«автожол» факультеті



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата06.02.2017
өлшемі4,3 Mb.
#3509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ені...)  командаларын 
орындаймыз немесе стандартты саймандар тақтасындағы сәйкес батырмаларды 
шертеміз. 
Ұяшық  ішіндегі  мәліметті  жылжытуға,  кӛшіруге,  орнын  ауыстыруға 
болады. Ол үшін: 
1)қажет ұяшықты белгілеп аламыз; 
2)тышқан  нұсқағышы 
формасына  ауысқанда  сол  жақ  батырманы 
басқан күйі ұяшықтағы мәліметті қажетті орынға апарамыз; 
3)егер  ұяшықтағы  мәліметтің  кӛшірмесін  алу  қажет  болса,  CTRL 
пернесін баса отырып объектіні жылжытамыз; 
4)ұяшықты  автотолтыру  әдісімен  толтыру  үшін  алғашқа  екі  ұяшықты 
белгілеп алып, ұяшықтардың оң жақ тӛменгі батырмасында тышқан нұсқағышы 
«+»  формасына  келгенде  қажетті  бағытта  сол  жақ  батырманы  баса  отырып 
созамыз (5-сурет) 

 
61 
 
5-сурет. Ай аттарын автоматты толтыру. 
 
Ұяшықты 
прогрессия 
кӛмегімен 
толтыру 
үшін 
Түзету

Толтыру

Прогрессия  командасын  орындаймыз  (6-сурет).Шыққан 
сұхбаттық  терезеде  орналасу  тәртібін,  типін  таңдаймыз  да  ОК  батырмасын 
шертеміз. Кӛрсетілген бағытта автотолтыру орындалады. 
 
6-сурет. Прогрессия кӛмегімен автотолтыру. 
 
Формулаларды  автотолтыру  сандарды  автотолтыру  сияқты  орындалады. 
Автотолтыру  кезінде  формулалардың  басқа  ұяшықтарға  сілтемесінің 
ерекшеліктері ескеріледі.  
MS Excel электрондық кестесінде үш түрлі сілтеме қолданылады: 
1)  салыстырмалы сілтеме – Excel кестесi ұяшықтың адресiн ағымдағы 
ұяшық  адресiне  салыстырмалы  түрде  сақтайды.  Мысалы:  D4  ұяшығына 
=D1+D2 формуласын енгiзейік. Осы формуланы С4 ұяшығына кӛшiрсек, мұнда 
=С1+С2 формуласы автоматты түрде енгiзiледi; 
2)  абсолютті  сілтеме  –  формуланы  кӛшiру  барысында  белгiлi  бiр 
ұяшыққа  немесе  аймаққа  сiлтеме  жасау  қажет  болса  абсолюттi  сілтеменi 
қолданамыз.  Абсолюттi  сiлтеме  «  белгiсiнiң  кӛмегiмен  жазылады.  Мысалы, 
$C$15  түрiнде  сiлтеме  жазылса, формуланы  қай  орынға  орналастырсақ  та, сол 
формулада тек C15 ұяшығындағы мән пайдаланылады; 
3)  аралас  сілтеме  –  мұнда  «$»  белгiсi  қажеттi  орында  ғана  жазылады, 
мысалы  $C15  -    бағананың  мәнiн  тұрақты  немесе  C$15  –  қатарды  тұрақты 
қалдырып, бағананы ӛзгерту мүмкiндiгi бар. Ұяшықтағы сілтемені F4 пернесін 
баса отырып ӛзгертуге болады: 
 
F4 пернесін басу 
Сілтеме типі 
Бір рет басу 
Абсолютті сілтеме ($A$9
Екі рет басу 
Аралас сілтеме (қатар бойынша абсолютті) (A$9
Үш рет басу 
Аралас сілтеме (баған бойынша абсолютті) ($A9
Тӛрт рет басу 
Қалыпты режім (A9

 
62 
 
Ұяшықтардағы  мәліметті  арнаулы  автоформат  кӛмегімен  ӛзгертуге 
болады.  Қажетті  ұяшықтарды  белгілеп  алғаннан  соң  Формат

Автоформат... 
командасын  орындаймыз  (7-сурет).  Ашылған  сұхбаттық  терезеден  ӛзіміз 
қалаған үлгіні таңдап аламыз. 
 
7-сурет. Формат

Автоформат... командасы. 
 
Мәліметті  енгізу  барысында  Түзету

Алмастыру...  командасының 
немесе  CTRL+H  пернелер  комбинациясының  кӛмегімен  қажетті  ӛзгерісті 
енгізуге  болады.  Ашылған  сұхбаттық  терезеде  Іздеу:  қатарына  ӛзгертілетін 
сӛз,  сӛз  тіркесі,  сӛйлем  енгізіледі,  ал  Алмастыру  мынаған:  қатарына 
ауыстырылған  сӛз,  сӛз  тіркесі,  сӛйлем  жазылады.  Алмастыру  немесе 
Түгелімен алмастыру командаларын таңдау арқылы ауыстыруды орындаймыз 
(8-сурет). 
 
 
8-сурет. Түзету

Алмастыру... командасы. 
 
8-суреттегі  Наурыз  сӛзін  Сәуір  сӛзімен  автоматты  түрде  ауыстырылған 
терезе 9-суретте кӛрсетілген. 
 

 
63 
 
9-сурет. Автоауыстырудан кейінгі терезе. 
 
Кестенi  құрып,  форматтап  болғаннан  соң  файлыңызды  ӛзгертуден 
қорғау мүмкiндiгi бар. Excel кестелерiнде жұмыс кiтабын тұтас күйiнде, жұмыс 
парағын  немесе  бiрнеше  ұяшықтарды  ӛзгертуден  қорғауға  болады.  Қорғаныс 
әрбiр  ұяшыққа  әсер  етедi  де,  қорғаныс  алып  тасталғанша  сол  ұяшықтағы 
мәлiметтердi  ӛзгерту  мүмкiндiгi  шектеледi.  Әдетте,  қорғаныс  есептеу 
формулалары, кестенiң тақырыптары т.с.с мәлiметтерге қойылады. 
 
3. MS Excel электрондық кестесінің функциялары. 
MS  Excel  электрондық  кестесінде  математикалық,  финанстық, 
статистикалық және логикалық функциялардың жиыны ендiрiлген. Егер кестеге 
бiрнеше  сандар  енгiзiлетiн  болса,  Excel  программасы  оларды  қарапайым 
арифметикалық  ортасын  табудан  бастап,  күрделi  тригонометриялық 
есептеулердi жасауға 300-ден аса тәсiлмен ӛңдей алады. Excel  функциялары – 
программа  жадында  сақталып  тұрған  арнайы  формулалар  болып  табылады. 
Әрбiр функция – функцияның аты мен оның аргументi арқылы ӛрнектеледi. 
Аргументтер  дегенiмiз-  нәтиже  алу  үшiн  қолданылатын  мәлiметтер. 
Функцияның аргументi сiлтемелер немесе атау, мәтiн, сан, уақыт немесе мерзiм 
бола алады. Аргументтер функция атының оң жағында жай жақшаның iшiнде 
жазылады.  
MS Excel электрондық кестесіндегі Функция шебері (Мастер функций) 
дайын  формулаларды  есептеуге  арналған.  Функцияны  іске  қосу  үшін 
Вставка

Функция...  командасын  орындаймыз  немесе  стандартты  саймандар 
тақтасынан 
 батырмасын шертеміз. Функция шебері екі қадамнан тұрады: 
1)  бірінші  қадам  –  қажетті  функцияны  іздеу,  категорияны  және 
функцияны таңдау бӛлімдерінен тұрады (10-сурет). 

 
64 
  
 
 
10-сурет. Функция шеберінің сұхбаттық терезесі. 
 
2)  2-ші  қадам  –  функцияны  берілген  аргументтері  бойынша  есептеу 
бӛлімдерінен тұрады, мұндағы: 
1 – аргумент енгізілетін функция аты; 
2 – аргументтер енгізілетін ӛріс; 
3  –  аргументтер  енгізілетін  ӛрісті  орау  батырмасы.  Егер  ӛріс  ораулы 
болса, осы батырманы қайта басу арқылы ашамыз; 
4 – аргументтер мен функцияның ағымдағы мәні; 
5 – функцияны бейнелеу аймағы; 
6 – берілген функция жӛнінде анықтама алу батырмасы.  
 
Функциялар есептеулердi ықшамды күйде жазу үшiн қолданылады және 
мынадай түрде жазылады. Мысалы: 
=А9  +  COS(D7),  мұндағы  А9  –  ұяшықтың  адресi;  COS  –  функцияның 
аты,  жай  жақшаның  iшiнде  аргументi  кӛрсетiледi;    D7 –  аргумент  (сан,  мәтiн, 
және т.б.), сан тұрған ұяшыққа сiлтеме болып тұр. 
Функцияға аргументтерді келесі тәсілдермен енгізуге болады: 
1)қажетті адресті немесе ұяшықтар блогын пернетақтадан теру арқылы; 
2)жұмыс  кітабындағы  қажетті  ұяшықтарды  немесе  ұяшықтар  блогын 
белгілеу.  Бұл  кезде  аргументтер  енгізілетін  ӛрісті  орап  қоюға  немесе  басқа 
жерге апарып қоюға болады (3). 







 
65 
Кейде  есептеулерді  қандай  да  бір  «тізім»  арқылы  жүргізуге  тура  келеді, 
яғни функция аргументі ретінде қандай да бір ішкі функция алынады. Мұндай 
кезде формула қатарындағы функция аттары кӛрсетілген ішкі тізімді қолдануға 
болады. 
Мысалы:  А1  ұяшығында  х=1  мәні  енгізілген,  А2 ұяшығындағы  ln(sin x) 
функциясын есептеу жолын қарастырайық.  
А2  ұяшығында  Функция  шеберін  шақырамыз.  Шыққан  сұхбаттық 
терезенің  Математикалық  категориясынан  LN  (натураль  логарифм) 
функциясын  таңдаймыз  да  ОК  батырмасын  шертеміз.  Функция  аргументін 
енгізу  үшін  Функция  Аттары  бӛлімінен  қажетті  функцияны  кӛрсетеміз.  Ішкі 
функцияның  аргументі  ретінде  А1  ұяшығындағы  мәнді  белгілейміз.  Жалпы 
функцияны есептеу формуласы 11-суретте кӛрсетілген.  
 
 
 
 
11-сурет. Ln(sin x) функциясын есептеу жолы. 
 
MS Excel кестесінде қолданылатын стандартты функциялар тізімі: 
 
Дата и время функциясының құрамы: 
Сегодня () – ағымдағы күнді мәтіндік форматта белгілейді; 
Год(дата),  Месяц(дата),  День(дата),  ДеньНед  (Дата;2)  –  сәйкесінше, 
жыл, ай, күн, апта күндерін белгілейді. ДеньНед функциясындағы 2 аргументі 
–  дүйсенбіден  басталған  апта  күндерін  есептеу  үшін  қажет.  Мысалы: 
=ДеньНед(Сегодня();2) – ұяшыққа қажетті апта күнін шығару. 
 
Математикалық функциялар категориясы
ABS (число) – санның модулі; 
ACOS  (число)  –  бұрышы  0  мен 

  радиандар  аралығында  анықталатын 
санның арккосинусы; 
ASIN (число) – бұрышы 

/2 мен 

/2 радиандар аралығында анықталатын 
санның арксинусы; 
ATAN  (число)  –  бұрышы  -

/2  мен 

/2  радиандар  аралығында 
анықталатын санның арктангенсы; 
SIN  (число),  COS(число),    TAN  (число)  –  берілген  санның  сәйкес 
тригонометриялық функциялары; 

 
66 
LN(число) – санның натураль логарифмі; 
LOG(число;  основание)  –  берілген  негіз  бойынша  санның  логарифмін 
анықтайды; 
LOG10 (число) – ондық логарифм
ГРАДУСЫ (угол) – радианды градусқа айналдырады; 
ЗНАК (число) – санның таңбасын анықтайды: 1 – егер жұп сан болса; 0 – 
егер сан 0-ге тең болса; -1 – тақ сан болса; 
КОРЕНЬ (число) – квадрат оң түбірді анықтайтын функция; 
МОБР (массив) – берілген массивтегі квадрат матрицаға кері матрицаны 
анықтайды.  Массив  ұяшықтар  блогы  ретінде,  мысалы,    А1:С3  немесе 
тұрақтылыр  массиві  ретінде  берілуі  мүмкін  (бұл  кезде  бағандағы  сандар  «:» 
символымен,  ал  қатар  бойынша  «;»  символымен  ажыратылады).    CTRL  + 
SHIFT  +ENTER  пернелдер  комбинациясын  шерту  арқылы  матрицалық 
формулаларды аяқтаймыз; 
МОПРЕД  (массив)  –  массивте  берілген  квадрат  матрицаның 
анықтауышын анықтайды; 
МУМНОЖ  (массив1;  массив2)  –  матрицалардың  кӛбейтіндісін 
анықтайды;Нәтижесінде және бір матрица шығады
ОКРУГЛ  (число;  число_разрядов)  –  ондық  разряд  бойынша 
дӛңгелектейді; 
СУММ  (число1;  число2;  …)  –  аргументтер  тізіміне  кіретін  барлық 
сандардың қосындысын анықтайды; 
 
Статистикалық функциялар: 
МАКС(аргумент1;  аргумент2;…)  –  аргументтердің  максимумын 
анықтайды; 
МИН(аргумент1; 
аргумент2;…) 
– 
аргументтердің 
минимумын 
анықтайды; 
СРЗНАЧ(аргумент1;  аргумент2;…)  –  аргументтердің  орта  мәнін 
есептейді; 
СЧЕТЕСЛИ(диапазон;  условие)  –  шартқа  сәйкес  келетін  диапазон 
аралығындағы аргументтер санын есептейді; 
 
Логикалық функцииялар қандай да бір шарттың орындалу нәтижесіне 
байланысты  қызмет  етеді.  Бұл  шарттарда  салыстыру  операциялары 
қолданылады: =, >, <, <>(тең емес), >= (үлкен немесе тең), <= (кіші немесе тең). 
ЕГЕР  (ЕCЛИ)  (логикалық  _ұғым;  1  мән;  2  мән)  –  1  мән  шешімі 
болса,онда  логикалық  ұғым  ақиқат  және  керісінше  жағдайда  2  мән  ақиқат 
болады.  Мысалы:  A1  ұяшығында  30000  саны  енгізілген,  ал  B1  ұяшығында 
=ЕСЛИ(A1<20000;  12;  15)  формуласы  енгізілген.  Шарттың  орындалмауына 
байланысты нәтижесі 15 тең болады. 
ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ функциялары күрделі шарттарды құруға арналған; 
ЖӘНЕ  (И)  (логикалық_1  ұғым;  логикалық_2  ұғым;....)  –  егер 
аргументтердің  барлығы  АҚИҚАТ  мән  қабылдаса,  онда  мән  АҚИҚАТ 
(―ИСТИНА‖),кері жағдайда ЖАЛҒАН (―ЛОЖЬ‖) болады; 

 
67 
НЕМЕСЕ  (ИЛИ)  (логикалық_1  ұғым;  логикалық_2  ұғым;...)  –  егер 
аргументтердің  жоқ  дегенде  біреуі  АҚИҚАТ  мән  қабылдаса,  онда  мән 
АҚИҚАТ (―ИСТИНА‖), кері жағдайда ЖАЛҒАН (―ЛОЖЬ‖) болады; 
Мысалы:  =ЕСЛИ  (И(A1>=20000;A1<40000);15;18)  –  егер  A1  20000  мен 
40000 аралығында мән қабылдаса онда мәні 15 тең, кері жағдайда 18 тең. 
Кірістірілген ЕГЕР функциясының кӛмегімен күрделі шарттарды құруға 
болады. Мысалы:  
=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) – егер А1 20000 кіші 
болса, есептелген мән 12 тең, егер А1 40000 кіші болса, онда мәні 15 тең, кері 
жағдайда 18 тең болады 
Егер  ұяшықтағы    формуланы  программа  дұрыс  анықтай  алмаса
ұяшықта тӛмендегі қателіктердің бірі бейнеленеді: 
 
Қате бейнесі 
Себебі 
# Дел/0! 
0 бӛлу берілген 
# Знач! 
Дұрыс емес аргумент немесе дұрыс емес оператор 
енгізілген 
# Имя? 
Мүмкін емес мән кӛрсетілген  
# Н/Д  
Мән берілмеген  
# Пусто! 
Қиылыспайтын ұяшықтар аймағы кӛрсетілген  
#Ссылка! 
Дұрыс емес сілтеме берілген 
# Число! 
Мәнді алу барысындағы қателік 
 
4. Диаграммаларды ӛңдеу, кӛркемдеу және баспаға шығару жолдары. 
 Диаграмма  –  мәлiметтердi  кӛрнекi  түрде  бейнелеудiң  бiр  тәсiлi  болып 
табылады.  Ол  кесте  iшiнде  орналасқан  сандық  мәндердi  диаграмма  немесе 
график  түрiнде  кӛрсетедi.  Кiтап  беттерiндегi  кестелерге  мәлiметтердi  енгiзу 
және  есептеу  жұмыстары  ӛте  жеңiл  iске  асқанмен,  оларды  салыстыру,  талдау 
қиынға  түседi.  Диаграммадағы  мәлiметтер  оның  типiне  қарай  нүкте,  сызық, 
сектор және басқада элементтер арқылы кӛрсетiледi. 
Excel 
программасында  диаграмма  құру  4  қадамнан  тұрады. 
Диаграмманы  құру  үшiн  оған  қажеттi  мәлiметтердi  белгiлеп  алып,  диаграмма 
шеберiн  iске  қосу  жеткiлiктi.  Диаграмма  шеберi  қажеттi  параметрлер 
тағайындалғаннан  кейiн  сол  ақпараттарға  сәйкес  диаграмма  құру  қызметiн 
атқарады. Диаграмма құру үшін: 
1)Алдымен қажеттi аралықты белгiлеймiз; 
2)Саймандар тақтасындағы Диаграмма шеберi (Мастер диаграмм) 
 
батырмасында тышқанды шертемiз. 
Диаграмма  шеберi  (шебердің  1-шi  қадамы)  терезесiнде  диаграмманың 
14 стандартты типi кӛрсетiлген, ал стандартты диаграмманың әрбiр типiнiң бiр-
бiрiне ұқсас  бiрнеше түрлерi бар (12-сурет). 

 
68 
 
12-сурет. Диаграмма шеберінің 1 қадамы
 
Диаграммалардың  типiн  Стандартты    iшкi  бетiндегi  Тип  ӛрiсiнде 
таңдаймыз.  Диаграмманың  типiн  және  түрiн  таңдаған  соң  Нәтиженi  көру 
(Просмотр результата) батырмасын басулы күйiнде ұстап тұрып,  диаграмманы 
кӛруге болады. 
Excel  программасында  стандартты  емес  диаграммалардың    бiрнеше 
шаблондары  қарастырылған.  Стандартты  емес  диаграммалардың  типiн 
Диаграмма  шеберi (шебердің  1-шi  қадамы)  терезесiндегi  Стандартты  емес 
iшкi бетiнен таңдаймыз. Диаграмманың типi таңдалғаннан кейiн Үлгi (Образец) 
ӛрiсiнде диаграмманы кӛруге болады. 
Диаграмма  құрудың  екiншi  қадамы  –  диаграммада  кӛрсетiлетiн 
мәлiметтердiң  аралығын  енгiзу  болып  табылады.  Егер  диаграммада  жолдар 
және  бағаналардың  тақырыбын  қолдану  қажет  болса,  диаграммалар  шеберiн 
iске  қосар  алдында  оларды  қоса  белгiлеу  қажет.  Егер,  белгiленген  аймаққа 
ӛзгерiстер  енгiзу  қажет  болса  Диаграммалар  шеберiнiң  2  қадамының 
терезелерінде кӛрсетемiз (13-сурет). 
 
 
13-сурет. Диаграмма шеберінің 2 қадамы

 
69 
 
Аралық  (Диапазон)  ӛрiсiндегi  сiлтемелер  абсолюттi  болатынына  кӛңiл 
аударыңыз.  Диаграммалар  шеберi  қатар  орналаспаған  мәндер  аралығын  да 
бейнелеу мүмкiндiгiн бередi. 
Аралық  ӛрісі  бiрнеше  жолдардан  немесе  бағаналардан  тұруы  мүмкiн. 
Егер  диаграммада  бейнеленетiн    мәлiметтер  жол  немесе  бағана  бойынша 
жүйеге келтiрiлген болса, онда Қатарлар (Ряды в)  ӛрiсiнiң жолдарда (строках) 
немесе  бағаналарда  (столбцах)  қасиеттерінің  бірін  iске  қосамыз.  Кестеде 
мәлiметтер  жол  немесе  бағана  бойынша  белгiленсе,  олар  диаграммада    қатар 
бойынша бейнеленетiн   болады. 
Мәлiметтер  қатары    дегенiмiз  –  кестедегi  диаграмма  түрiнде 
кӛрсетiлетiн  ақпараттар  жиыны.  Мәлiметтер  қатарын  Қатар  (Ряды)  iшкi 
бетiндегi  Қосу  (Добавить)  немесе  Ӛшiру  (Удалить)  батырмаларының  
кӛмегiмен  оларды  қосуға  немесе  ӛшiруге  болады. Үнсiздік  бойынша  әрбiр 
мәлiметтер  жиынына  1-қатар,  2-қатар  (Ряд  1,  Ряд2)  т.с.с  атаулар 
меншiктеледi.  Бұл  атауларды  Аты  (Имя)  ӛрiсiне  жаңа  сӛз  енгiзу  арқылы 
ӛзгертуге  болады.  Осы  ӛрiсте  кӛрсетiлген  атаулар  диаграмманың 
түсiнiктемесiнде (легенда) бейнеленетiн болады. 
Тиiстi  параметрлердi  кӛрсеткен  соң,    Ары  қарай  (Далее)  батырмасын 
шерту арқылы келесi қадамға кӛшемiз. 
Диаграммалар  шеберiнің  3-шi  қадамында  диаграмма  параметрлерін, 
яғни    диаграммаға  түсiнiктеме  (легенда)  енгiзуге  болады.  Сондай-ақ,  осьтердi 
белгiлеуге,  диаграмманың  тақырыбын  жазуға,  мәлiметтердi  диаграммада 
кӛрсетiп  жазып  қоюға,  диаграмма  орналасқан  жерге  мәлiметтер  кестесiн 
енгiзуге және тағы да басқа әрекеттер орындауға болады (14-сурет).  
 
14-сурет. Диаграмма шеберінің 3 қадамы
 
Егер  диаграмма  дұрыс  құрылса,  оның  қандай  мақсатта  құрылғанын 
анықтау  оңай  болады.  Ал  диаграмма  жақсы  құрылуы  үшiн,  оған  берiлген, 
енгiзiлген ақпараттар анық әрi түсiнiктi болуы керек. 
Диаграммалар  шеберiнің  4  қадамы  –  диаграмманы  орналастыру 
терезесi  болып  табылады. Кiрiстiрiлген  диаграмманы  құру  кезiнде  ол 
орналастырылатын  бет  кiтап  беттерiнiң  тiзiмiнен  қажеттiсiн  таңдау  арқылы 
жүзеге асады (15-сурет). 

 
70 
 
15-сурет. Диаграмма шеберінің 4 қадамы
 
Диаграммаларды орналастырудың екi мүмкiндiгi бар: 
1)  қатар  орналастырылған  (встроенный)  диаграмма  құруға  болады. 
Мұндай  тiркескен  диаграмма  мәлiметтер  енгiзiлген  кесте  тұрған  бетке 
орналастырылады. Мәлiметтер  мен  диаграмма  қатар  тұрғандықтан,    бiр-бiрiне  
ӛту қажет болған жағдайларда ӛте ыңғайлы. 
Екiншi  мүмкiндiк  —  диаграмма  орналасатын  жеке  беттердi  (листы 
диаграмм)  қолдану.  Бұл  кезде  диаграмманы  орналастыру  үшiн  жеке  парақ 
белгiленедi.  Жеке  бетте  құрылатын  диаграммаға  қажеттi  мәлiметтер  басқа 
беттен алынады.  
Диаграмманы  жеке  бетке  орналастыру  үшiн  осы  беттiң  атын 
Диаграмманы  бетке  орналастыру  (Поместить  диаграмму  на  листе) 
қасиеттер  бӛлігінің  жеке  (отдельном)  опциясына  енгiземiз.  Егер  диаграмма 
дайын болса  Дайын (Готово) батырмасын шертемiз. 
Диаграмманың  сыртқы  аймағының  кез  келген жерiнде  тышқанды  шерту 
арқылы,  диаграмманың  мӛлшерiн  ӛзгерту  мүмкiндiгiн  беретiн  маркерлердi 
немесе белгiлеудi алып тастауға болады. 
Диаграмманы  бiр  бет  iшiнде  басқа  орынға  жылжыту  үшiн  диаграмма 
аймағында  тышқанды  бiр  рет  шертiп  белгiлеп  алып,  тышқанның  немесе 
пернелердiң  кӛмегiмен  қажеттi  орынға  жеткiземiз.  Ал,  диаграмманы  басқа 
бетке жылжыту үшiн алмастыру буферiн қолданамыз, ол үшiн: 
1. Диаграмманы белгiлеймiз; 
2.  Алмасу  буферіне  орнасластыру  үшін  қиып  алу  (вырезать) 
батырмасын шертемiз; 
3. Диаграмманы орналастыруға қажеттi бетте тышқанды шертемiз; 
4. Кӛрсеткiштi  диаграмманың  сол  жақ жоғарғы  бұрышы  тұратын  орынға 
орналастырамыз да енгiзу (вставить) батырмасын шертемiз. 
Диаграмма  құрылғаннан  кейiн,  оның  типiн  және  басқа  да  элементтерiн 
ӛзгерту қажет болса, белгiленген аймақтың iшiнде тышқанның оң батырмасын 
шертiп  жанама  мәзірдi  ашамыз  немесе  қажетті  диаграмманың  типiнде 
тышқанды екi рет шертеміз. 
Диаграмманы баспаға шығару, кiтап беттерiн баспаға шығарғанға ұқсас. 
Диаграмманы  баспаға  шығармас  бұрын,  алдын  ала  кӛру  режимiн  пайдаланған 
дұрыс.  Диаграмманы  қағазға  шығарудың  мына  екi  вариантының  бiрiн  таңдау 
мүмкiндiгi бар: 
-  Диаграмманы кiтап бетiнiң бiр бӛлiгi етiп шығару немесе 

 
71 
-  Жеке параққа шығару. 
Егер диаграмма кестемен  қатарластырылған (встроенная) болса, онда ол 
ӛзiне  сәйкес  кестемен  бiрге  қағазға  шығарылады.  Мұндай  диаграмманы  жеке 
параққа  басып  шығару  үшiн  оны  белгiлеп  алып,  Алдын  ала  кӛру 
(Предварительный  просмотр)  батырмасын  шерткен  соң  баспаға  шығару 
командасын орындаймыз. 
Баспаға  шығару  кезiнде  мүмкiндiгiнше  диаграмманың  ӛлшемiн 
стандартты параққа лайық күйге келтiрген жӛн. Ол үшiн: 
1.  Саймандар  тақтасындағы  Алдын  ала  кӛру  батырмасында  тышқанды 
шертемiз; 
2.  Парақ  (Страница)  батырмасында  тышқанды  шерткенде  пайда  болған 
сұхбат терезесiнiң Диаграмма iшкi бетiн ашамыз; 
3.Барлық 
парақты 
пайдалану 
(Использовать 
всю 
страницу) 
ауыстырғышын қосамыз да, ОК батырмасында тышқанды шертемiз; 
4.Егер  алынған  нәтиже  қанағатанарлықтай  болса,  Баспа  (Печать) 
батырмасын,  одан  кейiн  ашылған  сұхбат  терезеде  ОК  батырмасын  шертемiз. 
Нәтиже  қанағаттандырмаған  жағдайда  ӛз  қалауымызша  парақ  параметрлерiн 
тағайындаймыз; 
Егер  диаграмманың  орналасуы  ұнамаған  жағдайда,  Жабу  (Закрыть) 
батырмасын  шертiп,  қажеттi  ӛзгертулердi  жасағаннан  кейiн  алдын  ала  кӛру 
режимiне қайтадан ораламыз. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Microsoft Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымы. 
2.
 
Microsoft Excel электрондық кестесінің кеңейтілімі қандай? 
3.
 
Электрондық кестедегі ұяшық дегеніміз не? 
4.
 
Microsoft Excel электрондық кестесі қанша бағана мен жолдардан 
тұрады? 
5.
 
Microsoft Excel электрондық кестесі қанша ұяшықтан тұрады? 
6.
 
Ұяшыққа мәліметтің қанша типін енгізе аламыз? 
7.
 
Microsoft Excel электрондық кестесінде адрестің қанша түрі бар? 
8.
 
Адрестердің бір–бірінен айырмашылықтарын атаңыз. 
9.
 
Microsoft Excel электрондық кестесінің функциялары дегеніміз не? 
10.
 
Диаграмма құру канша кадамнан тұрады? 
11.
 
Диапазон дегеніміз не? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет