қажеттi хабарды 
iздеу  мүмкiндiгi  бар.  Ол  үшiн    +    қос  пернесiн  басу  арқылы  iздеу 
режимiн  қосамыз  да,  енгiзу  қатарына  қажеттi  хабарды  терiп  жазамыз.  Iздеу 
үшiн    пернесiн  басамыз  немесе  Табу  батырмасын  шертемiз.  Iздеу 
терезесiнен  шығу  үшiн    пернесiн  басу  қажет.  Хабарды  iздеудi  тексеру 
жүрiп жатқан кезде немесе ол аяқталуға жақындаған кезде, яғни хабар бар кезде 
жүргiзу керек. 
Объектiлер iшкi (астарлы) бетiнде тексерiлетiн  “Жады”, “Секторлар”, 
“Файлдар”, “Сығылған файлдар”, “Архивтер” объектiлерiнiң бiрiн кӛрсету 
керек. Егер осы объектiлердiң  ешқайсысы да кӛрсетiлмесе, AVP программасы 
объектiнi кӛрсету қажеттiгi туралы мәлiмет бередi. 
Тексерiлетiн  файлдың  типiн  де  кӛрсетуге  болады.  “Барлық  файлдар” 
батырмасын шерту арқылы барлық файлдарды тексерген сенiмдiрек болады. 
Вирустарды  iздеу/емдеу  әрекетiн  бастамас  бұрын,  зақымданған  және 
күмәндi объектiлердi бӛлек бумаларға кӛшiрiп жазатын режимдi тағайындауға 
болады.  Ол  үшiн  Iс  әрекет  астарлы  бетiндегi  “Бӛлек  бумаға  кӛшiру” 
(Копировать в отдельную папку) қатарындағы жалаушаны кӛтеру керек. Бұл 
кезде  бумалардың  атын  терiп  жазу  мүмкiндiгi  берiледi,  алдын  ала  (үнсiз) 
келiсiм бойынша зақымдалған объектiлер – “Infected”, ал күмәндi объектiлер – 
“Suspicious” бумаларына жазылады. Бұл бумалар AVP программасы жазылған 

 
122 
орында  сақталады.  Ал  бумалардың  атын  ӛзгерту  қажет  болса,  командалық 
қатарда басқа атты терiп жазамыз. 
Зақымдалған  объект  табылған  мезетте,  экранға  сол  объектiмен 
орындалатын  iс-әрекеттi  таңдау  мүмкiндiгiн  беретiн  “Зақымдалған  объект” 
сұхбат  терезесi  шығады.  Егер  ―Бӛлек  бумаға  кӛшiру‖  ауыстырып  қосқышы 
қосулы тұрса, онда бұл объектiлер басқа бумаға кӛшiрiледi. 
Баптау  астарлы  бетiнде:  Ескерту  (Предупреждение)  және  Кодтың 
анализаторы (Анализатор кода) қосулы тұрғаны дұрыс. Вирус жоқ файлдарды 
тексеру  (Избыточное  сканирование)  тәрiздi  қосымша  параметрлердi 
тағайындай аламыз. Сондай-ақ қосымша мынадай опцияларды кӛрсете аламыз: 
Бүлiнбеген  таза  объектiлер  жөнiнде  есеп  беру  (Отчет  о  чистых  объектах), 
Қысылған  объектiлер  жөнiнде  есеп  беру  (Отчет  об  упакованных  объектах), 
Дыбыс  эффектiлерi  (Звуковые  эффекты),  Есептердi  қадағалау  (Слежение  за 
отчетом).  AVP  жұмысының  нәтижесiн  файлға  жазып  алу  үшiн  енгiзу  ӛрiсiне 
файлдың  атын  терiп  жазамыз  (үнсiз  келiсiм  бойынша  бұл  файлдың  аты 
Report.txt болады). 
Егер Iс-әрекет астарлы бетiндегi Емдеуге сұраныс (Запрос на лечение) 
ауыстырып  қосқышы  қосулы  тұрса,  зақымдалған  объект  табылған  мезетте 
Зақымдалған объект сұхбат терезесi ашылады.  
Бұл  сұхбат  терезесiнде  зақымдалған  обьктiнiң  аты,  оны  бүлдiрген 
вирустың  аты  және  сол  объектiмен  орындауға  болатын  iс-әрекеттердiң  тiзiмi 
шығады. Зақымдалған объектiмен орындалатын iс-әрекеттер: 
-Тек  қана  нәтиже  (Только  отчет)  –  вирус  табылған  объект  және  сол 
вирус жӛнiндегi мәлiметтер, яғни жұмыстың нәтижелiк есебiн бередi; 
-Емдеуге  сұраныс  немесе  Сұраныссыз  емдеу  (Запрос  на  лечение  или 
Лечить  без  запроса)  –  зақымдалған  объектiнi  емдеу  жолдары,  мұның 
нәтижесiнде  объектiдегi  вирус  ӛшiрiлiп,  объектiнiң  ӛзi  түп  нұсқасына  сәйкес 
қалыпқа келтiрiледi; 
-Сұраныссыз  ӛшiру  (Удалять  без  запроса)  –  зақымдалған  файлды 
дискiден ӛшiру. 
Кейбiр  жағдайларда  антивирус  программалардың  ӛзi  вирусты  емдей 
алмайды.  Мұндай  жағдайда  аты  кӛрсетiлген  вируспен  (NAME_VIRUS) 
ауырған объектiнi (NAME_OBJECT) емдеу мүмкiн еместiгi жӛнiнде мәлiмет 
шығады.  
Егер  Иә  батырмасы  шертілсе  бұл  объект  ӛшiрiледi  де,  емдеу  мүмкiн 
емес барлық объектiлердi ӛшiрудi құптау жӛнiнде мәлiмет шығады. Егер тағы 
да  Иә  батырмасын  шертсек,  барлық  емдеу  мүмкiн  емес  вирусқа  шалдыққан 
объектiлер  ӛшiрiледi.  Жоқ  батырмасын  шертсек,  Зақымдалған  объект 
терезесiндегi  “Барлық  зақымдалған  объектiлерге  қолдану”  жалаушасы 
белсенді  болса,  тағы  да  ӛшiрудi  құптау  жӛнiндегi  терезе  шығады.  Ал,  бұл 
жалаушасы  белсенді  болмаса,  қайтадан  Зақымдалған  объект  сұхбат  терезесi 
ашылады. 
Егер  жүйелiк  секторлар  (Boot,  MBR,  Partition  Table)  зақымдалған  болса 
iс-әрекеттi  таңдау  кезiнде  секторларды  емдеуге  тәуекел  жасау  үшiн,  дискiнiң 
кӛшiрмесiн  алудың  дұрыстығы  және  емдеудi  бастау  жӛнiнде  сұрақ  мәлiмет 

 
123 
шығады.  Егер  Иә  батырмасын  шертсек,  AVP  программасы  емдеудi  бастайды, 
ал Жоқ батырмасын шертсек, тексеру жұмысы аяқталады. 
 
3. WinRar және Backup программалары. 
Дербес  компьютерді  пайдалану  кезінде  әртүрлі  себептермен  магниттік 
дискідегі  ақпаратты  жоғалтып  немесе  бүлдіріп  алуымыз  мүмкін  және 
файлдардың  кӛлемін  кішірейтуге  (сығуға)  тура  келеді.  Осындай  жағдайларда 
шығынды азайту үшін файлдардың архивтік кӛшірмесін алып, оларды тұрақты 
күйде жаңалап отыру керек. 
Архивтеу дегенiмiз  – алдын ала сығу жолымен файлдардың кӛшiрмесiн 
дискiде немесе дискетте (магниттi таспада) сақтау. 
Архиваторлар  –  дискідегі  орынды  үнемдеу  үшін  файлдың  кӛлемін 
кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. 
Файлдарды  архивтеуге  арналған  программалар  дискідегі  файлдар 
кӛшірмесін  қысылған  күйде  архивтік  бір  файлға  орналастыруға,  кейіннен 
файлды  архивтен  шығарып  алуға,  архив  мазмұнын  кӛруге  және  т.б.  істер 
атқаруға  мүмкіндк  береді.  Архивтік  программалар  бір-бірінен  қысылған 
файлдың 
форматымен, 
жұмыс 
істеу 
жылдамдығымен, 
архивке 
орналастырғандағы 
файлды 
қысу 
деңгейі 
сияқты 
мүмкіндіктерімен 
айрықшаланады. 
Кең  таралған  архиваторлар  тобына  ARJ,  RAR,  PKZIP,  WinRar,  WinZip, 
Backup және т.б. архивтеу программалары жатады. 
Windows операциялық жүйесінде WinRar және WinZip архиваторлар кең 
тараған. WinRar архивтік программасының жұмысын қарастырайық, себебі .rar 
кеңейтілмесімен    архивтелген  файлдар  Интернет  желісінде  кеңінен 
қолданылады. 
Программаны  жүктеген  кезде  программаның  бейкоммерциялық 
қолданылуы тіркеусіз жүзеге асатыны, бірақ міндетті түрде Сіздің келісіміңізді 
қажет етеді, сондықтан шыққан сұхбаттық терезеде «Установить» командасын 
бассаңыз  болғаны,  программа  үнсіздік  бойынша  ұсынылған  дискіде 
орнатылады (1-сурет). 
Келесі  сұхбаттық  терезеде  программаға  қатысты  байланысқан  типтегі  
кеңейтілмелерді  және  қажетті  интерфейстерді  белгілеуді  сұрайтын  сұхбатты 
терезе  шығады.  ОК  батырмасын  шерткеннен  соң  WinRar  программасы 
орнатылған бума аты және ӛзіңізге қажетті Анықтама алуға мүмкіндік беретін 
сұхбаттық  терезе  шығады.  Бұл  терезеде  Готово  батырмасын  шерткеннен  соң 
Сіздің компьютеріңізде WinRar программасы орнатылады (2-сурет). 

 
124 
 
1-сурет.WinRar архивтік программасын орнату терезесі. 
 
      
 
2-сурет. Архивтеу программасын орнату барысы. 
 
Жұмыс  үстелінде  орналасқан  LEK-1-kz.doc  файлын  осы  программа 
кӛмегімен архивтеуді қарастырайық.: 
1)Жұмыс үстеліндегі LEK-1-kz.doc файлын белгілеп, тышқанның оң жақ 
батырмасын шертеміз. Шыққан сұхбаттық терезеде «Добавить в архив» немесе 
«Добавить  в  архив  «LEK-1-kz.rar»  »  командаларының  бірін  таңдаймыз  (3-
сурет). 
 
3-сурет. LEK-1-kz.doc файлын архивтеу. 
 
2)Келесі  сұхбаттық  терезеде  архивтік  файлдың  аты  және  қажетті 
параметрлері таңдалады (4-сурет). 

 
125 
 
4-сурет.Архивтік файлдың аты және қажетті параметрлері 
 
3) ОК батырмасын шерткеннен соң архивтеу программасының орындалу 
барысының сұхбаттық терезесі шығады (5-сурет). 
 
5-сурет. Архивтеу программасының орындалу барысы. 
4)  Жұмыс  үстелінде  архивтелген  программаның  таңбашасы  шығады  (6-
сурет). 
 
 
6-сурет. Жұмыс үстеліндегі архивтелген файл.  
 
Қатты  дискідегі  мәліметтердің  кӛшірмесін  алу  үшін  Backup 
программасы  қолданылады.  Бұл  программа  операциялық  жүйенi  бастапқы 
орнату кезiнде қондырылмауы мүмкiн. Мұндай жағдайда оны орнату керек. 
Бұл  программа  ақпараттың  резервтi  кӛшiрмесiн  құру  және  бұрын 
кӛшiрiлiп  қойылған  ақпараттарды  қалпына  келтiру  мақсатында  да 
қолданылады. 
Программаны 
iске 
қосу 
үшiн 
 
Бас 
мәзірде: 
Программалар

Стандартты

Қызмет 
программалары 
(Служебные 
программы) 

Backup (Архивация данных) қатарын таңдаймыз. 
Программа iске қосылғаннан кейiн архивтеу, қалпына келтiру, файлдарды 
салыстыруға  арналған  үш  астарлы  беттен  түратын  Backup  программасының 
терезесi  ашылады  (7-сурет).  Әрбiр  астарлы  беттiң  негiзгi  бӛлiгi  Сiлтеуiш 

 
126 
программасы  терезесiнiң  кӛрiнiсi  сияқты  болады  және  жоғарыда  айтылған 
мақсатқа қолданылады. 
 
7-сурет. Backup (Архивация данных) программасын іске қосу. 
 
Архивтеу  және  қалпына  келтiру  әрекеттерiн  жүзеге  асыру  үшiн 
кӛшiрiлетiн  файлдарды  таңдап  алу  керек.  Әрбiр  буманың  немесе  файлдың 
тұсында  кiшкене  тӛртбұрыш  тұрады.  Егер  осы  тӛртбұрышта  тышқанды 
шертсек,  онда  сол  файлдың  немесе  бумадағы  файлдардың  барлығын  кӛшiру 
үшiн  ерекшеленгендiгiн  бiлдiретiн  қанат  белгi  (    )  пайда  болады.  Жоғары 
деңгейдегi  бумалардың  тұсындағы  тӛртбұрыштағы  қанат  белгiнiң  түсi  сұр 
болады, ол осы бума сақтаулы тұрған файлдардың барлығы ерекшеленбегенiн 
бiлдiредi.  Қажеттi  файлдарды  таңдап  алғаннан  кейiн  Ары  қарай  (Далее) 
батырмасын шертемiз. 
Екiншi  кезеңде  —  архивтелген  файлдар  орналасатын  орынды  кӛрсету 
қажет.  Архивтелген  файлдарды  иiлгiш  дискiге,  стримерге,  тiптi  сол 
файлдардың ӛздерi орналасқан орынға да сақтауға болады. Қажеттi құрылғыны 
таңдаған  соң  Дайын  (Готово)  батырмасын  шертемiз.  Программа  құрылатын 
архивтiң  атын  сұрайды  да,  оны  кӛрсеткеннен  кейiн  архивтеудi  бастайды.  Бұл 
процесс  стример  мен  дискеттердiң  жұмыс  жылдамдығы  қатты  дискiге 
қарағанда жай болғандықтан ұзақ уақытқа созылуы мүмкiн. 
Резервтi  кӛшiрме  жасаудың  жиiлiгi  сақталатын  ақпараттың  жаңару 
жылдамдығына,  бағалығына,  кӛлемiне  тәуелдi.  Кӛшiру  процесiнiң  ұзақ 
уақытты  алатындығын  ескере  отырып,  апта  сайын  немесе  ай  сайын  кӛшiрме 
алып отырған дұрыс. 
Backup  программасы  Windows  операциялық  жүйесінің  мiндеттi  түрде 
құрамына    кiрмейтiн  компоненттерiнiң  бiрi  болғандықтан,  оны  орнату  әдiсiн 
бiлуiмiз керек. 
Backup 
программасы 
тӛмендегi 
әрекеттердi 
орындау 
арқылы 
қондырылады. 
1. Бас меню: Баптау

Басқару тақтасы (Настройка

Панель управления) 
қатарын таңдаймыз. 
2.  Ашылған  терезеде  Программаларды  орнату  және  ӛшiру  (Установка  и 
удаление программ) шарт белгiсiнде тышқанды екi   ено шертемiз. 
3. Windows-ты орнату астарлы бетiн ашамыз. 
4. Осы  терезеде  шыққан  тiзiмнен  Қызмет  ету  программалары 
(Служебные программы) қатарында тышқанды шертемiз. 

 
127 
5.Одан  кейiн  ашылған  тiзiмде  Мәлiметтердi  архивтеу  қатарындағы 
жалаушаны  кӛтеремiз  де,  ОК  батырмасын  шертемiз.  Бұл  әрекет  арқылы 
Windows-ты  орнатуға  арналған  файлдар  қатты  дискiде  сақталса,  Backup 
программасы орнатылады. 
Егер  Windows-ты орнатуға  арналған  файлдар  қатты дискiде сақталмаған 
болса,  онда  оларды  инсталяциялық  немесе  компакт-дискiден  орнатуға  тура 
келедi. Мұндайда 3-нӛмiрлi әрекетке дейiн орындаймыз да ары қарай тӛмендегi 
әрекеттердi жалғастырамыз: 
4. Дискiлермен жұмыс iстеу жалаушасын кӛтеремiз. 
5.  Құрамы  (Состав)  батырмасын  шертемiз.  Дискiлермен  жұмыс  iстеу 
сұхбат терезесi ашылады. 
6. Backup жалаушасын кӛтеремiз. 
7. Алдымен  Дискiлермен  жұмыс  iстеу  сұхбат  терезесiнде  одан  кейiн 
Қасиеттер: Программаларды қондыру және ӛшiру терезесiнде  ОК батырмасын 
шертемiз. Backup программасын орнату әрекетi басталады. Талап етiлген кезде 
дискеттi немесе компакт-дискiнi орналастырамыз. 
8. Басқару тақтасы терезесiн жабамыз.  
Қажеттi файлдар ӛшiрiлiп қалған жағдайда, олардың архивтiк кӛшiрмесi 
болса, кез келген уақытта оларды қалпына келтiруге болады.  
 
4. MS Word мәтіндік редакторында құжатты қорғау. 
MS Word мәтіндік редакторында құжатты қорғау үшін Сервис

Құжатты 
қорғау  (Сервис

Защитить  документ)  командасын  орындаймыз  (1-сурет). 
Шыққан сұхбаттық терезеде ӛз талаптарымыз бойынша қорғаныс элементтерін 
таңдаймыз. 
 
 
 
1-сурет. Сервис

Құжатты қорғау (Сервис

Защитить документ) 
командасының сұхбаттық терезесі 
 

 
128 
Қорғаныс  жолын  Сервис

Параметры  командасынан  кейінгі  шығатын 
сұхбаттық  терезесінің  «Безопасность»  бӛлімінде  де  орындауға  болады  (2-
сурет). 
 
 
2-сурет. «Безопасность» бӛлімі. 
 
5. MS Excel электрондық кестесінде мәліметті қорғау жолдары. 
MS Excel электрондық кестесінде кітапқа, бетке немесе тек қана ұяшыққа 
қорғаныс қою мүмкіндіктері бар (3-сурет). 
 
3-сурет. MS Excel электрондық кестеснде қорғаныс қою жолдары. 
 
Қорғаныс  жолын  Сервис

Параметры  командасынан  кейінгі  шығатын 
сұхбаттық терезесінің «Безопасность» бӛлімінде де орындауға болады. 
 
3. Буманы, файлды ӛзгертуден қорғау жолдары. 
Windows  операциялық  жүйесінде  буманы  тұтастай  жасырып  қою 
мүмкіндігі бар. Ол үшін жасырылатын буманы белгілеп алғаннан соң 

 
129 
1)
 
жанама мәзір кӛмегімен шақырылатын қасиеттер бӛлігінен «Свойства» 
немесе «Общий доступ и безопасность...» бӛлімін шақырамыз (4-сурет); 
 
4-сурет. «Свойства» бӛлімі. 
 
2)
 
шыққан  сұхбаттық  терезедегі  «Общие»  бӛлімінің  «Атрибуты» 
бӛлігінен  «Скрытый»  қасиетіне  қанатбелгі  қоямыз  да  (5-сурет)  «Применить» 
батырмасынан кейін «ОК» шертеміз. 
   
 
5-сурет. Буманы жасыру қасиетін таңдау. 
 
Жасырынған  буманы  қайта  кӛру  үшін  «Сервис

Свойства  папки» 
командасынан  кейін  шығатын  сұхбаттық  терезенің  «Вид»  бӛліміндегі 
«Показывать скрытые файли и папки» қасиеттері бӛлімін ерекшелеп аламыз да 
«Применить» командасынан кейін «ОК»- ді шертеміз (6-сурет). 

 
130 
 
 
 
6-сурет.Жасырылған буманы қайта қалпына келтіру жолы. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Компьютерлік вирустар дегеніміз не? 
2.
 
Бүлінген және жұққан файлдар. 
3.
 
Компьютерлік вирустар қалай жіктеледі? 
4.
 
Кеңінен қолданылатын антивирустық программалар. 
5.
 
Компьютерлік вирустардан сақтанудың қандай жолдарын білесіз? 
6.
 
Архивтік файл деген не? 
7.
 
Файлдарды архивтеудің қажеттілігі. 
8.
 
Архивтеу программаларының атқаратын қызметі. 
9.
 
WinRar архиваторын қолдану ерекшеліктері. 
 

 
131 
№12 ДӘРІС  
 
Тақырыбы:  Компютерлік  желілер,  желілік  және  телекоммуникациялық 
технологиялар.  Желілер  туралы  жалпы  мағлұмат,  алдын-ала  жағдай  және 
компьютерлердің  желілік  әрекеттестік  қажеттілігі.  Ақпараттық  және  сәйкес 
программалық қамсыздандыру. 
 
1. Локалдық және бүкіләлемдік желі. 
2. Желілік топологиялар. 
 
1.
 
Локалдық және бүкіләлемдік желі. 
Сіздер  дербес  компьютерлердің  желілері  (торабы)  туралы  естіген  де 
шығарсыздар.  Олардың  ауқымды  жалпы  және  жергілікті  желілерге 
бӛлінетінінен  де  хабардар  боларсыздар.  Бұқаралық  ақпараттық  жүйеде 
"Еthеrnеt...  100-мегабитті  технология...  Желілік  технологиялар...  Интернеттегі 
жанжал...  Интражелілер..."  деген  сӛздер  жиі  естіліп  жатады.  Бірақ  біз  бұл 
материалдарды  түсіндіру  кезінде  оқушылар  желілермен  таныс  емес,  тек 
компьютер құрамын біледі деп есептейміз. 
Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз 
компьютерлік  желінің  артықшылықтарын  сезіне  де  алмайсыз.  "Атыңыз  егер 
болмаса,  жорғасын  қайдан  білесіз",  -  деп  ӛленде  айтылатын  сияқты  ...  Бірақ 
сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге 
жәнелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін ӛте қажет 
болып  табылады.  Желілік  технологиялар  орасан  зор  қаржы  үнемдеуге 
мүмкіндік береді.  
Компьютерлік  желі  дегеніміз  -  бір-бірімен  мәлімет  алмаса  алатын  кем 
дегенде  екі  компьютердің  байланыс  құралдары  кӛмегімен  қарым-қатынас 
жасауына арналған ақпарат еңдеудің тармақталған жүйесі. 
Басқаша  айтқанда  желі  деп  дербес  компьютерлердің  және  де  принтер, 
модем,  факсимильдік  аппарат  тәрізді  есептеу  құрылғыларының  бір-бірімен 
байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет 
алмасып  құрылғыларды  ортақ  пайдалануға.  қашықта  орналасқан  қуатты 
компьютерлердегі 
мәліметтер 
базасымен 
қатынас 
құруға 
және 
тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. 
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады: 
- желімен қатынас кұруды үйымдастыру; 
- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару; 
-  желі  тұтынушыларьша  есептеу  құрылғьшарьш  пайдалануға  беріп, 
оларға әртүрлі қызмет кӛрсету. 
Екі  және  одан  да  кӛп  компьютерлердің  физикалық  байланысынан 
компьютерлік  желі  туындайды.  Компьютерлік  желі  –  компьютерлер 
арасындағы  ӛзара  мәліметтер  алмасу  жүйесі.  Екі  компьютердің  қарапайым 
байланысы тікелей байланыс деп аталады. 

 
132 
Компьютерлік  желіні  орнату  үшін  арнайы  аппараттық  жабдықтар 
(желілік  құрылғылар)  және  арнайы  бағдарламалық  жабдықтар  (желілік 
программалық жабдықтар) қажет. 
Компьютерлік желінің негізгі мақсаты – компьютерлік желідегі барлық 
ресурстарды қолданушының пайдалануына мүмкіндік беру. 
Ресурс  –  қолданушыға  бӛлінетін  есептеу  жүйесінің  физикалық  немесе 
логикалық  бӛлігі.  Мысалы:  орталық  процессордың  уақыты,  оперативті  немесе 
тұрақты  жады  облысы,  логикалық  немесе  физикалық  сыртқы  құрылғылар. 
Ресурстар  3  түрлі  болады:  аппараттық,  программалық  және  ақпараттық
Мысалы,  принтер,  қатты  дискі  мӛлшері  –  бұлар  аппараттық  ресурстар
Егер желідегі бір принтерді барлық қолданушылар пайдаланса, онда олар ортақ 
аппараттық ресурсты бӛліседі. 
Қашықтықтағы  компьтерлердегі  мәліметтерді  қолдану  –  ақпараттық 
ресурсты қолдану болып табылады. 
Локалды желі (Local Area NetWorks, LAN) – бір мекеме немесе арнайы 
бір  территория  ішіндегі  бір  немесе  бірнеше  жоғары  жылдамдықтағы  сандық 
ақпаратты алу каналы бар желі. Локалды желідегі компьютерлер үшін біртекті 
хаттамалар пайдаланылады. Ең кӛп тараған локалды желілер   – Ethernet және 
Token Ring. 
Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), 
интерфейс,  желілік  программалық  және  техникалық  құралдар  тәрізді 
сипаттамалармен кӛрсетіледі. 
Желілік  техникалық  кұралдар  -  компьютерлерді  бір  желіге 
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны. 
Желілік  программалық  құралдар  -  компьютерлік  желі  жұмысын 
басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспет қамтамасыз етеді. 
Интерфейстер  -  желінің  функциональдық  элемшттерін  бір-бірімен 
үйлестіру құралдары. 
Протоколдар  -  желінің  функциональдық  элементтерінің  бір-бірімен 
қатынас  жасау  ережелері.  Функиональдық  элементтер  рӛлін  әртүрлі 
құрылғылар  және  де  программалық  модульдер  атқара  алады.  Сол  себепті 
ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады. 
Желілік техникалық кұралдар 
Жергілікті  немесе  аймақты  тармақталған  желілер  архитектурасына 
байланысты  негізгі  компоненттер  мен  технологиялар  мынадай  бӛлітерден 
тұрады: 
Аппараттық құралдар: 
- кабельдер; 
- серверлер; 
- желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Interface Card); 
- концапраторлар; 
- коммутаторлар; 

аймақтық 
тармақталаған 
желілер 
үшін 
бағдарлауыштар 
(маршуртизаторлар); 

 
133 
-  аймақтық  тармақталаған  желілер  үшін  қашытқтан  қатынас  құру 
серверлері; 
- аймақтық тармақталаған желілер үшін модемдер;  
Серверлер. 
Клиент/сервер  желісіндегі  сервер  дегеніміз  осы  желіге  қосылған  басқа 
компьютерлер  пайдалана  алатын  файлдар  мен  қолданбалы  программаларды 
сақтауға арналған жоғары кӛлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып 
табылады.  Бұған  қоса  серверде  желілік  операциялық  жүйе  (NOS,  Network 
Operating system) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтерлер тәрізді) да 
басқара алады. 
Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Operating System) үстелге 
қойылатын  және  портативті  алып  жұруге  ыңғайлы  компьютерлерге 
орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін 
қажет.  Компьютер  жұмыс  ӛнімділігіне  бірсыпыра  талаптар  қоятын  әртүрлі 
дербес  компьютерлерге  арналған  желі  тақшаларының  кӛптеген  түрлері  бар. 
Олар  мәліметтерді  тасымалдау  жылдамдығының  езгеруі  мен  желіге  қосылу 
тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді. 
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен 
мәлімет  алмасу  мүмкіндігін  береді.  "Модем"  деген  соз  осы  кұрылғының 
қызметіне  байланысты  шыққан,  ол  "модулятор/  демодулятор"  сӛздерінің 
кысқаша  түрі.  Модем  дербес  компьютерден  шыккан  цифрлық  сигналдарды 
жалпы  телефон  арналары  арқылы  тасымалданатын  аналогтық  сигналдарға 
түрлендіреді.  Ал  екінші  модем  қабылданған  сигналдарды  қайтадан  цифрлық 
формаға ауыстырады. 
Желілік программалық кұралдар. 
Жергілікті  және  аймақтық  тармақталған  желілер  архитектурасына 
байланысты программалық құралдар:  
-  желілік операциялық жүйеден, 
-  желіні басқару программалық құралдарынан тұрады. 
Желілік  операциялық  жүйе  (NOS,  Network  Operating  system)  -  желіге 
қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол 
желілік  ресурстарды  басқарып,  олармен  қатынас  жасауды  қадағалап  отырады. 
Желілік  операциялық  жүйе  тасымалданатын  мәліметтерді  баратын  бағыттары 
бойынша  бағдарлауды  (маршруттауды),  желілік  құрылғылар  үшін  бәсекелік 
қайшылықтарды  шешуді  және  дербес  компьютердің  операциялық  жүйесімен, 
мысалы Windows 95, Windows NT, UNIX, Масіntоsh немесе ОS/2 жүйелерімен 
жұмыс істеуді ұйымдастырады. 
Желілік  операциялық  жұйе  файлдар  мен  қолданбалы  программалардың 
үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында 
орналасқан  ресурстар  бірге  пайдаланыла  отырып,  керекті  мәліметтер 
алушыларға  жонелтіліп  және  олар  басқа  компьютерлерден  езгертіле  алады. 
Желілік  операциялық  жүйенің  негізгі  белігі  серверде  орналасады  да,  қалған 
боліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді. 
Желілік  операциялық  жүйе  қосылған  барлық  құрылғыларды  анықтап, 
ортақ  пайдаланылатын  шеткері  құрылғыларға  жұмыс  станцияларының 

 
134 
қатынасу  приоритетін  (егер  бірнеше  станция  қатар  сұраныс  берсе)  айқындап 
отырады.  Бүған  қоса  операциялық  жүйе  трафикті  реттеу  релін  атқарып, 
каталогтармен  жұмыс  істеуді  басқарады  және  ақпаратты  сақтау  жүйесін 
бақылау ӛкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең 
тараған  желілік  операциялық  жүйелерге  Windows  Server,  Novell  Netware, 
Ваnуаn VINES тәрізділер жатады. 
Клиент-сервер технологиясы. 
Жергілікті  желілердегі  компьютерлердің  бір-бірімен  қарым-қатынас 
жасау  сипатын  олардың  функциональдық  қызметімен  байланыстыру 
қалыптасқан.  Жергілікті  желі  аймағында  да  компьютерлерді  тікелей 
байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер үғымдары қолданылады. 
Клиент-сервер  технологиясы  -  жергілікті  желідегі  компьютерлерді  бір-
бірімен  байланыстырудың  ерекше  тәсілі,  Мұнда  бір  компьютер  (сервер)  ӛз 
құрылғыларын басқаларға - клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай 
жергілікті желілер  бір  деңгейдегі  желілер  және серверлік желілер  болып  екіге 
бӛлінеді. 
Бір  деңгейдегі  желілерде  айрықша  бӛлінген  сервер  болмайды,  мұнда 
әрбір  жұмыс  станциясы  әрі  сервер,  әрі  клиент  болып  қызмет  атқара  береді. 
Мұның  ерекшелігі  -  әрбір  жұмыс  станциясы  ӛз  ресурстарының  белгілі  бір 
бӛлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бӛліп береді. 
Кебінесе  бір  деңгейдегі  желілер  мүмкіндіктері  бірдей  компьютерлерді 
біріктірген  кезде  құралады.  Бір  деңгейдегі  желілер  жұмыс  істеуге  ыңғайлы, 
олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады. 
Егер  компьютерлер  саны  аз  болып,  олардың  негізгі  функциясы  бір-
бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім - оларды бір деңгейлі 
желілерге  біріктіру  болып  табылады.  Мұндай  желі  кең  тараған  Windows  98 
операциялық жүйесінің басқаруымда жұмыс істей береді. 
 
2. Желілік топологиялар. 
Желі  топологиясы  оның  негізгі  функциональдық  элементтерінің  бір-
бірімен байланысу құрылымын анықтайды. 
Желінің  атқаратын  қызметіне  байланысты  топологиялардың  үш  түрі 
болуы мүмкін. 
Сақиналық желі – барлық ақпарат жабық орта бойымен таратылады. Әр 
абонент  кӛрші  екі  компьютермен  еріксіз  байланыста  болады,  ал  негізінде 
желідегі кез-келген абонентпен байланысуға мүмкіндігі бар (1-сурет). 
 

 
135 
1-сурет. Локальды желінің  сақиналық типтегі байланысы.  
 
Жұлдызша  тәріздес  (радиальды)  желі  –  нақ  ортада  абонентпен  және 
олардың ӛзара байланысын қамтамасыз ететін орталық компьютер орналасады 
(2-сурет). 
  
2-сурет. Локальды желінің  жұлдызша типтегі байланысы.  
Шиналық  конфигурацияда  барлық  компьютерлер  ақпарат  алуды 
қамтамасыз ететін орталық каналмен (шинамен) байланысқан (3-сурет). 
 
 
3-сурет. Локальды желінің  шиналық типтегі байланысы. 
 
Ағаш  бұтақтары  тәріздес  желіде  –  «бас  компьютерге»  бағынышты 
бірнеше компьютерлер болады (4-сурет). 
 
4-сурет. Локальды желінің  ағаш бұтақтары тәріздес байланысы. 
 
Әр түрлі хаттамалармен байланысқан компьютерлік желілер үшін арнайы 
құрылғы  –  шлюздер  қолданылады.  Олар  аппараттық  (шлюздік  сервер)  және 
программалық (шлюздік қосымша) болып бӛлінеді. 

 
136 
Желілік  қорғаныс  үшін  локалды  және  бүкіләлемдік  желілер 
мәліметтерді  рұқсатсыз  кӛшірмеу  мақсатында    арнайы  компьютер  немесе 
брандмауэр деп аталатын программа орнатылады. 
Бүкіл  әлемдік  желі  (Wide  Area  NetWorks,  WAN)  –  бұл  әр  түрлі 
географиялық  аймақтағы  байланыстарды  біріктіретін  желі.  Ең  танымал 
бүкіләлемдік желі  - Internet. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Компьютерлік желі дегеніміз не? 
2.
 
Локальді желі дегеніміз не? 
3.
 
Интерфейс дегеніміз не? 
4.
 
Хаттама дегеніміз не? 
5.
 
Желі топологиясы дегеніміз не? 
6.
 
Желі топологиясы қаншаға бӛлінеді? 
7.
 
Олардың бір-бірінен айырмашылықтарын атаңыз. 
 

 
137 
№13 ДӘРІС  
 
Тақырыбы: Ауқымды және жергілікті желілер. Негізгі технологияларды, 
деректер   тасымалдау әдістерін шолу. 
 
1. Интернеттің негізгі түсініктері және Internet Explorer. 
2. Электрондық пошта (E-mail). 
3. HTML тілі элементтері. Веб-сайт құру жолдары. 
 
1. Интернеттің негізгі түсініктері және Internet Explorer. 
Модем  немесе  алыста  орналасқан  север  кемегімен  жүзеге  асатын 
аймақтық  тармақталған  желілер  функциясьш  жергілікті  желілер  құрамына 
енгізе  отырып,  сыртқы  коммуникация  технологияларының  тӛміндегідей 
мүмкіндіктерін пайдалануға болады: 
- электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жӛнелту; 
-  Интернетпан байланысу. 
Интернет  дегініміз  -  дүниенің  әр  түішіріндегі  тұтынушыларды  бір-
бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл 
байланыстыратын  ен  ауқымды  желі  түрі.  Ӛз  кӛлемін  жылдам  ұлғайта  отырып 
(шамамен  жылына  200%),  ол  біздің  емірімізде  күннен  күнге  ӛте  елеулі  рӛл 
атқарып келеді. 
Қазіргі  кезде  Интернеттің  ең  негізгі функцияларына  электрондық пошта 
қызметі  мен  мамандықтары  бір  немесе  ортақ  мәселемш  айналысатын 
топтардың  немесе  зертеушілердің  бір-бірімен  жылдам  мәлімет  алмасуы 
жатады. 
Интернет күнші-күнге куатты екпін алып, оған кӛптегін компаниялар мен 
фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен 
олардың  жабдықтаушылары  және  тұтынушылары  арасындағы  байланыс 
дәшкері  релін  атқаратын  осы  Интернет  желісі  болып  табылады.  Қазіргі  кезде 
мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, 
алыстан  кеңес  беру,  емдеу  жұмыстары  тәрізді  мәліметті,  сӛзді,  бейнені, 
қозғалысты  қашықтан  жылдам  жеткізу  жұмыстары  осы  Интеренет  арқылы 
жүзеге асырылады. 
Интернет  –  бұл  бүкіләлемдік  желі.  Интернет  –  TCP/IP  хаттамасын 
қолдана отырып мәліметтер алмасатын технология (5-сурет). 
Хаттама  –  бір  деңгейдегі  компьютерлердің  желіаралық  байланысының 
«тәртібі». 
TCP/IP  -  әр  түрлі  деңгейдегі  хаттамалар  жиыны  (стек  протоколов). 
Мұндағы: 
ТСР  (Transmission  Control  Protocol  –  тасымалдауды  басқару 
хаттамасы) – мәліметтердің жеткізілуін қамтамасыз ететін хаттама; 
IP  (Internet  Protocol  –  интернет  хаттамасы)  –  мәліметтердің  қайда 
баратынын анықтайтын желілік деңгейдегі адрестік хаттама 
Жиын (стек) – жүйелердің ӛзара ұйымдасуына мүмкіндік беретін әртүрлі 
деңгейдегі хаттамалар жиынтығы . 

 
138 
 
5-сурет Internet желісінің құрылысы. 
 
Желі компоненттері: 

 компьютерлер: ДК, ноутбуктар; 

  коммуникациялық  жабдықтар:  коммутаторлар,  маршрутизаторлар, 
байланыс желісі; 

операциялық жүйелер: OS/2; Novell NetWare; Unix; Linux, Windows; 

желілік қосымшалар: желілік принтер, желілік диск, мәліметтер қоры. 
Топология – компьютерлерді желіге біріктіру тәртібі. Ethernet желісінде 
«шиналық» және «жұлдызша» топологиялары қолданылады. 
Ӛз  торабына  қосып  және  жеке  адрес  тағайындап  берумен  айналысатын 
мекемелер  Интернет  қызметін  қоюшылар,  яғни  сервис  –  провайдерлер  деп 
аталады. 
Интернетке  қосылу  екі  түрге  бӛлінеді:  ерекшеленген  және 
коммутаторлық.  
Ерекшеленіп  қосылу  үшін  жаңа  байланыс  тізбегі  (кабельдік, 
радиоарналық,  спутниктік)  жүргізіледі.  Үлкен  кӛлемдегі  мәліметтерді  жіберу 
қажеттілігі  туып  отыратын  мекемелер  мен  ӛндіріс  орындары  ерекшеленіп 
қосылуды пайдаланады. 
Коммутаторлық  байланыс  –  уақытша  байланыс  түрі.  Ол  арнайы 
торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі. 
Интернетке  қосылу  үшін  арнайы  модем  деп  аталатын  құрылғы  орнату 
қажет.  Компьютерден  сандық  мәліметтер  модем  арқылы  түрленіп, 
модуляцияланып торапқа түседі. 
Қосылу  әдісі  бойынша  модемдер  сыртқы  және  ішкі  болып  екі  түрге 
бӛлінеді.  Сыртқы  модемдер  жүйелік  блоктың  артқы  қабырғасына  қосылады. 
Ішкі модемдер аналық тақшаға орнатылады. 
Басқа  құрылғылар  сияқты  модемдер  де  программалық  орнатуды  қажет 
етеді.  Windows  операциялық  жүйесінде  оны  Іске  қосу

Баптау

Басқару 
панелі

Құрылғына орнату командасының кӛмегімен орнатады. 
Интернет  қызметін  қоюшының  компьютеріне  қосылу  үшін:  Менің 
компьютерім

Желіге қашықтан қатынау

Жаңа байланыс программасын 
орнату қажет. 
Программаны  орнату  кезінде  Интернет  қызметін  қоюшы  мынадай 
мәліметтерді алдын-ала енгізіп қоюы керек: 

 
139 
1)байланыс жүргізілетін телефонның нӛмірі; 
2)қолданушының аты (login); 
3)паролі (password); 
4)сервердің адресі. 
Бүкіл  әлемдік  масштабта  әрбір  файлдың  адресі-URL  адреспен  (Uniform 
Resouree  Locator  –  унифицированный  указатель  ресурса  –  ресурстардың 
ерекшеленген нұсқағышымен) анықталады. URL – адрес үш бӛліктен тұрады: 
1)берілген  қызметке  сәйкес  келетін  қолданбалы  хаттаманың  атын 
кӛрсету.  Мысалы,  WWW-қызметі  үшін  қолданбалы  хаттама  HTTP  болып 
табылады.  HTTP  –  Hyper  Text  Transter  Protocol  (гипермәтінді  жіберу 
хаттамасы): http:// ; 
Хаттаманың атынан кейін және // белгілері міндетті түрде қойылады. 
2)компьютердің (сервердің) домендік атын кӛрсету – мысалы: 
http://www.khabar.kz  –  адрес  соңындағы  екі  символдан  тұратын 
кеңейтілме – сервердің географиялық аймағын білдіреді (ru – Ресейлік іздеу 
сервері;  kz  –  Қазақстандық  іздеу  сервері;  tr  –  Түркиялық  іздеу  сервері  және 
т.б.); 
3)берілген компьютердегі файлға баратын  толық жолды кӛрсету қажет 
(араларына ―/‖ символын қою арқылы), мысалы: 
http://www.Microsoft.com/games – Microsoft компаниясының ойындары. 
Интернет  серверлерінде  файлдар  түрінде  сақтаулы  құжаттар  кӛп. 
Оларды  қабылдап,  экранға  шақыру  үшін  FTP  атты  қызметші  хаттама 
пайдаланылады. 
FTP  (File  Transler  Protocol)  –  файлды  тасымалдау  хаттамасы. 
Файлдар  барлық  компьютер  серверлерінің  ішінде  сақтала  бермейді.  Оларды 
сақтап,  FTP  арқылы  қызмет  кӛрсететін  арнайы  компьютерлер  (файлдарды 
сақтау қоймалары) бар. Оларды FTP-серверлер деп атайды. 
FTP  хаттамасын  іске  қосу  үшін  Internet  Explorer  терезесінің  Адрес 
ӛрісіне    файл  серверінің  адресін  енгізу  керек.  Мысалы:  FTP://  ftp.relcom.ru 
командасынан кейін экранға дербес компьютердегідей каталогтар мен файлдар 
кӛрінетін  Сервер  беті  шығады.  Шыққан  каталогтан  ішкі  каталогқа  ӛтуге, 
файлды  белгілеп,  мазмұнын  экранға  шығаруға  болады.  Кейбір  серверлерде 
файл  архив  түрінде  кӛрінеді.  Оны  ашу  үшін  архивтеуші  программаны 
пайдаланған дұрыс. 
Интернетте  атау  беріліп,  түрлі  компьютерлерден  таратылатын 
жаңалықтар тобы телеконференция (Usenet) деп аталады. Usenet – бiр-бiрiмен 
жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, анархиялық 
жүйелер тобы.  
Usenet-тегi жаңалықтар тобы – дүние жүзiндегi адамдардың пiкiрлесетiн, 
яғни  ақпарат  алмасуына  арналған  электрондық  пiкiрталас  топтары.  Мұндай 
жаңалық  топтарында  белгiлi  бiр  тақырыпқа  арналған  кӛптеген  мақалаларды 
оқуға болады, олар әртүрлi тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегi 
жаңалықтар  ретiнде  оқыған  мақалаңызға  жауап  беруге  және  ӛз  ойларыңызды 
мақала  ретiнде  жариялауға  болады.  Бұлар  құрама  сӛздер  арқылы  белгiлi  бiр 
тақырыптарға  топтастырылады,  мысалы,  rec.sport.basketball.college  тобы, 

 
140 
мұндағы rec – тақырып атауының – recreation сӛзiнiң қысқартылған түрi, sport 
– аталмыш тақырыптың спортқа арналған бӛлiгiн кӛрсетiп тұр. 
Құжаттарды  тасымалдаумен  шұғылданатын  қазіргі  Интернеттің  ең  кӛп 
тараған  қызмет  түрі  World  Wide  Web  (Web,  WWW)  деп  аталады  және  ол 
бүкіл дүниежүзілік ӛрмек дегенді білдіреді.  
Интернетке  тұрақты  қосылып  тұрған  компьютерлерді  Web-сервер  деп 
атайды. WWW дегеніміз – Web-серверде сақталған Web-құжаттардан тұратын 
ақпараттық кеңістік.  
Web-беттер  дегеніміз    -  Web-кеңістікті  құрайтын  жеке  құжаттар,  яғни 
үлкен мәтіннің бір бӛлігі. Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты 
басқа Web-бетте жазылған сӛз немесе сӛз тіркестері арнайы команда бойынша 
белгіленіп қойылады. Мұндай сілтемені гиперсілтеме деп, ал енгізілген мәтінді 
гипермәтін  деп  атаймыз.  Экранда  кӛрінген  Web-бетте  гиперсілтеме  басқа 
түске  боялып,  асты  сызылып  кӛрсетіледі.  Гиперсілтеме  бойынша  Web-бетті 
экранға  шығару  үшін  сілтемеге  тышқан  нұсқағышын  әкеліп,  ол  сұқ  саусағы 
мәтінге  бағытталған  қол  түріне  айналған  кезде  тышқанның  сол  жақ 
батырмасын үздіксіз екі рет шерту керек. 
Тақырып бойынша топтастырылған Web-беттерді Web – тораптар (Веб-
сайт) деп атаймыз. 
Дайын  материалды  Web-тораптарда  орналастыру  Web-басылым  деп 
аталады. 
Web-беттерді  кӛруге  арналған  программалар  броузерлер  деп  аталады. 
Броузерлердің негізгі атқаратын қызметі: 
1)құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату; 
2)броузер  жұмыс  атқаратын  компьютердің  мүмкіндігін  ескере  отырып 
Web-беттерді форматтау мен бейнелеу
3) Web-беттерді іздестіруді жеделдету; 
4)интернеттің  басқа  қызмет  түрлерімен  жұмыс  істеуге  арналған  дербес 
құралдарды ұсыну. 
Ең  кӛп  тараған  броузерлер  –  Internet  Explorer,  Netscape  Navigator, 
Opera.  Барлық  броузерлердің  функциялары  бірдей.  Internet  Explorer  5.0 
броузерінің  басқалардан  ерекшелігі,  ол  Windows-операциялық  жүйесімен 
бірге қойылады және оның бӛлінбейтін компоненті болып табылады. Internet 
Explorer  броузерін  іске  қосу  үшін:  Пуск

Программы

  Internet  Explorer  
командасын  орындау  керек    немесе    жұмыс  үстеліндегі 
 
  сілтеуішінде 
тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз  екі рет шерту қажет. Жұмыс үстеліне 
мынадай сұхбаттық терезе шығады (6-сурет).  

 
141 
 
6-сурет. Internet Explorer  терезесінің жалпы кӛрінісі. 
 
Мұндағы: 
1-Назад  және  2–Вперед  –  Web-беттерде  броузердің  жиі  қолданылатын 
батырмалары.  Біз  соңғы  ашылған  беттерге  жеткенде    Назад  батырмасы  сұр 
реңді  болады,  ал  егер  қарастырылған  құжаттармен  алға  қарай  жүрсек,  ең 
соңына келгенде Вперед батырмасы сұр реңді болады; 
3 – Стоп батырмасы Web-беттердің жүктелуін немесе қате адрес берілген 
кездегі бұйрықты тоқтатуға мүмкіндік береді. 
4  –  Обновить  батырмасы  –  Web–бетті  жүктегенде  қандай  да  бір  беттер 
толығымен  жүктелмеген  немесе  суреттері  толық  ашылмаған  ағымды  бетті 
серверден қайта жүктейді; 
5  -    Домой  батырмасы  жүктелген  кездегі  бастапқы  бетке  қайта  оралу 
үшін қажет; 
6  –  Поиск  батырмасы  іздеу  панелін  және  соған  қатысты  іздеу  серверін 
іске қосады; 
7  –  Избранное  батырмасы  жиі  қолданылатын  Web-беттің  сілтемелерін 
немесе жиі қолданылатын құжаттарды сақтау үшін қажет; 
8  –  Журнал  батырмасы  соңғы  кезде  қолданылған  сайттар  мен  Web-бет 
сілтемелері сақталатын панелдерді ашу үшін қажет; 
9  –  Адресная  строка  батырмасында   Web-бет  адрестері    (URL)  немесе 
компьютерде сақталған құжат адрестері кӛрсетіледі; 
10  –  Переход  батырмасы  адрестік  қатарда  кӛрсетілген  Web-бетке  ӛту 
жолын қамтамасыз етеді; 
11  –  Строка  состояния    -  сол  жақ  бӛлігінде  Web-беттің  жүктелу 
индикаторы,  ал  оң  жақ  бӛлігінде  ағымды  беттен  сақтандыру  дәрежесі 
бейнеленеді (егер байланыс желісінде вирус жоқ болса қамал белгісі шығады). 
Интернеттің ақпараттық кеңістігінің ӛлшемі ӛте ауқымды, шексіз және ол 
бірнеше  миллиардтаған  Web-құжаттарды  қамтиды.  Осы  мәліметтердің  ішінен 
ӛзімізге  қажетті  ақпаратты    URL-адрес  бойынша  тауып  алуға  болады. 
Қолданушы  іздестіру  жүйесіне  ізделінді  Web-бет  жайлы  мәлімет  береді.  Ал 
іздестіру  жүйесі  қолданушының  сұранысын  қанағаттандыратын  беттерге 
жіберетін гиперсілтемелер тізімін шығарып береді. 

 
142 
Іздестіру жүйелерінің екі түрлі моделі бар (7-сурет): 
1)іздестіру  каталогтары  –  бұлардың  құрылысы  ірі  кітапханалрға  ұқсас. 
Ондағы  ақпарат  тақырып  бойынша  каталогтарға  топтастырылған.  Тізімдегі 
әрбір жазба гиперсілтеме түрінде берілген. Таңдап алынған тақырып бойынша 
тереңірек ақпарат алу үшін келесі бетті ашасыз; 
2)іздестіру  нұсқағыштары  –  ақпаратты  ӛзекті  сӛз  бойынша  іздестіруге 
негізделген. 
 
7-сурет. Іздестіру жүйелерінің моделі. 
 
2. Электрондық пошта (E-mail). 
 
 
E-mail  немесе  электрондық  почта  –  нақты  абоненттерге  желi  арқылы 
хабарлар жiберу жолымен мәлiмет алмасу тәсiлi.  
Басқа  да  байланыс  қызмет  түрлері  сияқты,  электрондық  пошта  қызметі 
программалар  жұбы  мен  олардың  ӛзара  қарым-қатынас  хаттамаларының 
кӛмегімен  жүзеге  асырылады.  Интернет  жағынан  программа-сервер
тұтынушы  жағынан  программа-клиент  жұмыс  атқарады.Электрондық 
поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген: 
1)шығатын  хабарды  жіберуге  –  SMTP  (SMTP  –  Simple  Mail  Transfer 
Protocol – пошта жіберетін қарапайым хаттама) хаттамасымен
2)келіп  түсетін  корреспонденцияны  қабылдауға    -  РОРЗ  (Post  Office 
Protocol 3 – протокол почтового отделения, версия 3) хаттамасымен жүргізіледі. 

 
143 
Электрондық поштаның қолданушысы болу үшін
1)модем немесе желілік адаптер, сәйкес кабелдер керек; 
2)қандай  да  бір  пошталық  серверде  тіркелуіңіз  қажет.  Мысалы: 
Sultanov@mail.ru – мұнда: 
*коммерциялық @ символының сол жағындағы бӛлім – пошталық сервис 
қызметін қолданушының адресі (қолданушы поштасының адресі); 
*  коммерциялық  @  символының  оң  жағындағы  бӛлім  –пошталық 
сервердің адресі (қолданушының электрондық адресі) 
3)электрондық  поштамен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін  арнаулы 
программа (MS Outlook, The Bat!, Eudora және т.б.) керек. 
Mail.ru пошталық серверінде тіркелу жолын қарастырайық: 
1)Internet Explorer броузерін жүктеңіз; 
2)Шыққан сұхбаттық терезенің адрес бӛлімінде мына қатарларды теріңіз: 
http://www.mail.ru және Enter батырмасын басыңыз; 
3)пошталық  серверінің  сұхбаттық  терезесінде  тіркелуді  ұсынатын 
бӛлімде тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шертеміз (8-сурет); 
 
8-сурет. Mail.ru пошталық серверінің жалпы кӛрінісі. 
 
 
 
4)ашылған  сұхбаттық  терезеде  барлық  қатарларды  сұраныс  бойынша 
толтырып шығамыз (9-сурет); 
Тіркелуді 
ұсыну бӛлімі 

 
144 
 
9-сурет. Mail.ru пошталық серверінде тіркелу терезесі. 
 
5)барлық  мәлімет  толығымен  қабылданған  болса,  әкімшілік  тарапынан 
құттықтау хатымен экран бетіне электрондық поштаңыз ашылады (10-сурет). 
 
10-сурет. Mail.ru пошталық серверінің әкімшілігінің құттықтау хаты. 
Ал егер кӛрсетілген пошта атымен Сізге дейін құрылған пошта жәшіктері 
бар  болса,  Сізге  пошта  жәшігіңіздің  атын  қайта  таңдауыңызды  ұсынатын 
сұхбаттық  терезе  ашылады.  Бұл  терезедегі  қатарларды  тиісті  мәліметтермен 
толтырып Enter пернесін басамыз. 
Электрондық  поштамен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін    MS  Outlook 
программасының қызметтерін қарастырайық: 
*хабарды  қабылдау  және  дербес  кӛру  –  РОРЗ  серверіне  қосылған  соң, 
келіп  түскен  хабарлар  пошталық  клиенттің  мәліметтер  базасына  автоматты 
түрде кӛшіріледі. Оны дербес режімде оқуға болады

 
145 
*жаңа хабарды даярлау – программаның құрамдас мәтіндік редакторында 
алмасу  буферін  қолдану,  мәтіннің  кодталуын  таңдау  мүмкіндіктері 
қарастырылған; 
*хабарларды  реттеу  –  шығатын  және  келетін  хабарларды  ретке  келтіре 
топтау және сұрыптау. 
Outlook  Express  программасы  бірқатар  стандартты  бумалардан  тұрады 
(11-сурет)  және  қажетті  буманы  ашу  үшін  буманы  белгілеп  алып,  тышқанның 
сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту керек. 
 
11-сурет. Outlook Express программасы.  
 
Сұхбаттық терезе мына бумалардан тұрады: 
1)Входящие  бумасы  –  қабылданған  барлық  мәліметтерден  тұрады.  Бұл 
мәліметтер жойылғанға немесе басқа бумаға сақталғанға дейін осы бума ішінде 
болады; 
2)Удаленные  бумасы  –  жойылған  барлық  хабарлар  сақталады.  Бұл 
мәліметтерді қайта қалпына келтіруге де болады; 
3)Исходящие  бумасы  –  арнаулы  адреске  салып  жіберуге  дайын  барлық 
мәліметтер сақталады; 
4)Отправленные  бумасы  –  электрондық  поштамен  жіберілген  барлық 
хабарлардың кӛшірмесі сақталатын бума. 
Осы бумалардың ішінде кез-келген хабарламаны оқуға, баспаға жіберуге, 
жоюға немесе басқа қолданушыға салып жіберуге болады. 
Жаңадан  хабарлама  құру  үшін  Сообщение

Создать  сообщение 
командасын  орындаймыз  немесе  CTRL+N  пернелер  комбинациясын  басамыз 
(12-сурет).  

 
146 
 
12-сурет. Сообщение

Создать сообщение командасының 
сұхбаттық терезесі. 
Экран  бетіне  шыққан  сұхбаттық  терезенің  жоғарғы  бӛлігінде  хабарлама 
жіберілетін  электрондық  адрес,  хабарлама  кӛшірмесі  және  тақырыбы 
кӛрсетіледі.  Терезенің  тӛменгі  бӛлігінде  хабарлама  мәтіні  жазылады.  Кому... 
және  Копия...  бӛлімдерінде  шексіз  түрде  адрестерді  кӛрсетуге  болады  және 
олар бір-бірінен «;» символы арқылы ажыратылады.  
Қажетті  хабарламаны  енгізіп  болғаннан  соң  Файл

Отправить 
командасын немесе саймандар тақтасындағы Отправить батырмасын басамыз 
(13-сурет). 
 
13-сурет. Хабарламаны жіберу терезесі. 
 
Жаңадан  келіп  түскен  хабарламалар  Входящие  бумасында  қарайтылған 
шрифтпен жазылып тұрады. Хабарламаны оқып болғаннан соң кәдімгі шрифтке 
айналады. 
Келіп  түскен  хабарламаға  жауап  беру  үшін  Сообщение

Ответить 
отправителю  командасын  таңдаймыз.  Жауапты  енгізіп  болған  соң 

 
147 
Файл

Отправить  командасын  немесе  саймандар  тақтасындағы  Отправить 
батырмасын басамыз. 
Электрондық  поштада  жұмысты  аяқтау  үшін  Файл

Жабу  командасын 
орындаймыз  немесе  терезені  басқару  батырмасындағы  Жабу  (Х)  батырмасын 
басамыз. 
Электрондық  пошта  кӛмегімен  жіберілген  хабарлама  әлемнің  түкпір-
түкпіріне  бірнеше  сағатта  жетеді.  Қолданушы  ӛз  қалауы  бойынша 
адресаттарымен  күніне  бірнеше  рет  хабарласуына  болады,  ӛйткені  пошталық 
сервер күндіз-түні жұмыс істейді. 
 
3.
 
HTML тілі элементтері. Веб-сайт құру жолдары. 
Web-беттің  негізгі  қызметі  –  қажетті  ақпаратты  іздеу,  жинастыру  және 
оны  экранға  шығаруды  ұйымдастыру.  Web-беттер  түрінде  дайындалып 
сақталған  электрондық  құжаттарға  –  мәліметтер,  графиктер,  фотосуреттер 
жатады.  Электрондық  құжаттың  қарапайым  құжаттан  айырмашылығы  –  оның 
жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML арнайы 
тілі пайдаланылады және олар HTML форматында сақталады.  
HTML  (HyperText Markup  Language-гипермәтіндік  белгілеу  тілі)  –  қатаң 
ережелері  бар  компьютерлік  тіл.  HTML  тілінде  құжаттың  авторы  ӛз  мәтінін 
тегтер  деп  аталатын  символдар  кӛмегімен  арнайы  файлға  –  Web-бетке 
айналдырады.  Web-беттің  мазмұны  әртүрлі  болуы  мүмкін,  бірақ  барлығы  да 
арнаулы  HTML  тілінде  жазылғандықтан  бұл  құжаттардың  кеңейтілмесі  .htm 
немесе .html болып келеді.  
HTML тіліндегі құжат – құжаттың негізгі мәтінінен және тегтерден 
тұрады. Бұл файлды құру үшін қарапайым мәтіндік редактор Блокнотты 
қолдансақ та болады. 
Барлық  тегтер  «кіші»  (

)  символынан  басталады  да  «үлкен»  (

) 
символымен аяқталады. Бұл символдар жұбын бұрыштық жақшалар деп те 
атайды.  Ашылған  бұрыштық  символдан  кейін  тегті  анықтайтын  ӛзекті  сӛздер 
орналасады.  HTML  тілінің  тегтері  құжаттың  арнаулы  бӛлігіне  ғана,  мысалы, 
абзацқа  ғана  әсер  етеді.  Сондықтан  да    ашылатын  және  жабылатын  –  жұп 
тегтер  қолданылады.  Ашылатын  тег  құжаттың  бӛлігіне  қандай  да  бір  әсер 
береді,  ал  жабылатын  тег  осы  әсерді  доғарады.  Жабылатын  тегтер  –  «/»  - 
символымен басталады. 
HTML құжатының құрылымы
1)барлық  құжат    тегімен  басталады  да,    сәйкес 
тегімен  аяқталады.  Бұл  тегтер  жұбы  –  броузерге  HTML  құжаты  екендігін 
хабарлайды; 
2)HTML құжаты тақырыптар бӛлімінен және құжаттың денесінен тұрады. 
Тақырыптар бӛлімі   және  - тегтерінен тұрады, мұнда құжат 
туралы мәлімет кӛрстеіледі; 
3)</b>    және  <b>  тегтері  тақырыптар  бӛлімінің  ішінде 
орналасады және мұнда құжаттың арнайы тақырыбы орналасады; 
4)Негізгі  мәтін  құжаттың  денесінде  кӛрсетіледі  және  ол  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет